Инвестиция және оның теориялары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ.

1. 1 Инвестицияның мәні, қызметі . . . 5

1. 2 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар . . . 9

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛДАРЫ.

2. 1 Қазақстандағы тікелей инвестия . . . 11

2. 2 Қазақстанның инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері . . . 13

2. 3 Қазақстандағы инвестициялық саясатты жаңартудың негізгі бағыттары . . . 18

ІІІ. ШЕТЕЛДЕГІ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

3. 1 Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері . . . 22

3. 2 Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 34

Кіріспе

Инвестициялық қаражат- құнды қағаздарға салынатын инвестициялық қаражат. Мұнда жеке тұлғалар мен инвестициялық топтар, олигархтар - негізгі ойыншы. Олар тек қана ақшамен, құнды қағаздармен «жұмыс істеп», солардың бағасының өсуіне байланысты пайда табады немесе түсуіне байланысты зиян шегеді. Екінші инвестициялық қаражат тобы «хедж қорлар» иелерінде. Олар шикізаттар саудасымен айналысады. Мұнда да пайда бағаның өсуі мен түсуіне байланысты айқындалады. Міне, осы екеуінен басқа біз мақұлдайтын үшінші бір ерекше инвестициялық қаражат тобы бар. Ол тек қана белгілі бір мемлекетте натуралды өндіріс жасау немесе инфрақұрылым құру ісіне қаржы салу болып табылады. Мұны тікелей инвестиция деп атайды. Ол - дамушы мемлекеттердің экономикасы іркіліске ұшырамайды деген тұжырым. Біз білетін дамушы мемлекеттерден экономикасы етене танысы Ресей Федерациясы.

Сондай-ақ 2013 жылы даму қарқыны әлсіз болған мемлекет те осы Ресей. Ресейдің 2014 жылғы экономикалық өсімін Халықаралық валюта қоры екі пайызға жетпейді деп өлшеп-пішіп қойыпты. Ал біз «бұл - қате, оқыс жағдайлар кезікпесе, Ресейдің жалпы ішкі өнімі биыл ең кемі 3 пайыздық өсім береді» дегенді сеніммен айтамыз. Себебі 2013 жылдың қорытындысы бойынша бұл ел шетелдерден тікелей инвестиция тартудан дүниежүзі бойынша үшінші орынға шығыпты. Демек, жұмысшы күші қымбат Еуропаның натуралды өндірістік компаниялары өз өндірістерінің филиалдарын жұмысшы күші арзан Ресейде ашу қолайлы деп тапқан. Бұл - шетелдік инвесторлардың ең дұрыс шешімдері. Сондай-ақ шетелден тікелей инвестиция тартуда Қытай да қарқынын бәсеңдеткен жоқ. 2013 жылды ішкі жалпы өнімнің 9 пайыздық өсімімен қорытындылаған бұл ел биыл өсім қарқыны бұдан төмен болмайтынын жоспарына енгізіп қойды. Яғни болашаққа сенімді.

Біз бұған дейін де жұмысшы күші қымбат Батыс Еуропадан Оңтүстік Шығыс Азияға тікелей инвестицияның тасқыны жалғаса береді деп жазғанбыз. Сол пікірімізден айнымақ емеспіз. Айтқандай, өзіміздің Қазақстанға келетін болсақ, онда өткен жылы елімізге рекордтық деңгейде тікелей инвестиция келгенін еске сала кеткіміз келеді. Биыл бұл рекорд жаңарары сөзсіз.

Қысқасы, 2014 жылы болуы мүмкін инвестициялық қаражат көшкіні дамушы елдердің экономикасын іркіліске душар етеді деу бекершілік. Керісінше, әлемдік экономика өсімді биыл да дамушы елдер есебінен алады. АҚШ экономикасындағы 2013 жылғы қалыптасқан жағдай ақшадан үй тұрғызған секілді бірдеңе. Жылуы жоқ, пайдасы жоқ. Керісінше, ақшадан тұрғызылған үйдің үп еткен желден күл-талқан болуы сөзсіз.

«Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады. » -деп атап өтілуі инвестициялардың еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.

Ғылыми - техникалық және кәсіпкерлік салалардың тұрақты өзара іс - қимылын қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық қор құрылып, оған инновациялар мен венчурлық кәсіпкерлікті дамыту мен енгізу жөнінде неғұрлым кең өкілеттіктер жүктеледі.

Инвестициялық саясат. Он жылдықта әлеуметтік - экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік мен жұмыссыздық проблемасын шешуді міндетімізге алған.

Экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрлеудің барынша жоғары қарқынына жету басты міндет ретінде алға қойылып отыр.

Мұның өзі инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормасының артуына тікелей байланысты.

Экономикалық өсімнің жоғары қарқынын тұрақты ұстап тұру үшін біздің таяудағы 4-5 жылдың ішінде негізгі капиталдың ІЖӨ -ге қатысты жалпы жинақталу көлемін 28 пайыз деңгейіне дейін жеткізуіміз керек. Соның ішінде мемлекеттік инвестициялардың ІЖӨ жөнінде 2-ден 4 пайызға дейінгі өсіміне жету шарт.

Осыған орай мен Үкіметке бюджетті Парламентте нақтылаған кезде артылған қаражатты жинақтауға, сондай-ақ әлеуметтік дамуға бағыттауды тапсырамын.

Мемлекеттік инвестициялар. Индустриалық- инновациялық даму бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз ететін қаржы институттарын құру мен капиталдандыру мақсатында:

- Даму банкінің жарғылық капиталын ұлғайтуда және оның Кредиттік жадығатын молықтыруға - 12 миллиард теңге;

- құрылатын Қазақстан инвестициялық қорының жарғылық капиталына - 23 миллиард теңге;

- құрылатын Инновациялық қорға - 36 миллиард теңге;

- Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация құру үшін -7. 7 миллиард теңге жіберуді ұсынамын.

Жеке инвестициялар. Біздің экономикамыздағы жеке сектордың рөлі барған сайын арта беруге тиіс. Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтау жүйесінің жиынтық капиталы 300 миллиард теңгеге жуықтап отыр. Банк жүйесіндегі депозиттер 600 миллиард теңгеден асып түсті.

Банктердің жиынтық меншік капиталы бір жылдың ішінде үштің біріне ұлғайып, миллиард доллардан асып түсті, ал экономикаға берілген Кредиттер соңғы үш жылда 4. 5 есе көбейді.

Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.

І ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ.

  1. Инвестицияның мәні, қызметі.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда «Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ең алғашқы, яғни Алматы қаласында өткен Республикасындағы барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды. [1]

Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген:

Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады.

Индустриалық - инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында даму институттарының жүйесі құрылады әрі капиталданатын болады. [2]

Соның ішінде, қазірдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ тұрақтандырушы уәзипалар атқарып жатқан Ұлттық қор бар.

Қазақстанның инвестициялық қоры құрылатын болады. Ол капиталына үлестік қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін қазақстандық компаниялардың құрылуына жәрдемдесуге тиіс.

Тікелей инвестицияға шетелде кәсіпорындар ашу, оның ішінде еншілес компаниялар жүйесін ұйымдастыру, өзара келісім негізінде бірлескен кәсіпорындар ашу, табиғат байлықтарын бірлесіп барлап-зерттеу, шетел қаржысын қабылдаған кәсіпорындарды сатып алу немесе жекешелендіру жатады. Тікелей инвестицияның осы кезге дейін жинақталған мөлшері 2 трлн доллар, оның тең жартысы АҚШ (үлесі 1/4), Ұлыбритания және Жапонияға (әрқайсысының үлесі 1/10) тиесілі.

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық;

Инвестор - қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.

Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.

Инвестиция дегеніміз - табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:

- жеке инвесторлар (жеке адамдар) .

- инстиуттандырылған инвесторлар (банктер, инвестициялық қорлар, зейнетақы қорлары, тағы басқалары) .

Инвестициялық саясат дегеніміз - халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін, өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

Тікелей инвестиция дегеніміз - капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.

Ал, капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.

Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар:

Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;

Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;

Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;

Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;

Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;

Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:

- өнеркәсіп, сауда т. б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;

- портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа да құды қағаздарға алу үшін) ;

Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға, реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.

Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары, шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар, шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда.

Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.

Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты.

Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер - мұнай-газ және мұнай - химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр, жүн, мақта т. б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп, экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.

1995 жылдың шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2. 6 трлн $ деңгейін жетті. Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі- потрфель инвестициялары. Олар ірі корпорациялардың, мемлекеттік және жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады.

Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды, материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды, өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды, басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады. [3]

2004 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын инвестицияларсыз ) 57. 6 млрд. Теңгені құрады, оның 56. 9 млрд теңгесі (98. 7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді.

2006 жылғы қаңтарда негізгі капиталға инвестициялар 56. 9 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17. 2%көп.

2008 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4. 8 есе), Павлодар (2. 2 есе), Оңтүстік Қазақстан(1. 6 есе), Қостанай, Атырау, Қарағанды (1. 4 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1. 9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да (4-13%) байқалды.

Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау (6%) облыстары байқалды.

Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен (61%), жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%) ) басым салалар болып табылады.

Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.

Инвестициялық қызмет дегеніміз - шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар - сатып алуға, құруға, негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады.

2010, 2011, 2012 жылдарда Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі- қаржы емес активтерге жұмсалған 1307. 2 млрд. теңге инвестицияны игеру болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84. 2% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың үлесі - 47. 0%, орташаларынікі -27. 9%, шағындарынікі - 23. 9%, халық үлесі - 1. 2% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45. 0% құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен 9. 6 пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0. 6 пайыздық пунктке өсіп, 4. 8% құрады.

Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек- жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1. 6 пайыздық пунктке төмендеді.

Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89. 1% геологиялық барлауға жұмсалған.

Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44. 4%тиеді.

Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42. 3%) әуе көлігіне (15. 4%) және электр байланысқа (19. 8%) келеді.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз (1. 3%) .

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды. [4]

1. 2 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.

Әлеуметтік - экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.

Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң (1991ж. ) ;

“Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж. ) ; ”Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж. ) ; “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж. ) ; “ Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы ”ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж. ) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.

Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін, олардың функциялары мен міндеттерін анықтады. [5]

2012 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің, агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының, машина жасаудың, құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай, химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.

Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады.

Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

Жоспарлау;

Бағдарламалау;

Бюджетті дайындау;

Орындау;

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік - экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ, әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.

Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.

Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет:

- бюджет орындалатын, макроэкономикалық жағдай;

- инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері, соның ішінде

Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. [6]

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛДАРЫ.

2. 1 Қазақстандағы тікелей инвестия

Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997ж. ) қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.

Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:

- инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;

- жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі) .

- Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.

Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Кейнсиандық бағыт және оның эволюциясы»
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ - ТЕНДІК ТЕОРИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ
ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері
Қазақстан Республикасының экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Экономикалық жүйе қатынастарын қалыптастыру
Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері
Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері
Экономикалық өсу факторлары
Капитал ұғымы және оның құрылымы
Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz