Өндiрiстiк кооперативтің –коммерциялық ұйым ретінде заңды тұлға ретiнде түсінігі


МАЗМҰНЫ

Кіріспе. . . .

1. Өндiрiстiк кооперативтің -коммерциялық ұйым ретінде заңды тұлға ретiнде түсінігі

  1. Кооперативтік қозғалысы мен даму тарихы

1. 2 Өндiрiстiк кооперативтің ұғымы және қызметi

1. 3 Өндiрiстiк кооперативтi құру тәртiптері

2. Өндiрiстiк кооперативтi басқару ерекшеліктері

2. 1 Өндiрiстiк кооперативтiң басқару органдарының түрлері мен құзыреттілігі

2. 2 Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

2. 3 Өндірістік кооператив қызметінің экономикалық негіздері

2. 4 Өндірістік кооперативтің еңбек және әлеуметтік қарым-қатынастары

3. Ауыл шаруашылық өндірісінде кооперативтерді

жетілдіру мәселелері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кiрiспе

Тақырыптың өзектілігі . Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар.

Елiмiз егемендiгiн алып, нарықтық экономикаға көшу барысында азаматтар мен заңды тұлғалардың меншiк нысанына қарамастан жеке меншiкке яғни жеке кәсiпкерлiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық тұрғысында яғни мемлекеттiк кәсiпкерлiк иелену құқығына негiзделген тауарларға яғни жұмыстар мен қызмет көрсетулерге сұранысты қанағаттандыру жолымен табыс немесе жеке кiрiс түсiруге бағытталған бастамашылық қызметтер келдi.

Азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз, ендеше осы бағытта әр түрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы зор.

Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқыктың дербес субъектісі ретінде қатысу жеке тұлғаға ғана емес, занды тұлғаларға да тән. Заңды тұлға ретінде құрылған өндірістік кооперативтер азаматтық құқықтың заңмен танылған бірінғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі.

Өндірістік кооперативтерді құру - бұл нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде кәсіпкерлік қызмет дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi.

Азаматтық құқықтық айналымда өндірістік кооперативтер тең құқықты, тәуелсіз субъект екендігін көреміз, әрі оның мүліктік оқшаулыққа ие болады, сондай-ақ қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді, өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады.

Өзінің мақсатына жету үшін өндірістік кооперативтер заңнамалармен тыйым салынбаған әр түрлі кызметтермен айналасады. Олар: халық тұтынатын тауарларды көтерме және бөлшек саудасы, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сыртқы экономикалық қызмет:экcпорттық, импорттық операциялар, түрлі көліктік қызметтерді көрсету; халық тұтынатын тауарларды, ауыл шаруашылық өнімдерін сату, сатып алудағы делдалық қызмет және тағы да басқа сауда-делдалық қызмет, Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да қызметтер жүзеге асыру құқылы.

Өндірістік кооперативтердің қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасқа қарай кооперативтер қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, олардың құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді.

Өндірістік кооперативтердің қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады.

Өндірістік коопеатив азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы шектеледі.

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасындағы жаңа нарықтық экономикаға байланысты өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы, оның ерекшеліктері, ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін қолдана отырып, өндірістік кооперативті азаматтық құқықтың заңмен танылған бірінғай субъектісі ретінде анықтау.

Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

- өндірістік кооперативтің даму таихын зерттеу.

- қазіргі кездегі өндірістік кооперативтіңрттеуде түсінігі мен ерекшеліктерін анықтау.

- азаматтык кұқық іліміңде (теориясында) өндірістік кооперативтің заңды тұлға жөнінде бірнеше ілімдерін зерттеу.

- өндірістік кооперативтердің басқару мәселелерін, сондай-ақ заң нормаларына сүйене отырып басқару органдарының құзыреттілігін анықтау.

- өндірістік коопеативтердің құру, қайта құру, тарату мәселелерін қозғау.

- ауыл шаруашылық өндірісінде кооперативтерді жетілдіру мәселелері қарап, ұсыныстар беру.

Бұл дипломдық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі ретінде авторлардың заңды тұлғалар ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасыныңың азаматтық құқық қатынастарының реттейтін нормативтік актілері, оқулықтар, оқу құралдары, шығармашылық басылымдар қолданылды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша ретінде тіркелген құжаттардан тұрады.

Нарықтық қатынастарға көшудiң алғашқы кезеңi көп жағдайда өндiрiстiк кооперативтермен байланысты болды, олар халық тұтынатын тауар өндiрiсiнiң өсуiне, қызмет көрсету саласының ұлғаюына, экономиканы жаңа бағытта қайта құруға әсер еттi. Дегенмен, кәсiпкерлiктiң бұл түрi кейiнгi жылдары қайта ұмыт бола бастағандай. Дегенмен, кейiнгi кезде кәсiпкерлiк қызметте басымдылық көрсете бастаған акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қарағанда өндiрiстiк кооперативтiң ұйымдық-құқықтық меншiк нысаны ретiнде өзiндiк артықшылықтары бар. Сол артықшылықтар туралы бiз төменде сөз етемiз.

1. Өндiрiстiк кооператив заңды тұлға ретiнде

  1. Кооперативтік қозғалысы мен даму тарихы

Қазіргі қоғамда өмірдің жағдайы саяси және әлеуметтік - экономикалық сферада күрт өзгерістермен түсіндіріледі, ол шаруашылық жаңа үлгілері мен түрлерін енгізуді талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қазақстан - 2030» стратегиясының негізгі қорытындылары шығарылып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы 2050 жылға дейінгі жаңа стратегиялық бағыттары белгіленген болатын [1] .

Қазақстандық қоғамның берілген стратегиялық дамуына сәйкес, шаруашылықтың және меншіктің түрлеріне негізделген нарықтық экономикалық интенсификация есебімен кооперация ролі жоғарлайды .

Кооперация пайда болу мен дамуы ұлттық шаруашылықтың басшылығын экономикалық жоспарлы әдістер орнына шаруашылық басқарудың механизмін толық жаңарту өз үлесін енгізуге тиісті. Кооперация тауарлар өңдеуде және қызметтерде адамдардың белсенділігін, инициативасын арттыруға қабілеті бар, өндіруші мен тұнынушы арасында дұрыс байланыстарды құру үшін тауарлық қатынастарды қамтамасыз етеді. Ол біздің экономикамызға адамдар қызығушылықтарына қажетті әлеуметтік бағыт береді.

Кооперация генезисі Қазақстанға ХІХ ғасыр 70 жылдар ортасына келді. Бұл барлық қатысушылардың еркіндігі, тандау теңдігі принциптеріне құрылған. Кооперацияның 3 негізгі формалары - өндірістік, қаржылық, саудалақ кең қолданысқа ие. Өндірістік кооперативтер ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу мен өткізу, сатып алуды жүзеге асыру, ауыл шаруашылық құралдары үшін қол жетерлік арзан несиені алу мүмкіндігін береді, сонымен бірге кооперативтерді субсидиялау, өздерінің қатысушыларының сатып алу белсенділігін біріктірді және дамытты, табыстарды тиімді бөлуді ұйымдастырды.

Кооперациялық қозғалыстың және кооперациялық бизнестің ғылыми негіздері әртүрлі мемлекеттердің ғалымдары, соның ішінде кооперациялық теорияның негізін қалыптастырған белгілі: Ф. Оуэн, Ш. Фурье, Ф. Райфайзен, И. Г. Чернышевский, М. Н. Туган-Барановский, т. б.

Кооперация теориясын және ұйымдастырушылық принциптерін әзірлеуге үлкен үлесін ХХ ғ. басында қосқан келесі орыс ғалымдары: А. Н. Анцыферов, А. Н. Васильчиков, Н. П. Гибнер, Н. В. Крылов, А. В. Меркулов, С. Л. Маслов, К. А. Пажитнов, И. И. Попов, Л. М. Кинчук, А. И. Чупров және т. б.

Ауылшаруашылық кооперацияның ғылыми негіздеріне көптеген мемлекеттерде кең тараған және аграрлық секторларда кең қолданатын А. В. Чаяновтың, Н. Д. Кондратьевтің, Н. А. Рыбниковтың, Н. П. Макарованың, А. Н. Челищеваның еңбектері жатады.

Жалпы түрде кооперацияға өзінің шаруашылық қызығушылығын іске асыру үшін және жалпы мақсаттарға жету үшін ресурстарын үлестік негізде еркін біріктіретін барлық жеке тұлғалар кіреді.

Кооперативтік қозғалыстың алғашқы кезеңінде кооперативтерге әрқайсысы жеке және бірге мақсатқа жету үшін біріксе, нарықтық экономикада кооперативтер қызметі бизнес нысанына айналады, кәсіпкерлік мінезге ие болады .

Кооперация мақсаттары мен міндеттері барлық жерде бірқалыпты: қызмет көрсету және өз мүшелерінің құқықтарын қорғау, олардың мақсаттарын қанағаттандыру. Ең бірінші кооперативтік ұйымдар өзара кооперацияға, бірге иемденуге, еңбектің және экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру барлықтарының теңдігіне негізделген ұйым.

Кооперативтік қозғалыстың отаны болып Батыс Еуропа табылады. ХІХ ғ. ортасында Батыс-Еуропалық мемлекеттерде өнеркәсіптің дамуымен байланысты және қалалық тұрғындар санының өсуіне байланысты ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныс өсті. Еуропалық континентте бірінші ауыл шаруашылық кредиттік кооперацияны құруға ХІХ ғ. 30 Ж. Ортасында Швеция оңтүстігінде ипотекалық ұйым нысанында несиелік серіктестік құылған. Ауыл шаруашылық несиелік кооперация Германияда ең кең тараған, бұл қозғалысты еңдірген Ф. Райфайзен.

Нарыққа өнімнің және өндіріс құралдарының еркін шығуы және қажеттілігіне қарай өткен ғасырда ауыл шаруашылық және қызмет көрсетуші кооперативтердің құрылуына әкелді, әсіресе Скандинавияда. 1880 ж. Швецияда ең бірінші сүт кооперативі ашылды (сары майды ағылшын нарығына шығару), екі жылдан кейін - Данияда ашылды. 1887 ж. Данияда Еуропалық континеттегі ең бірінші шошқа сою кооперативі ашылды. Шошқа еті бірінші күннен бастап сол ғасырдағы ең көлемді нарыққа иеленді.

ХІХ ғ. 80-90 жж. кооперативтік ұйымдар континенттің барлық мемлекеттерінде тез тараған. ХХ ғ. басында сүт кооперативтері дами бастады. 1884 ж. Францияда бірінші ауыл шаруашылық синдикаттар құрылып, сату саласында тұрақты дамуына әкеледі.

Кооперация бұл әріптестік және көптеген ұйымдастырушылық нысан арқылы іске асырылатыны көрінеді. Ауылшаруашылық кооперативтердің құрылымы мен әрекеттері «Ауылшаруашылық кооперация туралы» Заңға сәйкес анықталады. Ауылшаруашылық кооперация - бұл әр түрлі ауылшаруашылық кооперативтері және олардың одақтары, өздерінің экономикалық және басқа да сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылық тауар өндірушілерден құрылған жүйесі. Бұл ұйым ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің бірігіп өндіру үшін немесе басқа шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылады. Ауылшаруашылық кооперативтің басқа кооперативтерден ерекшелігі, оның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен құрылыда «Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер» түсінігі негізінен кооперативті ауыл шаруашылық статусына жатқызатын және жалпы өндірілетін өнім көлемін құрайтын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін заңды және жеке тұлғалар болып табылады. Өндірістік кооператив келесі қағидалар негізінде құрылып, қызмет етеді:

  • қатысушылар еркіндігі;
  • кооператив қатысушылары үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету және өзара көмек;
  • кооперативтің пайдасы мен шығындарын мүшелері арасында олардың жеке еңбекке қатысуы есебіне немесе кооперативтің шаруашылық қызметке қатысуына қарай бөлуі;
  • кооператив мүшелері болып табылмайтын тұлғаларды шаруашылық қызметтеріне қатысуларын босату;
  • кооператив мүшелерінің қауымдасқан үлестік жарналарын және мүшелердің қосымша үлестік жарналары бойынша пайданы төмендету;
  • кооперативтің әрекетін тәуелсіз басқару (бір мүше бір дауыс) ;
  • кооперативтің іс-әрекеті ақпараттық, жария түрінде

Бұл қағидалар кооперацияның даму тарихының 150 жыл бұрын әлемдік тәжірибеде шығарылған болатын .

Кәсіпорындардың кооперативтік түрі Қазақстан республикасын біршама таныс, өйткені, біздің тарихымыздың кеңестік кезеңінде тұтынушылар кооперативі өмір сүрді.

Кәсіпкерлікті үйымдастырудың нысаны ретінде кооперативтердің мәні мынада: олар өзінің мүшелері аударатын заттай болсын, қаржылай болсын пайлық жарнаның есебінен құрылады. Одан кейін мүлік кооперативтер шығаратын өнімнің және оны сатудан түсетін пайданың, қызмет көрсету немесе қызметтің басқа да түрлерінен түсетін пайданың есебінен толығып отырады.

1. 2 Өндiрiстiк кооперативтің ұғымы және қызметi

1995-жылы 15-казанда қабылданған Қазақстан Республикасының "Өндірістік кооперативтер туралы" Заңының 1-бабы мен Азаматтық кодекстің 96-бабына сәйкес өндірістік кооператив дегеніміз - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыру үшін мүшелік негізінде олардын өз еңбегімен және қатысуына жөне өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі [2] .

Қазақстан Республикасында өндірістік кооперативтерге кең жол ашылды, әсіресе ол ауыл шаруашылығында қарқынмен дамуда. Бұл - заңмен негізделген, ұйымдастыру жағынан бірлескен кәсіпкерлік қызметтің коммерциялық ұйымдарының бір түрі болып табылады.

Өндiрiстiк кооперативке тiкелей қатысты бар заң актiлерiмен, оның құрылтай құжаттарымен таныспас бұрын, «заңды тұлға», «коммерциялық ұйым» деген түсiнiктерге анықтама берiп алғанымыз жөн.

Азаматтык кұқық іліміңде заңды тұлғаның кәзіргі нарықтық қатынастарында маңызы, яғни құкықтық жағдайы, материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік ету құқылы екендігін қарастырылған.

Әрбір заңды тұлғаның үйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі үйымдарды бөліп карайды. Үйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі қүрылымынан көрінеді, сол аркылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не кұрылтай шарты аркылы, не тек кұрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.

Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ак кұрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Занды тұлға органдарының түрлері, тағайыңдалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен қүрылтай құжаттарында белгіленеді.

Заңды тұлға құқық субьектілерінің бірі. АК-тің 33-ші бабында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға болып танылады деп көрсетілген [3] .

«Бұл жерде «оперативное управление» деген термин «жедел басқару», ал Кодекстің 10-тарауында «оралымды басқару» деп аталған. Осындай әр түрлі аудармалар біздің Азаматтық кодексте жиі кездеседі тұратының ескертеміз [4] .

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлғалар заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады.

Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік окшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы

Әрбір заңды тұлғаның үйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі үйымдарды бөліп карайды. Үйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі қүрылымынан көрінеді, сол аркылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не кұрылтай шарты аркылы, не тек кұрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.

Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіңдегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым - заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек [5] .

Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы онжылдықта көптеген елдерде капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік қоғамдар құруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рұқсат ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария, Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарында да осындай құбылыстар байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ-пен салыстырғанда бір адамнан тұратын корпорациялар құруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әлде бір оқиғалардың нәтижесінде корпорацияның, компанияның қалған бір мүшесіне корпорацияның борыштары бойынша шектеусіз жауапкершілікті жүктеу арқылы компанияны жанама жолмен тану жүзеге асырылады.

Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық-құқықтык белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құкығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құкығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару күқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета занды түлғаның оқшаулық мүлкін айқьндайтын қүжаттар. Оқшауланған (жеке) мүліктің болуы заңды тұлғаның негізгі белгілерінің бірі. Бұл оның тиісті мүлікке мүліктік құқығын анықтайды [6] .

Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз - ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріе тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже.

Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.

Мүліктік жауапкершілік яғни тиісті заңды түлға өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүліктерімен жауап береді. Жеке мүліктік жауапкершілік жалпы ереже бойынша жеке қатысушыларға заңды түлғаның міндеттемелері бойынша туындамайды. Яғни жеке қатысушылар заңды тұлғаның, заңды тұлға жеке қатысушылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бірақ заң актілерімен заңды тұлғаның қатысушыларының заңды тұлға міндеттемелері бойынша жауаптылығы көзделуі мүмкін. Меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар АК-тің 44-бабының 1-тармағына сәйкес мекеме мiндеттемелер бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Олар жеткiлiксiз болған жағдайда мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Өзiне бекiтiлген мүлiктi иеленуге, пайдалануға, толық немесе кейбiр шектеулiктермен басқаруға ерiктi болған жағдайда заңды тұлғаның мүлiктiк оқшаулығы байқалады. Қысқаша:

- заңды тұлғаның меншiк құқығында мүлкi бар, және сол мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң барлық мiндеттерi мен құқықтарына ие болады.

- заңды тұлғаның шаруашылық басқару құқығында да мүлкi болады, яғни заңды тұлға меншiк иесiмен келiсiлген кейбiр шектеулiктер негiзiнде ғана бұл мүлiкке иелiк ете алады. Қағида бойынша, бұл тек мемлекеттiк кәсiпорындар.

- заңды тұлғаға жедел басқару құқығында да мүлiк бекiтiледi. Бұл жерде шаруашылық жүргiзу құқығымен салыстырған жағдайдың өзiнде мүлiктi басқару құқығы өте шектеулi. Бұлар мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар мен мекемелер.

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған біріңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Заңды тұлға дегеніміз - бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзіпен болу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының оз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар" [7] .

Азаматтык кұқық іліміңде (теориясында) заңды тұлғаның құкықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары занды тұлға институты қандай коғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері каралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағнасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.

Мысалы, ғалым Д. М. Генкин "әлеуметтік ақиқат" теориясын ұсынады, яғни онда ол коғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалык зандылығын басшылықка ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құкыкпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады [8] .

Профессор Ю. К. Толстой "директор ілімін" алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші - директоры болып табылады [9] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық заңды тұлға
Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі
Коммерциялық ұйымдар
Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде
Өндірістік кооперативтер
Жеке тұлғалар құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде
Өндірістік кооперативтегі корпоративтік құқықтық қатынастардың мәселелері
Заңды тұлға ұғымы жайында
Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет пәні бойынша дәрістер
Заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz