Нашақорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық нормаларының жалпы сипаттамасы



Нашақорлыққа қарсы іс.қимылдың құқықтық нормаларының жалпы сипаттамасы 78
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І.ТАРАУ. НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС.ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.1. Нашақорлыққа қарсы күрестегі халықаралық заңнама ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қазақстан Республикасындағы есірткі ахуалы және оны осыдан алуға бағытталған негізгі іс.шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2.1. Есірткінің заңсыз айналымының ұғымы және қылмыстық құқық бойынша оның құрамдас элементтері
2.2. Есірткі заттардың заңсыз йналымына қатысты қылмыстарды саралау мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Есірткінің Қазақстан Республикасына келетін арналары мен көздері ... .

ІІІ.ТАРАУ. ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ КҮРЕСТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

3.1. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс.қимыл шаралары ... ... ... ... .
3.2. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы заңнаманы жетілдіру тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3.Дүние жүзі елдеріндегі есірткіге тәуелді болуға қарсы іс.қимыл. Ұлттық тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Бүгінгі таңда еліміздің алдында тұрған басым бағыттардың бірі –халықтың денсаулығын сақтау және жеке адамды жан-жақты дамыту болып табылады. 1995 жылы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституцияның 29-бабына сәйкес, азаматтардың денсаулығын сақтау құқықтарына кепілдік берілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан–2030: «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқаттың артуы» атты келелі Жолдауында отандастарын салауатты өмір сүруге баулуға, нашақорлықпен және есіркі саудасымен күресті күшейтуге назар аударғаны баршаға аян.
Есірткінің заңсыз айналымы мен оларды медициналық емес мақсатта пайдалану ауқымының ұлғаюы әлемдік ең өзекті мәселелердің біріне айналып, жаһандық сипатқа ие болып генофонд пен адамзат болашағына қатер төндіруде. Кейбір мәселелерге сүйенсек, бүгінгі таңда планетаның 142 миллион тұрғыны жүйелі әрі белсенді түрде марихуананы тұтынады, 30,5 миллион адам амфетаминдермен және синтетикалық есірткілермен бастарын айналдырып, 13,4 миллион адам кокаинді тұтынып және 8 миллион адам ауыр апиынға тәуелділік жағдайында. Бұл қасыреттің ауқымы мен жеделдігіне баға беру үшін Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 1996 жыл қарсаңында дүние жүзіндегі нашақорлар саны 50 миллион болғанын, яғни соңғы алты жылда нашақорлар санының 4 есе ұлғайғанын атап айтудың өзі жеткілікті. Оның үстіне есірткі және жүйкеге әсер ететін заттар қоғамның экономикалық, мәдени және саяси негізіне теріс ықпал жасайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары беріп отырған баға бойынша есірткінің жасырын айналымы, Иранды, Ауғанстанды және Пәкістанды қамтитын «алтын жарты ай» дейтін елдерге, жыл сайын 5 миллиардтан астам кіріс әкеледі екен [14, 15-б.].
Төніп келе жатқан қауіп лайықты бағаланып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 394 Жарлығымен Қазақстан Республикасында 2001 – 2005 жылдарға арналған Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі стратегия бекітілді. Ол есірткінің заңсыз тұтынылуы мен айналымының өсуін тоқтатуға бағытталған ұйымдық-құқықтық және өзге де шаралар жүйесін қамтиды.
1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы 30.08.1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстык Кодексі 16.07.1997 ж.
3. Абдиров Н.М. Концептуальные проблемы борьбы с наркотизмом в Республики Казахстан (криминологическое и уголовно-правовые иследование). Алматы. -1999. С. 448.
4. Абдиров Н.М., Сарсеков Б.С. Основные причины контробанды наркотиков в Казахстане и содержание систем мер их преодолени./В Книге научные труды Высшей школы КНБ/
5. Абдиров Н.М., Мами К.А.,Сарсеков Б.С. Уголовно-праввоовые меры борьбы с преступлениями, связанными с наркотиками: Учебно-практическое пособие. –Алматы. ТОО «Баспа»,-1998.С.160.
6. Айдарханов А.Т. Все о наркозависимости в Казахстане. -Астана. 2002. С.457.
7. Смағұлов А.А.Есірткі заттары немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндірумен күрестің қылмыстық құқықтық проблемалары:Оқу құралы, Алматы: Жеті жарғы, 2001.-124 б.
8. Сарықұлов Қ.Р. Өсіруге тыйым салынған,құрамында есіркі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен күрестің қылмстық құқықтық және криминологиялық проблемалары.Оқу құралы.-Алматы.Жеті жарғы.2001.-144бет.
9. «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы. ҚР Парламентінің жаршысы №17-18, 221-құжат.
10. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім.-Алматы: Жеті жарғы,1998.-288 б.
11. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы «Есірткі,психотроптық, күшті әсер ететің және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заттарды қолдану туралы»Қаулысы.
12. Әбдіров Н.М.,Смағұлов А.А. Есірткі нәрселерді тұтынуды азғыруға байланысты қылмыстық-құқықтық қүрестің кейбір мәселелері //Актуальные проблемы права:Сб.материалов научной теоритической конференции молодых ученых,адьюнктов и соискателей.-Караганда,1997 .С.84.
13. Феткулов С.Б.Общая характеристика обьекта преступлении связанных с наркотическими средствами.-Караганда.-1996.
14. Стратегия борьбы с наркоманией и наркобизнесом в Республики Казахстан на 2001-2005 год.Указ Президента РК №394 от 16.05.2000.
15. Актуальные вопросы борьбы с незаконным оборотом наркотиков в Республики Казахстан.-Алматы.Жеті жарғы. 2002.С.352.
16. Борьба с незаконным оборотом наркотиков : Сб. норм. документов . / сост . Абишева А. Н./ -Алматы. ЮРИСТ, 2002. С. 216.
17. Гасанов А.Г. Борьба с наркотической преступностью: Москва. ЮрИнфор. 2002. С.209.
18. Исаев Г., Карикбаева Б. Казахстан: наркобизнес.-Алматы.Жеті жарғы. 1996. С.240.
19. Об обороте наркотических средств.Сост.Поврезнюк Г.И. 2-е изд. Алматы. Аян Әдет; 1998. С.116.
20. Сборник материалов Республиканского межведомственного семинар-совещания по вопросам борьбы с незаконным оборотом наркотиков и правоприминительной практики. -Астана. МВД РК, Генеральная прокуратура. Астана.28 октября 2004 года.
21. Жамбулов Д. Криминологические проблемы боьбы с наркотизмом. Журнал «Тураби» 2002. №4.С.48.
22. Байбулов Б.А.Незаконный оборот наркотиков как угроза национальной безопасности. Журнал: Аналитические обозрения №2.2003.С.20.
23. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.
24. Сарсеков Б.С.Контрабанда наркотиков в Казахстане:проблемы и пути их преодоления:Монография.-Алматы: ТОО «Баспа».1998.-160 с.
25. Мирошниченко Н.А.Уголовная ответственность за незаконное изготовление, приобретение, хранение, перевозку, пересылку, или сбыт наркотических средств: Автореферат канд.юр.наук.-Харьков,1984.С.11.
26.Кадыров М.М.проблемы уголовно-правовой борьбы с незаконным оборотом наркотических средств.-Ташкент,1993.

МАЗМҰНЫ:
Нашақорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық нормаларының жалпы сипаттамасы 78
дип
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І-ТАРАУ. НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.1. Нашақорлыққа қарсы күрестегі халықаралық
заңнама ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қазақстан Республикасындағы есірткі ахуалы және оны осыдан алуға
бағытталған негізгі іс-
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ
ӘРЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2.1. Есірткінің заңсыз айналымының ұғымы және қылмыстық құқық бойынша оның
құрамдас элементтері
2.2. Есірткі заттардың заңсыз йналымына қатысты қылмыстарды саралау
мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
2.3. Есірткінің Қазақстан Республикасына келетін арналары мен көздері ... .

ІІІ-ТАРАУ. ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ КҮРЕСТІ
ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

3.1. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шаралары ... ... ... ... .
3.2. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы заңнаманы
жетілдіру тәсілдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
3.3.Дүние жүзі елдеріндегі есірткіге тәуелді болуға қарсы іс-қимыл.
Ұлттық
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..

ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда еліміздің алдында тұрған басым бағыттардың бірі
–халықтың денсаулығын сақтау және жеке адамды жан-жақты дамыту болып
табылады. 1995 жылы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған
Қазақстан Республикасы Конституцияның 29-бабына сәйкес, азаматтардың
денсаулығын сақтау құқықтарына кепілдік берілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің
Қазақстан–2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі
және әл-ауқаттың артуы атты келелі Жолдауында отандастарын салауатты өмір
сүруге баулуға, нашақорлықпен және есіркі саудасымен күресті күшейтуге
назар аударғаны баршаға аян.
Есірткінің заңсыз айналымы мен оларды медициналық емес мақсатта
пайдалану ауқымының ұлғаюы әлемдік ең өзекті мәселелердің біріне айналып,
жаһандық сипатқа ие болып генофонд пен адамзат болашағына қатер төндіруде.
Кейбір мәселелерге сүйенсек, бүгінгі таңда планетаның 142 миллион тұрғыны
жүйелі әрі белсенді түрде марихуананы тұтынады, 30,5 миллион адам
амфетаминдермен және синтетикалық есірткілермен бастарын айналдырып, 13,4
миллион адам кокаинді тұтынып және 8 миллион адам ауыр апиынға тәуелділік
жағдайында. Бұл қасыреттің ауқымы мен жеделдігіне баға беру үшін Дүние
жүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 1996 жыл қарсаңында
дүние жүзіндегі нашақорлар саны 50 миллион болғанын, яғни соңғы алты жылда
нашақорлар санының 4 есе ұлғайғанын атап айтудың өзі жеткілікті. Оның
үстіне есірткі және жүйкеге әсер ететін заттар қоғамның экономикалық,
мәдени және саяси негізіне теріс ықпал жасайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының
сарапшылары беріп отырған баға бойынша есірткінің жасырын айналымы, Иранды,
Ауғанстанды және Пәкістанды қамтитын алтын жарты ай дейтін елдерге, жыл
сайын 5 миллиардтан астам кіріс әкеледі екен [14, 15-б.].
Төніп келе жатқан қауіп лайықты бағаланып, Қазақстан Республикасы
Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 394 Жарлығымен Қазақстан
Республикасында 2001 – 2005 жылдарға арналған Нашақорлыққа және есірткі
бизнесіне қарсы күрес жөніндегі стратегия бекітілді. Ол есірткінің заңсыз
тұтынылуы мен айналымының өсуін тоқтатуға бағытталған ұйымдық-құқықтық және
өзге де шаралар жүйесін қамтиды.
Тұтас алғанда Қазақстанның позициясы есірткі, жүйкеге әсер ететін
заттар мен прекурсорларды өндіруге және таратуға бақылаудың ұлттық жүйесін
жетілдіруге, екі жақты негізде де, кіші өңірлік және халықаралық деңгейде
де халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылыспен сипатталады.
Осындай жағдайда бітіру (біліктілік) жұмысының тақырыбы ерекше
актуальдық пен ғылыми-тәжірибелік маңызға ие болады, ол Қазақстандағы
заңсыз айналымға тән бірқатар факторлармен және өзіндік ерекшелігі бар
сипаттарымен де айқындалған, атап айтқанда:
Қазақстанның ерекше геосаяси орналасуы, оның аумағының жақын және алыс
шет елдерге есірткі транзиті үшін белсенді пайдаланылуы. Есірткі тасымалдап
жүрген Ресейдің, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Пәкістанның,
Иранның және басқа мемлекеттердің республика аумағында айғақпен ұсталып
жату фактісі осының дәлелі; құрамында тетрагидроканнабинол (ТГК) бар жабайы
кендірдің кең алқапта өсуі, сондай-ақ Қазақстанның көптеген облыстарында
апиынды көкнәр мен эфедраның өсуіне табиғи-климаттық жағдайдың орасан
қолайлылығы және айналадағы ортаның жай-күйі. Республиканың оңтүстігіндегі
тек Шу өңірінің өзінде есірткіні бақылау жөніндегі Париж геосаяси
зертханасының есебі бойынша оның алаңы 1,2 млн. га, ал олардың өсіп тұрған
ошағы 140 мың га [39, 19-б.].
Қазақстанда ВИЧЖҚТБ ауруының таралуы. Сарапшылардың бағасына
қарағанда ВИЧЖҚТБ ауруын жұқтырғандардың шамамен 80%-ы тамыры арқылы
есірткі қабылдайтын адамдар.Бұл орайда республикада Қарағанды облысы және
оның өнеркәсіпті қаласы Теміртау көбірек зардап шекті, онда ВИЧ инфекциясын
жұқтырған адамдар саны өте көп [23, 9-б.]
Eсірткі тұтыну адамның өсіп-өну функциясына ерекше кері әсер етеді.
Есірткі заттарды шектен тыс пайдалану жеткіншек ұрпақтың дене және
адамгершілік жағынан қалыпты дамуына кедергі жасайды, ал нашақорлар
арасында әйелдер үлесінің ұлғаюы тумысынан есірткіге бейім балалар санының
көбеюіне алып келеді.
Жоғарыда баяндалғандарды негізге ала отырып, негізгі жұмысытың
мақсаты: Қазақстан Республикасында есірткі, жүйкеге әсер ететін заттар мен
прекурсорлардың заңсыз айналымының одан әрі ұлғаюына қарсы іс-қимылдың
қылмыстық-құқықтық шараларын жетілдіру. Қазақстанда есірткіге байланысты
жағдайды өзгертуге және тұтас алғанда есірткіге қарсы күрестің тиімділігін
арттыруға мүмкіндік беретін осы бағыттағы заңнаманы жетілдіру болып
табылады.
Сонымен, зерттеу объектісі есірткінің заңсыз айналымы, сондай-ақ оның
қалыптасуы мен әрекет етуін айқындайтын қоғамдық және қылмыстық-құқықтық
қатынастар болып табылады. Түлектік жұмыстың зерттеу объектісінің ауқымына
құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың есірткінің заңсыз
айналымы фактілерін анықтау жөніндегі қызметі, сондай-ақ олар жүргізіп
отырған алдын алу жұмыстары кіреді.
Бітіру (біліктілік) жұмысының нысанасы оның сандық және сапалық жай-
күйін бейнелеп көрсететін сипаттама жасау; оның құрылымын және осы
құбылысқа қарсы күрестің қылмыстық-құқықтық шараларын сипаттайтын санаттық-
ұғым аппараты.
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылға байланысты қылмыстық
құқықтағы мәселелеріне назар аударған көптеген атақты ғалымдар бар. Ол
ғалымдар : Н.М. Әбдіровтің, Г.А. Аванесовтің, Р.О. Авакянның, З.Х.
Абазовтың, Ю.Д. Блувштейннің, Т.А. Боголюбованың, И.Ш. Борчашвилидің, А.А.
Габианидің, В.П. Репиннің, А.Н. Глинканың, Р.М. Готлибаның, М.М.
Қадыровтың, В.Н. Кудряцевтің, К.Ш. Құрмановтың, А.А. Музыканың, П.Н.
Сбирунның және басқалардың еңбектерінде көрініс тапты. Өздерінің
жұмыстарында Ю.Н. Антонян, М.М. Бабаев, К.Ж. Балтабаев, К.А. Бегалиев, Е.И.
Қайыржанов, К.Ж. Қапсалямов, М.Ш.Қоғамов, Г.С. Мәуленов, Е.А.Оңғарбаев,
В.М. Фокин, В.Ф. Цепелев және басқалар бұл мәселелеге назар аударды.
Кезінде Қазақстанда нашаққорлық пен есірткі бизнесінің дамуы оларды
зерттеуге тұтас және кешенді жаңа көзқарасты жүзеге асыруды талап етеді.
Осыған байланысты профессор Н.М. Әбдіровтің басшылығымен қазақстандық
зерттеушілердің бір тобы осы мәселелені кешенді түрде нысаналы талдау
жолында әрекет етуде. Атап айтқанда, есірткіні және жүйкеге әсер ететін
заттарды тұтынуға көндіргені үшін қылмыстық жауаптылық мәселелеріне А.А.
Смағұлов талдау жасауған, кәмелетке толмағандар есірткішілдігінің қылмыстық
аспектілерін М.К. Ынтықбаев талдап жасауда, есірткіні және жүйкеге әсер
ететін заттарды заңсыз дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, жөнелтуге және
сатуға байланысты қылмыстар үшін жауапкершілік сипаттамасын, сондай-ақ
мәселелерін Г.Х. Феткулов зерттеп жатыр, есірткінің контрабандасы
мәселелерін Б.С. Сәрсеков қарастыруда, құрамында есірткі бар өсімдіктерді
өсіру жөніндегі қылмыстық құқықтық мәселелерді Қ.Р.Сарықұлов өз еңбегінде
көрсетіп кетті.
Сонымен бірге, қазіргі заманның ақиқаты бұл құбылысқа қарсы күресте
қылмыстық- құқықтық тұрғыдан да, ұйымдастырушылық-басқару тұрғысынан да
жаңа іс-шараларды жүзеге асыруды және әзірлеуді талап етеді. Бұл орайда
олар жекелеген аспектілерді зерттеуге ғана емес, осы бағытта күрес жүргізіп
жатқан құқық қорғау органдары қызметінің тәжірибелерін қорытуға да
негізделуге тиіс. Осыған байланысты түлектік жұмысымда Қазақстан
Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің, Қазақстан Республикасы Бас
Прокуратурасының статистикалық, талдау және ақпараттық материалдары кеңінен
пайдаланылды.Мұндай көзқарас түлектік жұмысының жаңашылдығына және
нәтижелілігіне жеткізеді.
Бұл жұмыстың нормативтік базасына Қазақстан Республикасы
Конституциясының нормасы, Президент пен Үкіметтің Жарлықтары мен Қаулылары,
қылмыстық құқық нормалары, есірткіні теріс пайдалануға және заңсыз таратуға
қарсы іс-қимылдың өңірлік, кешенді және өзге де бағдарламаларының
ережелері, есірткішілдік пен есірткі бизнесі мәселелері жөніндегі
халықаралық конвенциялар мен келісімдер негіз болады. Жұмыста қылмыстық
құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы, криминология және басқа ғылымдар
саласындағы теориялық жетістіктер кеңінен қолданылды.

І-ТАРАУ. НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ

1. Нашаққорлыққа қарсы күрестегі халықаралық заңнама

Өткен ғасырдың басында әлемдік озық қоғамдастық есірткіге
тәуелділіктің таралып кетуінің қауіптілігі мен әлеуметтік салдарларын
түсініп, жалпы үлестірілген күш-жігер – халықаралық ынтымақтастық
тұрғысынан да, кең ауқымды ұлттық бағдарламаларды іске асыру аспектісінде
де қарсы іс-қимылдың ұйымдастыру шараларын қолданды.
Есірткіге қарсы халықаралық ынтымақтастық тәжірибесінде бірінші белес
1909 жылғы Апиын жөніндегі Шанхай комиссиясының құрылуы, сондай-ақ 1912
жылғы Апиын жөніндегі бірінші конвенцияның қабылдануы болды, онда апиынның
деструктивтік әлеуметтік салдарларының айқындығына байланысты оның заңсыз
сатылуының жолын заңнамалық тұрғыдан кесу қажетті көрсетілді.
1946 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылғаннан кейін, есірткіге
қарсы бүкіл халықаралық қызметті үйлестірді. Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар
Ұйымы 1946 жылы Есірткі заттар жөніндегі комиссияны және Есірткі заттар
жөніндегі бөлімді бекітті. Бұл бөлімшелердің міндетіне есірткі заттарды
айқындауға бірыңғай стандарттар мен көзқарастарды әзірлеу кірді. 1955 жылы
БҰҰ-ның қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылардың жай-күйіне қарау
жөніндегі бірінші Конгресі өткізілді, оның барысында қылмыстық есірткі
бизнесімен байланысына ерекше назар аударылды. 1961 жылы Есірткі заттар
туралы Біріңғай конвенция қабылданды, ал 1968 жылы есірткіге қарсы
халықаралық стратегияны әзірлеу функциялары бар, есірткіні бақылау
жөніндегі халықаралық комитет құрылды. 1971 жылы жүйкеге әсер ететін заттар
туралы Конвенция қабылданды. 1987 жылы есірткі заттарды теріс пайдалануға
қарсы күрес жөніндегі Бәрін қамтитын халықаралық тұрғыдағы болашақ қызмет
жоспары қабылданды, онда бұл мәселені шешуге мультисекторальдық көзқарасты
шешу қажеттігіне бірінші кезекте назар аударылды. 1988 жылы есірткі және
жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы
Конвенция қабылданды, ал 1990 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы
есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі іс-қимылдың дүние
жүзілік бағдарламасын қабылдады.
1991 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы есірткіге халықаралық бақылау жасау
жөніндегі бағдарламаны (ЮНКДП) әзірлеп, қабылдады, оның мынадай функциялары
болды: бағдарлама есірткіні теріс пайдаланудың қауіптілігі саласында
ағартушылықты қамтамиасыз етеді; есірткіні дайындауға, олардың заңсыз
айналымына және есірткіге байланысты қылмысқа қарсы күрес жөніндегі
халықаралық күш-жігерді қолдайды; әсіресе жастар мен халықтың осал топтары
арасында есірткіні теріс пайдалануды төмендету жөніндегі күш-жігерге
жәрдемдеседі; жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде есірткіге қарсы
мәселелер жөнінде ынтымақтастықты орнықтырады; есірткі мәселелері бойынша
мамандардың ақпараттарын, таладамасын және қызметін қамтамасыз етеді.
1997 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанынан Есірткіні бақылау және
қылмыстың алдын алу жөніндегі басқарма (ЕБҚААБ) құрылды, ол Есірткіге
халықаралық бақылау жасау жөніндегі бағдарламаны басқа Халықаралық
қылмыстың алдын алу жөніндегі орталықты (ХҚААО) қамтиды. Халықаралық
қылмыстың алдын алу жөніндегі орталықты қылмыстың алдын алу және оны
бақылау ісінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдеседі;
қылмыстық сот төрелігі жүйесін дамытуға қолдау көрсетеді; мүше
мемлекеттерге есірткінің заңсыз айналымына тығыз байланысты
трансляцияланған ұйымдастырушылық қылмыстың сипатын өзгертуге байланысты
туындаған міндеттерді шешуге және қатерді еңсеруге көмектеседі.
1998 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының есірткінің
әлемдік мәселелеріне қарсы бірлескен күреске арналған ХХ сессиясы
өткізілді, онда дүние жүзінде есірткіге тәуелділіктің таралу проблемасының
жаһандануы мен жосықсыз ауқымына және оған сай келетін (жаһандық және
ауқымды) жауаптардың қажеттігіне назар аударылады.
Айтып келгенде, 1999 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанында есірткінің
заңсыз саудасынан түскен қаражатпен қолдау көрсетіліп, терроризмнің алдын
алу жөніндегі сектор құрылды. Аталған құрылымдардың қызметі есірткіге
тәуелділіктің таралуына және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың
халықаралық тәжірибесін айтарлықтай дәрежеде ойдағыдай шоғарландыруға, осы
бағытта қолданылатын ұлттық күш-жігердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік
береді (Есірткі заттар туралы 1961 жылғы 30 наурыздағы Біріңғай Конвенция,
Жүйкеге әсер ететін заттар туралы 1971 жылғы 21 ақпандағы, Есірткі және
жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы
Конвенция, БҰҰ 1988 жылғы 20 желтоқсандағы Конвенциясы, United Nations
publication, 2000).
БҰҰ-ның Есірткіні бақылау және қылмыстың алдын алу жөніндегі басқарма
жалпы шығыстары АҚШ-тың миллион доллары есебімен 1996 жылы – 66,6; 1997
жылы – 68,6; 2000 жылы –98,7; 2001 жылы – 104; 2004 жылы – 115,2 ; 2005
жылы –175,8 [11, 30-б.].
Есірткіні бақылау және қылмыстың алдын алу жөніндегі басқарманың
барлық бөлімшелерінің жергілікті жерлердегі 22 бөлімінде 360-қа жуық
қызметкер жұмыс істейді (United Nations publication, 2002). БҰҰ-ның
мамандандырылғын мекемесі – Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ)
рөлін ерекше атап көрсеткен жөн, оның негізгі функциясы халықтың
денсаулығын сақтаудың, атап айтқанда, жүйкеге әсер ететін заттарға
патологиялық тәуелділіктің таралу мәселелріне байланысты денсаулық
сақтаудың халықаралық проблемасын шешу болып табылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Біріккен Ұлттар Ұйымының білім
беру, ғылым, мәдениет жөніндегі секторымен Халықаралық еңбек ұйымымен, БҰҰ-
ның Есірткі заттарды теріс пайдалануға қарсы күрес жөніндегі (ЮНФДАК)
қорымен, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері Ассоциациясымен (АСЕАН), Ұлттар
Ынтымақтастығы Хатшылығымен, Еуропалық Кеңеспен, Қылмыстан әлеуметтік
қорғау жөніндегі Араб халықаралық ұйымымен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының жанындағы консультациялық мәртебесі бар көптеген үкіметтік емес
ұйымдармен тығыз ынтамақтасып жұмыс істейді (Б.Рексед, К.Эдмондсон және
басқалар, 1987).
Есірткіге қарсы белсенділік аспектісін қамтитын (WHO, Regional Office
for Europe, 1995), адамдардың денсаулығын жақсартуға неғұрлым зор үлес
қосатын қызмет бағыттарының жалпы талдамасынан басқа Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарға бақылау туралы
халықаралық шарттарға қатысуға үнемі жаңа елдерді тартып отырады.
Сөйтіп, Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының есірткіге қарсы
стратегиясы: 1) дәрілік заттарға бақылау саласындағы саяси шаралар мен
нормативтік актілерді әзірлеуге; 2) дәрілік заттарды тиісінше тіркеуге және
тартуға; 3) психотроптық дәрілік заттармен жабдықтауды және оларды
пайдалануды қадағалауға; 4) психоактивті заттарға тәуелділікке лайықты баға
беруге; 5) химиялық тәуелділіктен зардап шегіп жүргендер адамдарды тиісті
дәрежеде емдеуге және оңалтуға; 6) есірткі және жүйкеге әсер ететің
заттардан тиімді алдын алуға және оларға деген сұранысты азайтуға; 7)
психотроптық дәрілік заттар жеткізілімін азайтуға және тиісті заңдарды іс
жүзіне асыруға бағытталған [11, 31-б.].

1.2. Қазақстан Республикасындағы есірткі ахуалы және оны алуға
бағытталған негізгі іс-шаралар

Дүние жүзінің физиолог ғалымдарының пікірі бойынша есірткіні тұрмыстық
тұтыну адамзат қоғамы пайда болған кезден бастау алады. Алғашқы қауым
адамдары есірткіден елірумен тамақ іздеу процесінде, олар улы қасиеті бар
өсімдіктермен бетпе-бет кеген кезде танысты. Есірткіні нысаналы түрде
тұтыну туралы ең алғашқы ертедегі айғақтарға шумерлердің қыш тақталарға
жазбаларын және бұдан мыңдаған жылдар бұрын даталанған, Қытай аумағында
табылған кейбір жазба айғақтарды жатқызуға болады. Бұл тарихи заңдылықтан
біздің еліміз де ада болған жоқ.
Мемлекеттілік орнығудан көп бұрын есірткінің айналымына өзінді
бақылауды рулық-тайпалық хан билігінің идеологиялық органы, далалық абыз-
бақсылар жүзеге асырды. Бұл бақылаудың мәні, өз тайпаластырының есірткі
заттарды теріс пайдалануына жол бермеу болды, оларды қатаң емдік мақсатта
қолданды. Әртүрлі шөптерден, саңырауқұлақтардан және басқалардан жасалған
мұндай заттардың жүзден астам атауы абыздарға белгілі болған. Және мұндай
бақылау жеткілікті дәрежеде қатаң әрі тиімді болғанын атап айтуымыз қажет.
Қазақстан Республикасы аумағындағы тұрмыстық нашақорлық проблемасы
туралы айтқанда ұлтаралық қатынастардағы маңызды белесті айналып өтуге
болмайды.
Қытай аумағында Англия жүргізген 1840-42 жылдарығы және 1856-60
жылдардағы апиын соғысы дейтін іс-қимыл Қытай үшін де, онымен шектес
мемлекеттер үшін де нағыз есірткі геноциді болды. Апиын сол кезеңдегі ең
кірісі мол тауар ретінде Қытайдың оңтүстік провинцияларынан бастап, оның
солтүстік аумағы – Қашқария мен Құлжаға дейін таратылды. Ұлты қытай емес
босқын – тараншы (ұйғыр), дүңген халықтарының легі қазақ аумағына ағылып
келді. Бұл этникалық топтар өкілдегінің көпшілігі есірткі бизнесіне
тартылды және өздері де нашақорлар болды. Ал көшпелі өмір салтына
байланысты қазақтар арасында апиын көкнәрі дақылы кең таралмаса да, 19-
ғасырдың 80-жылдарынан бастап Қытайдан келген босқындар оны өсіре бастады.
Апиынды сатудың арналарын кеңейте отырып, есірткі таратушыларға көкнәр
егістігі үшін жаңа аумақтар қажет болды.
Патшалық Ресейдің отарлау саясатының дамуы кезеңінде, крестьяндар мен
казактар Орталық Азия жерін игеруге ағылып келген кезде есірткінің таралуы
бұрынғыдан да кең ауқымда етек алды. Осы кездің өзінде Қазақстанның аумағы
Орталық Азиядан Ресейге және Еуропаға есірткі жеткізудің өзіндік транзиттік
өңіріне айналды. Бұл апиынның емдік қасиеті туралы аңызбен дәріптеліп,
барған сайын кеңінен таралған апиын шегу үрдісі жергілікті халыққа әсерін
тигізбей қоймады. Жарнамаланған апиынды әйелдер ашық пайдалана бастады,
есірткіні өздерінің шаруашылық жұмыстарын істеген және көшіп-қонған кезде
балаларды тыныштандыру үшін емізулі балаларға беретін болды. Балалар
нашақорлығы басталды [17, 19-б.].
Бүгінгі таңда қазақстан қоғамының алдында тұрған көптеген мәселелердің
арасынан ел халқының денсаулығына жаһандық қатер төндіретін әрекет ретінде
есірткі бизнесі мен нашақорлықтың өсу мәселесі барған сайын алдыңғы қатарға
шығып отыр.Қазақстандағы есірткі ахуалының дамуына талдау жасау, соңғы 10
жылда республикадағы есірткі ахуалы тұрақты теріс серпінге ие, елеулі түрде
асқынуымен сипатталады. Есірткі ахуалының асқынуына тек ішкі факторлар ғана
себепші болып отырған жоқ, ол сонымен бірге елімізден тыс жерлердегі
есірткі процестерімен де тығыз байланысты.
Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында 2005
жылдың жазында өткізіліп, 18 жастан асқан 1200 адам қатысқан әлеуметтік
сауалдың нәтижесі де қалыптасқан ахуалды елеулі екендігін және оның
маңыздылығын растайды. Қазақстандықтардың басым көпшілігі есірткі мен
есірткі бизнесінің таралу қатерін неғұрлым елеулі қауіпті бірі деп санайды.
Сұрақ қойылғандардың 30,3%-ы есірткінің таралуы Қазақстан үшін бүгінгі
таңдағы неғұрлым өткір мәселе деп мәлімдеген. Ал сұрақ қойылғандардың
54,2%-ы нашақорлық пен есірткі бизнесі мәселесі кейбір басқа мәселелермен
қатар бүгінгі таңда Қазақстан үшін ең өткір мәселелерінің бірі болып
табылады деп есептейді.
1990-шы жылдардан бастап Қазақстанның сыртқы саясатын ырықтандырудың
оңды үрдістерімен қатар теріс жақтары да болды. Елдің ашықтығын халықаралық
қылмыстық құрылымдар белсенді түрде пайдаланылды. Бүгінде героинді тұтыну
барынша кең таралған құбылысқа айналды. Қазақстанның азаматтарын есірткі
синдикаттары есірткі құралдарымен заңсыз операцияларға барған сайын көптеп
тартуда. Мұндай үрдістің себептері бүкіл ел және өңір үшін ортақ болып
отыр.
Мәселен, 1997 жылға дейін республика бойынша героин алынған бірде-бір
факт тіркелмеген және есірткі тұтынатын 20 мыңға жуық адам есепте тұрған
болса, қазіргі кезде мұндай 50 мыңға жуық адам есепте тұрады және героин
еліміздің барлық өңірлерінен алынып жүр [22, 12-б.].
Қазақстанда да, Еуропа мен Азия елдерінің басым көпшілігінде деесірткі
ахуалының дамуын айқындайтын күшті қылмыстық фактор Ауғанстанда есірткі
өндірісінің өсуі болып табылады. Қазақстанның жасырын базарларынан алынған
героиннің бәрі Ауғанстаннан шыққан. Соңғы жылдар ішінде Қазақстан Ресейдің,
Орталық және Батыс Еуропаның базарларына контрабандалық жолмен героин
тасымалдайтын транзиттік аумақ болып табылады.
Бұл есірткі трафикті белсенді түрде пайдалану мынадай себептермен
түсіндіріледі.
Біріншіден, Ауғанстанда есірткі өндірісінің қарқынды өсуі бұл
есірткіні жеткізудің барлық арналарына героин қысымының күшеюіне алып
келді, мұның өзі есірткі картелдерідерін оны жеткізудің жаңа маршруттарын
және сату базарларын іздеуге итермеледі. 1999 – 2001 жылдар кезеңі үшін
дәстүрлі оңтүстік тармақ, Балкан маршруты бұл кезде героинмен
айтарлықтай толыққан еді. Жеткізуді ұйымдастыру үшін есірткі синдикаттары
жаңа маршруттар қалыптастыра бастады.
Екіншіден, соңғы жылдарда есірткі базарында рөлдерді қайта бөлу
жүргізілді. Еуропа елдеріне героин жеткізетін өз арналарын қалыптастыруға
мүдделі Ауған және Тәжік есірткі алпауыттары оларды ұйымдастыру шараларын
қолдана бастады. Бұл ретте Қазақстанның аумағын олар контрабандалық есірткі
транзиті өңірі ретінде қарастырады, ал бұл маршрут Жібек жолы деген атқа
ие болды.
Бұл арнаның белсенді түрде пайдаланылуы Пәкістан мен Иран аумағы
арқылы өтетін дәстүрлі есірткі маршрутының белгілі дәрежеде бұзылуынан,
сондай-ақ Орталық Азия мен Ресейде героинге деген сұраныстың жедел өсуінен
туындап отыр. Бұл мемлекеттер, бірінші кезекте Қазақстан мен Ресей героинді
сататын перспективалы базар ретінде есірткі синдикаттары деп есептеледі.
ТМД шегіндегі Ашық шекаралар, белсенді түрде жүріп жатқан коммерциялық
тауар айналымы, қатысуда ортақ тіл табысу, мәдени жақындық, Орталық Азия
елдерінен шыққандардың сабақтасқан диаспорасы – осы және басқа да факторлар
Жібек жолын белсенді түрде пайдалануға жағдай жасайтын факторлар.
Есірткіні тасымалдау үшін бұл маршрутта негізінен темір жол көлігі
пайдаланылады. Бұдан басқа, авиация, оның ішінде жұтатын курьерлерді
пайдаланып тасымалдау, Каспий теңізіндегі паромдар, сондай-ақ автомобиль
көлігі пайдаланылады. Курьерлер ретінде көпшілік жағдайда Орталық азия
елдерінен шыққандар әрекет етеді.
Тұтас алғанда, Қазақстан Республикасындағы есірткі ахуалы көп жағдайда
орталық азия өңірінде есірткі бизнесі дамуының жалпы үрдісімен байланысты
және соңғы жылдарда бірқатар теріс үрдістермен сипатталуда.
Біріншіден, Қазақстан шекарасы арқылы есірткі препараттары
контрабандасын жасауға ұмтылыс арта түсуде. Республикаға әкелінген есірткі
негізінен одан әрі басқа елдерге тасымалдауға жатады, дегенмен жеткілікті
дәрежеде олардың ауқымды бөлігі біздің аумағымызда қалады.
Екіншіден, Қазақстан аумағында ұсталған есірткі легі ұлғаюда. Олардың
арасында ауыр есірткі препараттары деп аталатындар ұлғаюда. Алынған
есірткі және жүйкеге әсер етеің заттар көлемінің деректері бұған айғақ.
Мысалы, 2002 жылы 95,4 кг, 2003 жылы – 123,0 кг, ал 2004 жылы 130 кг, 2005
жылы 154 кг-нан астам героин алынды.
Біздің республикамыздың аумағына келетін есірткінің кейбір бөлігін
ғана ұстаудың сәті түсетінін ескеруіміз қажет. Бұл, әдетте, есірткі
курьерлерінің есірткіні шағын партиялармен тасымалдайтынан болып отыр. Оның
үстіне, апиыннан өзгеше, героиннің ерекше иісі болмайды.
Үшіншіден, республикада нашақорлықпен ауыратындардың саны еселеп
көбейе түсуде. Медициналық мекемелерде диспансерлік есепте және алдын алу
бақылауда тұрған нашақорлықпен ауыратындардың саны 1991 жылдан бастап 4,5-
тен 50 мың адамға дейін, яғни 10 есе өсті [22, 13-б.].
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері
бойынша 1996 жылдың өзінде Қазақстанда нашақорлықпен ауыратындардың көбею
қарқыны ТМД-ның Ресей, Түрікменстан және Қырғызстан сияқты елдерінен жоғары
болды. Оның үстіне, Қазақстанда зерттеу жүргізген бірқатар халықаралық
ұйымдар мамандарының сараптамалық бағасына қарағанда олардың саны ресми
статистикадан бес және одан да көп есе асып кетеді. Бұл еліміз халқының 11%-
ы тәуекел қатері өңірінде деген сөз, мұның өзі мемлекет Басшысының елеулі
алаңдауын туғызып отыр.
Балалар-жеткіншектер нашақорлығының өсуі де елеулі алаңдаушылық
туғызып отыр. Мысалы, 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 599
жеткіншек медициналық мекемелердің бақылауында болды, ал 1995 жылы олар
небары 95 болған [22, 13-б.]. Ішкі істер органдарының аса маңызды
міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының аумағы арқылы есірткі мен
прекурсорлардың заңсыз транзитінің жолына сенімді кедергіні орнықтыру болып
табылады.
Соңғы 3 жылда ішкі істер органдары 13 мың есірткі өткізушіні қылмыстық
жауаптылыққа тартты, бұл бұдан бұрынғы он жыл ішіндегіден бір жарым есе
көп. 2003 жылы ішкі істер органдары 11 500-ден астам есірткіге қатысты
қылмысты тіркеді, 17 тоннаға жуық әртүрлі есірткі және психотроптық заттар
алынды, олардан 123 кг героин. 2005 жылы ІІМ 20 тоннадан астам есірткі
алды, олардың 130 тоннаға жуығы героин. Есірткі және психотроптық заттар
контрабандасының тіркелген фактілерінің саны айтарлықтай көбейді [15, 13-
б.].
Қазақстан Республикасының аумағында есірткіге қатысты құқық бұзушылық
10 жыл бойы олардың жалпы көлемінің, есірткі өткізушілердің көбеюінің және
әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдардың өзгеруімен сипатталады.
Есірткі заттардың заңсыз айналымынан алынғандардың тек салмағы ғана
тұрақты ұлғайып отыр.
2001 жылға дейін есірткі бойынша тіркелген қылмысты істер үнемі өсіп
отырғанын талдау көрсетіп отыр. Олардың жасалған қылмыстардың жалпы
көлеміндегі үлес салмағы 18%-ға жуық болады, мұның өзі айтарлықтай дәрежеде
жалпы қылмыстың ашылуына әсер етті.
Алайда, Бас прокуратура 2001 жылдың 2-жартысынан бастап есірткіге
қатысты қылмыстарды (сату фактісін қоспағанда) жалпы қылмыстар санына
енгізбеу және қылмыстың ашылу қорытындыларын жасаған кезде оларды есепке
алмау жөнінде шешім қабылдағаннан кейін ахуал өзгерді. 2001 – 2002 жылдар
ішінде есірткіге қатысты ашылған қылмыстар саны азайды.
2002 жылы да Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңнамасына
өзгерістер енгізілді. Мәселен, есірткі үшін қылмыстық қудалаудың қылмыстық
салмағы да өзгерді.
Есірткінің келетін және транзиттелетін негізгі арналарының ТМД
мемлекеттерінің шекаралары арқылы өтетінін ескере отырып, Қазақстан
Республикасы мен Ресей Ішкі істер министрліктері есірткі, жүйкеге әсер
ететін заттарды және прекурсорларды контрабандалық жеткізудің жолын кесуге
бағытталған Канал жедел-профилактикалық операциясын жүргізу жоспары
әзірленді.
Тәжірибеде көрсетіп отырғандай, есірткіні заңсыз тасымалдаруға қарсы
күрестің неғұрлым тиімді әдістерінің бірі бақыланатын жеткізу әдісі
бойынша арнайы операциялар жүргізу болып табылады. ТМД елдерінің құқық
қорғау органдарымен келісімдер негізінде бақыланатын жеткізу тұрақты
негізде жүргізіледі.
Қазақстанда жабайы кендірдің өсуі аса маңызды мәселесі болып қалып
отыр. Республика аумағында Жамбыл облысының Шу өңіріндегі плантация ерекше
үлкен плантация болып табылады, одан мамандардың бағалауы бойынша жылына
145 тонна марихуана алуға болады. Бұл орайда осы өңірде дайындалған есірткі
Қазақстанның, сондай-ақ Ресейдің бүкіл аумағынан жыл бойы алынып келеді.
Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз егуге және дайындауға қатысы
бар ұйымдасқан қылмысты топтардың қызметін анықтау және олардың жолын кесу
мақсатында республика аумағында жыл сайын Көкнәр жедел-алдын алу
операциясы жүргізіледі.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі Қазақстанда есірткі ахуалы күрделі
күйінде қалып отырғанын айғақтайды.
Қазақстанда соңғы жылдарда айқындалып, қалыптасқан есірткі ахуалын
және үрдісін талдауға негізделе отырып, оның бұдан әрі дамуына мынадай
болжам жасауға болады:
Біріншіден – Ауғанстанда героин мен апиын өндірісінің тұрақты өсуін,
бұл есірткілердің Жібек жолы арқылы транзитін назарға алатын болсақ, ол
бұдан әрі еліміздің ішкі базарына героин келіп түсетін негізгі көз ретінде
әрекет етеді. Ауғанстан аумағында есірткі өндірісінің өскелең ауқымы оларды
Орталық Азия республикаларына, атап айтқанда Қазақстанға қарай жылжытады.
Шекараның ашықтығы біздің мемлекетімізді халықаралық есірткі картелдері
үшін неғұрлым тартымды етті және есірткінің айтарлықтай көлемі қазір
республикаға нақ оңтүстіктен, ең алдымен Ауғанстаннан келеді. Осы өңірдегі
қалыптасқан ахуалға талдау жасау, жуық болашақта Орталық Азия
республикалары арқылы есірткі транзиті ұлғаятын болады деген қорытынды
жасауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, Қазақстаннан шығатын есірткілер ішкі базарларда өзінің
басым позициясын сақтайды, өйткені бұл препараттар сапасының жақсаруы
олардың бағасының елеусіз ғана өсуімен жалғасуда. Біздің өнім, егер
осылай айтуға болатын болса, соңғы кездерде отандық нашақорлардың да,
ресейлік нашақорлардың да жоғары сұранысына ие, мұның өзі құрамында 8-10
пайызға дейін жететін канабинолдың мол екендігімен түсіндіріледі.
Үшіншіден, есірткі мафиясын орнықтырудың әдісі жергілікті қылмыстық
топтарды күшейту және оларды өздерінің ықпал ету аясына тарту болып
табылады. Сөйтіп, өңірдегі қылмыс жасау тағы да бір факторға айналады, ол
Қазақстанда есірткі ахуалының одан әрі шиеленісуіне жәрдемдесуі мүмкін.
Төртіншіден, героиннің үлесі біртіндеп өсе беретін есірткілердің
республика аумағы арқылы тасымалдануы өңірде нашақорлықпен ауырудың ауыр
түрлерінің өсе түсуіне әкеп соқтыруға қабілетті және есірткіге деген
тұрақты сұраныстың қалыптасуына жәрдемдеседі.
Бесіншіден, халықтың әлеуметтік жағынан тұрлаусыз жіктерінің болуы
өңірде есірткінің заңсыз айналымы ұлғаюының маңызды факторы болып табылады.
Дәл солар заңсы есірткі сатуға және есірткі заттарды тасымалдауға бірінші
кезекте тартылады.
Есірткінің заңсыз айналымы кеңінен таралып отырған осы жағдайда бүкіл
дүние жүзілік қоғамдастықтың бірлескен және үйлесімді күш-жігері қай
кездегіден де көбірек талап етіледі. Бұл орайда құқық қорғау органдарының,
министрліктердің, ведомстволардың, қоғамдық ұйымдардың жұмыс бабындағы
тікелей қарым-қатынасын орнату ерекше маңызға ие болады.
Қорытында ретінде мынаны атап көрсетуіміз қажет, Қазақстандағы біз
болжам жасап отырған есірткі ахуалының асқыну мүмкіндігі біздің еліміздің
ұлттық қауіпсіздігіне бірқатар елеулі қатердің туындауына әкеп соқтыруға
қабілетті.
1. Есірткінің заңсыз айналымы ұйымдасқан қылмыстың өсуіне және
қоғамды қылмыс жайлап кетуіне әкеп соғады. Есірткі бизнесі өзінің тікелей
мұқтажын қоспағанда, құқыққа қарсы қызметтің басқа түрлерін де
қаржыландырады.
2. Есірткі бизнесі жеткілікті дәрежеде қаржы ресурсын жинақтай отырып,
өз кірісін заңдастыру немесе ақшаның ізін жасыру мәселесіне душар болады.
Осының нәтижесінде қылмысты топтар экономикалық қызметтің әртүрлі
салаларына кіреді.
3. Есірткінің заңсыз айналымының неғұрлым қауіпті салдарларының бірі
адам әлеуетінің құлдырауы, ұлттың тән және психикалық саулығының
генофондының күйреуі болып табылады. Бұл, ең алдымен, нашақорлықтың бірінші
кезекте жастарды бұзатынынан туындайды.
4. Ақырында, есірткі бизнесінің дамуы әртүрлі экстремистік немесе
террористік топтардың қызметін сөзсіз жандандырады.
Өкінішке орай, соңғы уакытта есірткі заттарының немесе жүйкеге әсер
ететін заттардың заңсыз айналымы ұйымдасқан сипатта болып барады.Есіркі
саудасы ұйымдасқан қылмыстың ең басты бағыттарының бірі болып
отыр.Профессор Т.А.Богалюбованың айтуынша,әрбір өркениетті қоғамға көрінеу
қауіп туғызатынесірткі саудасы қылмысы ұйымдасқан қылмыспен жәңе сыбайлас
жемқорлықпен тікелей байланыста.Ал профессор М.Ш.Қоғамовтың
көзқарасынша,еліміздің экономикасына және ұлттын саяси ахуалына қауіп
төндіретін құбылыс ұйымдасқан қылмыстың көрінуімен күресті ұйымдастыру
мәселесі мемлекеттік маңызы бар іс.Сондықтан,қазіргі уақыттағы есірткі
саудасының ұйымдасқан сипатта болуы,мемлекет пен қоғам алдында тез арада
шешім қабылдауды қажет етеді.

ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ
АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ ӘРЕККЕТТІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

2.1. Есірткінің заңсыз айналыммен байланысты қылмыстар ұғымы және
оның құрамдас элементтері

Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына арналған
заңи әдебиеттер көздерін, заңнамалық және басқа нормативтік актілерді
негізге ала отырып, заңсыз айналым ұғымын ашамыз.
Есірткі деген сөз де, есіркі заттар немесе жүйкеге әсер ететін
заттар туралы ойға алу да бұдан жиырма жылдай бұрын республика
азаматтарының көпшілігі үшін маңызы шамалы болатын.
Дүние жүзілік тәжірибеде өзінің мазмұны жөнінен өте ұқсас әртүрлі
бірқатар терминдер пайдаланылады. Бұлар: нашақорлық, заңсыз есірткі
айналымы, есірткі бизнесі және жеткілікті дәрежеде таралған тағы
басқалары. Осыған байланысты, біздің ойымызша, тек теория үшін ғана емес,
тәжірибе үшін де соншалықты маңызды, әлеуметтік өмірдің көптеген салаларын
қамтыған, әлдеқашан теріс сипаттағы әлеуметтік құбылыс түріне және
қасиетіне ие болған маңызды және өзара байланысты проблемалар туралы сұрақ
туындайды. Басқаша айтқанда, мәселе терминологиялық саралаудың объективті
қажеттілігі тұрғысынан қойылуға тиіс, халықаралық тәжірибеде есірткінің
заңсыз айналымы деп аталатын іске тікелей қатысы бар әлеуметтік құбылыстар
мен процестердің бүкіл аясын өз параметрлерінде қамтуға қабілетті саралауды
бөлшектеп салалау оның нәтижесі болған болар еді.
Осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарастарды талдай келе мынаны аьап
көрсетуге болады: нашақорлық ұғымын ғалымдардың басым көпшілігі есірткі
және жүйкеге әсер ететін заттарды дәрігердің ұйғарымынсыз саналы түрде
пайдаланудан, мұндай заттарды медициналық емес жолмен қабылдауға басқа
адамдарды тартатын заңсыз операциялардан, сондай-ақ олардың заңсыз
айналымға түсуіне жағдай жасаудан көрінетін әлеуметтік тірішілікке қайшы іс-
әрекеттердің жиынтығы ретінде ашып көрсетеді [27, 60-б.].
Есірткі бизнесі ұғымының мазмұнын, біздің ойымызша қазіргі бар
көзқарастарды ескере отырып, заңнаманы және басқа да нормативтік актілерді
бұза отырып жүзеге асырылатын, заңсыз пайда алуға бағытталған, есірткі және
жүйкеге әсер ететің заттар айналысының әртүрлі нысандарының жиынтығы
ретінде айқындауға болады. Бұрын атап айтылғанындай есірткі бизнесі –
қылмыстың ұйымдасқан нысаны, ал соңғысына, Ғ.С.Мәуленовтің әділетті атап
көрсеткеніндей, мынадай қылмыстық белгілер тән:
- қатысушылардың көптігі, яғни екеу және одан да көп;
- олардың әрқайсысының қылмыс жасауға тікелей қатысуы;
- қылмысты бірге қатысушылардың бірлескен күш-қайратымен жүзеге
асыру;
- дайындық кезеңінің ұзақтығы;
- жиналатын белгілі бір орынның болуы;
- топтағы функционалдық міндеттердің (рөлдердің) бөлінуі;
- белгілі бір қылмыстық мамандану-бағыттылық;
- топ ішіндегі ұстаным нормалары;
- нәтижеге жету кезінде қатысушылардың берік топтасуы;
- қылмысты іс-әрекет идеясының ортақтығы ;
Заңсыз есірткі айналымы деп, нормативтік сипаттағы қандай да
болмасын ұйғарымдарды бұза отырып жасалатын есірткі, жүйкеге әсер ететін
заттар айналысының барлық нысандары түсініледі [11, 12-б.].
Есірткінің заңсыз айналымы, көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша,
осы заттардың тауарлар мен қызмет көрсету базарларында қозғалысын,
айналысын білдіреді, сондай-ақ дәрілік препараттармен, химиялық және
биологиялық өнімдермен, шикізатпен, өсімдіктермен және олардың нашақорлықты
туғызуға қабілетті бөліктерімен барлық мүмкін болатын іс-әрекеттерді
қамтиды. Мұндай қозғалыстың басталуы нақты есірткі және психотроптық
заттардың тауарлар мен қызмет көрсетудің тұтыну айналымында пайда болуын,
ал аяқталуы тұтыну сәтімен, яғни жоқ болып кетуін білдіреді, осының
салдарынан бұл фактінің өзі айналым форматына кірмейді.
Бүгінгі таңда қоғамның әлеуметтік өмірінде болып жатқан, заңсыз
есірткімен байланыстар арқылы ортақ табиғатқа ие болатын және сол арқылы
бірыңғай, теріс әлеуметтік құбылыс болып табылатын, оған қарсы мемлекет пен
қоғамның күш-жігерін шоғырландыру қажет болатын күрделі процестер мен
оқиғаларды жұрттың бәріне бірдей және түсінікті терминмен қамту қажеттігі
туып отыр. Біз бүгін неғұрлым мол пайдасымен есірткінің заңсыз айналымы
дефинициясын орындауға қабілетті рөлді қалай түсінеміз.
Баяндалған жайлар есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз
айналымын үш мағынада түсінуге болады деп анықтауға мүмкіндік береді, олар:
жалпы әлеуметтік, халықаралық-құқықтық және қылмыстық-құқықтық.
Жалпы әлеуметтік мағынада түсініліп отырған есірткі және жүйкеге әсер
ететін заттардың заңсыз айналымы тыйым салу ұсынылған, сондай-ақ әртүрлі
мемлекеттердің, атап айтқанда Қазақстанның қылмыстық заңнамасымен тыйым
салынған осындай заттармен заңсыз жасалатын әртүрлі іс-әрекеттердің
жиынтығы болып табылады. Ондай іс-әрекеттерге мыналар жатады: есірткі және
жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау, оның ішінде өндіру және қайта
өңдеу; алу; әзірлеу; сақтау, атап айтқанда сатып алу, әкелу (импорт),
ұрлау, мәжбүрлеу жолымен алу; тарату немесе сатуды қоса алғанда, өткізу,
коммерциялық мақсаттармен ұсыну, маклерлік жеткізіп беру және әкету
(экспорт), тасу (тасымалдау); бұл заттарды өндірудің, иемденіп алудың,
сақтаудың, есепке алудың, беріп жіберудің, тасымалдаудың немесе жөнелтудің
белгіленген тәртіптерін бұзу.Халықаралық-құқықтық мағынасында есірткі және
жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымы тыйым салуға ұсынылған
аталған заттармен заңсыз іс-әрекеттер деп танылады.
Қылмыстық-құқықтық мағынасында есірткі және жүйкеге әсер ететін
заттардың заңсыз айналымы деп, қоғамдық немесе халықаралық-құқықтық
мағынасындағы іс-әрекеттердің бәрін емес, тек тиісті ұлттық қылмыстық
заңнамада тыйым салынғандарын ғана жасау түсініледі: Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы қылмыстық заңнамасы бойынша – есірткі немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатында заңсыз дайындау, иемденіп
алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, заңсыз сату.
Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттар заңсыз өндіру, дайындау
нәтижесінде және басқа да жағдайларда, есірткі заңды арнамен өтіп жатқан
кезде белгілі бір сатыда басқа жаққа өтіп кету нәтижесінде заңсыз айналым
саласына түседі. Одан әрі заңсыз айналым бір елдің шеңберінде жүзеге
асырылады немесе ол трансұлттық сипатқа ие болады.
Заңсыз айналым әлеуметтік құбылыс ретінде тек нашақорлықпен ғана емес
есірткі бизнесімен де белгілі бір арақатынаста болатыны айдан анық. Мұндай
анықтау ғылыми-теориялық тұрғыдан ғана емес, есірткінің заңсыз айналымына
қарсы күрес тәжірибесі үшін де зор маңызға ие, өйткені оған қарсы іс-
әрекеттердің негізгі бағыттары мен қажетті шараларды саралауға мүмкіндік
береді [13; 12-б.].
Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымы деген
сөз тіркесімен қатар мұндай заттардың заңсыз айналысы деген сөз тіркесі
де қолданылады. Сонымен бірге, баяндалғаннан көрініп отырғандай, айналым
және айналыс терминдеріне заң шығарушылар әртүрлі іс-әрекеттерді
жатқызады. Мұндай ереже заңи әдебиеттерде де байқалады. Мысалы, В.И.Омигов
өз монографиясының параграфын Есірткі заттардың заңсыз айналысы деп атап,
онда РСФСР-дің 1960 жылғы ҚК-нің 224-бабында тыйым салынған іс-әрекеттерді
біріктірген және есірткіні ұрлау мен өзге де заңсыз іс-әрекеттерді оған
енгізбей, оларды басқа параграфта қарау нысанасына жатқызады [3, 110-б.].
Сөйтіп, оның түсінігі бойынша есірткі заттардың заңсыз айналысына
Ресей Федерациясының 1996 жылғы Қылмыстық Кодексі бойынша есірткі заттарды
заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, есепке алу, беріп жіберу,
тасымалдау, жөнелту және сату сияқты іс-әрекеттерді сондай-ақ мұндай
заттарды өндірудің, иемденіп алудың, сақтаудың, есепке алудың, беріп
жіберудің, тасымалдаудың немесе жөнелтудің белгіленген тәртіптерін бұзу
жатқызылады. Сондықтан ресейлік ғалымдардың пікірі бойынша есірткінің
заңсыз айналысына осы заттарды заңсыз иемденіп алудың бір түрі болып
табылатын ұрлауды да жатқызу қажет.
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының заңнамасын салыстыра
отырып, бүгінгі таңда есірткі саласында пайдаланылатын дефинициялардың
кейбірі алғаш рет қазақстан заңнамасында заңдық тұрғыдан орнықтырылғанын
атап айтқан жөн. Мәселен, Есірткі, жүйкеге әсер ететін заттар,
прекурсорлар және олардың заңсыз айналмы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-
қимыл шаралары туралы 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы
Заңының 1-бабына сәйкес есірткі, жүйкеге әсер ететін заттар мен
прекурсорлардың айналымы – құрамында есірткі бар өсімдіктерді егуге,
жинауға және дайындауға, есірткі, жүйкеге әсер ететін заттар мен
прекурсорларды әзірлеуге, өндіруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге,
транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге,
сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты занамаға сәйкес рұқсат етілген және
бақылау жасалатын қызмет түрлері және бұл сатып алу, сақтау, әзірлеу,
өңдеу, тасымалдау, жөнелту және оларды кейін медициналық емес тұтыну
мақсатымен сату деп түсініледі, бұл үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы
Қылмыстық Кодексінің 259-бабында көзделген.
Есірткі, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың заңсыз
айналымы ұғымының анықтамасына негізделе отырып, оның элементтік құрылымын
мынадай түрде бейнелеуге болады. Есірткінің заңсыз айналымы элементтерінің
қылмыстық құқық бойынша негізгі құрамдастарының ұғымын береміз.
Есірткіні заңсыз иемденіп алу деп қылмыстық заңнамада оларды сатып
алу, басқа тауарларға және заттарға айырбастап алу, қарызды өтеуге төлеу,
қарызға алу немесе сыйға тарту, тауып алғанды иелену, құрамында есірткі бар
өсімдіктерді жинау және басқа да сол сияқты әрекеттер түсініледі. Есірткіні
және басқа заттарды заңды түрде иемденіп алудың бірден-бір заңды негізі
оларды емдеу немесе фармацевтикалық мекемеден нақты науқас адамға дұрыс
жазылып берілген рецепт негізінде сатып алу (иемденіп алу) болып табылады.
Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттардың кінәлі адамның көлік
құралында, оның жасырын қуысында және басқа орындарда, сондай-ақ оның
өзінде заңға қайшы болуы оларды заңсыз сақтау деп есептеледі.
Заңсыз әзірлеу дегеніміз нәтижесінде тұтынуға дайын есірткі немесе
жүйкеге әсер ететің заттарды алған (табиғи шикізаттан өңдеп алу, кез келген
әдістермен әртүрлі заттарды қосу жолымен) кез келген іс-әрекет.
Заңсыз өңдеу дегенді тиісті заттарға жаңа химиялық қасиет беру
мақсатымен оларды химиылық өңдеу жөніндегі іс-әрекет, мысалы морфинді өңдеу
жолымен героин алады, ол морфиннен 10 есе күшті, сондай-ақ заттың
концентрациясын арттыру және оның әсерінің пәрменділігін күшейту мақсатында
тиісті рұқсатсыз рафинадтау деп түсінген жөн.
Заңсыз тасымалдау дегенді тасымалдау әдісіне және ол заттарды сақтаған
орнына қарамастан оларды тасымалдау жөніндегі саналы іс-әрекетті есептеген
жөн.
Жөнелту – бұл заттарды тасымалдау жөнелтушінің қатысуынсыз жүзеге
асырылған кезде заттардың кез келген түрде орнын ауыстыру.
Сату дегеніміз есірткі, жүйкеге әсер ететін заттарды, прекурсорларды
таратудың не бір адамның иелігінен басқа адамның иелігіне берудің (сату,
қарды өтеуге төлеу, сыйға тарту, айырбастау, қарызға беру, басқа адамға
инъекция енгізу және т.с.с.) кез келген заңсыз тәсілі. Азаматтардың ақшасын
немесе мүлкін иеленіп алу мақсатымен қандай да бір өзге заттарда тиісті
заттар түрінде сатуды алаяқтық деп түсінген жөн.
Есірткіні тұтынуға көндіру басқа адамдардың оларды тұтынуға деген
ықыласын қоздыруға бағытталған кез келген саналы түрде жасалған іс-әрекет,
сондай-ақ ықпал жасалып отырған адамға есірткіні қабылдатқызу мақсатымен
психикалық және тәндік қысым жасау болып табылады.
Есірткінің және оның құрамдас элементтерінің заңсыз айналымы ұғымы
туралы мәселені қорытындылай келіп, оны қарастыру маңызды және
республикадағы есірткі ахуалын танып-білу үшін де, заңсыз есірткінің одан
әрі таралуына қарсы іс-қимыл жолдарын әзірлеу үшін де елеулі маңызы бар
екендігін атап көрсетеміз.

2.2. Есірткі заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды саралау
мәселелері

Есірткі заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың қоғамдық
қаупі, ең алдымен, оларды жасаудың салдарынан халықтың генофондының
нашарлауынан көрінеді. Сондықтан Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігі туралы 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңында есірткі заттардың заңсыз айналысы Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігіне адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу
дәрежесін төмендетуге себепші болатын қатер деп танылады.
Есіркі заттарды заңсыз айналымынан алып қоюға байланысты тексеру іс
әреккеттерін жүргізген кезде заңсыз айналымынан алып қойылған зат Қазақстан
Республикасында бақылауға жататын есіркі заттар,жүйкеге әсер ететін заттар
және прекурсорлар тізіміне енгізілген заттар болған және бұл заттармен
байланысты іс әрекетттер заңсыз, Қазақстан Республикасының Қылмыстық
заңнамасына сәйкес қылмыс ретінде қаралған жағдайда ғана қылмыстық
жауапкершілік туындайтынын ескеру керек. Есірткіге байланысты қылмыстық
жауапкершілік туындайтые заңсыз іс әрекеттер қатарына Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінде мыналар жатқызылады:
- есіркі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау,
иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (ҚР ҚК 259-бап);
- есірткі заттары немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не
қорқытып алу (ҚР ҚК 260-бап);
- есіркі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру
(ҚР ҚК 261-бап);
- құрамында есіркі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді
заңсыз өсіру (ҚР ҚК 262-бап);
- улы заттардың , сондай-ақ есіркі заттарды, жүйкеге әсер ететін
немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдалынатын заттардың,құрал
саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (ҚР ҚК 263-бап);
- есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін
притондар ұйымдастыру немесе ұстау (ҚР ҚК 264-бап);
- есіркі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды ұстау
ережелерін бұзу (ҚР ҚК 265-бап)
Қаралып отырған қылмыстың нысанасы есірткі және жүйкеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Есірткіге қарсы күрес
Қазақстан Республикасындағы криминология ғылымының негізгі даму бағыттары
Есірткімен байланысты қылмыстармен күрес мәселесі әлем коғамдастығының назарында
Жастардың нашақорлығы әлеуметтік мәселе ретінде және оны шешу жолдары туралы
Есірткі заттарға және жүйкеге әсер ететін заттарға бақылауды жүзеге асыратын құқықтық шаралардың даму тарихы
Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартудың қылмыстық – құқықтық мәселелері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Нашақорлық кесаптың белгісі
Пәндер