Мәдениет тарихы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Мәдениет тарихы

Архаикалық мәдениет. Өнердің пайда болуы және алғашқы қауымдық мәдениеттің синретистік сипаты. Жерорта теңізіжәне Месопотамия аймағындағы ежелгі дәуір мәдениеттері. Ежелгі Үнді мәдениеті: оның негізгі бағыттары мен ерекшеліктері. Адамзат өркениеті тарихындағы Ежелгі Қытай мәдениетнің орны.

  1. Көне қоғамның материалдық ерекшеліктері.
  2. Қауымдық діни нанымдар
  3. Месопотамия өркениеті
  4. Ежелгі Мысыр мәдениеті
  5. Үнді мәдениетінің тарихи қалыптасу барысы
  6. Үнді өркениетінің жетістіктері
  7. Қытай мәдениетінің тарихи қалыптасу барысы
  8. Ежелгі Қытай өркениетінің жетістіктері. Қытай философиясы.

Адамзат тарихында алғаш ортаға шыққан өркениеттердің отырықшылыққа көшуімен пайда бола бастағаны қабылданған. Әрбір мәдениет тек лайықты орта тапқанда ғана ортаға шыға алады. Бұл ортаны дайындайтын факторлардың басында адамдардың тұрғылықты жер құрып, өмір сүре бастауы тұр. Отырықшылдыққа өтумен, әрине, қауымның хұқықтық, сауда-этикалық және саяси алаңында жаңа қажеттіліктер туа бастаған. Алғашқы өркениеттер үлкен өзен мен көл алқаптарында және теңіз жағалауларында келіп шыққан. Адамдардың алғаш құрған қалалары және басқада қоныстанған жерлері-егіншілікке қолайлы жер және су жағаулары. Соған байланысты бұл аймақтарда алғашқы болып, егіншілік дамытылған. Біраз уақыт кейін өнершілер, саудагерлер мен қоғамның басқада экономикалық топтары пайда болған. Бұл алғашқы дәуірлерде, егіншілікпен айналысқан қалаларда қамбала жасалған және сонын арқасында қысқа қажетті мөлшерде азық-түлік жинау мүмкіншілігі болған.

Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп-дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдырының пайда болғанына 2, 5 млн. Жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.

Адамзаттық мәлім болған ең ежелгі кезеңі - б. д. д. 40-12 мыңжылдықтарды қамтитын “Көне тас ғасырының соңғы кезеңі немесе “жонылған тас” дәуірі. Кейінгі палеолиттің басты дәуірлері олжа табылған қоныстардың атымен аталады. Бұл дәуірден бұрын адам баласынын үңгірлерде өмір сүргенін, киім етіп аңдардың терісін қолданғаның, азық ретінде ағаш пен шөптердін жеміс-жидектеріменен қанағаттанғанын жорамалдауға болады. Бірақ адам баласы жаратылысынан бастап басқа ешбір жаратылыста жоқ күшпен, яғни ақылмен қамданған. Сол үшін ол айналасындағы жаратылғандарға және табиғи құбылыстарға мән бере білген, оларды символдармен санасына қабылдау қабілетіне ие болған. Осылай ежелгі тас дәуірі біртіндеп үңгірлерден шығып, ағаш пен тастардан құрылған үйшіктерді жасауды және онда мекендеуді бастады. Әсіресе, аулаған жануарлар терісінен және сүйектерінен киім және түрлі құралдар жасаған. Кейін от табылысымен біраз тағамдарды пісіруді үйренді. Бұл сатыда, мәдениет пен өркениеттің ортаға шығуында адамның өмір сүруіне қажет күнделікті мұқтаждықтар, табиғатқа деген қорқыныш және сүйіспеншілік сезімдеі ықпал еткен деп айтылады.

Бұл дәуір мәдениетінің әр кезеңдерде қандай өзгерістерге ұшырағандығын қысқаша қарастырып өтейік.

1. Перигорд кезеңі /35-20 мың жыл/. Орта палеолиттен кейін ілшала басталған бұл дәуірдің басты ескерткіштері мынадай: шеттері өңделген шақпақ тас құралдары, сүйектен жасалған біздер, найзаның ұштары, т. б. . Бастапқы Периорд кезеңінде салынған бейнелер кездеспейді, бірақ оның есесіне әсемдік заттар және бояу түрлері кеңінен таралған. Кейінгі Перигорд кезеңінде тасқа қашалып жасалынған аңдар мен адамдардың бейнелері кездесе бастайды.

2. Ориньяк кезеңі /30-19 мың жыл/. Бұл дәуірде адамдар мекендеген үңгірдердің қабырғаларынан саусақтарын кең жайып, оны бояумен айналдыра жүргізіп, шеңбермен қоршаған қолдардың таңбаларын кездестіреміз. Жұмсақ тастан және пілдің азу тістерінен жасалған әйел мүсіндері пайда бола бастады. Бейнелеу өнерінің бұл алғашқы туындылары “Венералар” деп аталды. Әмірші ана ұрпақтың есен-саулығы мен оның өмір-тіршілігінің сарқылмас қайнар көздері болып саналады. Палеолит әйелдерінің 150-ден астам мүсіндері дүние жүзінің әр елдерінде, оның ішінде Италияда, Австралияда, Чехияда, Ресейде табылған. Олардың басым көпшілігінің бет әлпеті ишарамен ғана бейнеленген, оның есесіне әйел денесінің жекелеген мүшелері нақты.

3. Солютре кезі /18-15 мы" жыл/. Мұздақтардың уақытша шегінуі палеолит адамдарының өміріне де айтарлықтай өзгерістер енгізді. Кремнийді өңдеудің ең доғары тәсілі игеріліп, одан найзаның ұштары, пышақ, қанжар және т. б. жасала бастады.

4. Мадлен кезі /15-8 мың жыл бұрын/. Бұл дәуірде алғашқы адамдар қатал табиғат қыспағында өмір сүрді. Олар үңгірлерде тұрды, мамонт, солтүстік бұғылар сияқты аңдарды аулап, қорек етті. Дөңгелек, бұрандалы және діни белгілердің пайда болуы адамның өзін қоршаған заттар жөніндегі ұғымының кеңіп, оны бейнелей бастайтындай дәрежеге жеткендігін айқын көрсетті.

Осы орайда үңгір кескіндемесінің тек қана Мадлен өнерінің ғана емес, бүкіл палеолит дәуірінің одан қалды алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетінің шыңы деп қарастыруға болатындығын ерекше атап өткен жөн. Атақты Альтамир, Ласко, Мотеспан үңгірлеріндегі өнер туындыларын ғалымдардың осы Мадлен дәуіріне жатқызуы тарихи шындыққа жанасымды сияқты. Олардың ішінде ең атақтысы Альтамир үңгірі - алғашқы қауым бейнелеу өнерінің “Сикст капелласы” деген атаққа ие болды.

“Орта тас” /мезолит/және ”Жаңа тас” /неолит/дәуірлерінде болса (б. д. д. 12000-5000), -адам бұрын жинаған білім және қабілеттері арқасында, ақырын-ақырын айналасына және табиғатқа билік жүргізе бастады. Мысалы: судың көтеру қысымын білмей, адамдар қарапайым қайықта жасаған. Қашалған тастардан, ағаштан және балшықтан ыдыстар, құмыра, балта, балға, жебе мен садақ сияқты құралдар жасалды. Бұл кезде егіншілік пен малшылық дамыды. Осылайша, көшпенділіктен отырықшылыққа өту, осы дәуірде басым болған, адамдар жануар терілерін үстіне жабудың орнына, олардың жүндерінен тоқылған киімдер жасады.

Мезолиттің аяғына қарай әйелдер мен балалар үй шаруашылығына пайдалануға өте қолайлы саз балшықтан ыдыс-аяқтар жасауды игерді. Әлі кебе қоймаған саз балшықтың үстіне саусақтың ұшымен немесе таяқшамен түрлі сызықшалар жүргізу - дәстүрге айналды. Бұл бір жағынан әдемілік үшін жасалса, екінші жағынан сиқыршылықпен тығыз байланысты болды.

Алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі - неолит дәуірі болды. Бұл рулық құрылыстың орнығып, тас индустриясының шарықтаған кезеңі. Адамдар сапалы жасалған тас балталардың көмегімен ағашты кесіп үй салды, қайықтар жасады. Саз балшықты күйдіріп, керамиканың алынуы бұл ғасырды “керамика ғасыры” деп атауға негіз болды. Неолит дәуірі өнерінің өзіндік ерекшелігі бар. Бұрынғы үңгірлердегі аңдардың бейнелері жабайы, қозғалыссыз қалыпта берілсе, ендігі жерде аңдардың бейнесін салудың сапасы жақсарды. Ең бастысы - аңдар бейнесін жай ғана емес, қозғалыс үстінде көрсетуге тырысушылық байқалды. Үйлесімділік пен динамизм белгілері айқындала бастаған испандық және африкалық циклдердің суреттерінде садақшылардың қаумалап аң аулаудағы кейбір көріністері барынша шегіне жеткізіліп, нанымды етіп көрсетілген.

Қазіргі заманда шөлге айналған Алжир территориясындағы Сахар мен Феццанның шекарасында орналасқан Тассили - Аджар деген таулы жерде жалаң жартастар жотасы бар. Осы жартастардың табанындағы үңгірлерден және жартастардың өзінен неше түрлі суреттер мен бейнелеу өнерінің туындылары табылды /жайылым мен мал табындары; келісті сиырларды бақташылар бағып жүр; адамдар мен малдардың денелері түрлі түстер арқылы әсем де, көрікті етіп берілген; сұлу антилопалар, сәнді киім киген бикеш кескіндері, т. б. /.

Б. д. д 5000-0 жылдар арасы болса, “қола және темір дәуірлері” мыс темір және алтын кендерін игеріп, олардан әшекейлік заттар, қару мен түрлі құралдар жасауды қолдана бастады. Жазуды ойлап табу да осы дәуірге сәйкес келіп, адамдар арасында сауда да жасалған. Ежелгі өркениеттердің ақыhын шығуы осы дәуірде әсіресе, үлкен өзен және теңіз жағалауларында, егіншілікке қолайлы өлкелерде қалалар пайда болды. Мысалы, Ніл өзені айналасында және Жерорта теңізі жағалауында пайда болған Мысыр өркениеті, Тигр мен Евфрат өзендері аралығында Месопотамия өркениеті, Орта және Оңтүстік Азияда, Үнді және Сары өзен айналасында пайда болған Түрік, Қытай мен Үнді өркениеттері айтылады. Кейін Анадолы мен Жерорта теңізі жағалауларында пайда болған Хетт, Лидия, Грек өркениеттері сияқты басқа бір топ өркениет бұлардың артынан шыққан. Алғашқы дәуірінде отырықшылыққа өтумен басталған өкениеттердің пайда болуымен байланысты мәдени және ғылыми жұмыстардың шығуы, Азиялық бөлікте басталған. Кейінгі дәуірде көшпенділер арқасында және басқалай себептермен Кіші Азия және Жерорта теңізі жағалауларында, Африка мен Европада да өркениеттер пайда болған.

Неолит дәуірінде шаруашылықты жүргізу егіншілікпен және мал өсірумен тығыз байланыста болғандықтан, оны “өндіретін экономика” деп атаған жөн. Егіншілік мол өнім беретін құнарлы жерлерде дамыған. Өзен жағалауларындағы жерлердің құнарлығы соншалық, олар жерді қарапайым өңдегеннің өзінде-ақ мол астық беретін болған. Алғашқы кездерде астықтың түсімі азая бастаса-ақ адамдар басқа жерге қоныс аударып отырған және жерді кетпенмен өңдеген. Егіншіліктің бұл алғашқы түрі көшпелік сипатта болған, бірақ көп ұзамай-ақ бұл кәсіптің қыр-сырын меңгерудің арқасында адамдар отырықшылдыққа көше бастады. Неолиттік техниканың жетілуі нәтижесінде бай қоныстар деревнялар пайда бола бастады, қауымдар тайпаларға бірікті, сөйтіп мемлекеттің пайда болуына даңғыл жол ашылды. Тас ғасырындағы пайда болған өркениеттің ошағы - көне Египет болды. Бұл ежелгі мемлекеттің алғашқы мыңжылдық тарихы металсыз өтті десе де болады.

Неолит дәуірінің егіншілері мен малшылары - шаруалар болды. Осы бір жаңадан туындаған шаруа шаруашылықтарының басты белгілері - аграрлық экономика, қол еңбегі, рулық және қауымдық ұйым, ал діндері - анимизм болды. Анимизм - рух, жан деген мағына береді. Анимизм дегеніміз рух пен жанның өмір сүретіндігіне деген сенім. Ол бойынша - табиғатта болатын барлық құбылыстардың басты себепкері - рух пен жан саналады. Көне заманның мәдениетінде діни салт-дәстүрлердің, наным-сенімдердің, діни мейрамдардың даму процесі анимизмнен басталады. Бұл ұғымды мәдениеттану ғылымы саласына тұңғыш енгізген атақты ғалым Тайлор болды. Алғашқы қауым адамдары аңшылық және егіншілік сиқыршылықтарын жиі қолданған, олдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болды. Шаруаның тұрмыс-тіршілігі жердің құнарлығына тығыз байланысты. Шаруа үшін жер құдай-ана болып саналды. Сондықтан егіншілікке байланысты маусымдық ритуалдар /салт-жоралар/ маусымдық сипатта болды.

Діннің ең көне түрі сиқыршылық болатын болса, оның басты түрлерінің бірі - фетишизм /пұт, тұмар деген мағыналарды береді/. Фетишизм - табиғат заттарымен қатар адам қолынан шыққан материалдық заттардың құдіретіне де сену, яғни зат бейнесіндегі рухани күштерге табыну.

Көне заман халықтарының ұстанған діндерінің тарихында жануарлар мен ағаштарға табыну да басты роль атқарды. Тағы адамдар үшін өзін қоршаған дүниенің барлығы да жанды боп көрінген, сондықтан да олар жансыз заттардың да жаны бар деп ұғынған. Адамдардың әрбір тобы шығу тегін белгілі бір жануармен немесе өсімдікпен /тотеммен/ байланыстырған. Олар адамның жануарға айналатыны туралы “мифке сенген”, олай болса алғашқы адамдар адам мен жануардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ деп есептеген.

Байырғы Шығыс, адамзатты алғашқы қауым мифтерінен тербеп шығарған, ұлы мәдениеттердің отаны болғанды. Алайда Шығыс алғашқы қауымдастықты артқа тастағанымен адамның дүниеге қатынасының мифтік тәсілінен құтыла алмады. Өйткені, табиғаттың дүлей күші түгіл, адамдардың ырқынан жоғары тұрған қатал әкімшілікке негізделген мемлекетке де бас иіп, құдайдай көрді. Шығыс елдерінің таихында еркіндіктің елестеріне, жеке тұлғалыққа, бейімділікке қарағанда мемлекетке құштарлық ерте басталады. Өйткені, айтылып кеткендей, Шығыста өмір сүрудің ең басты амалы суармалы жерлерді пайдалана отырып, астықтың қоғамдық қорын жасай білуде болды. Шығыс елдерінің негізінде жеке адамның өзіндігі және еркіндігін жоққа шығаратын абсолюттік біртұтастың идеалы жатты.

2. Шумер және Иран өркениеті

Шумерлер мен аккадықтардың мәдениеті - байырғы Месопотамиядағы Тигр мен Евфрат өзендерінің арасындағы өркениет - әлемдік мәдениеттердің бірі болып саналады. Месопотамия өркениетінің негізін салған Шумерде б. д. д. ІҮ мыңжылдықта қалалық типтегі жазба мәдениет алғашқы қауым мәдениетін тұрақты түрде ығыстыра бастады. Көне Месопотамияның қалалары - су артерияларының жағаларына орналасқан, егіншілікпен айналысатын қоныстанушылардан құрылды. Жасалған зертеулерге қарағанда, Месопотамияда азиялық тілдермен біге үнді-европа мен семит тілдеріне қатысты іздер анықталған. Ур - Уч, Умма, Аратта. Вавилон, Ниневия, Лагаш сияқты ірі қалалары болды.

Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып тұрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығыстарға қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ. Көрнекті шығыстанушы ғалымдар Месопотамияның байырғы мәдениеті деп Шумер мәдениетін көрсеткен, яғни олар Вавилон мәдениетінің негізін салушылар болып саналды. Шумерліктердің Месопотамияға қайдан келгендігі турасында ғылымда түрлі жорамалдар бар. Бірі - шумерліктер солтүстіктен, көшпелілер аймағынан келген десе, бірі - солтүстік-шығыстан, Еуропа мен Балкан жақтан келген деседі.

Месопотамия өркениетіне қатысты құжаттар, б. д. д. 3500 бен б. д. д. ІҮ ғ. аралығында дүниеге келген тақтайшалар Гильгамеш дастаны мен білім тарихы мәлімметтерінен құралған.

Египеттегідей Месопотамияда да алғаш кезде ситилер /ірі қалалар/ болған. Кейін бұл ситилер дамып, патшалықтарға ұласқан. Месопотамиялықтар, патшалықтарының құдай тарапынан құрылғандығына сенгендіктен, билік те құдай тарапына қойылған деп ойлаған.

Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. “Месопотамия - архивтер отаны” деп бекерден аталмайды, өйткені мұнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Месопотамия өркениетінің саяси жағдайын бейнелеген ең маңызды қайнар көз -“Шумер патшалары тізімі”. Бұдан басқа Урукагин заңдарын, Аккад патшасы 1-Саргонның хроникаларын, Хаммурапи кодексін, Исин патшасы Липит-Иштардың заңдар жинағын, Хитит (Хетт) заңдары мен Ассирия заңдарын айтуға болады.

Шумер мәдениеті турасында сына жазуымен шимақталып жазылған мыңдаған таблицалар табылып, олардың сыры ашылды. Шумер жазуына “сына” /клинопись/ деп ат қойған Оксфорд профессоры Хайд (1700 ж. ) еді. Шумер мәдениетінде діннің маңызы үлкен болған. Бастапқыда әрбір ситидің құдайы болған. Кейін ситилердің бірігуімен байланысты шыққан патшалық дәуірлерде, құдайлар да тәртіптелді. Шумер пантеонында құдайлар адам бітімінде жобаланып, адамзат тағдырын шешетін 50-ден астам құдай бар деп есептелді. О баста Ану, Анлиль және Энки деген үш құдай болды. Бұлардан Көк құдайы Ану - ең жоғарғы құдай болып, оның ұлы дауыл құдайы Энлиль тосқын оқиғалаын басқарды. Энки болса, су мен Эрида қаласының құдайы еді. Кейін бұл пантеонға біртоп жаңа құдайлар кірді. Ең үлкен құдай Анудың қызы Инана Урук қаласының құдайы болғанда, күйеуі Ки, жел құдайы болған. Бұл құдайларға Күн құдайы Уту, ай құдайы Нанна, соғыс құдайы Нинурта және жер асты құдайы Нергал мен Нергалдың жұбайы болған Инанна немесе вавилондықтар мен ассириялықтар дәуірінде алған Иштар атымен, Гильгамен дастанында Теммуз өрнегімен таралған құдай. Теммуз (Димузи), Иштардың ұлы және сүйіктісі болып, табиғи құбылыстардың құдайы болды.

Месопотамия әдебиетінде аса көрнекті орынды б. д. д. 3000 жылдарда шыққан “Гильгамеш туралы поэма” алды. Бұл шығармада көне заманның батыл тұлғасы - Урук қаласының әміршісі, Әнкиду атты алып адаммен достаса отырып көптеген ұлы жорықтарды басынан кешіргені туралы айтылады. Өзінің досының өлігіне қайғырып, Гильгамеш, өмірдің мәңгі сырын ашу мақсатымен дүниені кезуге аттанады. Бірақ мәңгі өмірдің қол жетпейтін елес екендігіне көзі жетеді. Сонымен еліне қайта оралған Гильгамеш құдайдан өзінің өлген досын қайта көрсетуді өтінеді. Поэманың соңғы жолдарында адамның азапты тілегі “жер ұйық заңдарын”, әлем мен өмірдің құпия сырларын білуге құлаш ұрған тілектері жырланады. Поэма басынан аяғына дейін пессимизмге бой алдырған. Болашақ өмір қайғы мен қасіреттің мекені ретінде суреттеледі. Керек болса батыр Гильгамеш те мәңгі өмірге лайықты болмай шығады. Ал ондай мәңгілік жағдайлар діни өсиеттерді, абыздардың талаптарын, діни әдет-ғұыптарды орындағандардың ғана үлесі. Бұл ежелгі мәдени шығармалардың барлығы шығыс елдерінде белгісіз сипаттарда жазылды. Өйткені суреткер өнерге арналған туындыларында өзінің авторлық позициясын айқын көрсетуге аса талаптанбады; тұлғаланған бастама көрсетілмеді. Қоғамдық ұжымдарда ғана қасиеттілік маңызға ие болды. Жазушы суреткердің ең басты міндеті - жалпылама мағыналықты іс жүзіне асыру болды. Көркемдік мәдениет, жоғары рухани бастама мен іскерлікті іс жүзіне асырудың әдіснамасы ғана болды. Көркемөнер шығармаларындағы іс жүзіне асырылған әсемдік суреткердің рухани және материалдық күш салуының нәтижесі емес еді. Ол шығармашылық тұлғадан тәуелсіз өмір сүретін табиғаттың іс жүзіне асырылған өз әсемділігі. Ол кез келген жеке адамның талап-талантына бейтарап. Табиғат әсемділігі суеткерге тек қана бір жағдайда, былайша айтқанда, бір адамның дін мен философияға сүйене отырып, табиғатты сырттай қарап, бақылау технологиясын игергенде ғана есігін айқара ашады.

Миф - бұл ауыз әдебиетінің халық шығармашылығы, тәжрибеде сақталған қоршаған ортаның мәнін түсіну, бұл тіршілік әдіснамасы, ойлау, сезу. Мифологиялық бейнелер мен сюжеттерді сәулеттік, живопись, мүсін сияқты сөз арқылы іс жүзіне асырмайтын өнердің түрлерінің өзінен де көріп тану қиын емес. Шумердегі храмдар нақтылы адам тектес құдайлармен емес, алғашқы шумерлік адамдардың мифтерін түріп көрсеткен формула сияқты құдайлардың тотемдерімен безендірді. Мысалы, Энин храмын мүсіндермен нақыштау илюстрациясы Нингирсу және әйел құдай Узудтың мифологиялық сюжеттерін бейнелейді.

Шумерде басқалай храмдардың жанында зигураттар да болған. Вавилон мұнарасының алғашқы өрнегін құрған зигураттар баспалдақ формасындағы пирамидалар.

Месопотамияда практикалық қажеттіліктің нәтижесінде математика және астрономия сияқты көне ғылымдар дүниеге келді. Есепшілер жәй ғана арифметикалық амалдармен және геометриялық құрылымдармен, тамақ пен тауардың салмақтарын, жұмыс орнының санын, ғимараттардың көлемін анықтады, егіндік жердің ауданын есептеп шығарды. Негізінде 6, 10 және олардың көбейтіндісі 60 болатын есептеу жүйесі көне заманнан бастау алады. Бұл есеп жүйелерінің жаңғырығы, жылды 360 күнге бөлу, шеңберді 360 градусқа бөлу, сағатты 60 минутқа, ал минутты 60 секундқа бөлу осы күнге дейін сақталынып келді. Шумердің математикалық жазбаларында дәрежеге шығару, түбір астынан квадратты, кубты шығару және көлемді есептеу жиі кездеседі. Шеңбер ауданы мен цилиндр көлемін табуда П үшін 3, 125 мәнін қолданған. Түнді тәулікке қоспаған, күнді 12 сағат деп қабылдаған. Бір апта 7 күннен тұрды.

Көне Месопотамиядағы білім деңгейі осындай болды. Дегенмен, осы бір ғылымдағы алғашқы бастамалар мен қадамдардың өзі оңды мәдени факторлар бола отырып, бертін келе антикалық мәдениеттің қалыптасуына зор ықпал жасады.

Б. д. д. ІІІ мыңжылдықтың аяғында Шумер мәдениеті шапқыншылықтарға ұшырап, бұл территорияға Вавилон, Аккад, Ассирия мемлекеттері орнықса да, Шумер өркениеті адамзат мәдениетінің теңдесі жоқ үлгісі болып қала берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанды 60-80 жылдардағы ғылымның дамуы мен жаңғыртудың кеңестік үлгісі
Философия мен мәдениет
Мәдениет құрылымы
Педагог-музыкантты дайындауда музыкалық-тарихи және музыкалық-теория мәселелері
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Қостанай облысының мәдени жерлері
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым
Мәдениет пен өркениеттегі ғылым
Қазақстан және Әлемдiк өркениет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz