Тұлғаны дамыту және тәрбиелеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. ТАРАУ. ТƏРБИЕ АЯСЫ ЖЕКЕ АДАМ ЖƏНЕ ОНЫҢ ДАМУЫНЫҢ IШКI, СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРЫ
1.1 Педагогикадағы жеке адамның дамуы мен тəрбие iсiнiң проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Тəрбие міндеттері мен қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Тəрбие процесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.4 Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен даму процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.5 Тәрбие үдерісінің мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.6 Іс.əрекет жəне тұлға дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Тәрбие – бұл қоғамдық өмірдің құбылысы. Ол адамның және адамзат қоғамының дүниеге келгенінен бастап пайда болды. Бала тәрбиесі адамзат қоғамының дамуымен байланысты жалпы мәңгілік ұғым болып табылады. Қоғам бар жерде тәрбие де болады. Тәрбие қоғам қажеттілігіне байланысты. Ол ұрпақтар арасында сабақтастық байланысты қамтамасыз етеді. Аға ұрпақ әруақытта өз білімі мен тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беріп отырады.
Тапсыз қоғамда ру, отбасы болмағанда адамдардың негізгі айналысатын кәсіптерінің түрі балық аулау, аңшылық болды, балалар ерлермен бірге аңшылық және балық аулаумен ерте айналысты, ал қыз балалар аналарына үй жұмыстарына, тамақ дайындауға көмектесті. Адамдардың еңбек қажеттіліктерінің негізінде тәрбие еңбек үдерісімен байланысты өрбіді.
Адамзат қоғамы дамуының алғашқы сатысында тәрбиенің мақсаты еңбекке араласқан балаларға үлкендер қарапайым еңбек құралдарын қалай дайындау және пайдалану керектігін үйретеді және түсіндіреді. Еңбек түрлерінің қиындау деңгейіне қарай адамдар мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан кезде ру пайда болды, тәрбиенің рөлі арта түсті және оның түрлері өзгерді. Еңбек үдерісінің өзінде оқта – текте айтылатын нұсқаулардан балаларды бірте – бірте еңбекке даярлауға, оларды еңбектен бос уақыттарында әртүрлі дағдылар мен ептіліктерге оқытуға көшу іске асырылды. Сонымен қатар балаларды рудың дәстүрлерімен, діни түсініктерінің ережелерімен таныстырды.
Алғашқы қауымдық құрылыста отбасы болмаған кезде, балалар руға ортақ болды. Балаларды тәрбиелеу мәселесімен ру мүшелерінің ерекше тәжірибелі, құрметті адамдары, ақсақалдар айналысты. Кейіннен моногамдық отбасы пайда болғанда, балаларды тәрбиелеу мәселесімен өзі айналысты. Бірақ оның тәрбиесінің нәтижелерін ру, тайпаның ақсақалдары бақылап отырды. Бұл кезде тәрбие тапсыз сипатта болғандығы өзінен - өзі түсінікті. Барлық бала бірдей дәрежеде кеңінен қамтылды.
Қоғамның дамуының алғашқы сатысында, алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың өмір жағдайлары өте ауыр болды, сондықтан да олар өмір сүру үшін бәрі бірге, тек ұжымдық қатынас түрінде еңбек ету қажет болды. Әлеуметтік теңсіздік, тап деген болмады, адамдар ортақ үйлерде тұрды және бала тәрбиелеу ісі де барлық руларға ортақ болды. Тапсыз қоғамда барлық бала бірдей өздеріне лайықты іс - әрекетке ерте қалыптасты. Жас кезінен бастап олар қоректік азықты өндіруге қатысты – жеуге болатын өсімдіктерді, жемістерді жинады. Жас шамасына қарай олардың үлкендермен бірлескен еңбекке қатысу дәрежесі өсіп отырды. Үлкендермен бірге және олардың басшылығымен балалар мен жеткіншектер өмірге қажетті еңбек ептіліктері мен дағдыларын меңгерді. Қыз балалар мен ер балалардың тәрбиесінде кейбір ерекшеліктер болды. Жоғарыда айтылғандай, балалар ерлермен бірге аңшылықпен және балық аулаумен басқа да кәсіппен айналысты, оларды күресе білуге, садақ ата білуге, атқа мінуге үйретті; қыз балалар үй шаруасына, әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге, ыдыс – аяқ жасауға қатыстырылды. Барлық баланы жануарларды күтуге, егіншілікпен айналысуға үйретті, қолөнердің дамуымен оларды қолөнерге баулыды.
1. Әбенбаев С. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», Алматы – Дарын, 2004ж.
2. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика», Алматы – 2005ж.
3. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987ж.
4. Әмірәлиева Ш. Аға ұрпақ тәжірибесі жастарға. – Алматы, 1982ж.
5. Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері (5-лекция). – Алматы, 1991ж.
6. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – Алматы, 1991ж.
7. Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу. – Алматы, 1991ж.
8. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987ж. 2-тарау.
9. Кочетов А.Г. Оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеуі. – М.: Просвещение, 1967ж.
10. Үрзімұлы Ф. Балаға тәрбие керек. \ «Қазақстан мұғалімі», 24 желтоқсан, 1993ж.
11. Серімов С. Тәрбие бастауы. \ «Қазақстан мұғалімі», ақпан, 1996ж.
12. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991ж.
13. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987ж. 3-4 тарау.
14. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж.
15. Сухомлинский В.А. Мектептің жас директорымен сырласу. – Алматы, 1987ж.
16. Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. \Құрастырған Ж.Н.Нұржанова. – Алматы, 1991ж. – 29 бет.
17. Қабатай Б. Дидактикалық материалдар. Алматы, 1999ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ

Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Тұлғаны дамыту және тәрбиелеу

Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Л.Қ.Рысбекова

Орындаған: АКБ-211 Мурат Нұрғиса

Түркістан 2013

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. ТАРАУ. ТƏРБИЕ АЯСЫ ЖЕКЕ АДАМ ЖƏНЕ ОНЫҢ ДАМУЫНЫҢ IШКI, СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРЫ
1. Педагогикадағы жеке адамның дамуы мен тəрбие iсiнiң
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Тəрбие міндеттері мен
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
0
3. Тəрбие процесінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 12
4. Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен даму
процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
5. Тәрбие үдерісінің
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...15
6. Іс-əрекет жəне тұлға дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

КІРІСПЕ

Тәрбие – бұл қоғамдық өмірдің құбылысы. Ол адамның және адамзат
қоғамының дүниеге келгенінен бастап пайда болды. Бала тәрбиесі адамзат
қоғамының дамуымен байланысты жалпы мәңгілік ұғым болып табылады. Қоғам бар
жерде тәрбие де болады. Тәрбие қоғам қажеттілігіне байланысты. Ол ұрпақтар
арасында сабақтастық байланысты қамтамасыз етеді. Аға ұрпақ әруақытта өз
білімі мен тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беріп отырады.
Тапсыз қоғамда ру, отбасы болмағанда адамдардың негізгі айналысатын
кәсіптерінің түрі балық аулау, аңшылық болды, балалар ерлермен бірге
аңшылық және балық аулаумен ерте айналысты, ал қыз балалар аналарына үй
жұмыстарына, тамақ дайындауға көмектесті. Адамдардың еңбек
қажеттіліктерінің негізінде тәрбие еңбек үдерісімен байланысты өрбіді.
Адамзат қоғамы дамуының алғашқы сатысында тәрбиенің мақсаты еңбекке
араласқан балаларға үлкендер қарапайым еңбек құралдарын қалай дайындау және
пайдалану керектігін үйретеді және түсіндіреді. Еңбек түрлерінің қиындау
деңгейіне қарай адамдар мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан кезде
ру пайда болды, тәрбиенің рөлі арта түсті және оның түрлері өзгерді. Еңбек
үдерісінің өзінде оқта – текте айтылатын нұсқаулардан балаларды бірте –
бірте еңбекке даярлауға, оларды еңбектен бос уақыттарында әртүрлі дағдылар
мен ептіліктерге оқытуға көшу іске асырылды. Сонымен қатар балаларды рудың
дәстүрлерімен, діни түсініктерінің ережелерімен таныстырды.
Алғашқы қауымдық құрылыста отбасы болмаған кезде, балалар руға ортақ
болды. Балаларды тәрбиелеу мәселесімен ру мүшелерінің ерекше тәжірибелі,
құрметті адамдары, ақсақалдар айналысты. Кейіннен моногамдық отбасы пайда
болғанда, балаларды тәрбиелеу мәселесімен өзі айналысты. Бірақ оның
тәрбиесінің нәтижелерін ру, тайпаның ақсақалдары бақылап отырды. Бұл кезде
тәрбие тапсыз сипатта болғандығы өзінен - өзі түсінікті. Барлық бала бірдей
дәрежеде кеңінен қамтылды.
Қоғамның дамуының алғашқы сатысында, алғашқы қауымдық құрылыс кезінде
адамдардың өмір жағдайлары өте ауыр болды, сондықтан да олар өмір сүру үшін
бәрі бірге, тек ұжымдық қатынас түрінде еңбек ету қажет болды. Әлеуметтік
теңсіздік, тап деген болмады, адамдар ортақ үйлерде тұрды және бала
тәрбиелеу ісі де барлық руларға ортақ болды. Тапсыз қоғамда барлық бала
бірдей өздеріне лайықты іс - әрекетке ерте қалыптасты. Жас кезінен бастап
олар қоректік азықты өндіруге қатысты – жеуге болатын өсімдіктерді,
жемістерді жинады. Жас шамасына қарай олардың үлкендермен бірлескен еңбекке
қатысу дәрежесі өсіп отырды. Үлкендермен бірге және олардың басшылығымен
балалар мен жеткіншектер өмірге қажетті еңбек ептіліктері мен дағдыларын
меңгерді. Қыз балалар мен ер балалардың тәрбиесінде кейбір ерекшеліктер
болды. Жоғарыда айтылғандай, балалар ерлермен бірге аңшылықпен және балық
аулаумен басқа да кәсіппен айналысты, оларды күресе білуге, садақ ата
білуге, атқа мінуге үйретті; қыз балалар үй шаруасына, әйелдермен бірге
тамақ әзірлеуге, киім тігуге, ыдыс – аяқ жасауға қатыстырылды. Барлық
баланы жануарларды күтуге, егіншілікпен айналысуға үйретті, қолөнердің
дамуымен оларды қолөнерге баулыды.
Жекеменшіктің, құлиеленушіліктің және моногамдық отбасының пайда
болуымен алғашқы қауымдастық құрылыстың ыдырауы басталды. Жеке неке пайда
болды. Отбасы ең негізгі қоғамдық құбылыстардың бірі болды, өз бетімен
шаруашылық жүргізді, сонымен қатар бала тәрбиесімен айналыса бастады.
Отбасы тәрбиесі тәрбиенің бұқаралық түріне айналды. Пайда болған үстем
таптар (көсемдер, ақсақалдар) ақыл – ой білімін дене еңбегінен бөлуге
ұмтылды. Алғашқы білімнің негіздерін (жер өлшеу, өзендердің тасуын алдын
ала түсіндіру, адамдарды емдеу тәсілдері және т.б.) үстем таптар өздерінің
қолдарына жинақтап, оларға өз үстемдігін жүргізді. Ой еңбегі мен дене
еңбегінің арасында айырмашылықтар байқала бастады. Осы білімнің алғашқы
түсініктерін оқыту үшін арнаулы мекемелер (мектептер) ұйымдаса бастады. Бұл
үстем таптардың билігін арттыра түсті. Дене еңбегімен негізінен бұқара
халықтың балалары айналысты. Ондай отбасыларда балалар еңбекке ерте
үйретілді, ата – аналар өз тәжірибесін беріп отырды. Мектептерде
жүргізілетін ұйымдасқан тәрбие бірте – бірте үстем тап өкілдерінің ісі бола
бастады.
Тәрбиенің пайда болуы туралы мәселені буржуазиялық ғалымдар әртүрлі
түсіндіріп келді. Оны түсіндіруде буржуазиялық ғалымдардың арасында әртүрлі
көзқарасты саралағанда кейбірінде, алғашқы адамдардың экономикалық өмірі
мен еңбек әрекетінде және қоғамдық дамудың ең алғашқы даму сатысында бала
тәрбиесінің өзегінде өмір сүрген тығыз байланысты жоққа шығару көзқарасы
тән. Буржуазиялық ғалымдардың тәрбиенің пайда болуы туралы кейбір
тұжырымдары адамның дамуы туралы тұрпайы – эволюциялық түсініктердің
ықпалымен қалыптасқан, ол негізінен тәрбиенің әлеуметтік мәнін жоққа
шығаруға, оның үрдісін биологияландыруға алып келеді.
Жануарлар дүниесіндегі жинақталған нақтылы материалдарға негіздей
отырып, аға ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қоршаған ортаға бейімделу дағдысын
беру “қамқорлығын” осы тұжырымдамалардың Ш.Летурно, А.Эспинас сияқты
жақтаушылары жануарлардың инстинктивтік ұмтылыстары жатады, табиғи сұрыптау
заңдылығы әрекет етеді деген теріс қорытынды жасайды. Тәрбиенің пайда
болуының негізгі шарты алғашқы қоғамдағы адамдардың еңбек іс - әрекеті және
қалыптасқан қоғамдық қатынастар болып табылады.
Тәрбиенің пайда болуы жөнінде әлемдік ғылымда бірнеше тұжырымдама
ұсынылады. Ондай көзқарастың дәстүрлі түрлерінің біріне эволюциялық –
биологиялық теорияны (Ш.Летурно, Дж.Симпсон,А.Эспинас) және психологиялық
теорияны (П.Монро) жатқызуға болады.
Эволюциялық – биологиялық теорияның өкілдері алғашқы қауымдық құрылыс
кезіндегі адамдардың тәрбиелік іс - әрекетін жоғары сатыдағы жануарлардың
тұқым қалдыру туралы инстинктивті қамқорлығымен байланыстырады.
П.Монро негіздеген психологиялық теория бойынша тәрбиенің пайда болуын
балалардағы санасыз инстинктің үлкендерге еліктеуінің байқалуы деп
түсіндіреді. Екі теорияда бір – біріне ұқсас тұжырым қалыптасты: алғашқы
тәрбиенің пайда болуын оның ортаға бейімделуі деп түсіндірді.

І. ТАРАУ. ТƏРБИЕ АЯСЫ ЖЕКЕ АДАМ ЖƏНЕ ОНЫҢ ДАМУЫНЫҢ IШКI, СЫРТҚЫ
ФАКТОРЛАРЫ

1. Педагогикадағы жеке адамның дамуы мен тəрбие iсiнiң проблемалары. Жеке
адам, оның дамуы мен қалыптасуы жөнiндегi түсiнiктер.

Тəрбиенiң негiзгi мақсаты жеке адамды қалыптас-тыру жəне оның жан-
жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл мiндеттердiң табысты шешiмiн
беру жеке адамның дамуы қалай өтетiнiн жəне оның қалыптасуына қандай
жағдаяттар ықпал ететiнiн бiлумен байланысты.
Педагогика үшiн мəндi мəселенiң бiрi ''жеке адам'' түсiнiгiнiң өзiн
айқындап алу. Шынында да тəрбие аясы ''жеке адам'' ненi бiлдiредi? Бұл
түсiнiктiң ''адам'' түсiнiгiмен арақатынасы қандай?
Бұл сұрақтардың жауабын генетикалық тұрғыдан берген жөн.
Ең алдымен ескертетiн жəйт: адамның дамуында бiр-бiрiне байланысты екi өзек
байқалады, оның бiрi - биологиялық, екiншiсi - əлеуметтiк. Осы бағыттар
адамның дүниеге келген күнiнен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрiнiс
бере бастайды. Адам туылғанда тек биологиялық тiршiлiк иесi болып танылады,
жеке тұлғалыққа жету əлi ерте. Биологиялық
нышандар мен қасиеттердiң дамуы адамның өмiр бойы мүшелiк пiсiп жетiлуi
жəне қалыптасуы процесiнiң сипатын көрсетiп отырады. Адамның биологиялық
кемелдену жəне өзгеру процесi, оның дамуының жастық сатылары мен мiнез-
құлығында көрiнiп, осыдан балалық, жасөспiрiмдiлiк,
ересектiк жəне қариялық табиғи бiтiстерiн ажыратамыз.
Бiрақ адамның табиғи дамуы көпсанды əрi сан алуан əлеуметтiк салалар мен
қасиеттердi қабылдауымен тығыз байланыста бiрге дамып барады, бұл адамды
қоғамдық тiршiлiк иесi ретiнде сипаттайды. Мысалы, нəрестенiң жақын
адамдарды танып, күлiмсiреуi, кейiн тiлге келуi, тiк жүру қабiлетiн игеруi,
үйдегi жəне көпшiлiк арасындағы қалыптары, еңбектеуi жəне т.б. өсе келе ол
бiлiм игередi, моральдық қалыптар мен ерекшелiктердi орындайды, əртүрлi
жұмыс iстеуге ептiлiктер мен дағдыларды қалып-тастырады жəне олардың
барлығы да өмiр барысында адамда пайда болып, дамып отырады.
Сонымен, адам баласы тұлға ретiнде өмiр сүру барысында өзiнiң қоғамдық
мəнiн сипаттайтын көптеген əлеуметтiк сапалар мен қасиеттердi
қалыптастырады əрi дамытады. Мiне осыдан, ол ғылымда биоəлеуметтiк тұлға,
субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесi деп танылады. Демек,
''адам'' түсiнiгi осыдан биологиялық жəне əлеуметтiк (қоғамдық), сапа
мен қасиеттердiң бiрлiгiн бiлдiредi.
Ал ''жеке адам'' түсiнiгiн алатын болсақ, ол тек қана əлеуметтiк сапа мен
қасиеттердi игерген тұлғаны танумен байланысты. Бұл тұлға қоғамдық тiршiлiк
иесi сипатында көрiнiп, тiл игеруi, санасы, əртүрлi əдеттерiмен ерекше-
ленедi. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи, биологиялық болмысына
емес, қоғамдық қасиеттерге тiкелей байланысты. Сонымен ''жеке адам''
дегенiмiз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмiр барысында өзiне
топтаған əлеуметтiк сапалар мен қасиеттер жиынтығын бiлдiредi.
Жеке адамдық сапалар өмiр барысында қалыптасқан-дықтан, олар бiреулерде
айқын көрiнiп, басқаларда күңгiрттеу болады. Олай болса, жеке адамдық
дəреже деңгейiн қалай бiлемiз жəне оның өлшемдерi қандай деген сұрақтар
туындайтыны сөзсiз.
С. Л. Рубинштейннiң зерттеуi бойынша жеке адам өз қылығы мен iс-
əрекетiн саналы басқаруға мүмкiндiк беретiн психикалық даму деңгейiмен
сипатталады, яғни өз əрекетiн ойластыра бiлiп, жауапкершiлiктi сезiну
қабiлетiнiң болуы; өз бетiнше дербес iс-əрекетiн жасай бiлуi – жеке адамның
мəндi белгiлерi. Белгiлi философ-ғалым В. П. Тугаринов жеке адамның сапалық
көрсет-кiштерi ретiнде төмендегiлердi атайды: 1) саналылық; 2)
жауапкершiлiк; 3) еркiндiк; 4) жеке басының қадiрi; 5) даралық; осыларға
жəне қоғамдық белсендiлiк пен бекiген саяси-идеялық бағытты қосады.
Жеке адамдықтың критерийлерiн (өлшемiн) белгiлеумен В. П. Тугаринов бұл
түсiнiктi адамның жастық əрi психикалық кемелденуiмен байланыстырады.
Егер жеке адам өз сапа жəне iс-əрекетiн қоғамдық прогресс бағытымен
ойластыра алса, өз бойына игерген сапа мен қасиеттердi неғұрлым айқын
көрсете алса, өз iс-əрекетiне ерекше жасампаздық сипат бере алса, оның
құндылығы арта түседi. Бұл тұрғыдан ''адам'' жəне ''жеке адам''
түсiнiктерiнiң сипаттамасы ''даралық'' түсiнiгiмен толықтырылады.
Даралық бiр адамның екiншiсiне ұқсамайтын, өзiн-дiк ерекшелiгi мен
өзгешелiгiн сипаттайды. Даралық, əдетте, мiнез бен темпераменттiң айрықша
бiтiстерi (сал-мақты, сабырлы), шығармашылық iс-əрекет жəне қабiлетiнiң
ерекшелiктерiнiң (ойлап тапқыш, ұқыпты) өзiндiк көрiнiстерiмен бөлектенедi.
Аталғандар сияқты мұғалiмнiң де даралық белгiлерi оның терең
бiлiмдар-лығында, педагогикалық ой-өрiсiнде, балаларға жайлы-лығы мен
еңбектегi жасампаздығында танылуы мүмкiн. Даралық түсiнiгi бiр адамды
екiншiден айырып, оған өзiндiк қайталанбас сəн беретiн жалпылық жəне
жалқылық қасиеттердi бiлдiредi.
Адамның қоғамдық тiршiлiк иесi сипатының толықтығы үшiн ''индивид''
түсiнiгiн де бiлген жөн. Бұл латын сөзi қазақша ''жекелiк'' дегендi
бiлдiредi. Түсiнiк ретiнде одан адамзат тегiнiң əрбiр бөлек өкiлiн, оның
сапа-қасиеттерiне қатысынсыз танимыз. Бұл тұрғыдан əрбiр ақыл-есi дұрыс
адам ''индивид'' бола алады. ''Жеке адам'' түсiнiгiнiң жəне онымен
байланысты ғылыми категориялардың мəнi мiне осындай.
Ал жеке адамдық сапалар адамның өмiр барысында дамуы жəне
қалыптасуынан педагогика үшiн ''даму'' жəне ''қалыптасу'' категорияларының
мəнiн ашып беру өз алдына маңызды. Сонымен бұл түсiнiктер ненi бiлдiредi?
Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттерiндегi сандық өзгерiстер жүйесi.
Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен əртүрлi мүшелерi ұлғаяды. Ол
сөйлей бастайды, сөздiк қоры молая түседi; көптеген əлеуметтiк-тұрмыстық
жəне рухани ептiлiктер мен еңбектiк дағды жəне əдеттердi игередi. Бiрақ
адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгi, ондағы
сапалық өзгерiстер. Оны мына мысалдардан түсiнуге болады: тiлдiк қызметтiң
жiктелуi адамның танымдық қабiлетiн арттырады, сезiмдiк аймағын кеңейтедi.
Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмiрге деген
көзқарас пен наным-сенiмдер орнығады.
Елiктеушiлiк мiнез-құлық бiрте-бiрте белсендi – жасампаз, шығармашылық
iске ауысады, өз қылық-əрекетiн басқара алу мен өзiндiк билiк қабiлетi
көркейедi. Бұл өзгерiстердiң бəрiнен адамның анатомиялық-физиологиялық
кемелденуiндегi, жүйке жүйесi мен психикасының жəне танымдық пен шығарма-
шылық iс-əрекетiнiң жетiлуiндегi, дүниетанымдық, имандылық, қоғамдық-саяси
көзқарастары мен наным-дарындағы бiр-бiрiне кiрiге байланысқан сандық жəне
сапалық өзгерiстер үрдiсiн бiлемiз.
Қалыптасу түсiнiгiне келетiн болсақ, ол жеке адам дамуының нəтижесi ретiнде
оның кемелденуi мен тұрақты сапалар мен қасиеттердi иемденуiн бiлдiредi.
Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөнiндегi теориялық көзқарастар. Адам
жөнiндегi басқа ғылымдардағыдай педагогика үшiн де ең басты мəселе – жеке
адамның дамуы жəне сол дамудың көзi мен ықпал күштерi. Идеалистiк жəне
материалистiк ағымдар бұл туралы əртүрлi тұжырымдар пайымдауда. Ғылымда
ежелден бiр-бiрiне қарама-қарсы келе жатқан теориялық пiкiрлердiң дұрыс-
бұрыстығына баға берудi оқырманның өзiне қалдырып, оларға тек қана объектив
сипаттама берудi өз мiндетiмiз деп есептеймiз.
Идеализм өкiлдерi, қай бағыттағы болмасын, жеке адамның қалыптасуын
алдын-ала болжастырылған бағдарламаға телiп, ол бағдарламадағы сапа мен
қасиеттер өз бетiнше өрiс алатынын уағыздайды. Ал тəрбие олардың ойынша,
жəрдемшi рөл атқарып, сол бағдарламаның iске асуына көмектесушi ғана құрал.
Қазiргi заманғы иедалистiк философия, психология мен педагогика
əлеуметтiк төңкерiстер мен күйзелiстерге толы қоғам жеке адамның тозуына
себепшi, сондықтан да адам өзiнiң шын кемелiне жету үшiн қоғаммен
байланысын үзу қажеттiгiн дəрiптейдi. Бұдан шығатын қорытынды:
адамдық мəн рухани жəне əлеуметтiк бостандықты алу үшiн күрес емес, өз
болмысының шын, ең жоғары сыр-мағынасын тану (экзистенциализм) немесе
тəңiрлiк кемелге жақындау (неотомизм).
Идеалистiк педагогикада жеке адам дамуы жөнiндегi пiкiр-сайыста
бiрнеше теориялық концепциялар бар. Олар: биологизаторлық бағыт: адамның
дамуы оның табиғи (биологиялық) жетiлуiмен байланысты, соның барысында оның
дене құрылымы мен рухани қасиеттерi қалыптасады. Адамдар арасындағы
моралдық қатынастар биологиялық негiзде орнығады
(Аристотель, Ф. Мюллер, Э. Геккель, Ш. Летурно, Ч. Ломброзо).
Психоаналитикалық бағыт: жеке адамдық қалыптасуда қоғам зиянды. Адамның
дамуы мен оның мiнез-құлқы толығымен жыныстық инстинктке тəуелдi (З.
Фрейд). Прагматикалық бағыт: адамның психикалық дамуы тума инстинктерге
байланысты, əрбiр адамды тұрақты нəсiлдiк қасиеттердi сақтаушы ерекше
саналық гендер болады. Сондықтан да жеке адамдар мен əлеуметтiк топтардың
қоғамдағы орнын иеленуi олардың биологиялық болмысымен анықталуы тиiс,
себебi əртүрлi халықтар мен нəсiлдердiң бiрi
табиғатынан дарынды, ал екiншiлерi – кемiрек дамыған (Дж. Дьюи, Э.
Л.Торндайк). Материалистiк бағыттағы философия жəне оның көрнектi өкiлдерi
жеке адамның дамуы мен қалыптасуы туралы:
- ежелгi грек философы Эпикур: адамның қоғамдағы иеленген орнының əртүрлi
болуы оның табиғатынан емес, тұрмыстық жағдайы мен таптық тұрғысынан;
- француз философы Гельвеций: адам қоршаған орта, нəсiлдiк жəне тəрбиеге
байланысты бiртұтас əсерлердiң нəтижесiнде қалыптасады. Соның iшiнде аса
маңыздысы - тəрбие;
- В. Г. Белинский: адам табиғаттан, бiрақ оны дамытып, жасайтын қоғамнан;
- Н. Т. Чернышевский: адамдарды бұзықтыққа келтiретiн табиғат не олардың
нəсiлдiк кемiстiгi емес, қолайсыз қоғамдық жағдайлар мен жаман тəрбие.
Осы күнгi педагогикада жеке адам дамуы жөнiнде қалыптасқан ой-пiкiрлер
төмендегiше:
- Адамның қоғамдық тұлға ретiнде қалыптасуына, оның дамуға деген табиғи
қабiлетi аса маңызды. Əр адам iс-əрекеттiң түрiне негiз болар нышанмен
дүниеге келедi, сондықтан да адамның биологиялық жəне əлеуметтiк даму
мүмкiншiлiгi бiр-бiрiмен тығыз байланыста, бiрақ
əлеуметтiк фактордың рөлi басымдау.
Жеке адамдық дамудың ықпалды көзi – тəрбие, қоршаған орта, табиғи
нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекшi фактор.
Жеке адамның дамуындағы өзiндiк белсендiлiктiң маңызы.
Адам дамуында тəрбиенiң ықпалды күш екенiн айта отырып, оның қоршаған
орта мен нəсiлдiк əсерлердiң енжар объектiсi деп тануға болмайды. Бұл
процесте жеке адамның өз белсендiлiгi мен шығармашыл-жасампаздық iс-
əрекетiнiң маңыздылығын ескеру қажет.
Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы əсерлер екi топқа
бөлiнедi: iшкi жəне сыртқы. Қоршаған орта жəне тəрбие - сыртқы əсерлер:
табиғи икемдiлiк пен құмарлықтар.
Сыртқы тəрбие орта əсерлерiнен пайда болатын сезiмдер мен толғаныстардың
жиынтығы - iшкi əсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екi
фактордың байланысынан болады. Тəрбие адамның iшкi жан дүниесiне ұнамды
қозғау салып, (өзiне бағдарланған) өзiндiк өңдеу белсендiлiгiн арттыра алса
ғана, адам өз дамуындағы қызметiн орныдай алғаны.

1.2 Тəрбие міндеттері мен қызметтері

Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие беру керек.
Тəрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте
оның өміріне апат əкеледі.
Әбу Насыр əл-Фараби

Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
– əлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ
өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында
жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға белгілі болған білімдер,
ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т.б. нормалар.
– педагогикалық мағынада – бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін
ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты
процесс.
Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық
демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тəрбиесі
адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары рухында жүріп
жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын
ескерумен бірге əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер,
ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тəрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның əлеуметтік-
мəдени (өмір жəне əрекет-қылық кейпін таңдау жəне іске асыру), даралықты
(тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндылықтар таңдау)
бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тəрбие технологиялық
икемшілдігіменен (адамның қабылдау жəне психологиялық даму заңдылықтарына
сай орындалады), көңіл-күйге сəйкестігімен (көңіл-күй тəжірибесін
қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз
меншікті тəжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі
құралы – тəрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға
арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тəрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында
мұғалім мен оқушының ықпалдасты əрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы
ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған
əлеуметтік процесс.
Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:
мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс мəні- процесс
нақты мақсаты болғанда ғана тəрбие деп аталуы мүмкін.
əлеуметтік процесс мəні – тəрбие əрқашан адамды ұнамды өзгеріске
келтіруші көптеген қоғамдық іс-əрекеттердің арнайы түрі.
тұлға қалыптастыру мəні – бұл тəрбиеге басқарым, оны іске асыруға
жағдай жасау, тəрбиелік іс-əрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, əкімшіл ықпал
мүлде болмауы тиіс). Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады:
педагогикалық қызмет жəне тəрбиеленушінің жауап іс-əрекеті.
арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе мəні: неліктен жүйе? Себебі
практикалық іс-əрекет процесінде қандай да жалғыз əдіс, тəсіл, жоба
қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бəрі өзара байланыста, бірін-бірі
толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нəтижесі тиімді болады.
тəрбиелеуші мен тəрбиеленушінің ықпалдасты əрекеттері мəні – тəрбие
процесі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған
жағдайда мұғалім қызметінің нəтижесі жөнінде əңгіме болуы мүмкін емес.
Тəрбие процесінде ықпалдасты іс-əрекеттердің арқасында тəрбиеленуші
ұсынылған ұйымдастырылып, белгілі тəжірибені игереді. Осыдан,
тəрбиелеушінің басты міндеті – оқушыны көргенін, оқығанын қайталап, оларды
өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті əрекеті ретінде қайта жаңғырта алатындай
оқу жұмыстарына қосудың жолдарын табу. Сонымен, тəрбие- бұл əрқилы іс-
əрекет түрлерін ұйымдастыру процесі. Тəрбие теориясында мұндай бағыт
тұлғалық- іс-əрекеттік атауын алған. Оның мəні: адам барша əлеуметтік
тəжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, əрі қызықтысын таңдайды.
Тұлғалық – іс-əрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері
төмендегідей:
- сан қилы тұлғааралық қатынастардың бəрінің негізі – ортақтасу
(общение):
- іс-əрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;
- тұлға дамуы мен əлеуметтенуі.
Гуманистік педагогикада тəрбие –көзделген мақсатқа жеткізуші тəрбиелеуші
мен тəрбиеленуші арасындағы тиімді қызметтестік процесі.
Мақсат –адамның қол жеткізуі тиіс нəтижені саналық деңгейде алдын-ала
ниеттеуі.
Тəрбие мұраттарын анықтауда жаңа жағдайлар мен жаңа қоғамға икемдескен
адам мұраты арқау етіледі. Тəрбие мазмұны, формасы, əдістері – бəрі де
мақсатқа тəуелді. Тəрбие мақсатын түсінуден оны іске асырудың
технологияларын таңдауға жол ашылады. Жан-жақты əрі үйлесімді дамыған тұлға
тəрбиелеу мақсаты ҚР Білім туралы Заңында бекітілген.
Оның баптары:
- тəрбие процесінің мазмұнын анықтайды;
- тəрбие нəтижесінің шарттарын белгілейді;
- педагог қызметінің өлшемдері ретінде қызмет етеді;
- тəрбие жүйесін толықтай айқындайды.
Тəрбие мақсаттары жалпы (барша адамдарға арналған) жəне даралықты (жеке
адамға арналған) болып бөлінеді.
Тəрбие мақсатын белгілеуде жекеленген іс-əрекеттердің ғана емес, бүкіл
оқу–тəрбие процесінің де бірлік элементі ретінде психологиялық-
педагогикалық диагностика маңызды роль атқарады. Осыдан, тұлғаны зерттеудің
əрқилы əдістерін білу жəне олар негізінде тұлға мен ұжымды зерттеудің
бағдарламаларын түзе алу қажеттіктері туындайды.
Бір тəрбиелік жүйеде əрдайым бір тəрбие мақсаты көзделеді, ал мақсатқа
орай орындалатын міндеттер (жалпы не нақты) көптеген болуы мүмкін. Тəрбие
мақсаттары қоғамның даму қажеттерімен айқындалып, əлеуметтік жəне
техникалық прогреске, қоғам, ересектер мен балалардың мүмкіндіктеріне
тəуелді келеді. Тəрбиелік іс-əрекет нəтижесінде көрініс беретін көкейкесті
мақсаттар : əр адамның даралықты дамуы жəне оның əлеуметтенуі, ал бұл өз
кезегінде ақыл-ес, адамгершілік, əсемдік (эстетикалық), азаматтық, еңбектік
жəне тəн-дене тəрбиесі міндеттерінің орындалуымен анықталады.
Тəрбие міндеттерінің шешімі тұлға мəдениеттілігінің негізін қалайды.

1.3 Тəрбие процесінің ерекшеліктері

Оқу жəне тəрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері
əрқилы, дегенмен, бір-бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар
жүріп отырады, бірақ ұйымдасу əдістері жəне формалары тұрғысынан түбегейлі
өзгеше. Тəрбиелік іс-əрекет тəрбиешінің жекеленген əрекет аймағы түрінде
(өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне тікелей
енген (себебі оқу тəрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.
Оқу мен тəрбиенің ортақ белгілері:
- тəрбие процесі өз ішіне оқу элементтерін қамтиды: қандай да ережені
орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;
- оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс-əрекеттің
ұйымдастырылу формасына сəйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға
тəрбиелік ықпал жасайды;
- оқу жəне тəрбие процестерінде бірдей əдістер (түсіндіру, қадағалау жəне
т.б.) пайдаланылады.
Жалпы педагогикалық процестің аталған екі қызметінің арасындағы
принциптік айырмашылық : оқу барысында шəкірт əртүрлі ғылымдар негізін
меңгереді, ал тəрбие процесі оқушының тұлғалық сапа-қасиеттерін
қалыптастыруға бағышталады.
Тəрбие процесіне тəн ерекшеліктер:
- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нəтиже тиімділігінің
кепілі);
- мақсаттар бірлігі (тəрбиеші мен тəрбиеленушінің арасындағы
қызметтестіктің көрсеткіші);
- нəтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нəтиже бірден көрінбейді);
- көп жағдаяттылығы (тұлға көп əрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да
ықпалдарға кезігеді. Тəрбие барысында олар реттеледі. Тараптардың тұлғаға
болған ықпалы өзара сəйкес келсе, тəрбие нəтижесі тиімді болады.
- ауыспалылығы (тəрбиеленуші мақсатты, көзделген жəне кездейсоқ əсерлерге
бірдей кезігіп отырады).
- үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мəртелік шара қаншама жарқын
болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тəрбие істерінің орнын
баса алмайды);
- кешенділігі (тəрбие мақсаты мен міндеттерінің , мазмұн, форма жəне
əдістерінің бірлігі);
- баламалылығы (тəрбиеленушілер даралық ерекшеліктері жəне əлеуметтік
тəжірибесінің əр түрлілігімен ажыралады. Тəрбие процесінде бұлар ескерілуі
шарт, себебі əсері бірдей болғанның өзінде де тəрбиелік нəтиже əрқилы болуы
ықтимал);
- екі тараптылығы (тəрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ол ықпалды
қабылдаушы - оқушы);
- тəрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;
- тəрбиеші тұлғасы – тəрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тəрбие
процесінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты
бағыт-бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті);
- қарама-қайшылықты болуы (қарама-қарсылықтар тəрбиенің қозғаушы күші
ретінде қарастырылады).
Тəрбиенің негізгі қайшылықтары оқу-тəрбие процесінде кездесетін келесідей
құбылыстар арасында көрінеді: қоғамдық өмірдің жаңа шарттары мен оған
дайындауға арналған əдістер мен формалардың ескіруі; адамның табиғи даму
мүмкіндіктерінің шексіздігі мен бұл дамудың əлеуметтік жағдайлар
бағдарламаларына тəуелді шегерілуі; адамның табиғаттан белсенді, əрекетшең
болуы, оның қоғамдық өмірге араласу ынта-ықыласы мен өмірлік процеске нақты
қатысу үшін қажет тəжірибе, білім, ептілік пен дағдылардың жетіспеуі жəне
т.б.
Сонымен, жоғарыда аталғандарды ескерумен келесідей қорытынды шығаруға
болады: тəрбие процесі оқу процесімен бір қатар жүріп жатса да, ол бірнеше
мəнді ерекшеліктерге ие, сондықтан да өз алдына дербес қарастырылады.

1.5 Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен даму процесі
Өзіндік тəрбие – адамның өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өз ұнамды
қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз тұлғалық сапаларын жоюға бағытталған
саналы əрі мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері.
Өзіндік тəрбие бірліктері - өзіндік таным, өзіндік талдау, өзіндік
бағалау, өзіндік есеп жəне өзіндік қадағалау. Өзіндік тəрбие тəсілдері- өз
өзіне бұйрық беру, өзіндік сергектік көтеру, өзіндік қолдап-қуаттау,
өзіндік мадақ, өзіндік жаза.
Өзіндік тəрбиеге ынталандырушы жағдай – тек тəрбиешінің тəрбиелік іс-
əрекетін ғана емес, сонымен бірге тəрбиеленушінің өз қалауы мен ынта-
ықыласын қамтыған дұрыс тəрбие.
Өзіндік тəрбие элементтері мектеп жасына дейінгі балалардың өздерінде де
көрініп жатады: олар əзірше өз тұлғалық қасиеттерінің мəнін жете түсіне
бермеуі мүмкін, бірақ ненің жақсы, қандай өз əрекеттерінің ересектерге
ұнамайтынын сезінеді.
Бозбалалық жаста өзіндік тəрбие процесі біршама саналы сипат алып,
бағдарлы мақсатпен ұштасады. Өзіндік тəрбие адамның нақты қабілеттеріне,
өзінің даралықты мүмкіндіктерін түбегейлі талдай білуіне сай баға беруге
негізделеді. Саналылық дəрежесі неғұрлым жоғары болса, тұлғаның өзіндік
дамуына бағытталған өзіндік тəрбие мəні болымды сипат алады.
Тұлғаның жалпы тəрбиелілігі өзіндік тəрбие деңгейімен сипатталады,
өзіндік тəрбие сырттай педагогикалық тəрбиемен ажыралмас өзара байланыста
болып, тұлғаның қалыптасу процесіне қолдау-қуаттау береді, əрі оны
дамытады.
Оқу, тəрбие жəне өзіндік тəрбие біртұтас оқу-тəрбие процесінде өзара
байланысты. Бұл процестің қаншалықты нəтижелі болары, осы бірліктің
есебінен.
Қайта тəрбие – мақсаты келеңсіз қасиеттерді жойып, ұнамды тұлғалық
сапаларды дамытуға бағытталған тəрбие түрі.
Бұл процесс жеңіл емес, көп күш-қуат пен шыдамдылықты қажет ететін ұзақты
процесс. Тəрбиелегеннен гөрі қайта тəрбиеге салу анағұрлым күрделі, себебі
бұл белгілі бір уақыт аралығында орныққан көзқарас, əдеттерді, мінез
бітістерін бұзып, бұрынғыларынан өзгеше, тəрбиеленушілердің дағдыланбаған
жаңа əдет-қылық жүйелерінің тіктелуіне байланысты. Егер ұнамсыз мінез
бітістері тұрақтанған сипат алған болса, қайта тəрбиелеу əбден қиын соғады.
Сондықтан, кейін қайта өңдеп жатпайтындай етіп тəрбиелеу қажет
(А.С.Макаренко).
Қылмысқа бейімділік, теріс моральдық қылық-əрекеттер мен əдеттер адам
бойында қоршаған ортаның кері ықпалынан, болымсыз тəрбиеден, тіршілік
жағдайларының қолайсыздығынан орнығады. Мұндай тəрбиеленушілер қиын
балалар немесе педагогикалық қамқорлығы болмаған оқушылар деп аталады.
Олар арасында тəрбиелік ықпал-əсерлерді қабылдамайтындар, тіпті оған қарсы
тұратын, психикасында педагогикалық тұрғыдан жат ауытқуларға түскендері де
кездеседі.
Қайта тəрбиелеу тиімді нəтижеге жетуі үшін тəрбие тезіне түскен адам ең
алдымен өзін-өзі тура жолға салу қажеттігін түсінуі, өмір салтын,
əдеттерін, қылық-əрекеттерін өзгерту керектігін сезінуі тиіс.
Қайта тəрбиелеудегі маңызды шарт- тəрбиеленушіні қалай да өзіңе тарту,
тұлғаны кері əрекеттерге итермелеуші проблемалардың туындау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның дамуының педагогикалық сипаттамасы
Оқушы тұлғасын қалыптастыруда, тәрбие үрдісі
Жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесінен
Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы
Адамгершілік тәрбиесінің жүрегі - жеке тұлғаның адамгершілік сезімдерін дамыту
Тәрбие технологиялары ұғымының мәні
Жеке тұлғаны жан - жақты дамыту міндеттері
Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің мәні мен мазмұны
Жеке тұлғаны дамыту және тәрбиелеу деген түсініктерді қалыптастыру және дамыту
Пәндер