Қазақ мақал-мәтелдерінің мән-мағыналары


Ақылсыздық туралы .
1. «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді»[1. 18б]
Автор бұл мақалды өз шығармасында шекара мәселесімен келген Бадымжап пен Демежан диалогы арқылы береді.
« Түбінде басы қататын біз емес, мына сен боласың, −деді ол мен қалмақтың жайы белгілі. Біз үшеуміз шекара қай арнаны басып өтсе де, әйтеуір соның шығыс жағында, Жуңго жерінде қаламыз. Ал мына сенің жағдайың не болады. Қазақ 2−ге бөлейін деп тұр ғой, Тегінде «екі кеменің құйрығын ұстаған Сауысқан сақтығынан өлмейді, сұқтығынан өледі”[1. 232б]
2. «Сауысқан соқтығынан өлмейді, сұқтығынан өледі»[1. 232б]
Демежан мен Көксеген ортаға алып, екі жақтап қысқан кезде, Байсерке ақыры шынын айтты. Көктемгі көші-қонның әлегінде жүрген Жұмықтың көш аттарын тиіп алып, бір түнде Мұрынға өткізіп жібергені рас екен. Соған қарағанда, Мұрынның ұрыларымен көптен байланысы бар секілді.
-Амал қанша, “сауысқан сақтығынан өлмейді, сұқтығынан өледі”деген осы!Жирен жорғаны жүрісіне қызығып, қолымда ұстап қалып едім. Тұтылған жерім осы болды, -Байсерке бармағын шайнады. .
3. “Ақымақ басқа адырайған көз бітеді ”[1. 315б] деп, осы сенің түріңнен шошушы ем. Неткен оңбаған едің?Осырақ қоңыздай нәжіс сөзіңмен бүкіл үйді былғадың-ау!-деп орнынан тұрып кетті.
4. “Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді . ”[1. 402б]
Қазақ ортасында ұлық бар және жылқыны ұрлағанда бірлеп-екілеп емес, жүздеп-елулеп бір-ақ айдайды дегенді естігенде, қытай адамдары жағасын ұстайды. Бұл алғаш үкірдай сайланғанда, Ши-амбының Демежанға айтқан үлкен өтініші де осы жөнінде болып еді.
-Басқасын көре жатармыз. Алдымен осы ұрлықты тыйшы. Ұрлық істеген адамға еш рақым болмасын- деп қатты тапсырған-ды.
- Енді, міне, “бір қарын майды бір құмалақ шірітеді” дегендей, Байсеркенің өзі-ақ бүкіл ел атына кір келтіріп бітті. Демежан қазір де көзге жетпесе де, мына жылқыдан Байсеркенің қолы таза емес екенін ішкі бір түйсікпен аңғарғандай болып еді.
- 5. “Бас ақымақ болса, аяқ босқа шаршамайды”[1. 587б]
Көксеген мен Таңғыт балдахананың ұзын жақтау ағаштарын иықтарына салып, ең алдағы қатар келе жатқан. Бір мезетте. Таңғыт танауының астынан мырс етіп күлді де:
Қудауында, “бас ақымақ болса, аяқ босқа шаршамайды”деген рас қой. Осыншама азапқа түсетіндей не басымызға күн туды екен?-деп қалды қасындағы серігіне. Көксеген де терісіне сыймас, мына қорлыққа зорға шыдап келе жатса керек, іле жауап қатты.
6. “Арыстан айға шауып мерт болыпты ”[1. 208б] Автор бұл мақад жоғарыдағы мәтінге байланысты қолданады.
Ал Демежан болса -әзірше тағдырдың бұйрығымен бас сауғалап жүрген осындағы көп қазақтың бір ғана “Арыстан айға шауып мерт болыпты”дегенің осы емес.
7. «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп жүріп, құлағынан айырылыпты »1. [1. 466. б]
Автор бұл мақалды жоғарыдағы мәтінге байланысты қолданады.
−Сен мені өйтіп қорқытпа, −деді Дохалдай кекете езу тартып. − «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп жүріп, құлағынан айырылыпты»дегенді де қазақ айтпап па еді. Өздерің тәп тәуір мақал шығарасыңдар да, соған құлақ аспайтындарың не?Шаңыраққа қараңдар ел кімдікі, жер кімдікі?Соны біліп барып сөйлемеңдер.
8. “Сойыл да сорлыға бұрын тиеді”[1. 124б]
Бұл күндері не істерін білмей, екі ұдай күйге түсіп, миы басына, басы тымағына сыймай, қиналып жүрген қазақ тіпті көп-ақ. Сондайлардың бірі- Диқанбай ауылы. Осы ғасырдың басында бірнеше үй Бұра әлдебір себеппен Қызылсу-Шардың бойынан ауа көшіп, жыла қона жүріп, ақыры осы Ақшоқының бөктерін мекен етіп қалған-ды. Шағын ғана дәулеті бар, аз үйлі бейнетқор қауым Шар бойындағы ала дәстүрімен, Ақшоқыныңм суына егін салып, былайғы іргелі рулардың ешқайсысына қосылмай, өз күндерін өздері көріп жатқан. Жапсардағы жатақ ауылға басқа жуан ауылдар көз аларта қоймай, талас-тартыста ара ағайын ретінде қаға беріс қала беретін. Алыс жайлауға шығаратын көп малдары болмағандықтан, қысы-жазы қыстауларының маңынан көп ұзамай артық астығы мен тоқты-торымын төбесі көрініп тұрған жақын қала Шәуешекке апарып сатып, керек жарағын алып тұратын-ды. “Сойыл да сорлыға бұрын тиеді”деген рас. Қырсық қылғанда, Тарбағатайдың жанынан, Ақшоқы тұсына келгенде түстікке бұрылып, Барлыққа қарай құлаған шекара сызығы, карта бойынша, дәл осы ауылдың үстіне өтетін болды.
БАТЫРЛЫҚ ТУРАЛЫ
1. «Көп қорқытады, терең батырады». [1. 62] Шекара жөнінде мәжілісте:
Үлкендер жағы: «рас−ау, осы біз неге жеңілдік?»дегендей, біразға дейін ешқайсысы жауап бере алмай, бөгеліп ғана басын көтеріп:
−Е, е, патшаның аты−патша Еженханның кәріне кім қарсы тұра алады? "Көп қорқытады, терең батырады"деді онша тереңдемей.
Батырлық туралы.
2. « Ұра берсе құдай да өледі»[ 1. 26] Жазушы бұл мақалдың мағынасын өзінің баяндауы арқылыяғи монолог арқылы береді.
Жергілікті қара халықтың ойынша да, Ши−амбы баяғы қолтық, қайырымды ұлық сияқты көрінетін. Ши−амбының өзі де бұрынғы ұлықтардың қателіктерін қайталамауға тырысушы еді. Шынында да, қара күштен, жөнсіз қаталдықтан не шықты. Ақыры ашынған халық атой салып атқа қонғанда, сол Хәтен−амбының өзі бас сауғалап қашуға мәжбүр болған жоқ 7−8жылдай өкметсіз қалып, мұндағы ел жүген−құрықсыз шу асауға айналды. «Ұра берсе құдай да өледі»дегендей, шындаса бостандықтан дәмін татып үлгерді.
3. “Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл”[ 1. 208б]
…Керімбайдың кіндігінен тараған өзге балалары Сағымжан, Сүйежан, Әбдірасылдар бір төбе. Күні ертең өзі олай-бұлай болып кетсе, орнын осы Демежан басатындығына сенеді. Біреқ бұл баласы құлешты тым кеңге тастап жүр. Ағайын арасынан ала ауыздығына мән бермей, исі қазақтың жарғысына түсіп, жоғын жоқтағысы келеді. Шамасына қарамай, азуы алты қарыс халдайлармен тіресетін ойы бар. “Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл”дегенді ескермейді. Әйтпесе, халдайлар кім?Бұл кім?Халдайлар- Еженханның сүйген құлы, осы өлкеге өз қолымен әкеліп отырғызған сенімді тір
4. “ Жаман да болса ұлың зор тусын ”[1. 258б]
…Демежанның көздегені де-әркімнің әр сайға жүрдім-бардым шашып тастаған, таздың шашындай ойдым-ойдым егіні емес, бүкіл халықтың осы кәсіпке тұтас ден қойып, бет бұруы емес пе еді. Ендеше бұл елдің жігіті мен саяғын жекелеп қуам деп сандалмай, үйірі мен тобымен қайыру керек екен-ау. -Мәселенки, менің өз басым қолғанатқа жарлы адам емеспін, -деді Бөке оның ойын бөліп. -Бірақ, керегі не, үш балам үш жерде байдың малын бағып, күн көріп жатқан жайы бар. “Жаман да болса ұлың зор тусын”деп, солардың үшеуі де өзіме тартқан, қара күш жағына ешкімнен сор емес.
5. “Бай бір жұттық, батыр -бір оқтық”[1. 264б ]
…Құдай көкірегіңе берсін. Тек, бір ғана айтарым:найза ұшына алдымен ілініп, оққа кеулеңді алдымен тосып, тым қызбаланып кетпе “Бай жұттық, батыр-бір оқтық”деген сөз бар. Өзіңді өзің сақта балам. Осы мансабы құрғырға да тым бой ұрып кетпеші. Мен шынымды айтайын, сол мансаптан ешбір рахат көргем жоқ.
. 6. “ Тоқпағы мықты болмай, киіз қазық өлерге кіреді”[1. 319б] .
- Иә, несін айтасын, Керімбай баласының бағы асып тұр екен, - деді Тыныбай қызғанышымен бірге сүйінішінде жасырмай. - Өмірі басы сәждеге тимеген кесіксіз Шихалдайдың өзі бата оқырға келіп отырса, ар жағын сөз етіп керегі не?
Төбесіндегі тоқпағы мықты боп тұр ғой. “Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді”дегенді естуің бар ма?-деп күлді Көксеген. 7. “ Жыланнан түк тартсаңда олжа”[1. 346б ]
…Демежан әлдене есіне түскендей қалт тұра қалып, қалтасынан етектей таңбалы қағаз суырып алды. Бұл -тау өзендерінен алатын екі тоған судың құжат-қағазы еді
8. “Бұтаға қорғалаған торғай да аман қалады”[1. 242] Демежан пар атты пәуескенің соңын ала, салт аттылардың қатарына келе жаткан. Жаз бойы ат арқасынан түспей, тау асып, тас басып жүріп, қатты қажып-шаршағанын енді аңғарып келеді. Бұл ауылдан аттанғанда, ел жайлауға жаңа беттеген шіліңгір шілденің басы еді. Енді, міне, қазан айы туып, салқын сары күз түсіпті. Осы уақыт ішінде мәртебелі ұлықтың жұмсауымен, мойнындағы қызмет-парызын өтеп, бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Қазір сонау солтүстікте мұнартып көрінген Тарбағатайдың жота-жонын, шыңшатқалын қоймай шарлап, екі ел арасына шекара сызығын тартыпты.
9. “Шешінген судан тайынбас”[1. 389б]
Ыңыраған, сызды дауысынан онша хош ала қоймағаны білініп тұр. Бірақ “шешінген судан тайынбас”дегендей, халдайларда да енді шегінбеске бел байлаған. Бұл жолы да Бахалдай алға түсіп, маньчжур, қытай тілдерін араластыра, бөгелмей сөйлеп кетті.
10. “Бас жарылса бөрік ішінде”[1. 400б]
…Дәл жылқы жоғалар алдында Байсеркенің біздің жаққа келгенін көрген адамдар бар. Айғақ-куәмыз дайын. Соққыға жығылған екі жылқышының бірі қазір әл үстінде жатыр.
“Бас жарылса бөрік ішінде”деп, енді соның аман қалуын тілеп отырмыз. Егер ол олай-бұлай боп кетсе, Байсерке ұры ғана емес, қанды мойын құны-керім болып шығады
11. “Ат жақсысын кермеден, ер жақсысын түрмеден көр”[1. 553б]
Бөке Демежанға:
Басыма мұндай іс түсті деп тым жасып кетпе, Демежан шырағым. “Ат жақсысын кермеден, ер жақсысын түрмеден көр”- депті бұрынғы аталарымыз. Бәлкім, болашақты болжағаннан айтылған сөз шығар. Қашау қапас, айдау-сүргін дегеніміз өзіңдей ер-азаматтың ғана басына түседі. Жалғызбын, жалқымын деп ойлама, артыңда тілеуіңді тілеген қалың бұқара халқың бар. Солар Абдыра даласында өскен дәмді аузына салған сайын, өзіңді алғыспен еске алады.
12. “Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады”[1. 411б]
Автор бұл мақалды жоғарыдағы мәтінге байланысты қолданады. Байсеркенің жауабы да қысқа болды.
“Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады”деп, бәрін жиылып қалмақпен қоса шауып отырған жоқсыңдар ма. Қалқан болар халқың, ақтап алар ағайының болмаса, жалғыз жанды жалдамағанда не істеймін?Болсын. Тәуекел!-деді ол да қасарысып. .
13. “Көз қорқақ қол батыр» Ауыл адамдары көңілді. Дәл ілгерінде −жолда тоған. Сол тоғанда ұзақ жыл бойы қол жетпес арман боп келген Абдырайдың суы сылдырап ағып жатыр. Бұдан үлкен қуаныш бола ма? Көз қорқақ қол батыр деген осы. Бір кезде ен далаға егін салып, оған өзен арнасынан су апару деген көшпенді жұртқа қияметтей қиын көрінуші еді. Ол да, міне, қолдан келетін, үйреншікті іске айналды.
14. «Жалғыз баласы атқа шапса, шешесі үйінде отырып тақымын қысады». [1. 504б]
−Алыста жүрсеңде асылдың сынығы−арысымызсың. «Жалғыз баласы атқа шапса, шешесі үйінде отырып тақымын қысады»демекші, сыртыңнан атақ−абыройыңды естіп, тілеулес боп отырмыз. Сені нағашы жұртыңда қақпай көріп, бірдеңеден тарығып жүр демеймін. Бірақ артыңда ата−жұртың қалың Керей барын ұмытпа.
15. «Өз өлтірмейді, жат жарылқамайды»
«Кісі елінде ұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол». [1. 506б]
−Батыр бітімді, кең кесе жүзді, бұр күнде шар тартып қалған, қайтпас қайсар Көбен осылардың бәрін тұтанған ызамен баяндай келіп, Демежанға бұрылды да;
− «Өз өлтірмейді, жат жарылқамайды», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»−дейді қазақ. Ауылдағының аузы сасық деп, біз сені ұлтан қыла қоймаспыз. Төреге қиған төрімізді саған қимаймыз ба?Қашанғы шетте жүре бересін, өз ортамызға бір оралсайшы.
16. “Қоянды қамыс өлтіреді” [1. 598б ] Автор бұл мақалды монолог арқалы береді.
…Басын көтермек ниетімен сәл-пәл қозғалып еді, астындағы қамыс үймегі түгел сылдырлап қоя берді. Демежан селк ете қалған. “Қоянды қамыс өлтіреді”деген осы екен ғой. Өзінің сол қылығына намыстанғандай орнына ұшып түре келді. Бақшаның іші жым-жырт, аула жақтан да тырс еткен дыбыс естілмейді. Маяның үстінде тұла бойымен көрініс беріп, сорайып сәл тұлды да өзінің қазіргі хәліне налығандай орнына қайта отыра кетті.
17. “Еркек тоқты- құрбандық”[1. 590б] . Осының бәрін оймен шалып өткен Демежан түн жамылып, жасырып келген достарын көп ұстамай, қайтарып жіберді.
- Шыдайық жігіттер. Бәрінің қызыққаны менің басым екен гой. “Еркек тоқты - құрбандық”деп, ол басқа бәйге тілгені қашан. Неде болса ұлықтың хабарын күтейік. Бәлкім, біз шошитындай қатерлі ештеме бола қоймас, -деген-ді.
.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ
1. «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас»[1. 66]
Керімбай Демежанға:−Ертеңгі Отыншының асына бізбен бірге сенің де барып қайтөаның дұрыс шығар, −деді баласына барлай қарап . Ел көресің, жер көресің. Асқа әр ұлыстың игі жақсылары түгел жиналады, солармен танысасың. Бұл астың тағы бір қажет жағы болып тұр. Ел мен ел бөлінгелі жатқанда бізбен басқа жұрттың ауқымы қалай екен, соны білуіміз керек «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас»дейді ғой.
2. «Ақыл −жастан, асыл−тастан»[1. 74]
Кенжеғұлдың биі Ежебай Демежанға:− «Ақыл қызметінде, Ши−амбының оң қолы боп жүрген, көзі ашық жігітіміз−өзіңсің. Ендігісін сен айтшы.
3. «Көппен көрген −ұлы той »[1. 90] Дәл жүретін күні Керімбай баласын оңаша шақырып алып, екеуара кеңес құрған.
−Сонымен, не істейміз балам?Әнеукүні өзің жеткізген Ши−амбының сәлеміне нендей жауап қайтарамыз?Анада Сымайыл зәңгі айтқан бәтуалы сөзге тоқтаймыз ба, жоқ әлде басқа да тығырықтан жол бар ма?−деді Демежанның жүзіне барлай қарап.
Осы сұрақтардың бәріне әке жаубы дайын болса да, баласының не ойлағанын өз аузынан естігісі келетіндей. Енді іркілудің орны жоқ. Демежан өз ойын ашық айтты:
−Әй, сол кәрі зәңгі салған соқпақтан өзге даңғыл жолды менен де көріп отырғам жоқ−ау, −деді сәл ойланып қалып. −Бұл жалғыз Құлыстайдағы өз ауылл Төртуыл ғана емес, Алтай, Еренқабырға, Іле бойын мекендейтін күллі қазақтың басына түсіп тұрған сын ғой. Бүкіл Жоңғарияда жүз мыңдаған қазақ жасайды. «Коппен көрген −ұлы той». Тағдырдың маңдайға жазғанын сол елмен бірге көреміз де.
4. “ Қанына тартпағанның қары сынсын . ”[1. 108-109б] Құрман қажы екі жақтан шыққан комиссия құрамында кімдердің бар екендігін және бүгінгі қонаққа кім келіп, кімдердің келмей қалғанын жете біліп отырған сияқты. Төрдегі кісілерге жағалай көз салып өтті де:-Іштеріңде Еженханның ішкеріден арнайы жіберген төресі-сұң ба, сұм ба біреу бар деп еді, ол неге келмей қалды?-деді мұртының астынан жымия күліп қойып. - Қанына тартпағанның қары сынсын деп ол да халдайлардың кегін қуып, жоғын жоқтап жүр-ау, шамасы. Қырық жылғы кегін ұмытпайтын, өте қатты халық қой бұлар.
5. «Елегім ауса көнегіме мінем»[1. 90]
Керімбай:Құреке, шекара жайындағы жаңалықты естіп жатқан шығарсың. Тарбағатайдыңжонынан тапса тиегендей сызық тартылып, еліміз екіге бөлінейін деп тұр ғой. Сіздің не білген ойыңыз бар?Аттың басын екі патшаның қайсысына бұрасың?−деді құдасының жүзіне барлай көз салып.
Қажы біразға дейін тіл қатпай, ойланып қалды. Қаптал шапанының қалтасынан күміс шытыралы мүйіз шақшасын алып, көкбұйра насыбайды астыңғы ерінге тастп жіберді де, соның уыты шымырлап бойға жайылған шамада, баяу үн қатты.
−Ана жылғы оқиғаны өзің білесің. Халдайлар қабырғасын қаусатқан ақ найзаның ұшын әлі ұмытты дейсің бе. Құрман қажыны білмесе де «Қоңыз батырды»ұмытар ма?!Соған қарағанда, Еженхан мен менің басым бір қазанға сыя қоймас. Біз сол өзіміздің ата−қонысымызда қалатын шығармыз−деді қысқа қайырып
− Бір бес күндік тірлік қой, қайда жүрсек те аман болайық.
«Елегім ауса көнегіме мінем»дегендей, бәлкім, осылай екі жаққа бөліне тұрғанымыз да жөн шығар.
6. “. У ішсең руыңмен ”[1. 123б]
Қазақ қауымында ауыл дегенің жай сырты көрініс қана, оның ар жағында жігі бөлінбейтін тұтас бір ру жатады. “У ішсең руыңмен” деп, әр ауыл өз тайпасымен бірге болғысы келеді. Көшпелі елдің тұрмыс-салтында жер жеке едемның меншігі емес, ру меншігі.
7. “Үлкен үйдікі- ортақ, кіші үйдікі- бұлтақ”[1. 220б]
Осылайша, жайлау тірлігі қыза түсіп, қайғы мен қуаныш кезек алмасып жатқан бір күндері Демежан ауылына жан-жақтан қонақтар келе бастады. Қазақта “Үлкен үйдікі -ортақ, кіші үйдікі- бұлтақ”деген сөз бар. Әлде сол сөзге жүгінгені ме, немаса бұл ауылды біреу мойындаса, біреулер әлі мойындамай жүр ме, әйтеуір алыстан келген сый кісілер де, ауыл арасының қымыз аңдыған қыдырмашылары да көбінесе Керімбайдың өз ауылына ошарылып, бұл жаққа бұрын ат басын бұры бермейтінді.
“Ит сорлысы көш басшысына ереді”деп, сонша сардалғанда елге салған олжасы не?не таптым не көрдім стыра бастаған. Маншың әкімдерін бірде менсінсе, бірде менсінбей, Ақ патша мен Еженханның құзырына кезек ауытқып, екі ортада бұлғақтап жүретін баяғы зман өтті. “Тас түскен жеріне ауыр”. Бұдан былай Ши-амбыны шырғаламаса, жергілікті ұлықтардың тілін таппаса тағы болмайды
…Өзін-өзі өлтіру- Маншың чиновниктерінің арасында император сарайынан бастап, шеткері аймаққа дейін жалпыласқан жазалардың бірі . Жоғарыдан сондай үкім шыққан екен, одан бас тартатын ешкім болмайды. Жазықты кісі у ішіп, не өзін-өзі асып өлтіруі керек. Мына байғұс осындай бір қауып боларын алдын-ала сезген екен ғой. Демежаннан көмек сұрап, қолтығына кіріп паналаған себебі сол екен. “Бұтаға қорғалаған торғай да аман қалады”демеуші ме еді?Сонда мұның жансыз бұта құрлы болмағаны ма?
8. “Көп ит бір жақ, көк ит бір жақ”[1. 422б]
Демежан да қазір Көктұйғынның құндыздай жылтыраған жонынан сипап, иттердің тісі батып кеткен жері жоқ па деп, өне бойын анықтап қарап жатқан-ды. Кенет ол тазының көзінен үркіген жасты байқады.
Байғұсым-ай, сені аналар әбден жалғыздаған екен-ау! “Көп ит бір жақ, көк ит бір жақ”деген осы екен ғой, -деді ол баяу күрсініп, -Бұл бишараға да өзінің нәсілдестері түп-түгел өш.
9. «Торғай жаңбыр жауса балапанын қорғайды, бұрмақ жауса басын қорғайды».
Бабалық бір сәтте үнсіз қалды. Іштей қабырғасы қайысып, қатты аяп отырғаны белгілі. Бір−екі рет Демежанның жүзіне барлай қарап алды да, өз басына келген тағы бір ойды айтты.
−Бұл елдің енді сізде қарызы жоқ. Білетін кісі болса, өгіздей−ақ өрге сүйредіңіз ғой. «Торғай жаңбыр жауса балапанын қорғайды, бұршақ жауса басын қорғайды»деген сөз бар. Осы халдайлардың да, тағы басқа ел жуандарының да сізге көп көріп, қимай жүргені−үкірдайлық болса, құрысын сол мансабын қызыққан біреуіне өткізіп беріп құтылмаймыз ба?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz