Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағы, әдістемелік құрал



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
Дидактикалық ойындардың атқаратын негізгі қызметтері ... ... ... ... . 6
Дидактикалық ойындардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
Дидактикалық ойындардың құрылымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
Дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылықтары ... ... ... .. 11
Дидактикалық ойындарды ұйымдастырудың әдістемесі ... ... ... ... ... . 13
Дидактикалық ойындарға басшылық жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
Білім беру саласы бойынша дидактикалық ойындардың үлгілері ... .. 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 72
Қазақстан әлемдік қауымдастыққа екпіндеп басып келеді және өзінің алдына жоғары даму мақсатын қояды. Әлем барынша әртүрлі және көптілді болып келеді, және көптеген балалар бір тілден артық тіл қолданатын ортаға түседі. Уақыт талабына сай, аясы тар мақсаттағы сапалы білім емес, шет тілдерді үйренуге дәл осындай қырынан қарау керек.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» - «Қазақстан халқының рухани дамуы және үштұғырлы тіл дамыту саясаты» Қазақстан халқына жолдауында мемлекетіміздің Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүргізуді кезең-кезеңімен бастауды ұсынады. Үш тілді жаппай оқытуды енгізу тікелей – балабақшадан бастап ЖОО дейін – қазақстандық жас ұрпаққа ғылым мен техникадағы озық жетістіктермен және беталыстармен танысуға, жылдам қоғам меншігіне айналуға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім үлкен рөл атқарады. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».
Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Білім беру ұйымдарының алдында күрделі міндет тұр. Ол саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді
Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында жанды-жансыз табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады
1. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» - «Қазақстан халқының рухани дамуы және үштұғырлы тіл дамыту саясаты» Қазақстан халқына Жолдауы
2. 2015 жылға дейін білімді дамытудың Концепциясы
3. М.С. Қомаева «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бойынша дидактикалық ойындар» Семей қаласы, «№6 «Нұрсәуле» ясли – бақшасы» КМҚК тәрбиешісі.
4. Қ. Х. Мусағұлова, «Мектепке дейінгі жаттығулар мен ойындар жүйесі» Степногорск қ. №2 "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі.
5 . Бондаренко А.К. «Дидактические игры в детском саду» - М., 1991г.
6. Выготский Л.С. «Воображение и творчество в детском возрасте» М. Просвещение, 1991г
8. Оконь В. «Введение в общую дидактику» Пер. С. Кольского. – М. Высшая школа, 1990г.
9. Пидкасистый П.И. «Технология игры в обучении» – М. Просвещение, 1992г.
10. Смоленцева А.А. Сюжетно-дидактические игры, Москва «Просвещение» 1987г.
11. История дошкольной педагогики, Москва «Просвещение» 1989г.
12. Максаков А.И., Тумаков Г.А. «Учите,играя» - М.,1981г.
13. Дошкольная педагогика, Москва «Просвещение» 1991г.
14. Семяшкина Н.И. Значение дидактических игр и заданий пр обучении грамоте // Начальная школа 1997 №2.
15. Сорокина А.И. «Дидактические игры в детском саду»-М.,1982г.
16. Шербинина Г.К. Сказка как средство воспитания. Начальная школа 1995 №3
17. Эльконин Д.Б. «Символика и ее функции в игре детей // Дошкольное воспитание» 1966г. №3.
18 . Бондаренко А.К. Словесные игры в детском саду. – М.: Просвещение, 1974.
19. Удальцов Е.И. Дидактические игры в воспитании и обучении дошкольников. – Мн.: Издательство «Народная света», 1976.
20. Бондаренко А.К. Дидактические игры в детском саду. – М.: «Просвещение», 1991.
21. Бородич А.М. Методика развития речи. – М.: «Просвещение»№, 1981.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

ҮШ ТІЛДЕГІ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР ЖИНАҒЫ

__________________________________

Әдістемелік құрал

Астана
2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

ҮШ ТІЛДЕГІ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР ЖИНАҒЫ

__________________________________

Әдістемелік құрал

Астана
2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Мектепке дейінгі балалық шақ республикалық орталығы базасында әзірленген

Пікір жазғандар:

А. Ж.Салиева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
А. И.Омарбекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
С. Д. Дүйсенбинова, Астана қаласы № 32 балабақшаның әдіскері

Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағы: әдістемелік құрал. –Астана,
2013. – 73 б.

Жинақта мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары мен тәрбиешілерінің
жұмыстарына қажетті, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесін
қамтамасыз ететін үш тілдегі дидактикалық ойындар ұсынылған. Бұл жинақтың
мақсаты түрлі ұйымдастырылған оқу әрекеттерін дайындау және өткізу үшін
мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына практикалық көмек көрсету болып
табылады.
Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қауымға және ата-
аналарға арналған.

Мектепке дейінгі балалық шақ
республикалық орталығы, 2013

КІРІСПЕ

Қазақстан әлемдік қауымдастыққа екпіндеп басып келеді және өзінің
алдына жоғары даму мақсатын қояды. Әлем барынша әртүрлі және көптілді болып
келеді, және көптеген балалар бір тілден артық тіл қолданатын ортаға
түседі. Уақыт талабына сай, аясы тар мақсаттағы сапалы білім емес, шет
тілдерді үйренуге дәл осындай қырынан қарау керек.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан - Қазақстан халқының рухани дамуы және үштұғырлы тіл дамыту
саясаты Қазақстан халқына жолдауында мемлекетіміздің Елбасы Тілдердің
үштұғырлығы мәдени жобасын жүргізуді кезең-кезеңімен бастауды ұсынады. Үш
тілді жаппай оқытуды енгізу тікелей – балабақшадан бастап ЖОО дейін –
қазақстандық жас ұрпаққа ғылым мен техникадағы озық жетістіктермен және
беталыстармен танысуға, жылдам қоғам меншігіне айналуға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін тәрбиелеуде ана тілімен тең және
басқа шетелдік тілдерде білім үлкен рөл атқарады. Еліміздің Президенті
Н.Ә.Назарбаев айтқандай: Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді
пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-
мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-
жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде.
Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да
мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту
үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу
қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып
қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі
етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық
тағдырын шешетін азамат. Білім беру ұйымдарының алдында күрделі міндет тұр.
Ол саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны
тәрбиелеп шығару.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше.
Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен
шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді,
әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол
сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін
көрсетеді
Ұлы педагог В.Сухомлинский Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды дейді,
демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген
қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді
тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту,
табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында жанды-жансыз табиғатқа
деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты
адамгершілік сапалары қалыптастырылады
Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса,
ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап
көрсетті: Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды
тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-
қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір
сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді.
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып
алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын
топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін
ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай
деп жазды: Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен
тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім,
пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде
аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап
еттім.
Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту
тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін
ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді.
Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен
қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К.,
Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А.,
Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану
жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа
да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз
байланыста болады.
Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі
артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық,
белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала
өмірге әзірленеді.
Өзектілігі: Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
Сұлтанмахмұт Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған.
Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және
қызығуы анық байқалады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан
да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап,
ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше
орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын үш тілдегі дамытатын
әдістемелік Қажетті құралдармен қамтамасыз ету.
Міндеттері:
- дидактикалық ойындар олардың атқаратын қызметі, олардың
құрылымдары, негізгі түрлері, әдістемесі және оларға басшылық жасау
туралы жалпы түсінік беру;
- балабақшаның тәрбиелеу-оқыту барысында отандық және шетелдік
педагогтардың дидактикалық ойындарды қолдану және әзірлеу бойынша
озық тәжірибелерін зерделеу және талдау;
- білім беру саласы бойынша дидактикалық ойындарды таңдау және
жүйелеу.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ АТҚАРАТЫН НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Дидактикалық ойындар өзімен көп жоспарлы, күрделі педагогикалық
құбылыстарды ұсынады: ол мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудың ойын
әдісі және оқыту түрі, өзбетінше ойын әрекеті және баланың жеке тұлға болып
жан – жақты тәрбиеленуінің құралы болып табылады.
Дидактикалық ойындар оқытудың ойын әдісі ретінде екі түрде
қарастырылады: ойын –сабақтар және дидактикалық және автодидактикалық
ойындар. Бірінші жағдайда жүргізуші рөлі тәрбиешіге тиесілі, өиткені
балалардың сабаққа қызығушылығын көтеру үшін әртүрлі ойын тәсілдерін
қолданады, ойын жағдайын жасайды, жарыс элементтерін енгізеді және т.б.
Ойын әрекетінің әртүрлі компоненттерін сұрақтармен, нұсқаулармен,
түсіндірулермен, көрсетулермен сәйкес қолдану.
Ойын – сабақтар көмегімен тәрбиеші тек қана белгілі білімді бермейді,
көріністерді қалыптастырады, сонымен бірге балаларды ойнауға үйретеді.
Балаларға арналған ойындар негізі ойын барысын құрайтын қалыптасқан
көріністері, заттармен жасалатын әртүрлі ойын қозғалыстары болып табылады.
Содан кейін бұл білімдер мен көріністерді өздігінен шығармашылық ойындарына
тасымалдауға жағдайлар жасау маңызды.
Дидактикалық ойындар балаларды қарапайым математикалық түсініктерді,
ана тілін, қоршаған орта және айналамен таныстыру, сенсорлық мәдениетті
дамытуды оқытуда қолданылады.
Дидактикалық ойындар балаларды оқытудың түрі ретінде екі: оқулық
(танымдық) және ойындық (қызық) негізден тұрады. Тәрбиеші бір мезгілде
оқытушы және қатысушы болып табылады. Ол үйретеді және оқытады, ал балалар
ойнап жүріп, үйренеді. Егер сабақта балалардың білімі кеңейеді және
тереңдетілетін болса, ал дидактикалық ойындарда (ойын – сабақтарда,
дидактикалық ойындардың өзінде) балаларға тапсырмалар жұмбақ, сөйлемдер,
сұрақтар түрінде ұсынылады.
Дидактикалық ойындар өзбетінше ойын әрекеті ретінде осы үдерісті
түсінуге негізделген. Өздігінен ойын әрекеті,мынадай жағдайларда: егер
балалар ойынға қызығушылық көрсеткенде, оның ережелері және қозғалыстарына,
егер оның ережелері өздерімен игерілген болса жүзеге асады. Баланы ойын
қалай ұзақ қызықтыра алады, егер оның ережесі мен мазмұны оған таныс
болғанда ма? Балалар өздеріне таныс ойындарды жақсы көреді, оларды
рахаттанып ойнайды.
Дидактикалық ойындар, әсіресе ерте жастағы топтарда балаларға сюжеттік
– рөлдік ойындарын үйрету,өзіне белгілі рөлді ала білу, ойын ережелерін
орындау, оның сюжетін ашу мектепке дейінгі педагогиканың әдісі ретінде
қарастырылады. Мысалы, Әлди,әлди ақ бөпем дидактикалық ойынында тәрбиеші
кіші топтардың балаларына қуыршақты шешіндіруде қимылдардың реттілін –
орындыққа киімдерді ұқыпты жинауды, қуыршаққа қамқор болуды, оны жатқызуды,
бесік жырын айтуды үйретеді. Ойын ережесіне сәйкес, балалар заттардың
ішінен ұйықтауға қажеттілерін таңдайды. Мұндай ойындар кіші топтарда
бірнеше рет өткізіледі: Айгүл қуыршақтың туған күні, Айгүлді серуендеуге
киіндіреміз, Айгүл түскі аста, Айгүлді жуындыру. Қуыршақтармен ойындар
балаларды өздігінен шығармашылық сюжеттік – рөлдік ойындарға үйретудің
тиімді тәсілі болып табылады.
Дидактикалық ойындар – баланы жеке тұлға етіп жан-жақты тәрбиелеудің
Қажетті құралдары болып табылады.
Ақыл-ой тәрбиесі. Дидактикалық ойындардың мазмұны балаларда қоғамдық
өмір құбылыстарымен, қоршаған орта заттарымен дұрыс қарым-қатынасты
қалыптастырады, Отан, әскер, мамандықтар,еңбек әрекеті туралы білімдерін
жүйелейді және тереңдетеді
Қоршаған өмір туралы білімдер белгілі жүйе бойынша беріледі. Сонымен,
балаларды еңбекпен таныстыру мынадай реттілікпен жүргізіледі: балаларды
алдымен нақты еңбек түрі мазмұнымен таныстырады, сосын еңбекті
жеңілдететін,оларды адамдардың еңбегінде жәрдем беретін мәшинелермен,
қажетті заттарды, азық-түліктерді жасаудағы өндіріс кезеңдерімен, содан соң
кез келген еңбек түрлерінің мәнін ашады.
Дидактикалық ойындар балалардың сенсорлық қабілеттіліктерін дамытады.
Сезім және қабылдау үдерістері баламен қоршаған ортаны тану негізіне
жатады. Мектепке дейінгілерді заттың түсімен, пішінімен, көлемімен
таныстыру, сенсорлық тәрбие бойынша баламен заттардың сипаттамалық
белгілерін қабылдауды жетілдіруге бағытталған дидактикалық ойындар мен
жаттығулар жүйесін құру.
Дидактикалық ойындар: сөздікті толықтырады және белсендіреді, дыбысты
дұрыс айтуды қалыптастырады, байланыстырып сөйлеуді дамытады, өз ойын дұрыс
айта білуді, балалар тілін дамытады. Кейбір ойындар: Бір сөзбен ата
немесе Үш затты ата балалардан тектік, көріністі ұғымдарды белсенді
қолдануды талап етеді. Антонимдерді, синонимдерді, дыбысталуы бойынша ұқсас
сөздерді табу – көптеген сөздік ойындардың бастапқы міндеті.
Адамгершілік тәрбиесі. Мектепке дейінгілерде қоршаған заттарға ұқыпты
қарау, ойыншықтарға ересектер еңбегінің өнімі ретінде, мінез-құлық ережесі
туралы, ересектер және құрдастарымен өзара қатынас туралы, жеке тұлғаның
жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы адамгершілік түсініктері
қалыптасады. Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуде ойынның
мазмұны мен ережелері ерекше рөл атқарады.
Еңбек тәрбиесі. Көптеген дидактикалық ойындар балаларда еңбекші адамына
құрмет, ересектер еңбегіне қызығушылық, өздерінің еңбек етуге ынтасын
қалыптастырады.
Кейбір еңбек дағдыларына балалар дидактикалық ойындарға материалдар
дайындауда иеленеді.
Денешынықтыру тәрбиесі. Ойын жағымды, эмоциялық көтереді, жақсы көңіл
күй береді және сонымен бірге жүйке жүйесінің белгілі шиеленісуін талап
етеді. Әсіресе дидактикалық ойыншықтармен ойындар, қолдың кіші бұлшық
еттерін дамытады және бекітеді, бұл ақыл-ойдың дамуына, қолды жазуға
дайындауға, мүмкіндік береді.
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

Барлық дидактикалық ойындарды үш негізгі топқа бөлуге болады:
1. Заттық дидактикалық ойындар (ойыншықтармен, табиғи заттармен);
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар;
3. Сөздік дидактикалық ойындар.

Заттық дидактикалық ойындар
Заттық дидактикалық ойындарда ойыншықтар мен нақты заттар қолданылады.
Олармен ойнап, балалар салыстыруды үйренеді, заттардың ұқсастығы мен
айырмашылығын белгілейді. Бұл ойындардың құндылығы сонда, балалар олардың
көмегімен заттардың қасиеттерімен, олардың белгілерімен: түсі, көлемі,
пішіні, сапасымен танысады. Ойындарда салыстыруға, классификациялауға
тапсырмаларды шешеді, тапсырмаларды шешуде реттілікті белгілейді.
Балалармен заттық орта туралы жаңа білімді меңгеру шамасы бойынша ойындарда
тапсырмалар күрделенеді: балалар қандай да бір қасиетімен затты анықтауға
жаттығады, дерексіз, логикалық ойлауды дамыту үшін маңызды, заттарды осы
қасиеті бойынша (түсі, пішіні, сапасы, міндеті және т. б.) біріктіреді.
Дидактикалық ойындарда әртүрлі ойыншықтар кеңінен қолданылады. Олардың
түсі, пішіні, міндеті, көлемі, жасалған материалы ашық көрсетіледі. Бұл
балаларға белгілі дидактикалық тапсырмаларды шешуге, мысалы ағаштан
жасалған заттарды (темір, пластмасса, қыш) немесе әртүрлі шығармашылық
ойындарына қажетті ойыншықтар: отбасы, құрылыс, дүкен және т. б. жинақтауды
жаттықтыруға ерік береді. Осы сияқты мазмұндағы ойындарды қолдану,
тәрбиешінің таңдалған ойыншықтардың көмегімен ойынның мәнін айтып беруге,
өзбетінше ойынға қызығушылық танытуға мүмкіндік береді.
Тәрбиеші табиғи материалдарды (өсімдіктердің тұқымдары, жапырақтары,
гүлдері, тастар, бақалшықтар және т.б.) мынадай ойындар: Бұл ненің
тұқымы?, Бұл қандай ағаштың жапырағы?, Күзгі жапырақтардан гүл шоғын
жина және т.б. өткізуде қолданады. Тәрбиеші бұл ойындарды табиғатпен
жанасып серуен мезгілінде ұйымдастырады.

Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – балаларға арналған қызық
сабақ. Түрлері бойынша олар әртүрлі: сыңар суреттер, лото, домино.
Ойындарды ойнаған кезде шешілетін тапсырмалар да әртүрлі.
Суреттер сыңарын табу ойындары. Мұндай ойындағы ең қарапайым тапсырма –
алуан түрлі суреттерден бірдей сыңарларын: түстері, үлгілері және т. б.
бірдейлерін табу. Содан соң тапсырма күрделенеді: бала суреттерді тек қана
сыртқы белгілерімен ғана емес, сонымен бірге мағынасы бойынша да
біріктіреді, мысалы: барлық суреттердің ішінен екі ұшақты табу. Суретте
бейнеленген ұшақтар, түсі, пішіні бойынша әртүрлі болуы мүмкін, бірақ
оларды ұқсатып заттардың бір түріне жатқызып, біріктіреді.
Жалпы белгісі бойынша суреттерді таңдау ойындары. Мұнда кейбір
жалпылау, заттардың арасындағы байланысты белгілеу талап етіледі. Мысалы,
Бақта (орманда, қалада) не өседі? ойынында суреттердегі бейнеленген
өсімдіктерге сәйкес, олардың өсетін жерлеріне қатысты, суреттердің бір
белгісі бойынша біріктіріп, таңдайды. Немесе Сосын не болды? ойынында,
балалар қандай да бір ертегі сюжетінің реттілігіне сәйкес, иллюстрацияларды
таңдайды. Суреттердің құрамын, санын, орналасуын есте сақтау ойындары.
Мысалы, Тапшы,қандай суретті жасырдық? ойынында балалар суреттердің
мазмұнын есте сақтауы керек, ал содан соң қай суреттің жоқ екенін анықтау
керек. Мұндай ойындардың дидактикалық тапсырмалары: балаларда заттардың
санын және реттілік есебі туралы, үстел үстіндегі суреттердің кеңістікте
орналасуы туралы, суреттермен болған өзгерістерге байланысты айта білу,
олардың мазмұндары туралы білімін бекіту болып табылады.
Ересектер топтарында тапсырмалардың шешілуі күрделірек: кейбір балалар
суреттегі салынған қимылдарды бейнелейді, басқалары суретте кім салынғанын,
онда адамдардың не істейтінін, мысалы өрт сөндірушілер отты сөндіреді,
теңізшілер теңізде жүзеді, құрылысшылар үй салады және т.б. табады.
Мұндай ойындарда жеке тұлғаның осындай құнды қасиеттері: қайта
түрленуге қабілеттілігі, қажетті бейнені жасаудағы шығармашылық
ізденушілігі қалыптасады.

Сөздік ойындар
Сөздік ойындар ойнаушылардың сөздері мен әрекетінен тұрады. Мұндай
ойындарда балалар заттар туралы түсініктеріне сүйеніп, олар туралы
білімдерін тереңдетіп үйренеді. Балалар өздігінен түрлі ойлау тапсырмаларын
шешеді: олардың сипаттамалық қасиеттерін бөліп, заттарды суреттейді;
суреттеу бойынша табады; ұқсастық және айырмашылық белгілерін табады;
әртүрлі қасиеттері, белгілері бойынша заттарды топтайды. Бұл дидактикалық
ойындар барлық жастағы топтарда өткізіледі, әсіресе балаларды мектепке
дайындауға мүмкіндік беретін, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды
тәрбиелеу мен оқытуда ерекше маңызды: педагогты мұқият тыңдай білуді
дамытады, қойылған сұраққа жылдам жауап табады, өз ойын дәл және анық
тұжырымдайды, қойылған тапсырмаға сәйкес білімді қолданады.
Сөздік ойындарды педагогикалық үдерісте қолдануға қолайлы болу үшін
төрт топқа біріктіруге болады.Олардың біріншісіне заттар мен құбылыстардың
маңызды белгілерін бөліп қалыптастыра білуде көмектесетін ойындар :
Тапшы?, Дүкен, Иә – жоқ және басқалар кіреді. Екінші топты балалардың
салыстыру, беттестіру, дұрыс ақыл қорытындысын жасауын дамытуда
қолданылатын: Ұқсайды – ұқсамайды, Кім өтірікті көбірек аңғарады? және
т. б. ойындар құрайды. Үшінші топқа әртүрлі белгілері бойынша заттарды
жалпылау және топтастыра білуді дамытатын Кімге не керек?, Үш затты
ата, Бір сөзбен ата және басқа ойындар біріктірілген. Ерекше төртінші
топқа зейінді, аңғарымпаздықты, ой ұшқырлығын, байсалдылықты, әзіл оспақты
түсіне білуін дамытатын: Бұзылған телефон, Түстер, Ұшады – ұшпайды
және басқа ойындар жатады.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ

Дидактикалық ойындардың құрылымдары негізгі бес бөлімнен: дидактикалық
мақсат, ойын мақсаты, ойын әрекеттері, ойын ережесі, нәтижеден (қорытынды
шығару) тұрады.
Дидактикалық мақсат педагогпен құрылады және оқыту мақсатын көздейді.
Дегенмен ғылыми негізделген және әдістемелік салыстыра тексерілген
дидактикалық мақсаттың анықтамасы балаларға ереже ретінде қызық емес.
Сондықтан дидактикалық міндет – ойын мақсатына балалардың алдына қойылатын
және олардың сабақтағы ойын әрекетін дәлелдейтін мақсатқа ауыстырылады.
Мысалы, дидактикалық мақсат зат есім туралы мәліметті жалпылау және жүйелеу
болса оны ойын мақсатына ауыстырғанда келесі түрде болуы мүмкін: топта кім
зат есімнің жақсы білгірі екенін анықтау. Сонымен, дидактикалық мақсат
балаларға жұмбақ. Баланың барлық зейіні ойын әрекетін жүзеге асыруға
бағытталған, ал оқыту мақсатын олар қабылдамайды. Балалар білім, білік
және дағды кешендерін еріксіз меңгергенде, бұл ойынды оқытудың өте сирек
түріне айналдырады.
Ойын әрекеттері – бұл ойын қызметінің бөлек элементтері. Ойын
әрекеттері неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым ойын балаларға қызықты болады.
Мысалы, ойын барысында балалар әртүрлі рөлдерді ойнайды, жұмбақтар
шешеді, қарсыластарына тапсырмалар ойлап табады және т.б. Ойын әрекеттері
ойынның түпкі ойын жүзеге асырады және дидактикалық міндеттерді шешу
қажеттігін анықтайды.
Дидактикалық ойынның ережесі тек қана ойын қызметін (күнделікті
ойындағыдай) басқару қажеттілігін емес, сонымен бірге дидактикалық
міндетті, сондай-ақ баланың жеке тұлғасының қалыптасуындағы жалпы
міндеттерді қамтамасыз етеді.
Қорытынды шығару ойынның соңында болады және оның міндетті компоненті
болып табылады. Мысалы, алынған ұпайлар санын есептеу, ойын тапсырмаларын
барлығынан артық орындаған балаларды айқындау. Қорытынды шығаруда әрбір
баланың жетістігін, артта қалған балалардың табыстарын айрықша баса айту
қажет.
Дидактикалық ойынның барлық құрылымдық компоненттері өзара байланысты,
олардың кез келгенінің болмауы немесе тиімсіз жүзеге асуы барлық
технологияның нәтижесіне сөззіз жағымсыз әсерін тигізеді.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Дидактикалық ойындарда балалардың алдына шешімі шоғырланушылықты,
зейінді, ақыл-ой күшін, ережені түсіне білуді, әрекеттердің реттілігін,
қиыншылықтарды жеңуді талап ететін дәл немесе өзгеше мақсаттар қойылады.
Олар мектепке дейінгілердің сезіміне және қабылдауына, түсініктерінің
қалыптасуына, білімді меңгеруіне көмектеседі. Бұл ойындар, балаларды сол
немесе басқа ақыл-ой және тәжірибелік міндеттерді әртүрлі үнемді және
оңтайлы әдістерімен шешуді үйретуге мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындардың жекелеген білім мен білікті меңгеру әдісі ғана
емес, сонымен бірге баланың жалпы дамуына, оның қабілеттілігінің
қалыптасуына қызмет етуіне қол жеткізу керек.
Дидактикалық ойындар адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін шешуге,
балалардың көпшілдігін дамытуға жәрдемдеседі. Тәрбиеші балаларға бірге
ойнай білуді талап ететін, өзінің жүріс-тұрысын реттейтін, әділ және адал,
көнтерлі және қатаң болуды талап ететін осындай шарттар қояды.
Іс-əрекет барысында адамның жан-жақты жəне біртұтас тұлғалық дамуы
жүріп жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарасы, қарым-қатынасы қалыптасады.
Таңдалған іс-əрекет көзделген тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал етуі
үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру жəне келелі бағдарлап отыру қажет.
Бұл тəрбие практикасында өте күрделі іс.
Балалар мен жасөспірімдердің іс-əрекеттерінің негізгі түрлері – ойын,
оқу, еңбек. Бағдары бойынша іс-əрекет танымдық, қоғамдық, спорттық,
көркемөнерлік, техникалық, кəсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып
ажыралады. Барлық жастағы оқушылардың іс-əрекеттерінің ерекше түрі –
тілдесу, қатынасу (ортақтасу).
Оқу үрдісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады,
сол себепті ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен,
өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де
қарастырылады. Педагогтар ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу,
оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен
қабылдайтындықтан ойындарды оқу үрдісінде міндетті түрде енгізу жайлы
айтады.
Дидактикалық ойынның ұйымдастырылған оқу әрекеті барысындағы басты
мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру. Оқушының ойынға белсенді түрде
қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда
жәй әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы:

- қисынды ой-қабілетін дамытады;

- өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;

- есте сақтау қабілеті дамиды;

- зейіні қалыптасады;

- байқампаздығы артады;

- ойынның ережесін бұзбау, яғни тәртіптілікке үйренеді;

- бір-біріне деген сенімдері артады, достыққа, ынтымақтастыққа баулиды;

- ең бастысы сабаққа қызығушылығы артады.

Бүгінгі күн талабына жауап бере алатын дидактикалық орта әртүрлі жаңа
технологиялар және ақпараттар легі толассыз жаңа нәтижеге ұмтылған
инновациялық орта болып табылады. Ал дәл осы ортаны жасақтау қажеттігі
келесі әлеуметтік және педагогикалық қажеттіліктермен сипатталады:

- баланың оқу әрекетінің және жеке өз өмірінің толық дәрежелі субъектісі
ете отырып, рөлін күшейту;

- балада толассыз ақпарат әлемінде өзін-өзі ұйымдастыратын іс-әрекеті
субъектісі сапаларын дамыту: нақты нәтижеге жеткізетін мақсат қоюда, өз
әрекетін жүйелі жоспарлауда және оны жүзеге асыруда;

- оқу іс-әрекеті құралдарын, тәсілдерін, формаларын (жеке, топтық немесе
ұжымдық) таңдау мүмкіндігі, өз бетіншелігі;

- оқушының іс-әрекетінде субъектілік тәжірибесінің өзектеніп, басым мәнге
ие болуы;

- қазіргі ақпараттық технологияларды өз қажетіне қарай күнделікті тұрмыста
еркін қолдана алудың өзектенуі.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру педагогпен негізгі үш бағыт бойынша
жүзеге асады: дидактикалық ойынды өткізуге дайындық, оны өткізу және
талдау.
Дидактикалық ойындарды өткізуге дайындық төмендегідей:
- тәрбиелеу мен оқыту міндеттеріне сәйкес ойындарды таңдау: білімдерін
тереңдету және жалпылау, сенсорлық қабілеттілігін дамыту, психикалық
үдерістерін ( есте сақтау, зейін, ойлау, сөйлеу) белсендіру және т.б.
- таңдалған ойынның балалардың жас ерекшеліктеріне, тәрбиелеу мен оқыту
бағдарламалары талаптарына сәйкестігін белгілеу;
- дидактикалық ойынды өткізуге қолайлы мезгілді (ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеті кезінде немесе сабақтан бос күн тәртібінің басқа
мезгілдерінде) анықтау;
- балалар басқа балаларға кедергі жасамай, асықпай ойнайтындай,ойнайтын
орынды сайлау;
- ойнаушылардың санын ( топтың барлығы, кіші топтар, жекеше) анықтау;
- таңдап алынған ойынға қажетті дидактикалық материалдарды( ойыншықтар,
әртүрлі заттар, суреттер...) дайындау;
- тәрбиешінің өзінің ойынға дайындығы: ол ойынның барысын, өзінің
ойындағы орнын, ойынға басшылық жасау әдістерін оқып білу және ұғыну;
- балалардың ойынға дайындығы: ойын міндетін шешуге қажетті, қоршаған
орта заттары мен құбылыстары туралы түсініктермен және біліммен
байыту.
Дидактикалық ойындарды өткізуде атқарылатын жұмыстар:
- балаларды ойын мазмұнымен, ойында қолданылатын дидактикалық
материалдармен (заттарды, суреттерді көрсету, олар туралы ойын
барысында білім мен түсініктерді айқындайтын балаларға қысқаша кеңес)
таныстыру;
- ойын барысын және ережесін түсіндіру, сонымен бірге тәрбиеші ойын
ережесіне сәйкес, ережелердің орындалуына, балалардың жүріс-тұрысына
назар аудару;
- ойын әрекеттерін көрсету, ойын барысында тәрбиеші балаларды қимылдарды
дұрыс орындауға, қарама-қайшы жағдайда ойын қажетті нәтижеге
келтірмейтінін ( мысалы, егер балалардың біреуі көзді жұмудың орнына
ашып қараса) дәлелдей отырып, үйрету;
- тәрбиешінің ойындағы атқаратын рөлін, оның ойыншы, жанкүйер, төреші
ретінде қатысуын анықтау. Тәрбиешінің ойынға тікелей қатысу шамасы
балалардың жасына, олардың дайындық деңгейіне, дидактикалық мақсат пен
ойын ережесінің күрделілігімен анықталады. Ойынға қатыса отырып,
педагог ойыншылардың қимылдарына бағыт (кеңес, сұрақ, ескерту) береді;
- ойын қорытындысын шығару – бұл ойынға басшылық жасаудағы жауапты сәт,
мұнда балалардың жеткен нәтижелері есептеледі, нәтиженің тиімділігі
анықталады, осы нәтижелерді өзінің дербес ойын әрекеттерінде
қызығушылықпен қолдану ұсынылады. Қорытынды шығару кезінде тәрбиеші
жеңіске жету жолы тек қана қиындықтарды жеңу, ынта және тәртіптілік
арқылы болатынын түсіндіріп айтады.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан
бірқатар шарттарға байланысты:

1.  Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.

2.  Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.

3.  Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.

4.  Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.

5.  Ойынның эмоционалды болуы.

Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар
қойылады.

1.  Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні
бұрын дайындалып отыруы тиіс.

2.  Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден
түсіндірілуі қажет.

3.  Ойынға топтағы балалардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.

4.  Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу
керек.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРҒА БАСШЫЛЫҚ ЖАСАУ

Дидактикалық ойындарға ойдағыдай басшылық жасау ең алдымен олардың
бағдарламалық мазмұнын саралауды және ойлап табуды, мақсаттарды дәл
анықтау, тұтастай тәрбие үдерісіндегі орны мен рөлін анықтауды, басқа
ойындар мен оқыту түрлерімен өзара қатысты қарастырады. Ол танымдық
белсенділігін дамытуға және ынталандыруға, балалардың өзбетінше әрекет
етуге бастама жасауына, ойын мақсатын шешуде әртүрлі әдістерді қолдануға,
қатысушылардың арасында бір-біріне тілектестік қарым-қатынас қамтамасыз
етуге, жолдастарына көмек беруге дайын болуға бағытталуы керек.
 Балалар ойыншықтармен, заттармен, материалдармен ойын барысында оларды
тықылдатуға, ауыстырып қоюға, басқаша жасауға, бөлшектерге бөлуге
(құрастырмалы ойыншықтар), қайта құрастыруға және т.б. мүмкіндігі болуы
керек. Бірақ олар сол және дәл сондай қимылдарды бірнеше рет қайталайды, ал
тәрбиеші балалардың ойынын барынша жоғары сатыға бірте-бірте көшіруі қажет.
Мысалы, дидактикалық мақсат көлемі бойынша дөңгелектерді айыра білуге
үйрету болса, ол мұнараны дұрыс жина ойын тапсырмасы арқылы жүзеге
асады. Балаларда дұрысы қалай болады, деген соны білуге тілек пайда болады.
Қимылдардың әдісін көрсету бірмезгілде ойын әрекетін және жаңа ойын
ережесін дамытады. Тәрбиеші сақиналарды таңдап және арқауға бірінен соң
бірін кигізіп, ойын әрекетінің Қажетті Қажетті құралдардар үлгісін
көрсетеді. Ол кигізілген сақиналарды қолымен сипап, балалардың назарын
мұнараның әдемі, тік және дұрыс жиналғанына аударады. Мұнымен тәрбиеші жаңа
ойын әрекетін көрнекі көрсетеді, мұнараның дұрыс тұрғызылғанын тексереді,
балаларға осыны өздері жасауды ұсынады.
 Ересек топтардағы балалардың (4-6 жас) дидактикалық ойындарға
қызығушылығын дамыту, олардың ойын әрекеттерін қалыптастыруға, тәрбиеші
мынадай жағдайларда олардың алдына күрделенген тапсырмаларды қойған кезде
және ойын әрекеттерін есіне түсіруге асықпаған кезде қол жеткізуге болады.
Мектепке дейінгілердің ойын әрекеттері бірте-бірте саналы болады, ол тек
қана үдерістің өзіне емес кең ауқымды нәтижеге жетуге бағытталады. Сонымен
бірге мектепке дейінгі ересектер ойынына басшылық жасау мынадай:
балаларда сәйкес эмоциялық көңіл күйді сақтайтын, еркіндікті, оған
қатысқанда қуанышты бастан кешіре білетін және қойылған мақсатты шешуде
қанағаттану сезімі болатындай болуы керек.
 Тәрбиеші ойындармен басшылық жасай отырып мектепке дейінгілерге әсер
ететін түрлі Қажетті құралдардарды қолданады. Мысалы, ойынның қатысушысы
ретінде қатысып, ол оларға білдірмей ойынды бағыттайды, олардың
бастамаларына қолдау көрсетеді, олармен бірге ойынның қуанышын бөліседі.
Кейде педагог қандай да болсын оқиғаны айтады, ойынға сәйкес ойын барысында
көңіл күй құрады және оны қолдайды. Ол ойынға қосылмауы да мүмкін, бірақ
епті және сезгіш режиссер ретінде, оның көркемөнер қылығын сақтай және
қорғай отырып, ойын әрекеттерінің дамуына, ережелердің орындалуына басшылық
жасайды және балаларға білдірмей оларды белгілі нәтижеге жетелейді. Балалар
әрекетін қолдай және құмарландыра отырып, педагог мұны бәрінен бұрын тура
емес жанама жасайды: таңданғанын білдіреді, қалжыңдайды, түрлі бағытта
тосын сыйлар және т.б. қолданады.
Дидактикалық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін
бірқатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс:

1. Тәрбиеші ұлттық дидактикалық ойындардың неғұрлым көп түрін білуі
тиіс.

2. Дидактикалық ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне және
қызығушылығына байланысты іріктей білу.

3. Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе
білу.

4. Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу.

5. Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау.

6. Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз
қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру.

БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР ҮЛГІЛЕРІ

Қазақ тіліндегі дидактикалық ойындар

Саққұлақ
Мақсаты: Есту қабілетін дамыту, белсенді сөздікті толықтыру, фразалық
сөйлеуін дамыту
Қажетті құралдар: қалқа (тасалап тұратын нәрсе), қоңырау,
сылдырмақ, дабыл және т. б.
Ойын барысы:Тәрбиеші қалқаның артында тұрып, кезек бойынша жоғарыда
аталған заттармен дыбыс шығарып және балалардан дыбыстың қандай заттан
шыққанын табуын ұсынады. Дыбыстар бала оларды табу үшін, анық және
кезектесіп шығуы керек.

Ақшақар
Мақсаты: Сөйлеу тынысын дамыту, бірқалыпты және ұзақ дем шығара білуді
(ауаны ауызға толтырмай) қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Мақтаның бірнеше бос түйіршіктері.
Ойын барысы: Тәрбиеші мақтаның бөлігін көрсетіп, айтады Далада қар
жауып тұр. Келіңдер, топта қар жаудырамыз Содан соң баланың алақанына
ақшақарды салады және қалай үрлеу керек екенін көрсетеді. Сосын бала
үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.
Ақша қар, Ақша қар
Аппақ болып қонасың.
Тоса қалсам қолымды,
Алақаныма қонасың.

Жапырақтар
Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету.
Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған сары және қызыл
жапырақтар.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға күзде ағаштардың жапырақтары түсетінін
түсіндіреді. Бұл құбылыс жапырақтардың түсуі деп аталады. Жапырақтардың
түсуін үйде ұйымдастыруды түсіндіреді. Бала жапырақтар ұшатындай, оларға
үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Ұш, көбелек!
Мақсаты: Ұзақ, үздіксіз дем шығара білуді қалыптастыру.
Қажетті құралдар: 2-3 қағаздан жасалған, айқын боялған көбелектер (
әрбір көбелекке ұзындығы 50 см жіпті байлайды және оларды бір-бірінен 30 см
қашықтықта бауға байлайды. Бауды көбелектер баланың бетінің деңгейінде
салбырап тұратындай екі тіреудің ортасына кереді).
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға көбелектерге ұшатындай етіп, оларды
үрлеуді ұсынады. Баланың тік тұруын, ауаны ішке жұтқанда иықтарын
көтермеуін, бір рет дем шығарып үрлеуін, ауаны жұтпауын, ұрттарын
толтырмауын, ал еріндерін алға шығаруын қадағалау қажет.Бала басы айналмас
үшін, 10 секундтан артық емес үзілістермен үрлеуі қажет.
Қанаттары әдемі,
Қызыл – жасыл көбелек.
Гүлге қонып қалыпты
Бір ғажайып керемет.
Бар даланы жайнатып,
Гүлден – гүлге қонады.
Көбелектің қанаты
Гүлдей әсем болады.

Аулада
Мақсаты: Тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілеттілігін дамыту.
Қажетті құралдар: Ойыншық қораз, тауық, қаз, торғай.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп оқиды және сәйкес суреттерді
көрсетеді.
Ақ тауық ау ақ тауық
Ақ тауық неден қақсауық
Ертемен қыт - қыттайды
Ауламыздан шықпайды.
Балпаң басқан үйрегім
Бұлтыңдайды бүйрегің
Жалпақ тұмсық жем іздеп
Қырқылдайсың,қоймайсың
Тамаққа бір тоймайсың.
Торғай – торғай тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі томпайып,
Шиқ-шиқ десіп отырмақ.
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті – қолын жуады.
Мяу – мяу, мяу – мяу.

Ән – жыр
Мақсаты: Дыбысты дұрыс айтуды бекіту. Тілдік естуді және тілдік
белсенділігін, еліктеу бойынша дыбыс тіркесін және дыбыстарды айта білуін
дамыту.
Қажетті құралдар: Бұзау, лақ, қозы, бота.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқып ойыншық кейіпкерлерді көрсетеді. Өлең
ішіндегі еліктеу сөздерді балаларға қайталатып үйретеді.
Әнші төлдер
Жайылымнан кешкілік
Жамырады бес түлік.
Төңірекке тараған
Төлдер әнін естідік.
Мә-мә деген әні бар,
Секірер ор, жары бар.
Селтеңдеген лағым
Секіргіш бір жануар.
Мәә-мәә деген әні бар,
Жібек тоны - сәні бар.
Қошақаным момақан,
Сүйкімді бір жануар.
Бөө-бөө деген әні бар,
Енесін тез сағынар.
Жібек жүнді ботақан,
Мөлдір көзді жануар.
Мөө-мөө деген әні бар,
Үй маңынан табылар.
Ойқастаған бұзауым,
Ойнақтағыш жануар.
Күмбірлеген әні бар,
Желкілдеген жалы бар,
Желдей өсіп құлыншақ,
Желмен шапқан жануар.
Әдібай Табылдиев
Өлең соңында балалардан қай жануар қалай дыбыстайтынын сұрап, пысықтау.

Тауық пен балапандар
Мақсаты: Дауысқа еліктеу қабілетін, кеңістікті бағдарлауды дамыту.
Қажетті құралдар: Қораз бен балапандардың бастарының суреттері салынған
баскиімдер (балалардың саны бойынша).
Ойын барысы: Тәрбиеші қоразды, ал балалар балапандарды бейнелейді.
Қораз балапандарымен көгалда қыдырып жемді шұқып жейді (саусақтарымен
еденді тықырлатады).

Қораз:
Мен қоразбын,қоразбын
Жалқаулармен аразбын
Таңды бұрын қарсы алып
Елді оятам жар салып.
Ку-ка-ре-ку!-деп нықтап
Айтты өзінше ақылды
Әке-шешең сендерге
Тамақ іздеп кетеді,
Менің күнім таң атты,
күн баттымен өтеді.
Қызмет етіп теп-тегін
Жүрмеймін босқа,жетеді,
Тым болмаса көңілімді
Көтерсеңдер не етеді?
Балапандар:
Қыт-қыт-қыт-қыт,иә-деп,
Сүйер бар балақан,
Мен-сары балапан.
Енеме еремін
Көгалды шоқып көп
Дән іздеп теремін.
Тәрбиеші балалардың өзінен соң ку-ка-ре-ку, қыт-қыт-қыт-қыт дыбыс
тіркестерін анық айтуларына қол жеткізуі қажет.

Шөре – шөре
Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.
Қажетті құралдар: Ешкі, жылқы, сиыр, түйенің суреттері.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқуды жануарлардың суреттерін көрсетумен
жалғастырады.
Өрісте өскен жануар,
Шөкетайым қайдасың?
Шөре – шөре деп ешкіні шақырады.
Қамбар ата өсірген,
Құла атым қайдасың?
Құрау – құрау - деп жылқыны шақырады.
Зеңгі баба өсірген,
Әукешім менің қайдасың?
Ауқау – ауқау – деп - сиырды шақырады.
Ойсыл қара баласы,
Ботақаным қайдасың?
Көс – көс деп түйені шақырады.
Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.

Бип, бип, пыш
Мақсаты: Еліктеу бойынша дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.
Қажетті құралдар: Паравоздың суреті.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқиды, ал балалар бірінен соң бірі
тізбектеліп паравоздың қимылын жасайды. Сосын еліктеу сөздерін қайталап
айтады.
Бип, бип, пыш.
Мен паравоз алам.
Саяхатқа бет алам,
Бірте-бірте тездейміз,
Тез жетуді көздейміз.
Бип, бип, пыш.
Көп қаладан өтеміз.
Қызықтарға жетеміз,
Бип, бип, пыш.
Гук пыш,
Гук, пыш паравоз.
Мықты болсаң басып оз,
Қызық болды кеп қалдық,
Енді жайлап тоқтаймыз,
Бип, бух, пыш.
Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.

Не істеу керек, табамыз
Мақсаты: Есту зейінін жұмылдыра білуін дамыту. Сылдырмақтың дыбысымен
өзінің қозғалысының арақатынасын белгілеу, қозғалыс сәйкестігін дамыту.
Қажетті құралдар: Сылдырмақ, екі жалауша.
Ойын барысы: Баланың қолында екі жалауша бар, егер тәрбиеші сылдырмақты
қатты сылдырлатса,онда бала жалаушаларды жоғары көтереді және бұлғайды.
Егер сылдырмақ ақырын сылдырласа, онда жалаушаларды төмен түсіреді.
Мұнда балалардың дұрыс тұруын және қозғалыстарының дәл орындалуын
қадағалау маңызды.Бала жаттығуды жеңіл орындау үшін, сылдырмақтың қатты
және ақырын дыбысталуын кемінде 4 рет алмастыру қажет.

Кім алғыр?
Мақсаты: Құлақтың естігіштігін, сөздік нұсқаулықты оны айтатын дауыс
күшіне қарамастан дұрыс қабылдай білуді дамыту.
Қажетті құралдар: Ойыншықтар: қуыршақ, аю, мәшине.
Ойын барысы: Тәрбиеші үстінде ойыншықтары бар үстелдің жанында отырады.
Бала одан 2 – 3 метр қашықтықта болады. Мен сыбырмен сөйлейтін боламын,
сондықтан бәрі естілу үшін тыныш отырып, зейінмен тыңда :
- Аюды ал және мәшинеге отырғыз.
- Аюды мәшиненің ішінен ал.
- Мәшинеге қуыршақты отырғыз.
- Қуыршақты мәшинемен қыдырт.
Бала бұл тапсырмаларды естуі, тусінуі және орындауы қажет. тапсырмалар
қысқа және жеңіл,ал айтылуы ақырын,бірақ айқын болу керек.

Сыңғыр - сыңғыр
Мақсаты: Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту
қабілетін бағыттауды дамыту.
Қажетті құралдар: Қоңырау.
Ойын барысы: Бала көзін жұмады, ал тәрбиеші тым-тырыс оның жанына (сол,
оң, артынан) келіп қоңырауды сылдырлатады.Бала көзін ашпай дыбыстың, қайдан
шыққан бағытын анықтауы қажет.Егер бала қателессе, онда тағы шешеді. Ойынды
4 – 5рет қайталайды. Баланың көзін ашпауын қадағалау керек. Бала дыбыс
қайдан шықты, сол жерге бетімен бұрылып, дыбыстың бағытын көрсете білуі
керек.Қоңырауды баяу сылдырлату керек.

Немен ойнап отырмын, тапшы?
Мақсаты: Тұрақты есту қабілетін дамыту, дыбысталуы бойынша аспаптарды
айыра білу.
Қажетті құралдар: Дабыл, сылдырмақ, сырнай және т. б.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға кезекпен музыкалық аспаптарды көрсетіп,
олардың атауларын нақтылайды және олардың дыбысталуымен таныстырады.
Тәрбиеші балалардың аспаптар атауларын ұғып және дыбысталуын есте
сақтағанына көз жеткізгеннен кейін, аспаптарды қалқаның артына жинайды.
Онда тәрбиеші әртүрлі аспаптарда ойнауды жалғастырады, ал бала дыбысы
бойынша анықтайды.

Қатты - ақырын
Мақсаты: Дауыс күшін алмастыра білуге үйрету: біресе қатты, біресе жай.
Қажетті құралдар: Үлкен және кіші иттер немесе басқа ойыншықтар.
Ойын барысы: Тәрбиеші екі итті көрсетіп айтады: Үлкен ит қатты үреді
Аб-аб.Үлкен ит қалай үреді? (бала дауысын қатты шығарып қайталайды). Ал
кішкентай күшік ақырын үреді: Аб-аб. Кішкентай күшік қалай үреді? (бала
ақырын қайталайды)

Кел, ойнайық!
Мақсаты: Қатты дауысты пайдалана білуді шынықтыру.
Қажетті құралдар: Ойыншықтар: аю, қоян, түлкі жене басқа аңдар.
Ойын барысы: Тәрбиеші баладан 2 – 3 метр қашықтықта ойыншықтарды
орналастырып, айтады: Аю, қоян, түлкі жалғыз отырып зерікті.Оларды бізбен
ойнауға шақырайық.Олар бізді есту үшін қатты: Аю, кел осылай шақыру
керек. Балалар тәрбиешімен бірге аюды, қоянды, түлкіні шақырып, бірге
ойнайды. Мұнда ең маңыздысы балалардың ойыншықтарды айқайламай, қатты
шақырғанын қадағалау болып табылады

Қуыршақты оятпа
Мақсаты: Ақырын дауысты қолдана білуді дамыту.
Қажетті құралдар: Жабылатын көздері бар қуыршақ, төсек орын
жабдықтарымен кереует,майда ойыншықтар (текше, доп, мәшине және т. б.)
ойыншықтарға арналған қораб.
Ойын барысы: Тәрбиеші ұйықтап жатқан қуыршағы бар кереуетті көрсетіп:
Кәусар көп қыдырды, шаршады, түстенді және ұйықтап қалды. Ал бізге Кәусәрді
оятып алмау үшін ойыншықтарды тыныш жинау керек. Маған ақырын айтшы, қандай
ойыншықты қорапқа салу керек?. Мұнда баланың ақырын, бірақ сыбырламай
айтқанын бақылау қажет.

Жел соғып тұр
Мақсаты: Кез – келген жағдайларда қатты немесе ақырын дауысты қолдана
білуді дамыту.
Қажетті құралдар: 2 сурет, біреуінде жапырақтарды, гүлдерді тербеткен
самал жел бейнеленген, ал екіншісінде ағаштарды тербеткен өткір жел
бейнеленген.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға самал желдің суреттін көрсетіп, айтады:
Біз жазда орманға серуенге бардық. Самал жел соғып жапырақтар мен гүлдерді
тербейді.Ол жай у-у-у осылай соғады(дыбыс жай және ұзақ айтылады). Сонан
соң өткір жел бейнеленген суретті көрсетіп, айтады Кенеттен өткір жел
тұрып, ол қатты гуілдеді у-у-у(дыбыс қатты және ұзақ айтылады). Бала
тәрбиешіден кейін самал жел қалай соғады және өткір жел қалай гуілдейді
соны қайталайды. Мұнда тәрбиешіден кейін қайталай отырып бала сол дауыс
күшін сақтағаны маңызды.

Көпіршік
Мақсаты: Балалардың сөйлеу тынысын және дыбыстық аппаратын дамыту.
Ойын барысы: Ойынды бірнеше адам ойнайды. Олар тығыз шеңбер жасап
тұрады және бір-біріне түтікше етіп жұдырықтарын қойып, ойдан көпіршік
үрлейді.
Көпіршік, көпіршік үлкен бол үрлен,
Осылай қал, жарылма түрлен.
Сосын үлкен көпіршік үрленеді (балалар ү-ү-ү-п деген дыбысты ұзақ
шығарады). Ойын қайталанады.

Кімнің құсы алысқа ұшады?
Мақсаты: Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығаруды
қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған және айқын боялған құстың
пішіндері.
Ойын барысы: Бір-біріне 30см қашықтықта екі құсты үстелдің шетіне
орналастырады. Екі бала құстарға қарама-қарсы отырады. Құстар ұшты!
дабылы бойынша, балалар құстардың пішіндеріне үрлейді. Балалар құстарға
үрлегенде ұрттарын толтырмауын, қатты күш салмауын қадағалау керек.

Кеме
Мақсаты: Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығара білуді
қалыптастыру. Ерін бұлшық еттерін белсендіру.
Қажетті құралдар: Су құйылған шара және қағаз кемелер.
Ойын барысы: Су құйылған шара балаға кемені үрлеуге ыңғайлы болып тұруы
керек. Тәрбиеші кеме қозғалу үшін, оған бірқалыпты және ұзақ үрлеу
қажеттігін түсіндіреді.

Сағат тықылдайды
Мақсаты: Дыбыстарды айтуды, дыбыстау аппаратын дамыту. К, т
дыбыстарының айтылуын бекіту. Біркелкі сөз қарқынын, сөздерді жылдам және
баяу, қатты және жай айтуды шынықтыру.
Қажетті құралдар: Үлкен және кіші сағаттар.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға сағаттарды көрсетіп, айтады: Бұл –
сағаттар. Олар жүрген кезде тк-тк, тк-тк деп тықылдайды. Сағаттар қалай
тықылдайды? (балалар жауап береді).Үлкен сағаттар жүрген кезде тк-тк деп
қатты және баяу, ал кіші сағаттар тк-тк деп жай және жылдам тықылдайды
(балалар әрқайсысына айырмашылығын ажыратып жауап береді). Т және к
дыбыстарының дұрыс және анық айтылуын қадағалау керек.

Құлыншақ
Мақсаты: И дыбысын анық айтуға үйрету.
Қажетті құралдар: Ойыншық ат.
Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншық атты көрсетіп, оның и-и-и деп дыбыс
шығаратынын түсіндіреді және балаға 2-3 рет қайталап айтқызады.
Баптайын ылғи, бағайын,
Арқаңнан сипап қағайын,
Бәйгеге мініп шабайын,
Тұлпар боп өсші құлыным!

Мәшине
Мақсаты: Б дыбысын дұрыс және анық айтуды қалыптастыру, жеке дыбысқа
еліктеп қатты және жай айтуды , кеңістікте бағдарлана білуді дамыту.
Қажетті құралдар: Картоннан жасалған (бала санына байланысты) тұтқа,
үлкен және кіші мәшинелер.
Ойын барысы: Тәрбиеші мәшинені көрсетеді және оның қалай гүрілдейтінін
сұрайды(бң-ң, бң-ң). Сосын үлкен мәшинені көрсетіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілінде оқыту құралдары
Шет тілі фонетикасын оқыту
Орыс тілі сабақтарында ойын әрекетін қолдану бойынша зерттеу нәтижелерін талдау
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті
Мектеп жасына дейінгі балалар
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі
Морфология тарауын оқытуда оқушылардың белсенділігін арттыру
Сөйлеу дағдысын дамыту
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны
Пәндер