Жетім балалар мәселесінің өткір тұстары және оның шешілу жолдары



Әрбір мемелкеттің, ұлттың алға қойған мақсаты – қоғамын дамыту, өркендету және халқының жағдайын жақсарту, болашағын кепілдендіру болса, сол болашақ өсіп келе жатқан балалардың және жасөспірімдердің қолында екендігі бәрімізге белгілі. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайы және басқа да себептер адамдар қарым-қатынасы мен отбасылық жағдайларға кері әсерлерін тигізіп отыр. Қазіргі кезде әр мемлекеттің балаларының өмір сүру жағдайына қарап қоғамының қаншалықты даму үстінде немесе құлдырауда екенін айта аламыз. Балалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатынан көрініс табады.
ХХ-ХХІ ғасыр біздің мемлектіміз үшін көптеген сынақтар алып келіп отырған ғасыр. Сол өзекті сынақ, мәселенің бірі – балалар тағдыры, соның ішінде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мәселесі.
Әр түрлі себептерге байланысты ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету, мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең қажетті бағыты болып табылады.
Жетімдік әлеуметтік құбылыс ретінде, адам мен қоғамның бастапқы дамуынан келе жатқан құбылыс. Өкінішке орай, ол өркениеттің айырылмас элементіне де айналып отыр.
Жетімдіктің екі негізгі түрі бар: тұл жетімдік (ата-анасының қайтыс болуынан) және әлеуметтік жетімдік (ата-анасының баласын асыраудан бас тартуы немесе асырауға мүмкіншілігінің болмауынан баланың ата-ана қамқорлығынан айырылуы). Ұзақ ғасырлар бойы тек тұл жетімдік ғана қоғамнан орын алып отырды. Бірақ та, ХХ ғасырдың ортасынан бастап алдыңғы қатардағы мемлекеттің өзінде де ата-аналары тірі жетім балардың саны күрт өсіп, кең көлемде тарап, қауіп-қатерге әкелді.
Көрші мемлекетіміз Ресейдің өзінде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың 95 пайызын әлеуметтік жетімдер құрайды екен.
Жетімдіктің пайда болуының негізгі факторлары: ашаршылық, апат, келеңсіз уақиғалар, аурулар және ата-анасының мезгілден бұрын қайтыс болуы тағы басқалар. Отбасының адамгершілік құрлымын бұзуға негізделген үдемелі үрдістер, рухани азғындық, өмірлік адами құндылықтардың жоғалуы мәселені өршіктіре түседі. Бақытсыз балардың көбеюі ата-аналардың адамгершілікке жат қылықтармен өмір сүруі, аналардың өз баласын асыраудан бас тартуы, жалғыз басты және кәмілеттік жасқа толмаған аналардың санының артуы, ата-аналардың ажырасу факторының көбеюі әлеуметтік жетімдердің санының күн санап өсуіне алып келіп отыр.
Қазақстан Республикасының статистикалық орталықтарының соңғы нақты деректерінде некеге тұрмаган әйелдерден туылған балалар саны және ажырасқан отбасылар саны, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректерді көруге болады. Сол деректерге тоқтала кетсек, некеде тұрмаған әйелдерден туылған балалардың бес жылдың қорытындысын салыстырған [1]:
1. «Қазақстан 2008» статистикалық жинақ.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 15 шілдедегі шығыс № 2166-7415/02-4-1 хаттамасынан.
3. Интернет желісі: www.google.kz

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жетім балалар мәселесінің өткір тұстары және оның шешілу жолдары.

Исахова Г.Д.

Тулькина С.М.
(Астана, ҚазЭҚжХСУ)
Әрбір мемелкеттің, ұлттың алға қойған мақсаты – қоғамын дамыту,
өркендету және халқының жағдайын жақсарту, болашағын кепілдендіру болса,
сол болашақ өсіп келе жатқан балалардың және жасөспірімдердің қолында
екендігі бәрімізге белгілі. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайы және
басқа да себептер адамдар қарым-қатынасы мен отбасылық жағдайларға кері
әсерлерін тигізіп отыр. Қазіргі кезде әр мемлекеттің балаларының өмір сүру
жағдайына қарап қоғамының қаншалықты даму үстінде немесе құлдырауда екенін
айта аламыз. Балалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мемлекеттің ішкі
және сыртқы саясатынан көрініс табады.
ХХ-ХХІ ғасыр біздің мемлектіміз үшін көптеген сынақтар алып келіп
отырған ғасыр. Сол өзекті сынақ, мәселенің бірі – балалар тағдыры, соның
ішінде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мәселесі.
Әр түрлі себептерге байланысты ата-ананың қамқорлығынсыз қалған
балаларға көмек көрсету, мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең қажетті
бағыты болып табылады.
Жетімдік әлеуметтік құбылыс ретінде, адам мен қоғамның бастапқы
дамуынан келе жатқан құбылыс. Өкінішке орай, ол өркениеттің айырылмас
элементіне де айналып отыр.
Жетімдіктің екі негізгі түрі бар: тұл жетімдік (ата-анасының қайтыс
болуынан) және әлеуметтік жетімдік (ата-анасының баласын асыраудан бас
тартуы немесе асырауға мүмкіншілігінің болмауынан баланың ата-ана
қамқорлығынан айырылуы). Ұзақ ғасырлар бойы тек тұл жетімдік ғана қоғамнан
орын алып отырды. Бірақ та, ХХ ғасырдың ортасынан бастап алдыңғы қатардағы
мемлекеттің өзінде де ата-аналары тірі жетім балардың саны күрт өсіп, кең
көлемде тарап, қауіп-қатерге әкелді.
Көрші мемлекетіміз Ресейдің өзінде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған
балалардың 95 пайызын әлеуметтік жетімдер құрайды екен.
Жетімдіктің пайда болуының негізгі факторлары: ашаршылық, апат,
келеңсіз уақиғалар, аурулар және ата-анасының мезгілден бұрын қайтыс болуы
тағы басқалар. Отбасының адамгершілік құрлымын бұзуға негізделген үдемелі
үрдістер, рухани азғындық, өмірлік адами құндылықтардың жоғалуы мәселені
өршіктіре түседі. Бақытсыз балардың көбеюі ата-аналардың адамгершілікке жат
қылықтармен өмір сүруі, аналардың өз баласын асыраудан бас тартуы, жалғыз
басты және кәмілеттік жасқа толмаған аналардың санының артуы, ата-аналардың
ажырасу факторының көбеюі әлеуметтік жетімдердің санының күн санап өсуіне
алып келіп отыр.
Қазақстан Республикасының статистикалық орталықтарының соңғы нақты
деректерінде некеге тұрмаган әйелдерден туылған балалар саны және ажырасқан
отбасылар саны, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректерді
көруге болады. Сол деректерге тоқтала кетсек, некеде тұрмаған әйелдерден
туылған балалардың бес жылдың қорытындысын салыстырған [1]:

Жылдар 2004 ж 2005 ж 2006 ж 2007 ж 2008 ж
Балалардың саны, 68,0 68,1 68,4 67,8 75,4
мың балаға
шаққанда

Бұл статистикалық мәліметте, некеден тыс туылған балалардың соңғы
жылдары қаншалықты деңгейге көтерілгенін және әлеуметтік жетімдердің
қатарының көбейіп отырғандығын көреміз. Және де сол әлеуметтік жетімдер
қатарына қосылатын топ, ол ажырасқан отбасылары болып саналады.
Ал ажырасқан отбасылардың санына тоқталсақ:

Жылдар 2004 ж 2005 ж 2006 ж 2007 ж
Ажырасқан 31,5 32,4 35,8 36,1
отбасылардың
санына

Бұл әлеуметтік, отбасылық мәселелердің барлығы балалардың
асыраушыларынан айырылуына, ата-ананың қамқорлығынсыз қалуға үлкен септігін
тигізіп отыр.
Соңғы уақытта асыраушысынан айырылған еңбек етуге қабілетсіз
балалардың статистикалық мәліметіне тоқталсақ:

Жылдар 2005 ж 2006 ж 2007 ж 2008 ж 2009 ж
Балалардың саны, 373,6 355,3 342,6 324,0 315,5
мың балаға
шаққанда

Жоғарыда көрсетілген статистикалық деректер бойынша, біз еліміздегі
жетімдер мәселесінің қаншалықты өткір мәселе екендігін көре аламыз.
Тағы да қосымша айта кететін жайт, Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігінің деректері бойынша [2] (2005 жылғы 15 шілдедегі
шығыс № 2166-741502-4-1) Республикада 79000 бала 660 интернат ұйымдарында
тәрбиеленуде, олардың ішінде: жалпы және санаторий түріндегі мектеп-
интернаттарда – 37 541 бала, мектеп жанындағы интернаттар – 15 096 бала,
балалар үйлері мен жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған түзету мекемелерінде -12 599 бала, ерекше тәрбиелеу
жағдайларына мұқтаж балалар мен жас өспірімдерге, мінез – құлқы девиантты
балаларға арналған мектеп интернаттарда – 884 бала, отбасы үлгісіндегі
балалар ауылдарында – 281 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде – 247
бала тәрбиеленген екен. Ал ол жылдан кейін қаншалықты ата-ананың
қамқорлығынсыз қалған балалардың санының өсіп отырғанын айтып өттік. Бірақ
та, жыл сайын мемлекет пен халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың
бірігуімен көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.
Жетім қалған балалардың негізгі бөлігі білім беру және әлеуметтік
қорғау органдарының интернат мекемелерінде тәрбиеленуде. Мұндай мекемелерде
бала бірінші кезекте, ата-анасының қамқорлығына зәру, бұл оның табиғи
дамуына кері әсер етіп, нәтижесінде ауыр психологиялық салдарға әкелуі
мүмкін. Интернат мекемелері қызметкерлерінің, уақыттың шектеулілігіне және
балар санының көптігіне байланысты әр балаға тиісті көңіл аудара, тәрбие
бере алмайды. Сонымен бірге, мекеме жағдайларында баланың әлеуметтік дамуы
біртекті қарым-қатынас ортасымен шектеулі және нақты шектелген
тәрбиеленуші, оқушы сияқты өзіндік ролдік орындары бар. Барлық балар
үйлерінің тұру жағдайларының ұқсас болуының өзі балаға кері әсерлерді
тигізеді (тұрмыстық заттардың ортақ болуы).
ХХІ ғасыр Қазақстан Республикасының өзекті мәселелерін шешуге бағыт –
бағдар алған уақыт десекте болады. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жетім
балалардың жағдайына жұмыстар жүргізуде.
Бүгінгі күні, елімізде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларды азаматтардың отбасыларына берудің әртүрлі нысандары бар.
Осындай нысандардың ішінен тұру жағдайлары отбасылыққа неғұрлым жақын
халықаралық және ұлттық бала асырап алуды, қамқоршылық пен қорғаншылықты,
патронаттық отбасыларын, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін, балалар
ауылдарын айтамыз. Патронаттық тәрбиелеу – бұл балаға қатысты қамқоршылық
(қорғаншылық) міндеттердің бір бөлігін қамқоршылық және қорғаншылық
органдарда сақтай отырып, мемлекеттік қорғауға зәру баланы, патронат
тәрбиешінің отбасына тәрбиелеуге беру нысаны. Қазіргі уақытта бұл жетім
балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына
орналастырудың ең тиімді жүйесі ретінде дамып отыр. 2004 жылы мемлекеттік
деңгейде қаржы бөлініп базасы ашылған. Соынмен бірге, бұл жүйеде басқа
нысандарға қарағанда, баланың өзінің биологиялық ата-аналармен
байланыстарын сақтау және қалыпта ұстау бағдарламасымен жүйеленген.
Жетім балаларды тәрбиелеудегі бүкіл дүние жүзі тәжірбиесі бойынша кең
өріс алып отырған, балалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалық шақ, жетімік және әлеуметтік жетімдік мәселелері
Исламдағы әйел мәселесі және қазіргі қоғам
Исламдағы әйел мәселесі
Проблемалы отбасыларда бала тәрбиесіне байланысты әлеуметтік жұмыс
Кедейлік - әлемдік қауіпсіздіктің қатері
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР: ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Мұхтар Əуезовтың шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы
Әлеуметтік жұмыстың теориялары
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ –ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер