Компьютерлік графика бағдарламалары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:
1 Компьютерлік графика бағдарламалары
- Компьютерлік графика бағдарламалары туралы жалпы түсінік
- Түр-түстің оқушыларға педагогикалық-психологиялық әсері
1. 3 Adobe Photoshop жайлы алғашқы мағлұмат. Adobe Photoshop редакторының терезесі
1. 4 CorelDRAW бағдарламасы жайлы алғашқы мағлұмат. Бағдарламаның жұмыс ортасы
2 Компьютерлік графика бағдарламаларын оқыту әдістемесі
2. 1 Adobe Photoshop және CorelDraw бағдарламаларын оқыту әдістемесі
2. 2 Adobe Photoshop бағдарламасында мәтінмен жұмыс
2. 3 Adobe Photoshop бағдарламасында бейнелерді өзгерту әдістері
2. 4 CorelDRAW векторлық редакторында объектілермен жұмыс
Кіріспе
ХХ ғасырдың екінші жартысының өзінде-ақ оқытудың техникалық құралдары білім беру мекемелеріне дендеп енген болатын.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жаңа ғасырдың бастапқы кезеңінде-ақ орта және жоғары білім беруді дамытудың жаңа сатысының мән-мағынасын айқындап берді. Ол Қазақстанның мектебі мен жоғары оқу орындары әлемдік біліми кеңістікте толық бәсекеге қабілетті болуы тиіс дегенге саяды. Ол үшін қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім керек.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры - ұстаздың қолында», - деп мұғалімнің ролін жоғары бағалады.
Қазіргі уақытта адам іс-әрекетінің барлық салаларында компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсіп отыр. Осыған байланысты, жаңа программалардың тасқыны, көптеген адамдарға кәсіптік-ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін көрсетеді. Бұл салаға мемлекеттік тұрғыдан да барынша көңіл бөлінуде. Осы орайда жоғары және орта кәсіптік мамандар үшін информатика және компьютерлік техника пәнінің ана тілімізде оқытылуы, қазақ тілінде компьютер программаларының жасалуы бүгінгі өмірдің өзекті қажеттілігіне, сұранымына айналды.
Ақпараттық технологиялар дәуірі - объективтік мәні бар үрдіс, ол адам мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға жол ашады, ал оларды қолдану адам бойындағы қабілетті дамыту негізінде қоғамның алға басуына үлкен ықпал етеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі кезде компьютер көмегімен оқушыларға қажетті білімді жылдам, нақты және бағдарламаға сәйкес толық бере алатындай мүмкіндік бар. Көптеген адамдар үшін өз жұмысында өндірістік ақпараттық технологияларды қолдана білу өзекті мәселеледің бірі болып отыр. Ақпарат нарығында түрлі сканер, сандық фотоаппараттар, web-камералардың пайда болуына байланысты адамдар қолына өте көп мөлшерде сандық бейнелер түсті. Ал бұл өз кезінде бейнелерді өңдеу, қалпына келтіру, сол негізде жаңа бейнелер, фотомонтаждар, коллаждар құру мүмкіндігін береді. Осы бағытта жоғары сынып оқушыларын дайындау барысында мектеп информатика курсының логикамен, сызу және эстетикамен пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін Adobe Photoshop және CorelDraw компьютерлік графика бағдарламалары зор мүмкіндікке ие.
Компьютерлік графика бағдарламаларының негізгі бағыты-дамытушылық, яғни оқушылардың қызығушылығын арттырады. Бұл бағдарламалар танымдық белсенділігін, шығармашылық және ойлау қабілетін дамытуға ең бастысы, осы ғылым негізімен тікелей байланысты мамандықтар әлеміне баулиды.
Компьютерлік графика - бұл құрастырушыға, жобалаушыға және зерттеушілерге арналған жаңа эффектілі техникалық әдіс. Компютерлік графика дегенде негізінен компьютердің көмегімен дайындау процесінің автоматтанунын, өзгеру, графикалық ақпараттың сақталуы және орындалуы деп түсінеміз. Графикалық ақпарат есебінде объектілердің моделі және олардың бейнелері көрсетіледі.
«Графика» сөзі грекше grapho (жазамын, сызамын, саламын) деген сөзден шыққан және «сызықпен, штрихпен, нүктелермен бейне» дегенді білдіреді. Егер бұл компьютерде жасалса - онда бұл компютерлік графика.
Векторлық графика және растрлық бейнелер компьютерлік графиканың екі негізгі түрі болып табылады. Векторлық графикаға Сorel Draw, ал растрлық графикаға Adobe Photoshop бағдарламаларын жатқызамыз. Біз бұл дипломдық жұмыста осы екі бағдарламаны мектепте оқытуды қарастырамыз.
Векторлық графика математикалық түсініктеме негізінде құрылатын сызықтар мен қисықтардан тұрады. Векторлық графиканың көмегімен сызықты салудың бағыты мен ұзындығы, жағдайы беріледі. Векторлық графика логотиптер мен иллюстрацияларды салуға ыңғайлы, себебі, оларды кез-келген өлшемге дейін үлкейтуге болады, сапасын жоғалтпай баспаға беруге болады.
Растрлық бейнелер пиксельдерден тұрады, олардың әрқайсысының суретте жеке орны және түс нөмірі болады.
Функционалдық қасиеттеріне қарай, барлық графикалық пакеттерді 2 топқа бөліп қарастыруға болады:
- болашақта өзгерту мақсатын көздеген, компьютерге нақтылы бейнені алдын ала енгізетін, бейнені өңдеуге арналған программалық құрылғылар;
- бейнелерді құруда жаңа графикалық образдарды жасау мүмкіндігі бар программалық құрылғылар.
Adobe Photoshop программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі. Adobe Photoshop - палитрамен жұмыс істеу, калибровка жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады.
Adobe Photoshop кәсіби дағдыларды қажет ететіндігін және сонымен қатар, бұл программаның мүмкіндіктерінің мол екендігін түсінуге болады. Ол барлық дизайнерлер және суретшілер қолданатын негізгі программа болып табылады. Өйткені, Photoshop суреттерді ең жоғары деңгейде зерттеп, өзгерте алады, жұмыс деңгейіне қарап бұл программалар деңгейі де жоғарылайды. Онымен жұмыс жасау үшін ондағы командалардың қызметін білу аз, ондағы суреттің өзгертілу барысын тереңдей түсіну керек. Суреттерді өңдеп, оларға қосымша сән беріп, өзіңе ұнағанша толықтырулар жасаған өте керемет.
Сorel Draw - машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы. Түрлі-түсті көркемдеулерді; күрделі сызбаларды; кітаптар мен журналдар мұқабаларын; фотографиялық және фантастикалық бейнелерді; дайын бейнелеулерді редакциялау үшін, графикалық Web-беттерді құру үшін, т. б. жасау үшін қолданылатын игеруге қолайлы қарапайым құрал. Оның көмегімен сапаны жоғалтпай, бейнелеуді бірнеше есе көбейтуге болады, ал мысалы Paint редакторында суреттерді растрлық берілуі кезінде ондай мүмкіндік жоқ. Мысалы, Сorel Draw -де машина жазба бетінен бірнеше метрлік плакаттарға дейінгі көлемде бейнелеулерді құруға болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - қазіргі заман талабына сай орта мектепте компьютерлік графика бағдарламаларын оқыту. Компьютерлік графика бағдарламаларының мүмкіндіктерін қолданып, оқушылардың білім деңгейін көтеру.
Осы мақсатқа сәйкес мынадай негізгі міндеттер қойылды:
- зерттеу тақырыбының негізін зерделеу, мазмұнын ашу, әдістемесін жасау;
- компьютерлік графика бағдарламалары туралы жалпы түсінікті қалыптастыру;
- Adobe Photoshop және CorelDRAW бағдарламаларын оқыту әдістемесіне сараптама жасау;
- Adobe Photoshop және Cor
- elDRAW бағдарламаларының мүмкіндіктерін көрсету.
Дипломдық жұмыстың нысаны: жалпы орта білім беретін мектептерде информатиканы оқыту процесі.
Дипломдық жұмыстың пәні: информатиканы оқытуда Adobe FhotoShop және CorelDraw компьютерлік графика бағдарламаларын оқыту әдістемесі.
Дипломдық жұмыстың практикалық құндылығы: Кез-келген информатика, сурет, сызу пәндерінің мұғалімдері, әдіскерлер компьютерлік дизайн саласындағы мамандар және фотогрофтардың пайдалану мүмкіндігі бар.
Зерттеу деректері. Мектеп оқу бағдарламасы, мектеп оқулықтары, көптеген ғалымдар мен ұстаздардың сол сияқты оқушылар мен студенттердің зерттеу мақалалары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, яғни 1 тарау «Компьютерлік графика бағдарламалары», 2 тарау «Компьютерлік графика бағдарламаларын оқыту әдістемесі», қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
1 Компьютерлік графика бағдарламалары
- Компьютерлік графика бағдарламалары туралы жалпы түсінік
Компьютерлік графика бағдарламаларының негізгі бағыты-дамытушылық, яғни оқушылардың қызығушылығын арттырады. Бұл бағдарламалар танымдық белсенділігін, шығармашылық және ойлау қабілетін дамытуға ең бастысы, осы ғылым негізімен тікелей байланысты мамандықтар әлеміне баулиды.
Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Ғылыми графика. Бұл ең бірінші пайда болған бағыт. Оның міндеті - объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін, есептеу, эксперимент жүргізгенде және олардың нәтижесін графиктік өңдеу үшін, есептеу, эксперимент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т. с. с. түрінде қолданылады.
Іскерлік графика. Компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін, есеп беру құжаттарын, статистикалық мәліметтерді - осы объектілер үшін іскерлік графиканың көмегімен иллюстрациялық материалдар /график, диаграмма/ жасалады.
Көркемдік графика. Графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейне сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады.
Растрлық графика. Растрлық кескін дегеніміз - түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады. Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады . Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint
Векторлық графика . Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Фракталдық графика. Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
- Түр-түстің оқушыларға педагогикалық-психологиялық әсері
Жалпы орта мектептің информатика сабағында «Adobe photoshop» және «Corel Draw» бағдарламаларын пайдаланып көрнекіліктерді жасаған уақытта түр-түстердің оқушыларға әсер ететін педагогикалық-психологиялық әсерін әрбір пән мұғалімі білуі керек. Егер мұғалім сабақта оқушының танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда оқушылардың көру және есту сезімдік мүшелеріне аталған бағдарлама көмегімен әсер етеді. Сөйтіп, оқушылар ақпараттың көп бөлігін осы анализаторлар көмегімен қабылдайды. Сондықтан адамның түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін де ескерген жөн.
Көзбен көруге болатын сан түрлі түстерді бір жүйеге келтіру жолында алғашқы қадамды И. Ньютон жасады. Ол жарық сәулесінің призмадан өткен кезде жеті түске бөлінетінін: қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көк, күлгін көк және күлгін деп анықтады.
Барлық түстер мынадай түстік қатарға жіктеледі:
1. Хроматикалық түстер қатары - спектр түстері: қызыл, қызыл сары, жасыл, сары, көк, көгілдір, сия көк және олардың арасындағы түстер.
2. Ахроматикалық түстер, яғни түссіз түстер: ақ, сұр, қара түстер жатады.
Хроматикалық түстен ахроматикалық түстерге дейінгі қатар, қызыл одан аққа, қызылдан сұр түске, қызылдан қара түске дейінгі қатар т. с. с. түстердің ашықтылығы мен айқындылығын білдіреді.
Түстердің өзара үйлесімділігін гормония деп атаймыз.
Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша - ашықтығы (ашық-сұрғылт немесе қара-сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Хроматикалық түс, ашықтығы жағынын ерекшеленумен қатар, тағы да екі негізгі белгілермен - түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Түстік өң - бұл «қызыл», «сары» және т. б. сөздермен анықталатын нәрсе және мұның өзі бір түсті екіншісінен ерекшелеп тұрады. Бірақ қызыл таза қызыл немесе ахроматикалық, мысалы, сұрғылт қоспасы бар болуы мүмкін. Соның өзінде ол бәрі бір қызыл болып қалады - сұрғылт қоспа оның түстік өңін өзгертпейді. Егер осындай ашықтықтағы сұрғылт түсті алсақ, онда жаңа (араластырылған) қызылдың ашықтығы да өзгермейді. Дегенмен мұндай кезде түс басқаша болады: онда оның үшінші белгісі- қанықтылығы өзгереді. Ахроматикалықтың қоспасынан хроматикалық түстің қанықтылығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын, оның қанықтылығы да арта түседі.
Жалпы алғанда барлық хроматикалық түс үш параметрмен - ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады.
Хроматикалық түстерді жылы және суық түстер деп шартты түрге бөледі. Жылы түске спектордың сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көк- көгілдір бөлігі жатады. Бұл топтар өзінің жылы және суық түстер деген атауын бірі күн мен от түсімен ойша байланыстырылу, екіншісі - аспанның, су мен тұздың түсімен ойша байланыстырылу арқылы алынған. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады және алуан түрлі нақты жағдайларда, үйлесімді байланысты бірде, жылы бірде суық түске жатқызуы мүмкін. Егер көршілес түстер біртіндеп өзгере отырып, бірінен екіншісіне ауысатын спектрлық бөлісуді алып, сақинаша исек, онда бұл сақина бірікпейді, себебі шеткі түстердің қызыл және күлгін түстердің - арасында өтпелі қызыл-күлгін (қара-қошқыл) түстер жетіспейді. Егер оларды қоссақ шеңбер бірігеді. Мұндай түстік шеңбер бізге түстер жөнінде көп нәрсені түсінуге көмектеседі.
Түс неғұрлым қанық болған сайын ол адам бойында белсенді әрі тұрақты әсер туғызады.
Түстік ассоциация физиологиялық және эмоциялық болып бөлінеді. Физиологиялық түріне мына ассоциациялар жатады:
Температуралық - кез-келген түс суық немесе ыстық күйге ие, жылы түске қызыл, - қызыл-сары, сары және т. б. отпен күн түстері жатады; суық түстер қар, мұз, су түстері көк, көгілдір, көкшіл- жасыл түс жатады; оларға қара түсті қосу арқылы оны жылытуға керісінше ақ түс қосу арқылы суық етіп көрсетуге болады.
Салмақтылық - кейбір түстер ауыр болып келесі түстері жеңіл болып қабылданады; хроматикалық және ахроматикалық қою түстер ауыр болып көрінсе, қанықпаған түстер жеңіл сезінеді.
Кеңістікті - бір бейнелеу жазықтығында орналасқанымен бір түс таңбасы алға қарай шығып көрінсе келесі түс біршама қашықтықта болып көрінеді.
Акустикалық - кейбір түс айхайлап тұрса, екінші бір түс тыныш секілді қабылданады, әсіресе жылы түстер айхайлап көрінсе, хроматикалық және қанық емес, ақшыл, спектірлі суық түстер тыныштықпен үнсіздікті байқатады.
Фактуралық - кейбір түстер материал, тығыз әрі бұйым формасын шығаруға, фактурасын сезуге, көрсетуге көмектеседі; оларға жылы, шамалы қанықпаған түстер жатады; кейбір түстер фактурасыз, жеңіл болып көрінеді, оларға бейматериалды суық, шегініп көрінетін түстерді жатқызуға болады. Эмоциялық күй туғызатын түстер ассоциациясына мыналар жатады:
Позитивті - ашық қаныққан, ашық, жылы түстер қуанышты, көңілді, жылы шырайлы, жағымды болып көрінеді.
Негативті - кейбір түстер қайғы, көңіл күйді түсіріп, реніш, қорқыныштылықты тудырады, ондай түстер сиякөк, қаралау, шамалы қаныққан түстер жатады.
Бейтарап - көптеген түстер пассивті болып аса белсенді реакция тудырмай керісінше тыныш, бейтарап, тұрақты болып қабылданады, мұндай түстерге сехроматикалық түстер, оншалықты қою немесе ашық түстер жатады.
Физиологиялық түстік ассоциация көптеген адамдарда олардың өмір сүру образы тұрмысы мен темпераментіне қарамастан біркелкі әсер етеді.
Сонымен адам көру сезімінің көмегімен 180 түрлі түсті қабылдай алады. Түс пен оның қосылыстарының безендіру мүмкіндігі шексіз. Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі. Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Түстер комбинациясы да адамға түрліше әсер етеді. Компьютерді қолданғанда оқушылардың түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерінде есте ұстаған абзал. Сонымен бірге құрамында қозғалып тұратын объектілері (анимация) көп оқу материалын қабылдау өте қиын, себебі қозғалып тұрған объект адамның назарын өзіне аударады.
Қазіргі кезде информатиканы компьютерлік оқытудың нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу аса маңызды орын алады. Бұған себеп оқу үрдісін компьютерлендіру психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің негізгі бағыттарын жан-жақты қамтуы болып табылады [3] . Мұғалім әрбір оқушының орындаған жұмыстарын бақылап отыруға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс істеуіне болады. Дәстүрлі оқытуға қарағанда, компьютер оқушының ойлау қызметінің даму үрдісін жан -жақты, терең түсінуге оң жағдай туғызады.
Сезімдік жүйелер ағзаның өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Сезімдік жүйелер белгілі райлы ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құралған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі. Адам қоршаған ортадағы ақпаратты бес сезім мүшесімен қабылдайды: Көз, құлақ, мұрын, тіл арқылы дәм сезу, тері арқылы сипап сезу.
Төмендегі 1-кестеде адамның бес сезім мүшесі жайлы толық мәлімет берілген.
1 кесте
Сезім мүшелері арқылы ақпараттарды қабылдау.
Ақпараттарды алу
арналары
Түр-түстің оқушының материалды игеруге тигізер әсерін қарастырайық. Бұл бағытта көптеген елдердің әдіскер-ғалымдары көп жылдардан бері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы орайда түр-түс тану ғылымына көп еңбек сіңірген белгілі И. Ньютон, А. Ломоносов және т. б. ғалымдардың есімін атап өту керек [8] . Көзбен көруге болатын сан түрлі түстерді бір жүйеге келтіру жолында алғашқы қадамды И. Ньютон жасады.
Мемлекеттік стандарттың «Электрондық оқулық басылымында» түстер палитрасы ассоциациялары туралы ақпарат төмендегі 2-шi кестеде келтiрiлген.
2 кесте
Түстер палитрасы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz