Жеке адам және ұжым


Тақырып: Жеке адам және ұжым.
Жоспар:
а. Жеке адам және ұжым.
б. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмауы.
в. Жеке адам туралы жалпы түсінік
г. Дүниетаным
Жеке адам және ұжым.
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді. Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми емес, ресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, контактылы (адамдары ылғи да жүздесіп жүретін топ), оқшауланған, формалы, формасыз, жасанды, табиғи, шартты, референттік т. б. болып бірнешеге бөлінеді. Мәселен, класс оқушылары, жұмысшы бригадасы, әскери бөлімше, отбасы контактылы немесе реалды топқа жатса, футбол алаңында, кино залында отырған адамдар ұйымдаспаған топқа жатады. Белгілі бригада мүшелері, студенттер тобы - ресми топ деп аталынса, отбасы мүшелері, дос жарандар, ағайынтуыстар ресми емес топ деп аталынады. Топ екі адамнан бастап құралады; екі-ден қырық адамға дейінгі топ шағын топтар (мектеп класы), мыңдаған, миллиондаған адамдардың тобын (саясн партиялар, ұлт, кәсіподак, діни ұйымдар т. б. ) үлкен топтар деп атайды. Әрбір топтың ресми, не ресми емес жетекшілері (лидері) болады. Топтар ассоциация, кооперация, корпорация деп те бөлінеді. Мұның ішінде референттік топ дегеннің мәні ерекше. Бұл - әрбір адамның ерекше қастерлеп, қадір тұтатын, оның тіршілігіне әркез бағыт-бағдар сілтеп отырған топ. Реалды, контактылы топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. А. С. Макаренконың айтуынша ұжым - мақсат-мүдделері ортақ, әрекеттес, белгілі дәстүр салттары бар, өзінөзі басқара алатын, әлеумет, ұжым тіршілігіне арқау еткен адамдар тобы. «Жерден жұлып алынып, құнарсыз құмға тасталған өсімдіктің өмір сүруі мүмкін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес» (А. Толстой) . Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, Адам - белгілі бір қоғамның, мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжіри-бесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді» Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған комноненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет т. б. жоқ! Жек адамның өзіндік ерекшелігі дүниетаны-мынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, кабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам - тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады К. Маркстің айтуынша, жеке адам --«барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы».
Адамның кептеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың (экономикалық идеологиялық) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адамның психикалық қасиеттері бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерекше-ліктер өзгермейді деу де қате. Демек, адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріип отыратындықтан, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу, жетілу процесінде дамиды. Психикалық қасиеттердің қалыпта-суьғада оку-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Кейбір психологтар адамның осындай тұрақты да ұрлаулы ерекшеліктерін өзгермейтін нәрсе деп есептейді. Адамның белсенділігі тума қасиетінен, яғни «психикалық энергиясының» дәрежесінен, «психикалық қуатынан» болады деп қоғамдық мәнін жоққа шығарады.
«Әлеуметшіліксіз, - дейді X. Досмұхамедов (1883- 1939) -қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес . . . Оңды әлеуметшілік құру үшін елдің өткен-кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек». Осы айтылғандар бізге оның психиологиясы туралы белгілі пікір айтуға мүмкіндік береді. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге та-лаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның, бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оиың мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психология әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай оның түркілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарынан нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.
Жеке адамды кандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив - оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық енбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамак, баспана, киім, еңбек құралдары т. б. ) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын - рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т. б. ) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы - материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы - тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер.
Адам өзінін, қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде ісәрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінін. нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелу, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет-адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады. білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері - іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет - (әсіресе табиғи қажеттер) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажет өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл - биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері - олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен, тауық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасын көргенде тілін салақтатып, аузынан сілекейін шұбыртады. Мысық мұрнына еттің иісі келгенде елең ете түседі де, сол жерден мияулап шықпайды. Сөйтіп аң біткеннің бәрі өз қажетін өтеу үшін әрекеттенеді. Мұндай қажет аңдарға іштен туады, олар шартсыз рефлекстік сипатта болады.
Қызығу - шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі - «Бұл не?» дейтін рефлекс. Мәселен, біреуді «футболға қызығады» десек, ол адамның футбол ойынына үнемі баратынын, футбол жөніндегі кітаптарды оқып отыратындығын, біреумен әңгімелесуде де көбінесе осы тақырыптың айналасында сөз қозғауды тәуір көретінін байқаймыз. Сөйтіп адамның қызығуы бір нәрселерге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп отырады.
Қызығулар да бейімдіктер тәрізді балалардың кішкентай кездерінде ерекше байқалады. Мәселен, кейбір балалар кішкентайында автомобильге, тракторға, жалпы техника атаулыға әуесқой келеді. Мұндай балалардың есілдерті машина болып, уақытының көбін соның айналасында өткізеді, олардың маркасын жақсы айыра алатын болады. Кейін осы бала мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі сияқты пәндерді бар ықласымен оқиды, ал мектеп бітіргеннен кейін сол балалардың біразы жасынан өзі жақсы көретін техника саласында нәтижелі жұмыс істеп, өз қабілеттерін жақсы көрсетеді. Қызығу кұбылысының табиғаты өте курделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан-жақты болып келеді де, екінші біреудікі керісінше өте тар болады. Қызығуы өте тайыз, ой-өрісі тар адамның образын Н. В. Гоголь шығармаларынан көптен кездестіруге болады. Мәселен, «Шинель» әңгімесіндегі Акакий Акакиевич қағаз көшіруді өз өмірінің негізгі арқауы еткен. Ол тіпті қызметтен қайтқаннан кейінгі бос уақытының барлығын қағаз көшіріп жазуға арнайтын болған, осы ісіне қуанып , ләззат алған.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ, осылардың ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндайда қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, білімді терең алуына көп жардем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz