Қылмыс түсінігі



Кіріспе.

І.Негізгі бөлім.
Қылмыс түсінігі
1.1.Қылмыс құрамы, ұғымы мен мәні.
1.2.Қылмыс құрамының элементтері және белгілері.
ІІ.Қылмыс құрамының түрлері.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қылмыстың құрамы ұғымы (corpus delicti) ортағасырлық қылымыстық құқық ғылымында пайда болды және сол кезде тек іс-жүргізулік мағынасы болды. Қылыстың құрамы ұғымы материалдық құқықта тек 18 ғасырдың 19 ғасырдың басында Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі кейбір қылымыстарға байланысты енгізілді. Қылмыстың құрамы деп қылмыстық заңмен көрсетілген қылмыстың белгілерінің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы-бір қылмыстың заңға сәйкес қоғамға қауіпты әрекетті құрайтын және міндетті объективті және субъективті элементтерінің жиынтығы. Қылмыстық заңда «қылмыс құрамы» деген түсінік сирек пайдаланылады.
Қылмыстық заңда «қылмыс құрамы» ұғымы ҚР ҚК 3 бабында қарастырылған, онда қылмыстық жауапкерліктің бірден бірі негізі болып , қылмыс жасау, яғни Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет танылады делінген. Қылмыстың құрамына қылмыстық іс жүргізу заңы да осындай мағына береді. Бір қылмыс белгілерінің жиынтығы қылмыстың нақты құрамын құрайды.
Қылмыстың жалпы құрамы әр қылмыстың құрамындағы құрамды сипатайды, олардың да арасында айырмашылықтар болады. нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылықты дәлелдеуге маңызды роль алады, өйткені тұлғаның әрекетінде нақты қылмыстың құрамы болғанда ғана бір қылмыстың бар екендігіне, қылмыстық жауаптылыққа таратуға болатын әрекеттің орын алуын байқауға болады. Қылмыстың жалпы құрамы мұндай роль атқарады:
Қылмыстың құрамы әртүрлі түсініледі, яғни:
-қылмыстың заңнамалық модельі ретінде;
-ғылыми абстракция ретінде;
-нақты қылмыстың мазмұны, ядросы ретінде.
1.Қылмыстық құқық кітабы. Әбілезов. Е.Т.
2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
3.Қылмыстық құқық Ағыбаев. Н.А.
4.Д.В. Синёв Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы. 2003 г. (диссертация)

5. Б.Қ. Төлеубекова Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы 2000,

6.А.А. Рзаев Прекращение уголовного дела по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования: Уч.Пос.;Караганда, 1982.

7. С.А. Голунский. О прекращении уголовных дел 1937г

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе.

І.Негізгі бөлім.
Қылмыс түсінігі
1.1.Қылмыс құрамы, ұғымы мен мәні.
1.2.Қылмыс құрамының элементтері және белгілері.
ІІ.Қылмыс құрамының түрлері.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Қылмыстың құрамы ұғымы (corpus delicti) ортағасырлық қылымыстық құқық
ғылымында пайда болды және сол кезде тек іс-жүргізулік мағынасы болды.
Қылыстың құрамы ұғымы материалдық құқықта тек 18 ғасырдың 19 ғасырдың
басында Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі кейбір қылымыстарға
байланысты енгізілді. Қылмыстың құрамы деп қылмыстық заңмен көрсетілген
қылмыстың белгілерінің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы-бір қылмыстың заңға сәйкес қоғамға қауіпты әрекетті
құрайтын және міндетті объективті және субъективті элементтерінің жиынтығы.
Қылмыстық заңда қылмыс құрамы деген түсінік сирек пайдаланылады.
Қылмыстық заңда қылмыс құрамы ұғымы ҚР ҚК 3 бабында қарастырылған,
онда қылмыстық жауапкерліктің бірден бірі негізі болып , қылмыс жасау, яғни
Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет
танылады делінген. Қылмыстың құрамына қылмыстық іс жүргізу заңы да осындай
мағына береді. Бір қылмыс белгілерінің жиынтығы қылмыстың нақты құрамын
құрайды.
Қылмыстың жалпы құрамы әр қылмыстың құрамындағы құрамды сипатайды,
олардың да арасында айырмашылықтар болады. нақты қылмыстың құрамы қылмыстық
жауаптылықты дәлелдеуге маңызды роль алады, өйткені тұлғаның әрекетінде
нақты қылмыстың құрамы болғанда ғана бір қылмыстың бар екендігіне,
қылмыстық жауаптылыққа таратуға болатын әрекеттің орын алуын байқауға
болады. Қылмыстың жалпы құрамы мұндай роль атқарады:
Қылмыстың құрамы әртүрлі түсініледі, яғни:
-қылмыстың заңнамалық модельі ретінде;
-ғылыми абстракция ретінде;
-нақты қылмыстың мазмұны, ядросы ретінде.

Қылмыс түсінігі
Қылмыс – қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен
тиым салынған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Жеке
адамға қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян
келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс
болып танылмайды. Бұл анықтамада қылмыстың фориальды белгісіде
материалдық белгісіде қамтылады. Сондай-ақ айыптылық пен
жазаланушылық та қылмыстың қажетті белгісіне жатады. Адамның теріс
қылығы ғана қылмыс деп танылады. Сырттай көрініс таппаған қоғамдық
қауіп тудырмаған ой-пікір, ниет-пиғыл, қылмыс деп танылады. Іс-әрекет
екі нысанда көрініс табуы мүмкін, олар, әрекет немесе
әрекетсіздік. Әрекеттің қандайын қылмысқа жатқызу, қандайын
жатқызбау, әр мемлекеттің өз еркіндегі іс. Бір елде қылмыс ретінде
жазаланатын әрекет өзге мемлекетте қылмысқа жатпауы мүмкін. Мысалы,
ішімдік ішу не зинақорлық жасау – ер мен әйелдің некесіз жақындасуы
ислам мемлекеттерінде қылмыс ретінде жазаланса, батыс елдерінде, бұл
әрекеттер қылмысқа жатпайды. Тек әйел аламның еркінен тыс болған
жыныстық қатынас ғана қылмыс болып есептеледі. Ал ислам елдерінде
бұл әрекеттер ер мен әйелдің өз қалауымен іске асса да қылмыс
болып саналады. Айыптылық түріне қарай қасақана жасалған және
абайсызда жасалған қылмыс болады. Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінде көзделген іс -әрекеттің сипатына және
қоғамдық қауіптілік деңгейіне қарай жеңіл қылмыстарға, ауырлығы
орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға, ерекше ауыр қылмыстарға,
бөлінеді. Нысанына байланысты жеке адамға қарсы қылмыс, отбасына
және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс, адамның және
азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы
қылмыс, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс,
мемлекеттік , конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы
қылмыс, меншікке қарсы қылмыс, экономика қызмет саласындағы
қылмыс, комерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне
қарсы қылмыс, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс, және қоғамдық
тәртіпке қарсы қылмыс, адамның денсаулығына және адамгершілікке
қарсы қылмыс, экологиялық қылмыс, көліктегі қылмыс, мемлекеттік
қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс, басқару тәртібіне қарсы қылмыс,
сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыс,
әскери қылмыс түрлеріне ажыратылады. Қылмысы үшін айыпты Адам
лауазым иесі болса ал ол жасаған қоғамдық қауіпті әрекет оның
қызмет жағдайымен байланысты болса оны лауазымдық қылмыстар
дейді. Олар, лауазымдық өкілетті теріс пайдаланушылық, лауазымдық
өкілетті асыра пайдаланушылық, пара беру, пара алу, қызмет бабын
пайдаланып жалған құжат жасау, салдыр –салақтылық, т.б. Адамзат
өркениеті үшін ерекше қауіпті түрде халықаралық құқық қағидаттары
мен нормаларын бұзушылық халықаралық қылмыстарға жатады.
Халықаралық шарттарда көзделген, бірақ халықаралық қылмыстарға
жатпайтын қоғамдық қауіпті іс -әрекет халықаралық сипаттағы
қылмыстар деп аталады. Халықаралық қылмыстардан өзгеше түрде мұнда
қылмыс үшін мемлекет емес жеке адам ұлттық құқық бойынша жауапқа
тартылады. Халықаралық қатынастардың тұрақтылығына қарсы
қылмыстар, қаржы –экономикалық, қылмыстар, адамның жеке құқығына қол
сұғушылық ашық теңізде жасалатын қылмыстар халықаралық сипаттағы
әскери қылмыстар т.б. Қылмыс жасау, сонымен бірге, мораль нормасын
бұзу болып табылады. Кез –келген құқықтан гөрі моральдың реттеу
ауқымы кең, ол басқа ешбір құқық саласы реттемейтін махаббат,
достық, жанашырлық сияқты қасиеттерді, отбасы мүшелерінің өзара
қарым –қатынасын, ұстаз бен шәкірттің арасындағы қатынасты, т.б.
қамтиды. Мораль нормалары негізінен ауызша кейде жазбаша көрініс
табады. Алайда мораль нормаларын бұзушылық барлық уақытта бірдей
жауапқа тартыла бермейді.
Қылмыс дегеніміз –қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс.
Қылмыс –қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел көрінісі, ол
заң тиым салған, заңмен жазаланатын, әрекетті немесе әрекетсіз
өрескел қылықтар. Қылмыс жалпы алуан түрлі болып кездеседі.
Қылмыс – заң жүзінде танылған, қоғамға қауіпті іс -әрекет. Қылмыс
өзінің ерекше түрлерімен айқындалады, яғни қылмыстың да өзіне ғана
тән белгілері бар. Мұндай анықтама адам өмірінің денсаулығы мен
қадір – қасиетінің өзгеше қымбаттығынан, мемлекет мүддесінің бәрінен
де жоғары екендігінен туындайды. Қылмыс едәуір дәрежеде жеке бір
адамға қарсы жасалады. Қоғамның өзі жеке адамдардан құралатындықтан,
нақтылы бір адамға қарсы жасалған қылмыс қоғамға да қарсы жасалған
қастандық қылмыс болып есептеледі. Қылмыстың
басты бір белгісі қылмыс істеген қылмыскердің қабілеттігі болып
табылады. Қылмыс істеген кезінде он алты жасқа толған адам жауапқа
тартылады. Кейбір жағдайда өте ауыр қылмыс істеген он төрт жастағы
қылмыскер де жауапқа тартылады. Қылмыс әдейі, қасақана, немесе
байқаусызда жасалуы мүмкін. Әдейі жасалған қылмыс тікелей не жанама
түрде болады. Кейбір қылмыстар әдейі, қасақана жасалады. Мысалы,
мұндай қылмысқа ұрлық жасау, бұзақылық, т.б. жатады. Сондай –ақ,
қылмыс абайсызда, оқыстан да жасалады. Артындағы зардабын біле тұрып,
жасалатын қылмыстар да болады. Мұның барлығы адамның жеңіл
ойлылығынан, алды –артын ойламағандықтан да туындайды . Кейбір
қылмыстар салақтықтан, дүниеге, қоршаған ортаға қалай болса солай,
мән бермей қараушылықтан да туады. Адамдар әрқашан да өзіне,
басқаға да абаймен адамгершілік парасатпен қараса, қылмысты да
болмауы мүмкін. Егер адам мас қалпында қылмыс жасаса, онда ол
жауапкершіліктен босатылмайды. Мас болу дегеніміздің өзі – арақ,
есірткі, және де басқа жындандыратын заттарды пайдалану.
Қылмыстың тағы бір түрі – заң қылмыс деп танитын әрекеттілік
немесе әрекетсіздік .
Әрекет дегеніміз – заңды бұзушылық болып табылатын, адамға ашық
түрде қарсы шабуыл жасау, белсенді жағымсыз мінез – қылық . Егер
Адам мұны өз еркімен жасаса, ол қылмыс болып табылады .
Қылмыстың көпшілігі белсенді әрекетпен жасалады. Ал, әрекетсіз
қылмыс – заңда көрсетілген міндеттерді орындамау . Кейбір
қылмыстар , міне, осы жолмен жасалады .
Қылмыстық іс – қылмыс белгілері анықталған жағдайда заңда
белгіленген тәртіппен қозғалатын іс.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жүз
жетпіс жетінші бабына сәйкес қылмыстық істі қозғауға байланысты
себептер мен негіздер, азаматтардың арыздары, кінәсін мойындап
келуі, мемлекеттік органда лауазымды қызметтегі адамның немесе
ұйымда басқару міндеттерін атқарып отырған адамның хабарламасы,
бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар, лауазымды адамдардың
және қылмыстық істі қозғауға құқық берілген органдардың қылмыс
туралы мәліметтерді тікелей анықтауы . Қылмыс белгілерін көрсететін
жеткілікті деректер болған жағдайда ғана іс қозғалады.
Сот қылмыстық істі анықтау, алдын ала тергеу материалдары
немесе қылмыстық істің хаттамалық үлгідегі сотқа дейінгі
дайындық материалдары бойынша қарап, шешеді.
Қылмыстық іс жүргізу – анықтау, алдын ала тергеу, прокротура,
сот органдарының өзге де мемлекеттік, қоғамдық, лауазымды адамдар
мен азаматтардың қатысуы арқылы заңмен реттелген және құқықтық
қатынастар түрінде белгіленген қызметі .
Қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық іс қозғау, тергеу, сотта қарау,
және шешу, сондай –ақ үкімдерді ішінара орындау түрінде болады .
Қазақстанда Қылмыстық іс жүргізу Қазақстан Республикасының
Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша мынадай қағидаттарға
негізделеді , заңдылық, сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге
асыруы, жеке адамның абыройы мен қадір қасиетін қорғау,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке өміріне,
тұрғын үйге, меншікке қол сұқпау, судьялардың тәуелсіздігі,
сезіктінің, айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету,
жариялылық, қылмыстық сот ісінің мемлекеттік түрде жүргізілуі,
қажет болған жағдайда орыс тілі мен басқа да тілде жүргізілуін
қамтамасыз ету, іс жүргізу әрекеттері мен шешімдері жөнінде
шағымдану бостандығы. Қылмыстық істі қозғауда анықтау органы,
тергеуші, прокурор заңды себеп болған жағдайда іс жүргізуге
жеткілікті негіздің бар – жоғын анықтайды. Тек қылмыстық іс
қозғалғаннан кейін ғана жауап алу, беттестіру, тінту, басқа да
тергеу әрекеттерін жүргізуге болады. Алдын ала тергеу кезінде
прокурордың қадағалауымен анықтау және алдын ала тергеу
органдарының қылмыстың бар –жоғын, оларды жасаған адамдарды,
зиянның сипаты мен мөлшерін, өзге де мән – жайларды анықтау үшін
айғақтар жинау, тиянақтау, зерттеу қызметі жүзеге асырылады.
Алдын ала тергеу заңда көзделген негіздемелер болған жағдайда
істі қысқартумен немесе сотқа жіберумен аяқталады .
Егер соттың істі қарауына заңды кедергілер бар болса, онда
судья істі қосымша тергеу жүргізу үшін қайтаруға, іс
жүргізуді тоқтата тұруға, оны сот қарастылығы бойынша
талқылауға жолдауға немесе қысқартуға құқылы. Сот
талқылауында сот істі қарап, шешеді. Сот шығарған үкім не
өзге де шешім жөнінде іс жүргізуге мүдделі адамдардың
шағымдануы мүмкін немесе прокурордың жоғары тұрған сотқа
наразылық білдіруі мүмкін. Үкім күшіне енгеннен кейін
орындалады.
Қылмыстық іс жүргізу қызметін қылмыстық сот ісін жүргізу
деп те атайды, мұның өзі соттың қылмыстық істер бойынша
сот төрелігін жүзеге асыратын бірден – бір орган екенін
көрсетеді. Қылмыстық іс жүргізудің міндеті – қылмысты тез әрі
толық ашу, айыптыны әшкерелеу, заңды дұрыс қолдану.
Қылмыстық істерді біріктіру – бір қылмысқа не бір айыпталушыға
қатысты дербес қылмыстық істерді бір іске айналдыру. Бір оқиға
бойынша түрлі өкілетті органдар дербес қылмыстық іс қозғап, сотқа
дейінгі тергеуді бір мезгілде екі не бірнеше орган қатар
жүргізетін жәйттер бір қылмыс үшін бір адамды екі рет қылмыстық
жауапкершілікке тартпау қағидасын бұзуға апарып соғуы мүмкін. Оған
қоса бір оқиғаға қатысты істердің бөлек жүргізілуі қылмыс
көрінісін тұтастай қалпына келтіруге кедергі болып, сот төрелігінің
шындыққа жетуін қиындатады. Мұндай келеңсіздіктер қылмыстық
істерді бір іске біріктіру жолымен жойылады.
Қылмыстық істі жүргізуге қатысушылар – қылмыстық істі жүргізген
кезде өздерінің немесе өзгенің құқықтары мен мүдделерін қорғау
үшін қатыстырылатын адамдар мен ұйымдар , өкілетті лауазымды
адамдар, сондай –ақ іс барысында қосалқы қызмет көрсететін
адамдар мен органдар. Ал қылмыстық іс жүргізуге өкілетті лауазымды
адамдар , сот төрелігін жүзеге асырушы судья, қылмыстық ізге
түсу қызметін атқарушы әрі қылмыстық іс жүргізу заңдылығын
қадағалаушы прокурор, тергеуші немесе анықтаушы.
Сондай –ақ бұл іске сезікті адам, айыпталушы адам, қорғаушы,
жәбірленуші, жеке айыптау ісі бойынша немесе мемлекеттік
айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда жеке айыптаушы,
азаматтық талапкер, жауапкер, кәмелетке толмаған айыпталушының
не сезіктінің заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық
талапкердің не жауапкердің, сондай –ақ жеке айыпталушының
өкілдері қатысушылар тобына жатады. Іс бойынша айғақ беруші
куә, арнаулы сарапшы, дәлел жинауда, зерттеуде, және бағалауда,
техникалық құралды қолдануда жәрдем көрсету үшін қажетті
арнаулы маман, аудармашы, тергеу шарасын куәландырушы куәгер,
сот отырысының хатшысы мен сот приставы қосалқы қызмет
атқаратын қатысушылар тобына жатады.
Қылмыстың алдын алу – қылмыс жасауға қолайлы жағдайлар мен
оның себептерін азайтуға, жоюға, сақтандыруға және құқық
бұзушылардың мінез – құлқын түзеуге бағытталған мемлекеттік және
қоғамдық шаралар жүйесі. Қылмыстың алдын алу үшін қылмыс
жасаған адамдар мен қылмыс жасауы ықтимал адамдарды түзеу
жұмыстары , сондай –ақ кең ауқымды құқықтық насихат жүргізу
арқылы қылмыстық заңнан хабардар ету жолымен қылмыс
жасаудан сақтандыру жұмыстары жүргізіледі.
Қылмысты тіркеу – қылмыстың алдын алуда, анықтауда, жылдам
әрі толық ашуда пайдаға асатын нысандарды тіркеу жүйесі.
Қылмысты тіркеу мәлімет жинау, жүйелеу, тіркелген нысандарды
салыстыру, анықтамалық ақпарат беруден тұрады. Қылмысты тіркеудің
ұсталғандар мен сотталғандардың әліпбилік тізімі, дактилоскоп,
тіркеу, жоғалған , алынған, ұрланған атыс қаруларын, ұрланған
автокөліктерді, ашылмаған қылмыстарды тіркеу секілді, т.б. түрлері
бар. Қазақстанда қылмысты тіркеуді прокротураның құқықтық
статистика және ақпарат басқарламалары жүргізеді.
Қылмысты іздестіру – құқық қорғау органдары қызметінің бір түрі.

Қылмыстық іздестіру қызметіне қылмыс пен қылмыскерді анықтау
мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізу және тергеу мен
соттан бой тасалаған қылмыскерді табу, сондай – ақ қылмыстың
алдын алу мен жолын кесу шарасын жүргізу жүктелген.
Қылмысты іздестіру қызметі Қазақстан Республикасының Қылмыстық
іс жүргізу кодексінің тәртібі бойынша қылмыстық іс қозғап,
тергеу әрекетін жүргізуге құқылы. Кейде қылмысты ашу мен
қылмыскерді іздеу шараларын бір сөзбен Қылмыстық іздестіру деп
атайды.
Б. Қылмыскер – қылмыс жасаушы адам, яғни мемлекеттің қылмыстық
заңында қылмыс деп көрсетіліп, жаза белгілеу арқылы тиым
салынған әрекеттің жасалуына кінәлі адам. Қылмыс ұғымының
мағынасы кінәнің қасақана және абайсызда жасалуына орай
ашылады. Бұл ұғымға, негізінен, үнемі қылмыс жасайтын , яғни
қылмыс жасауды күнкөріс кәсібіне айналдырған, мысалы, кәсіби
ұры, есірткі сатушы, жалдамалы кісі өлтіруші, т.б. немесе жүйке
ауруына байланысты қылмысты өз сұранысын өтеу жолына
айналдырған оған мысалы, адамжегіш, вандалист, т.б. адам сай
келеді.
Адам әр алуан қылмыстың құрбаны бо луы мүмкін. Адамды
қылмыскер өлтіруі, тонауы, ұрып –соғуы , өміріне қауіп төндіруі,
еркінен айыруы, өсекке таңуы, қорлауы, т.б. істеуі мүмкін. Заң
адамды осындай құқығына қол сұғушылықтың бәрінен қорғап
отырады, кінәлі қылмыскерді жасаған кінәсына қарап жазалайды.
Өлтіру – адамның өмірін заңсыз қию. Мұндай қылмыс қасақана,
әдейі немесе оқыстан , абайсыздан жасалады. Сонымен, адамды тек
заңсыз өлтіру ғана қылмыс деп есептеледі. Ал заңды түрде өлтіру –
сот үкімі бойынша өлім жазасына кесілгендердің өмірін қию. Бұл –
қорғану қажеттілігінен туындайтын еріксіз шара.
Қылмыскердің адамды қасақана өлтіруі әр түрлі жағдайда
жасалады. Мұндай аса ауыр қылмыс ашкөзділікпен , тойымсыз
тоғышарлықпен, мысалы, дүние –мүлікті , ақшаны, малды, үйді өзіне
қаратып алу мақсатымен немесе бұзақылық , басбұзарлықпен, мысалы,
төбелес, жанжал, т.б. жасалуы ықтимал. Адамды кек алу, қызғаныш, көре
алмау, жек көру, өштесу, сияқты ниеттермен өлтіреді. Лауазымды
адамдарды мысалы, тергеуші, милиционер, бақылаушы,т.б. қызметтік
міндетін орындауға жол бермеу, мақсатымен де өлтіруі мүмкін.
Қасақана өлтіруге бірнеше кісіні өлтіру, мысалы, улы тамақ беру,
ату жолымен,т.б. жатады. Кейбір жағдайда қылмыскер өзінің қылмысын
жасырып қалу мақсатымен куә болатын адамның көзін жояды. Бұл
да ерекше қауіпті қылмыс. Қасақана кісі өлтірген қылмыскер ең
ауыр жазаға, яғни өлім жазасына кесіледі. Дандайсып, өзіне-өзі
шексіз сену де қауіпті қылық, мысалы, қылмыскер адамды өлтіре
қоймаймын деген сенімде бола тұрып, өлтіріп алады.
Адам құқығына өте қауіпті, аса ауыр қолсұғушылық, әрі ар
–ожданын қорлаушылық - әйелді зорлау, күштеп, дәрменсіз әйелмен
жыныстық қатынас жасау, болып табылады. Бұл мақсат үшін
жәбірленушіні қорқыту, әйелдің әлсіз, нәзіктігін өзінің арам
ниетіне пайдалану да кездеседі. Күш жұмсау, әр жеріне жара түсіру,
жапа шегушінің қарсыласуын басып – жаншу да - қылмыскерге тән
қылық. Адамды заңсыз еркінен айыру – аса қауіпті қылмыс,
сондықтан, мұндай қылмыскерге аса қатал жаза қолданылады.
Мысалы, егер, қылмыскер жәбірленушінің қол – аяғын байлап, елсіз
жерге мысалы, далаға, орманға, тауға, т.б. тастап кетсе, тамақ, су,
бермесе, аса қатыгездік қылмыс болып саналмақ. Ондай кезде
қылмыскер міндетті түрде жауапқа тартылады.
Қылмыс құралы – қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу
құқығында қылмыскер қолданған қандай да бір зат. Қылмыс сипатына
қарай түйрейтін, кесетін зат, атыс қаруы, сондай –ақ таяқ, құрал –
сайман сияқты күнделікті тұрмыстық қолданыстағы заттар, тіпті
тас, ағаш секілді табиғи заттар да қылмыскер құралы болуы
мүмкін. Кейбір қылмысты мысалы, қарақшылық, ұрлық, т.б. жасау
кезінде қылмыскерде суық қару бар болса, мұның өзі әрекетті
жазасы ауырырақ қылмысқа айналдырады. Қылмыскер құралын қылмыс
іздерін мысалы, қан, саусақ ізі, матаның ұсақ талшығы, т.б. табу
мақсатында мұқият зерттелуі тиіс.
Қылмыстардың жиынтығы – екі не одан да көп қылмыстық
әрекеттердің шоғыры. Жеке адамға қатысты қылмыстың жиынтығы
қылмыстық әрекеттерді жасаған адам қылмыстарының бірде – біреуі
үшін сотталмағандығымен немесе заңда белгіленген негіздер
бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмағандығымен сипатталады.
Айыптының әрекетінде қылмыстық кодекстің түрлі баптарында немесе
баптардың бөліктерінде не болмаса, бір баптың түрлі
тармақтарында көрсетілген қылмыс құрамы болады. Сондай – ақ адам
әрекетінің бір бөлігі болған қылмысты, басқасы қылмысқа
дайындалуды, оқталуды, немесе қылмысқа қатысуды түзетін болса,
онда мұндай әрекетте қылмыстың жиынтығы болып шығады, яғни
қылмыстық кодекстің екі не одан да көп баптарында көзделген
қылмыс, қылмыстық белгілері бар іс - әрекет қылмыстың жиынтығы
деп танылады. Егер айыптының қылмысы жалпы және арнаулы
нормаларда көрсетілген болса, онда қылмыстық жиынтығы бола
алмайды, сондықтан оны жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа
арнаулы норма бойынша тартылады. Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексі, он екінші бап.
Қылмыстық әрекетсіздік – қылмыстық заң міндеттеген әрекетті
орындамаушылық.
Қылмыстық заңда көрсетілген нақты бір әрекетті орындауға
міндетті әрі мүмкіндігі бола тұра орындамаған адам
әрекетсіздігі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мұндай
міндет адамгершілік парыздан мысалы, кәрі ата – анасын бағу,
баласын асырау, тәрбиелеу, еңбекке жарамсыз жұбайын бағу,т.б.
қызметтік не кәсіптік міндеттемеден, тікелей қылмыстық заңның
өзінен туындайды. Әрекетті орындау мүмкіндігі де жауапкершіліктің
қажетті негіздемесі. Мысалы, аса ауыр қылмыстың әзірленіп жатқанын
немесе жасалғанын білетін азамат ауа райының қолайсыздығынан ,
мысалы, боран, дауыл, т.б. қашықтағы полиция бекетіне жете алмаса,
телефон желісінің үзілуінен хабарлай алмаса, т.б. жағдайларда ол
қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
В. Қылмыстық жауапкершілік – құқықтық жауапкершіліктің бір түрі
қылмыстық құқықтық салдары – қылмыскерді жазалау түрінде көрініс
табатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық жауапкершілікке
тарту қылмыстық іс қозғаудан, тергеуден және сот талқысынан
тұрады. Қылмыс жасау – кінәлі адам мен сот төрелігін атқарушы
мемлекет арасында арнаулы қатынас тудыратын құқықтық факт.
Мұндай фактіден кейін екі тарап үшін де міндет пайда болады.
Мемлекет үшін өзінің арнайы органы арқылы қылмысты тергеу,
қылмыскерді тауып, қылмыстық жауапкершілікке тарту міндеті, ал
қылмыскер үшін қылмыстық жауапкершілікті өтеу міндеті туындайды.
Қылмысқа дайындалғаны, қылмыс жасауға оқталғаны, қылмыс жасауға
қатысқаны үшін де адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қылмыс жасаған адамға қолданылатын жаза немесе басқа да
қылмыстық құқықтық шара қылмыстың табиғаты мен қоғамға
қауіптілігінің деңгейіне, қылмыс жасалу кезіндегі жағдайға сай
болуы тиіс. Ешкім бір қылмысы үшін екі рет қылмыстық
жауапкершілікке тартылмайды. Жалпы тәртіп бойынша қылмыстық
жауапкершілікке қылмыс жасау кезінде он алты жасқа толған, ақыл –
есі дұрыс адам тартылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің он төртінші бабында көрсетілген қылмыстарды жасағаны
үшін қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан басталады. Ішімдік,
есірткі немесе басқа да уытты заттардың әсерінен мас күйде
қылмыс жасау қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Қылмыстық іс
бойынша сезіктіні немесе айыпталушыны прокурордың, тергеушінің
не анықтаушының қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатуы сот
төрелігіне қарсы қылмысқа жатады.
Жалпы, қылмыстық жауапкершіліктің бірнеше түрі бар. Мысалы,
олар, азаматтық – қылмыстық жауапкершілік, әкімшілік –қылмыстық
жауапкершілік, кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық
жауапкершілігі, т.с.с. көптеген түрлері болады.
Қылмыстық заң – қылмысқа жататын қарекеттер мен оларды жасаған
адамға берілетін жаза және басқа да мәжбүрлеу шаралары
көрсетілген қылмыстық заңнама құжаты. Қазақстанның Қылмыстық заңы
– бір жүйеге келтірілген Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексі.
Қылмыстық жауапкершілік қарастырылған кез келген жаңа норма
осы кодекске енгізілуі тиісті.
Қылмыстық құқық – қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар
жүйесіне қауіпті іс - әрекет үшін қолданылатын жазаны
айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы.
Сондай – ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен
оқу пәні де Қылмыстық Құқық болып табылады. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық құқығының негізгі қағидаттары мыналар,
заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны,
әділеттілік, айыптылық, қағидаты. Қылмыстық құқық қоғамдағы
конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшілік, қаржы салаларымен
реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық
құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады , бірақ меншікті қылмыстық
қол сұғушылықтан қорғау қылмыстық құқықтың міндетіне жатады.
Қылмыстық – құқықтық нормалар тек ғана тиымдардан құралады.
Осыған орай қылмыстық – құқықтық қатынастар бір жақты сипатта
болады, қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары
арқылы оны жазалауға тиіс құқылы.
Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше
әдістері де қолданылады. Олар, қылмыстық – құқықтық санкциялар, яғни
қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану, қылмыстық жауаптылықтан
босату, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады ,жалпы бөлім және
ерекше бөлім.
Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды , қылмыстық жауаптылықтың
негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай – ақ жаза
тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін
тиянақтайтын нормалардан құралады . Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі
обьектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен
тұрады.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім
ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.
Қылмыстық құқық субьектілері – мемлекет органдары және азаматтар.
Мұнда мемлекет белсенді рөл атқарады, ол қылмыстық – құқықтық
санкцияларды белгілейді және қолданады . Азаматтар мен басқа да
жеке тұлғалар қылмыс субьектісінің, сондай – ақ қажетті қорғаныс,
аса қажетті жағдайда және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын
басқа да жағдайлар да әрекет ететін тұлғалар рөлін атқаруы
мүмкін.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығында заңды тұлға қылмыс
субьектісі бола алмайды, ол қылмыстық – құқықтық қатынастарға тек
жәбірленуші ретінде ғана қатысады.
Қазақстанда Қылмыстық құқықтың бірден бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Қылмыс түсінігі және міндеттері
Қылмыстық жауаптылықтың негізі
Қылмыс құрамы түсінігі
Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы
Қылмыстық жауаптылқықтың түсінігі
Қылмыс және қылмыс құрамы
Пәндер