«Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы» пәнінен лекция жинағы



Тақырып №1. Кіріспе
Тақырып № 2. Цин династиясы билігіндегі Қытайдың әлеуметтік.экономикалық, саяси жағдайы.
Тақырып № 3. Қытайдағы XIX ғасырдың ортасындағы «Апиын» соғыстары.
Тақырып № 4. Қытайдағы Тайпин шаруалар соғысы.
Тақырып № 5 Токугава династиясының билігі кезіндегі Жапонияның әлеуметтік.экономикалық және саяси жағдайы.
Тақырып № 6 Осман империясының құлдырауы
Тақырып №7. Ұлы Моғолдар империясының дағдарысы және ыдырауы.
Тақырып № 8. ХІХ ғ. аяғы .ХІХ ғ. басындағы Цин империясының әлеуметтік .экономикалық және саяси дамуы.
Тақырып №9. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Жапония.
Тақырып №10. ХІХ ғасырдың 70 жылдары мен ХХ ғасырдың басындағы Туркияның саяси жағдайы.
Тақырып №11. ХХ ғасырдың басындағы Иранның әлеуметтік.экономикалық жағдайы
Тақырып № 12. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Үндістан
Тақырып № 13. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Индонезия.
Тақырып № 14. Магриб елдері үлгісіндегі арабтық Африканы отарлау
Тақырып № 15. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік, Батыс және Орталық Африка елдері
Тақырып № 16. Жаңа замандағы Азия және Африка елдерінің мәдениеті
Жаңа заман қарсаңында Шығыс дүние жүзінің халық ең тығыз орналасқан, бай бөлігі болды. 1500 жылы Шығыс елдерінде (Азия мен Солтүстік елдерінде) 288 млн. адам өмір сүрді, ол жер шарының тұрғындарының 68% құрады. Еуропадағы өндірістік революцияға дейін дүние жүзінің өнеркәсіптік өндірісінің 77% Шығыс елдерінде болды. Ең құнарлы жерлер шығыста болды. (өнімі көп) Ұлы Моғолдар империясында, Акбар тұсында (1556-1605) бидай өнімі орта есеппен 12,6 ц. – 1 га., ячмень -13,1ц., ал Еуропа Батыс елдерінде 7-8 ц. болған. 1500 жылы дүние жүзінде 31 ірі қала болған болса, оның әр қайсында – 100 мың хылқы, оның 25 Шығыста, тек қана 4 Еуропада (2 Африкада). XVII ғ. дейін Шығысқа келген Еуропалықтарды тауар көптігі және оның жоғары сапасы таң қалдырды. әсіресе мата, үлкен, халқы тығыз қалалары, қолөнершілерінің шеберлігі, билеушілерінің байлығы мен билігі. Өнеркәсіптік революцияға дейін, ХІХ ғасырдың басына дейін Шығыс елдері Еуропаға дайын тауарлар экспортқа шығарды. Олар медикаменттер, кофе, қант, шай, жұқа мақта маталарын, кашемир, жібек, т.б. тауарлар әкелді.
Батыс пен салыстырғанда Шығыс елдері азық-түлікпен, әсіресе нанмен жақсы қамтамасыз етілген еді. Мысалы: Сулейманның (1520-1566) Ибрахим паша, Вена елшісіне мақтанышпен былай деген–жалғыз Осман империясы-ның жоғарғы Месопатамия жерлерінің барлығымен салыстырғанда жоғары сапалы және көп бидай өндірді. Алжирде нанның бағасы 4-5 есе Испаниямен (Филип ІІ) салыстырғанда арзан болды.
XVI ғасырда Шығыстың көптеген елдерінде экономикалық өрлеу байқалды, ол демографиялық өсумен бірқатар жүрді. Халық өсуі Азияда – 35% жету жағдайы бірқалыпты болды. Осман империясының Балқан провинцияның шаруашылық жағдайы XVI ғ. жақсы, ал XVII ғасырда Батыс елдеріне қарағанда едәуір жақсы болған.
Шығыс пен салыстырғанда Еуропа кедей және артта қалған болып көрінді. Әсіресе материалдық өндіріс дәрежесі төмен болды. 1500 жылы Батыс елдерінде (Еуропаның католиктік елдері) 68 млн. халқы болса, ол 16% (дүние жүзі халқының) құрады. Еуропа (Ресейсіз) дүние жүзілік өнеркәсіптің 18% құрады, ал әрбір тұрғынға шаққанда Шығыс елдеріне аз келген.
Еуропаның халқының өсуі XVI ғасырда– 25% жетсе де, ол Азия көрсеткішінен төмен еді. Тек қана Оңтүстік Еуропа елдері, әсіресе Испания мен Италия Шығыс елдерімен тең болды. Осы елдерге Франция, Англия Еуропаның солтүстік-батысындағы басқа елдері кейіннен көтерілді. Оған және де дамуының әлсіздігіне, бірқалыпты болмауына қарамастан, Батыс дүние жүзілік оқиғаларға ықпалы зор болды. Ол ықпалының көрсеткіші дүние жүзілік тарихтағы ролі Еуропа халықтарының санына, байлығына, т.б. материалдық өмірдің дәрежесіне сәйкес келмеді және байланысты болмады. Батыстың ролі адам факторына, «адам мәдениетіне»-батыс өркениетінің ерекшеліктеріне байланысты болды.
Ол жаңа өркениет Батыста Х-ХІ ғғ. Антикалық дәстүрлер мен батыс христиан (католиктік) шіркеу ілімінің негізінде қалыптасты. Оның негізінде еркін адам, өзіндік тәуелсіз индивид, жеке құқы және артықшылықтары бар. Батыс пен салыстырғанда Шығыста–тұлғалық бастама, жеке мүдделер қоғамдық мүдделерден жоғары тұрды. Көптеген техникалық жаңалықтар Шығыстан шыққан мен Батыста ол әрі қарай дамып жаңа ашылымдарға импульс болды. Барлығы өзгеріске ұшырады–саясат, философия, қаржы, өнер, технология. Ол өзгерістер Батыстың өзіндік рухани атмосферасының көрсетекіші болды.
Батыс пен Шығыстың өзіне тән өркениет болды. Жаңа заман қарсаңында – Қытай-конфуциалдық, провославиелік, жапондық, ламаистік өркениеттер шамамен дамудың бар сатысында болды. Бұл мәдени–тарихи қоғамдардан бірқатар өркениеттер артта қалды, олардың дамуы тоқтап қалды. Тойнби А. анықтамасы бойынша ремелтік, өркениеттер, полинезия-лық, эскимостық т.б. Сібір өркениеттері, ыдырау дәрежесінде еді.
Жаңа заманға дейін олар неометтік мәдениет дәрежесінде тоқтап қалып, әлеуметтік институт, дамыған діні де болмады. Халқының санының аздығынан (1500 жылы Сібірде 200 мың еді) олардың территориясы бос кеңістік, басқа халықтардың ойынша, ешқандай өркениеттік өмір болмады.
XVI ғ. басында дүние жүзінің әсіресе халқы көп, әрі бай бөлігі Қытай т.б. қытай-конфуциалдік өркениет елдері болды. (Корея, Вьетнам). 1500 жылы мұнда 106 млн. адам өмір сүрді – ол жер шарының халқының – 22,3%. Бұл Қиыр Шығыстың өркениет І мың жылдықта көне Қытайдың әлеуметтік-мәдени мұрасы мен Конфуций (б.з.д. 551-479) ілімі негізінде қалыптасқан.
Конфуциалдықтың ең жоғары әлеуметтік құндылығы мемлекет болып саналады. Мемлекет қоғам мен адам өмірін реттеу қажет еді. Қытай конфуциалдік өркениет халқаралық өмірдің негізі (шешуші) оқиғаларынан шетте қалды.
Жапон өркениеті мүлдем басқаша сипатқа ие болды. Ол көп нәрсені Қытайдан алды–жазу жүйесін, материалдық мәдениетінің көп бөлігін. Жапон өркениеті ІХ-ХІ ғғ. пайда болды.
1500 жылы халқының саны 17 млн. адам -4% (жер шары). Синтоизм негізінде қалыптасты. (малаяна буддизм өте зор ықпал етті). Буддизм VI ғ асырдың ортасында Жапонияға кіріп, ал ІХ ғасырда мемлекеттік дінге айналды. Қытай конфуцилік қоғаммен салыстырғанда ол басқа елдердің жаңалығын өз еленде енгізіп отырды.
Негізгі :
6. Народы Африки. Под.ред. Д.А. Ольдерогге, И.И.Потехин М, 1954г
7. Африка. Энциклопедический справочник. в 2-х томах. М,1963г.
8. Некоторые вопросы истории Африки М, 1968г.
9. История Африки М, 1971г.
10. История Африки в ХIX –XX вв. М, 1972г
Қосымша:
4. Тарле Е.В. Очерки истории колониальной политики западноевро-пейских государств (кон.XV–XIX в).М, 1965г.
5. Зусманович А.З. Империалистический раздел Африки (популярные очерки) М, 1959г.
6. Зусманович А.З. Империалистический раздел бассейна Конго (1876-1894 гг) М, 1962.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы пәнінен лекция жинағы

Лектор: Л. Динашева

Тақырып №1. Кіріспе

1. Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы пәні мен міндеттері.
2. Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық
құрылысы мен саяси картасы.
3. Әлеуметтік–экономикалық дамуы, өндіргіш күштер дәрежесі және
мәдениеті.

Жаңа заман қарсаңында Шығыс дүние жүзінің халық ең тығыз орналасқан, бай
бөлігі болды. 1500 жылы Шығыс елдерінде (Азия мен Солтүстік елдерінде) 288
млн. адам өмір сүрді, ол жер шарының тұрғындарының 68% құрады. Еуропадағы
өндірістік революцияға дейін дүние жүзінің өнеркәсіптік өндірісінің 77%
Шығыс елдерінде болды. Ең құнарлы жерлер шығыста болды. (өнімі көп) Ұлы
Моғолдар империясында, Акбар тұсында (1556-1605) бидай өнімі орта есеппен
12,6 ц. – 1 га., ячмень -13,1ц., ал Еуропа Батыс елдерінде 7-8 ц. болған.
1500 жылы дүние жүзінде 31 ірі қала болған болса, оның әр қайсында – 100
мың хылқы, оның 25 Шығыста, тек қана 4 Еуропада (2 Африкада). XVII ғ. дейін
Шығысқа келген Еуропалықтарды тауар көптігі және оның жоғары сапасы таң
қалдырды. әсіресе мата, үлкен, халқы тығыз қалалары, қолөнершілерінің
шеберлігі, билеушілерінің байлығы мен билігі. Өнеркәсіптік революцияға
дейін, ХІХ ғасырдың басына дейін Шығыс елдері Еуропаға дайын тауарлар
экспортқа шығарды. Олар медикаменттер, кофе, қант, шай, жұқа мақта
маталарын, кашемир, жібек, т.б. тауарлар әкелді.
Батыс пен салыстырғанда Шығыс елдері азық-түлікпен, әсіресе нанмен жақсы
қамтамасыз етілген еді. Мысалы: Сулейманның (1520-1566) Ибрахим паша, Вена
елшісіне мақтанышпен былай деген–жалғыз Осман империясы-ның жоғарғы
Месопатамия жерлерінің барлығымен салыстырғанда жоғары сапалы және көп
бидай өндірді. Алжирде нанның бағасы 4-5 есе Испаниямен (Филип ІІ)
салыстырғанда арзан болды.
XVI ғасырда Шығыстың көптеген елдерінде экономикалық өрлеу байқалды,
ол демографиялық өсумен бірқатар жүрді. Халық өсуі Азияда – 35% жету
жағдайы бірқалыпты болды. Осман империясының Балқан провинцияның шаруашылық
жағдайы XVI ғ. жақсы, ал XVII ғасырда Батыс елдеріне қарағанда едәуір жақсы
болған.
Шығыс пен салыстырғанда Еуропа кедей және артта қалған болып көрінді.
Әсіресе материалдық өндіріс дәрежесі төмен болды. 1500 жылы Батыс елдерінде
(Еуропаның католиктік елдері) 68 млн. халқы болса, ол 16% (дүние жүзі
халқының) құрады. Еуропа (Ресейсіз) дүние жүзілік өнеркәсіптің 18% құрады,
ал әрбір тұрғынға шаққанда Шығыс елдеріне аз келген.
Еуропаның халқының өсуі XVI ғасырда– 25% жетсе де, ол Азия
көрсеткішінен төмен еді. Тек қана Оңтүстік Еуропа елдері, әсіресе Испания
мен Италия Шығыс елдерімен тең болды. Осы елдерге Франция, Англия Еуропаның
солтүстік-батысындағы басқа елдері кейіннен көтерілді. Оған және де
дамуының әлсіздігіне, бірқалыпты болмауына қарамастан, Батыс дүние жүзілік
оқиғаларға ықпалы зор болды. Ол ықпалының көрсеткіші дүние жүзілік
тарихтағы ролі Еуропа халықтарының санына, байлығына, т.б. материалдық
өмірдің дәрежесіне сәйкес келмеді және байланысты болмады. Батыстың ролі
адам факторына, адам мәдениетіне-батыс өркениетінің ерекшеліктеріне
байланысты болды.
Ол жаңа өркениет Батыста Х-ХІ ғғ. Антикалық дәстүрлер мен батыс
христиан (католиктік) шіркеу ілімінің негізінде қалыптасты. Оның негізінде
еркін адам, өзіндік тәуелсіз индивид, жеке құқы және артықшылықтары бар.
Батыс пен салыстырғанда Шығыста–тұлғалық бастама, жеке мүдделер қоғамдық
мүдделерден жоғары тұрды. Көптеген техникалық жаңалықтар Шығыстан шыққан
мен Батыста ол әрі қарай дамып жаңа ашылымдарға импульс болды. Барлығы
өзгеріске ұшырады–саясат, философия, қаржы, өнер, технология. Ол өзгерістер
Батыстың өзіндік рухани атмосферасының көрсетекіші болды.
Батыс пен Шығыстың өзіне тән өркениет болды. Жаңа заман қарсаңында –
Қытай-конфуциалдық, провославиелік, жапондық, ламаистік өркениеттер шамамен
дамудың бар сатысында болды. Бұл мәдени–тарихи қоғамдардан бірқатар
өркениеттер артта қалды, олардың дамуы тоқтап қалды. Тойнби А. анықтамасы
бойынша ремелтік, өркениеттер, полинезия-лық, эскимостық т.б. Сібір
өркениеттері, ыдырау дәрежесінде еді.
Жаңа заманға дейін олар неометтік мәдениет дәрежесінде тоқтап қалып,
әлеуметтік институт, дамыған діні де болмады. Халқының санының аздығынан
(1500 жылы Сібірде 200 мың еді) олардың территориясы бос кеңістік, басқа
халықтардың ойынша, ешқандай өркениеттік өмір болмады.
XVI ғ. басында дүние жүзінің әсіресе халқы көп, әрі бай бөлігі Қытай
т.б. қытай-конфуциалдік өркениет елдері болды. (Корея, Вьетнам). 1500 жылы
мұнда 106 млн. адам өмір сүрді – ол жер шарының халқының – 22,3%. Бұл Қиыр
Шығыстың өркениет І мың жылдықта көне Қытайдың әлеуметтік-мәдени мұрасы мен
Конфуций (б.з.д. 551-479) ілімі негізінде қалыптасқан.
Конфуциалдықтың ең жоғары әлеуметтік құндылығы мемлекет болып
саналады. Мемлекет қоғам мен адам өмірін реттеу қажет еді. Қытай
конфуциалдік өркениет халқаралық өмірдің негізі (шешуші) оқиғаларынан шетте
қалды.
Жапон өркениеті мүлдем басқаша сипатқа ие болды. Ол көп нәрсені
Қытайдан алды–жазу жүйесін, материалдық мәдениетінің көп бөлігін. Жапон
өркениеті ІХ-ХІ ғғ. пайда болды.
1500 жылы халқының саны 17 млн. адам -4% (жер шары). Синтоизм
негізінде қалыптасты. (малаяна буддизм өте зор ықпал етті). Буддизм VI ғ
асырдың ортасында Жапонияға кіріп, ал ІХ ғасырда мемлекеттік дінге айналды.
Қытай конфуцилік қоғаммен салыстырғанда ол басқа елдердің жаңалығын өз
еленде енгізіп отырды.
Жапония Шығыстың жалғыз мемлекеті – самурай мен княздер (даймё)
сословиелері бар. Ол Еуропа дворяндығының жақын аналігі Даймё мен
самурайлардың ақсүйектер секілді артықшылықтары болды. Олардың мо-ральді
кодекстері болды – бусидо (жауынгер долы).
Дворяндардың, сословиелік құқық пен артықшылықтың болуы, және еркін
қалалардың болуы, сауда-қолөнершілік цехтардың, өзіндік шаруашылығының
болуы Жапонияның әлеуметтік құрылысының Батыс Еуропаға ұқсайтындығын
көрсетіп, дзэн-буддизм ХІІІғасырда Нитирэн ілімінің (1212-1282 жж), ал XVI
ғасырдың соңында католиктік діннің жеңіске жетуіне жағдай жасады. Олар
болса жапон қоғамына өте зор ықпал етті. XIV-XVI ғасырларда экономика мен
мәдениеттің өрлеуінің нитирэн мен дзэн-буддизм (ерекше синто-буддистік )
кең тарағнымен байланыстырады. Елдің халқының саны 9,7 млн. – 1300, 1600
жж. – 22 млн. өсті. Мұндай көрсеткіш ХІХ ғасырдың басына дейін ешбір
мемлекетте болмады. Тек ғана христиандарды қуғындау, елдің шабылуы,
Токугава режимінің орнауы (1603-1868 жж) қытай тәртібіне бағытталған, жапон
қоғамының дамуын уақытша тоқтатып, халықарылық өмірден шығарып тастады.
Қиыр Шығыс өркениетінің толық қарама-қарсы ұлы үндіс өркениеті. Ол
бүкіл Үнді субконтинентін, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен қамтыды. 1500 жылы
онда 116 млн. адам өмір сүрді де ол 24,1% құрады. Ол өркениет І
мыңжылдықтың ортасында көне үнді-ариилік өркениет негізінде қалыптас-ты. Ол
оның қалыптасуындағы шешуші рөлді тарихшылардың ойы бойынша Шанкара (788-
820) ілімі атқарды. Ұлы ойшыл ведантаның діни-философиялық жүйесін қайта
қарап, оған әмбебаптық сипат берді. Оның негізінде Үндістанның әр түрлі
халықтарының діні мен дәстүрлерінің синтезі жасалды. Көне культтер
негізінде үнді құдайларының пантеоны қалыптасты – Шива, Вишну, оның
авторлары Рама және Кришна, Дурга, Кали т.б.
Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің өркениеттің байланысы өте
зор. І мыңжылдықтың басында бұл регионның мемлекеттері индиани-зацияға
ұшырады. Олар діни культтардан басқа үнді әдет-ғұрыптарын, материалды
мәдениеттің элементтерін, ал ең бастысы – жазу мен мемлекеттік жүйесін
алған болатын. Буддизмнің өзі оңтүстік, үнді формасында қабылданды (хинаяна
немесе тхеравада – ақсақалдар билігі), махаяна Үндістанның солтүстігінде
кең тарады.
Жаңа заман қарсаңында тхераваданың діни-мәдени орталығы Ланха
(Цейлон) боды. Үндістанда будизм жоғалып кеткеннен кейін ол ерте буддизмнің
тазалығын сақтаушы ретінде қалды. ХІІІ ғасырдан бастап хинаяналық буддизм
Бирма, шан, тай халықтары, Камбоджа, Малайя, Зонд архипелагының батысында
халқытық дінге айналды. Соңғы ортағасырлық мемлекеттер укотаи (1238-1438
жж), ютил (1350-1569жж), Маджапахит (1293-1528 жж) – мемлекеттік дінге
айналды.
Махаяна – солтүстік Үндістанда қалыптасты бірінші ғасырларды Орта
Азияға тарап, онан Қытай, Корея, Жапонияға енді. Ол кейінрек буддизм
Непалмен Тибетте пайда болды да, VIII ғ. ваджраяна түрінде бекітілді – ал
осы діндегі үшінші бағыт, І мыңжылдықтың ортасында пайда болған.
Махаяна мен ваджараяна біртұтас діни ілім болмаған, онда көптеген
мектептермен, бағыттар болды. Олардың әр қайсысы Қытай, Жапония т.б. Қиыр
Шығыс елдерінің рухани дамуына өз үлесін қосты.
Ламаизм – буддизмнің ерекше түрі, орта ғасырлық Тибетте пайда болған.
Оның негізін салушы Цзонкхапа деген буддалық монах (1357-1419), ол гэлукпа
ілімінің негізін салды. Этикалық нормалармен ритуалдарды ұстануға
бағытталған. Ол әр адамнан өз ұстазына бағынуды талап етті. Ол жаңа дін
болды Сары бас киімдеріне байланысты сары қалпақты - буддизмнің ескі
Тибеттік мектебі.
Ламаизмнің діни орталығы Яхаса – тибет астанасы, далай-лана
резиденциясы да болды. Тибет тілі лама шіркеуінің қасиетті тілі статусына
ие болды. Оны Монголияда да т.б. сары дін иелері де зерттеді, оқыды. Бұл
өзі ерекше мәдени, тарихи ригион болды. Оның өркениетіне индо-буддалық,
көне ирандық ықпал байқалды.
1500 ж. ламаистік мемлекеттер халқының саны 3,6 млн. адам болды –
0,8%, аздығына қарамастан тез арада дін кең тарай бастады–буряттар,
ойраттар, қалмақ, урянхайлықтар мен манчжурлар қабылдады. Ламаизм
экспансиясы Қытай мен Ресей шекарасында тоқтады. 1581 жылы Ермак Сібір
хандығын жаулап алып, орыстарға шығысқа қарай жол ашып, 1637 жылы олар
Тынық мұхит жағалауына шықты. Сонымен ламаизм Орта Азия мен шектесіп,
жергілікті сипатқа ие болды.
Дүние жүзілік оқиғалар ортасында – ислам мен батыс христиан дінінің
қарама-қайшылығы пайда болған күннен бастап кең тарады. Ислам ілімі қоғам
мен мемлекет сипатына ықпал етті. Ерекше мәдени тарихи тип ретінде ислам
өркениеті ХІ-ХІІІ ғғ. қалыптасты. Ол иран-түркі мен араб елдерінің
дәстүрлер негізінде қалыптасты. Діни орталығы Мекка, жаңа заман қарсаңында
мәдени-саяси орталығы Каир қаласы болды да, мамлюктер сұлтанаты құлағаннан
кейін 1517 жылы Стамбул, Осман империясының астанасына айналды. XVI ғ.
басында тағы да екі үлкен мұсылман империясы пайда болды: Сефевидтер
державасы, Ұлы Моғолдар империясы, үш үлкен державаға көптеген мұсылман
мемлекеттері қосылды Азия, Африка, Шығыс Еуропада орналасқан Ислам
өркениетінің ареалында 1500 жылы – 47,5 млн. адам (11,2%), ал Поволжье,
Үндістан, оңтүстік-шығыс Азия мұсылмандарын қоссақ оданда көп. Ислам қоғамы
теократиялық, авторитарлық сипатқа ие болды.
Жаңа заман қарсаңында мұсылман ойы оның діни философиялық жүйе ретінде
жоғары тұрғандығын үнемі айтып келді. Жаңа заман қарсаңында ислам өз
позицияларын кеңейтті, екі жолмен:
1) миссионерлік қызмет – сауда;
2) қасиетті соғыс (газават, джихад).
Бұл процесс жаңа заман қарсаңында Таяу Шығыс, Солтүстік Африканың араб
елдерінде, Иран, Орта Азияда аяқталды. Бұл жерде ХІ-ХІІІ ғасырдан бастап
мұсылмандар басым еді, XV ғасырда осындай жағдай Кіші Азия, Африканың
кейбір елдерінде байқалды. Мұсылман дүниесінің кеңеюі табысты болды.
Әсіресе Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азияда: Малакка сұлтанатының құрылуы
(1414), мұсылман қауымының Үндіқытайда өсуі, Суматрада–ачех сұлтандарының
билігінің күшеюі, Маджапахит державасының құлауы (1528) – Явада, Малука
аралында (1486) мұсылман мемлекеттерінің құрылуы, Ней аралында (Жаңа Гвинея
маңында), Калимантанда, Сулу архипелагында, оңтүстік Филипинде (Минданао
аралында), Сулавеси (1605), Ұлы Моғолдар империясының құрылуы (1526) – Дели
сұлтанантының мұрагері, Ваджанаягара (1565) талқандалуы-Үндістандағы ең ірі
үндіс мемлекеті – ислам позициясын нығайтты. XVIІ ғасырдың соңында Үндістан
(оңтүстігінен басқа) бүкіл ислам қол астында болды.
Ислам алдында одан да кең мүмкіндіктер Еуропа мен Африкада ашылды.
1453 жылы Осман түріктері Константинополь қаласын алып, оны жаңа халифат,
өз империясының астанасы етті. Оның құрамына бұрынғы Византия жерлері: Кіші
Азия, балқан түбегі кірді. XVI ғасырда оған араб әлемі елдері, Мароккодан
басқасы кірді. Ол империяның оңтүстік шекарасында африкандық сұлтанаттар
өсіп, нығайды: Марокко, Сонгай, Кауина, Кано, Борну, Дорфур, Фунг, Адал.
Экватордан оңтүстікке қарай – Шығыс Африка ірі орталықтары Момбас,
Занзибар, Клва, Мозамбик, Софал. Бүкіл қара континеті (Конго мен Гвинея
бас. оңт. басқа) ислам биледі. Оған қоса транссахара саудасы, Ұлы Жібек
Жолы, Үнді мұхит бас. сауда коммуникациялары Мадагаскардан Қытайға дейін
мұсылмандар қолында болды.
Жаңа заман қарсаңында ислам дүниежүзілік үстемдікке талапкер болды.
1526 жылы Панипат маңындағы шайқаспен бірге (Үндістанды Бабыр жаулап алды)
қатар Махач (Виегрия) шайқасы болды – түріктерге батысқа қарай жол ашты.
1529 жылы Вена түбіндегі жеңіліске қарамастан мұсылман жаулап алу қаупі
сақталды. Әскери-техникалық жағында ислам Еуропадан қалған жоқ. Түріктерде
дүние жүзіндегі ең күшті артеллерия, әскер, флот, ол 1571 жылы Жерорта
теңізімен Шығыс Атлантика суларында үстемдік етті.
Өркениет жанжалын көпшілік крест пен ай жанжалы деп түсінді. Батыс -
елдер блогі басында – Италия, Испания, Бургундия, Нидерланды, Австрия,
Чехия т.б. мемлекеттер, жалпы халқының саны – 33,5 млн. адам (1500 ж.)
Шығыста біртұтас мұсылман елдері Жерорта теңізінің – 32 млн. XVI ғ.
ортасында әр біржақ 150 мың жауынгер бірнеше жүз әскери кемелер шығарылатын
еді. Бұл екі лагердің күресін ішкі қарама-қайшылықтарды шиеленістірді.
Батыста реформация және адам кейінгі ұзаққа созылған діни соғыстар
1534 -1648 жж., еуропалық өркениетті қиын жағдайға ұшыратты (тіпті жойып
жәберуге дейін алып келді). Мұсылмандар лагерінің бөлінуі құтқарды.
Сефевидтер шииттік державасының құрылуы – олар өздерін суниттік исламға
қарсы қойды, одан кейінгі иран-түрік соғыстары, үзіліспен 1514-1639 жж.
дейін созылды, Шелал бірлігі 1596-1658 жж. түріктердің басқыншылығын
тоқтатты. Түріктер Еуропаны жаулап алуды уақытша тоқтатып, ал кейіннен
мүлдем бас тартты. XVI ғасырдан (1581 ж.) бастап стратегиялық теңдік
орнады, бір ғасырдан кейін Батыс пайдасына өзгерді, ол күрестің аяқталуы
Колумб экспедициясының 1492 жылы Американы ашуы. Батыс өз үстемдігін
теңіздерде, Атлант пен Үнді мұхит бассейінде орнатты. Ал осы жермен
мұсылмандардың көп ең жолдары өткен еді. 1498 жылы португалдықтар Үндістан
жағалауына келді де, 1509 жылы Диз шайқасында Египет флотын талқандап Үнді
мұхит акваториясында өз бақылауын орнатты, 1514 жылы – Қытайға, 1542 жылы
Жапонияға келді. Еуропалықтар-дың Шығыстағы жағдайды өзгертті. Оның
тарихында жаңа кезең басталды. Бүкіл дәстүрлі құндылықтар мен саяси
приориттер өзгерді.
Африка тарихын зерттеуде Қара Африка деген геосаяси ұғымға Солтүстік
Африкада орналасқан Египет, Судан, Ливия, Алжир, Тунис, Марокко, Мавритания
және ХХ ғ.басында ресми тәуелсіз танылған Оңтүстік Африка Республикасы,
Эфиопия, Либерия мемлекеттері кірмейтін. Қара Африканың 90,4% Англия,
Франция, Германия, Италия, Белгия, Португалия, Испания елдеріне қарасты
болған. I дүниежүзілік соғыстан кейін Германия отарлары өзара бөліске
салынды 38 % және 77 мил.халқы бар жерлер Ұлыбританияға қараса, 43% және
51 мил.халқы бар жерлер Францияға қарады. 1910 жылы Француздық
экваториалдық Африка әкімшілік орталығы құрылды. Оған Габон, Чад,
Француздық Конго және Убанги –Шари кірді. Замбези өзенінің Оңтүстігіне
қарай Ағылшын отар жерлері Кения, Уганда, Занзибар және Солтүстік Родезия
кіретін. Орталық Африкада Белгияға қарасты Конго (Киншассе) Руанда және
Бурунди орталық аймақтары қараған болатын. Африканың Тропикалық аймағы
Солтүстіктегі 200 –шы белдеуден Оңтүстіктегі 200 –шы белдеу аралығын
қамтиды. Соғыстан кейінгі Азиядағы бірнеше мемлекеттің тәуелсіздік алуы
Еуропа отаршыларының одан ары қанау басталды. Екінші дүниежүзілік соғысы
жылдарында Африка Еуропа елдері үшін ең маңызды шикізат және азық-түлік
орталығына айналғанын барлығымыз білеміз. Соғыс біткеннен кейін әлеуметтік
езгі одан әрі күшейді. Батыс Еуропа елдерінің басшылары ешқандай жеңілдік
жасамайтынын мәлімдеді.
Осы тәуелсіздікке жету жолындағы күрестер әр мемлекетте әр түрлі жүрді.
Бір елде партизандық соғыс жүргізілсе, екінші бір елде ереуілдермен
шектелді. Африкадағы нақты айтсақ тропикалық және Орталық Африкада ұл
–азаттық қозғалыстың үш кезеңі бейбіт кезең деп айтуға болады. Өйткені
Африка халқы отарлаушыларға қарсы күрес ретінде ереуілдер демонстарциялар,
митингтер өткізді және отар басшыларына сұраныс-питициаларын жіберумен
шектелді. Бірақ та кейбір елдерде қарулы көтеріліске ұласып жатқан оқиғалар
да бар.
Тікелей отарлық басқару жүйесінің басқа түрі де болды.г кейбірт
Африкандықтарға метрополияның (отарлаушы елдің) тең құқылы азаматы болуына
жол ашылды. Алайда мұндай азаматтықты кез-келгені ала-алмады. Мысалы, 1912
жылы натурализация заңына сәйкес кез-келген адам Француздық батыс
Африкада туылса, Франция үкіметіне немесе мемлекеттік мекемеде 10 жылдан
астам жұмыс атқарса, француз тілінде оқу-жазуды білсе, өмір сүруге керекті
қаражаты болса азаматтығын алатын. Осы шарттарға сәйкес келсе Француз
империясының тұрғыны болып есептелді. Осындай шарттарды Партугалдық
отарлаушы әкімшілік жүйе қойды. Реми түрде тағы халықтан өркениетті халық
қатарына өту үшін ақшасы бар болуы шарт. 30 жылдардың соңына қарай Француз
отарларында Қара нәсілді Европалықтар 80 мың болса, ал Партугалдықтарды
шамамен 26 мың болды. Жанама басқару жүйесінің тікелей басқару жүйесінен
бір айырмашылығы болды. Мұнда отарлық шеңберінде отарлауға дейінгі дәстүрлі
мемлекеттік және тайпалық бірлестіктері атқарушы билігін атқарды. Енді олар
өздеріне ғана жұмыс істемей, отарлық әкімшілікке жұмыс істей бастады.
Олардың нұсқауларын және айтқандарын бұлжытпай орындады. Жергілікті
атқарушы билікті басшыларына, дәстүрлі түрде ақсүйектерге лауазымдарын
қалдырды. Бұндай басшы отарлық әкімшілік алдында бір оқыс тірлік жасамаса,
өмір бойы басқара беретін. Африкандық басшылардың жұмыстарын Ағылшын
тәжінің атынан шығарылған үш заңға сәйкес атқарылды. Олар: туземдік
басқарушылар, туземдік соттар, түземдік табыс деген заңдар.
1907 жылы біріні мәрте туземдік басқарушылар жөнінде заң Нигерияға
қабылданды. Кейін келе Ағылшын отаршылардың барлығына таратылды. Осы заңға
сйәкес жергілікті халықтар үстінен билікті Африкандық баслылар ресми
мойындалды. Тайпа көсемдері метрополия жағынан қолдау алдау алды. Соның
есебінен отарлық жүйеге жұмыс істеуге міндеттелді. Жергілікті басшыны
ауыстыру, билігін бекіту немесе тоқтату құқы губернаторға берілді.
Жергілікті әкімшілікке берілген жерде қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікті
бақылау жүктелді. Сонымен қатар жолдардың, базалардың, қоғамдық ғимараттар
мен Европалық шенеуніктер тұратын қонақ үйлер мен арнайы салынған үйлерді
бақылау міндеті жүктелді. 1913 жылы түземдік соттар заңы шықты. Осы заңға
сәйкес соттың құзыры шектеліп, барлық Африкандық сот жүйесін Ағылшын
шенеуніктері қатаң бақылап отырды.
Ағылшын резиденті жергілікті соттың төреғасын, оның орынбасарын және
соттың кез-келген мүшесін қоюға немесе ауыстыруға құқылы еді. Ағылшын
отарлық жүйесінің әкімшілігі Африка халықтарынан бұлжытпай жиналатын
тікелей салыққа ерекше көңіл бөлді. Ал бұл салықты жинау жергілікті билік
орындарына жүктелді. 1904 жылы қабылданған түземдік табыс заңына сәйкес
Ағылшын отарларында жергілікті қазына жинау қоры әкімшілікті қаржыландырды.
Тропикалық Африкадағы Британ иеліктерінің жоғарғы билігі Ағылшын тәжінің
өкілдері губернаторлардың қол астына шоғырланды. Оларға бекітілген
жұмыстарды отарлық секретариаттар атқарды. Секретариаттар мен губернаторлар
қаржыны бақылап, темір жолдардың салынуын, телеграфтардың жұмысын және ең
бастысы әскери күштерді басқарды. Сонымен қатар елдегі минералдық ресурстар
және өкілдегі бағалы шикізаттарды зерттеу мәселесін қадағалады.
Жанама бақылаудың сыртқы көрінісі Африкандықтарға Африкандықтар арқылы
жүзеге асыру болды. Отарлауға дейінгі саяси ұйымдар мен дәстүрлі билік
жүйесі, Бельгия отарларында түгелдей қиратылды. Бельгия отарлаушы-лары
Конголықтар дың тек құқықтарын ғана емес, жеке өмірлеріне де араласып
шектеулер қойды. Олардың осы саясаттарына Бельгиялықтардың қойған
тұжырымдары себеп боолды. Патернализм немесе әкелік басқару осы
саясатты Африка халықтарына жүргізуге тырысты. ХIХ ғ.басындағы отарлық
саясат корольдік сарайда шенеуніктерді және құл саудагерлерін байыта түсті.
ХХ ғ.басында Африканы отар етіп бөлуі, Европалық ддержавалардың өндіріс
және экономика саласындағы буржуазиялық таптардың іс-қимылдары еді. Отарлық
саясат негізінен екі мақсатты көздеді, Европалық қоғамның экономикалық
қажеттігін қанағаттандыру және құрлықты Европалықтардың мекен жайын
айналдыру. Ағылшын иеліктерінде тау-кен өндірісін дамыту қолға алынды.
Ағылшын кен орындары мен зауыттарында кедейленген Африкандықтар жұмыс
істеді. Отарлық әкімшілік экспортқа шығаратын өнімдер шығаруға бағытталды.
Европалық плантаторларға ең құнарлы жерлерде жер берілді. Африкандық
шаруалар өз жерлерінен айырылып, құнарсыз және таулы жерлерге резерваттарға
айналды. Барлық Европа елдері Европалық қоныстанушыларға өте мықты жағдай
жасап Африка халқын соларға жұмыс істеуге итемеледі. Франция отарларында
Африкандықтардың еңбегі арқылы немесе олар шығарған өнімдерді өте арзан
бағамен сатып алып, экспортқа шығару кең етек алды алды. Франциялық сауда
компаниялары өнімінің бағасын өздері қойды. Олар ауыл шаруашылық өнімінен
экспортқа жер жаңғақ, пальма майын, каучук және ағаш шығарды. Компаниялар
барлық жерде мықты дамыған сауда жерлерін орнықтырып өз қолдарында ұстады.
Тауардың көптеп экспортқа шығарылуы жергілікті халық үшін кейбір
тауарлардың жетіспеушілігін туғызды. Француздық әкімшілік жүйесі Африка
халқын күштеп экспорттық тауарларды өндірушілік жүктеді. Француздық
отарларда ауыр жұмыстар, азық-түліктің жетіспеушілігі, қанаулар нәтижесінде
көп адам шығынға әкелді. Мысалы Француздық Конгода 1900 жылы 12 мил. халық
өмір сүрсе, 1912 жылы 3 мил.ғана қалды. Одан бөлек инфроструктура салу
–темір жол, порттар, комуналдық құрылыстар халықтың күшімен, мемлекеттік
қаржыға салынды. Күштеп жұмыс істету Француздық президенттің декретімен
заңдастырылған болатын.
Француздық Батыс Африкада 1918 жылға таман Африкандық-тардың қолымен
2652 км. темір жол салынды. Бельгияның отары тәуелсіз Конго мемлекеті (ТКМ)
1885 жылы құрылған болатын. Бельгияның корольі II Леопольд басшысы болып
жарияланды. ТКМ –ң 101 бөлігі корольдің жеке меншігі болды. Елдің 50% -ын
жеке меншік компанияларға таратып берді. ТКМ-дағы көптеген компаниялар
мемлекет қазынасына көп ақша құйды. Өйткені отарлардың барлық жері
мемлекеттік Бельгияның жері еді.1908 жылы ТКМ –ы Бельгиялық Конго отарына
айналдырды. Отаршылдардың қанауының күшейюі, күшке көнбегендерді жазалау
науқанының нәтижесінде жергілікті халықты ауыл шаруашылық жұмыстардан
күштеп әкетіп, каучук өнімін теруге және тасуға мәжбүрледі.
Бельгиялықтардың айуандықпен аралықта халық саны 2 есеге азайып 20
миллионнан 10 миллионға азайды.Африкандық халық маңдайына біткен
жағдайлардымойындап отармады. Африканы түгелдей отарлағанымен көп жылдар
бойы барлық жерлерде шаруалар көтерілісі орын алып тұрды. Мысалы, Нигерия
мен Камерунда I д.ж.с.-қа дейін созылды. Ал Мұхаммед бин Абдулла бастаған
Сомали халқы тәуелсіздік үшін күресті 20 жыл бойы жүргізді. Мұхаммед бин
Абдулла тентек молда деген лақап атқа ие болған. Германдық Шығыс
Африкадағы көтерілісте көтерілістердің 120 мыңы қырылды. Осындай ұлт
–азаттық көтерілістер 1904 жылы Мадагаскарда, 1906 жылы Оңтүстік Африкада
болды. Алғашқы тәуелсіздік алу идеологиясының негізін қалаған Африка
зиялыларының бірінші буындары шенеуніктер, дінба-сылар еді. Олар әр-түрлі
жолдармен Европалық білімді игерген болатын. Оларды бірінші Африкандық
ағартушылар дейді, бірақ олардың арасында отаршылар жағына өткендер де
болды.
Африкандық ұлтжандылардың негізін қалыптастырғандар дінбасы Самуэль
Кроутер, дәрігер Джэйлес Хортер, Либерияның сыртқы істер министрі Эдворд
Уилмот Бланден еді. Осы кісілер Африка халықтарын бірігіп, ұйымдасуына
шақырды. Құқықтарын талап етіп, өзін-өзі басқаруға, мәдени мұрасының
сақталуына, афрохристандық шіркеулерінің құрылуына шақырды. I д.ж.соғыста
соғысушы Европа елдері соғысқа қажет шикізат пен азық-түлікті соғыс
жағдайындағы кезеңге сәйкес көбейтуге тырысты. Соғсы шығындарының барлығы
отар елдердің мойнына ілінді. Сонымен қатар Африкандықтардан құралған
армиялар жүк тасу, окоп қазу, көпір салу және т.б.жұмыстарға күштеп
жұмылдырылды. Астықты барынша алуы, салықтардың көбеюі нәтижесінде халық
арасында отаршыларға қарсы қозғалыстар, қарулы көтерілістер орын алып
тұрды. 1915 жылы Неоселендтегі көтеріліс 100 мың көтерілісшілерді құрбан
етті. Соғыс жылдарынан кейін күнкөрістің қиындауы, қанау және нәсілдік
кемсітушіліктің күшеюі, Африка отарларында наразылықтардың жаңа үрдістері
орын алып тұрды.
Көп жерлерде аш халықтың көтерілістері, жұмысшылардың ереуілдері,
қарсылық демонстрациялар, үкімет билігіне мойынсынбау сияқты іс-әрекеттер
көбейді. 20 жылдардың басынан Африканың қарсылық көрсеткен күштері,
жұмысшылар, шаруалар, ұсақ буржуазия, ұлт зиялылары және дінбасылар
көтерілістің ұйымдасқан түріне көшеді. II д.ж.с.кезінде Тропикалық Африкада
аз да болса оқыған ақсүйектердің арасында саяси партиялар құрыла бастады.
Қара Африкада отаршылыққа қарсы алғашқы ұйым О.А.О.-да Оңтүстік Африкалық
ұлттық көнгірестің құрылуы еді. 1920 жылы Британияның төрт отары құрамында
Британдық Батыс Африкада ұлттық конгресс құрылды.
Шығыс және Орталық Африкада Африка халықтарынан құрылған ассосациялар
мен ұйымдар жұмыс істей бастады. Осы ассосациялар мен ұйымдар отарлық
жүйеге қарсы немесе жою керек деп шықпады, олар отарлық тәртіптің
жеңілдетілуін, салықтың азаюын, тұрғылықты халық білім беру жүйесіне
тартылсын деген сияқты талаптар қойды. Осы алғашқы партиялар II д.ж.с-тан
кейінгі жаппай отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстардың негізін
салушылар еді. II д.ж.с. арасында Африкандықтар мен Европа халықтарының
демократиялық ортасымен, Азиядағы ұлт–азаттық қозғалыстармен, кеңестік
Ресеймен байланыс орнатты. Әсіресе Африкандық жұмысшылар мен зиялылар 20-
360 жж негр жұмысшылардың халықаралық комитеттерімен жақсы қарым-қатынас
орнатты. Бұл комитет АҚШ, Канада, Батыс Индия және Африка отарларының
афроамерикандық және негр жұмысшыларын біріктірді. Осы жылдардағы азаттық
қозғалыстардың идеясының дамуына үлкен әсер берген Панафриканизмнің өріс
алуы болды. Бірінші Панафрикандық конференция Лондонда 1900 жылы өтті.
Алайда қозғалыс ретінде ұйымдастыру 1919 жылы 1–ші бас қосу конгресінде
жинақталып бітті. Панафрикандықтардың конгрестері 1921ж, 1923ж, 1927ж. және
1945ж өтті. II д.ж.с.аралығындағы уақытта Панафриканизм негроафрикандық
нәсілдегі халықтар-дың, қанауға қарсы бірлесе күресуге бағытталды.
Панафрикандық қозғалыстың негізгі басшылығын Американдық және Вест
–Индиялық негр жұмысшылары атқарды. Панафрикандық қозғалысттың негізін
салушы және идеялық дем беруші доктор Уилиям Дюбуа (1868-1963жж) болды.
Уилиям Дюбуа негроафри-кандықтардың тарихи кітаптарының авторы және АҚШ-
тағы афро-американдық қозғалыстардың белгілі қоолбасшысы еді.Алғашқы төрт
конгрестің шешімдері айтарлықтай дүрбеленді көтермеді, себебі, қозғалыс
негізгі мақсаттарын айқындамады. өз жағдыйларын жақсартатын саяси
қимылдардың бағдарламасы анықталмаған болатын. Жалпы айтқанда
Панафриканизм істен гөрі идея ғана еді. Бүкіл әлемге отарлық қанау мен
нәсілдік кемсітушілікке қарсы екенін жария етті.Отаршылыққа қарсы
бағытталған қозғалыстың жаңа түрлері пайда болды, діни-саяси және афро-
хрестиандық қозғалыстар. Афро-христиандық шіркеулер мен секталар алғашқыда
Оңтүстік африкада, кейін Бельгиялық Конгоға өтіп, Батыс Африка мен Орталық
Африкада кең етек ала бастады.
Афро-христиандық қозғалыс ХІХ ғ. 80ж. пайда болған, оның алғаш пайда
болуы, Еворпалық хрестиандық миссиялардың отрлауға үлес қосқандығы үшін
еді. Афро-христиандық шіркеулер мен секталар Европалық христиандардың нағыз
мұсылман екендіктерінен күмәнмен қарады. Олардың ойынша Исаның сөзін ұмытып
нәсілшілдер мен қанаушыға айналып кетті. 20 жылдары діни-саяси қоөғалыс
Бельгиялық Конго мен оған қарасты жерлерінде шыға бастайды. Христиандық
сектаның басшысы Симон Кимбанго ең атақтысы еді. Оның уағыздарында Африка
халқының құдай таңдағаны жайлы Кимбанго мен оның уағыздары тек
Конголықтардың арасында ғана емес, басқа да Африка халықтарының арасында
әйгілі болды. Кимбангоның діни ұстанушылары оны пайғамбар және құтқарушы
ретінде қарады. Оның ілімін тыңдауға мыңдаған шаруалар, жұмысшылар және
қалалықтар жиналатын. Стихиялық түрде пайда болған Кимбангигизм ілімі діни
бетперде алып, отаршыларға қарсы шаруалар қозғалысына айналып кетті.
1921 жылы оның жақтастары бүкіл Конгода кең етек алды. Кимбангизм
іліміндегілер зайырлы отаршылар мен Европалық христиандық миссионерлерге
қарсы шықты. Олардың ұраны Конго-Конголдықтарға болды. Алғашқыда
отаршылық басқару жүйесіне қарсылықтар стихиялы және әлсіз болды. Олардың
қарсылықтары салық төлеуден бас тарту, жұмыстарды тоқтату, азық-түлік
фермаларындағы жұмыстардың тоқтатылуымен шектелді. Алайда, осындай
кішігірім наразылықтар үлкен қарулы көтерілістерге ұласа бастады. Әрине бұл
көтерілістер отаршылар тарапынан басылып, жаншылып отырды
Афро-христиандық қозғалыстардың қалыптасуы нақты тарихи жағдайларға
байланысты еді. Кейбір жағдайларда діни ұйымдар саяси бетперде алса, екінші
жағынан саяси қозғалыстар дінді жабынды. Осының дәлелі ретінде Андри Гренар
Мацуа бастаған мацунаизм отаршылыққа қарсы саяси қозғалыстарды айта
аламыз. Француздық Экваториалдық Африкада өз ілімін жүргізе тұра,
отаршылардың тұрғылықты халқына саяси құқық беруіне, салықты төлемеуіне,
нәсілдік кемсітушілкке бейім заңдарды жою өз ілімін жүргізе тұра,
отаршылардың тұрғылықты халқына саяси құқық беруіне, салықты төлемеуіне,
нәсілдік кемсітушілкке бейім заңдарды жоюға үгіт насихатжүргізді. Мацуаны
пайғамбар ретінде көріп, оның міндетін құтқарушы деп санады. Африканың
Ислам діні кең тараған аудандарында әр түрлі мұсылмандық ұйымдар мен
қозғалыстар құрылады. Олардың негізгі ұстанымы таза ілімді қайта жаңғырту
және дұрыс емес діндегі адамдардың билігін мойындамау.
Африкада ІІ д.ж.с.жылдарында Сахара шөлінің Оңтүстігіне қарай белсенді
соғыс қимылдары жүргізілмеді. Тек Эфиопия, Эретрия және Сомалиде ғана соғыс
қимылдары жүрді. 1940 ж тамыз айына қарай Италияның әскери жасақтары
Британдық Сомали Кенияны және Суданның кейбір аудандарын басып алды. Алайда
Эфиопиялықтардың әскери азаттық қозғалыстарының күшеюі бір жағынан Кения
мен Судан халықтарының Ағылшындықтарға көмек беруі, екіншіден, әскерлерін
150 мыңға жеткізгеннен кейін Британ әскери басшылығы әскери қимылдарын
бастады. Мықты шабуылдың арқасында 25 ақпанда Сомалидің астанасы
Могодимоны, 1 сәуірде Эретрияның ең басты қаласы Амаруды Итальяндықтардан
азат етті. 6 сәуір күні Эфиопиялық партизандардың көмегімен Аддес-Абебуны
басып алды. 20 мамырда Шығыс Итальяндық армия күлталқан етіліп тізе бүкті.
Осыдан кейін Британ басшылығы осы жердегі әскери күшті соғыс болып жатқан
басқа жерлерге жіберді. Метрополияның күштеуімен армияға шақырылған 100
мыңдаған адам Солтүстік Африка, Батыс Европа, Таяу Шығыс, Бирма мен Малая
да соғысуға мәжбүр болды. Жарты милионға жуық Африкандықтар әскери көмекші
бөлімдерде қызмет етті.
Француздық Африкандық иеліктеріндегі соғыстарда жеңілуі, осы жерлерде
Германия құрған Виши үкіметі мен мойынсұмбағандар арасында қарулы
қақтығыстар орын алып тұрды. Нәтижесінде генерал Деголь жеңіп шықты. 1944
жылы қаңтар, ақпан айларында Браззавильді Африкадағы Француз отарларының
соғысының кейінгі статусы жайында конференция өтті. Осы кездесуде
тұрғылықты халықтың өкілдерінен басқару билігін сайлау үшін барлығына
бірдей құқық беру және қоғамдық өмірді демократияландыру мәселесі қаралды.
Алайда Браззавилде қаралған бұл декларацияға Француз комитеті қол қоюға
асықпады .
Соғыс жылдарында Европалық мемлекеттер Африкандық-тарды пайдалану
мәселесінде екі бағыт ұстанды. Бір жағынан Гитлерлік одақпен күресу кезінде
Африкандық адам ресурсын барынша пайдалану, екінші жағынан тұрғылықты
халықтың қолына заманауи қаруға жолатуға қорықты. Көбінесе оларды көлік
айдаушы, керуенші және саперлық бригадаларда ұстады. Европалықтар құрған
орталық армияларда нәсілдік кемсітушілік жиі орын алып тұрды. Соның ішінде
бұл іс-әрекеттер Ағылшын әскерлерінде көбірек байқалды. Соғыс жылдарында
метрополиялардың беделінің түсуі нақты айтқанда 1941-1942 жж Европа мен
Африкадағы жеңілістері, екінші жағынан 1941 ж тамызда Англия мен АҚШ
үкіметтері Атлантик хартиясына қол қоюы және фашизмге қарсы соғыста
Кеңестік одақтың негізгі ролінің басым болуы Африка аумағында отаршылыққа
қарсы көзқарастар көбейе түсті. Әлеуметтік –саяси және экономикалық
өзгерістер метрополия мен отар арасында бітпес шиеленіске апарды. Соғыс
жылдарында ұлт-азаттық қозғалыстардың құрылуы, соғыстан кейінгі жылдарда
беделі төмендеген отаршыларға қарсы күрестердің жандануына әкелді.
1945 ж Манчестер (Англи) қаласына Ү Панафрикандық конгресс жұмысын бастады.
Бұл конгрестің жұмысы тарихи кезеңге сай келді. Европалық қозғалыстарда
фашизмнің жеңілуі, Азияда алғашқы тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы,
осының барлығы Африкандық кандидаттарға үміттенуге негіз болды. Осы
конгрессте жұмысшы кәсіподақтарының басшылары, ауыл шаруашылық өкілдері,
ұлтшыл интеллигенция, соғысқа қатысқан солдаттар қатысты. 200-ден астам
делегат баяндама оқып, нақты отаршыларға қарсы іс-қимылдар көзделгені
айтылды. Осы конгресте халықтың революциялық толқуларына қолдау көрсету
керек деп, маңызды төрт резолюция қабылданды: отар державаларына қарсы
үндеу, отар елдеріндегі жұмысшылар, шаруалар және зиялыларға үндеу, БҰҰ-
на меморандум. Үндеу текстінде барлық отар халықтарына елдің және бүкіл
Африканың тәуелсіздігі үшін күреске ұйымдасуға және күрес барысында қолдан
келетін барлық нәрсе жасауға, керек болса, қарулы соғысқа дайын болуға
шақырды. Ү Панафрикандық конгрес Африка халықтарының отаршыл-дыққа қарсы
күресінде нақты талап қоюға және бағдарлама құруына көмектесті. ІІ д.ж.с-
тың аяқталуы, іс-жүзінде Африканың саяси картасын өзгертпеді. Алайда отар
экономикасының дамуы нәтижесінде Африкандық буржуазия мен жұмысшылар қатары
ұлғая түсті. Ауыл тұрғындарының көптеп қалаға шоғырлануы тайпалық
ақсүйектер билігінің төмендеуіне апарды. Соғыс жылдарында Африка Батыс
елдері мен АҚШ үшін азық-түлік және шикізат базасына айналған. Соғыс
жылдарында соғыс шығынан Африка халықтарына жүктеу арқылы өз экономикаларын
құлдыратпай ұстауға тырысты. 1941 жылға Атлантик хартиясының саяси
басқаруының таңдауы болды, деген уәдесін Англия орындамады. Унистон
Черчель, Жоғарғы мәртебелінің 1-ші министрі болып, Британ империясын
күйрету үшін тағайындалған жоқпын деп мәлімдеді.
Одан кейін келген К.Этли либералистік паритяның атынан Черчельдің сөзін
қуаттап, хартияның мәтіні Африка халқына арналмаған деп мәлімдеді. Француз
отарларындағы губернаторлар да өзін-өзі басқару және автономия алу мәселені
бүгін, ертең немесе болашақта да берілуі мүмкін емес екендігін айтты.
Африка халықтарының отаршыларға қарсы күресі әр түрлі формада
жүргізілді. Стихиялық және ұйымдасқан, бейбіт және қарулы көтерілістер.
Күрестің түрі, әдісі және мүмкіншілігі Африка Халықтарының қоғамдық
және әлеуметтік дамуына, этникалық және ұлттық ерекшеліктеріне дәстүрлі
өмір қоғамына әлеуметтік таптарына және отарлық басқару жүйесіне қарай әр
түрлі болды. ал соғыстан кейінгі жылдарда Қара Африкадағы ұлт-азаттық
қозғалыстар-дың бәсеңдеуіне Африканың жан-жақты артта қалуы әсер етті.
Сонымен қатар Азияға қарағанда Африкада көп ғасырлық Европалық құл саудасы
және капитаоистік экономикалық жүйеге толық кіруі, бұл жердегі ұлт-азаттық
қозғалыстар созылмалы әрі кезеңімен жүргізді.
Қара Африкадағы ұлт-азаттық қозғалысты үш кезеңге бөле аламыз:
1) 40-50 жж. – Салыстырмалы түрде бейбіт кезең. Бұл кезеңде Африка халқы
ереуілде, демонстрациялар, митингілер жасаумен шектелді.
2) 50 ж соңы мен 60 ж ортасы –бұл кезеңде отаршылыққа қарсы күрестің өз
шыңына жету кезеңі. Осы уақытта көптеген Африка елдері тәуелсіздік
алды.
3) 60ж ортасы мен 80 ж соңы –бұл уақытта Африка халқы Португалия
отарларында және Оңтүстіктегі нәсілдік кемсітушілікке қарсы қарулы,
партизандық күреспен сипатталады.
Соғыс біткен жылдарда барлық елдерде саяси ұйымдар көптеген ашылды.
Алайда кейбір отарларда тұрғылықты халықтың саяси істерге араласуына қатаң
тыйым салынды. Осындай жерлерде мәдени ағартушылық ұйымдар ашылды, осы
ұйымдарды жамылып саяси іс-әрекеттер жасады.
Белсенді мықты күшке кәсіподақтар басқарған жұмысшы қозғалыстарға
айнала бастады. Осы одақтар азаттық қозғалыстар шешуші күшке айналды. 1942
ж Нигерияда кәсіподақтардың конгресі құрылды. 1945 ж мемлекет тарихында
алғашқы мәрте бүкіл елді қамтыған ереуіл өткізді. Отардың бүкіл өнеркәсіп
жұмысын бірнеше күнге түгелдей тоқтатты. 1949 ж ФБА және ФЭА –да жұмысшы
ұйымдар құрылды. 1947 ж Даккар (Синегал) қаласында 19 отардан делегаттар
жиналып, бүкілафрикалық кәсіподақтар конгресін өткізді. Бұл конгресс
жұмысшылардың құқын қорғау, олардың жалақысын көбейтуді, жұмыс
орындарындағы жағдайларды жақсартуды талап ете отырып, отаршыларға қарсы
сипат ала бастады. Отарлы үкімет, бұл жұмысшы қозғалыстарына жаппай қуғын-
сүргін ұйымдастырды.
Соғыстан кейін метрополия наразылық көрсетулерге басып жаншу әдісінен
басқа, түрлі саяси айлакерліктер де жүргізе бастады.
Бұл соңғы жағдайда Африка халқына деген сүйіспеншіліктен емес, осы
кезеңдегі әлемдік жағдайға байланысты еді. Азиядағы ұлт –азаттық
қозғалыстардың шапшаң әрекеті арқылы Азиядағы отарлық жүйе ыдыраған
болатын. Сонымен қатар КСРО –ның халықаралық істерде беделі өсіп, сөзі де
өтімді болды. КСРО халықаралық істерде үзілді –кесілді отар елдердің
бостандық алуына ықпал жасады.Европалық елдерге АҚШ –та бәсекелес болып,
қарсы шыққан еді. Осы уақытта АҚШ отар елдердің экономикасына өз ткапиталын
енгізумен шұғылданды. БҰҰ –ның 73-ші бабында халықарлық ұйымға өздеріне
қарасты жерлердің әлеуметтік –экономикалық дамуына қандай үлес қосқанын
баяндауды талап етті. Алайда бұл баптарға, отар елдерге тәуелсіздік қанша
беріледі деген тармақ қосылмаған болатын.Ұзақ келісімдердің нәтижесінде БҰҰ-
ның уставаның 76-шы бабында өздерінің бақылауындағы аумақтарға болашақта
автономия немесе тәуелсіздік беретін пункт қосылды. Англия және Франция әр
түрлі іс-әрекеттер жасауға көшті. 1946 ж Францияда қабылданған
конституцияға сәйкес Француз одағы құрылды. Бірнеше елдер Францияның
депортаменті болып ресми айтылды. 1947 ж ФБА және ФЭА –да генерал-
губернатор жанында жергілікті халық сайланған кеңестік органдар құрылды.
Федерацияға кіретін теңіздің арғы жағындағы депортаменттер, жергілікті
басшы мен дербес үкімет құрылатын болды. Кез-келген Африкандық Француз
парламентіне депутат болуына құқық алды. Алайда Африкандық депутаттың 800
мың қолдаушысы болуы тиіс еді. Ал Европалық депутатты 80 мың адам қоолдау
керек болды. 1958 жылға дейінгі Француз парламентіндегі 618 депутаттың
Қара Африканың мүддесін қорғаған тек 21 Африкандық болды. 1958 ж үкімет
басына Шарл Деголь келгеннен кейін, жаңа конституция бойынша Афикандықтар
өз өкілдерін Француз парламентіне сайлайтын құқынан айрылды.
Жаңа Конституция бойынша Африкадағы барлық отар Республика статусын
алып, ал Француз одағы деген мемлекет Франко-Африкандық достығының құрылуы
және республиканың өмірге келуі іс-жүзіндегі отар елдердің метрополоияға
экономикалық және саяси бағыныштылығын жаба алмады. Осындай кеңшіліктер
беру арқылы ұлт-азаттық қозғалысты басамын деген Франция үкіметі қатты
қателесті. Коституцияның ішінде әр отар референдум арқылы достастықтың
құрамында иә нмесе жоқ деген дауыс жинау арқылы саяси дамудың жолын
таңдауға құқылы болды. Бұндай іс-әрекетке ешкім бармайды деген ойына Гвенея
халқы қарсы қадам жасады. Гвенеядағы референдумда Францияға қарсы келіп,
1958 ж 2 қазанда Гвенея өзінің үкіметін құрып иФранко-Африкандық
достастығынан шығатындығын және суверендік мемлекет құрғандығын жариялады.
Франция өз жағынан Гвенеяға қарсы экономикалық санкциялар қолданды. Бұл іс-
әрекетімен ол бөлінген елді саяси дағдарысқа ұшырататынын көрсеттті. Алайда
Гвенеяның экономикалық қиындықтардан шығу үшін КСРО және Гана ақшалай
көмек берді.
Бельгиялық Конгода және метрополияға қарасты Руанда мен Урунди
аудандарында отаршылық билік басшыларының негізгі ұраны Жұмыс, Сайлау
құқығы емес, Жұмыс бағытында жүргізілді. Осы елдерде Африкандық партиялар
мен ұйымдардың құрылуына қарсы барлық іс-шаралар атқарылды. Отарлық
әкімшіліктер Африка халқын басу үшін соларға қызмет жасайтын тайпа
көсемдерін пайдаланды. Бельгиялық отарларда білім беру жүйесі христиандық
миссиоерлердің қолында еді.
Африкандықтарда жоғарғы білім жоқтың қасы еді, олардың тек аз ғана
бөлігі шіркеу семинарияларында оқитын. Соған қарамастан Конгода 1960 ж
қарағанда 113 әр түрлі саяси ұйымдар жұмыс атқарды.
Батыс Европа елдері отарлық жүйелерінің саяси дағдарысқа ұшырағанын
түсініп, буржуазия мен ақсүйектерден құралған партиялар мен ұйымдарға ресми
көмектесе бастады. Өздерінің тәрбиесінен өткен, айтқанынан шыға алмайтын
ұлт өкілдерінен саяси тұлғалар шығаруға тырысты.
Африкадағы ұлттық майдан қозғалысына қарсы, оларға бақталас болатын ұлт
өкілдерінен атқарушы билікке өкілдерін қойды. Сырт көзбен қарағанда
өкілдері билік басында отырды, ал азаттық қозғалыс ел ішіндегі азамат
соғысымен сипатталды.
Тәуелсіздік алу жолында Африкандықтардың бірден –бір ең үлкен
кемшілігі, зиялы қауымның аздығы, білім жүйесінен сырт қалуы және жоғарғы
білімді адамдардың болмауы. Мәселен Гвенея мемлекетінде 1958 ж тәуелсіздік
алған уақтында 3,5 мил. халықтың ішінен 29 адамы ғана жоғарғы оқу орнын
бітірген. Олардың ішінде не инженер, не экономист, не тау кен маманы болды.

Африканың белсенді 70 % халқы әріп танымады, балалардың 50% 1 жылдық
мектепке бара алмады. Екінші жағынан, азаттық қозғалыстардың
орталықтанбауы, әр түрлі ұлттардың және тайпалардың бірін –бірі
мойынсынбауы және олардың дәстүрі Африкандық егемендік деген терминдерден
жоғары тұрды. Қара Африкада 50 ұлт, 3000 бір –біріне бағынбайтын тайпа және
1,5 тіл бар болатын. Осы мәселелер тәуелсіздікке деген күресте мықты
тежегіш қызметін атқарды.
ІІ д.ж.с-тың аяқталуы, іс-жүзінде Африканың саяси картасын өзгертпеді.
Алайда отар экономикасының дамуы нәтижесінде Африкандық буржуазия мен
жұмысшылар қатары ұлғая түсті. Ауыл тұрғындарының көптеп қалаға шоғырлануы
тайпалық ақсүйектер билігінің төмендеуіне апарды. Соғыс жылдарында Африка
Батыс елдері мен АҚШ үшін азық-түлік және шикізат базасына айналған. Соғыс
жылдарында соғыс шығынан Африка халықтарына жүктеу арқылы өз экономикаларын
құлдыратпай ұстауға тырысты. 1941 жылға Атлантик хартиясының саяси
басқаруының таңдауы болды, деген уәдесін Англия орындамады. Унистон
Черчель, Жоғарғы мәртебелінің 1-ші министрі болып, Британ империясын
күйрету үшін тағайындалған жоқпын деп мәлімдеді.
Одан кейін келген К.Этли либералистік паритяның атынан Черчельдің сөзін
қуаттап, хартияның мәтіні Африка халқына арналмаған деп мәлімдеді. Француз
отарларындағы губернаторлар да өзін-өзі басқару және автономия алу мәселені
бүгін, ертең немесе болашақта да берілуі мүмкін емес екендігін айтты.
Африка халықтарының отаршыларға қарсы күресі әр түрлі формада жүргізілді.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Алаев Л.Б. Формационные черты феодалимзма и Восток. – Народы Азии и
Африки. М.,1987, №3
Бролиев Ф. Материальная цивилизация: экономика и капитализм, XV-XVIII вв.
Т. 1-3. – М.,1992
Васиельев Л.С. История Востока. Т.1,2. М.,1994
Васиельев Л.С. История религии Востока. М.,1988
Қосымша әдебиеттер:
Васиельев Л.С. Что такое азиатский способ производства? Народы Азии и
Африки. – М.,1988, №3
Восток в новое время: экономика , государственный строй. – М.,1991
Восток-Запад. Исследования. Переводы. Публикации. Вып.1. М.,1982; Вып.2.
М.,1985; Вып.3. М.,1988; Вып.4. М.,1989;
Конрад Н.И. Запад-Восток. М.,1966
Мельянцев В.А. Восток и Запад во втором тысячелетии: экономика история и
современность. М.,1997
Московское востоковедение: очерки, исследования, разработки. М.,1997
Никифоров В.Н. Восток и всемирная история. М.,1975; 2-ое изд. М.,1977

Тақырып № 2. Цин династиясы билігіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық,
саяси жағдайы.

1. XVII ғасырдың ортасындағы Қытайдың саяси жағдайы.
2. Әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
3. Цин әулетінің сыртқы саясаты.

(1559-1626) маньчжурлар көсемі Нурхаци бірнеше тайпалардың басын
біріктіріп, саяси құрылымның негізін қалады. Шыңғыс хан (Темучин)
секілді ол басты назарды әскерге аударды. 1609 ж Нурхаци Мин Қытайға
алтын төлеуді тоқтатты. Одан кейін ол өзінің Цин династиясын жариялады
(Чжурчжэньдерден алынған), ал 1618 жылы Қытаймен қарулы соғысты
бастады. Нурхацидың ісін жалғастырушы Абахай (1626-1643 жж) өзін
император етіп жариялап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Этнология» пәнінен дәрістер
Шетел Азиясының халықтары
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Әлем журналистикасының тарихы
Тарихты оқыту әдістемесі
“Шетелдер тарихының тарихнамасы” пәнінің оқу-әдістемелік нұсқау
Журналистика пәнінен дәрістер
Түркі тілдес халықтардың ғұламалары
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Құқықтық жүйелер
Пәндер