Шірік-рабат



1. Шірік.Рабат
2. Шірікрабат мәдениеті
3. Жетіасар мәдениеті
4. Сыр бойындағы оғыз қалалары
5. Аралдың кепкен табанындағы ескерткіштер
6. Сыр өңіріндегі архитектуралық ескерткіштер.
7. Көрме залына қойылған жәдігерлер:
Шірік-Рабат – көне қаланың орны. Шамамен б.з.б. 4–2 ғасырлар және б.з. 10–13 ғасырлар аралығында өмір сүрген. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылынан (Жаңақала кеңшары) оңтүстік-батысқа қарай 100 км жерде, Жаңадария арнасының сол жақ жағалауындағы ең биік төбенің үстіне орналасқан.
1946 жылы Хорезм археологиялық және этнографиялық экспедиция (жетекшісі С.П.Толстов) тауып,
1948–49 жылдары қайта зерттеген.
1957–58 жылдары қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде екі жерлеу құрылысы, үлкен қоршау, көне қорған түбіндегі тұрғын үйдің бір бөлігі, қорғаныс қамалы мен мұнарасы және кейінгі ортағасырлық кезеңдегі Цитадельдің шағын бөлігі зерттелді.
2004 жылдан мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына сай Шірік-Рабат археологиялық экспедиция (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) зерттеуді жалғастыруда. Төбенің аумағы 850×600 м, сопақша. Етегі екі қатар дуалмен және ені 30–40 м, тереңдігі 3–4 м ормен қоршалған. Қорғанға кірер қақпалар оңтстік мен батыс жағында. Қала бірнеше рет қайта тұрғызылған. Ең көне кезеңде (б.з.б. 4–3 ғасырлар) төбенің биік жеріне сол жерді мекен еткен патшалар жерленген 6 оба мен сыртын топырақтан үйген қорған салынған. Оңтүстік жағында жаугершілік кезде паналайтын және обаларды қорғаушылар тұрған бекініс-үйлер болған. Сәл кейінірек б.з.б. 3–2 ғасырларда қам кірпіштен өрілген үлкен сағана және бірнеше мазарлар мен жер асты катакомбалары салынған. Бірақ б.з.б. 2 ғ-да Жаңадария суының тартылуына байланысты қала өз тіршілігін тоқтатқан. Тек б.з. 9–13 ғасырлар аралығында өзен суы толысып, қайта жанданды. Қазба жұмыстары кезінде табылған жерлеу құрылыстары өте ерте заманда тоналған. Қазылған бірінші обаның биіктігі 3,5 м, диаметрі 60 м-ге жуық, ортасындағы диаметрі 30 м-ге жуық үлкен шұңқыры бар. Обаның ортасынан аумағы 7,5×7,5 м, тереңдігі 2,5 м қабір шұңқыры мен оңтүстік жағынан оған кіретін ұзын дәліз (ұзындығы 15 м) табылды. Қабір ішінен жалпақ темір семсер, үш қырлы ұңғылы қола жебе ұшы, жарты цилиндр тәрізді алтын бұйым табылды. Бұл заттар обаның көне екендігін, яғни б.з.б. 5–4 ғасырларда салынғанын көрсетеді. Сырт жағынан дәліздің басталар тұсынан орта ғасырларда жерленген 10 адамның қабірі аршылды. Олар қосымша затсыз көмілген. Сонымен қатар екінші кезеңге жататын үш түрлі жерлеу құрылысы зерттелді. Ең үлкені – қаланың шығыс бөлігі қам кірпіштен салынған. Сақталған диаметрі 38,5, биіктігі 8,4 м.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Шірік-Рабат
Шірік-Рабат - көне қаланың орны. Шамамен б.з.б. 4 - 2 ғасырлар және б.з. 10 - 13 ғасырлар аралығында өмір сүрген. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылынан (Жаңақала кеңшары) оңтүстік-батысқа қарай 100 км жерде, Жаңадария арнасының сол жақ жағалауындағы ең биік төбенің үстіне орналасқан.
1946 жылы Хорезм археологиялық және этнографиялық экспедиция (жетекшісі С.П.Толстов) тауып,
1948 - 49 жылдары қайта зерттеген.
1957 - 58 жылдары қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде екі жерлеу құрылысы, үлкен қоршау, көне қорған түбіндегі тұрғын үйдің бір бөлігі, қорғаныс қамалы мен мұнарасы және кейінгі ортағасырлық кезеңдегі Цитадельдің шағын бөлігі зерттелді.
2004 жылдан мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасына сай Шірік-Рабат археологиялық экспедиция (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) зерттеуді жалғастыруда. Төбенің аумағы 850x600 м, сопақша. Етегі екі қатар дуалмен және ені 30 - 40 м, тереңдігі 3 - 4 м ормен қоршалған. Қорғанға кірер қақпалар оңтстік мен батыс жағында. Қала бірнеше рет қайта тұрғызылған. Ең көне кезеңде (б.з.б. 4 - 3 ғасырлар) төбенің биік жеріне сол жерді мекен еткен патшалар жерленген 6 оба мен сыртын топырақтан үйген қорған салынған. Оңтүстік жағында жаугершілік кезде паналайтын және обаларды қорғаушылар тұрған бекініс-үйлер болған. Сәл кейінірек б.з.б. 3 - 2 ғасырларда қам кірпіштен өрілген үлкен сағана және бірнеше мазарлар мен жер асты катакомбалары салынған. Бірақ б.з.б. 2 ғ-да Жаңадария суының тартылуына байланысты қала өз тіршілігін тоқтатқан. Тек б.з. 9 - 13 ғасырлар аралығында өзен суы толысып, қайта жанданды. Қазба жұмыстары кезінде табылған жерлеу құрылыстары өте ерте заманда тоналған. Қазылған бірінші обаның биіктігі 3,5 м, диаметрі 60 м-ге жуық, ортасындағы диаметрі 30 м-ге жуық үлкен шұңқыры бар. Обаның ортасынан аумағы 7,5x7,5 м, тереңдігі 2,5 м қабір шұңқыры мен оңтүстік жағынан оған кіретін ұзын дәліз (ұзындығы 15 м) табылды. Қабір ішінен жалпақ темір семсер, үш қырлы ұңғылы қола жебе ұшы, жарты цилиндр тәрізді алтын бұйым табылды. Бұл заттар обаның көне екендігін, яғни б.з.б. 5 - 4 ғасырларда салынғанын көрсетеді. Сырт жағынан дәліздің басталар тұсынан орта ғасырларда жерленген 10 адамның қабірі аршылды. Олар қосымша затсыз көмілген. Сонымен қатар екінші кезеңге жататын үш түрлі жерлеу құрылысы зерттелді. Ең үлкені - қаланың шығыс бөлігі қам кірпіштен салынған. Сақталған диаметрі 38,5, биіктігі 8,4 м. Оның іші бір-біріне өтетін дәліздері бар төрт бөлмеге бөлінген. Олардың аумағы бірдей 6x6 м, ұзындығы 10 м, ені 1,7 м. Бөлменің іргелерінен бірқатар алтын әшекей бұйымдар табылды. Олардың ішіндегі бірнеше үш қырлы қола және темір жебе ұштары, темір пышақ, тотығып кеткен қанжарлар мазардың шамамен б.з.б. 4 ғасырдың аяғы немесе б.з.б. 4 - 3 ғасырлар аралығында салынғанын көрсетеді. Бұл жерде табылған аса бір құнды бұйым ауыр қаруланған жауынгер (катафрактарий) сауытының бір бөлігі. Осы темір пластиналар арқылы сақ-апасиак жауынгерінің сауытын жаңғыртуға мүмкіндік туды. Зерттелген екінші мазар кішірек шаршы (19,5x19 м) бейнелі, сыртқы қабырғасының қалыңд. 5 - 5,5 м, қам кірпіштен соғылған. Табылған темір садақ ұшы мен керамика сынықтары бұл мазардың шамамен б.з.б. 3 - 2 ғ-ларда салынғанын көрсетеді. Жерлеу құрылыстарының үшінші түрі қаланың нақ ортасындағы үлкен обалар арасындағы ашық алаңнан табылды. Жер үстінде диаметрі 18 - 20 м, тереңдігі 0,5 м-ге жететін таяз шұңқырлар байқалып, соның екеуі зерттелді. Біріншісінде тереңдігі 5 м-ге жуық төртбұрышты қабір шұңқырының шығыс және батыс жағынан катакомбаға ұқсас жерлеу камералары салынып, аузын қам кірпіштермен өріп бекіткен. Ішінен үш адамның сүйегі табылды. Оның бірі белінде белбеуі, оған ілінген ұзын темір семсері мен пышағы бар ер адам, одан әрі іргеге қарай бір әйел және ер адам бірінің үстіне бірі қойылыпты. Бәрі де қымбат бұйымдармен әшекейленіп жерленген. Сондай-ақ оба ішінен тас, алтын моншақтар, жапсырмалар, т.б. табылды. Олардың ең құндысы - жауынгердің бас жағына қойылған керамика ыдыстың бүйіріндегі бес таңбадан тұратын жазу мен шебердің өзіндік белгісі. Бұл жазу Сыр бойынан табылған б.з.б. 4 - 2 ғ-лардағы ең көне жазу үлгілерінің бірі. Әлі оқылмаған. Дегенмен, көне соғды және Есік обасынан табылған жазуларға ұқсас. Қалған қабірлер түгел тоналған, қабірдегі адам сүйектері мен заттар шашылып қалған. Шірік-Рабат қазбалары Тұран ойпатын б.з.б. 1-мыңжылдықта мекендеген сақ, массагет тайпаларының мәдениеті мен шаруашылығының Оңтүстік Хорезм, одан арғы Ахемен әулеті билеген парсы елдерімен тығыз байланыста өрбіп, аса жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. Қазіргі кезде көп бөлмелі үйдің 300 м2 алаңы аршылған. Қазылған жерден төрт бөлме шықты. Олардан әр түрлі деңгейде хумдар, көзелер, құтылар, сырты мен іші шыны бояумен сырланған ыдыс сынықтары, ошақ, тандыр және ташнау табылды. Бұл заттардың жасалу мерзімі шамамен 9 - 12 ғасырлар
Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы
КСРО Ғылым Академиясының Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (ХАЭЭ) өз жұмысын 1937 жылы Амудария бойындағы хорезм өркениеті ескерткіштерін зерттеуден бастаған. 1946-1990 жж. аралығында ХАЭЭ Сыр өңірінде жан-жақты археологиялық зерттеулер жүргізіп, Сырдың төменгі ағысы бойынан неолит дәуірінен бастап, қола, темір, ортағасырлық кезеңдерге жататын жүздеген ескерткіштерді ашты.
Жанкент археологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақ дәуіріндегі ескерткіштерге археологиялық зерттеулер
Сақ, массагет, сарматтардың көне қалалары
Тәуелсіздік жылдарындағы жаңа зерттеулер
Сақ мәдениеті темір дәуірі
Сырдарияның ежелгі Солтүстік арналары бассейндерінің ескерткіштерінде
Сыр өңірінің ертедегі қалаларының тарихын жазба, қазба деректері негізінде зерттеу
Қазақстанда металлургияның дамуы
Алыс замандар да өткен бабаларымыздың өмір тіршілігі
XX ғасырдағы Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің зерттелуі мен қазба жұмыстары
Қызылорда қаласы
Пәндер