Аспан денелерінің концептуалды өрістері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 КОНЦЕПТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1.1 Концептілік жүйе және концептілік көзқарастар ... ... ... ... ... . 6
1.2Концептінің құрылымдықерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2 АСПАН ДЕНЕЛЕРІНІҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ ӨРІСТЕРІ
2.1 «Аспан» концептісінің мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35
2.2 «Ай» концептісінің мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.3 «Күн» концептісінің мағынасы ... ... ... ... ... ... 45
2.4«Жұлдыз» концептісінің мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
2.5 «Жұлдыз» концептісінің концептуалды өрістері ... ... ... ... .. 52
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ..

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Аспан шырақтары туралы деректіөтірік өлеңнен де, жоқтау жырынан да, қысқасы халық шығармасының қайсысынан болса да кездестіре аламыз.Ата-бабамыздың күнкөрісі мал болғандықтан осы аспан шырақтарын пайдаланып алдын ала ауа райының малға жайлы жайсыз болатынын біліп отырған.
Бұқара ішінен шыққан есімі мәлім, мәлім емес ақындардың, шешендердің,, зеректердің аспан шырақтарын, жұлдыздарды , Күнді, Айды өлеңге, қара сөзге қосып сипаттауы қазақ арасында дәстүрге айналған.
Аспан шырақтары туралы жазылған ақындар өлеңін қарастырсақ, біз олардың ішінен жұлдыздардың аттары, олардың саны, орналасуы, қозғалысы жайында бірталай нақтылы деректер аламыыз.
Қазақ халқының жұлдыздарға қойған аттарынан поэзия лебі аңқып тұр. Сонымен қабат мұның методикалық маңызы үлкен. Жұлдыз атауларында поэзиялық форма мен шынайы мазмұн (құбылыстың көрінісі, сыры, жұлдыздардың сипаты, белгісі) екеуі ұштасып, қабысып тұрады.
Қазақ халқы қыздарын Айға, Күнге, жұлдызға теңеп, қыздарын Айсұлу, Айнұр, Күнсұлу, Жұлдызай т.б аттарды қойған.
Диплом жұмысының өзектілігі. Аспан денелері тақырыбын этнолингвистикалық, танымдық негізге сүйене отырып, қазақ тіл білімінде соңғы жылдары дамып келе жатқан когнитивтік теориялар тұрғысынан зерттеу қажеттілігі туып отыр. Аспан денелеріне қатысты тіл бірліктерінің қалыпты (стереотиптік) ақпараттық деректерін (түрлерін, антонимиясын, трансформациялануы мен ассоциясын, семантикалық өрісін, фразеологиясын т.б.) жинақтап зерттей отырып, оларды дүниенің санадағы бейнесі (таңбасы) ретінде концептуалдық құрылымдар тұрғысынан зерттеу жұмыстың өзектілігін танытады.
Зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі аспан денелерінің концептуалды өрістеріне шолу жасау.
Диплом жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысының дереккөзі ретінде көрнекті ғалымдар Б.И.Нұрдәулетова, А.Қайдар, Р.Сыздық, Н.Уәлиев, Қ.Жаманбаева, М.Күштаева, Ж.Жампейісова, Н.Оралбаева, Х.Әбішев, т.б. зерттеу еңбектеріндегі аспан денелерінің концептуалды өрістеріне қатысты мәселелер негізге алынды.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1–10 тт., 1974 – 1986), «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» (І – ІІІ тт., 2006), І.Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977), Н.Оңдасынов «Арабша-қазақша түсіндірме сөздік» (1969); Н.Оңдасынов «Арабша-қазақша түсіндірме сөздік» (1984); Н.Оңдасынов «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік» (1974), «Қазақ мақал-мәтелдері», қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, жазба әдебиеттегі көркем шығармалар.

1. Нұрдәлетова Б.И. Когнитивтік лингвистика – Алматы, 2011.
2. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Когнитивтік лингвистика (Оқу-әдістемелік құрал) – Қарағанды – 2008
3. Хасен Әбішев Аспан сыры – Алматы - 2009
4. Қалиұлы Б. Қазақ тілдігінің ғылыми бейнесі. – Алматы, 2008. – 92 б.
5. Саткенова Ж. Кейіпкер тілінің когнитивтік аспектісі (Б. Соқпақбаев шығармалары бойынша, Филол. ғыл. канд... дисс. – Алматы, 2005.
6. Әмірбекова А. Концептілік құрылымдарының поэтикалық мәтіндегі бербалдану ерекшелігі. Филол. ғыл. канд... дисс. – Алматы, 2006.
7. Шапарь В. Новейший психологический словарь. – Ростов на Дону: Феникс, 2005. – 808 с.
8. Солсо Р. Когнитивная психология. – Москва: Тривола Либерел, 2002. – 600б
9. Самойлович А.Н. Богатый и бедный в тюркских языках // Известия АН СССР. Отделение общественных наук. − 1936. – № 4. – С. 21-66.
10. Кубрякова Е.С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г. Краткий словарь когнитивных терминов / Под редакцией Е.С.Кубряковой. – Москва, 1996. – 245 с.
11. Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. – Москва: Прогресс, 1984. – 400 с.
12. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск: ТетраСист., 2004.-55c.
13. Қасым Б. Когнитивті лингвистиканың теориялық негіздері // Қазақ тілі мен әдебиеті және инновация мәселелері. – Алматы, 2008. – 5- 9 бб.
14. Современнная западная философия. Словарь. – Москва: Полит. лит., 1991. – 414 с.
15. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері.– Алматы: Ана тілі, 1998.–304б.
16. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХV – ХІХ ғасырлар). – Алматы: Ана тілі, 1993. – 319 б.
17. Қайдар Ә. Этнолингвистика // Білім және еңбек. – 1985.– №10. – 18-21 бб.
18. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. (ҚҰЭ). 2 том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2002. – 720 б.
19. Толыбеков С.Е. Кочевое хозяйство казахов в ХVІІ – начале ХХ века (Политико-экономический анализ). – Алма-Ата: Наука КазССР. – 1971. – 634 с.
20. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. д. ... автореф. 10.02.02 – Алматы, 2001. – 49 б.
21. Ислам. Энциклопедический словарь. – Москва: Наука, 1991. – 318 с.
22. Есенова Қ.Ө. Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы \\ филол.ғыл.докт.
...афтореф.: 10.02.02. - Алматы, 2007. - 54 б
23. Арутюнова Н.Д. Дискурс // Лингвистический энциклопедический словарь. -
М: Советская энциклопедия, 1990. - 683 с.
24. Мұратова Г.Н. Абайдың тілдік тұлғасы: дискурстық талдау мен
концептуалды жүйесі \\ Филология ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. А., 2010.
25. Садирова К.К. Қазақ тілінідегі көп пропозициялы дискурстың құрылымдық
негіздері. Монография. Ақтөбе-2008.__
26. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992, - 447 б.
27. Уәлиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері // фил.ғыл.канд.ғыл.дәр.алу үшін дайындалған А., 1993, - 162 б.
28. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А.: Санат, 1996, 240 б.
29. Н.Уәлиұлы, Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. А.: Ғылым, 1988 – 111 б.
30. К.Күдеринова. Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы. А.: Ғылым, 2004 – 144 б.
31. Б.Қасым. Сөзжасам: семантика. Уәждеме. А., 2003 – 168 б.
32. Қазақ грамматикасы. // Н.Оралбаева. Күрделі сөздер. А., 2002;
33. Қазақ совет энциклопедиясы. 8 т.;
34. Неклюдов С.Ю. Мифы наордов мира. Т.2. М., 1982 – 720 с.;
35. Базен Л. Концепция возраста у древних тюркских народов // Зарубежная тюркология. 1 выпуск, 1986, - 187 с.
36. В. фон Гумбольд. О различении строения человеческих языков и его влияние на духовное развитие человека // Избранные труды по языкознанию. М: ОАО НГ «Прогресс», 2000, - 400 с.;
37. Баранов А.Н., Довровольский Д.О. Лео Вайсгербер в когнитивной перспективе // СЛЯ. Том 49, №5. 1990. С. 451-458;
38. Ф. де Соссюр. Курс общей лингвистики // В кн. Ф. де Соссюра труды по языкознанию. М., 1977;
39. Қайдар Ә. Қазақ этнолингвистикасы // Қазақ тілінің өзекті мәселелері. А.: Ана тілі , 1998, - 304 б.;
40. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным. №4. 2001, 39-44 бб.;
41. Рябцева Н.К. Ментальная лексика, когнитивная лингвистика и антропоцентричность. М., 2000. – 232 с.;
42. Алапатов В.М. Об атропоцентрическом и системоцентрическом подходах к языку // Вопросы языкознания М., 1993. №3;
43. Паршин П.Б. Теоретические перевороты и методологический мятеж в лингвистике ХХ века // Вопросы языкознания. 1996. №2;
45. Фрумкина Р.М. Психолингвистика. М.: Академия, 2001 – 320 с.;
46. Селиверстова О.Н. Когнитивная семантика на фоне общего развития лингвистической науки // Вопросы языкознания. №6. 2002, с. 12-16;
47. Андерсон Дж. Конитивная психология. 5-е издание – Спб.: Питер, 2002 – 496 с. (серия «Мастера психологии»);
48. Баронин А.С. Этническая психология. Киев: Тандем, 2000 – 264 с.;
49. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. А.: Ғылым, 1999 – 112 б.;
50. Хасанулы Б. Жубановедение – в контексте формирования общего языкознания, социолингвистики и психолингвистики в Казахстане // Репрессия в сфере языка – Актобе, 2000;
51. Күштаева М. «Тары» концептісінің семантикалық құрылымы мен лингвомәдени мазмұны. Филол. ғыл. кан.ғыл. дәр. алу үшін дайынд. дисс. автореф. А., 2003 – 30 б.;
52. Қалиев Б. Қазақ тілінің көкейтесті мәселесі. А.: ДайкПресс, 1997. – 272 б.;
53. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. – А.: Ғылым, 1985. – 560 б.;
54. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – А.: Жазушы, 1985. 16 т. – 400 б.;

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Қорғауға жіберілді
____________________
Кафедра меңгерушісі:
______________
ф.ғ.к., доцент К.М. Қарымбаева
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: Аспан денелерінің концептуалды өрістері
050117 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы,
4-курс, күндізгі оқу бөлімі
Орындаған: А.
Биғазиева
Ғылыми жетекшісі:
ф.ғ.к., доцентм.а. М.
Сәрсенбаева
Тараз – 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3
1. КОНЦЕПТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1.1 Концептілік жүйе және концептілік көзқарастар ... ... ... ... ... .
6
1.2Концептінің
құрылымдықерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2 АСПАН ДЕНЕЛЕРІНІҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ ӨРІСТЕРІ
2.1 Аспан концептісінің
мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 35
2.2 Ай концептісінің мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.3 Күн концептісінің мағынасы ... ... ... ... ... ... 45
2.4Жұлдыз концептісінің
мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
2.5 Жұлдыз концептісінің концептуалды өрістері ... ... ... ... .. 52
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .. 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Аспан шырақтары туралы деректіөтірік өлеңнен де, жоқтау жырынан да,
қысқасы халық шығармасының қайсысынан болса да кездестіре аламыз.Ата-
бабамыздың күнкөрісі мал болғандықтан осы аспан шырақтарын пайдаланып алдын
ала ауа райының малға жайлы жайсыз болатынын біліп отырған.
Бұқара ішінен шыққан есімі мәлім, мәлім емес ақындардың, шешендердің,,
зеректердің аспан шырақтарын, жұлдыздарды , Күнді, Айды өлеңге, қара сөзге
қосып сипаттауы қазақ арасында дәстүрге айналған.
Аспан шырақтары туралы жазылған ақындар өлеңін қарастырсақ, біз олардың
ішінен жұлдыздардың аттары, олардың саны, орналасуы, қозғалысы жайында
бірталай нақтылы деректер аламыыз.
Қазақ халқының жұлдыздарға қойған аттарынан поэзия лебі аңқып тұр.
Сонымен қабат мұның методикалық маңызы үлкен. Жұлдыз атауларында поэзиялық
форма мен шынайы мазмұн (құбылыстың көрінісі, сыры, жұлдыздардың сипаты,
белгісі) екеуі ұштасып, қабысып тұрады.
Қазақ халқы қыздарын Айға, Күнге, жұлдызға теңеп, қыздарын Айсұлу,
Айнұр, Күнсұлу, Жұлдызай т.б аттарды қойған.
Диплом жұмысының өзектілігі. Аспан денелері тақырыбын
этнолингвистикалық, танымдық негізге сүйене отырып, қазақ тіл білімінде
соңғы жылдары дамып келе жатқан когнитивтік теориялар тұрғысынан зерттеу
қажеттілігі туып отыр. Аспан денелеріне қатысты тіл бірліктерінің қалыпты
(стереотиптік) ақпараттық деректерін (түрлерін, антонимиясын,
трансформациялануы мен ассоциясын, семантикалық өрісін, фразеологиясын
т.б.) жинақтап зерттей отырып, оларды дүниенің санадағы бейнесі (таңбасы)
ретінде концептуалдық құрылымдар тұрғысынан зерттеу жұмыстың өзектілігін
танытады.
Зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі аспан денелерінің концептуалды
өрістеріне шолу жасау.
Диплом жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысының дереккөзі ретінде
көрнекті ғалымдар Б.И.Нұрдәулетова, А.Қайдар, Р.Сыздық, Н.Уәлиев,
Қ.Жаманбаева, М.Күштаева, Ж.Жампейісова, Н.Оралбаева, Х.Әбішев, т.б.
зерттеу еңбектеріндегі аспан денелерінің концептуалды өрістеріне қатысты
мәселелер негізге алынды.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (1–10 тт., 1974 – 1986), Қазақ
әдеби тілінің сөздігі (І – ІІІ тт., 2006), І.Кеңесбаев Қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігі (1977), Н.Оңдасынов Арабша-қазақша түсіндірме
сөздік (1969); Н.Оңдасынов Арабша-қазақша түсіндірме сөздік (1984);
Н.Оңдасынов Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік (1974), Қазақ мақал-
мәтелдері, қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, жазба әдебиеттегі көркем
шығармалар.
Диплом жұмысының болжамы: Аспан денелерінің лексика-семантикалық,
этноәлеуметтік және когнитивтік тұрғыдан талдау, жүйелеу, топтастыру жалпы
дүниетанымды кеңейтуге жол ашады.
Зерттеу кезеңдері: Бірінші кезеңде тілдік деректер жинақталды, екінші
кезеңде зерттеу материалдары жинақталды, үшінші кезеңде зерттеу жұмысының
қолжазбасы әзірленді.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу барысында лексика-семантикалық,
этноәлеуметтік және когнитивтік тұрғыдан талдау, жүйелеу, топтастыру,
ассоциативтік қатынаста салыстыру әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты қазақ
тіліндегі аспан денелерінің тіл бірліктерінің концептілік сипатын ашу,
концептуалдық мазмұнын, қызметін анықтау. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін
мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- Аспан денелері концептісінің сипатын, когнитивтік негіздері мен
өзіндік белгілерін ашу;
- Аспан денелері концептісіне кіретін тіл бірліктерінің даму
кезеңдерін анықтау;
- Аспан денелері концептісінің этнолингвистикалық, әлеуметтік,
танымдық негіздерін анықтау;
- Аспан денелері концептісіне кіретін атаулар мен терминдерді,
олардың кумулятивтік қызметін анықтау;
- Аспан денелері концептісіндегі тіл бірліктерінің ассоциативтік
қатынастағы қызметін айқындау;
- Аспан денелері концептісіндегі тіл бірліктерінің стилистикалық
қызметін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Аспан денелері тіл бірліктері қазақ тіл білімінде алғаш рет
когнитивтік тұрғыда қарама-қарсы концептілер ретінде зерттеліп, өзіндік
белгілері, даму кезеңдері анықталды;
- Аспан денелері концептісі этнолингвистикалық, әлеуметтік, логика-
философиялық танымдық деректермен байланыстырылып, когнитивтік бағытта
қарастырылды;
- Аспан денелері концептісіндегі ақпараттық тіл бірліктерінің
концептілік қызметін талдау арқылы ғаламды тіл арқылы танумен байланысты
қазақтың ұлттық дүниетанымына, менталитетіне сай қалыптасқан этномәдени
символдық бейнелері анықталды;
- Аспан денелері концептісінің когнитивтік тұрғыда макро-микро
(түсінік-сценарий, схема, фреймдер) концептілері анықталып, соның негізінде
олардың негізгі концептілік өрісі ашылды;
Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері
қазақ тіл білімінде жаңадан қалыптасып келе жатқан когнитивтік лингвистика
саласының теориялық және практикалық деңгейінің жетілуіне үлес қосады.
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде
когнитивтік лингвистикамен байланыстырып, этнос тарихы, елтану, қазақ
тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы бойынша оқылатын дәрістерде,
арнаулы курстар мен семинарларда және көркем мәтінді лингвистикалық
талдауда, когнитологиялық сөздіктер жасауда пайдалануға болады.
Диплом жұмысының нәтижелері мен қорытындылары:
- аспан денелері жайында этностың дәстүрлі дүниетанымының бейнелі
түсініктері, тілдік модельдері (лексикалық бірліктер, фразеологизмдер,
мақал-мәтелдер, образды сөздер т.б.) концептілердің ішкі мазмұндық
құрылымын түзейтін компоненттері болып табылады;
- ұлттық дүниетанымнан ақпар беретін аспан денелері тіл бірліктерінің
концептуалдану процесі белгілі бір ұлттық-әлеуметтік ортада қабылданған
құндылықтар жүйесінде ұлт өкілдеріне ортақ мәні бар санадағы бейнелер
негізінде жүзеге асады;
- қоғамдық концептіге жататын аспан денелері тіл бірліктерінің
кумулятивтік қызметі зор. Олар халықтың ғасырлар бойы жинақтаған
тәжірибесі негізінде қалыптасқан ақпаратын өз бойына жинап, сақтап,
келешек ұрпаққа жеткізіп отыратын қасиетке ие;
- Аспан денелері концептісінің ассоциативтік, стилистикалық өрісін
талдау концептілердің семантикалық сипатын, коммуникативтік әлеуетін
анықтайды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 КОНЦЕПТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ
1.1Концептілік жүйе және концептілік көзқарастар
Қазіргі кезде тіл білімінде жаңа бағыт дамып келеді. Соңғы кезге
дейінгі зерттеулердің басым бағыты құрылымдық бағыт болды. Бұл бағытта
жүргізілген зерттеулерде тілдік бірліктер абстрактілі тілдік жүйенің
құрылымдық бірліктері, элементтері ретінде қаралып, олардың арасындағы
өзара байланыс, қарым-қатынас талданып келді. Сондай-ақ осы бірліктердің
жүйедегі тәртіп бойынша қолданылу нормасы, одан ауытқудың түрлері қаралып
келді. Ендігі кезекте жалпы гуманитарлық бағыттағы ғылым саласының барлығы
да кез келген қоғамдық құбылысты немесе соның объектісін адам факторымен
байланысты зерттеуді басым үрдіске айналдырды. Бұл тағы да адамзат
тарихындағы ренессанс дәуірінен кейінгі адамның өзіне бет бұруымен
байланысты антропоцентристік бағыттың дәуірі болып отыр. Егер бұрын
гуманитарлық ғылым зерттеулерінің мақсатына адамнан тыс ақиқат дүниеден
адамға пайдалы білімді анықтап беру алынса, қазіргі кезде адамның өзін-өзі
тануы арқылы қоғамдағы құбылыстардың сырын түсіндіруге бет бұрып отыр. Осы
сияқты лингвистикада да тілді өз ішіндегі, өзі үшін зерттелеттін тұйық жүйе
түріндегі құбылыс ретінде қараудың орнын тілді адамның дүниені тану құралы,
өзін тану құралы ретінде қарау басып отыр. Егер бұрынғы зерттеулерде тілдік
бірліктер абстрактілі жүйенің құрамдас бөліктері ретінде қаралып олар
барлық сыртқы факторлардан оқшауланса, кейінгі зерттеулерде керісінше сол
бірліктерді тудырған, қолданысқа түсірген барлық сыртқы факторлар
ескеріліп, олар тілдік бірліктен ажыратылмай маңызды фактор ретінде
талданып отырады.
Осыған байланысты тіл ғылымы басқа қоғамдық ғылымдармен интеграцияға
түсіп келеді. Бұл процестің нәтижесінде қазіргі заманда лингвистика аясында
жаңа ғылым салалары қалыптасып үлгерді. Оларға психолингвисткиа,
этнолингвистика, лингвомәдениеттану, әлеуметтік лингвистика, когнитивті
лингвитика сияқты тіл білімі салалары жатады.
Жұмысымызда концепт ұғымы қолданылады. Концепт когнитивтік
лингвистиканың тірек ұғымы. Когнитивтік білім бірлігі. Осы тұста
когнитивтік ғылым мен оның басқа ғылымдармен байланысын түсіндіре кеткенді
орынды санадық.
Кез келген халықтың тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының
айнасы. Тіл әлем туралы білімді сыртқа көрсетіп қана қоймайды, ғұмырнамалық
тәжірибенің түпсанада бедерленіп үздіксіз сұлбалануына және оның
айқындалуына, ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне қалтықсыз қызмет етеді. Сондықтан да
тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық процесте зерттеудің
қажеттігі туып отыр. Бұл процесс тіл мен адам санасын тұтастықта
қарастырып, тілдік білімді адам миының өнімі ғана емес, күрделі
ассоциативті-вербальді құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы
жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. М.Хайдеггер язык как
пространство мысли и дом духа деген пікір айтқан. Адамзат өзін қоршаған
шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сапа-сандық қасиеттерін
сезім мүшелері арқылы қабылдап, санамен түйсініп қана қоймайды, оған өз
қатысын білдіреді, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға
саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елеп-екшейді,
баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде әлемнің
тілдік бейнесі жасалады. Ал бұл этностың, оны құраушы жеке индивидтің
таным деңгейіне ғана емес, генетикалық табиғатына, сол тілде
сөйлеушілердің психофизиологиясына, әлеуметтік күйіне, жағрапиялық
жағдайына, қысқасы, ол тыныс алатын күллі дүниеге тікелей қатысты болады,
басқаша айтқанда, адам мен оның тілін тұтастықта зерттеудің шындық нәтижеге
жетуі оны қоршаған ортадағы физио, -социо, - психологиялық шарттарды бірдей
ескергенде мүмкін болады. Бұл ретте антропоцентристік бағыттағы когнитивтік
ұстанымды зерттеулер жеміс берері сөзсіз.
Когнитивтік ғылым АҚШ-та, Еуропада кең таралған әдістемелік зерттеу үрдісі.
Жалпы адам танымына деген қызығушылық ерте кезден басталып, ес пен ойлау,
адам білім табиғаты төңірегіндегі зерттеулерден, ақыранда екі бағыт
ұстанған ағым ретінде қызу айтысқа созылды. Оның бірі – эмпиризм – ол білім
тәжірибеден пайда болды десе (Беркли, Юм, Милль), екіншісі – нативизм –
бала дүниеге білім қорымен келеді деген ұстанымды басшылыққа алады.
Философиялық айтыс уақыты көпке дейін толастамады. Бұл уақытта астрономия,
физика, химия, биология т.б. ғылымдар елеулі деңгейде дамыды. Бірақ адам
танымын түсінуге ХІХ ғасырдың аяғына дейін ешбір ғылыми әдіс арнайы
қолданылмады. Философияға, тіл философиясын қатысты зерттеулерде шашыраңқы
көрініп отырды. Әдістемелік қозғалыс көрініс ретінде тек 1950 жылдардың
соңында ғана басталған когнитивтік лингвистиканың бастау көзі
Аристотельдің, Платонның, кейін Гумбольдтың және оның шәкірттерінің тіл
философиясы концепциясында жатыр. Бұл үрдістің негізгі айырым белгісі тіл
туралы жаңаша зерттеулерінде, тіпті зерттеу әдістеріне жаңа тәсілдер
енгізілуінде емес, таза танымдық бағдарының жаңалығында, тілге танымдық
тұрғыдан келуінде. Жүйелі-құрылымдық зерттеулер мен антропоцентристік
ізденістердің ұштасуы тілді белгілі бір ұлттың рухани-мәдени коды ретінде
қарастырып, ұлт пен рухты – тілді тұтас тануды мұрат ететін Гумбольд
теориясы (22, 138) мен кейін Лео Вайсгербердің ұғымның (концептінің)
креативтілігі (23, 452) теорияларында көрініс береді, Швейцариядағы
құрылымдық жүйе өкілі Ф. де Соссюр теориясының тіл мен сөйлеу арақатынасы
туралы терең пайымдауларынан да табылады. Ф. де Соссюр тіл тарихы мен
тарихы байланысын байқап, бұл екеуінің сабақтастығы тілде бейнеленетінін,
ал тіл ұлтты қалыптастыратынын көрсетіп, тілдің әлеуметтік, психологиялық
табиғатын дұрыс таныған. Ол: язык – это суть реальности, имеющее
местонахождение в мозгу, деп жазады (24, 27).
Алғашқы когнитивтік зерттеулер этнолингвистикалық және лингвистикалық
типологияны шендестіру деңгейінде сипат алды. Сөйтіп, тілдік әмбебап
құбылыстарды түсінуге талпыныс жасалды. Бұл туралы қазақ тіл біліміндегі
этнолингвистика саласының негізін салушы ғалым Ә.Қайдар ... кейінгі кезде
(АҚШ-та) қалыптаса бастаған тағы бір көзқараста этносты Адам деген
ұғыммен алмастыру арқылы этнолингвистиканың баламасы ретінде антропология
(адам туралы ғылым) терминін қолдану үрдісі байқалып отыр, - деп көрсетті
(25, 9). Әр түрлі деңгейде антропоцентристік парадигма элементтерін қамти
дамыған зерттеулердің бір-біріне ұласып, саралануы таза теориялық-танымдық
ұстанымдардың айқындалуына, бағыт-бағдарының екшеленуіне ықпал етті.
Жаңа ғылыми бағытқа сай тілді зерттеуде негізі назар жоғарыда айтып
кеткеніміздей тілдік тұлғаға аударылады, сонымен байланысты тілді
зерттеудің жаңа мақсаттары, маңызды ұғымдар мен тәсілдер, метатілдік
теориялық негіздер қалыптаса бастады (26, 40).
Когнитивтік лингвистикалық зерттеулер Америкада - Хомский Н., Джонсон М.,
Лакофф Дж., Лангакер Р және Ресейде – Апресян Ю.Д., Кубрякова Е.М.,
Караулов Ю.Н. т.б. еңбектерінен көрініс тапқан.
Когнитивтік лингвистика саласында зерттеу жасап жүрген ресейлік ғалым
Н.Н.Рябцева батыс және ресейлік лингвистикада когнитивтік деп санауға
болатын бірде бір ортақ қабылданған анықтама жоқтығын атап көрсетеді.
Дегенмен когнитивтік деп есептелген зерттеулердің көпшілігі когнитивтік
емес, ал алдына когнитивтік негіздегі мақсат қоймаған семантикалық
зерттеулредің мазмұнында бұл мүдде орындалғанын (Ю.А.Апресян,
Н.Д.Арутюнова, А.Г.Шмелев, Г.В.Булыгина, В.Левонтина) жазады (27, 2). Дәл
осындай сипаттағы зерттеулерге қазақ тіл білімінде Н.Уәлиұлының ұзақ жылдар
бойы жүргізіліп келе жатқан зерттеулерін жатқызуға болады. Олардың дені
когнитивтік лингвистиканың тәсілдерімен, ұстанымдарымен жүргізіліп,
когнитивтік мақсаттарға қол жеткізген.
Когнитивтік лингвистика қайдан пайда болды деген сұрақ барлық зерттеулерде
көтерілетін мәселеге қатысты. Әр алуан деңгейдегі когнитивтік бағыттағы
зерттеулерді зерделегенде, жоғарыда көрсетілгендей, олардың барлығына ортақ
мәселе тілдік антропоцентризм, дәлірек айтқанда, сол тілде сөйлеушілердің
өмірлік тәжірибесі, рухани, мәдени білімі тұтасқан түрде әлемнің тілдік
бейнесі ретінде көрініс табуы екені анықталады.
Когнитивтік антропология адам сана-сезімінің негізінде жатқан өзіне
ғана тән саналық, түпсаналық рухани болмысының тіл арқылы көрініс табуын
зерттейді. Антропоцентристік парадигманы алғашқыда интуитивтік жүйе деп
атау ұсынылғанмен, кейін антропоцентристік термині қабылданған (28, 15).
Тілдік зерттеулерде антропоцентристік бағыт ХІХ ғасырдан бастау алып,
көптеген лингвистикалық мектептерден орын алды.
Когнитивтік лингвистика антропоцентристік парадигманы, яғни адам және адам
танымын құрастырушы тілді бір-бірі арқылы зерттеуді мұрат ете отырып,
бірнеше лингвистикалық (этнолингвистика, психолингвистика,
социолингвистика, дәстүрлі лингвистика) және мәдениеттану, философия,
психология, кибернетика пәндерімен шендеседі. Бұл пәндермен когнитивтік
лингвистика кейбір зерттеу әдістері мен ортақ зерттеу объектісі – тілдің
қызметі деңгейінде тоғысады.
Күрделі тілдік жүйе қандай да бір психологиялық механизмге сүйенері шындық.
Тіл ғылымындағы психологизм жалпы лингвистер үшін ХІХ ғасырдың А.А.Потебня,
Г.Штейнталь, В.Вунд және т.б. сияқты классиктерімен ассоциацияланады.
П.Б.Паршин Конгитивтік зерттеу ұстанымдары психолингвистиканың дәстүрлі
бағдарымен ұштасады. Айырмашылығы психолингвистика лингвистикалық
болжамдардың психологиялық шындығын, психологиялық негіздемесін
түсіндіреді. Басқаша айтқанда, психологиялық әдістеменің лингвистикада
қолданылуы, яғни психолингвистика әдістемелік қатынаста экспериментальды
психология ретінде көрінеді. Когнитивтік лингвистика, керісінше,
психологиялық болжамдардың лингвистикалық шындығын, тұжырымын,
лингвистикалық негіздемесін түсіндіруге бағытталған, - дейді (29).
Когнитивная лингвистика или психология наоборот атты
мақаласындаР.М.Фрумкина П.Б.Паршиннің бұл пікіріне қарсы шығып, сын айтады
(30, 25). Жалпы мәселенің бұлай қойылуын түпкілікті терістеп,
психолингвистиканың эксперименталды психологияға теңестірілуін қате деген
ой білдіреді. Эксперимент психолингвистиканың әдісінің бірі ғана. Ал оның
когнитивтік лингвистикамен ортақтастыратын негізгі тәсілі бола алмайтынын
О.Н.Селиверстова да атап өтті (31, 13). Психологяны когнитивтік
лингвистикамен байланыстыратын оның әдісі емес, объектісі – сөйлеуші адам
психикасында өтетін процесті, тіл мен мидың ара қатынасын қарастыруы болса
керек. Шындық дүниені адам көзбен емес, мимен көреді. Тілдік таным, жад,
ойлау, қабылдау сияқты психологиялық ұғымдарға тікелей қатысты (32, 41) ол
тұтас конитивтік парадигма құруға мүмкінідк береді. Тілдің санада құрылуы
семантикалық жад, есте сақтау қабілеті, оның ақпарат сақтау мүмкіндігіне
тәуелді. Психология мен конитивтік лингвистика сондай-ақ когнитивтік модель
санада қалай құрылады дегенді қарастырудың деңгейінде ұштасады.
Лингвистикалық семантика – когнитивтік лингвистиканың дереккөзінің бірі.
Когнитивтік лингвистика дәстүрлі семантиканың әдіс-тәсілдерін дамыта
отырып, кейбір жалпы ұғымдық категорияларды адам танымының әлемді
когнитивтік игерунің нәтижелері ретінде қарастырады. Когнитивтік семантика
ерекше терең құрылымды семантика ретінде анықталады, сондай-ақ семантикалық
бірліктердің табиғи дамуы сипатын да қарастырады. Дәстүрлі лингвистикадағы
тілді имманентті зерттеу арқылы қол жеткізу мүмкін емес болған тілдік
жүйенің қызмет етуінің креативтік аспектісіне назар қоюға мүмкіндік береді.
Инженерлік пән когнитивтік лингвистиканың тағы бір негізі бастауы ретінде
анықталады. Қазір жасанды интеллект деп аталып жүрген бұл пәннің дамуы
нәтижесінде когнитивтік ғылымдар пайда болғаны мәлім. Ол табиғи тілді
түсіну бағдарламасын құру негізінде өрістеп, тілдік білімнің құрылуы мен
қалыптасуы жөнінде ізденіс жасауға талпынады. Кейін машина мүмкіндігіне
терең үңілген манадардың қабілетін ескеру нәтижесінде басмқа нәрсеге,
сананың, адам миының жемісіне көңіл қоюға бетбұрыс жасалды. Яғни мұнда
табиғи тілді машинаның түсініп, қабылдау деңгейі басты назарға алына
зерттелуі, ақырында адам қабілетінің мүмкіндіктеріне үңілуге әкелді.
Ақпаратты өңдеу процесіндегі нерв жүйесінің маңызды элементі – нейрондар.
Нейрон – электр қуатын жинайтын және беретін элемент. Адам миы шамамен 100
миллиард нейроннан тұрады. Үш фундтық бір ми әлемдегі барлық компьютерден
өңдегіш, ұйымдастырғыш қабілетке ие. Бірақ кейде қарапайым қол калькуляторы
квадрат түбірлерді есептеуді адамнан жақсы орындайды. Жүйке жүйесінің
осындай мықты және әлсіз тұстарын салыстыра зерттеу адам танымы табиғатын
тану, түсінудегі басты нәрсе болды (32, 26). Индивидуалды сана мүмкіндігін
жасанды интеллектіге пайдаланудың когнитивтік лингвистикадағы түпкілікті
мақсаты лингвистиканы нақты ғылымдар қатарына қосуға тырысумен байланысты
анықталады.
Тілдің қызметіне қатысты когнитивтік лингвистиканың тағы бір ұштасатын пәні
– этнолингвистика. Антропологияда адамға, этнолингвистикада этносқа тән
болмыстың тұтас көстеілуін зерттеу мәселесінде бұл екі пәнді
сабақтастыратын ұғымдар – ментальдылық, тіл әлемі, этнос табиғаты және
әлемнің этникалық тілдік бейнесі ұғымдары.
Ментальдылық адамның, әлеуметтік қоғам, дәуір немесе этномәдениеттің рухани
әлемін бейнелейтін әлеуметтік-психологиялық құбылымты айқындайды (33, 62).
Ол вербалды түрде жүзеге асады, яғни тіл арқылы сыртқа танылады. Бұл ретте
ментальды лексиканың да өз маңызы бар. Ол индивидтің өзі өмір сүретін
ортасына әрі тәуелділігін білдіріп, әрі оның интеллектуалды, рухани
дүниесін сипаттайды және өзге халықтардан ерекшелендіретін қасиеттерін
жинақтап көрсетеді. Этнос тілі, әлемнің этникалық тілдік бейнесі тілдің
күрделі конитивтік қызметінің нәтижесі ретінде когнитивтік лингвистиканың
негізгі нысаны болса, этностың өзін танып білудегі қайнар көзі,
білктіліктің кәусар бұлағы – тіл әлемі (25,11) этнолингвистикалық
зерттеудің өзекті мәселесі болып табылады. Конгитивтік лингвистикада
әлемнің тілдік бейнесі динамикалық негізді, уәжді және адаммен тікелей
қатысты, тұтас бірліктегі дүние деп түсініледі. Когнитивтік лингвистиканың
өзге пәндермен шектелуі де негізінен тіл қызметі не әдіс-тәсіл ортақтығына
байланысты. Бірақ олар мақсаттарының нәтижелеріне келгенде ажырап кетеді.
Жалпы тіл білімінде жарты ғасырдан астам даму тарихына ие когнитивтік ғылым
әр деңгейлі ішкі қайшылықтарына қарамастан бұл уақытта өз категориялық
аппараты бар, зерттеу нысаны айқын ғылым деңгейіне көтерілді.
Қазақ тіл білімінде когнитивтік зерттеу бағытына бетбұрыс жасаған еңбектер
жазыла бастады. Қазақ тіл білімінде кейінгі 10 жылдықта ғана осы бағытта
ізденістер жасалуды. Бұған дейін арнайы сөз болмаса да когнитивтік
пайымдаулар нышаны ғылыми еңбектерден өз көрініс тапқан. Қ.Жұбанов Әр сөз
өз алдына жеке ұғым. Мысалы бор дегеннің не екенін білмек болсақ, оның
неші түрлі қасиеттерін біліп үйренеміз. Осы үйренуіміздің жинағы ұғым
представление болады, деп көрсетеді (34, 64). Мұндағы сөз болып отырған
үйренуімізідң жинағы санадағы әлемнің тілдік бейнесі екені даусыз. Ұғым
(представление) сөздікте былай анықталады: представление форма отражения в
виде наглядно-образного знания, одно из проявлении памяти, следовой образ
ранее бывшего ощущения или восприятия (35, 62). Бұдан басқа Қ.Жұбановтың
одағайларға қатысты айтылған ойында (34, 64) тілдік әлеуметтік жағдайға
тәуелдігі, адамның сөйлеп тұрғандағы психологиялық күйіне тікелей қатысы
ескерілуі қажеттігін меңзейтіні оны Бодуэн де Куртененің тлідің индивидтің
санасында, психикасында, жадында өмір сүретіндігін айтқан идеяларымен
сәйкес келеді.
Когнитивтік лингвистика саласы психология, философия, логика, мәдениеттану,
нерофизиология, антропология сияқты пәндермен тоғысатынын ескерсек,
лингвистиканың осы пәндермен байланыстылығында, сабақтастығында пайда
болған салалрдағы ізденістердің әрқайсысы когнитивтік лингвистика үшін
дереккөз бола алатыны белгілі.
Бұл ретте әсіресе этнолингвистикалық зерттеулердің үлесі ерекше екенін атап
өту керек. Мәселен, қазақ тіл біліміндегі Ә.Қайдар, М.Копыленко,
Е.Жанпейісов, Н.Уәлиұлы, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова және т.б. ғалымдардың
зерттеулері тек этнолингвистика үшін емес, когнитивтік зерттеулер үшін де
құнды мазмұнға ие.
Концепт мәселесінің теориялық негіздері Д.С.Лихачев, Н.Д.Арутюнова,
Е.С.Кубрякова, А.Н.Мороковский, В.В.Колесов, В.А.Маслова, А.Я.Гуревич,
А.Вежбицкаяның еңбектерінде әр қырынан қарастырылды. Н.Д. Арутюнова
концептілер туралы былай дейді: ... каждое из этих слов обладает своими
законами, сочетаемостью, своим лексиконом, фразеологией, риторикой и
шаблонами, своей областью референции, и поэтому, описывая и анализируя
язык каждого культурного концепта, мы открываем доступ к соответсвующему
понятию (36, 3). Мәдени сөздерді әлеумет жасайды, сол тілдің өкілдерінің
әрқайсысына түсінікті мағынада қолданылады (37, 117), яғни кез келген
тілдің актив сөздік қорына кіреді. Олардың міндеті – тілдегі кейбір
түсінктерді, ұғымдарды сол әлеуметте бар концептілерді орнықтыру және соның
негізінде рухани сананы, түсінікті қамту. Олардың әрқайсысында сол ұлт
мәдениеті, менталитеті бейнеленеді (38, 55). Сөздердің мәдениленуі әдет-
ғұрыпты сипаттайтын, адамның жекелеген қасиеттерін білдіретін сөздердің
(тұрмыс, мінез-құлық, кедейлік, батырлық т.б.) тіпті нақты іс-әректтердің
(ән салу, күш сынасы т.б.) негізінде де жүзеге асады.
Әсіресе тірек концептілер (тірек сөздер) – ұлттық танымның, мәдениеттің бір
бөлшегі (элементі), сонымен қатар оны түсінудің де кілті. Тірек концептіні
талдау арқылы ұлттық танымның, мәдениеттің даму қалпын, оның қазіргі
өмірдегі жай-күйін білеміз. Осы мәселе төңірегінде В.А.Маслова мәдени
ақпарат тілдің номинативті бірліктері арқылы төрт тәсілмен – мәдени
семалар, мәдени ая, мәдени концептілер, мәдени коннотациямен
берілетінін айтады. Бұл тұрғыда мәдени концептілерге ұлттық мәдени
категорияларды (39, 51) жатқызуға болады. Мысалы, қазақтар үшін амандық
(он екі мүшең сау ма?), шеберлік (бес аспап), мұқтажсыздық (төрт тұрманы
түгел) т.б. ұғымдар мәдени концептінің ұлттық мәдени категорияларын жатады.
Құрамында сандық атаулар бар күрделі атауларға қатысты тірек ұғымдар осы
аталған мәдени концептілердің категориялары ретінде танылып, тірек немесе
түйінді ұғым негізінде этностың мәдени, рухани болмысын бейнелейді.
Танымдық концепт сөздердің аясы нақты, жинақтаушы заттық лексиканың
есебінен кеңейе алады. Мысалы, үй, соғыс, қару, адам ағзасы т.б.
көптеген өсімдік пен жануарлардың, тұрмыстық заттар мен құбылыстардың
жекелеген ұлттың өзіндік менталитетіне байланысты ерекше концептілік мән
алуы ықтимал, Сөйтіп, заттар мен құбылыстарды таңбалаушы тілдік бірліктер
мәдени компоненттерімен ерекшеленеді. Мысалы орыстар мен басқа да христиан
дініндегі ұлттарда он үш саны жағымсыз күштермен байланысты теріс баға
алады, ал қазақтар үшін тақ сан есебінде мүшелдің белгісі болып оң
бағаланады, мысалы, он үшінде отау иесі.
Сөйтіп, концепт ұғымын адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері
бейнеленген және атаулары бар әлемнің тілдік бейнесі ретінде (40, 85)
тани отырып, сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулардың
концептілерін біздің дүниетанымымыздағы әлем туралы ақиқат болмысты
бейнелейтін когнитивтік бірлік ретінде қарауды жөн көрдік.
Когнитивтік тіл білімінің жаңа бағыт ретінде зерттелуінде В.Гумбольдт,
Э.Кассирер, Л.Витгенштейн, Дж. Миллер, Дж.Лакофф, Ф.де Соссюр, Бодуэн де
Куртенэ, Э.Сепир, Б.Уорф т.б. ғалымдардың ықпалы күшті болды. Орыс тіл
білімінде когнитология мәселелерімен Л.Вайсгербер, Ю.Степанов, В.Телия,
Е.Кубрякова, Ю.Апресян, Ю.Караулов, Д.Лихачев, В.Демьянков, М.Минский,
Н.Жинкин, И.Гальперин, В.Маслова т.б. ғалымдар шұғылданған.
Қазақ тіл білімінде когнитивтік ізденістерді А.Байтұрсынов, Ж.Манкеева,
Б.Қасым, А.Ислам, Э.Оразалиева, С.Жапақов, Г.Зайсанбаева, Н.Аитова,
Ж.Саткенова, Ж.Жанпейсова, Ж.Исаева, С.Жиренов, Ш.Мажитаева,
С.Кенжеғалиев, Ә.Шадыкенов т.б. еңбектерінен көруге болады.
Когницияның тілде нақты қалай көрінетіні туралы проф. Б.Қасым былай
дейді: Когнитивистика шеңберінде ескі мәселелер жаңа бағытта қайта
өңделіп, қарастырыла бастайды. Мәселен, реалийлердің (заттардың,
құбылыстардың, оқиғалардың) табиғаты санада түрліше көрініс табуына себепші
болады: біреулері – көрнекі нақты образдар арқылы берілсе, келесілері –
қарапайым ұғымдармен, үшіншілері – символдар кейпінде келеді [5, 6 б.].
Әлем жайында белгілі бір түсініктердің қалыптасуы психикалық бейнелеудің
үш деңгейі өзара қарым-қатынас жасауы нәтижесінде пайда болады. Олар:
сезімдік қабылдау (ұғыну) деңгейі, түсініктердің (қарапайым қорытындылар,
абстракциялар) қалыптасу деңгейі, сөйлеу-ойлау процестерінің деңгейі. Осы
айтылғандар ақпараттар жиынтығы концептілер жүйесінің мәнін айқындайды [4,
с.10-11]. Когнитивті лингвистиканың басты категориясы концептілер, олар
концептілік құрылымды ұйымдастырушы ұғымдардан тұрады. Концепт табиғатын
түсіну үшін жасалған әрекеттердің қай-қайсысы да бір-бірінен шектес
бірқатар ұғымдар мен терминдердің бар екенін аңғартады. Концепт ең алдымен
ұғым мен мағынадан тұрады. Концепт ұғымы тіл біліміне философиядан келген,
латынша концептус (ұғым) сөзінің калькасы болып табылады. Бірақ концепт,
ұғым терминдерінің негізі бір болғанмен, мәні, маңызы бірдей емес. Ұғым –
объектінің танылған маңызды белгілерінің жиынтық бейнесі болса, концепт –
этностық ерекшеліктермен байланысты менталдық құрылым, ол мазмұны жағынан
белгілі объект жайындағы білімнің жиынтығы, ал көрінімі (білдірілуі)
жағынан барлық тілдік құралдардың (лексикалық, фразеологиялық,
паремиологиялық т.б.) жиынтығы [4, с.27].
Концепт ұғымы туралы әртүрлі пікір, анықтама бар. Проф. В.Маслова
көптеген анықтамаларды қарастыра келе, концептіге мынадай жұмыс (рабочий)
анықтамасын береді: Это семантическое образование, отмеченное
лингвокультурной спецификой и тем или иным образом характеризующие
носителей определенной этнокультуры. Концепт, отражая этническое
мировозрение, маркирует этническую языковую картину мира и является
кирпичиком для строительства дома бытия [4, с.36].
Біздің зерттеу объектімізге байланысты концепт ұғымын қазақ этносының
әртүрлі даму кезеңіндегі оның қоғамдық, әлеуметтік болмысы мен мәдени,
рухани өміріне қатысты біздің санамызда қалыптасқан менталдық, психикалық
ресурстарын, қарама-қарсы сипаттағы ақпараттық мағлұматтарын түсіндіруге
қызмет ететін семантикалық құрылым деп қабылдауға болады.
Бүгінгі таңда қазіргі тіл білімінде соны ғылыми бағдарлар мен жаңа
бағыттағы зерттеу жұмыстары белсенді сипат иеленіп отыр. Сондықтан
лингвистика ғылымында когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану,
антрополингвистика, психолингвистика тәрізді бағыттардың қарқынды дамуы тіл
мен сөйлеу фактілерін халықтың ұлттық рухани құндылықтарымен, дүниетанымы,
ой әлемі және психикалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста алып қарауға кең
жол ашады. Тіл мен мәдениетті сабақтастыра зерттеудің тиімді саласы –
когнитивтік лингвистика. Оның маңызды ғылыми сала ретіндегі мәнін белгілі
ғалым Ж.А.Манкеева: Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани-мәдени қазынасы
ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл - өз
бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен
санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған
таңбалық жүйе. Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет
сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты
тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениеттану,
этнолингвистика т.б. салалары өріс алып отыр, деп анықтайды (1,15). Осымен
байланысты әлемнің тілдік бейнесін түсінуге, зерделеуге жетелейтін, оның
бір бөлшегі танылатын концепт ұғымы тілдің танымдық мазмұнын, күй-қалпын
айқындаушы ғылыми лингвистикалық категория ретінде қалыптасуда. Әлемнің
тілдік бейнесінің бір бөлшегі болатын концептілердің адам танымында алатын
орны зор. Негізінен осы күнге дейін концептілер ретінде адамзат өмірінде
үлкен рөл атқаратын ұғымдар алынады. Яғни, шындық өмірдегі белгілі бір
мәдениет үшін құнды әрі көкейкесті мәні бар мәдени атаулар ғана концепт
дәрежесінде танылады. Тіл арқылы танылатын концептілер, жалпы алғанда,
тілді тұтынушы халықтың дүниетаным көрсеткіші (2,5).
Лингвистикада концепт термині мен түсінігінің қалыптасуы тіл, сана және
мәдениеттің өзара әсерлесуінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын, амал-
тәсілдерін игерудегі жаңа қадам болды. Осыған орай лингвистика,
когнитология, мәдениеттану, философияның өзара әсерлесуінің жаңа
аспектілері пайда болып, соның арқасында семантикалык зерттеулер тереңдей
түсті.
Кең мағынада концепт - жалпы әлем туралы білім жүйесінің (әлемнің
концептуалды бейнесінің) бір бөлшегі, үзіндісі, яғни индивидтің объективті
шындық туралы өз танымындағы тірек ұғымдары, білетіні, ойлайтыны,
елестететіні.
В.А.Маслованың анықтауынша, концепт ұғымы эмоционалдық, экспрессивтік,
бағалауыштық мәнімен айрықша танылады.
Концептіге осы көрсетілген түсіндірулерден өзге анықтамалар да бар.
Концепт — ментальдік және психикалық ресурстарды түсіндіретін және
адамдардың білімі мен тәжірибесін бейнелейтін термин.
Концепт — оперативті есте сақтау бірлігі, әлемнің адам психикасында
көрініс табуы.
Концептілер — сөз және экстралингвистикалық шындықтың арасындағы
дәнекерлер.
Концептінің осыншама түрлі анықтамаларының болуы, оның келесі вариантты
белгілерін көрсетуге мүмкіндік береді:
- сөз арқылы вербалданатын және өрістік құрылымы бар адамзат
көзқарасындағы өз тәжірибесінің минималды бірлігі;
- білімді сақтаудың, өңдеудің, айтып жеткізудің негізгі
бірліктері;
- концепт жылжымалы шегара мен нақты функцияларға ие;
- концепт әлеуметтік, оның ассоциативті өрісі оның
прагматикасын көрсетеді;
- бұл мәдениеттің негізгі ұяшығы ( 3).
Сонымен, концепт - адамзаттың әлем бейнесі туралы жинақталған
түсініктерін беретін тірек ұғымдар деп түсінуге болады.
Қазіргі таңда концепт ұғымына қатысты мәселелер қазақ тіл
білімі ғылымында да кеңінен қарастырылып, зерттеу нысандарына
айналуда. Бұл бағытта концептінің мән-мазмұны зерттеуші ғалымдар
Ж.Манкеева, Н.Уәли, Г.Смағұлова, Г.Мұратова, Г.Сағидолда,
Э.Оразалиева, Қ.Жаманбаева, Г.Снасапова, М.Күштаева, С.Жапақов,
А.Ислам, Б.Ақбердиева, Б.Тілеубердиев, Ш.Ниятова, Ш.Елемесова,
Г.Имашова, Ж.Жампейісова, Ф.Қожахметова т.б. еңбектерінде әр қырынан
қарастырылып келеді.
Тіл білімінде концепт термині алғаш рет ХХ ғасырдың алғашқы
жартысында қоршаған орта құбылыстарын тіл әлемінде бейнелеу мәселелерін
зерттеуге байланысты пайда болды. Соңғы жылдары тіл білімінде концепт
теориясы лингвистикалық сипатта нақты, жан-жақты бір тілдің ішіндегі
материалдар негізінде де, туыс немесе туыстығы жоқ әр түрлі тілдер
материалдары негізінде де салыстыра-салғастыра зерттеле бастады. Ғылыми
еңбектерде концепт ұғымына берілген әр түрлі анықтамалар кездеседі. Егер
В.В.Колесов концепт – сөздің мағыналық дамуының ең соңғы шегі,
мәдениеттегі мазмұндық қатары молайған ұғым десе, В.С.Кубрякова концепт
- адамның санасында, психикалық жүйесінде қалыптасқан әлем бейнесінің
мазмұндық бірлігі деп түсінсе, В.Н.Телия концептіге белгілі бір объект
туралы барлық мағлұмат жиынтығы деген анықтама береді. Ал А.П.Бабушкин
концепт – ұжымдық санадағы менталды бейненің дара белгілері деген
түсінікті қалыптастыра отырып, әрбір концептілік бірліктің ұлттық
концептілік өрісте өзіндік орны болатындығын, белгілі бір зат не құбылыс
жөнінде білім деңгейіне орай жеке тұлғаның санасында концепт түрлерінің
қалыптасуы әрқилы болып келетіндігін дәйектейді [10].
Концепт сөзбен де, сөз тіркесімен де, фразеологиялық бірліктер арқылы
да беріле алады. Сөздің концептісі оның мағыналық және ассоциативтік өрісі
арқылы анықталады. Осы өрісте сақталған ақпарат когнитивті және
прагматикалық мәні бар элементтерден тұрады. Концептілік зерттеу этностың
лексикасы мен фразеологиясында сақталған әлемнің мәдени-ұлттық бейнесін
ашуға мүмкіндік береді. Әрбір этнос қоршаған әлемді өзінше таниды, яғни
өзіндік әлемнің тілдік бейнесін жасайды. Этнос мәдениетін өз ішінде
ұғынуда мәдениетті түсінудің кілті болып табылатын тірек концептілер ерекше
орын алады. Сондықтан тірек концептілерді талдау арқылы ұлттық мәдениеттің
даму қалпын, қазіргі өмірдегі жай-күйін біле аламыз. Концепт этностың
рухани өмірінің ұжымдық қазынасы және ол әрқашан мәдени реңкте болады,
сондықтан да ол ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде басты компонент болып
саналады. Концепт дегеніміз – этномәдени санада сақталған, белгілі бір
ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс,
ұлттық мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін
құрылым [6, 15]. Зерттеу жұмысымызда концепт ұғымы адамның әлем туралы
мәдени түсініктерінің жиынтығы болып табылатын әлемнің тілдік бейнесі
ретінде тани отырып, дүниетанымымыздағы әлем туралы ақиқат болмысты
бейнелейтін когнитивтік бірлік ретінде қарастырылады.
Концепт индивид санасында сәулеленген сезімдік-заттық образдың
(перцевтивті модус) негізінде пайда болады. Концепт негізінде сезімдік
тәжірибе жатады. Сезімдік-заттық образ (код) концептің ядросы болып
табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген
сайын жаңа мәндік белгілермен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің
мазмұны ұлғаяды, мазмұны кеңи түседі. Әлгі белгілердің қайсыбірінің
мәнділігі күшейе түсуі, қайсыбірінің көмескіленуі ықтимал.
Концепт ретсіз нәрсе емес. Оның компоненттері (белгілері) белгілі бір
тәртіпте болады. Заттық-образдық ядро нақты болады, ал ядродан алшақтау
жатқан белгілер дерексіз, абстрактілі болуы мүмкін [11, 34-43]. Концептінің
әртүрлі қабаттары бір-бірінен туындап жатады. Бұл жайт концепт ұғымының
өзгеше сипатын көрсетеді.
Концептінің жасалуына ұғым емес, заттық образдар (заттың бейнесі) негіз
болады. Мысалы, ат жалын тартып мінді (ержетті) дегенге ат, мін=, жал деген
(субъект-предикат) ұғымдар емес, ақиқат өмірден алынған сенсорлық-
перцептивті образ негіз болып тұр..
Ұғымнан концептінің айырмасы, түптеп келгенде, мынаған саяды: концепт –
денотат туралы бастапқы түсінік (представление). Денотат туралы осы түсінік
жалпыланған инвариант-образ түрінде болады да, ол сөздің тууына түрткі,
ұйтқы болады. Бұл – заттық-бейнелік концепт. Тілдік санада концепт
форматына түскен бұл құрылым лингвокреативті ойлаудың негізінде әрі қарай
өңдеуден өтіп, ұлттық-мәдени концепті пайда болуы мүмкін. Заттық-бейнелік
концептіде (перцептивті модуста) этномәдени сипат бола қоймайды. Мысалы,
қазан ошаққа, тасошаққа, жерошаққа т.б. құрылғының үстіне қойылатын, астына
от жағылатын, беті қақпақпен жабылатын түбі қара күйе ыдыс. Ошақ, ошақтың
үсті, от жағу, беті, қақпақ, жабу, түбі, қара күйе, ыдыс дегендер –
ақпарат. Осы ақпараттардың реттелген жүйесінен заттық-бейнелік концепт
жасалып тұр. Бірақ заттық-бейнелік концептісінің ономосологиялық құрылымы
мәдени этностық санада әрі қарай өңдеуден өтеді де, басқа бір
таңбаланушының таңбасына айналады. Ендігі жерде қазақ түсінігінде қазан
отбасының, ағайын-туыстың, ауыл-аймақтың, ел жұрттың басын біріктіретін,
басын қосатын, ынтымақтастыратын қасиетті мүлік болып табылады. Қазаны
бүтін; қазаны қақ айырылу, қара қазан сарбаланың қамы, қазанын сындыру (кек
алудың бір түрі) т.б. дегендер ұжымдық санадағы мәдени-ұлттық семантиканың
тілдік таңба арқылы жарыққа шығуы қазанның ұлттық мәдени концептіге
айналғанын көрсетеді. Мұндай концептілер (инферентті модус түріндегілер)
этномәдениеттің тірек элементі болып, концепт-кеңістікке енеді.
Зат-бейнелік концепті (перцептивті модус) мен мәдени-ұлттық концепт
(инферентті модус) когнитивтік әрекеттің екі фазасы болып саналады;
бастапқы таңбаланушы мен таңбалаушы әртүрлі модификацияда сөз таңба ретінде
қалыптасу кезеңінен өтеді. Аяққы кезде сөз белгілі бір этномәдени
кеңістікке енеді де, сол мәдениетті түсінудің (ұғынудың) және түсіндірудің
(ұғындырудың) құралына айналады.
Әлемдік және қазақ тіл білімінің қазіргі таңдағы дамуы лингвистикалық
зерттеулердің антропоөзектік бағытқа бет бұруымен сипатталады. Әлемнің
тұтас бейнесін тілдік бірліктер арқылы танымдық қырынан айқындауда
концепт термині маңызды рөл атқарады. Концепт терминінің теориялық
негіздері Д.С.Лихачев, Н.Д.Арутюнова, Е.С.Кубрякова, А.Н.Мороховский,
Н.К.Рябцева, В.А.Маслова, А.Я.Гуревич, А.А.Залевская, А.Вежбицкая т.б.
зерттеу еңбектерінде қарастырылып, олардың концепт жайлы ой-тұжырымдары
концепті құрылымына енетін сөздердің мағыналық жақтан өзара үйлесе келіп,
негізгі өзек – тірек сөздің аясына шоғырлануынан туындайтындығын
дәлелдейді. Қазақ тіл білімінде концепт термині А.Қайдар, Р.Сыздық,
Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, Б.Қалиев, Қ.Жаманбаева, Г.Смағұлова, Б.Ақбердиев,
Г.Снасапова, М.Күштаева, С.Жапақов, Қ.Қайырбаева, А.Сыбанбаева, А.Ислам,
Ш.Елемесова, Н.Аитова, А.Әмірбекова, Ж.Саткенова, Ж.Жампейісова, С.Жиренов,
Б.Нұрдәулетова, Г.Мұратова, Ж.Қошанова т.б. зерттеушілер еңбектерінде әр
қырынан зерттелді. Аталған ғалымдар еңбектерінде концепт мәселесіне қатысты
зерттеулер ақын-жыраулар, жазушылар шығармалары бойынша қарастырылып,
ондағы өмір, өлім, тағдыр, бақ, қайғы, мұң, шер, жалғыздық,
жекелік, байлық, кедейлік, заман, тіршілік сынды концептілердің
когнитивтік құрылымдарының анықталуы, концептуалдық талдаулар жүргізілуі
ұлттық таным ерекшеліктерін айқындауға қосылған үлес екендігін көрсетеді.
Бүтін бір ұлттың ой-өрісінің, дүниетанымының ерекшелігін айқындауда зор
маңызға ие концептілер туралы айтылған ғалымдар пікірлерін жинақтай
айтқанда, концепт ақиқат дүниені, ғаламның тілдік бейнесін түсінуге
мүмкіндік беретін күрделі құбылыс деп танылады. Ол, яғни концепт – әлем
бейнесін сипаттайтын тілдік құралдардың (лексикалық, фразеологиялық,
паремиологиялық т.б.) жиынтығы. Концепт – адамзат баласының өмір тәжірибесі
арқылы жинақталған әлем бейнесінің мазмұндық білімінен тұрады.
Когнитивтік лингвистика бірнеше ғылымның өзара әсер етуі негізінде
қалыптасқаны белгілі.
Когнитивтік лингвистикада когниция ұғымына ерекше назар аударылады.
Когниция – адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі.
Тіл білімінде когниция терминімен интеллектуалдық, менталдылық сияқты
атаулар да синоним ретінде қолданылып жүр. Когницияның бұл атаулардан
айырмашылығы когниция адам миындағы ақпараттардың терең қатпарларындағы
біртұтас көрініс, моделі. Адам санасындағы білім әртүрлі тілдік құрылымдар
арқылы көрініс табады. Зерттеуші В.А.Маслова: ...елестету, схема, картина,
фрейм,сценарий (скрипт), гештальт сияқты бірліктерді адам танымындағы
ақпараттарды сыртқа шығаруда қолданылатын тілдік құрал деп есептеген.
Адам баласына дүниедегі мәліметтердің лингвистикалық арналар
арқылы жетуі адамды концепт әлеміне жетелейді. Әдетте, біз сезіну,
қабылдау, түсіну, ұғыну үрдістерін таным формасының жоғары түйсігі деп
қабылдаймыз. Ол әртүрлі ой операцияларының нәтижесінде жүзеге асырылады.
Бұл операциялар дүние туралы ақпараттар жиынтығын тудырып, концепт жүйесін
құрайды.
Концептің қазақ тіл білімінде ұғынылуы, қарастырылуы әртүрлі.
Концептіге берілетін анықтамаларда оның (концептің) ұғым, символ, бейне,
таңба, жалпы мағына т.с.с ұғымдармен ұқсастығы және айырмашылығы туралы
пікірлер айтылады.
Когнитивтік зерттеу тұрғысынан қарастыруда концепт құбылысының
мәні ерекше. Бұл ұғымды философиялық тұрғыдан ең алғаш қолданған дін
уағыздаушы Ансельм (1033-1099) болған екен. Ұғымның бүгін де нақты мәнге ие
бола алмауы, оның аса күрделі түсінік екенін айқындай түседі. Концепт
латын тілінде де бірнеше мағынаға ие: conceptio – 1) жиынтық, жүйе,
байланыс, қойма, заң актілерін тұжырымдау; 2) ұрық қабылдау; 3) сөйлем
т.б.мәнге негізделген.
Концепт термині орыс тіл білімінде XX ғасырдың 20-30жылдары қоршаған орта
құбылыстарының тіл әлемінде бейнеленуін зерттеумен байланысты пайда болды.
С.А.Асколдьов – Алексеевтің 1928 жылғы Русская речь жинағында жарық
көрген Концепт и слово деген еңбегінде концептілерді танымдық
(познавательные) және көркемдік (художественные) түрлеріне жіктейді,бірақ
олардың аралық шегінің өзгеріп,кейде бір-бірімен астасып отыратынын да
жоққа шығармайды.
Концепт терминінің теориялық негіздері Д.С.Лихачев,
Н.Д.Арутюнова, Е.С.Кубрякова, А.Н.Мороховский, Н.К.Рябцева, В.А.Маслова,
А.Я.Гуревич, А.Вежбицкаяның еңбектерінде әр түрлі қырынан
қарастырылды.Концепт сөздердің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке адамнан
бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың тіл өрісінің,
дүниетанымының ерекшеліктері айқындалады. Концептілер рухани мәдениеттің
басты-басты ұғымдарын оның элементтері ретңнде таңбалай отырып,олардың мән
–мағынасын қамтиды.. Рухани – мәдени сөздердің лексикалық мағыналарын
анықтау жаңа үстеме мағынаның ашылуына септігін тигізеді.Бұл өз кезегінде
бұрынғы түсіндірмелерід жаңа қырынан бағалауға әкеледі.
Концепт ұғымы лингвистикада адамның әлем туралы жинақталған
мәдени түсініктері (А.Вежбицкая), концепт – біздің сол нысан туралы
білетініміздің барлық жиынтығы (В.Н.Телия) (Рол.чел.факт), құдайлық
ілімді танудың,сол арқылы, соны ұғыну арқылы халықтың рухын, ұлттық мәдени
менталдығын танудың кілті (В.Гумбольдт) тәрізді анықтамалармен беріліп
жүр.
Қазіргі лингвистикадк концепті үш түрлі бағытта талданып,
қарастырылады:лингвистикалық,когнит ивтік, мәдениеттанымдық.
Концептіні лингвистикалық тұрғыдан қарастыруды дұрыс деп санайтын
зерттеушілер (С.А.Аскольдов, Д.С.Лихачев, В.В.Колесов, В.Н.Телия)
концептіні сөздің коннотативті элементтерімен қоса алғандағы барлық
мағыналық әлеуеті, концепт сөздің кез келген мағынасында өмір сүреді деп
қарайды.
Концептіні көптеген зерттеушілер бір тілде сөйлеушілерге ортақ
концептуалдық ойлау жүйесі, менталдылықтың негізгі бірлігі, мәдениеттің
кілт сөздері, ұлттық колориті, ойлау мен қарым-қатынас құралы ретіндегі
тілдің символдық – мағыналық қызметі арқылы көрінетін неғұрлым мүмкін
мағыналар ретінде қарап,бір сөзбен концепт дегеніміз мазмұндық формасында
әрі символ, әрі бейне, әрі ұғым деп көрсетеді. Сондықтан концепт терминін
ұғым, түсінік деген мағынамен емес, алғашқы дәні,өскіні
(зародыш,зернышко) деген мағынамен байланыстырған дұрыс деп есептейді,
себебі концепт арқылы сөздің бастапқы, яғни кейінгі ұғымдар мен мағыналарға
негіз болатын алғшқы түсінігі беріледі.Менталды сипаттаудың міндеті –
концептіге ұйытқы сөздің өзгеріске түспеген семантикалық доминантын
анықтау, қалпына келтіру.
Концептінің мәнін когнитивтік тұрғыда қарастыруды ұсынатын
зерттеушілер (З.Д.Попова, И.А.Стернин сондай – ақ, Краткий словарь
когнитивных терминов сөздігінің авторлары Е.С.Кубрякова, В.З.Демьянков,
Ю.Г.Панкрац, Л.Г.Лузиной )концептіні менталды ойлаудың бірлігі ретінде
қарастырады. З.Д.Попова, И.А.Стернин концептіні ауқымды ойлаудың бірлігі
(как глобальную мыслительную единицу, представляющую собой квант
структурированного знания) ретінде қарастыра келіп, концептінің тілдегі
фразеологизмдерге, сөз тіркестеріне, сөйлемдерге, мәтіндерге, мәтіндер
байланыстығына талдау арқылы тілді тұтынушының санасындағы концепт мазмұнын
тани аламыз.
Концептіні когнитивтік бағытта зерттеуші өзге де ғалымдар –
Дж.Лакофф, А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов концепт мазмұнына түсіндірілетін зат –
құбылыстың негізгі ұғымдық белгілерін енгізеді,яғни концептіні ұғыммен
қатар қояды.
Үшінші бағытты ұстанушылар концептінің мәденитанымдық
аспектісіне ерекше мән береді. Олардың пікірінше, тұтас мәдениет
концептілердің жиынтығы, олардың, өзара қарым – қатынасы арқылы
анықталады.Концепт олардың анықтауынша, адамның менталды ойлау дүниесіндегі
мәдениеттің егізгі ұясы ретінде түсіндіріледі.Концептіні түрлі қырынан
барысында сол концепт арқылы берілетін мәдени ақпараттың мазмұнына ерекше
көңіл бөлінуі тиіс.Осы бағыттың өкілі Ю.С.Степанов: в структуру концепта
входит все то, что и делает его фактом культуры – исходная форма
(этимология), сжатая до основных признаков содержания история; современные
ассоциации; оценки и т.д. - деп жазады.Ол концептіні мәдениеттің
микромоделі ретінде қарастырады.Оның түсіндіруінше , мәдениеттің ұйытқысы
бола отырып, концепт экстралингвистикалық, прагматикалық, яғни тілден тыс
ақпараттарды білдіреді. Басқаша айтқанда, Ю.С.Степановша концепт
мәдениеттің базалық единицасы,құнарлы құрамы.
Концептіні лингвомәдениеттанымдық аспектіде зерттеушілердің
Н.Д.Арутюнова, В.В.Колесов, З.Д.Попова, И.А.Стернин, Ю.С.Степанов,
В.Н.Телия, Л.О.Чернейко т.б. пайымдауынша, концепт барынша кең ұғым.Оның
мазмұнына ұғымдық белгілерден де басқа осы зат-құбылысқа қатысты барлық
мәдени – аялық ақпарат енеді.
Арутюнова концептіні ұлттық дәстүр, фольклор,дін,идеология,
өмірлік тәжірибе, өнердегі бейнелер, бағалауыштық жүйе жүйе тәрізді
факторлардың өзара қарым – қатынасының нәтижесі болып табылатын практикалық
(күнделікті қолданыстағы) философияның ұғымы ретінде қарастырады.
Арутюнованың пікірінше, практикалық философияның ұғымы ретінде концепт
дүниенің балаң бейнесін құрайды және адам мен әлем арасындағы мәдени
қабат болып табылады.
Сонымен қазіргі тіл білімінде концепт табиғатын байланысты
бірнеше көзқарастар бар:
1)концепт – бұл құбылыстың лингвокогнитивті түсіндірмесі;
2)концепт – лингвомәдениеттанымдық құбылыс.
3)концепт – жан – жақты құбылыс, ол жоғарыда аталған
аспектілердің қай –қайсысы арқылы да талданады.бірінші бағытты ұстанушылар
концептіні лексикалық бірліктердің мағыналары арқылы зерттеуді қажет деп
санайды. Екінші бағытты ұстанушылар сөз бен тілдің негізінде дүние
бейнесінің ядролық бірлігі болып табылатын, жеке тілдік тұлғалар үшін,
сондай – ақ лингвомәдениеттанымдық ұжымға бірдей ортақ мәдени концептілерді
зерттеуді ұсынады. Үшінші көзқарастағылар мәдени концептілерге практикалық
философия тұрғысынан немесе индивидтің, топтың менталды білімін когнитивті
талдау тұрғысынан келуді мақсат етіп қояды.
Концепт:
1)тұрақты,өзгермейтін сөз-аталымға тән мағына, белгілі бір
уақыттар ішінде көмескіленуі, өзектілігінен айырылуы мүмкін, бірақ сананың
терең құрылымында сақталады;
2)адам санасында ұйғарылған дүние бейнесінің оперативті мазмұндық
бірлігі, концепт категориясы дүние бейнесінің адам психикасында сәулелену
механизмін түсінуге мүмкіндік береді;
3)концептіге ұғым кіреді, бірақ концепт ұғыммен ғана шектелмейді,
ол сонымен бірге белгілі бір мәдениетті ұстанушылардың сөздің түрлі
ассоциативті байланыстылығындағы сипаты туралы білімін, түсінігін қамтиды;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz