«Қазақ батырлық эпосының» ерекшеліктерін таныту үшін эпос жанрының көрнекті өкілі Р.Бердібаев еңбектерін салыстыра зерттеу


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

Кіріспе.

І тарау. Қазақ эпосының зерттелу тарихынан.

ІІ тарау. Р. Бердібаев қазақ батырлық эпосын зерттеуші.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

І. Кіріспе.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазақ ауыз әдебиеті халқымыздың ғасырлар бойында жаратқан көркемдік қазыналарының ең маңызды ескерткіші.

Мұнда халқымыздың сан ғасырлар замандардан бергі басынан кешкен тарихи оқиғалары, тарихи дәуірлерде қалыптасқан көзқарасы мен дүниетанымы, наным - сенімі айқын суреттелген.

Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ішіндегі - эпикалық мұрасы ешқашан ескірмейтін, тарихи оқиғалары мен сол заман ақиқатын өзгеше көркемдік тәсілмен жеткізетін асыл қазынасының бірі. Бұл мұра бүгінгі және келешек қауымға отаншылдықтың, ерліктің, намыстылықтың аманат сөзін ұқтыратын ұлттық ұлы жәдігеріміз.

Ұлтымыздың рухани көркемдік мұрасы эпосты жинау, жарыққа шығару, зерттеу, оның танымдық, тәрбиелік, эстетикалық сипатын ашып, қауымның игілігіне айналдыру ісіне ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдар қатарында Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, Ә. А. Диваев, М. Ж. Көпеевтен бастап, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайлов т. б . даңқты есімдерді ерекше атауға болады.

Осы ғұламалардың игі дәстүрін жалғастырып, фольклортану ғылымында теориялық, методологиялық деңгейін жаңа белеске көтеріп келе жатқан ғалымдардың қатарында - әдебиет сыншысы, фольклоршы, түркітанушы, публицист жазушы - Р. Бердібаев есімін ерекше атауға болады. Оның эпос жанрын зерттеудегі қосқан үлесі ұлан-ғайыр. Жұмыстың өзектілігі - халық ауыз әдебиетінің інжу-маржаны болып табылатын эпос жанрын жанрлық-стадиялық тұрғыдан ашып көрсете білген Р. Бердібаевтың ғылыми зерттеулерін өзге де эпосты зерттеуші ғалымдармен салыстыра, салғастыра қарастыру, ғалымның эпос жанрын зерттеудегі жаңалықтары мен табыстарын салыстыра зерттеу барысында нақты ғылыми деректермен дәлелдерге сүйене отырып ашып көрсету.

Зерттеу нысаны : Диплом жұмысында негізгі нысанаға алынған «қазақ батырлық эпосының» ерекшеліктерін таныту үшін эпос жанрының көрнекті өкілі Р. Бердібаев еңбектерін салыстыра зерттеу.

Зерттеудің дерек көздері - кітаптары.

Зерттеу әдістері . Зерттеу жұмысының барысында жүйелеу, салыстыру, талдау, жинақтау әдістері басшылыққа алынды.

Жұмыстың құрылымы - Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ Тарау. Р. Бердібаев қазақ батырлық эпосын зерттеуші.

Р. Бердібаев 2 - желтоқсан 1927 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы, Ащысай кентінде дүниеге келген. 1949 жылы Қызылорда педагогикалық институын бітірген. О. Қ. О. Жетісай, Түркістан аудандарының мектеп директоры, аудан оқу бөлімінің инспекторы (1949-1953) болған.

Эпос жанры жөнінде фольклор ғылымының корифейлері Ә. Қоңыратбаев, М. Ғабдуллин, т. б. ғалымдар әр кезде қадау-қадау ойлар айтқан болатын, бірақ, бұл пікірлер әрі қарай толығымен дамытылмай қалып жатты, жеткілікті дәлелденбеді, осы олқылықтың орнын толтыруда тер төккен Р. Бердібаевтың орны ерекше.

Эпос - ең қызықты жанр және көнелілігімен құнды. Ол барша халықтарға ортақ, сонысымен асыл. Р. Бердібаев бұл жанрды қазақ халқының жеке мұрасы етпей, бауырлас елдердің көне дүниелерімен салыстыра, сабақтастыра үндестіреді. Тува халқының батырлық аңызы «Бокту - Кирши мен Бора Шэллейді»; башқұрттардың «Заятелек пен Сұсұлуын» қазақ фольклорының ең көне эпосы «Құламерген, Жоямерген» және «Мұңлық Зарлықтың» ортақ белгілерін, ерте дәуір нышандарын, әсіресе соңғы жырдағы «мұратына жетіп, бақытқа кенелуді» ертегі мен эпикалық жырларға тән екенін көрсетеді.

Р. Бердібаевтың эпос туралы айтқан әр ойы ғылыми дәлділігімен, тиянақты пікірлерімен қымбат.

Ғалымның халық ауыз әдебиетін саралауда еткен еңбегі ұлан - ғасыр. Халық ақындарын жастайынан тыңдап, халық әдебиетінің тас бұлағына бала кезінен қанып өскен сыншыл ғалым бұл салада, яғни эпос жанрын зерттеуге арналған - Қазақ эпосы (1982), Сарқылмас қазына (1983), Эпос мұраты (1997), Эпос - ел қазынасы (1995 жаңа басылымы 2005), т. б еңбектерін ерекше атауға болады.

Соның ішінде ғалымның «Қазақ эпосы» атты монографиясы қазақ фольклортану саласындағы кезеңдік жаңа құбылыс болып табылады. Әрине, қазақ фольклористикасында эпос туралы аз жазылған жоқ. Ал, Р. Бердібаев сол «көне объектіге» жаңа қырынан келіп, қазақ эпостарын стадиялық және типологиялық жағынан зерттеп соны ой қорытады.

Профессор Р. Бердібаевтың фольклорлық еңбектерінің ішінде қазақ эпосының генезисін, даму жолдарын, жанрлық ерекшелігін сипаттайтын зерттеулерінің маңызы зор. Ғалым эпостық туындыларды жанрлық-стадиялық тұрғыдан қарастырып, күллі эпос жанрын :

1. Көне эпос (архаикалық) ;

2. Қаһармандық эпос;

3. Ғашықтық эпос;

4. Тарихи эпос деп төрт топқа жүйелейді.

Ғалымның эпос жанрына әкелген сонылығын үш түрге бөліп көрсетуге болады:

1. Ол қазақ халқының аса бай эпикалық мұрасын жанрлық-стадиялық тұрғыдан талдап, тану принципін тұңғыш рет ұсынды. Қазақ эпосын бұрыннан зерттеген Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайлов, сынды ғалымдар эпосты көбінесе тақырыптық және хронологиялық белгілеріне сәйкес жүйелеп топтастырған болса, Р. Бердібаев дастандық туындыларды жанрлық және стадиялық сипатын қоса қамтып тексеріп, ғылыми жаңалық әкелді.

2. Р. Бердібаевтың зерттеу еңбектерінде кездесетін тағы бір ерекшелік - қазақ фольклортану ғылымында ондаған жылдар бойы ауызға алынбаған, тұрпайы социологиялық көзқарастың үстем кезінде «халыққа жат, зиянды» деп қаралған бір топ эпос-дастандарды зерттеуі. Олар: «Едіге батыр», «Ер Сайын», «Шора батыр», «Қарасай Қази», «Орақ Мамай» тәрізді жырлар.

3. Ғалымның фольклортану еңбектеріндегі үшінші сонылық - түркі халықтарының эпикалық аңыздауларын салыстырмалы - типологиялық тәсілмен зерттеудегі бастамашылдығы. Бұл тәсіл фольклор шығармаларындағы ұқсастық табиғатын неғұрлым нақтырақ тануға мүмкіндік береді. Р. Бердібаевтың «Түркі халықтарының тарихи - генетикалық типологиясы» деген еңбегінде түркі халықтарының эпосындағы үндестіктер мен сарындастықтар түбірін үш жүйеге бөліп тексеруді ұтымды деп табады. Олар:

1. Тарихи - типологиялық салыстыру.

2. Тарихи - мәдени типология.

3. Тарихи - генетикалық типология.

Автор осылардың әрқайсысына тән өзгешелікті нақтылы көрсетеді. Мәселен, ғалым «Едіге батыр» дастанын ноғай, қазақ, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтары өз туындысы деп есептеуі бұл елдердің әуел бастағы генетикалық туыстығынан, бәрінің де бір заманда Алтын Орда империясының құзырында жасалған бауырлас елдер болғандығынан деп түсіндіреді. Сондай - ақ «Алпамыс батыр» дастанының ең көркем классикалық версиялары қазақ, қарақалпақ, өзбектер арасында сақталып, дамуы, осы халықтардың құрамындағы қоңырат тайпасының этностық тарихымен байланысты екенін дәлелдейді.

ҚАҺАРМАНДЫҚ ЭПОС

Әрбір халықтың да эпикалық аңыздаулары қатарынан қаһармандық жырлардың алатын орны үлкен. Бұлай болуының түрлі себептері бар.

Ең алдымен батырлық эпос елдің сан ғасырларда бастан кешкен тарихын, салт-санасын өзгеше көркем жинақтайды; түрлі оқиғаларға өзіндік көзқарасын, бағасын белгілейді, алдан күткен үмітін, аңсарын білдіреді. Тарихта орын тепкен белгілі оқиғалар мен істердің дәлме-дәл шежіресі, көшірмесі болмағанымен, қаһармандық эпос сондай құбылыстардың терең, түпкілікті мәнін, тұжырымын аңғартады. Осы тұрғыдан алып қарағанда батырлық жырлар тарихтың желісі де емес, әрі сол желіден мүлде «қара үзіп» те қалмайды. Эпикалық жинақтаулардың қайталанбас ғажайып табиғатының бір қыры осында. . // Эпос мұраты. 34б//

Батырлар жырының көпшілігі халықтың отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған. Басқыншы жаудың шапқыншылық шабуылдарына қарсы аттанған, одан ел-жұртын қорғап қалған батырларды, олардың ерлік істерін ардақтап халық аңыз-әңгіме, жырына қосқан. Батырлар жыры өзінің қалыптасып даму процесінде талай қоғамдық және таптық ой-сананың, көзқарастардың алуандаған әсерін бойына жинай береді. Әрбір қоғамдық құбылыс, әрбір тап батырлар жырын өз тілегіне, өз мүддесіне сай етіп өзгертіп отырған, олар батырлар жыры арқылы өздерінің қоғамдық және таптық идеясын таратуға тырысқан. // Х. А. Ә. М. Ғ//

Қаһармандық эпостың халыққа қызықты болып, атадан балаға, әулеттен әулетке ауысып, ұмытылмай келуінің тағы да бір құпиясы оның теңдесі жоқ көркемдік бітіміне, өз бойына қиялдау, бейнелеудің алуан өрнектерін сыйғыза білгендігіне байланысты. А. М. Горькийдің ең жарқын, терең, көркемдігі кемел тұлғалар ауыз әдебиетінде жасалған дейтін тұжырымы мейлінше ақиқат. Ерліктің, Отан сүйгіштіктің, белгілі бір мақсат жолында жан аямай күресетіндіктің, намыстылықтың неше алуан үлгісін танытатын қаһармандар эпос туындыларында көптеп кездеседі. Әсіресе қаһармандық жырларды ел жүрегіне жақын ететін олардың отаншылдық идеямен суарылғандығы. Адам қоғамы дамуының барлық кезеңінде де рудың, тайпаның, мемлекеттік бірлестіктердің тыныштығын, бүтіндігін қорғау, қастасқан жауды жеңіп, бақытты өмір орнату мәселесі ең күрделі проблема болып келген. Дәл осы аңсар батырлық жырлардың айрықша сипаты болып табылады.

Қазақ эпосының күрделі бөлігін құрайтын батырлар жырында осы белгілер толығымен бар. Әрине әрбір жырдың құрылысына, идеялық бағытына лайық ерлік идеясы түрлі дәрежеде көрініс береді. Сонда да болса қаһармандық аңыздаулардың басты пафосы - ерлік, Отан қорғау болып келеді.

Батырлық жырлардағы ерліктік сипаты өзгеше. Мұндағы қаһармандар ел үшін қандай да болмасын қауіпке қарсы барады, жаулармен арпалысады, неше түрлі сергелдең, сарсаңға, ауыр сындарға душар болады; ақырында жеңіске, мұратына жетеді. Міне, осындай «жеңілмейтін қаһармандарды» суреттеуі және оның басына ең асыл қасиеттерді жиып беруі халық қиялының шексіздігін көрсетеді және эпикалық жырлардың ерекшелігін танытады.

Бүкіл қазақ жырында эпикалық жаулары екеу-ақ - қалмақ пен қызылбас болып келеді. . Тек Мұрын жыраудан жазылып алынған жырларда ғана тағы да бір эпикалық дұшпан - ындыс аталады. Қазақ халқының сан ғасырлық тарихында ұшырасқан жауларының аты-жөні бұл көрсетілгеннен анағұрлым көп болғанын білеміз. Бірақ, олардың нақтылы аттары уақыт өте келе ұмытылып, кейінгі замандағы көп жауласқан ел - қалмақтар ғана эпикалық дұшпан деп саналған. Мұның тағы бір себебі эпикалық шығармалар тек өткен дәуірдің шындығын ғана бейнелеумен шектелмей, өз кезеңінің де жанды оқиғаларын қамтып отыратындығында. Эпостың ұмыт болмай ғасырдан ғасырға ауысып, ұласып келуінің де мәні оның заманалық тілектерге жауап бере алатындығында. Міне мұндай жағдайда ұмыт бола бастаған бұрынғы эпикалық жаулардың, ру мен тайпалардың атаулары кейінгі нақтылы тарихи жағдайларға, эпикалык, процестерге лайық өзгеріп, жаңарып отыруы заңды кұбылыс. Қазіргі түркі халықтарының шығу тегі бір эпикалық шығармаларындағы ру, тайпа, қаһарман аттары кейде сәйкес келе бермеуі де олардың бертінгі тарихи өмірінің өзгешелігінен туса керек. Тіпті мұндай айырмашылық бір халық көлеміндегі жырдық версиялары мен варианттарынан да байқалып отырады.

Жырларды оқу үстінде және де бір заңдылықты аңғарғандай боламыз. Ел жадында әйтеуір батырлық, күштілік атаулының бәрі сақтала бермейді екен. Батырлық ру, тайпа, ел қорғауға, азаттық күреске жұмсалғаны ғана ерекше ілтипатқа алынған. Рулар арасындағы жүріп отырған әдеттегі талас немесе көрші халықтарға жасалған әділетсіз шабуыл халықтың эпикалық санасында «ақтала» бермейтіні байқалады.

Кейде рулар арасындағы барымта немесе өзге елдерге жасалған әділетсіздік эпостан көрініс тапқанмен, олар мадақталмай, қайта кінәлау, айыптау тұрғысынан жырланатынын аңғару қиын емес. Өмірде жақсы істердің ғана өлмес даңққа ие болатыны секілді эпостың талғайтыны да қалың қауымға пайдасын тигізген ірі оқиғалар болмақ. Халықтың әділетсіз соғыстарды, кімге де болса да нақақтан тиісіп, зәбір көрсетуді қолдамайтын көзқарасы эпостың өзінен де айқын көрініс беріп отырады. «Қобыланды батыр» жырында Қобыланды, Қарамандар Қазан ханды жеңіп қайтар жолында Көбіктінің де елін «олжалай» кетпек болған әрекеті тосын қиыншылықтарға кездестіретіні мәлім. Осы жолы Қобыландының өзі қолға түсіп, Қарлығаның көмегімен ғана тұтқыннан босайды. Эпикалық сана әділдік пен қиянат мәселесінде ешқашан ауытқымай, адаспай отыратынының бір мысалы осы.

«Қобыланды батыр» жырында батырлар бастан-аяқ қыпшақ елінің, кең мағынасында алғанда ноғайлы жұртының мүддесі үшін күреседі. Қобыландылар Қазан ханның еліне ежелгі кекті қуалап, ата жау болған соң ғана аттанады. Қазан да, Көбікті де, Алшағыр да кез келген сәтте қыпшақты шауып алуға әзір тұрған бітіспес, мәмлеге келмес жаулар деп есептеледі. Сондықтан да Қобыландының оларға аттануын «эпикалық сана» ақтайды, өте қажет, орынды әрекет деп есептейді. Қобыландының жорығына ноғайлы қауымының бір бөлегі болып саналатын қият руы, оның Қараман бастаған батырлары да қатысады.

«Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» жырларының да жетекші сарыны ел мүддесі үшін жасалған ерлікті мадақтау. Бұл мақсат, әсіресе, «Алпамыста» айрықша куатты сезіледі. Алпамыс өзінің қалыңдығы Гүлбаршынды жау ортасынан сан түрлі ерлік көрсетіп, алып қайтқанда да, Байбөрінің жылқысын айдап кеткен қалмақ ханы Тайшық әскерін қырғанда да қапысыз батыр, қоңырат кегі үшін шыбын жанын аямайтын адал перзент болып сипатталады. Алпамыстың барлық әрекеті өз басы үшін емес, бүкіл қоңырат руластарының теңдігі мен бейбіт өмірі үшін болады. Осы мақсат жырдың бойына өшпес, нұрлы идея дарытады, орталық қаһарманды халық махаббатына бөлейді.

Үстірт қарағанда «Ер Тарғын» жырында батырдық намыс отына қайралып, хас дұшпанға атой салуына тікелей себеп жоқ секілді. Өйткені эпоста Тарғыннын өзі елінен кылмысты болып, бой тасалап кеткен, Қырым жұртына сіңген адам болып көрінеді ғой. Бірақ шындығында ол қалмаққа діні, тілі, тағдыры бір ноғайлы атынан аттанады. Бұл оның ұмтылыстарына табиғи негіз, «дәлел» бола алады. Бір кезде бүгінгі қазақ, ноғай, қарақалпақ ноғайлы деген жалпы атпен мәлім болғаны белгілі. Тарғын түптеп келгенде жалпы ноғайлының намысын жыртқан ер есебінде көрсетіледі. Оның жауды жайпап түсетін қайратында шек жоқ болып сипатталады.

Сонда да болса Ер Тарғынның артында тілектес өз елі, туған отандастары тұрмағаны оны кейде қиындықтарға душар етеді. Бұл, әсіресе, Тарғынның Ханзада ханның жауын мұқатып беріп, өзі кездейсоқ ағаштан құлап, белі мертіккенде, айдалада қалдырылған кезінде айрықша жанға батарлық болады. Мұның соңында қалың қоңыраты мен қыпшағы тұрған Алпамыс, Қобыландыдай сенімді, жанқияр тірегі жоқ екенін эпос бүркемелемейді. Қатал шындықты эпикалық жырау қаз-қалпында, бүкпесіз бейнелейді. Ханзада хан елі жұртқа тастап кеткен Тарғынның монологынан бұл хал анықтанылады.

Белге қылар емім жоқ,

Бұл шамаға келгенде

Ажалым ағаштан болды ма,

Ауызға жерге жемім жоқ.

Егер өлсем бұл жерде,

Сүйегімді ұстар теңім жоқ!

Көк шалғынның үстінде

Көгеріп келіп жатырмын,

Үстіме киер кебін жоқ .

Бұл айтылғаннан эпоста ерліктің себебі мен қаһарман тағдырын суреттеудің түрлі-түрлі жолдары болатындығын көреміз. Бірақ жырдың құрылысы, ішкі дәлелдемелері өзгеше бола тұрса да, жалпы пафосы мен шешімінде үндестік анық болады. Қобыланды, Алпамыстар секілді Ер Тарғын да ақырында «мұратқа» жеткені хабарланады.

Қаһармандық эпоста батырдың жастай күш иесі болғанын көрсету шарт болатын. Ал «Қамбар батырда» қаһарманның ерте есейгендігі, жасынан үлкен істерге қабілеттілігі біртіндеп көрсетілмегенімен, болашақта қалмақтың бетін қайтаратын батырдың тегеурінді қимыл-әрекеті алдын ала сездірілген. Бір ауылдың қамы үшін аңшылық етіп жүрген Қамбар кейіннен жалпы ноғайлы елі намысын жықпай, батыл ұрысқа шығады.

Зерттеушілердің көрсетуі бойынша каһармандык жырлардың көбіне тән негізгі белгілердің бірі - болашақ батырдың ғажайып туысы болып табылады. Бұл сарын (мотив) эпостан бұрынғы жанрларда да (ертегі, аңыз) кездесетіні белгілі. Болашақ батырдың ғажайып туысының мифтік персонаждармен генетикалық байланысы, мифологияның ыдырауы кезеңінде пайда болған кейіпкерлерге қатысы бар екендігі кәміл. Қаһарманнын қандай жағдайда туғанын тәптіштеп айту тек композициялық тәсіл немесе өмірбаяндық қажетті элемент қана емес, мұның мәні тереңіректе жатыр. Байқап қарасақ батырдың туғанына дейінгі ахуалды ескерту үлкен идеялық қызмет атқарады екен. Қартайған ата-ананың, дүйім бір елдің жаратқаңнан перзент сұрап, мінәжат етуі жеке семьялық тілек қана емес, белгілі бір ру, тайпаның шын мүддесі де болып есептелуі эпостың басталуына ерекше құпия қуат дарытқандай болады. Демек, қаһармандық дастан экспозициясы аса үлкен көркемдік роль ойнайды.

Бұл жағдай «Алпамыс батыр» жырында неғұрлым толық түрінде берілген. Бүкіл Жиделі-Байсынды жайлап жатқан Байбөрі байдың салтанатын көсілте суреттеу белгілі мақсатты көздейтінін көп ұзамай білеміз.

Бұрынғы өткен заманда,

Дін-мұсылман аманда,

Жиделі-Байсын жерінде,

Қоңырат деген елінде,

Байбері деген бай шықты.

Тоқсан мың екен қарасы

Мұрындық ноқта тимеген,

Түйешілер мінбеген.

Сексен мың екен маясы.

Шұрқырап жатқан бір жылқы,

Тоғай сайын мың жылқы,

Есебі жоқ көп жылқы

Жиделі-Байсын даласы.

Өз алдына бір бөлек

Торысы мен қарасы.

Аңдай болып көрінген

Бозы менен аласы . . .

Бірақ осыншама шалқыған байлық Байбөріге бір мысқалдай да бақыт бермепті. Оның себебін жыр «соншама бай болса да, жоқ еді ердің баласы» деген сөздермен тұжырымдайды. Баласыздықтың зары «Алпамыс батырда» Байбөрі аузымен былай айтылған:

. . . Алмадың құдай жанымды,

Бір баланың жоғынан.

Ағайын жеді малымды.

Айналайын атыңнан,

Жаратқан жалғыз кұдайым,

Бір баланың жоғынан

Зорлық қылды маңайым.

Өкім кыла сөйлейді

Баласы көп ағайын . . .

Сүйегім кетті жасық боп,

Досым кетті қашық боп,

Көретін көзім көр болды,

Бір перзентке асық боп.

Аққан жасым тыя алмай,

Перзенттің дағы өтеді.

Баласы жоқ адамның

Әркімге ақы кетеді.

«Байбөрі қу бас» деген сөз

Сүйегімнен өтеді. .

Міне, осындай жағдайда тәңірден бала тілеп, сұрауы қабыл болғанын көрсету ерекше мәнділікке ие болмақ. Бұл тұста адамның жаралуы туралы көне ұғым елес береді. Ерте заманда дүниедегі күллі жан-жануардың иесі, жебеушісі болады деген ұғым үстем болғаны белгілі. Баланы мінәжат етіп, тілеп алуға болады деген түсінік осыдан туған. Байбөрі мен Аналықтың перзент аңсаған әрекеті төмендегіше жүйеде көрінеді.

1. Баласыздық зары.

2. Жебеуші «күштерге» жалбарыну.

3. Әзірет сұлтанға бала тілеп аттану.

4. Әулиеге түнеу, садақа үлестіру.

5. Бабай түкті шашты Әзіз әулиеге сапар шегу.

6. Намаз окып, мінәжат ету.

7. Таңсәріде ақ сәлделі, қолында асасы бар диуана келіп, бұларға бір ұл, бір қыздарың болады деп аян беруі.

8. Аналықтың қабылан етіне жерік болуы.

9. Алпамыстың дүниеге келуі.

10. Ұлан-асыр той жасалуы . . .

Жырда бұлардық бәрі де кең таратылып, келісімді сипатталады. Айтушы, жыршы қаһарманның тууы ғажайып күштерге байланысты екеніне әдейі мән беріп, мұны айрықша оқиға дәрежесіне көтере суреттейді. Алпамыс туғанда Байбөрі жасаған той да ерекше дарқан пейілді аңғартқандай болады. Болашақ батырдың ғажайып тууы қазақтың түркі монғол тілдес басқа халықтардың да эпосында жиі кездеседі . Қазақ жырларынан бұл сарынды «Алпамыс батыр», «Мұңлық - Зарлық», «Шора батыр», «Едіге батыр» аңыздауларынан ұшыратамыз.

«Қобыланды батыр» жырында да Қобыланды Тоқтарбай мен Аналықтың қартайған шағында «тілеп алған» баласы болып сурттеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эпостағы қазақтану мәселелері (Қобыланды батыр эпосындағы)
Қазақ фольклортану ғылымындағы «Манас» жырының зерттелу тарихы
Ғалымның қазақ ертегілеріне қатысты ұстанған көзқарастарының концепциясын айқындау
Қобыланды батыр жыры нұсқаларының ерекшеліктері
Батырлар жыры. Эпостағы дәуір және дәстүр мәселесі
Айман - шолпан жырының типологиясы
Қазақтың көне эпосы
Қажым Жұмалиев – эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші ғалым
Батырлық ертегілердің құрылымдық ерекшелігі
Рахманқұл Бердібай - фольклор зерттеуші
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz