MS Word –мәтіндік редакторы туралы ақпарат



1. Кестелердi құру.
2. Құжатқа графикалық объектiлер енгiзу.
3.Құжатты баспаға шығару.
Word мәтіндік редакторы жұмыс кезiнде реттелген ақпаратты жиі пайдаланамыз. Осындай реттелген, ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады. Кез келген кесте қатарлар мен бағаналардан тұрады, оларға мәтiн немесе сурет орналастыруға болады. Кесте құру үшін:
1)Стандартты саймандар тақтасындағы Кесте қосу батырмасы – экранда көрінген терезеде жол, баған сандарын таңдап, жылдам кесте құру;
2)КестеКесте сызу командасы – құжатқа кестені қолдан сызу. Ең алдымен сыртқы шекаралары сызылады, содан соң жеке ұяшықтарға бөлеміз;
3)КестеКесте қосу командасы – шыққан сұхбаттық терезеде қажетті баған және қатар сандарын көрсету арқылы кесте құру.
Нұсқасы салынған кестелердi толықтыра отырып өңдеу iсi Кесте (Таблица) мәзірi арқылы орындалады. Оның құрамында кестеге қосымша бағаналар немесе қатарлар қосатын, екi бағананы (қатарды) бiрiктiретiн, қажет емес бағаналарды (қатарды) алып тастайтын, мәлiметтердi сұрыптайтын т.б. командалар бар (8-сурет).

8-сурет.КестеКесте қосу (ТаблицаДобавить таблицу) командасы.

Бұл мәзірдiң ең бiр жақсы мүмкiндiктерiнiң бiрi – алдын ала терiлген мәтіндердi кестеге түрлендiру(Преобразовать в таблицу…) және керісінше. Ол үшiн терiлген мәтіннiң бағанаға бөлiнетiн аралықтарына кестелеу таңбасы орналастырылады. Ол таңбалар мәтін iшiнде қайталанбайтын тыныс белгiлерi немесе басқа таңбалар (табуляция таңбасы) болуы мүмкiн. Көбiнесе бағана аралықтары ;, : немесе табуляция () таңбаларының бiрiмен бөлiнiп тұруы тиiс. Сонан соң кестеге түрленетiн мәтін аумағын ерекшелеп аламыз да, КестеКестеге түрлендiрукомандасынорындаймыз. Сол сәтте бағана саны мен олардың аралығын бөлу таңбасын көрсетудi талап ететiн сұхбаттық терезесi экранға шығады (9-сурет). Бұл терезедегi бағаналар саны автоматты түрде анықталады, ал бөлу таңбасын (разделитель) өзiмiз енгiзумiз немесе таңдап алуымыз қажет.
1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – Пресс – книга», 2003г.
2. Симонович С. В. И др. «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -2001г.
3. Фигурнов В.Э. «IBMPC для пользователя», Москва, ИНФРА-М, -1998г., изд.7.
4. Е.К.Балапанов, Б.Бурибаев «Новые информационные технологий. 30 Уроков по информатике», Алматы, 2001г.
5. А.В.Андреев, И.Б.Беккерман, В.И.Гриднев «Основы информатики и вычислительной техники», «Феникс», 2002г.
6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г.
7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г.
9. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004.
10. О.Камардинов «Информатика»I, II том. Алматы, 1994г.
11. Қ.А.Ахметов, Б.Д.Шарипова, Г.К.Ордабаева, А.А.Тенгаева «Информатика», Алматы, 2007ж.
12. «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық» Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж.

Тақырыбы: MS Word - мәтіндік редакторы.

1. Кестелердi құру.
2. Құжатқа графикалық объектiлер енгiзу.
3.Құжатты баспаға шығару.

1. Кестелердi құру.
Word мәтіндік редакторы жұмыс кезiнде реттелген ақпаратты жиі пайдаланамыз. Осындай реттелген, ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады. Кез келген кесте қатарлар мен бағаналардан тұрады, оларға мәтiн немесе сурет орналастыруға болады. Кесте құру үшін:
1)Стандартты саймандар тақтасындағы Кесте қосу батырмасы - экранда көрінген терезеде жол, баған сандарын таңдап, жылдам кесте құру;
2)КестеКесте сызу командасы - құжатқа кестені қолдан сызу. Ең алдымен сыртқы шекаралары сызылады, содан соң жеке ұяшықтарға бөлеміз;
3)КестеКесте қосу командасы - шыққан сұхбаттық терезеде қажетті баған және қатар сандарын көрсету арқылы кесте құру.
Нұсқасы салынған кестелердi толықтыра отырып өңдеу iсi Кесте (Таблица) мәзірi арқылы орындалады. Оның құрамында кестеге қосымша бағаналар немесе қатарлар қосатын, екi бағананы (қатарды) бiрiктiретiн, қажет емес бағаналарды (қатарды) алып тастайтын, мәлiметтердi сұрыптайтын т.б. командалар бар (8-сурет).

8-сурет.КестеКесте қосу (ТаблицаДобавить таблицу) командасы.

Бұл мәзірдiң ең бiр жақсы мүмкiндiктерiнiң бiрi - алдын ала терiлген мәтіндердi кестеге түрлендiру(Преобразовать в таблицу...) және керісінше. Ол үшiн терiлген мәтіннiң бағанаға бөлiнетiн аралықтарына кестелеу таңбасы орналастырылады. Ол таңбалар мәтін iшiнде қайталанбайтын тыныс белгiлерi немесе басқа таңбалар (табуляция таңбасы) болуы мүмкiн. Көбiнесе бағана аралықтары ;, : немесе табуляция () таңбаларының бiрiмен бөлiнiп тұруы тиiс. Сонан соң кестеге түрленетiн мәтін аумағын ерекшелеп аламыз да, КестеКестеге түрлендiрукомандасынорындаймыз. Сол сәтте бағана саны мен олардың аралығын бөлу таңбасын көрсетудi талап ететiн сұхбаттық терезесi экранға шығады (9-сурет). Бұл терезедегi бағаналар саны автоматты түрде анықталады, ал бөлу таңбасын (разделитель) өзiмiз енгiзумiз немесе таңдап алуымыз қажет.

9-сурет. КестеТүрлендiруМәтінді кестеге түрлендіру командасы.

Тор сызықтары кесте ұяшықтарының мөлшерiн белгiлеп көрсету үшiн қолданылады. КестеТорды бейнелеу (ТаблицаОтображатьсетку) командасы тор сызықтарын бейнелеп көрсетуге, алКестеТорды жасыру (ТаблицаСкрытьсетку) командасы тор сызықтарын жасыруға мүмкiндiк бередi. Бұл команда ауыстырғыштар тобына жатады, яғни оны бiрiншi рет орындау нәтижесiнде экраннан тор сызықтары алынып тасталса, команданы қайтадан орындау - тор сызықтарын қайтадан экран бетiне шығарады.
Wordқұжаттарында барлық кесте қатарлары мен бағаналары жiңiшке қара сызықпен бөлiнiп тұрады. Кесте ұяшықтарында мәтiннен бөлек ұяшық символы және қатар символы белгiлерi болады, олар қағазға түспейдi, экранда тек арнайы режимде ғана көрiнiп тұрады. (10-сурет).

10-сурет.Кесте бөлiктерiн өзгерту.
Word редакторында кестелердi өңдеудiң көптеген мүмкiндiктерi - ұяшықтағы мәлiметтердiң орнын ауыстыру және көшiрмелерiн алу, торлардың биiктiгi мен енiн өзгерту т.б. бар. Ол үшiн кестелердiң өңдеуге арналған белгiлi бiр бөлiктерiн алдын ала таңдап алу, яғни ерекшелеу қажет.
Кесте мәзірiндегi Кесте қасиеті (Свойства таблицы) командасы Кесте (Таблица), Қатар (Строка), Баған (Столбец) және Ұяшық (Ячейка) ішкі бөлімдерінен тұрады. Бұл команданың көмегiмен бағаналар енi мен биiктiгiн өзгертуге болады. Экран бетiне шыққан сұхбаттық терезеде қажеттi параметрлер енгiзiледi.Осы тәсiлмен бағана енiн өзгерту үшiн:
1)Енi өзгертiлетiн бағананы белгiлеу керек;
2)Кесте мәзірiндегi Баған (Столбец) ішкі астарлы бетiн ашу қажет;
3)Еннiң нақты сандық мәнiн "Бағана енi" өрiсiне енгiзу немесе оның мәлiметiне сәйкес еннің өлшемін орнатамыз (11-сурет);

11-сурет. Кесте мәзірінің Бағана астарлы беті.

Дәл осылай кестенің қатарының биіктігін де өзгертуге болады.
Кесте құрылған соң оның құрылымын оған қатарларды және бағаналарды енгiзу жолымен немесе олардың кейбiрiн өшiре отырып өзгертуге болады. Кесте құрылымына енгiзiлетiн бiрнеше өзгертулердi - Кесте мәзірiндегi Енгiзу (Вставить) және Жою (Удалить)командалары арқылы орындай аламыз. Оның нақты түрi команданы шақырмас бұрын кестенiң қандай элементтерi (ұяшықтар, қатарлар немесе бағаналар) таңдап алынғанымен анықталады.
Кестедегi қатар немесе бағананы алып тастау үшiн:
1. Жойылуға тиiс элементтердi белгiлеп аламыз;
2. Кесте мәзірiнiң Қатарларды жою немесе Бағаналарды жою командаларының бiрiн орындау керек.
Кесте iшiндегi мәлiметтi ғана (қатар немесе бағана жойылмайды) өшiрiп тастау үшiн өшiрiлуге тиiс мәлiметтердi белгiлеп алып Delпернесiн басу керек.
Қатарлардынемесебағаналардықосымшае нгiзуүшін қатардынемесебағананыбелгiлепаламыз даКестемәзірiнен "Қатарлардықосу" (Добавитьстроки) немесе "Бағаналарқосу" (Добавитьстолбцы) командаларының бiрiнтаңдаймыз немесе стандартты саймандар тақтасынан осы командаға сәйкес батырмаларды ( немесе) бассақ та болады.
КестеҚатарлардыенгiзу(Добавитьстрок и) командасынтаңдағандажаңақатарағымда ғықатарданжоғарықосылады, алодантөменорналасқанқалғанбарлыққа тарлартөменқарайжылжиды. Бағананықосубарысындажаңабағанаағым дағыбағананыңсолжағынақосылады.
Егер кесте соңына жаңа жол қосу қажет болса, онда курсорды кестенiң соңғы ұяшығына алып барып Tab пернесiн басамыз.
Бағананың оң (сол) жағына қосымша бағана енгiзу үшiн ұяшыққа курсорды орналастырыпКестеКірістіруБағана оң жақтан (Бағана сол жақтан)командасынтаңдау жеткiлiктi.
Егеркестесоңынатағыбiрнешебағаналар қосуқажетболса, ондаТүзетуБағандарды кірістіруді қайталаукомандасынқайталаймызнемесе F4пернесiнқаншабағанақосқымызкелсе, соншаретбасамыз.
Кестесоңынабiрденбiрнешебағаналарды қосуүшiнкестенiңоңжағынанбастап, қажеттібағананыбелгiлепаламыздаКірі стіруБаған оң жақтан (Баған сол жақтан)командасынорындаймызнемесеса ймандарпанелiндегiбатырмасынбасамыз .Нәтижесiндебағаналардыңқажеттiсаны қосылады, бiрақоларкестенiңортасындаорналасат ынболады.Мұнанкейiнкестенiңсоңындао рналасқанбағаналардықайтаданбелгiле п, олардыңмәлiметiнкеректiорнынажылжыт уқажет.
Қатарларды (немесебағаналарды) жоюүшiн, солэлементтердiтаңдапаламыз, соданкейiнКестеЖоюҚатарлар немесе КестеЖою Бағандар командасын орындаймыз.КестеЖоюҚатарлар командасын орындау нәтижесiнде таңдап алынған қатарлар жойылады, ал одан төменде орналасқан қатарлар жоғары жылжиды. Бағаналарды жою барысында жойылған бағаналардың оң жағында орналасқан барлық бағаналар солға қарай жылжиды.
Егер бірнеше ұяшықтарды біріктіру қажет болса, сол ұяшықтарды белгілеп алып КестеҰяшықтарды біріктіру (ТаблицаОбъединить ячейки) командасын орындаймыз немесе стандартты құрал-саймандар тақтасындағы батырмасын басамыз. Ал егер бір ұяшықты бернеше бағанға бөлу қажет болса, ұяшықты белгілеп алғаннан соң Кесте Ұяшықтарды бөлу (ТаблицаРазбить ячейки) командасын орындаймыз немесе стандартты құрал-саймандар тақтасындағы батырмасын басамыз.
Егер де ұяшықты мәлiметтен тазарту қажет болса (яғни ұяшықты жоймай-ақ оның iшiндегiсiн жою), онда ұяшықтардағы мәлiметтердi белгiлеп аламыз да Delнемесе Backspace пернесiн басамыз.

2. Құжатқа графикалық объектiлер енгiзу.

Қарапайым графикалық элементтердi (түзу сызық, қисық сызық, дөңгелектер, iшi боялған, боялмаған көпбұрыштар, т.б. геометриялық фигураларды) Word құрамындағы графикалық редактордың көмегiмен салуға болады. Сурет салатын элементтермен тек редактордың беттердi белгiлеу (разметка страницы) режимiнде ғана жұмыс iстеуге болады. Әртүрлi геометриялық фигураларды сызу үшiн Сурет (Рисование) саймандар тақтасы пайдаланылады. Бұл саймандар тақтасы сурет салуға және графикалық объектiлердiң барлық түрiн басқаруға, форматтауға арналған. Саймандар тақтасын экранға шығару үшiн Түр Сурет (Рисование) командасын орындаймыз немесе стандартты саймандар тақтасындағыбатырмасын шертемiз (12-сурет).

12-сурет. Сурет (Рисование) командасының саймандар тақтасы.

Кәдiмгi түзу сызықты сызу үшiн Сурет саймандар тақтасындағы Сызық батырмасын шерту керек. Егер сызықтың түрiн таңдау қажет болса Автофигуралар батырмасын шертiп, қажеттi сызық түрiн көрсеткеннен кейiн курсорды жұмыс алабында жылжыта отырып, таңдаған сызықты саламыз. Сызықтың иiлу бұрышы 15 градусқа қысқару үшiн курсорды жылжыту кезiнде SHIFT пернесiн, ал сызық бастапқы нүктеден екi жаққа бiрдей сызылу үшiн CTRL пернесiн басулы күйде ұстау қажет.
Дөңгелектер мен эллипстердi салу үшiн эллипс бейнесi тұрған батырманы басып курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, эллипстi қажеттi мөлшерге дейiн үлкейту керек. Осы әрекеттi орындау кезiнде эллипс центрi де жылжытылып отырады, оны бiр нүктеге бекiтiп алу үшiн салу кезiнде Ctrlпернесiн басып ұстап тұрамыз. Шеңбер салу кезiнде Shift пернесiн жiбермей ұстап тұру керек, оның да центрiн жылжытпай бекiту мақсатында Ctrl жәнеShiftпернелерiнiң екеуiн де жiбермей ұстап тұруға болады.
Тiктөртбұрышты тұрғызу үшiн алдымен оның бейнесi тұрған батырманы басып, содан кейiн курсорды тiктөртбұрыш төбелерiнiң бiрiне сәйкес келетiн нүктеге апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жiбермей ұстап тұрып тiктөртбұрышты толық етiп салу керек. Ctrlпернесiн басып тұрып тiктөртбұрыштың центрiн белгiлi бiр орынға бекiтуге болады. Ал квадрат салу барысында Shiftпернесiн басулы күйде ұстап тұру қажет.
Салынған объектілерді өз қалауымыз бойынша түстермен бояу үшін саймандар тақтасынан батырмасын шерту арқылы қажетті түсті таңдаймыз (13-сурет).Мысалы:

13-сурет. Объектілерді бояу.

14-суретте көрсетiлген кез келген фигураны Автофигуралар батырмасыншертiп, қажеттi фигураны таңдаған соң экранда тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде жылжыту арқылы сала аламыз.

14-сурет. Автофигуралар батырмасы.

Ал Жұлдызшалар және ленталар (Звезды и ленты) тiзiмiнен суретте көрсетiлген бейнелердi экранға шығара отырып, көлемiн ұлғайтып iшiне мәтiн жазу мүмкiндiгi бар.
Түсiндiрмелер (Выноски)тiзiмiндегi фигураларды пайдаланып, кез келген суреттi немесе кестенi т.б. нұсқай отырып түсiндiрме жазуға болады.
Блок-схемалар тізімінде алгоритмді блок-схема түрінде бейнелеуге қажетті фигуралар тізімі көрсетілген.
Фигуралы бағыттауыштар (Фигурные стрелки) тізімінен әр түрлі бағыттағы фигуралық бағыттауыштарды алуға болады.
Негізгі фигуралар (Основные фигуры) тізімінде әр түрлі негізгі геометриялық фигуралар тізімі келтірілген (тіктөртбұрыш, параллелограмм,трапеция және т.б.).
Біріктіруші сызықтар (Соединительные линии) тізімінде үш түрлі біріктіруші сызықтар бар: тік,біріктірілген және қиғашталған сызықтар (15-сурет).

15-сурет. Біріктірушісызықтар.

Автофигураларды таңдап болғаннан соң объектіден объектіге дейінгі байланыс көк түске боялады. Бұл түс қай жерге байланыстың қажет екендігін көрсетеді.
Суретсаймандар тақтасында Қисықты сызу үшiн АвтофигураларСызықтар (АвтофигурыЛинии) командасын орындап, Қисық батырмасын таңдаймыз да сызықты бастайтын орында тышқанның сол жақ батырмасын бiр рет шертемiз, одан кейiн курсорды жылжыта отырып келесi ұштары тұратын жерлерде шертемiз. Қисықты тұйықталмаған күйiнде қалдыру үшiн оның кез келген нүктесiнде тышқанды екi рет шертемiз. Ал тұйықтау үшiн тышқан батырмасын сызық басталған нүктеде екi рет шертемiз (16-сурет).

16-сурет. Автофигуралар батырмасының
көмегімен енгізілген қисықтар.

Сондай-ақ, Сурет саймандар тақтасында орналасқан Автофигуралар мәзірiндегi Салынған қисық (Рисованная кривая)жәнеКөпсызық (Полилиния) саймандарының көмегiмен әртүрлi сызықтар және бiрiктiрiлген формалар салуға болады. Салынған сызықты өзгерту үшiн, суретте тышқанның сол жақ батырмасын екi рет шерту арқылы белгiлеп алған соң жанама мәзірдiң Түйiндердi өзгертудi бастау (Начать изменение узлов) командасын қолданамыз. Түзу және қисық сызықты кесiндiлерден тұратын объектiнi салу үшiн АвтофигураларСызықтарКөпсызықтарбат ырмаларын шертемiз. Қисық сызықты кесiндiлердi тасымалдау жолымен салған өте тиiмдi.
Word мәтiн редакторында жақтау мен жақтау iшiндегi мәтiн "графикалық объект" ретiнде қарастырылады - яғни оны бiр беттен екiншi бетке графикалық объектiлер сияқты тасымалдауға, өлшемiн өзгертуге болады. Жақтау iшiне мәтiн енгiзу үшiн:
1)ЕнгiзуЖақтаудағы жазба (ВставкаНадпись) командасын орындаймыз немесе Суретсаймандар тақтасындағы батырмасын шертуқажет;
2)Тышқан курсорын Жақтау тұратын жерге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйiнде жылжыта отырып, тiк төртбұрышты жақтауды салғаннан кейiн қажеттi мәтiндiiшiне терiп жазамыз.
3)Жақтауды және оның iшiндегi мәтiндi форматтау үшiн, оны белгiлеп алып жанама мәзірден Жазбаның форматы... (Формат надписи...) командасын орындағанда ашылған сұхбаттық терезесiн пайдаланамыз. (17-сурет).

17-сурет. Жазбаның форматы... (Формат надписи...) командасы.

Бұл сұхбаттық терезе Түстер және сызықтар, Өлшемi,Орналасуы, Сурет, Жазба және Веб астарлы беттерiнен тұрады. Мұнда:
а)жақтау iшiнiң түсiн және шекара сызығының түрiн, қалыңдығын таңдай аламыз;
ә)жазбаның биiктiгi мен енi бойынша өлшемiн;
б)абзацтан, парақ шетiнен, бағанадан горизонталь және вертикаль бойынша орналасуын анықтай және өзгерте аламыз;
в)мәтiннiң орналасуын таңдай аламыз..
Жақтау iшiне жазылған мәтiннiң мүмкiндiктерi:
1.құжаттың бiр бөлiгiнен басқа бөлiгiне тасымалдауға болады;
2.Сурет саймандар тақтасындағы батырмалардың көмегiмен форматтауға болады. Бұл кезде көлемдi эффектiлер, көлеңкелер, шекаралардың түстерi мен стильдер және iшiн бояу батырмалары қолданылады;
3.Форматмәзірiндегi Мәтiннiң бағыты (Направление текста) командасын пайдалануға болады;
4.Мәтiнге енгiзiлген немесе салынған объектiлермен топқа бiрiктiруге және осы топқа қолданылатын барлық командаларды пайдалану мүмкiндiктерi бар.
Word құрамындағы графикалық редактордың көмегiмен кез келген элементтi тiк немесе көлденең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MS Word бағдарламасын оқытудың әдістері
Мәтіндік программаның жұмыс терезесі
Microsoft Office Word мәтіндік редакторы
Windows жүйесінің стандартты программалары туралы
ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМАНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Мәтіндік процессор MS Word
Экранда Word құжатын көрсету режим
Информатика пәні бойынша сыртқы бөлімге арналған тапсырмалар жинағы
Информатика пәнінен дәрістер тезистері
Windows операциялық жүйесі туралы
Пәндер