Патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық негіздері.

Әрбір ғылымның негізгі бұтағы әдіснама екенін ескере отырып, мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін айқындау барысында философтар, психологтардың, педагогтардың берген ғылыми тұжырымдары біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамасын ашуға негіз болды. Патриоттық тәрбиенің әдіснамалық негізін ашуда тарихи-педагогикалық тұрғыда талдау жасай отырып, мәдениеттану, аксиологиялық және өркениеттілік тұрғысынан айқындауға жағдай жасалды.

Мәдениеттану тұрғысынан қарастыратын болсақ, ұрпақтан - ұрпаққа ерлік және жауынгерлік дәстүрлер ұлттық патриотизмнің негізі болып табылады. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар болып саналады. Түркі халқына тән қасиет бұл - ерлік. Қазақ деген ұғымның өзі ер, ерлік деген мағынаны береді.

Аксилогиялық тұрғысынан келетін болсақ, патриоттық қасиет бұл адамгершілік тәрбиенің негізгі бір тармағы, адам бойындағы негізгі құндылықтар болып табылады. Халқымыздың бойындағы патриоттық құндылық ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарастыруға болады. Көне түркі заманнан бастау алған патриоттық құндылық Құлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: «Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Құлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді». Патриоттық құндылық ана сүтімен даритын ең киелі ұғым екенін түсінеміз.

Ғылыми деректерге зер салатын болсақ, патриотизм ұғымы XV ғасырдың басында француз халқының ұлттық батыры Жанна д'Арк ұлтының тәуелсіздігі үшін басқыншылармен күресіп, өз Отанының дербестігін сақтап қалуды көздеген ұлы жеңістің нәтижесінде пайда болды десек, артық айтпаған болар едік. Басқа да елдердегі патриотизм де француз еліндегідей сырттан келген жаулап алушыларға, әр түрлі жаман пиғылдарға қарсы күрес тұрғысынан сипатталады.

Патриотизмнің әдіснамалық негізін айқындауға психологиялық, философиялық, педагогикалық тұрғысына зерттеу барысында әр кезеңде туындаған патриотизм ұғымына талдаулар жүргіздік.

Алыс және жақын шет елдердегі патриотизм ұғымына берілген анықтамалардың классификациясы.

Анықтамалар
Алынған әдебиет көзі
Анықтамалар: «Менің патриоттық сезімін ірбіт сандығындай («матрешка» сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл аймақ, ел -жүртымды, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін», - деген екен.
Алынған әдебиет көзі:

Ш. Уалиханов.

Таңдамалы шығармалар жинағы

Анықтамалар: Патриот - Отан сүйетін, оның байлығын қорғайтын, отансүйгіш, отаншыл азамат.
Алынған әдебиет көзі: Даль В. И. Толбковский словарь живого великорусского языка. -М, 1956-Т. З. -С. 24.
Анықтамалар: Патриотизм - адамгершілік және саяси
принцип, сезім, оның мазмұны - Отанға
сүйіспеншілік, оған адалдық, оның
өткенімен қазіргісіне деген мақтаныш,
Отан мүддесін қорғауға құлшылық.
Патриотизм адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі.
Алынған әдебиет көзі: Философиялық сөздік. Алматы. 1996. -335-6.
Анықтамалар: Патриотизм өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік пролетарлық интерна-ционализммен берік байланысқан.
Алынған әдебиет көзі:

Педагогикалық сөздік. АПН ССРО. Т. И-М, 1960-С. 86.

Анықтамалар: Патриотизм - Отанға, туған жерге, өзінің
Алынған әдебиет көзі: Педагогикалық энциклопедия.
Анықтамалар: мэдени ортасына деген сүйіспеншілік. Патриотизм дегеніміз (грек. Раігіоіез -отандас, раігіо - отан, туған жер) «Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жү_мсау, туған жерін, ана тілін, елдің эдет - ғүрпы мен дэстүрін құрмет түлу сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды», - деп атап көрсетеді.
Алынған әдебиет көзі: Қазақ совет энциклопедиясы. Педагогикалық энциклопедия. Қазақ совет энциклопедиясы
Анықтамалар: «Патриотизм - Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды, жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен жэне болашағымен қарым - қатынасты білдіреді».
Алынған әдебиет көзі: Б. Момышүлы «Қанмен жазылған кітап».
Анықтамалар: Патриотизм әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір әрекет бейнесінде жэне қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтығында көрініс беретін, балаларының Отан анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық жэне адамгершілік принцип.
Алынған әдебиет көзі:

Бабанский Ю. К.

І

Педагогика. М. Просщение, 1983.

Анықтамалар: Социалистік патриотизмге өзінің социалистік Отанына, оның мәдениетіне,
Алынған әдебиет көзі: Лихачев Б. Т. Педагогика. Курс лекций. -М: Прометей, Юрайт,
Анықтамалар: дәстүріне деген шексіз сүйіспеншшік, социализм жеңістеріне деген мақтаныш, өз мемлекетінің экономикалық жэне саяси қуатын арттыруға бағытталған элеуметтік белсенділік, Отанын, оның бостандығын, тәуелсіздігін аянбай қорғауға даяр болу тән.
Алынған әдебиет көзі: 1998-4646
Анықтамалар:

Патриотизм - тұлғаның бойындағы Отан
үшін қызмет етуге дайын, шын берілген,
Отанға деген сүйіспеншілік қасиеті.
Патриотизм өз Отанына және

отандастарына сүйіспеншілік және құрмет мұраты, ал интернациолизм басқа халықтар мен елдерге деген құрмет пен бірлік мұраты.

Алынған әдебиет көзі: Сластенин В. А. Кашарин В. П. Психология и педагогика. -М: АСАДАМА, 2003-С278.
Анықтамалар:

Патриотизм - адамның туа біткен,

биологиялық қасиеті емес, ол

әлеуметтік, тарихи қалыптасқан Отанға

деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден көрінеді.

Алынған әдебиет көзі:

Құсайынова Д. С. Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу:

Пед. Ғылым. канд. дисс. -Алматы, 1999-1356.

Жоғарыда берілген анықтамаларды сараласақ, әр кезеңде де патриотизм ұғымы Отанға деген сүйіспеншілік тұрғысынан қарастырылады. Бүгінгі жаһандандыру процесі тұрғысынан алатын болсақ, патриотизм ұғымы халықтар мен ұлттардың өз Отанына, мемлекетіне деген сүйіспеншілігімен қатар, әлемдік дамудың тыныштығы мен бейбітшілігін сақтау үшін барлық күш-жігерін жұмсау.

Қазақ тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына, тұрмыс - тіршілігіне байланысты патриот халық екенін айқын

аңғаруға болады. Бұны қазақтың түңғыш ғалымдарының бірі Ш. Уалиханов жақсы зерттеген және өзінің патриотизмге берген ғылыми тұжырымдамасында жақсы берілген. Біз бұл тұжырымнан патриотизм отбасынан бастау алып, әулет, тумаластарға деген сүйіспеншіліктен барып халыққа деген махаббат және сол кездегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі Ресейді атап көрсетуді де патриотизмнің халықаралық мәдени қатынастардың да негізі екенін көрсетеді.

Қазақстан халқының бойындағы патриотизм рухын жетілдіруде ел президентінің «үлттың болашағына, оның өзіндік «Мен» дегізерлік қасиеттерін сақтау мүмкіндіктеріне сеніммен қарау, - дей келе, ұлттық әрекеттің аясын үш түрлі фактор тұрғысынан, бірінші - ұлттық бірігу (интеграция), екінші - қазақтың ұлттық тұтастануы, үшінші - ұлттың жасақталу үрдісінде өзінің рөлі мен қызметін айқын сезінулері қажет», -деген сөзі Қазақстандағы негізгі идеология - ұлттық бірлік, экономикалық, әскери, ақпараттық дербестікті сақтауда негізгі орын алары сөзсіз.

Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыру.

«Отан - отбасынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі - Отан мен ел мүддесі. Әрбір бала бір отбасының ғана емес, күллі қоғамның келешегі, көктем, бүршік атар гүлі екені жадымыздан әсте шықпағаны абзал.

Бір сәт «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналық сөздің мәніне үңілсек, бала тәрбиесіне балалық шағынан - ақ көңіл бөлу міндеті тұрғанын аңғару қиын емес.

Қазақ елін сыртқы жаудан аман сақтау үшін жанын аямай күрескен, халқымызға бағыт - бағдар беріп отырған Қазыбек бидің: «Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз, - деп қазақ елінің ешкімге соқтықпай, жанын арының садағасы» деп адамгершілік рухтың туын биік ұстағанын жырласа, XX ғасырдың өр ақыны Ж. Молдағалиев:

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тілімен, - деп еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін өз ұлтының мәрттігін басқаларға таныта отырып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың даналық, ерлік істерін асқақтата дәріптейді.

Адам баласына патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрибесі мен бала-бақшадан басталуы айқын.

Еліміздің тәуелсіздік алғаны жас ұрпақ бойында патриоттық сананы

қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс - әрекет ұйымдастыру, отбасы,

бала-бақша мен мектептердегі оқу тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беруді жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Сондықтан жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде бұрынғы тәжірибе мен бүгінгі практиканы және болашақ жоспарларды байланыстыру қажет. Сонда ғана ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыруға қол жетеді. Ұлттық патриотизм - жеке тұлғаның өз халқына деген сүйіспеншілігі.

Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы жас ұрпақты

сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа баулу - тәрбиенің ең басты міндеттерінің бірі.

Аталған мақсаттағы күш - жігер бірінші кезекте бүлдіршіндердің санасына отаншылдық сезім қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Отан деген ұғым балаға жарық дүние есігін ашқан үйі, ата - анасы, ағайын - туыстары, туған жері, өзен - көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де, құдіретті алтын бесік ретінде танылуы керек.

Курстық жұмыстың объектісі: әскери патриоттық тәрбие.

Мектеп жастарын әскери қызметке даярлауда бұл пәннің бірден - бір тиімді екенін тәжірибе көрсетіп келеді. Қазір Армия мен флотта сауатты, шыныққан, ширақ, әскери өнердің негізін білетін жастар қызмет ететін болды. Сондықтан да олардың көпшілігі қысқа мерзім ішінде-ақ жауынгерлік мамандықты меңгеріп, жауынгерлік жэне саяси дайындықтың үздігі болып жүр. Соңғы жылдары әскери мамандыққа әуестігі күшейіп, орта мектепті бітіргеннен кейін мыңдаған жастар әскери учелищелерге түсуге, офицер болуға тырысуда.

Республика мектептерінде бұл пәннен сабақ беретін мыңдаған әскери жетекшілердің бәрі дерлік - әскери өнерді жетік білетін запастағы офицерлер.

Жастарды әскери қызметке даярлаудың сапасы республика мектептерінде жыл сайын айтарлықтай жақсарып келеді.

Әскери патриоттық тәрбиенің табысты болуы, әрине, мектептегі әскери жетекшінің өз міндетін саналы орындауына байланысты.

Курстық жұмыстың пәні : Патриоттық тәрбие.

Патриотизм ұғымын талдай келе ол «патриотизм дегенде, әуел бастан-ақ туған жерін, ана тілін, елдің әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін құрметтеп, қастерлеген. Бұл патриоттық сезім ерте заманнан-ақ қалыптасқан. Мұның терең мағынасына ұлтжандылық жатады» деп көрсетеді.

Патриотизм Отанға, туған жеріне, өзінің мәдени ортасына деген сүйіспеншілік болды. «Патриотизм - дегеніміз (грекше раігіоіез - отандас,

раігіо - отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілігін, бойындағы күш -қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет - ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастады», - деп атап көрсетеді.

Әскери - патриоттық тәрбие бастамасы.

Мектептерде патриоттық тәрбие алғашқы әскери әзірлік пәнімен табиғи байланыста жүргізіледі. Пән дербестігінің қай - қайсысы болса да мектеп түлектерін қатаң тәртіп, шашаусыз ұйымшылдық, білімге деген құштарлық оятып жасы толғаннан кейін еліміздің Қарулы Күштері қатарында азаматтық парызын адал атқаруға даярлықтарын күшейтуде.

Әдетте әскери - патриоттық тәрбие мектеп есігін алғаш ашқан бөбек бойына тәртіп нышандарын орнықтырудан басталады. Ошақ басында әке -шешенің шексіз сүйіспеншілігіне арқаланып еркін де ерке өскен бала мектепке келгеннен кейін үйірге қосылады, коллектив ырқына көндіруге тура келеді, ол өз құрбыларының сапына тұрып, қоғамдық пайдалы істерді ортақтаса атқарады, оған белгілі міндеттер жүктеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның қалыптасу философиялық негізі
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
Оқушылардың ұлттық келбетін қалыптастырудағы Қазақстандық ғалымдардың патриоттық мәселелерге байланысты ой-пікірлері
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың үлгісі
Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
ОҚУШЫЛАРҒА ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада оқитын студенттердің тұлғасын қалыптастыруда халықтық педагогика элементтерін пайдалану
Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz