Қазақ еңбекшілеріне жерлерін қайтарып беру туралы заңдар


Жоспар:
I. Кіріспе3
II. Негізгі бөлім:
- Қазақ еңбекшілеріне жерлерін қайтарып беру туралы заңдар… . . . 4
- Қосшы одағының құрылуы7
- Жер-су рефрмаларының аяқталуы. 9
III. Қорытынды. 12
Пайдаланған әдебиеттер . . . 13
Кіріспе
Лениндік ұлт саясатын жүзеге асыра отырып, орыс жұмысшы табы мен қазақ еңбекші шаруаларының одағын нығайтуда 20-ыншы жылдардың басындағы жер реформалары ерекше маңызды рөл атқарды.
Өлкеде жердің біршама көптігіне қарамастан патша өкіметінің
жерді жаппай әрі жөн-жосықсыз тартып алуы маусымдық жайылымдардың аумағын күрт тарылтты, жер пайдалану шек аралары ауысты, малды жая жүріп көшетін және суға жететін жолдар жабылып қалды, көшпелі аудандарда қазақ еңбекшілерінің үлкен-үлкен топтарының пайдаланып отырған шүйгін жайылымдары, ал отырықшы аудандарда-арықтар мен каналдар жүйелері бар суармалы жерлері тартылып алынды.
Жер мәселесіндегі отаршылдық саясаттың зардаптары патша өкіметінің Жетісу, Сібір және Орал қазақ әскерлеріне алып берген территорияларында ерекше ауыр болды. Жайылымдарды, шабындықтар мен егіс алқаптарын, қыстауларды пайдаланғаны үшін қазақ халқы көп аренда ақысын төледі, егін алқаптарында еңбек етіп, қазақ ұлықтарының малын бақты, астықтың недәуір бөлігін бөліп берді. Гурьев уезінің Еспол және Сімбірті болыстарының қазақ еңбекшілері 1921ж. ҚАССР Жер Халық Комиссариятына өтініш жолдап, онда Совет өкіметінің орнауы қарсаңында «бізде егіншілік пен пішен шабуға ғана емес, тіпті жайылым үшін де жарамсыз кілең сортаң жерлер қалды» деп жазды. Ертіс пен Жайық бойындағы, Жетісудағы басқа аудандарда да жағдай осындай болды.
Социалистік революция жеңгеннен кейін жағдай түбіршен өзгерді. Жалға беру ақысы мен жерді пайдаланғаны үшін еңбекпен өтеу заң жүзінде жойылды, қазақ халқы жерге құқық алды. Алайда азамат соғысы кезінде Қазақстан территориясының көптеген жерлерін ақ гвардияшылар мен интервенттер қоршап алғандықтан жерді пайдалануда теңсіздік іс жүзінде сол қалпында қалды. Азамат соғысы аяқталғанна кейін кулактар мен қазақ ұлықтары байлармен сөз байласып, жерді пайдаланудағы барынша шиеленушілікті пайдаланып, жалға беру ақысын одан әрі ала беруге тырысты.
Қазақ еңбекшілеріне жерлерін қайтарып беру туралы заңдар.
Коммунистік партия мен Совет мемлекеті жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарын толық жою үшін шаралар қолданды. 10 съездің шешімдерінде былай делінді: «жалпы кулактардың, әсіресе ұлырустық жыртқыш кулактардан азат болу жолындағы күресте жергілікті орыс халқының еңбекші бұқарасының күш-жігерімен біріктіру, олардың бар күш-жігерін жұмсап, өз иықтарына мінген отаршылар-кулактардан құтылуына көмектесу, сөйтіп оларды адамның өмір сүруіне қажетті жарамды жерлермен қамтамасыз ету керек болады». Қазақстанның 1-ші облыстық партия конференциясы(1921ж маусым) өзінің шешімдерінде былай де жазады: «Жерді өз бетімен тартып алуға қарсы батыл күрес жүргізе отырып… Орыстар мен қырғыздар(қазақтар) экономикалық жағынан толық теңестірілсін».
1920ж аяғында ҚАССР Орталық Атқару Комитеті жанынан жер коммисисясы құрылды. 1920 ж басында жарияланған Қазақ АССР-нде жерді пайдалану туралы уақытша ереже жерді ұлттандыру туралы лениндік декретті негізге ала отырып, бүкіл жерді мемлекеттік қор деп жариялады да, жерді өз бетімен алу, сатып алу және жалға алу атаулыға тиым салды».
1921ж. 2-ші ақпанда ҚАССР Орталық Атқару Комитеті қоныс аудару басқармасына алынған бірақ 1921 жылдың ақпанына дейін ешкімнің иелігінде жоқ аймақтар, сондай ақ помещиктер мен капиталисттердің және еңбек нормасынан тыс кулактар заңсыз басып алған аймақтар қазақ еңбекшілеріне қайтарып беру туралы декрет қабылдады. Қоныс аудару басқармасы алып қойған жерлерге қоныстанған жерсіз шаруалардың жер үлестеріне ие болу құқығы сақталды.
1921 жылы 19 сәуірде ҚАССР Орталық Атқару Комитеті патша өкіметінің және Сібір казак әскерлері меншігінде басып алған жерлерін қазақ еңбекшілеріне қайтарып беру туралы жаңа декрет шығарды. Декрет жарыққа шыққан кезде осы территориядағы барлық қазақ және шаруалар шаруашылықтарының осы аудандар үшін әдеттегі нормалар шегіндегі далалық жер үлестеріне құқығы сақталды.
Қазақ еңбекші шаруалары бұл декреттерді зор қанағаттанғандықпен қарсы алды. Бірақ оларды жүзеге осыру оңай болмады. Іс жүзінде жер пайдалану туралы дәо мәліметтер, жер өлшейтін кадрлар және құралдар болмады. Егіннің шыққаннан қалуы мен жұт зардаптарына қарсы күрес, ашыққан халыққа көмек партия және совет активінің барлық күшін сырықты. Ұлтшылдыұ пиғылдағы элементтер жерді қайтарып беру туралы декреттердің мәнін бұрмалай отырып, орыс шаруаларын Қазақстаннан кқшіруге тырысты, ал шовинистер декреттерді жүзеге асыруға астыртын кедергі жасап, бұл декреттерді халықтан жақсарды.
Партия және совет ұйымдары орасан зор қиыншылықтарды жеңе отырып, Қазақ республикасы Орталық Атқару Комитетінің декреттерін іс жүзіне асыра бастады. Барлық жерде кіріптардық жалға беру шарттары бұзылып, жердің жалға алынуы жөніндегі борыштар, ауқатты қазақтар мен кулактардың артықшылықтары мен жеңілдіктерінің қай-қайсысының да күші жойылды. Жер пайдаланудың шекаралары белгіленіп, топырақты зерттеу ісі жүргізілді, қазақ халқына іс жүзінде пайдаланылатын жерлер бекітіліп берілді.
Жергілікті Советтерге ауылдық қоғамдардың өздерін отырықшылыұұа көшіруді, егіс үшін жарамды аймақтар бөлуді өтінген ондаған өтініштер түсе бастады. Байлардың қарсылығына қарамастан мыңдаған қазақ шаруалары отырықшылыққа көшті. 1921 ж аяғына таман Семей уезінде ғана 7583 шаруашылық отырықшыланды. Отырықшыланғандарды үйлер салу үшін қажеттінің бәрімен, тұқымдық астықпен, ауыл шаруашылығы құралдарымен қамтамасыз ету шаралары белгіленді, гидротехникалық іздестірулер мен құдықтар құрылысы басталды.
1921 ж жазда Оралдың сол жағалауының бөлігі межелеп бөлініп, қазақ халқы қолайлы жайылымдар алды. Мәселен, Еспол және Сімбірті болыстарының қазақтарына 24680 десятина жер бөлініп берілді. 1922 ж Орал губерниясының қазақ еңбекшілері барлығы 208 мыңнан астам десятина жер алды. Семей губерниясында әскер запасының жерлері қазақ халқының пайдалануына көшті, межелеп бөлуге 184 мың десятина жер әзірленді. Ақмола губерниясында Ертіс бойындағы он шақырымдық алқапқа 1922 жылдың шілдесіне дейін 35 ірі қоныс аудару учаськілеріне 350 қазақ шаруашылығы - бұрыңғы жалға алушылар мен бақташылар көшті. Көкшетау уезінде барлық бос жер қорын Совет қазақ еңбекшілеріне берді. Ертеден қазақ және орыс хадқы тұрған Орал губерниясының Шежін және Сломихин болыстарында жер учаскелерін ортақ пайдалану белгіленді. Екі жақтаң ерікті түрде келісімі бойынша мұнда 2610 қазақ шаруашылығы және 1121 казак шаруашылығы орналастырылды. Қазақ облыстық комитеті Ә. Жангелдиннің басқаруымен Орал облысына қазақ еңбекшілеріне жер бөлуді шапшаңдату тапсырмасымен арнаулы комиссия жіберді.
Осымен бір мезгілде Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда жер-су реформасы жүргізілді. Бұл жерлерде партия және совет ұйымдарының шешуіне тура келген қиыншылықтар ерекше көп болды.
1916 жылғы көтерілісті аяусыз тұншықтыру ондаған мың қазақ шаруашылықтарының Шығыс Түркістанға қарай ауа көшуін туғызған еді. Совет өкіметі орнағаннан кейін босқындардың көпшілігі отанына қайтып оралып, жер алды. Совет мемлекеті олардың шаруашылық құрып орналасуына тартып алынған мүліктерінің қайтарылуына, малмен, азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз етілуіне бағытталған шаралар белгіледі. Алайда қайтып отарлаушылардың, сондай-ақ кедей қазақ халқының негізгі бұқарасының жағдайы өте ауыр болып қала берді. Жетісу қазақтарының ұлықтары, кулактар босқындарға жеріп, талап-таражға түскен мал-мүліктерін қайтарып беруге, ежелгі мал айдайтын жолдарды қалпына келтіруге қалайда кедергі жасауға тырысты. Қазақ кедейлерінің көпшілігі байларға, кулактарға, ауқатты-қазақтарға тәуелді болды. Кедейлер мен байрақтардың шаруашылығын көтеру үшін ең алдымен оларды жермен қамтамасыз ету, жер және су құқығында жергілікті орыс халқымен теңестіру, казактар мен кулактардың артықшылықтарын жою қажет болды.
Бұл жөнінде жергілікті жердегі жағдайды мұқият зерттеген ВЦИК пен РКП(б) Орталық Комитеті Түркістан бюросының Түркістан комиссиясы көп жұмыс істеді. Олардың ұсыныстары негізінде 1920 жылы 29 шілдеде РҚП(б) Орталық Комитеті Коммунистік партияның Түркістандағы міндеттері туралы В. И. Ленин мақұлдаған қаулы қабылданды. Орталық Комитет жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарын ақырына дейін жоюды, қоғамдық қатынастарда патриархалдық-феодалдық мұраны біртіндеп аластауды талап етті; ол қоныс аудару басқармасы межелеп өлген және кулактар еңбек нормасынан тыс басып алған жерлерді жергілікті халыққа қайтаруды, жері жоқтарды, бірінші кезекте босқындарды жермен қамтамасыз етуді, барлық кулак ұйымдарын жоюды және кулактарды совет құрылысына ықпал жасау мүмкіндігінен айыруды, ал Совет өкіметінің ең қаскүнем және белсенді жауларын Түркістаннан жер аударуды ұсынды.
1920 жылы қыркүйек айында болып өткен Түркістан Компартиясының съезі және Түркістан республикасы Советтерінің 9 съезі Түркістанның бірқатар да аудандарындағы сияқты, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда жер-су реформасын жүргізуді қажет деп тапты. Басты міндет, - бұл “Орта Азия еңбекшілерілер бұқарасының Ресейдің пролетариатымен және шаруашыларымен одағын нығайту мен ерістетуге мүмкіндік беру”, - делінді Түркістан Компартиясының 5 съезінің шешімінде.
РҚП(б) Орталық Комитетінің тікелей көмегімен Жетісу мен Сырдария облыстарының партия және совет ұйымдары нығайтылды; оның ішінде Жетісуға осы уақытта жүзден астам коммунист жіберілді. Ауылдар мен селоларға уәкілдер, үгітшілдер жіберіліп, жерге орналастыру жөніндегі комиссиялар құрылды. Түркістан Орталық Атқару Комиеті реформа жүргізу туралы нұсқаулар әзірледі, жергілікті жерлерде жайылымдар мен мал айдайтын жолдардың шекараларын белгілеу жөнінде жұмыстар жүргізілді.
Қосшы одағының құрылуы.
20-31 қаңтар аралығында Әулиеатада(қазіргі Жамбыл) Түркістан қазақ және қырғыз кедейлерінің съезі болып өтті. Съезд еңбекшілерді жер-су реформасын жүргізуге белсене қатысуға шақырды және Қосшы одағын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Бұл Түркістан республикасы еңбекшілерінің саяси өміріндегі маңызды оқиға болды.
Қосшы одағының қалыптасуы. 1921 жылы ақпан айында Жер-су реформасы Түркістанның көптеген аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүзеге аса бастады. Реформа ауылдың еңбекшілер бұқарасын дүр сілкіндіріп, кедейлер мен батырақтардың арасында революциялық зор өрлеу туғызды. Көптеген жиналыстарда, жиындарда, партияда жоқтар конференцияларында кедей қазақтар Комунистік партия мен Совет өкіметін қызу құттықтады. Қазақ кедейлері мен батырақтарының тұңғыш бұқаралық ұйымы - Қосшы одағын ұйымдастыру мен оның қызметінде бұқаранын өрлеуі ерекше айқын көрінді.
Түркістан АССР-нің партия ұйымдары революциядан кейін ұлттық ауылдың еңбекші шаруаларының жергілікті жағдайларға икемді келетін таптық ұйымдарын іздестіре бастады. Олардың үгіті бойынша және басшылығымен “Қырғыз батырақтары мен кедейлерінің одағы”, “Шаруа”, “Жерсіз және жері аз диқандар мен шәйрікерлер одағы” және басқалары құрылып, жұмыс істеді. Алайда олардың саны мейлінше аз болды және нақты ойластырылған жүйесі болмады. РКП(б) Орталық Комитетінің Түркістан бюросында, Түркістан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінде жүргізілген айтыстардың нәтижесінде болыстық және бірқатар ауылдақ партия ұялары қызметінің тәжірибесін есепке ала отырып, 1921 жылдың басында Қазақстанның оңтүстігінде Қосшы одағы құрылды, Түркістан Коммунистік партиясы Орталық комитеті бекіткен Қосшы одағының уставы оның басты міндеттерін: Еңбекшілердің таптық сана сезімін көтеруді, олардың мүдделерін қорғауды және Совет өкіметі саясаына көмектесуді белгіледі. Байлар, кулактар, еңбексіз табыс есебінен өмір сүріп отырған және бөгденің еңбегін қанаушы адамдар Одаққа қабылданбады.
Оңтүстікте Одақты құруда, оның практикалық қызметінде, сондай-ақ жер-су реформасын жүгізуде коммунистер Ж. Бәрібаев, А. Розыбакиев және басқалар көрнекті рөл атқарды.
Қазақ еңбекшілеріне жерлерді, қайтарып беру тонап алынған мүліктерді, астықты, құрал-саймандарды жойып, жер коммисияларының Қосшы одақтарының белсенді қызметкерлерін өлтірген кулактарға қазақ ұлықтарына қарсы кескілескен таптық күрес үстінде өтті. Советтер мен Қосшы ұяларындағы өздерінің итаршылары арқылы олар жер беруді тежеуге ұмтылды, араңдатушылық өсек-аяндар таратты, сөйтіп қоныс аударушы орыс шаруаларын қазақ шаруаларымен қақтығыстыруды көздеді.
Реформаны жүргізудің барысында қоныс аудару селоларының кедейлерімен орта шаруалар жөнінде ерескел қателіктер мен бұрмалаушылықтар орын алды. Көптеген селолар жеткілікті негіз болмаса да көшірілді. Совет заңдылығына, Совет өкіметі саясатының таптық принциптеріне қарамастан, троцкистік-ұлтшыл элементтер кей кезде орыс шаруа халқының бәрін “басқыншылар” деп аталатындарға бет алды қоса салды, ал орта шаруаларды кулактар деп жариялап, олардың мүліктерн тәркіледі. Қызыл әскерлер, азамат соғысына қатынасушылар отбасылары да басқа аудандарға заңсыз көшірілді.
“Қазақ АКСР-і партия ұйымының 1921-жылғы жұмысына жасалған шолуда” мыналар атап көрсетілді:ұлтшыл-уклонистербұрынғы алаш ордашылырмен бірге аграрлық мәселені “отаршыл орыстарға қарсы бірлесіп күресу үшін қырғыз(Қазақ) кедейлерін байлармен біріктіру арқылы” шешуді ұсынды. Ал мындай көзқарасты Түркістан ұлтшыл-уклонистері де білдірді. Алайда партия бұл көзқарастарға батыл тойтарыс берді, сөйтіп партияның интернационалдық бағытын қолдады. Бұл жөнінде Ұзын Қарғалы және Қастек болыстарының 4100 кедейінің 1921ж. В. И. Ленинге жолдаған хатын келтіруге болады: “Жетісу облысының жерінде тұратын орыс, қырғыз және басқа ұлттардың кедейлері күш бірлікте екенін енді түсінді, сөйтіп тізе қосып жұмыс істеп, ақыл ойын қосып, бірге бастады”.
РҚП(б) Орталық Комитеті 1921ж. Қарашада реформа жүргізудің барысын талқылады. 1922ж. Қаңтарда Орталық Комитет Түркістан комунисттеріне хат жолдап, онда патша өкіметі орнатқан барлық артықшылықтарды дәйекі түрде жою ұлтышлдардың жалпы ұлттық тудый астында ұлттық буржуазия өкіметін орнатуға тырысқан әрекеттерін тыю негізінде өлкенің барлық ұлттары еңбекшілерінің ынтымағымен достық одағын нығайтуға бағытталған Түркістан Комунисттік партиясының бағытын мақұлдады. Орталық комитет Түркістандағы комунисттік қозғалысы кездесіп отырған қиыншылықтарды атап көрсеииі, шовиннистік және ұлтшыл элементтерге қарсы күресті күшейтуді талап етті.
Жер реформасының аяқталуы.
Жетісу мен Сырдария облыстарының партия және совет органдары 1922 жылы қатерліктерді, асыра сілтеулерді түзетіп реформаны ойдағыдай аяқтау үшін жаңа шаралар белгіледі. Басқа селоларға қоныстандырылған қазақ кедейлері мен шаруаларын шаруашылық жағынан орналастыру жөніндегі жұмыс зор көлемде жүргізілді. Поселкілерді көшіруге ерекше жағдайларда ғана жол берілді. Қазақ халқын жерге орналастыру үшін бұрыңғы офицерлердің учаскілерін, оброк статьялары анағұрлым кеңінен пайдалына бастады, жер комиссиялары жерге орналастырылатын шаруашылықтардың әлеуметтік құрамына неғұрлым ыждағатты қарайтын болды, жерге орналастыру ісіне мемлкетік көлемі ұлғайды. Бұрын заңсыз көшірілген көптеген шаруа шаруашылықтары бұрыңғы тұрған жеріне қайтіп оралды.
1922 жылы реформа сондай-ақ Талдықорған, Жаркент, Лепсі уездерін де қамтыды. Оның ішінара байлар шаруашылықтарына да қатысыт болды. Мәселен, Жаркент уезінде жер комиссиясы революциялық комитеттің санкциясымен кедей қазақтардың 15 ірі бай шаруашылығын тәркілеу туралы талабын қолдады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz