Америка Құрама Штатындағы педагогиканың дамуы


Ж о с п а р
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Америка Құрама Штатындағы педагогиканың дамуы
а) АҚШ - тағы Эксперименттік және прагматикалық педагогика
ә) Буржуазиялық педагогиканың осы кездегі негізгі бағыттары
б) Экзистенциалистік идеялар
ІІІ. Қорытынды
Эксперименттік педагогика
Империализм дәуіріндегі буржуазиялық педагогика эксперименттік педагогика көрнекті орында болған, мұның белгілі өкілдері неміс педагогтары Эрнст Мейман (1862-1915) және жоғарыда әңгіме болған А. Лай болды.
XIX ғасырдың соңғы ширегінде Германия мен Америкада кұрылған экеперименттік педагогикалық психологияның лабораториялары кейіннен Англияда, Францияда, Италияда, Россияда ашылды. Кейінірек оңу мен тәрбиенің проблемалары біртіндеп эксперименттік зерттеу арқылы жүргізілш отырды, сөйтіп, эксперименттік педагогика ерекше бағыт болып
дамыды.
Эксперименттер үшін әдейі жасалынған өлшеу приборларының көмегімен және арнайы байқауларды ұйымдастыру арқылы балалардың дене дамуының кейбір заңдылықтары анықталды, балалар творчествосының (сурет салу) жалпы ерекшеліктері зерттелді, балалардың қабылдауын, оиын дамытуға творчестволық еңбектің маңызы бары анықталды. Мұнда басқа да бағалы байқаулар мен қорытындылар жасалынды. Бірақ эксперименттік педагогиканың қайраткерлері баланы эксперимент арқылы зерттеуден басқа ғылыми-педагогикалық зерттеулердің басқа әдістерін мойындамады. Сонымен бірге олар баланы қоғамдық жағдайлардан бөліп алып қарады, тәрбінің әлеуметтік құбылыс екендігін ескермеи оны тек қана жалаң биологиялық құбылыс ретінде қарады. Эксперименттік педагогиканың өкілдері теорияны зерттеуге көңіл бөлмеді, олар тек қана эмпериканы, «объективтік» мәліметтерді мойындап, философиялық педагогиканы субъективтік деп есептеді. Экспевименттік педагогика педагогикалық қорытындылар мен тұжырымдарды тікелей психологияның мәліметтерінен ғана шығарды.
Эксперименттік педагогиканың көрнекті өкілі Эрнст Мейман өзінің экспериментінде баланы алдын ала құрылған жасанды лабораториялық жағдайда зерттеді. Баланы әр түрлі әрекетте зерттемей, оқу үстіндегі тұтас оқушы ретінде қарамай, оны психикалық функциялары бойынша (ес, зейін, елес, ойлау, сезім т. б. ) зерттеді. . Э. Мейман психологиялық экспериментті - негізінен жетілу және жұмыс үстіндегі балаға жүргізілетін психологиялық эксперимент деп есептеді. Осының барлығы педагогикалың теорияның мәнін кемітті, балалар жөніндегі мағлұматтардың негізгі көзі болып саналатын оқу-тәрбие жұмысының мәнін теріс бағалауға апарып соқтырды.
Америка педагогтары С. Холл, Торндайк пен француз психологы Бине еңбектерінде экспериментальдық педагогика педологияға барып ұласты. Бұлар өздерінің қорытындыларын оқытудың тест методикасы негізінде құрды. Бұл әдіс бойынша, балаларды жете және жеткілікті мерзімде тексерместен, жасанды түрде құрылған текстер (сұрақ және тапсырмалар) бойынша 5-6 минут ішінде баланың дарындылығы анықталды. Бұл әдіс арқылы буржуазиялық мектептерде буржуазия балалары еңбекшілер балаларымен салыстырғанда, аңыл-ой жағынан жоғары тұрады деген ғылымға қайшы жалған дәлелдер айтылды.
Прагматикалық педагогика
Америка Құрама Штаттарында XIX ғасырдың 90-жылдарынан бастап, тым кең тараған философиялық жүйелердің бірі прагматизм философиясы болды. Оны толық түрде негіздеген Джемс еді. Прагматизм үшін пайдалы нәрсе ғана шындық-ақиқат болып саналады. Джемс: «Біз үшін ең жаңсы қызмет етуші, бізді жетелеп бағыттаушы - өмірдің әр бөліміңе ең ыңғайлы да пайдалы келетін», - деді.
Әрине, мұндай философия буржуазияға тым қажет еді. Осы философияға сүйене отыра, буржуазия өзіне пайдалылардың және өз мүдделерін барлығын «ақиқат-шындың» деп жариялады. Мысалы, мұндай идея буржуазияға пайдалы болғандықтан, ол буржуазияны қанағаттандырады. Сондықтан бұл «идея» прагматистер көз-қарасында «ақиқат-шындық» және құдайдың болуы да «ақиқат». Прагматизм осылай ақиқатты бұрмалап, бірақ буржуазияға пайдалы шындықты жақтауға көмектесті.
Империализм дәуіріндегі Америка буржуазиясына тән талаптарды толық негіздеген белгілі философ-педагог Джон Дьюи (1859-1952) болды. Дьюи Чикаго университетінің педагогика кафедрасының профессоры болған.
Ол педагогика мен педагогикалық психология жөнінен көптеген еңбек жазды. Олардың ішінде кең тарағандары:
«Мектеп және қоғам» (1899), «Мектеп пен бала» (1902), «Болашақтағы мектеп» (1915), «Біз қалай ойлаймыз» (1910), «Демократия және білім» (1916) т. б. Бұл еңбектерінде Дьюи баланы зерттеп білмегендігі үшін, оның талабын ескермегендігі үшін, өмірден қол үзгендігі үшін, оқу процесінің нәтижесіздігі үшін ескі мектепті сынады. Сонымен бірге ол сол кезде маңызды болған мынадай педагогикалық проблемаларға көңіл бөлді: мектептің өмірмен байланыстылығы, оқу процесінде балалардың белсенділігін дамыту, оқытудың тәрбиелілігі т. б. Осының барлығы Дьюи шығармаларына практикалық қызметкерлердің көңілін аударды.
Философия саласында Дьюи осы кездегі прагматизм бағыттарының бірі - «инструментализм» бағытының көрнекті өкілі болды. Бұл бағыттың дәлелдеуінше, кез келген теория, кез келген идея белгілі бір жеке адамға пайдалы болса, оны «әрекет инструменті» деп қарау қажет деді. Мұндай философияға негізделген педагогика, әрине, сыңар жақты, жалаң іскерлік» ерекшелікте, сипатта болды. Сондықтан да Дьюидің идеал ретінде айтатын нақыл сөзі - «жақсы тұрмыс» жасау.
Америка империализмінің мүдделеріне сәйкес құрылған өзінің социологиялық ойларын Дьюи капитализмнің кейбір жақтарын сынау арқылы бүркемелеп отырды. Бірақ өз еңбектерінде буржуазиялық демократияны дәріптеп, капиталистік құрылыстың таптық қайшылықтарын бүркемеледі.
Ал енді екінші империалистік соғыстан кейін АҚШ-та реакцияның өріс алуына байланысты, СССР-дің дүние жүзі алдында күші мен беделінің бекуіне байланысты Дьюидің социализм еліне көзқарасы мүлдем өзгерді. Оның саяси көзқарастары барған сайын реакцияшыл бола берді. СССР-дің қас жауына айналды, өмірінің соңғы жылдарында фашизмді жақтады.
Өзінің философиялық және саяси әлеуметтік көзқарастары бойынша Дьюи бала тәжірибесін үнемі үзбестен жақсартып, тереңдетіп отыру керек деді. Дьюидің ойынша, баланың дамуы, оның тәжірибесін жетілдіру - тәрбиенің негізгі мақсаты. Дьюи баланың жетілуі оның өзі өмір сүріп отырған қоғамға икемделуі деп қарады. Мұндай тәрбиенің негізгі мақсаты - өз қарабасының қамын ғана ойлау, материалдық байлыққа жанталаса ұмтылу.
Дьюидің ойынша, бұқараның мұқтажы мен тілегі ақыл-ой жағынан жетілуде емес, тар ұғымдағы іскерлік. Осыған сәйкес білім беру ісі де жүргізілуі тиіс. Еңбекшілер балаларының «тар ұғымдағы іскерлік» талаптары болғандықтан, оларға арналған мектепте «іскерлікті дамытатын ғана білім берілуі тиіс». Жұмысшылар «әр түрлі жұмыс істей алуға, әр нөрсені жасай алуға ғана икем» дейді. Сондықтан көпшілікке арналған бұқаралық мектеп жұмыс істеуге ғана үйретуі тиіс, теория мен жүйелі білім еңбекшілерге қажетсіз, жұмысшылар талабы өмірге практикалық даярлықты ғана керек етеді деді.
Дьюи жүйелі білімнің мәнін кеміте отыра, «оқу ісін жұмыс арқылы жүргізгенде ғана баланы өмірме; ұштастырады» деп есептеді. «Еңбекпен айналысу мектеп мірінің орталық кіндігі болады», - деді Дьюи. Адам өмірінің еңбек әр салалы болғандықтан, оқушылар оның әр түрінен танысуы тиіс.
Буржуазиялық педагогиканың осы кездегі негізгі бағыттары
Осы кездегі буржуазия педагогикасы күрделі және қайшылықты жағдайда танылып келеді. Мұндай жағдай капиталистік қоғамның әлеуметтік құрылысының бағыттары күрделі болуына және буржуазия ғалымдарыкың тұтас және тұрақты көзқарасының болмауына байланысты. Сонымен бірге педагогикада ой-пікірдің дамуына әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси дамулардың, тарихи-мәдени дәстүрлердің айырмашылықтарының болуы әсер етуде.
Капиталистік елдерде халың ағарту ісі шиеленіскен саяси және идеологиялық күрестің объектісі болып отыр. Әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу, ғылыми-техникалық прогресс және прогрессившіл күштер тарапынан күшейіп отырған талаптар буржуазиялық үкіметтерді жалпы және мамндық білімді белгілі дәрежеде кеңейтуге мәжбүр етуде. Балалар мен жастарға білім беру бірінші қатардағы мемлекеттік мәні бар міндеттерге айналуда.
Осының барлығы буржуазиялық педагогиканың алдына маңызды жаңа проблемалар қоюда және теоретик - педагогтар жұмысын жандандыруда. Зерттеулердің проблематикасы кеңейіп, күрделі болып отыр, кітаптар мен мерзімді баспа көбеюде, жаңа ғылыми-педагогикалық орталықтар құрылуда.
Бірақ капитализмнің шешілмейтін қайшылықтары халық ағарту саласында да өріс алып, буржуазиялық педагогикалық ой-пікірдің дамуына әсер етуде. Осыдан барып буржуазиялық педагогикада классикалық педагогикалық теориялардың ең жақсы дәстүрлерінен бас тарту, дін мен иррационализмнің күшеюі, таяу арада болған белгілі педагогикалық бағыттардың кейін шегінуі орын алып отыр.
Сөйтіп, осы кездегі Батыстың капиталистік елдерінде педагогика ғылымының беделі жоң, ол іру дәрежесінде.
Батыстагы педагогикалың ой-пікірдің кері кетуін көптеген буржуазия оқымыстылары мойындауда. «Педагогикалық теория мүлдем қараң қалды», - дейді Америка профессоры П. Будринг. Лондон университетінің профессоры Дж. Лоурайс ағылшын педагогикасымен осы кездегі өмір талаптары және мектеп практикасының араларында сәйкестік жоқтығын көрсетеді. Батыс Германияның прогрессившіл педагогтары Федеративтік Германия республикасында оқытушылар мен ата-аналар жастарды дұрыс тәрбиемен қамтамасыз ете алмайды, өйткені олардың өздері тұрақты этикалың принциптерді білмейді деген.
Буржуазияшыл педагогтар өздерінің теориялың қағидаларын негіздеу үшін капитализмнің бүкіл идеологиялық құралдарын пайдаланады, әр түрлі қоғамдық ғылымдардың, ең алдымен философияның идеяларын негіз етеді. Бірақ осы кезде буржуазиялық философияның өзі терең дағдарысқа ұшырап отыр. Сондықтан филоссфияның зиянды ықпалы педагогикалық ой-пікірдің дамуына да теріс әсер етуде.
Италия, Англия, Япония, Швеция және басқа капиталистік елдердің мектептерінде прагматикалың педагогика өмір суруде, АҚШ-та бұл педагогика жарты ғасырдан артық уақыт негізінен мемлекеттік мектептердің жұмыс бағытын белгіледі.
Әр елдерде Дьюидің идеяларын таратушы, оның жолын ұстаушылар АҚШ-та Вильям Килпатрик, Гарольд Рагг, Джеймс Каунтс, Англияда Перси Нанн т. б. прагматистік педагогиканың негізгі қағидаларының мектеп тәжірибесіне енуіне жағдай жасады.
Соңғы он шақты жылда прагматикалық педагогика қатаң сынға ілікті. Бірақ бұл педагогиканың мектепке ықпалы әлі де күшті.
Өзінің саяси әлеуметтік құрылысы бойынша прагматикалық педагогика либералшыл-буржуазиялық интеллигенцияның идеологклсын білдірді, бұл интеллигенция тап мүддесін «келістіруді», «байланыстыруды» арман етті. Дьюи және оның жолын ұстаушылар таптық күрестің объективтік қажеттілігін мойындамады, революцияшыл және азаттық күреске мүлдем қарсы болды. Олар қоғамдық құрылысты тек жас өспірімдерді тәрбиелейтін мектеп арңылы дамытуға болады деген қорытынды жасады.
Социализмнің жеңістері Дьюидің багытын өзгертті. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, социалистік елдердің ынтымағы күшейген кезде, капиталистік құрылысты сақтау жолында ол «табанды шаралар» қолдануға шақырды.
Осы кездегі прагматистер де осы бағытты ұстауда. Дьюидің осы кездегі жолын ұстаушылардың бағыты - Батысты қорғау. Бұл міндетті шешуде олар «Батыс цивилизацнясын» қайта құруға тәрбиелейтін орын мектеп деп есептеп, оған негізгі салмақ жүктеді.
Прагматистер адам мен тәрбиенің мәні жөніндегі Дьюи көзқарастарымен пікірлес бола отыра, адаы туысынан ішкі «өзім» дегенін ала келеді дейді. Олардың ойынша, осы ішкі «өзімі» арқылы жеке адамның творчествосы, ерекшелігі мен айырмашылығы қалыптасады. Адам табиғатын осылай бағалай отыра прагматистер (Э. Келли, А. Колбс, Т. Брамельд) тәрбиені дәрменсіз - қасиетті процесс деп есептеген.
Прагматистер сонымен бірге ашық түрде санаға қарсы шығады және иррациональдық пен санасыздықты дәріптейді. Осыған байланысты осы кездегі прагматистер оқудың мазмұны жөніндегі Дьюи көзқарастарын қолдай келе, оңушыларға жүйелі ғылым, білім беруге қарсы шыққан. Олардың ойынша оқу - жеке «өзім» дегеннің тілегінен туатын мейлінше индивидуалдық процесс, сондықтан оқудың мазмұнын анықтаушы да жеке оқушының өзі деді.
Прагматист Т. Брамельд физика, химия, биология пәндерінің жүйелі курстарының оқытылуына қарсы шықты.
Прагматистердің мектеп білімі жөніндегі тұжырымдарының әлеуметтік мәні - еңбекшілердің балаларына берілетін ғылыми білімдердің дәрежесін төмендету, өйткені ғылыми білімдер капитализмге қарсы күресте еңбекшілерге мықты құрал болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz