Әлеуметтік педагогика


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

1 - дәрісбаян

Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

1. Кіріспе.

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

Оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы экономикалық, әлеуметтік өзгерістерге бейімделе отырып, әлемдік өркениетке ұмтылған қоғамда танымдық қызығушылығы, біліктілігі жоғары, белсенді азамат тәрбиелеу талабы бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіне үлкен міндет жүктеуде. Жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тәрбиелік процестің тұтастығын тұрақтандыруға назар аударады. Осыған орай, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің ортақ мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді әрекеті, яғни ынтымақтастығы деуге болады. Тәрбиенің мақсаты - қоғамды ізгілендіру мен декмократияландыру үрдістеріне, нарықтық қатынастарға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және тәрбиенің осы заманғы теориясына сүйенумен, Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алумен, өзінің ішкі мүмкіндігін өздігінен толық пайдалануға даяр, белсенді, іскер, қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін мойындайтын, белсенді, сонымен бірге қайырымды және тапқыр, қоғамдық талаптарға икем, жеке басының мүдделерін қоғамдық мүддемен ұштастыруға қабілетті, жеке басының құнын бағалай білуші, жоғары ойлы, адал, ұлттық санасы оянған, басқа да ізгі қасиеттері жетілген, мәдениетті азамат тәрбиелеу. Осыған орай Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында әлеуметтік педагогика пәні оқу бағдарламасына енгізілген және ол базалық пән болып табылады. Ол «педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврлардың жалпы кәсіби даярлығының елеулі бөлігі. Себебі, әлеуметтік-педагогикалық элемент болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекеті элементтерінің бірі. Бұл пәнді оқыту - студенттердің өзінің кәсіби іс-әрекетінің әлеуметтік-педагогикалық құрамасын жүзеге асыру үшін қоғамның әлеуметтік проблемаларының педагогикалық аспектілерін игеру мақсатын көздейді. Әлеуметтік педагогика пәнін оқып үйрену барысында студент төмендегі біліктер мен дағдыларды меңгеруі керек:

- әлеуметтік - педагогикалық тәжірибенің теориялық қолданбалы проблемаларын ұғыну және аналитикалық баға беру;

- ағымдағы басылымдардың және бастаулардың материялдарын өз-бетімен талдауды жүзеге асыруды;

- әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің міндеттерін семья, әр жастағы балалар сияқты түрлі категориялармен жүзеге асырудың тиімді жолдарын негіздеуі;

- сәйкес технологияны таңдап алу үшін семьяны, мектепті, қиын балаларды, жас өспірімдерді, формальді емес бірлестіктерін әлеуметтік педагогикалық зерттеудің әдістемесін жасауды және қолдануды;

- өзінің тәрбиелік, диагностикалық, алдын алу, ұйымдастыру, коммуникативтік дағдыларымен біліктерін жетілдіру үшін игерілген теориялық білімдерді тәжірибеде пайдалануы.

«Әлеуметтік педагогикадан» бұрын «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогика» пәндері оқытылады. Бұл пәндер студенттер бойында түрлі жастағы балаларды дамытудың, тәрбиелеудің, оқытудың теориялық әдіснамалық негіздерін қалайды, студенттерде кәсіби бағытталған және дағдыларын жетілдіруге қажеттігін қалыптастырады. «Этнопедагогика» және «Педагогика тарихы» іргелес пәндер болып табылады. Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетте оқыту, тәрбиелеу, тұлғаны әлеметтендірудің ұлттық ерекшеліктерін есепке алу қажет. Бұл білімдерді студенттер «Этнопедагогика» пәнін оқу барысында игереді. Нақты қоғамның әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік жағдайларын есепке ала отырып түрлі кезеңдерде педагогиканың, соның ішінде әлеуметтік педагогиканың ғылым және тәрбие ретінде шығуы мен дамуының тарихын студенттер «Педагогика тарихы» курсында оқиды. Студенттердің негізгі тәрбиелік тәжірибе біліктері мен дағдылары «Тәрбие жұмысының әдістемесі » курсын меңгеру процесінде қалыптасады. Студенттердің ұйымдастырушылық, коммуникативтік, аналитикалық, рефлексивтік, перцептивтік білімдері мен дағдылары «Педагогикалық шеберлік» курсын өтуде бекиді.

І Негізгі бөлім

Әлеуметтік педагогиканың методолгиялық негіздері .

1. Әлеуметтік педагогика - білім саласы.

2. Әлеуметтік педагогика пәні, ғылым ретінде пайда болуы мен дамуы

3. Әлеуметтік педагогика пәнінің міндеті, негізгі түсініктері

4. Әлеуметтік педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы, құрамдас бөліктері

Әлеуметтік педагогиканың методолгиялық негіздері .

1. Әлеуметтік педагогика - білім саласы.

Әлеуметтік педагогика пәні - әлеуметтік қажеттілікке, емдеуге, әлеуметтендіруге байланысты біріккен жеке адамды, топты оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі. «Әлеуметтік педагогика» терминін ХІХ ғасырдың ортасында неміс педагогы Карл Магер енгізді, бірақ бұл термин ХХ ғасырдың басында ғана жаппай қолданыла бастады. Педагогика оқу-тәрбие мекемелеріндегі тәрбие теориясы мен әдістемесі ретінде пайда болып, дамыды. ХVІІІ ғасырдың аяғында жеке тұлғаның дамуының бір кезеңі ретінде ерте жеткіншектік шақ бөлініп қарастырылып, жеткіншек ұл балалар мен қыздар педагогиканың зерттеу объектісіне айналды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қоғамдық тәрбие жүйесі мен педагогиканың мазмұндық ауқымы кеңейе түсті.

- біріншіден жастар мен ересек жастағы адамдардың тәрбиесі;

- екіншіден әр түрлі жастағы (барлық жас қамтылған) адамдарды қайта тәрбиелеу және бейімдеу;

Бұл тапсырыс Европа мен Америкадағы социомәдениет үрдісіне байланысты болды. Осы кезеңде жаңадан пайда болған вакумды толтыру қажеттігі туындап, кейбір педагогтар әлеуметтік педагогика сұрақтарымен айналысыпты. Бұл жерде неліктен педагогика ғылымының жаңа бөлімі қажет болды? Деген сұрақ туындауы мүмкін. Енді бұл сұраққа жауап беріп көрейік: біріншіден үлкендер педагогикасы - андрогогика әлі күнге дейін үлкендерге білім беру мәселесімен айналысады. Кейінгі онжылдықтары андрогогикадан қарттарға білім беру мәселесінің түрлерімен айналысатын герогогика (қарттар педагогикасы) бөлініп шықты. Екіншіден қиын балалар мен үлкендердің мәселесімен айналысқан, ХІХ ғасырдың аяғында балаларды және жас жеткіншектерді қайта тәрбиелеу, сол сияқты түзету педагогикасы пайда болып, ХХ ғасыр бойына қалыптасты. Дегенмен дәстүрлі педагогика әлеуметтік тапсырысты қанағаттандыра алмады, себебі, педагогиканың әрбір санасының өз зерттеу объектісі бар. Неміс ғалымы Пауль Наторп әлеуметтік педагогика халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбие күшінің бірлігі мәселесін зерттейді деп есептейді. Ресейде әлеуметтік педагогика ХІХ ғасырдың аяғында пайда болып, ХХ ғасырдың 20 жылдары мектеп пен өмірді және әлеуметтік ортамен байланыстыру негізінде жүзеге асырылып отырады. Бұл идеяны Ресей педагогы С. Т. Шацкий теориялық тұрғыдан негіздеп, практикалық тұрғыдан жүзеге асырды. Дегенмен жалпылай тәжірибеде қарапайым түрде қарастырылады. Әлеуметтік педагогика педагогика ғылымдарының бір саласы ретінде адамдар, топтар, ұжымдар арасындағы әлеуметтік қарым қатынас заңдылықтары мен іс - әрекет барысындағы мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеумен де айналысады. Кеңес дәуірінде «әлеуметтік педагогика» деген ұғым болған жоқ. Ал, педагогикалық энциклопедияда (1968) «әлеуметтік педагогика буржуазиялық педагогиканың бір бағыты ретінде әлеуметтік - педагогикалық мәселелердің шегін зерттеумен айналысады», - делінген. Дегенмен, жеке адамға білім беру мен оны тәрбиелеу қоғаммен, қоғам заңдылықтарымен тығыз байланысты. Әлеуметтік - педагогикалық ойлар мен тәжірибе өз дамуында әр түрлі кезеңдерден өтті. Ерте Шығыстағы (Месопотомия, Египет, Индия, Қытай) тәрбие мен білім беру саласының дамуы б. э. д. ІІІ мыңжылдығында Шумер, Вавилон, Ассирия сияқты мемлекеттердің қалалары пайда болып, онда патриархалды - отбасы тәрбиесі дәстүрлі дамыды. Вавилондық царь Хаммурапидің (б. э. д. 1792-1750) заңы бойынша тәрбие ата - ананың міндеті болып есептелініп, ұлын өмірге даярлап, кәсіпке үйретуге әкесі жауап беретін болды. Кейінірек тәрбие қоғамның әлеуметтік қызметі ретінде бөлек бөлініп шықты. Египетте тәрбие мемлекеттің қажеттілігіне сай дамыды, ал білім елдің саяси жүйесін көрсету құралы ретінде болды. Ертедегі Египетте дәстүрлі отбасы тәрбиесінің негізінде чиновниктерді даярлау тәжірибесі алынды. Тәжірибелі әкімшілік қызметкер өзіне «ұл» қылып бірнеше жас жеткіншектерді алып, басқару технологиясына, құжаттарды толтыруға үйретіп, адамгершілік және діни танымдармен таныстырды. Бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі, бай адамдардың балалары тақ мұрагерімен бірге хан сарайында тәрбиеленді. Балаларға көбіне дене тәрбиесі және әскери жаттығулар және сарай тәртібі мен мінез - құлық ережелері үйретілді. Б. э. д. ХVІ ғасырдың орта хандық дәуірінде Египетте жаңа мемлекеттер пайда болды. Онда оқушылар білім деңгейі мен жас кезеңіне қарай топтарға бөлінді. Осы кезеңнен бастап Египетте білім берудің негізгі мақсаты: әлеуметтік жоғары деңгейге жету болды. Ертедегі Египетте мектептегі білім беру жүйесі екі деңгейлі болды. Оның біріншісіне балалар оқу және жазу дағдысын меңгеретін қарапайым мектеп жатса, екіншісін жеткіншектердің мұғалімдерге «көмекші» болуы құрады. Ерте египеттік білім беру оқушылық және отбасылық тәрбие дәстүрін сақтап, мұғалімдерді «әке» деп, оқушыларды «ұлым» деп атады. Мектепте оқушыларды мәдениеттілікке, шешендікке, басқаларды тыңдай білуге үйретті. Ертедегі үнді тарихы негізгі екі кезеңге бөлініп, олар дравидтік-арийстік және буддийстік деп аталынды. Тәрбиелеу мен білім берудің бірінші кезеңі отбасылық сословиялық сипатта болды. Мектептік білім б. э. д. ІІ-ші мыңжылдықтары пайда болды. Тәрбие мен білім дамуының негізгі факторы брахманизмнің діни саясаты индуизм болды. Индуизм - бұл тек дін ғана емес, өмірге деген көзқарас, этникалық ереже мен әлеуметтік жүйе, мерекелер мен салт -дәстүрлердің бірлігі болды.

Ертедегі үнді тарихының екінші кезеңіндегі тәрбиеге діни-философиялық ілім-буддизм әсер етті. Буддиялық мораль адамдардың туғаннан бірдей болуын және өтірік, ұрлық, зорлық зомбылық, ішімдіктен аулақ болуын қалады. Ертедегі Қытайда білім беру мен тәрбиелеу жөнінде құнды тәжірибе жинақталып, педагогикалық ойдың дамуына ерекше әсер етті. Мұнда б. э. д. VІ ғасырда бірінші философиялық бағыттар қалыптасты. Соның ішінде негізінен белгілі болған конфуцианизм және даосизмді атауға болады. Осы уақытқа дейін Қытайда жинақталған педагогикалық бай тәжірибенің ары қарай дамуына б. э. д. 419-551 жылдары өмір сүрген Қытай ойшылы Конфуцияның қосқан үлесі зор болды. Ол табиғатынан қоғамдағы адамдардың мүмкіндіктері бірдей емес деп есептеп, қоғамдағы адамдардың 4 категориясын бөліп қарастырды. 1 категорияға тәңір берген жетілген ақылдылық иесін (совершенномудрее)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік педагогика жайында
Қазақстанда педагогика және әлеуметтік педагогика тарихына үлес қосқан тұлғалар
Әлеуметтік байланыс адамдардың немесе олардың топтарының тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
Педагогиканың негізгі категориялары
Педагогика мақсаты
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Әлеуметтік педагогика - ғылым ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz