Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»

СӨЖ

Пән: Саясаттану және әлеуметтану

Кафедра : әлеуметтк-саяси пәндер

Мамандық: «Медико - профилактикалық іс»

Оқыту курсы: 1 курс

Тақырыбы : Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары

Орындаған: Байкуанова М. С.

Тексерген: Ергалиев М. Е.

Жоспар

  1. Кіріспе: Әлеметтану жалпы түсінігі.
  2. Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
  3. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  4. Абайдың әлеуметтану туралы ой-пікірлері
  5. Әдебиеттер

Кіріспе

Әлеуметтану - мәні бойынша адамдардың белгілі әлеуметтік, экономиқалық, саяси, әлеуметтік - мәдени жағдайларындағы олардың тіршілік ету мінез - қылықтарынң ерекшеліктері, үрдістері мен на\ысандары туралы ғылым. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері

Бұл мәселе жөніндегі әзірше әлеуметтанушылардың арсында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаған.

Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз - біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.

Қандай да бір ғылым болмасын, оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.

Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.

Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе пратикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.

Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары

Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, «Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы», «Сот реформасы жайлы жазбалар», «Баянауыл округі туралы», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т. б. шығармаларында қазақ қоғамындағы көкейтесті әлеуметтік мәселелер зерттеледі.

Қазақтардың өмір сүрген патриархалды-феодалдық қоғамы барлық халықтардың басынан өткізген эволюциялық даму жолы екенін атап көрсетеді. қазақ қоғамының эволюциялық дамуы өзге елдердегі сияқты елді өркендеідің биік сатысына көтереді деп түсіндірді. Оның әлеуметтік-экономикалық негіздері бар екенін дәлелдеді. Ол ресей державасының «құрамына еніп отырған барлық бұратана тайпалардың ішінде халқының санының көптігінен, байлығы жөнінен біз бірінші орын аламыз. Меніңше, алдағы өркендеу де біздің - қазақтардың үлесіне тиеді», - деген қорытындыға келеді.

Қазақ қоғамында орын алған жағымсыз құбылыстар тоқыраудың мотиві болғанын, қоғам дамуында жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай отырып, қазақ елінің өркендеу болашағын реформамен тығыз байланыстырады, реформаға қалай әзіллену және оны қалай жүргізу қажеттігі жөнінде аса құнды ой-пікірлір тұжырымдады. Оның пікірінше, реформаға ғылыми тұрғыдан келі керек, нақты тарихи жағдай есепке алу қажет. Сонда ғана реформа сәтті орындалады, соның негізіндеқоғамдық организмнің дамуы іске асады. Мұндай реформаны аяғынадейінжеткізуді маңызды процесс деп санайды.

Егер де қоғам мұқтаждаға мен құралдары белгілі болса, қоғамның әл ауқатын жақсарту мақсатын көздеген кез келген реформа алға қойған мақсатына сол уақытта ғана жетеді. Басқаша сөзбен айтқанда, реформаны жемісті жүргізуүшін өзгерістердің ішкі қайнар көздерін көре білу қажет болады. Сонымен қатар Шоқан қоғамдағы өзгерістерді жасау қажетілігі қоғамның даму деңгейінен және бұқара халықтың өмір салтынан туындауы тиіс деп түйді. Ал бұның өзі дифференциялау принципі тұрғысынан қаралуы керек. Қазақ қоғамында жүргізілетін реформалардың ішінде адамның тұрмысын жақсартуғаықпал ететін реформа ғанапайдалы, ал бұл мақсатқа жетуге кедергі келтіретін реформа «зиянды». Сонымен ол бұл мақсатқа жете алмайтын кен келген реформаторлықты жоққа шығарды. Қазақ еліне қоғамдық өмірдің «экономиқалық және әлеуметтік » жақтарын қамтитын реформа қажет деп санады. Ш Уәлихановтың тұжырымдауынша, қоғамда жасалатын бетбұрыстардың халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономикалық және әлеуметтік рефорама, олар «халықтың маңызды мұқтаждарына тікелей қатысты бар реформа деп санады, »ал саяси реформалар қажетті экономикалық реформаларды іске асырудың құралы ретіндеқолдануы тиіс, өйткені жеке алынған әрбір адам және барлық адамзат ұжымдаса отырып өзінің дамуында бір ғана түпкі мақсатқа - өзінің материалдық әл- ауқатын оңалтуға ұмтылады және оның өзі прогресс болып саналады».

Шоқанның пікірі бойынша, экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы қоғамдық прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал қоғамдық прогресс өз кезегінде халықтың материалдық халін жақсартуға қызмет етуі тиіс. Саяси реформа белгіленген экономикалық мақсатқа жетудің құралы қызметін атқарып, соған бағындырылды. Сол халықтың пайдсы үшін іске асырылатын қоғамдағы өзгерістер «материалдық қажеттілігіне» және «ұлттық мазмұнына» орайластырылған бірнеше талаптарды қанағаттандыруы керек. Оның аталмыш мұқтаждықтар мен сипаттар депотырғаны қазақтың ауылдықрулық қауымдастығының жерді ұжымдасып пайдалануы, еңбекші жұрттың әлеуметтік қауымдастығы сияқты жақсы жақтары еді. Сонымен қатар оның өзара көмек, тұрмыста бір -біріне қол ұшын беру және өзін -өзі басқару белгілерін де назардан тыс қалдырмай, олардың маңызды жақтарын ашып көрсетті. Шоқанның пікірі бойвнша, бұлар «оқыған еуропалықтардың еліктеуіне» тұрарлық құбылыстар.

Ғұлама ғалымның бұл пікірінің бүгінгі таңда біздің елімізде жүріп жатқан реформа үшін практикалық маңызы зор . Бірақ осы құнды пікірдің ескерілмеуі қоғамды келеңсіз жағдайларға да соқтыруда. Қоғамдық күйін және халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын есепке алмай, өзге елдің тәжірибесін көзсіз енгізе салуды республика өзө басынан кешірді. Бұның бәрі жүргізіліп жатқан реформаның барысына әсерін тигізбей қоймады.

Шоқан реформаны халыққа тануға да болды. Оның көзқарасы бойынша, «еріксіз, күштеп іске асырылған реформа қазіргі таңға дейін адамзатты ауыр зардапқа соқтырып келеді». Ол қазақ елін басқарудың мұндай әдістерінен сақтандырды, өйткені олар халықты толқытуы мүмкін деп санады. ойшылдардың пікірі бойынша, реформақайсыбір қоғамға тән терең қажеттіліктерден туындауы керек. Оның пікірінше мұндай апараттарды «жөнсіз теорияларға сүйенген немесе басқа халықтың өмірінен алынған » реформа қалыптастыруы мүмкін. Шоқан өлкеде жүргізілуге дайындаоып жатқан сот реформасын осындай реформаның қатарына жатқызды. Үкімет шенеуніктерінің реформа жөнінде еңбекші халықтың пікірімен санаспай, «танымал қырғыздардың» пікірін білуге ұмтылуын қателікке есептеді. « . . . танымал және бай адамадрдың мүдделері тіптен жоғары өркениетті қоғамдардың өзінде, көбіне көп бұқараның, көпшіліктің мүдделеріне қарс болады».

Реформалардың сәтті жүзеге асуын шоқан олардың дұрыстығмен байланыстырып қарастырады. Олар прогресс заңдарына негізделсе ғана дұрыс болады. Оның пікірі бойынша, дәл осындай жағдайда ғана қоғамдық организмнің дамуы дұрыс, орынды жүреді. Осыдан келіп халықтар: өзін- өзі дамыту, өзін- өзі қорғау, өзін -өзі басқару өзін- өзі жазғыру іспетті саяси прерогативтерді жүзеге асыруы тиіс.

Шоқан қазақ қоғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретінде қарастыра отырып, оның әлеуметтік - таптық құрамының қоғам дамуына үлкен өзгерістерге ұшырап отыратынын көрсетті. Оның тұжырымдамаларында қазақ қоғамының ақ сүйек және қара сүйек деп аталатын екі топқа бөлінуі феодалдық қоғам кезінде орын алғандығы тұжырымдалады. Қоғамның мұндай екі ірі әлеуметтік топқа бөлінуінің себебін ол адамның шыққан ата -тегінен, мал- мүлкінен, билік ету деңгейінен көтреді. Ақ сүйектер түрлі жеңілдіктерге ие болған индивидтердің жабық сословиесі еді. Бұған төрелер, яғни хан тұқымынан шықандар енді. Шоқан қожаларды ақ сүйектердіің қатарына жатқызбаған. Бірақ халық оларды білімі үшін құрметтейтін еді, деген ой айтады. Шоқан өз еңбектерінде таптар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мотивін зерттеп, соның негізінде адамдардың қоғамда иеленетін статусының анықталатынын және топтар арасындағы әлеуметтік шиеленістердің пайда болуының негізгі себептерін көрсете білді.

Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің өршуін қазақтардың өз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайынның күрт құлдырауынан, керісінше, орыс казактарының қазақтардан тартып алынған құнарлы жерлерге орналасуынан, олардың тұрмыстық жағдайларының тез көтерілуінен деп есептейді. «Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы» деген мақаласында Шоқан: «Қазақтар ұлан-байтақ жер кеңістігін иеленгенімен, қазіргі уақытта тек оның шамалы ғана бөлігін пайдаланыпотырса да жергеәрдайым зәру», - деп құнарлы жерлерден айырыла бастағанын жазады.

Билер институты - қазақ қоғамындағы ерекше құбылыс. Оларды ешкім сайламайтын және тағайындамайтын Ш Уәлиханов талантыменкөпшіліктің көзіне түсіп, сыннан сүрінбегені ғана осы құрметті би атағына ие болатынын айтып келіп, патша өкіметінің қазақтың билер институты ғасырлар бойы жетілдірілді. Соның негізінде қара қылды қақ жарып әділ де өткір шешім айтатын әйгілі билер шықты. Шоқан мұндай билердің би атағы баларына мұрагершілікпен беріліп, әке жолын қуушылар да болғанын жазады.

Билер сотының сақталуын Шоқан халықтың өзің-өзі басқаруының маңызды буыны деп қарай отырып, патша өкіметі XIX ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың мүддесіне сәйкестендірілген өлкені басқару жүйесін орнатады деп күткен еді. Алайда, оның үміті орындалмады. Бюрократиялық басқару жүйесі қалыптасып, елдің жағдайын ауырлатып жіберді. Осыған байланысты Шоқан өзінің төл еңбектерінде бюрократиялық басқарудыңалуан түрлі жымысқы әдістерін қолданып, қазақ халқын ауыр зардаптарға соқтырған патша әкімшілігінен қазақтардың өзін-өзі басқаруын талап етеді. Халықтың өзін-өзі басқаруын Шоқан елді демократияландырудың маңызды принципі ретінде зердееді. Басқарудың осы жүйесіне өтудің жолдарын да қарастырды. Алайда, Бұратана халықтардыбилеп- төстеп тұрған патша үкіметі үшін Шоқанның ұсыныстары тиімсізеді. Сондықтан олады мойындағысы келмеді. Қоғамның кейбір әлеуметтік мәселелері. жөнінде олардан ілгері кеттіСондықтан да Шоқанның әлеуметтену саласындағы пайымдаулары қоғамдық ғылымдарға қосылған зор үлес.

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары

Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының өркениетті елдерқатарына қосылатынына кәміл сенді. Осымен байланысты қазақтарға білім беруді қолға алатын маңызды шаралардың біріне, дамудың негізгі құралына балады. Білімсіздіктінетек алуынан қазақ қоғамын надандық жайлап отырғанын айта келіп, жұртты білім алуға шақырды. Сондықтан да ол өзінің жиырма бес жылдық өмірін жеткіншектерге білім беріге арнады. Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын әлеуметтік- білімдік құрылымы арқылы ған қарастырып қоймаған, оның әлеуметтік таптық құрылымына да көңіл аударған. Қазақ қоғамының кесіндісі ретінде Торғай облысының халқын алып, оны әлеуметтік зерттеу объектісі етеді. Зерттеу нәтижесінде қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында мүліктік қатынасына қарай үш әлеуметтік топтың болғанын дәлелдейді. Ол жылқысының саны 300-400, қойы400-500, түйесі 20-40 мүйізді ірі қарасы 50-60 басқа жеткен мал иелерін байлардың қатарына қоспай, орташа шаруа деп қараған. Бай атану үшін, сондай статус алу үшін аталмыштүліктер бұл әлеуметтік топта жүздеп емес, мыңдап саналған дегенді мезгейді. Ал қарапайым шарулардың, дәлірек айтқанда, кедейлердің санатына мүйізді ірі қара малы 1-15бастанжылқысы 4-5 және қойы 20-30 бастан аспағанадамдарды жатқызған. Солай дегенменде, мал шарушылығының тиімсіздігін дәлелдеп, жұттың халықтың әлеуметтік жағдайынтөмендетіп жіберетін жазды. Оның пікірінше, малшарушылығының тиімділін арттыру үшін отырықшылыққа көшу керек және бұл кезде егіншілікте дамиды. Шарушылықөтың отырықшылыққа көшірілуін қазақ халқын прогреске апаратын маңызды тәсіл депқарады. Отырықшылыққа -қолөнерді дамытушы фактор, деп қарад. Қол өнердің дамытылуы үй тұрмысына, жалпы шарушылыққақажетті әдеттегі бұйымдарды өндіру үшін керек, ал қазақтардың осындай заттарды іздеп алыстағы сауда орындарын жағалауы, малдан алынатын өнімдердің құнын кемітіп, еріксіз қажетті нәрселерге айырбастауы немесе сатып алуы осы саланың дамымауынының салдары еді.

Отырықшылықтың тиімділігін Ыбырай Алтынсарин оқу процесіменде байланыстырады. Отырықшылық оқу процесінің үздіксіздігін, мектептердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді деп түсінді.

Қазақ қоғамында ертеден қалыптасқан әдет- ғұрыптар көптеп саналады. Ыбырай Алтынсарин олардың адамдар арасындағы байланыспен қарым-қатынастарын нығайтудағы рөлін зерттеп, оның нормалық маңызын ашыпкөрсетеді. Ол әсіресе қазақтардың құда болу салтына ерекше мән беріп, одан қоғамды нығайтудың бірдін-бір маңызды факторын байқады.

Ыбырай Алтынсарин айтып отырған әдет ғұрып дәстүр нормалары қоғамдық мүдделерден шыға білген. Ыбырайдың Әлеуметтану тұрғысынан қарастырған мәселелерді, оның нәтижелеі әлемдік әлеуметтану үшін аса маңызды. Ыбырайдың замандасы ұлы ойшыл Абайдың қазақ қоғамы туралы пайымдауларының да маңызы зор болды.

Абайдың әлеуметтанулықой-пікірлері

Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал еті. Абай Г Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық туындыларымен танысып, оның эволюциялық теориясынқабылдайды. Бүкіл тіршілік атаулының өзгермелілігі туралы ой Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде жиі ұшырасады. «Жиырмасыншы қара сөзінде»: «Дүние бірқалыпты тұрмайды» десе, өлеңінде : «адамзат күнде өзгерер» дей келіп, патриархалды- феодалдық құрылысты басынан өткізіп жатқан қазақтардың жаңа қоғамға өтеріне зор сеніммен қарайды.

Ресей бодандығынан босау қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы екенін білетін Абай, бұғайдағы қазақтардың жағдайын « Осы мен өзім- қазақпын» деп басталатын «Тоғызыншы қара сөзінде» баяндайды: « Менөзім тірі болсам да, анық тірі емеспін. . Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам - ызалана алмаймын. Күлсем - қуана алмаймын. Сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәріде әлдекімдікі. Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін . . . » ОЛ патриархалдық- рулық құрылыстың сақталуын қанжылды. Өйткені патша үкіметі ру басыларын бір-біріне айдап салып, өзінің отарлау саясатын тоқтусыз жүргізіпжатқан еді. Бодандықтан құтылудың жолын надандықты жоюдан көді. Ол үшін халқын оқу, білімі, ғылымды меңгеруге шақырды. Ғылымды үйренгенде қазақтарды бақастыққа жол беруден сақтандырады. Оның пікірінше, бақастық адамды түземейтін, керісінше, оны бұзатын нәрсе, әсіресе ол адамгершілікті азайтатынқұбылысекнін ескертеді. Қазаққоғамының әлеуметтік -таптық құрылымын қарастырып, оның байлар менкедейлерге бөлінгенін, бұл бөлінудің мүліктік теңсіздіктен туындағанын, мүліктік теңсіздік бай мен кедей арасындағы мүдденің алшақтығын қалыптастырып, әлеуметтік қарама-қайлыққа соқтыратынын былайша түсіндіреді:

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,

Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып дүріп ойнатар көздің жасы . . .

Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,

Артық қайыр артықша қызметке орай.

Байда мейір, жалшыда бейілде жоқ,

Андастырған екеуін құдайым-ай!

Қазақ қоғамы тек байлар мен кедейлерден ғана тұрмады. Ел билеу жүйесінде жаңа әлеуметтік топтар пайда болып, халыққа әкімшілік жасау болыстардың, т. б. билігіне өтті. Атөқамінерлер көбейді. Патша өкіметіосы топ арқылы еңбекші халықты қанап, тонап отырды, олар қоғамның әлеуметтік дамуына тұсау болды. Абай ел билеушілерін сайлаудың оң құбылысы екенін тусінді . Алайда, оның да ел шырқын бұзатын келеңсіз жақтары бар екенін айта келіп, оданел бірлігіне нұсқан келтіретін мотивті көре білді. Ғұлама Абайөзінің « Болды да партия», «Мәз болады болысың», «болыс болдым, мінеки», «бөтен елде бар болса» атты өлеңдерінде аталмыш мәселені үлкен әлеуметтік проблема ретінде көтереді.

Орыс айтты өзіңе ерік берем деп,

Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп,

Бұзылмаса, оған ел түзілген жоқ,

Ұлық жүр бұл ісінді кек көрем деп?

Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселелеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: «Биік мансап - биікжартас. . » дей келіп, оны билік, байлық, білім деңгейі, т. б. айқындайтынын түсндірді. Оның пікірінше адам: «Барында баймын деп мақтанады. Жоғында маған да баяғыда мал бітіп еді»деп мақтанады. Кедей болған соңтағы қайыршылыққа түседі». Адамның қоғамдық баспалдақпен биіккеөрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіп, оны индивидтіңәлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланыстырады. Қазақ қоғамында байдың малы жұтта қырылып, кедейленуі жиі орын алғаны рас және еңбегімен кедейлердіңорта шаруа, одан кейін байлардың қатарына қосылғандары да жоқ емеседі. Сөйтіп, олардың қоғамдық баспалдақта орынын ауыстыруы әлеуметтік заңды процесс болды.

Данышпан Абай Қазақ халқының әлеуметтік дамуын еңбекпен байланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтік мәнін түсіндіреді. Ғұламаның шығармаларында еңбек қоғамдық прогрестің негізгі, материалдық құндылықтарды шығару көзі, халықтың тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы ретінде баяндалады. Сол кезде жұрт арасында еңбекке қалыптасқан немқұрайлылық, еріншектік, жалқаулық сияқты келеңсіз құбылыстардың әлеуметтік мәнін ашып оладың қоғамның алға басуына кедергі болып отырғаннын, халқтың негізгі бөлігінің материалдың жағдайының төмендігін айта келіп, халықты аянбай жұмыс істеуге шақырады. Кедейліктің мотивін еңбексіздіктен іздеген Абай «Еңбек жоқ, қарекет қазақкедей, тамақ аңдып қайтеді тентіремей?». Еңбек етуші адамға шаруашылық жүогізгенде «жинаққылық керек, әрбір жинақылық түбі кеніш болады» деп, еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды, өйткені ұтымды еңбек ету әлеуметтік прогреске жеткізудің жолы, кедейліктен шығудың бірден-бір басты құралы еді. Кедейлікпен күресе алмаған, одан шыға алмаған кісі кер келеді. Еңбектің сипаты мен мазмұны ерекше мән берген Абай:

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасына оқу оқып, білім алған, -

деп егін салу мен білім алудың баянды еңбек екенін қорытады. Баянды еңбекті ол материалдық игіліктерді өндірудің және адамның мұқтажын қанағаттандырудың маңызды көзі деп түсінді.

Қазақ қоғамында халықтың бәрі бірдей еңбекке тартылмай, оның белгілі бір бөлігі жұмыссыз болды. Абай оның жағымсыз әлеуметтік салдарын ашып көрсетті.

Жұмысы жоқтыққазақты жаманшылыққа үйір етеді деп ескертті. «Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап- ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына да әр түрлі бәлеген, ұрлық, зорлық, қулық сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе». Ұлы ойшыл жоқшылықққа әкеп соқтыратынын баяндай отырып, оның адам мінез- құлқын өзгертетінін айтып, адамды хайуандандырып жіберетінін ескертті. Адамның бәрінде жаманшылыққа қарсы тұра алатын күш-қуат, жігер табыла да бермейді. Сондықтан да Абай «Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен моң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады» деп жазды. Жұмыссыздықты ел ішінде тоқтату жолдарымен қатар, сырт елдерге барып жұмысқа орналасу арқылы жоюға болатынына үмітпен қарады. Ол «малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрңстерліккүн болар ма екен?» деп армандады. Абайдың бұл пікірі бүгінгі қоғамда жұмыссыздықтың салдарынан қалыптасқан келеңсіз әлеуметтік жағдайларды:қылмыстың өршуін, қайыршылықтың, нашақорлық пен мсаскүнемдіктің, жезөкшешіктің, т. б. мәнін сол кезде-ақ көріп тұрғандай айтылғаны анық.

Абай қазақ қоғамын дамытудың құралы халыққа білім беру, оларды ғылымға тарту деп есептеді. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайларды жақсартудың ғана бірден-бір құралы, деп қарай отырып, ғылымды игеру бүкілпрогреске жеткізетін жол деп түсіндірді.

Ұлы ойшылдың пікірінше, ғылымды бізжанымыздан шығара алмаймыз, жаралып, жасалып, қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен білеміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.
Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары жайлы
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары жайлы
Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастырудағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік-саяси идеялары
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Абайдың әлеуметтанулықой - пікірлері
Әлемдік әлеуметтану пәнінен дәрістер
Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ойлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz