Тәуекел жағдайында сүт өндіру мен өткізу стратегиясын оңтайландыру (ақмола облысының мысалында)
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің (АӨК) дамуының ерекше шарттары, аграрлық нарықтың ырықсыздануының артуы шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігі мен тұрақтылығының ішкі және сыртқы факторларын жүйелік талдау негізінде өндірістік-экономикалық қызметтің тәуекелді ескере отырып дайындалған ұтымды стратегияларын қалыптастыру мен талдау құралдарын дайындауды талап етеді.
Өнімділіктің тұрақсыздығы және өндірістік ресурстар нарығындағы, әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдері нарығындағы бағаның тұрақсыздығы, сонымен бірге кәсіпорындардың қаржы ресурстарының құрылымының оңтайлы болмауы мен олардың жағдайының аграрлық саясаттағы өзгерістерге тәуелділігі – аграрлық саладағы тәуекелдің неғұрлым маңызды көздері болып саналады. Тәуекелді бағаламау мен оны төмендету тәсілдерін дұрыс қолданбау кәсіпорындарды күрделі қаржылық мәселелерге алып келетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Ел Президентінің Қазақстан халқына 2009 жылғы жолдауында да АӨК туралы айрықша айтылып, оның дамуы арқасында еліміз үшін аса маңызды екі міндет – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экспортты әртараптандыру міндетін жүзеге асыру қарастырылған. Сол себепті ауыл шаруашылығы мен тұтастай сала кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін жоғарылату мен тұрақты дамытуда тәуекелді талдау мен оған қарсы тұру әдістерін жетілдіру үлкен маңызға ие.
Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығында тәуекелді басқару үшін түрлі стратегиялар қолданылуы мүмкін, атап айтсақ: салаларды үйлестіру, өндірісті түрлі табиғи-экономикалық аудандарда орналастыру, жергілікті табиғи-экономикалық жағдайларға бейімделген технологияларды қолдану, сақтандыру, несиелендіру, ауыл шаруашылығы өндірісінен тыс табыс көздерін іздестіру. Отандық экономикалық ғылымда тәуекелді төмендетудің аталып өткен стратегияларының әрқайсысын қолданудың теориялық және қолданбалы аспектілері жөнінде зерттеулер аз емес. АӨК экономикасында нарықтық қатынастардың дамуына байланысты ауылшаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыруда тағы да бір маңызды стратегия – өнім өндірісі мен оны сату көлемін тәуекелді ескере отырып уақыт бойынша оңтайлы бөлу ерекше орынға ие болып отыр. Бұл аграрлық нарықтағы бағалардың динамикасының ерекшелігі, бірінші кезекте, олардың маусымдық сипаты тек тәуекелдің көзі ғана емес, өнімді сату саясатын шебер басқарған жағдайда өндірістің экономикалық тиімділігін жоғары деңгейде ұстаудың көзі де бола алатындығымен түсіндіріледі.
Бірақ, қазіргі күні осы тақырып бойынша жекелеген жұмыстарды есепке алмағанда, аграрлық экономикада жиі орын алатын тәуекел мен анықсыздық факторларын есепке ала отырып, осы мәселенің теориялық және қолданбалы аспектілерін жан-жақты және терең зерттеулердің тапшылығы айқын сезіледі. Ауыл шаруашылығы өндірісі мен АӨК нарығының өзіндік ерекшеліктері осындай зерттеулер жүргізіп, өндірілген өнімнің сатылатын көлемі мен сату уақытын оңтайландыру бойынша тиісті әдістемелер дайындауға кеңінен мүмкіндік береді.

1. Қаржылық тұрақтылықты кешенді бағалау әдістемелері // С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің Ғылыми жаршысы. – Астана, 2005.– №9. – 165-170 б.
2. Холдингтік типтегі агроөнеркәсіптік құрылымдардағы экономикалық қатынастар // С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің Ғылыми жаршысы. – Астана, 2006. –№1. – 194-197 б.
3. Ауыл шаруашылығында тәуекелді басқару стратегиялары // С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің Ғылыми жаршысы. – Астана, 2006. – №3. 187-191 б.
4. Тәуекел жағдайында өнім өткізу саясатын оңтайландыру мәселелері (автормен бірге) // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. – Астана, 2006. – №4. 99-104 б.
5. Экономиканы үлгілеу (авторлармен бірге). –Астана: С.Сейфуллин атындағы ҚазАУ баспаханасы, 2006. – 72 б.
6. Ауыл шаруашылығында тәуекелді бағалаудың әдістері және оны басқарудың принциптері // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. – Астана, 2007. – №1. – 107-111 б.
7. Тәуекелді есепке алуда сандық әдістерді қолдану мүмкіндіктері // С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 50 жылдығына арналған «Сәкен тағылымы-3» республикалық ғылыми-теориялық конференция баяндамаларының тезистері. – Астана, 2007. – 31 б.
8. Сақтандыру – ауыл шаруашылығында тәуекелді басқару құралы ретінде // С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 50 жылдығына арналған «Сәкен тағылымы-3» республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Астана, 2007. – 105-106 б.
9. Тәуекелдік түрлерінің жіктелуі және оны басқару құралдары // Проблемы агрорынка. 2007.–№2. – 30-35 б.
10. Ауыл шаруашылығы өнімін өткізу стратегиясын оңтайландырудың теориялық және қолданбалы аспектілері // «Әлемдік білім беру кеңістігіндегі қазіргі үрдістер және бәсеке қабілетті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері: әдістаным, инновация, ізденіс» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Астана: Еуразия гуманитарлық институты, 2007. – 223-227 б.

ӘОЖ: 338.439.4:351.773.1:005.591.1 Қолжазба
құқығында
Байдақов Асылбек Қанайұлы
Тәуекел жағдайында сүт өндіру мен өткізу стратегиясын оңтайландыру
(Ақмола облысының мысалында)
08.00.05 - Экономика және халық шаруашылығын басқару
(ауыл шаруашылығы)
Экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Астана, 2009
Диссертациялық жұмыс С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университетінде орындалды
Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының докторы,
профессор Т.А.Құсайынов
Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы,
профессор Б.Ғ.Жүнісов
экономика ғылымдарының кандидаты
Ш.Е.Муталляпова
Жетекші ұйым: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті
Қорғау 2009 жылдың 5 желтоқсанында сағат 1000-де С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеті жанындағы БД 18.08.01
диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана
қ., Жеңіс даңғылы, 62.
Диссертациямен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2009 жылы 3 қарашада таратылды.
Диссертациялық кеңестің ғалым
хатшысы, экономика ғылымдарының
докторы, профессор М.Ш.Кенжеболатова
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің
(АӨК) дамуының ерекше шарттары, аграрлық нарықтың ырықсыздануының артуы
шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігі мен тұрақтылығының ішкі және
сыртқы факторларын жүйелік талдау негізінде өндірістік-экономикалық
қызметтің тәуекелді ескере отырып дайындалған ұтымды стратегияларын
қалыптастыру мен талдау құралдарын дайындауды талап етеді.
Өнімділіктің тұрақсыздығы және өндірістік ресурстар нарығындағы,
әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдері нарығындағы бағаның тұрақсыздығы,
сонымен бірге кәсіпорындардың қаржы ресурстарының құрылымының оңтайлы
болмауы мен олардың жағдайының аграрлық саясаттағы өзгерістерге тәуелділігі
– аграрлық саладағы тәуекелдің неғұрлым маңызды көздері болып саналады.
Тәуекелді бағаламау мен оны төмендету тәсілдерін дұрыс қолданбау
кәсіпорындарды күрделі қаржылық мәселелерге алып келетінін тәжірибе
көрсетіп отыр. Ел Президентінің Қазақстан халқына 2009 жылғы жолдауында да
АӨК туралы айрықша айтылып, оның дамуы арқасында еліміз үшін аса маңызды
екі міндет – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экспортты
әртараптандыру міндетін жүзеге асыру қарастырылған. Сол себепті ауыл
шаруашылығы мен тұтастай сала кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін
жоғарылату мен тұрақты дамытуда тәуекелді талдау мен оған қарсы тұру
әдістерін жетілдіру үлкен маңызға ие.
Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығында тәуекелді басқару
үшін түрлі стратегиялар қолданылуы мүмкін, атап айтсақ: салаларды
үйлестіру, өндірісті түрлі табиғи-экономикалық аудандарда орналастыру,
жергілікті табиғи-экономикалық жағдайларға бейімделген технологияларды
қолдану, сақтандыру, несиелендіру, ауыл шаруашылығы өндірісінен тыс табыс
көздерін іздестіру. Отандық экономикалық ғылымда тәуекелді төмендетудің
аталып өткен стратегияларының әрқайсысын қолданудың теориялық және
қолданбалы аспектілері жөнінде зерттеулер аз емес. АӨК экономикасында
нарықтық қатынастардың дамуына байланысты ауылшаруашылығы өндірісінің
экономикалық тиімділігін арттыруда тағы да бір маңызды стратегия – өнім
өндірісі мен оны сату көлемін тәуекелді ескере отырып уақыт бойынша оңтайлы
бөлу ерекше орынға ие болып отыр. Бұл аграрлық нарықтағы бағалардың
динамикасының ерекшелігі, бірінші кезекте, олардың маусымдық сипаты тек
тәуекелдің көзі ғана емес, өнімді сату саясатын шебер басқарған жағдайда
өндірістің экономикалық тиімділігін жоғары деңгейде ұстаудың көзі де бола
алатындығымен түсіндіріледі.
Бірақ, қазіргі күні осы тақырып бойынша жекелеген жұмыстарды есепке
алмағанда, аграрлық экономикада жиі орын алатын тәуекел мен анықсыздық
факторларын есепке ала отырып, осы мәселенің теориялық және қолданбалы
аспектілерін жан-жақты және терең зерттеулердің тапшылығы айқын сезіледі.
Ауыл шаруашылығы өндірісі мен АӨК нарығының өзіндік ерекшеліктері осындай
зерттеулер жүргізіп, өндірілген өнімнің сатылатын көлемі мен сату уақытын
оңтайландыру бойынша тиісті әдістемелер дайындауға кеңінен мүмкіндік
береді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Отандық ғылымда зерттеу тақырыбының
теориялық базасы енді қалыптасып келе жатыр. Зерттеу барысында келесідей
бағыттар бойынша жазылған еңбектер қызығушылық танытты: 1) тәуекел – ауыл
шаруашылығы кәсіпкерлігіндегі маңызды фактор; 2) тәуекел жағдайында шешім
қабылдауда кәсіпкерлердің іс-әрекеті; 3) мал шаруашылығы өнімдерін сату
көлемі мен сату уақытын оңтайландырудың әдістемелік аспектілері.
Тәуекелдің жалпы мәселелері, оны есепке алу сұрақтары, тұрақтылық
факторлары, ауыл шаруашылығында тәуекелге қарсы тұру шараларының негізгі
бағыттарын негіздеу мәселелері И.П.Бойко, Ю.Д.Ванин, В.И.Векленко,
И.Б.Загайтов, Е.Л.Золотарева, А.Н.Каштанов, Т.А.Кұсайынов, А.А.Никонов,
Н.С.Четвериков, М.М.Юзбашев пен тағы басқалардың еңбектерінде
қарастырылған. Басқару шешімдерін қабылдау үрдісіндегі кәсіпкерлердің іс-
әрекеттері мен ауыл шаруашылығында басқару шешімдерін талдау мен
қабылдаудың теориялық және әдістемелік аспектілері, сүт нарығының
мәселелері келесідей шетелдік және кейбір отандық ғалымдардың
еңбектерінде неғұрлым терең зерттелген: J.Anderson, К.Arrow, А.Зельнер,
В.А.Кардаш, J.Pratt, J.Hardaker, P.Hazell, М.Е.Браславец, М.А.Гатаулин,
С.А.Абдильдин, Қ.Қ.Абуов, Қ.Т.Аленова, Т.И.Есполов, Б.Ғ.Жүнісов,
Г.А.Калиев, С.А.Каленова, М.Б.Кенжегузин, У.К.Керимова,
С.Г.Курмангалиева, Т.А.Кұсайынов, Ш.Е.Муталляпова, Г.А.Никитина,
М.И.Сигарев және т.б.
Соған қарамастан, бұрынғы кеңестік үкімет кеңістігіндегі мемлекеттердің
экономикасының өзіндік ерекшеліктері жағдайында тәуекел менеджментінің
жағдайы мен деңгейі қазіргі экономика ғылымының талаптары мен тәжірибесіне
толық сәйкес келмейді.
Аграрлық нарықтың жаңа шарттары жағдайында тәуекелді төмендету мен ауыл
шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың стратегияларын
ғылыми негіздеу мен таңдаудың қажеттілігі, оның бір жолы ретінде ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сату саясатын тәуекелді есепке ала отырып
оңтайландыру әдістемесін дайындау зерттеу тақырыбын таңдауды,
диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін негіздеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында тәуекел
жағдайында сүт және сүт өнімдерін өндіру мен өткізу көлемін жыл маусымдары
бойынша оңтайландыру әдістемесін дайындау және тиісті тәжірибелік
ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа қарай нәтижелері қорғауға ұсынылып
отырған келесідей міндеттерді шешу қарастырылды:
– тәуекел факторлары мен олардың ауыл шаруашылығы өндірісінің
экономикалық тиімділігіне теріс әсерін төмендету шараларының жүйесін
нақтылау және толықтыру;
– мал шаруашылығы өнімдеріне баға қалыптастырудың теориялық және
тәжірибелік аспектілерін зерттеу;
– Қазақстан және Ақмола облысы бойынша сүт бағасының динамикалық
ерекшеліктерін маусымдық құбылуларды есепке ала отырып анықтау;
– Ақмола облысындағы сүт өндірісінің маусымдық ерекшеліктерін зерттеу,
өндірістің маусымдылығы мен баға динамикасы арасындағы байланысқа баға
беру;
– тәуекел мен анықсыздық жағдайында сүт өндіру мен сату көлемін фирма
ішінде жоспарлаудың қазіргі уақытта қолданылып жүрген құралдарына
критикалық баға беру;
– сүт өндіру мен сату көлемін уақыт бойынша бөлуді оңтайландыру
әдістемесін дайындау мен оны негіздеу;
– Ақмола облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін тәуекел мен
анықсыздық жағдайында сүт және сүт өнімдерінің нарықтағы баға
динамикасының ерекшеліктерін есепке алатын сату стратегиясын дайындау
бойынша ұсыныстар беру.
Зерттеудің әдістемелік негізін жүйелік талдаудың қағидалары, танымның
ғылымға жалпы ортақ, жеке ғылымдарға тән және ғылымаралық тәсілдері мен
әдістерінің жиынтығы құрайды.
Зерттеуде қолданылған әдістер. Сүт және сүт өнімдерінің баға
динамикасын, өндірістің маусымдық ерекшеліктерін зерттеу үшін зерттеудің
монографиялық әдісі қолданылды. Сүт өндірісінің маусымдық сипаты мен баға
динамикасы арасындағы байланысты бағалау талдаудың статистикалық әдістерін
қолдануды қажет етті. Өнімді сату көлемін уақыт бойынша оңтайландыру
шешімін қабылдау сұрақтары математикалық статистика мен экономикалық-
математикалық үлгілеу әдістерін пайдалану жолымен дайындалды.
Зерттеудің ақпараттық базасы болып Ауыл шаруашылығы министрлігінің,
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің, облыстық ауыл
шаруашылығы басқармасының ақпараттық мәліметтері, ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарының нақты мәліметтері мен шетелдік анықтамалық-сараптамалық
жариялымдар саналады.
Жұмыстың зерттеу объектісі – сүт және сүт өнімдерін өндіру мен сату
үрдісінде қалыптасатын экономикалық қатынастар.
Зерттеудің пәні – аграрлық экономикаға тән тәуекел мен маусымдылық
жағдайында сүт және сүт өнімдерін өндіру мен өткізудің экономикалық
тиімді стратегиясын қалыптастырудың заңдылықтары мен ерекшеліктері.
Ғылыми жаңалықтар мен қорғауға шығарылатын нәтижелер. Диссертация
тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеулер барысында ғылыми жаңалығы бар
келесідей елеулі нәтижелерге қол жеткізіліп, қорғауға шығарылды:

экономикалық тиімділігіне теріс әсерін төмендету шараларының толықтырылған
және нақтыланған жүйесі;
– сүт өндірісінің маусымдық ерекшелігі мен сала өнімдерінің баға
динамикасы арасындағы байланыстың сандық бағасы;
– сүт және сүт өнімдерін өткізудің оңтайлы шешімдерін қалыптастыруда
ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің тәуекелге қатынасын есепке алу әдістемесі;
– сүт өндірісінің өзіндік ерекшеліктері мен тәуекелді есепке ала
отырып, сүтті сату көлемін уақыт бойынша тиімді бөлуді есептеу әдістемесі;

анықсыздық жағдайында сүт және сүт өнімдерін өндіру мен сатудың оңтайлы
стратегиясын дайындау бойынша ұсыныстар.
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы өнім өндіру мен
өткізу шешімдерін қабылдауда жұмыста ұсынылған тәуекелді есепке алудың
әдістері мен өндірілген өнімді өткізу стратегиясын оңтайландыру
әдістемесін пайдалану ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық
тиімділігінің жоғарылауына, жалпы сала кәсіпорындарының тұрақты дамуына
ықпал етуінен көрініс табады. Сүт және сүт өнімдерін өндіру мен өткізу
стратегиясын қалыптастырудың анықталған ерекшеліктерінің тәуекел
жағдайында өнімді өткізу үрдісін адекватты ұғынуға мүмкіндік беруі –
зерттеу нәтижелерінің ғылым үшін маңыздылығын айғақтайды.

университетінің Солтүстік Қазақстанның аграрлық секторының тұрақты
дамуының экономикалық мәселелері (мемлекеттік тіркеу номері 0105РК00036)
тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес орындалды.
Зерттеу нәтижелерінің тәжірибеде тексерілуі (апробация). Диссертацияның
негізгі нәтижелері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,
Еуразия гуманитарлық институтында өткен республикалық және халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалып, талқыланды, оң бағаға ие
болды. Жұмыста ұсынылған әдістемелер 2008 жылы Ақмола облысының Агрофирма
Родина ЖШС-де сүт өнімдерін өткізудің оңтайлы стратегиясын дайындауда
қолданылды; Қазақстан Фермерлер Одағы РҚБ қызметінде пайдаланылды.
Тәуекел жағдайында басқару шешімдерін қабылдаудың диссертациялық
зерттеу барысында анықталған әдістемелік бағыттары Экономиканы үлгілеу
оқу құралын дайындау барысында қолданылды, Мәліметтерді талдау және
экономиканы үлгілеу курсының мазмұнына енгізілді.
Жарияланымдар. Зерттеу нәтижелері бойынша жалпы көлемі 7,0 б.т. 10
ғылыми жұмыс жарияланған, оның ішінде 6 мақала ҚР БҒМ Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитеті ұсынған баспа беттерінде, 3 мақала халықаралық
және республикалық ғылыми конференциялардың материалдарында жарық көрді.
Диссертация көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен (жалпы саны 138) тұрады.
Диссертацияның жалпы көлемі 129 бет негізгі бөлімнен, 28 кестеден, 16
суреттен, қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Анықсыздық – шаруашылықты жүргізудің ажырамас сипаттамасы болуына
байланысты, тәуекел – кез-келген шаруашылық шешімін қабылдаудың объективті
элементі болып саналады. Шаруашылық тәуекелінің ауыл шаруашылығы
өндірісіне тән келесідей түрлері мен көздерін бөліп көрсетуге болады: 1)
өндірістік тәуекел; 2) бағалық немесе нарықтық тәуекел; 3) институционалдық
тәуекел; 4) адам факторы тәуекелі; 5) қаржылық тәуекел; 6) мүліктік
тәуекел; 7) келісім-шартты орындамау тәуекелі.
Аталып өткен тәуекел түрлері мен олардың көздерінің ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары үшін маңыздылығы олардың өндірістік бағытына байланысты
әртүрлі болғанымен, сүт-ет бағытындағы шаруашылықтар тәуекелдің ең маңызды
көзі ретінде өнім бағасын көрсетеді, себебі мал шаруашылығы өнімдері
нарығында бағаның маусымдық құбылуы айқын байқалады.
Мал шаруашылығы өнімдерінің бағаларының тұрақсыздығы сала өнімдеріне
сұраныс пен ұсыныстың икемсіздігімен, өндіріс көлемі мен бағаның маусымдық
сипатымен байланысты. Сұраныс пен ұсыныстың салыстырмалы түрдегі елеусіз
өзгерісінің өзі бағаның күрт өзгеруіне алып келеді. Мал шаруашылығы
өнімдерін өндірушілер өндіріс циклының ұзақтығына байланысты сұраныс пен
ұсыныстың өзгерісіне, оның нәтижесінде туындайтын баға құбылуына жылдам
икемделе алмайды. Сонымен қатар, елімізде өндіріс-сату-өңдеу үрдістерінің
баға тізбегінде тауар өндіруші бағасы мен өңдеуші кәсіпорындардың сатып
алу бағасы, өнімді соңғы тұтынушы сатып алатын баға арасында үлкен алшақтық
байқалады. Мал шаруашылығының негізгі өнім түрлерінің бөлшек саудадағы
бағасы фермерлік бағадан орта есеппен алғанда 60%-ға жоғары болса,
осындай алшақтық сүт өндірісінде 2 еседен астам. Мұндай жағдай ең алдымен
тауар қозғалысында сауда-делдалдық құрылымдардың санының артықшылығымен,
өнімді тасымалдау мен сақтауға кететін шығындардың жоғары болуымен
байланысты. Мұның барлығы соңғы өнім бағасының жоғарылап, пайданың негізгі
бөлігінің айналыс сферасында қалып коюына ықпал етеді, демек баға
қалыптастыру жүйесі соңғы өнім бағасының төмендеуіне ықпал етуге
бағытталмаған. Сауда саласында бөлшек сауда бағалары реттелмейді және олар
бір сауда орнының өзінде елеулі ерекшеленеді. Сонымен бірге, мал
шаруашылығы өнімдерінің импорттық бағаларының фермерлік бағадан төмен
болуына орай, көтерме құрылымдар үшін импорттық өніммен сауда жасаған
тиімді. Осы жағдай Отандық мал шаруашылығы өнімдерін өткізуде қиыншылықтар
тудырып, нарықта импорттық өнімнің үлесінің өсуіне өзіндік ықпалын тигізіп
отыр.
Қазіргі күні елімізде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің табысын
қолдау мақсатында өсімдіктер мен малдарды қорғау шараларына, элиталы тұқым
шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдау
көрсетіледі, жанар-жағар май, тыңайтқыш алуға кеткен шығындардың бір бөлігі
мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі. Бірақ, қазіргі уақытта Қазақстан
Республикасы Үкіметінің аграрлық өндірістің тәуекелділігін ескере отырып
ауыл шаруашылығы өндірісін кең көлемде бағалық қолдау саясаты жоқ.
Осындай жағдайда ауыл шаруашылығы нарығында тәуекелді басқарудың
мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылатын, тиімді және ауыл кәсіпкерлеріне
тәуекелді басқару үрдісін адекватты ұғынуға мүмкіндік беретін құралдарын
ұсыну мәселесі туындап отыр. Оған жауап ретінде - өнімді сату көлемін
уақыт бойынша оңтайландыруды атап өтуге болады. Себебі ауылшаруашылық
дақылдарының көбінің нарығына бағаның маусымдық құбылуы тән, өйткені
саладағы өндірістің өзі маусымдық сипатқа ие. Мұндай жағдайда
ауылшаруашылық кәсіпорнының табысын өнім бағасының динамикалық
ерекшеліктерін максималды ұтымды ескеретін нарықтық стратегиялар арқылы
барынша жоғарылатуға ұмтылу қажет. Ол үшін ауылшаруашылық дақылдары
нарығындағы баға тұрақсыздығын ескере отырып өнімді сақтау мен сату
саясатын оңтайландыру есебін шешу керек. Бұл мәселе бір қарағанда жеңіл
болып көрінгенімен, өте күрделі мәселе болып саналады. Себебі өнімді жинау
кезеңі аралығындағы уақытта өнім бағасы тұрақты болмайды, ол үнемі құбылып
тұрады. Ұзақ уақыт бойы сақтауға келетін астық, картоп, кейбір көкөніс
түрлері секілді ауыл шаруашылығы өнімдері үшін бұл есеп өнім жиналғаннан
кейінгі кезеңде дайын өнім қорын басқару есебі болып саналады. Ал өнімі
негізінен сақтауға келмейтін мал шаруашылығында өнімді өткізуді басқару
есебі өндірістің өзін уақыт бойынша жоспарлауға қатысты. Мал шаруашылығы
өнімдері нарығына тән осындай ерекшеліктерді ескере отырып, жыл маусымдары
бойынша сүт өндіру жоспарын оңтайландыруға бағытталған әдістемелерде сүт
өндіруді жоспарлаумен байланысты басқару шешімдерін қабылдауда маңызды
орынға ие екі негізгі фактор: сүт өнімдері нарығына тән баға анықсыздығы
мен кәсіпкердің шаруашылық (кәсіпкерлік) қызметте ауыл шаруашылығы
өнімдері мен ауыл шаруашылығы ресурстарының бағасының анықсыздығына
байланысты туындайтын тәуекелге қатынасы ескерілмеген. Мал шаруашылығы
саласының аталып өткен ерекшеліктері өнімді өткізу саясатын оңтайландыру
есебін шешуде тәуекелді есепке алудың сәйкес әдістемелерін қолдануды
көздейді.
Соңғы жылдары жүргізілген экономикалық реформалардың нәтижесінде ауыл
шаруашылығы өндірісінің көлемі өсу тенденциясына ие болып, мал шаруашылығы
саласында соңғы жылдары жылдары мал басы мен құс санының өсімі 3-5%, мал
шаруашылығы өнімдерін жеке түрлерін өндіру көлемінің өсімі 3-7% құрады.
Дегенмен, саланың өндірістік, қаржылық көрсеткіштері жақсарғанымен,
ауыл шаруашылығы өзінің құлдырау алдындағы 1990-жылғы деңгейіне жете алған
жоқ, 2007 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1990 жылдың 79,5% деңгейінде
болса, бұл көрсеткіш өсімдік шаруашылығында 105,2%, ал мал шаруашылығында
60,3% болды. Өндіріс көлемінің артуы мен ауыл шаруашылығының дамуының
тұрақтануына қарамастан ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)
құрылымындағы үлесі 1990 жылғы 34%-дан 2007 жылы 6%-ға дейін кеміп отыр,
оның себебі басқа салалардағы экономикалық өсімнің аграрлық саладағы
өсімнен жоғары болуына орай орын алған экономикадағы құрылымдық
өзгерістер.
Мал шаруашылығында сүт өндірісінің маңызы үлкен, біріншіден, 2007 жылғы
ауыл шаруашылығы өндірісіндегі сүт өндірісінің үлесі 14,2%, ал мал
шаруашылығы өніміндегі үлесі 32,4% болса, екіншіден, сүт адамзаттың
тұтынуындағы міндетті және айырбасталмайтын тағам. Соңғы жылдары
республикамызда сүт өндірісі тұрақтанып, сүт және сүт өнімдері нарығының
дамуы байқалуда. Оның жыл сайынғы орташа өсімі 4,9% құрап отыр. Сүт
өндірісі жыл сайын өсіп отырғанымен, ол ішкі сұранысты толық қамтамасыз ете
алмайды. Ішкі нарықтағы жетіспеушілік импорт есебінен қанағаттандырылып
отыр. Елімізге әкелінетін сүт өнімдерінің импортының көп бөлігін сыр,
қойытылған сүт, құрғақ сүт, сары май алады. Ал экспорт көлемі жыл сайын
кеміп келеді. Оның көлемі 2007 жылы 2005 жылмен салыстырғанда төрт еседей
кеміген. Оның негізгі себептері ретінде ішкі нарықта құрғақ сүтті тұтыну
көлемінің өсуі мен отандық өнімдердің бағалық бәсеке қабілетсіздігін атап
өтуге болады. Сонымен бірге, сүт өнімдерінің ішкі нарығын зерттей келе, сүт
өндірісіне қатысты екі мәселені атап өту керек: шикі сүттің сапасы және сүт
өндірісінің маусымдылығы. Бұл сүт өндірісінің аз көлемде ұсақ
шаруашылықтарда шоғырлануына, сүтті өңдеу технологиясының дамымауына
байланысты.
Ақмола облысы ауыл шаруашылығы саласы дамыған, еліміздің негізгі
аграрлық аймағы болып саналады. Егер республика бойынша жалпы өнімдегі ауыл
шаруашылығының үлесі 6% шамасында болса, бұл көрсеткіштің Ақмола
облысындағы шамасы 30%-ға жуық. 2007 жылы облыс Қазақстандағы жалпы
қосылған құнның тек 3%-ға жуығын ғана берсе, ауыл шаруашылығында қосылған
құнның 11%-н берді. Демек, облыстың ауыл шаруашылығы өндірісі
республикамыздың ауыл шаруашылығы көрсеткіштеріне елеулі ықпал етеді. Бұл
ауыл шаруашылығы өндірісінің тек Ақмола облысы үшін ғана емес, республика
деңгейіндегі маңыздылығын көрсетеді.
Ақмола облысындағы 2003-2007 жылдардағы сүт өндірісінің динамикасы 1-
кестеде келтірілген.
Облыстағы мал шаруашылығы өндірісінің өсуіне мал басы мен мал
өнімділігінің өсуі ықпал етіп отыр. 2003 жылмен салыстырғанда 2007 жылы сүт
өндірісінің көлемі 9,9%-ға немесе 40,6 мың тоннаға өскен, осы кезеңде
сиырлардың сүт өнімділігі 9,4%-ға өскен. Облыста 2007 жылы жалпы өндірілген
сүт көлемінде жұртшылық шаруашылықтарының үлесі 95,5%, ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары 3,9%, шаруа қожалықтарының үлесі 0,6%-ды құрап отыр. Мұндай
құрылым соңғы 5 жылда сақталып отыр деп айтуға болады. Демек, сүт өндірісі
қажетті құрал-жабдықпен жабдықталмаған, сүтті алғашқы өңдеудің ғылыми
негізделген технологиялары қолданылмайтын шаруашылықтарда шоғырланған деп
айтуға болады.
Кесте 1 – Ақмола облысындағы сүт өндірісінің 2003-2007 жылдардағы
динамикасы
Көрсеткіштер 2003 ж.2004 ж.2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. 2007 жыл
2003
жылға
пайызбен
Барлық өндірілген
сүт, мың т. 411,6 434,5 445,1 449,4 452,2 109,9
оның ішінде:
ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары, мың т.28,2 25,8 23,3 19,8 17,8 63,1
- жалпыға үлесі, % 6,9 5,9 5,3 4,5 3,9 -3,0 п.
шаруа қожалықтары, 1,8 2,0 2,2 2,5 2,8 155,5
мың т. 0,4 0,5 0,5 0,5 0,6 +0,2 п.
- жалпыға үлесі, %
жұртшылық
шаруашылықтары, мың 381,6 406,7 419,6 427,1 431,6 113,1
т. 92,7 93,6 94,2 95,0 95,5 +2,8 п.
- жалпыға үлесі, %
1 сиырдан сауылған
сүт, кг 2434 2498 2520 2618 2662 109,4
Ескерту – Ақмола облысының Статистика департаментінің
мәліметтері негізінде автормен құрастырылған
Сүт ұсынысының өсуі көлемі шағын, жоғары сапалы сүт өндіруге әлеуеті
жоқ, сүт өнеркәсібінде серіктестер ретінде қызығушылық танытпайтын
жұртшылық шаруашылықтары есебінен болып отыр. Жұртшылық шаруашылықтарында
сүт өндіру көлемі бірқалыпты емес және сапасы төмен. Ол ең алдымен сапасы
жоғары сүт өндіруге алғышарттардың болмауымен байланысты, атап өтсек:
толыққанды азықтандырудың жолға қойылмауы, ветеринарлық-санитарлық
талаптардың орындалмауы, сүтті алғашқы өңдейтін және сақтайтын арнайы
орындардың болмауы және т.б. Сонымен бірге, ұсақ шаруашылықтарда мал
өнімділігі де төмен. Мысалы, республика бойынша 2007 жылы барлық
шаруашылықтар бойынша орташа мал өнімділігі 2205 кг болса, осы көрсеткіштің
деңгейі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 2810 кг, шаруа қожалықтарында
1842 кг, үй шаруашылықтарында 2216 кг болды.
Қалыптасқан шаруашылық жүргізу жағдайлары мен өндірісті ұйымдастыру
формалары шаруашылық етудің соңғы нәтижесі – рентабельділік деңгейіне әсер
етіп отыр. Мал шаруашылығының негізгі өнімдерінің рентабельділік деңгейі 2-
кестеде келтірілген.
2007 жылы республика бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің орташа
рентабельділігі 56,2% болса, оның деңгейі мал шаруашылығында 15,5%. Ақмола
облысы бойынша сәйкесінше 83,6% және 4,8% болды. Өсімдік шаруашылығында
соңғы 5 жылда рентабельділік деңгейі 7-68% аралығында ауытқыса, мал
шаруашылығында соңғы жылдары ғана табыстылық байқалады. Мұндай жағдай 2007
жылы астық бағасының екі еседей жоғарылауына байланысты өсімдік
шаруашылығының рентабельділігінің өсуімен байланысты. Мал шаруашылығы
өнімдерінің кейбір түрлерін өндіру әлі күнге зиянды болып отыр.
Кесте 2 – Мал шаруашылығы өнімдерінің 2004-2007 жылдардағы рентабельділік
(зияндылық) деңгейі, %
Өнім түрлері ҚР бойынша Ақмола облысы
Аграрлық сектордағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктері ауыл
шаруашылығының саласы ретінде мал шаруашылығындағы бағалық қатынастардың
уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің
толық циклы ұзақ уақытқа созылады, төл алып, одан дайын өнім алғанша
кемінде 3-4 жыл кетеді. Сол себепті өнім өндірушілер нарықтағы бағалық
өзгерістерге қарай тез икемделіп, өндіріс көлемін реттей алмайды, нарыққа
жаңа өндірушілер де жылдам ене алмайды. Қыс айларында сүт бағасы
қаншалықты жоғарыласа да, сүт ұсынысы оған пропорционалды жоғарыламайды. Ал
жаз маусымында баға қаншалықты төмендеп кетсе де, өндіруші сүтті сол
бағамен сатуға дайын, себебі оны сақтауға мүмкіншілік жоқ не оны сақтау
өте қымбатқа түсуі мүмкін, ұсыныстың маусымдық жетіспеушілігі сақтық қоры
есебінен толық қанағаттандырыла алмайды. Сүт өндірісінің маусымдық
жетіспеушілігі ұсыныстың өсуіне емес, бағаның инфляциялық жолмен өсуіне
алып келеді. Оны 1-суреттен айқын көруге болады.
Ескерту – Қазагромаркетинг АҚ мәліметтері негізінде автормен
құрастырылған
Сурет 1 – ҚР бойынша 1 л шикі сүттің 2004-2008 жылдардағы нақты және
теңестірілген бөлшек сауда бағасы, тг
1-суреттен сүт бағасының көктем-жаз айларында төмендеп, қыс маусымында
жоғарылайтындығы айқын көрініп тұр. Бағаның минималды деңгейі шілде-тамыз
айларында орнап, желтоқсанда максималды баға орнайды. Республика деңгейінде
сүттің бағасының маусымдылығының 5 жылға есептелген орташа
коэффициенттері қыс маусымында 1,195; көктем маусымында 1,005; жаз
маусымында 0,823 және күз маусымында 0,985 болды, орта есеппен алғанда
құбылу 37,2%. Осылайша, сүт нарығындағы бағаға қатысты туындайтын
негізгі мәселелердің бірі – сүттің маусымдық бағаларының жоғары деңгейде
құбылуы.
Республикамызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын реттеу
тетіктерінің болмауына, сүт және сүт өнімдерінің ассортиментінің көптігі
мен өндірістің түрлі технологияларын қолдануға байланысты бір облыстың
шегінде бағаның түрлі болуы орын алады: 1 л сүттің бағасы 60 теңге болуы
немесе 250 теңгеден (ультрапастерленген) артып кетуі де мүмкін. Ал аймақтар
бойынша баға айырмашылығы өте күшті. Мысалы, 2008 жылдың наурыз айында 1 л
шикі сүттің нарықтық бағасы Ақтауда 165 тг, Павлодарда 76 тг болды; 1 л
қаймақ бағасы Алматыда 700 тг, Петропавлда 376 тг болды, яғни айырмашылық
екі еседей.
ҚР бойынша 1 л сүт бағасының соңғы 5 жылдағы деңгейі туралы
мәліметтерді өңдеу негізінде сүт бағасының маусымдық құбылуын сипаттайтын
келесідей нәтижелер алынды: ауытқу амплитудасы (R) 41,5 тг; орташа
квадраттық ауытқу () 9,5 тг; құбылу коэффициенті (V) 16,8%, демек
жеке айлардағы бағаның тренд бойынша есептелген теңестірілген баға
айналасында құбылуы орта есеппен алғанда 9,5 теңгені немесе 16,8%-ды
құрайды.
Баға деңгейінің құбылуына маусымдық ауытқулар ғана емес, экономикадағы
инфляциялық үрдістер де әсер етуі мүмкін. Жүргізілген есептеулер бойынша ҚР
бойынша 1 л сүттің орташа бөлшек сауда бағасының динамикасы келесідей
сызықтық теңдеумен сипатталады: =36,137+0,672, демек 2004-2008
жылдар аралығында сүт бағасы орта есеппен ай сайын 0,672 теңгеге жоғарылап
отырған. Сонымен қатар, 2008 жылы баға деңгейінің алдыңғы жылдармен
салыстырғанда жоғары қарқынмен өсуі байқалады. Сол себепті 2008 жылғы
нақты деңгей мен сызықтық теңдеу арқылы теңестірілген деңгей арасындағы
айырмашылық басқа жылдарға қарағанда айқын.
Құбылыстардың өзгерісіне құбылыстың даму тенденциясы да әсер етуіне
байланысты, динамика қатарын маусымдылықты ескере отырып талдауда динамика
қатарын үш құрамдас бөлікке: трендке, маусымдық құбылулар есебінен болған
ауытқу мен кездейсоқ ауытқуға бөле отырып талдау қажет. Қазақстан
Республикасы бойынша 2004-2008 жылдардағы 1 л сүт бағасының нақты
деңгейінің орташадан ауытқуында тренд үлесі 60,8%, маусымдық құбылулардың
үлесі 31,6% болса, жалпы ауытқуға кездейсоқ факторлардың әсері үлкен емес.
Демек, сүт өндірісінің маусымдылығы сүт нарығындағы бағаның динамикалық
ерекшеліктерін анықтайтын негізгі фактордың бірі болып санала алады.
Астана қаласында аймақтағы (Астана қ. мен Ақмола облысы) барлық
халықтың 43 пайызы, ал қала халқының 63 пайызы шоғырланған. Аймақта
өндірілетін сүттің негізгі тұтынушылары Астана қаласында шоғырланған деп
айтуға болады, сол себепті облыстың сүт өндірісінде айқын байқалатын
маусымдылық Астана қ. сүт бағасының динамикасына да ықпал етеді.
Сүт өндіру көлемі мен сүт бағасының жыл ішіндегі айлар бойынша
динамикасына доға тәріздес тербеліс тән, осындай жағдайда трендті екінші
ретті парабола теңдеуімен сипаттауға болады. Есептеу нәтижесі бойынша жыл
айлары бойынша сүт өндіру көлемі мен сүт бағасының динамикасын сипаттайтын
келесідей теңдеулер алынды:
У't = 9393 + 13056t - 1044,4t2;
У"t = 111,81 - 9,867t + 0,763t2,
мұндағы: У't – сүт өндірісінің теңестірілген деңгейі, т; У"t – 1 л шикі
сүт бағасының теңестірілген деңгейі, тг; t- деңгей реті.
Ақмола облысындағы сүт өндіру көлемі мен сүт бағасының тербелісін,
өндіріс маусымдылығының Астана қаласындағы 1 литр шикі сүттің бөлшек
сауда бағасына әсерін 2-суреттен айқын көруге болады.
Ескерту – Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы мен
Қазагромаркетинг АҚ мәліметтері негізінде автормен құрастырылған
Сурет 2 – Ақмола облысындағы 2007 жылғы сүт өндірісі мен Астана қ. баға
динамикасының теңестірілген деңгейлері
2-сурет негізінде Ақмола облысындағы сүт өндіру көлемі мен Астана қ.
сүт бағасы арасындағы байланысты сызықтық деп бағалап, мәліметтерді өңдеу
нәтижесінде сүт өндірісі мен сүт бағасы арасындағы байланысты бейнелейтін
=113,90-0,63x регрессия теңдеуі алынды, демек Ақмола облысында сүт
өндірісінің 1 мың тоннаға өсуі Астана қ. 1 л сүттің бөлшек сауда
бағасының 0,63 теңгеге төмендеуіне алып келеді.
Екі құбылыс арасындағы байланыс тығыздығына баға беру үшін есептелген
корреляция коэффициентінің мәні (-0,859), яғни Ақмола облысындағы сүт
өндірісі мен Астана қ. сүт бағасы арасында күшті, кері байланыс бар деген
қорытынды жасауға болады. Есептелген детерминация коэффициентінің мәні
0,74. Бұл коэффициент Астана қ. сүттің бөлшек сауда бағасының құбылуы
облыстағы сүт ұсынысынан 74%-ға тәуелді екендігін көрсетеді.
Экономикалық өмірде нәтиженің себебі бұрынырақ пайда болып, салдары
белгілі бір уақыттан кейін анықталатын оқиғалар жиі кездеседі. Яғни,
олардың арасында үзіліс, вакуумдық мерзім туындайды. Осындай ерекшеліктерді
анықтау үшін фактордың деңгейлері (сүт өндіру көлемі) тұрақты қалып,
нәтиженің деңгейі (сүт бағасы) белгілі бір лагқа жылжытылып, олардың
арасындағы жылжымалы корреляция коэффициенттері есептелді. Біздің
жағдайымызда алғашқы корреляция коэффициенті (айлар сәйкес келгенде) -
0,859 болса, қадам бір ай болғанда оның мәні -0,801, қадам екі ай болғанда
-0,339 болды. Демек, сүтті өндіру көлемінің өзгерісі бағаның бірден
өзгеруіне алып келеді деген қорытынды жасауға болады.
Сонымен бірге, динамика қатарының нақты сәттегі деңгейі алдыңғы
деңгейлерден тәуелді болуы мүмкін. Автокорреляциялық функция нәтижелерін
талдау Ақмола облысындағы сүт өндіру көлемінің өзгерісі мен Астана қ. сүт
бағасының динамикасында циклдылық айқын байқалады деген қорытынды жасауға
мүмкіндік береді. Ақмола облысындағы сүт өндіру көлемінің деңгейі 6 ай
сайын қайталанып отыратын құбылумен сипатталады, ал Астана қ. сүт бағасында
4-5 айда қайталанып отыратын құбылу бар. Осы жағдай сүт өндірісіне
маманданған ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өнім өндіру мен оны
сатудың оңтайлы саясатын дайындау мен жүзеге асыруда өнім өндірісінің
биологиялық және ұйымдастыру-экономикалық ерекшеліктерін түсіну мен есепке
алу қажеттілігін негіздейді.
Мал шаруашылығы өндірісін бір жылға дейінгі кезеңде жоспарлау есебін
шешуде мал басына кететін ресурс шығындарын және пайдаланылатын өндірістік
ресурстар шамасын детерминирленген деп алуға болады. Себебі мал басына
жұмсалатын азық көлемі мен оның құны, еңбек шығыны мен еңбек ақы деңгейі
алдын-ала белгілі болады. Мал өнімділігі мен сала өнімінің нарықтық
бағасын анықсыз деп алу керек. Осындай тәуекелді жағдайларда оңтайлы шешім
қабылдау есептерін дайындаудағы ең басты мәселенің бірі – шешім қабылдаушы
тұлғаның тәуекелге қатынасын бағалау болып саналады. Өйткені шаруашылық
үрдістерінің сипаты мен динамикасы көп жағдайда шешім қабылдайтын тұлғаның
экономикалық ынтасынан, экономикалық қызығушылығы мен жеке қасиеттерінен
тәуелді. Жеке тұлғаның қабылданатын шешімге берген бағасы орын алуы мүмкін
жағдайлардың субъективті ықтималдылығымен, ал қалауы пайдалылық
функцияларымен бейнеленеді. Пайдалылық функциялары математикалық
түрлендірулер жолымен кепілдендірілген эквиваленттерге айналады, ал олар өз
кезегінде оңтайлы шешімдер қабылдаудың критерийлері ретінде пайдаланылады.
Сонымен бірге, пайдалылық функциялары оңтайландыру есептерінің үлгілерінде
мақсат функциялары ретінде қолданыла алады.
Пайдалылық функциясының түрі жеке тұлғаның тәуекелге қатынасын
сипаттайды. Жуық уақытқа дейін оңтайлы шешімдер қабылдау үлгілерінде
кәсіпкерлердің тәуекелге қатынасы бейтарап деп қарастырылып келді. Бірақ
мұндай көзқарас нарықтық қатынастар жағдайында жарамсыз, әсіресе, ауыл
шаруашылығында.
Сонымен, тәуекел жағдайында шешім қабылдау барысында кәсіпорынның
максималды табыс алуға деген ынтасы ғана емес, сонымен қатар оған қол
жеткізудің кепілдендірілген деңгейі де ескерілуі тиіс. Сол себепті
жоспарлы шешімдердің тиімділігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz