Қазақ тілінен дәрістер


Ф-ӘД-001/026
№ 1 лекция.
Лекция тақырыбы: Кіріспе.
Лекцияның жоспары:
1. Тіл туралы түсінік
2. Тілдердің шығуы.
3. Тіл білімі және оның салалары.
4. Тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы
Лекцияныњ мақсаты: Тілдің қоғамдық мәні мен қызметі жµнінде cтуденттерге жалпы түсінік беру.
Лекция мазмұны .
Адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды, түсініседі, пікір алысады, ойын жеткізеді. Тіл болмаса адам өз ойын түсініп, біле алмас еді, айта алмас та еді. Тіл арқылы оқып, білім аламыз, мамандықты игереміз. ¤ткен тарихымыз, халқымыздыњ әдет-ғұрыптары дәстүрлері т. б. тіл арқылы жетеді, тіл арқылы кейінгі ұрпаққа жалғасады. Мысалы, ұлы Абайдыњ әсем де әсерлі, мәнді де мағыналы шығармаларын тек тіл арқылы оқып білеміз, үйренеміз, ғибрат аламыз. Сондықтан да халқымыз «Өнер алды - қызыл тіл» деп тегін айтпаған.
Тіл - қоғамдық құбылыс. Тек қоғам бар жерде, ұжым бар жерде ғана тіл болады. Қоғамнан тыс жерде тіл болмайды. Тіл халықпен байланысты, сол халықтың өкілдері арасындағы қатынас құралы болып табылады. Тіл өзі қызмет етіп отырған халықпен, қоғаммен бірге туады, бірге дамиды, өседі, өркендейді, тіпті бірге құриды, өледі.
Тіл оймен, ойлаумен тікелей байланысты. Адам ойын тіл арқылы жеткізеді, жүзеге асырады. Адам өзінің білген, ойлаған, түсінген, таныған ұғымдарын, ойларын екінші біреуге тіл арқылы баяндайды, хабарлайды. Сондықтан да тіл ойдың тікелей шындығы, көрінісі деп атайды.
Тіл - күрделі құбылыс. Ол бірнеше бөліктен тұрады. Тіл білімінде ол бөліктер тілдік деңгей немесе тілдік қабат деп аталады. Олар - тілдің фонетикалық жүйесі, лексикалық немесе сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын грамматика зерттейді. Сондай-ақ тілде жаңа ұғымдардың келуімен байланысты оның атаулары - жаңа сөздер де жасалып отырады. Оны қарастыратын сала сөзжасам деп аталады. Грамматиканың өзі үлкен екі бөлімнен тұрады: бірі - морфология, екінші - синтаксис.
№ 2 лекция.
Лекция тақырыбы: Фонетика. Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
1. Фонетика ғылымының негізгі салалары
2. Тіл дыбыстары мен олардың жасалу жолдары. Дыбыс және әріп. Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлері
3. Тіл дыбыстарының жіктелуі
Лекцияның мақсаты: Тілдің фонетика саласы, қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы өзекті мәселелері жөнінде студенттерге жалпы түсінік беру.
Лекция мазмұны .
Фонетика - тілдің дыбыстық жағын зерттейтін тіл білімінің саласы. Фонетика тілдегі дыбыстарды төрт түрлі тұрғыдан қарастырады:
қызметі (функционалдық) ;
жасалымы (артикуляциялық) ;
айтылымы (акустикалық) ;
естілімі (парцептикалық) .
Фонетика жалпы және жеке фонетика болып екіге бөлінеді. Жалпы фонетика дүне жүзі тілдеріне ортақ дыбыстардың құрамы мен жүйесін (мыс., барлық тілдерде дауыстылар мен дауыссыздар бар), жасалымы (барлық тілдерде тіл алды, тіл арты, еріндік т. б. ), айтылым (барлық тілдерде қатаң, ұяң, үнді бар) белгілерін анықтайды. Сөйтіп дыбыстардың әмбебап кестелерін жасайды. Тілге ортақ дыбыс құбылыстарының сырын ашады. Интонацияға қатысты ортақ жайттарға да тоқталады. Жеке фонетика болса, белгілі бір тілге ғана тән дыбыс құбылыстарын зерттейді, белгілі бір тілге ғана тән бірегей дыбыс құбылыстарын сипаттап беруді мақсат етеді. (Мыс., қазақ тілінің фонетикасы) .
Фонетика сипаттама және тарихи болып тағы бөлінеді. Сипаттама фонетика дыбыс жүйесінің белгілі бір кезеңге ғана тән құбылысын көрсетеді. ал, тарихи фонетика дыбыс жүйесінің даму жүйесінің даму жолын бағамдайды.
№ 3 лекция.
Лекция тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар
1. Дауысты дыбыстар, олардың жіктелуі: жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік дауыстылар
2. Жалаң және дифтонгоид дауыстылар. Дауыстылардың емлесі
3. Дауыссыз дыбыстар, олардың жіктелуі: қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар.
4. Аффрикат дыбыстар. Дауыссыздардың емлесі
Лекцияның мақсаты: Тілдің қазақ тілі фонетикасындағы дауысты, дауыссыз дыбыстар мәселелері жөнінде студенттерге жалпы түсінік беру, емлелік ерекшеліктерін меңгерту.
Лекция мазмұны .
Қазақ тіліндегі дыбыстар дауысты және дауыссыз дыбыстар болып, екі үлкен топқа бөлінеді.
Дауысты дыбыстар
Ауаның кедергісіз шығуы арқылы жасалып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейді. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е.
Бұл дыбыстардың ішіндегі бесеуі: ә, ө, ұ, ү, і дыбыстары қазақ тілінің ерекшелігіне жатады. Бұдан басқа екі қосынды дауысты (дифтонг) бар: и, у.
Орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын бір дауысты дыбыс бар, ол - э. Кейде бұлардың бәрін қосып, қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар деп те айтылады.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қызметіне қарай жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.
Жуан дауысты дыбыстар тілдің ортасы көтеріліп, артқа жылжуы арқылы жасалады. Олар: а, о, ұ, ы.
Жіңішке дауысты дыбыстар тілдің ұшының ілгері жылжып, алға созылуы арқылы жасалады. Олар: ә, ө, ү, і, э, и.
2. Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай ашық және қысаң болып бөлінеді.
Ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
Қысаң дауыстылар жақтың сәл ашылуы арқылы жасалады. Олар: ұ, ү, у, ы, і, и.
3. Дауысты дыбыстар еріннің қызметіне қарай еріндік және езулік болып бөлінеді.
Еріндік дауыстылар еріннің дөңгеленіп ілгері созылуы арқылы жасалады. Олар: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік дауыстылар езудің кері тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, э, ы, і.
Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі
А, ә әріптерінің емлесі
А - латын және орыс графикасына негізделген әліпбилердің бірінші әрпі. Ол иектің төмен түсіп, тілдің кейін жылжуы кезінде ауыз қуысының кең ашылуынан пайда болатын жуан дауысты дыбысты белгілейтін таңба. Түркі тілдерінде А дыбысының қалыпты басталатын және созылыңқы дыбысталатын екі түрі бар. Қазақ тілінде солардың алғашқысы қалыптасқан.
А символ ретінде де қолданылады. Латын әліпбиіндегі А тек дыбыс таңбасы ғана емес, «бірінші», «бастама» деген ұғымды да береді. Грек тілінен ауысқан кейбір сөздерде А болымсыздық мағынаны аңғартады (аморф-формасыз, авитамниоз-витаминсіздік) .
А әрпі сөздің барлық буынында, байырғы, кірме сөздерді талғамай, қолданыла береді: баба, ағайын, адырна т. б.
Ә - қазіргі қазақ әліпбиіндегі екінші әріп, ауыздың мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке, ашық, езулік дауысты дыбыстың таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады, екінші буынында «а» дыбысымен ауысып, акустика жағынан көмескіленеді. Сондықтан қазақ тілінің жазу жүйесі бойынша екінші буында ә дүдәмал естілгенде А жазылады (кітап, Сәбира) . Ә негізінен араб, парсы тілдерінен енген сөздердің бірінші буынында айтылады. Соған орай, қазақ тілінде, кейбір түркі тілдерінде ә дыбысының қалыптасуы шығыс тілдерінен келген сөздердің артикуляциялық ыңғайласуына байланысты деген пікір бар (проф. Н. В. Юшманов, Поливанов т. б. ) Алайда, әкел (алып кел), әпер (алып бер) тәрізді сөздердің құрамындағы ә - ассимиляцияның нәтижесі. Ә қосымшалар құрамында қолданылмайды.
Ескерту. 1. Санаулы сөздерде ғана ә әрпі сөздің екінші буынында жазылады: күнә, шүбә, сірә, куә, мәрмәр, зәмзәм іңкәр, күмән, дімкәс, Күләш, Күлән, мүшәйре, мүсәпір, едәуір, мүләйім, дүдәмал т. б.
2. Біріккен сөздің екінші сыңарында ә әрпі жазылады: Әбдікәрім, Асанәлі, Әбдінәби, Шәкәрім, көкнәр.
3. Қос сөздердің екінші сыңарында ә әрпі жазылады: тәлім-тәрбие, гүл-бәйшешек, дәрі-дәрмек, әлем-жәлем, оқ-дәрі, оқу-тәрбие т. б.
О, Ө әріптерінің емлесі
О - жуан, ашық, еріндік дыбыстың әрпі. Байырғы сөздерде сөздің алғашқы буында жазылса, (озат, оймақ, ойын), орыс тілінен енген сөздерде барлық буында жазыла береді: какао, геолог т. б.
Ескерту: 1. Қос сөздің екінші сыңарында жазылады: ойын - той, зорлық - зомбылық, қоян-қолтық, иіс - қоңыс т. б.
2. Біріккен сөздің соңғы сыңарында жазылады: желтоқсан, киікоты, қараторғай, көкекоты, кемпірқосақ т. б.
3. -қор, -қой жұрнағы жалғанған кезде О әрпі сөздің соңында жазылады: пайдақор, сәнқой.
О - жіңішке, ашық, еріндік дауысты дыбыстың әрпі. Сөздің тек алғашқы буынында жазылады: өрнек, өнеге, көркем. Бұл әріп те, ол белгілейтін дыбыс та қазақ тіліне тән.
Ескерту: 1. Біріккен сөздің екінші сыңарында ө әрпі жазылады: көркемөнер, көкөніс, көжөтел т. б.
2. Қос сөздің екінші сыңарында о әрпі жазылады. Көпе - көрнеу, көл - көсір, көсе-көлденең т. б.
Ұ әрпінің емлесі
Ұ - жуан, қысаң, еріндік дауысты дыбысты белгілейтін әріп. Сөздің алғашқы буынында жазылады: тұйғын, тұқым, тұлпар, ұран, ұстаз т. б. Бұл әріп те, ол белгілейтін дыбыс та орыс тілінде жоқ, қазақ тілінің ерекшелігі.
Ескерту: 1. Басқа тілден енген сөздерде кейінгі буындарда қолданылады: марқұм, мақсұт, мақұл, мақұлық, башқұт, бұлбұл, мағлұм т. б.
2. Біріккен сөзде кейінгі буындарда қолданылады.
3. Қос сөздің екінші сыңарында жазылады: ала-құла, алым-жұлым, жалт-жұлт т. б.
Бірінші буында «ұ» дыбысы келсе, екінші буындағы қысаң дауысты «ы» дыбысы «ұ» болып айтылды, бірақ жазуда «ы» жазылады. Мысалы: айтылуы-құлұн, жазылуы - құлын. Сондай-ақ сөз басындағы «р» дыбысының алдынан да «ұ» дыбысталады (айтылуы - ұрұқсат, жазылуы - рұқсат) .
Ы, і әріптерінің емлесі
Ы, і - жуан және жіңішке қысаң, езулік дыбыстардың әріптері. Бұлар сөзде орын талғамайды, барлық буында жазыла береді: ызғырық, ыстық, ықылас, ізгілікті, ізденгіш, ізетті т. б.
І әрпі, ол белгілейтін дыбыс орыс тілінде жоқ.
1. Сөздің құрамында ы, і естілгенімен, жазылмайтын жағдайлар бар: а) сөз р, л дбыстарынан басталса, айтылуы ы, і дыбыстары естілгенімен, жазылмайды: разы, рұқсат, рәсім, лақ, ләззат т. б.
ә) Ы, і әрпітері я, ю әріптерінің алдынан жазылмайды: қиямет, қиянат, биязы, биялай, қию, жию т. б.
2. Сөз құрамындағы ы, і дыбыстарының түсіп қалып, жазылмайтын жағдайлары:
а) Етістік ы, і дыбыстарына аяқталып, оған тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, ы, і әрпітері түсіп қалады: тоқы (у) - тоқу, шоқы (у) - шоқу, оқы (у) - оқу, таны (у) - тану, көкі (у) - көку.
ә) Сөздің соңғы буынындағы ы, і әріптері оған дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда, мағына өзгермейтін сөздерде түсіп қалады: а) халық (ы) - халқы, мүлік (і) -мүлкі, мұрын (ы) -мұрны, ерін (і) - ерні, ауыл (ы) - аулы, дауыс (ы) - даусы т. б. ә) бүйір (ек) - бүйрек, дәуір (ен) - дәурен, ойын (а) - ойна, жиын (а) - жина т. б.
Ескерту: Соңғы буында ы, і әріптері жазылатын сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанға ы, і әріптері түспей жазылады: қорық (ы) - қорығы, қылық (ы) - қылығы, бүлік (і) - бүлігі т. б.
б) Етістік ы, і дыбыстарына аяқталып, оларға көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда, сөз соңындағы ы, і әріптері мен көсемшенің й жұрнағының орнына и әрпі жазылады, оқы (й) ды - оқиды, тоқы (й) тоқиды, таны (й) ды - таниды, көкі(й) ді - көкиді.
в) иы, иі тұлғалы етістікке көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда ій әріптерінің орнына и әрпі жазылады: бойы (й) - байиды, кей (й) - кейиді.
3. Сөзге ы, і әріптерінң қосылып жазылуы:
нк, нг, ск, нд, кт, рв, мб, мск, дж, пт, рз, нкт дауыссыздарына аяқталған орыс тілінен енген сөздерге дауыссыздан басталатын қосымша дәнекер ы, і әріптері арқылы жалғанады: факт+і+ні, шлангі+ні, киоск+і+де, фонд+ы+ны, пункт+і+нен, резерв+і+н, ромб+ы+да, Томск+і+де, коттедж+і+ден, рецепт+і+де, пункт+і+нен.
Э, е, ю, я әріптерінің емлесі
Э - тіл алды, езулік дауысты дыбысты белгілейтін әріп. Е - жазуда екі дербес дыбыстың (й+о) қосындысын белгілейтін таңба
1. Э, е әріптері орыс тілінен енген сөздерде, орыс тілі арқылы шет ел тілінен енген сөздерде, орыс тілі арқылы шет ел тілінен енген сөздерде жазылады. Қазақтың байырғы сөздерінде жазылмайды. Мысалы: экскурсия, эпиграф, эстрада, актер, елка, слет т. б.
2. Ю әрпі қосынды й+у дыбыстарын таңбалайды.
а) Байырғы сөздерде аю, баю, қою, жию т. б.
ә) Орыс тілінен кірген сөздерде глюкоза, юбка, мор, велюр, бюджет т. б.
3. Я әрпі й+а дыбыстарын таңбалайды:
а) Байырғы сөздерде: таяқ, қоян, аян, тұяқ т. б.
ә) Орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздерде. гвардия, геология, ядро, яхта т. б
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар - сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жуысыуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болтын және буын құрай алмайтын тіл дыбыстары. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бірінің тікелей қатысуы арқылы жасалатындықтан олардың жасалу орнын (артикуляциялық белгісін) оңай табуға болады. Қазақ тілінің төл б, ғ, г, д, ж, з, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у (тау), ш, сонымен қатар араб-парсы, орыс тілдерінен енген в, ф, х, ц, ч, щ, һ дауыссыз дыбыстары бар.
Акустикалық белгілеріне қарай:
а) қатаң - к, қ, п, с, т, ш, ф, х, ц, ч, щ, һ;
ә) ұяң - б, г, ғ, д, ж, з, в;
б) үнді - й, л, м, н, ң, у болып топталады.
Дауыссыз дыбыстардың қазақтың төл сөздерінде қолданылуы біршама өзіндік ерекшеліктері бар: сөз басында екі не одан да көп дауыссыз дыбыс қатар тұрмайды; л, р дауыссыздары сөз басында кездеспейді. (жазылуы - лақ, ру; айтылуы - ылақ, ұру) ; сөз соңында ұяң б, д, ғ, г дауыссыздары кездеспейді. Сөз ішіндегі дауыссыздар көршілес дауыстылармен үндес дыбысталады, яғни көрші дауысты жуан болса, дауыссыз да жуан, жіңішке болса жіңішке айтылады (сыз-сіз, тұз-түз, ақ-әк) . Қ мен к, ғ мен г дыбыстарын жеке-жеке фонема деп (І. Кеңесбаев) және бір фонеманың екі түрлі дыбысталуы деп (Б. Тайлақбаев, Ә. Жүнісбеков, С. Татубаев) қарастырушылық бар. Соңғы жылдардағы экспериментті фонетика әдістерімен жүргізілген зерттеулердің нәтижесі к, г дауыссыздарының жасалу орнына қарай тіл ортасы, ал қ, ғ, ң дауыссыздарының кішкене тіл (веляр) арқылы артикуляцияланатынын көрсетті. ң дауыссызының тіл ортасы арқылы жасалатын жіңішке түрі (ең, іңір т. б. ) бар.
Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
Дауыссыз дыбыстардың ішінде һ, в, ф, х, ч, ц дыбыстары қазақ тілінің байырғы сөздерінде қолданылмайды. Һ-қазақ тілінде бірден-бір көмей дыбысын таңбалайтын әріп. Мұны айтқанда дауыс шымылдығында діріл болмайды, фонациялық ауа сүзіліп шығады. Сондықтан «һ» фонемасы ызың дыбыстардың қатарына жатады. Дауыс қатысы - қатаң дыбысқа жуық. Өзге дауыссыздан айырмасы мұны айтқанда ауа бөгетсіз, қарқынды шығады. «һ» фонемасы келетін сөздер қазақ тілінде өте аз.
Һ әрпі шығыс тілдерінен енген кейбір сөздерде және одағайларда қолданылады: мәшһүр, қаһарман, гауһар, оһо, еһе, еһ т. б. Ф - тіс пен еріннің жуысыуынан жасалатын ызың, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.
Х - тіл арты, ызың, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.
Ал ф, х дыбыстары шығыс және орыс тілдерінен енген сөздерде кездеседі: Фатима, Хамит, Хамза, фабрика, хабар, хрестоматия т. б.
Ц, ч дыбыстары орыс тілінен енген сөздерде в әрпі фамилияларда қолданылады: вагон, валс, велосипед, вирус, вокзал, Омаров, цемент, чех, чемодан, центнер т. б.
Щ әрпі кейбір байырғы сөздерде және орыс тілінен енген сөздерде жазылады: ащы, тұщы, кеще, щетка, щи т. б.
Орыс тілінен енген сөздерде сөз ортасындағы қос дауыссыз жазуда сақталады: касса, грамматика, миллион, аттастат, калилиграфия т. б.
Қазақ тілінің байырғы сөздері б, в, г, д, ж дыбыстарына аяқталмайды.
П, б, ф дыбыстары тілде вариантты сөздер берген: Фатима, Бәтима, Патима, бәле, пәле, балуан, палуан т. б.
Орыс тілінен енген сөздерде дауыссыз дыбыстың жуан, жіңішкелігін білдіретін екі әріп бар: ь, ъ. Мысалы: альбом, статья, павильон т. б.
№ 4 лекция.
Лекция тақырыбы: Буын, оның түрлері. Екпін. Дыбыстардың үндесуі
1. Буын және оның түрлері: ашық, тұйық, бітеу буындар. Буынның алмасуы. Буын және тасымал. Тасымалдау ережелері
2. Екпін және оның түрлері. Қазақ тілінде екпін түспейтін қосымшалар
3 Дыбыстардың үндесуі. Буын үндестігі (сингармонизм) . Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
4. Дыбыс үндестігі (ассимиляция) . Ықпал заңдары: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал.
5. Орфография мен орфоэпия. Орфография принциптері. Орфоэпия нормалары
Лекцияның мақсаты: Тілдің қазақ тілі фонетикасындағы буын, оның түрлері және үндестік заңы жөніндегі мәселелерді студенттерге қазіргі қазақ теориялық білім көлемінде мағұлмат беру, емлелік ерекшеліктерін меңгерту.
Лекция мазмұны .
Буын - сөздерді айтудағы дауыс құбылысының бірнеше толқынмен бөлшектеніп, үзіліп-үзіліп дауысты дыбыстың қатысымен бөлініп айтылатын сөздің бөлшегі. Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. Дауысты дыбыс өз алдына жеке тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та буын құрай алады. Буынға тән негізгі белгілер:
Дауысты дыбыссыз буын болмайды;
Дауысты дыбыстың бір өзі де буын бола алады (а-та, ә-же т. б. ) .
Бір буында бірден артық дауысты болмайды, яғни сөз құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады (жұ-ды-рық, мек-теп т. б. )
Буында мағына болмайды;
Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ буындар да екі дауыссыздан басталмайды (Сқақ, Рза, Сланов деп жазбаймыз, дұрысы: Сықақ, Рыза, Сыланов түрінде келеді) ;
Қазақ тілінде басқа (сөз басындағы) буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда біріккен, қос сөздерде болмаса (2, 3-ші т. б. ) буындар дауыстыдан басталмайды. Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны содан (кә-сіп, қыз-ғал-дақ т. б. ) ;
Сөздердің айтылуындағы буын саны мен жазылуындағы буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес (айтылуда Сар-ар-қа, кел-ал-май-ды, ал жазылуы:Са-ры-ар-қа, ке-ле-ал-май-ды) .
Буын өзінің құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың тіркесі ретіне қарай мына түрлерге жіктеледі:
1) Ашық буын - бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып дауысты дыбысқа аяқталып тұратын буын (а-ра, -не, ке-ше, қа-ла) .
2) Тұйық буын - дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін буын (ат, ыс, ет, ес, өрт, ұлт) .
3) Бітеу буын - дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын буын немесе дауыссыздан басталып дауыссыз дыбысқа бітетін буын (тіс, қыз, бас, мек-теп, тарт, бұлт) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz