Қазақ ұлттық техникалық университет



1.Қазақ Ұлттық Техникалық Университет.

2.Еліміздің алғашқы жоғары оқу орны.

3.Унивеситет тарихынан.

4.ҚазҰТУ. бүгінде.

5.ҚазҰТУ.дың даму бағдарламасы.

6.Оқу әдістемелік жүйесі.

7.Тәрбие жүйесі.

8.Ғылыми зерттеу жұмысы.

9.Халықаралық байланыстар.
Еліміздегі жоғары техникалық білім берудің көшбасшысы- Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Құрылуының 70 жылдығы біздің мемлекетіміздің өміріндегі елеулі мәні бар оқиға. Инженер мамандарды дацындаудың шеберханасы- ҚазҰТУ өзінің 70- жылдық тарихи қызметінің мақсаты мен мазмұнын, Отанымыздың ұлтжанды, техникалық сауатты ұрпағын қалыптастыруға арнап келеді.
Халықтың есінде ҚазТМИ- ҚазПТИ-ҚазҰТУ болып есімі сақталып қалған Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының тарихы- бұл республикадағы инженерлік білім беру, оның өндірістік өсіп- өркендеуінің даму кезендері.
Қазақстандағы техникалық білім берудің қарлығашы- ҚазҰТУ- дың республикадағы бірқатар өндіріс салаларының қалыптасуы мен дамуындағы және оларды инженер мамандармен қамтамасыз етуге сіңірген еңбегін бағаламау мүмкін емес.Республиканың кәсіби және зияткерлік базасының қалыптасуына сіздердің жоғары оқу орындарыңыздың қосқан үлесі шексіз.
ҚазҰТУ тарыхы- бұл еліміздің мәдениеті мен білімінің, ғылыми- техникалық интеллигенциясының қалыптасуы мен дамуының тарихы.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ- жоғары сапалы, қарқынды білім беру мен ғылыми- инженер мамандарын даярлауда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, еліміздің техникалық жоғарғы оқу орындарының арасында ғана емес, халықаралық ауқымдағы зор мәртебеге ие жоғары оку орнына айналды.
Үстіміздегі жылы ҚР Президенті еліміздің индустриялық- инновациялық дамуының 2015 жылға дейінгі Стратегиясын бекітті. Еліміздің индустриаландырумен байланысты түбірлі даму бағдарламасы өзінің бастамасын осы кезеңнен алады. Біздің алдымызда қиын дакүрделі міндет тұр. Бұл міндетті жүзеге асыру, жоғары техникалық мектептер үшін нағыз сынға айналмақ.
Қазіргі уақытта біз қолға алып отырған жаңашылдық пен ғылыми- техникалық прогресс білім беру жүйесін дамыту және еліміздегі жоғары техникалық білім беруді реформалаусыз мүмкін емес.
Қазақ Ұлттық Тезникалық университет 70 жыл.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Техникалық Университет

Еліміздегі жоғары техникалық білім берудің көшбасшысы- Қ. И.
Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Құрылуының 70 жылдығы біздің мемлекетіміздің өміріндегі елеулі мәні бар
оқиға. Инженер мамандарды дацындаудың шеберханасы- ҚазҰТУ өзінің 70- жылдық
тарихи қызметінің мақсаты мен мазмұнын, Отанымыздың ұлтжанды, техникалық
сауатты ұрпағын қалыптастыруға арнап келеді.
Халықтың есінде ҚазТМИ- ҚазПТИ-ҚазҰТУ болып есімі сақталып
қалған Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының тарихы- бұл республикадағы
инженерлік білім беру, оның өндірістік өсіп- өркендеуінің даму кезендері.
Қазақстандағы техникалық білім берудің қарлығашы- ҚазҰТУ- дың
республикадағы бірқатар өндіріс салаларының қалыптасуы мен дамуындағы және
оларды инженер мамандармен қамтамасыз етуге сіңірген еңбегін бағаламау
мүмкін емес.Республиканың кәсіби және зияткерлік базасының қалыптасуына
сіздердің жоғары оқу орындарыңыздың қосқан үлесі шексіз.
ҚазҰТУ тарыхы- бұл еліміздің мәдениеті мен білімінің, ғылыми-
техникалық интеллигенциясының қалыптасуы мен дамуының тарихы.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Қ. И. Сәтбаев атындағы
ҚазҰТУ- жоғары сапалы, қарқынды білім беру мен ғылыми- инженер мамандарын
даярлауда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, еліміздің техникалық
жоғарғы оқу орындарының арасында ғана емес, халықаралық ауқымдағы зор
мәртебеге ие жоғары оку орнына айналды.
Үстіміздегі жылы ҚР Президенті еліміздің индустриялық-
инновациялық дамуының 2015 жылға дейінгі Стратегиясын бекітті. Еліміздің
индустриаландырумен байланысты түбірлі даму бағдарламасы өзінің бастамасын
осы кезеңнен алады. Біздің алдымызда қиын дакүрделі міндет тұр. Бұл
міндетті жүзеге асыру, жоғары техникалық мектептер үшін нағыз сынға
айналмақ.
Қазіргі уақытта біз қолға алып отырған жаңашылдық пен ғылыми-
техникалық прогресс білім беру жүйесін дамыту және еліміздегі жоғары
техникалық білім беруді реформалаусыз мүмкін емес.

Еліміздің алғашқы техникалық жоғары оқу
орны

Қ. И Сәтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университеті- республикада инженерлік білім берудің
алғашқы әрі, әлі нүнге дейінгі көщбастаушысы.
Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ- дың іргетасы 1933 жылы,
Қазақстанда тұңғыш өнеркәсіп орындарының ашылуымен тұспа- тұс қаланып, ел
экономикасы дамуының тарихи кезеңдерімен бірге дамып келеді.
Алғашында тау- кен металлургиясы мен тау- кен барлау
факультеттерінің базасында ұйымдастырылған Қазақ ұлттық техникалық
университеті бүгінде осы салада білім беретін еліміздегі жетекші жоғары
орны дәрежесіне дейін өсті.
ҚазҰТУ-мындаған инженерлер мен Қазақстандағы барлық техникалық
жоғары оқу орындарының оқытушыларының іс жүзіндегі alma- mater- рухани
анасы іспетті.
Университеттің ұлттық техникалық мәртебесі- еліміздің қалыптасуы
мен дамуына орасан зор үлес қосқан университет түлектері – көрнекті
ғалымдар, педагогтер мен инженерлердің ерен еңбектерінің жемісі. ҚазҰТУ
КСРО-ның Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы академигі, Қазақстан ғылым
академиясының тұңғыш президенті Қ. И. Сәтбаев есімін мақтанышпен иеленді.
Елімізде отандық өнеркәсіп дамуында елеулі алға басушылықтар
байқалған бүгінгі заманда жоғары біліктілігі бар инженер кадрларын
даярлаудың қажеттілігі қайтадан артып отыр. Әлемдегі жетекші өнеркәсіптік
кәсіпорындар мен аса ірі оқу, ғылыми орталықтарымен ынтымақтастығы және көп
жылдық бай тәжірибесі ҚазҰТУ-ға өзінің білім қорын жасап, экономиканың
жетекші салаларына мамандар даярлауға мүмкіндік берді.
Жаңа мыңжылдықта Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ өзінің алдына
сапалық тұрғыдан жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды. Біз дамуымыздың
әлемдік білім беру жүйесінде лайықты орынға ие бола алатын жоғары элиталық
инженерлік- техникалық университет қалыптастыруға аяқ басқан жаңа кезеңінде
тұрмыз.

Университеттің жаңа даму бағдарламасы- жаңаша ойлау мен білім беру
үрдісіндегі жаңаша ізденістер. Мазмұны мен мерзімі жағынан әр түрлі оқу
бағдарламалары тілек білдірушілердің кәсіпті игеру мен жалпы кәсіби білімді
жетілдірудің кезеңдерін өз мүмкіндіктеріне сай таңдап алуын қамтамасыз
етеді.
Біз технологиялық басымдылыққа қол жеткізу арқылы ғана
экономикалық тұрақтылық пен халықтың әл- ауқатын жақсарта алатынымызды
түсіне отырып, білім мен ғылымды интеграциялау жолына түстік.

Біз Қазақстан жоғары мектебінің
жақсы дәстүрлерін, ғалым- педагогтердің ғажайып алтын қорын сақтай отырып,
жарқын болашаққа жол саламыз.
Ұлттық және ғылими мекемелермен, фирмалар, ұйымдар,
кәсіпорындармен бірлесіп білім беруге, ғылыми- техникалық, өндірістік және
кәсіпкерлік қызметін одан әрі дамытуға, халықаралық бағдарламалар мен
жобалар бойынша серіктес болуға ҚазҰТУ- дың есігі әрқашан да ашық

Университет
тарихынан;ізденістер мен жетістіктер.

30 жылдардың басында елімізде,бұрынғы КСРО-ның дамуында,
Қазақстанның орны ерекше маңызды болды.
Өндірістік күштердің қалыптасуы ,шикізат көздерін жаппай іздестіру,
Лениногорск, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Гурьев, Шымкент, т.б. қалаларда
өндірістік кәсіпорындардың салынуы кең қанат жайды. Бұл Қазақстандағы кен
және металлургия өндірісінің қарыштап дамуының бастамасы болды.Қазақстан
экономикасы тез арада білікті мамандардың өсіп-жетілуін қажет етті.
Қазақстандағы тұңғыш оқу орны- Семейдегі Геологиялық барлау
институты 1933 жылы Қазгеотрестің бастамасымен геологиялық барлау
техникумы, рабфак пне геологиялық барлауға оқыту мектебі негізінде ашылды.
1933 жылдың қыркүйегінде КСР Одағын Халық комиссарлар Кеңесінің
Семей тау-кен институтымен біріктіре отырып, Алматы қаласында Қазақ тау-
кен-металлургия институтын құру туралы қаулысы қабылданды.Алғашқы
студенттерді қабылдау 1934 жылдың күзінде жүзеге асты.

Қазақстандық тұңғыш техникалық жоғары оқу орнының қалыптасуына
кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер баға жетпес көмек
көрсетті.олардыңкөпшілігі зертханаларға қажетті жабдықтар, минералдар
жинақтарын, геофизикалық және топографиялық құрал- саймандар беріп, ғылыми-
техникалық әдебиеттермен қамтамасыз етуге көмектесті. Оқытушылық-
профессорлық құрамның мәселесі де шешілді.
Қаз ТКМИ өзінің құрылуы мен ұйымдастырылуы барысындағы қиыншылықтарды
табыспен жеңе отырып, аз уақыт ішінде тау-кен., металлургия, геология,
құрылыс, т.б. өнеркәсіп салаларын инженер кадрлармен қамтамасыз ететін
негізгі база ретінде үлкен беделге ие болды.
1960 жылы ҚазТКМИ политехникалық институты болып қайта құрылып, оның 8
факультетінде кәсіби инженерлер дайындалатын еліміздегі ең беделді жоғары
оқу орындарының біріне айналды.
Жекелеген факультеттердің негізінде Атырау мұнай және газ
итнституты, Ш.Е.Есенов атындағы Ақтау политехникалық университеті, Рудный
индустриалдық институты, Алматы энергетика және байланыс инститьуты, Қазақ
мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясы ашылды.Рудныйдағы филиалы,
Өскемен, Лениногорск, Қаратау, Зыряновск, Шевченко, Атырау
қалаларындағы жалпы техникалық факультеттер ҚазПТИ-дың маңызды құрылымдық
бөлімшелері болып табылды.
1994 жылдың қаңтарында В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ Қазақ ұлттық
техникалық университеті болып өзгертілді. Осы кезеңнен бастап еліміздің ең
басты техникалық жоғары оқу орны ретінде кадрларды даярлаудың әлемдік
деңгейде танылған көп деңгейлі құрылымы мен, осыған қоса мамандықтар
бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын жетілдірудің аса маңызды
міндеттері жүктелді.
90-ы жылдары университет даярлаған инженер кадрлар тәуелсіз
Қазақстанның маңызды өндіріс салалары мен өнеркәсіптерін реформалау
саясатын жүзеге асыруға ат салысты. Көптеген түлектеріміз бүгінде
экономиканың әр түрлі салалары мен ғылыми- зерттеу мекемелерінің жетекші
мамандары.
Инженерлік- техникалық мамандар дайындауға сіңірген аса зор
нңбегі үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 22 қыркүйектегі
қаулысымен Қазақ ұлттық техникалық университетіне көрнекті ғалым, академик
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.
ҚазҰТУ- дың қазіргі кезендегі қызметі университеттің беделін
көтеруге, университетте басталған қайта құруларды жүзеге асыруға, оқытудың
сапасын жақсарту мен басқару жүйесін жетілдіруге бағытталып отыр.

ҚАЗҰТУ-БҮГІНДЕ

ҚАЗҰТУбүгінде ғылым мен білімнің бірегей орталығы.Оның
құрамында: Геологиялық барлау, Ө.А.Байқоныров атындағы тау-кен, Металлургия
және полиграфия, Ақпараттық технологиялар, Автоматтандыру және басқару,
Мұнай және газ, Машина жасау, Экология-экономикалық, әл-Машани атындағы
Жаратылыстану- гуманитарлық, Әскери институттар бар. Сондай-ақ, инженер
кадрлар мен жоғары оқу орындары оқытушыларының техникалық пәндер бойынша
біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың республикалық орталығы, Мұнай
және газ технологиясының геодинамикасы ғылыми- зерттеу институты, ғылыми-
өндірістік орталықтар мен филиалдар жұмыс істейді;
- 1100-ден астам оқытушылардың арасында, ҚР ҰҒА-ның 9 академигі, салалық
академиялардың 35-тен астам нақты корреспондент мүшесі, 160-тан астам
ғылым докторлары, профессорлар, 450-ден астам ғылым кандидаттары,
доценттер бар;
- - докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалатын
диссертациялық Кеңестер, доктарантура, аспирантура, магистратура
жұмыс істейді. Халықаралық ғылыми конференциялар, симпозиумдар мен
семинарлар өтіп тұрады;
- шетелдік жоғары оқу орындары және компанияларымен халықаралық
байланыстар жақсы жолға қойылған;
- Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік жетекші фирмалардың
демеушілігімен жабдықталған оқу сыныптары мен зертханалары бар;
- Қазіргі заманға сай жабдықталған оқу және Интернет залдары бар.
- Іздеу- анықтама жүйесі құрылған және әллемдік байланыс желісіне
қосылған ғылыми кітапхана Қазақстандағы ірі кітапханалардың бірі болып
саналады;
- Университетте ақпараттық сараптама бөлімі мен компьютерлік-ақпарат
орталығы, Интернетке шығатын аумақтық желі , ақпараттық мәліметтер
қоры бар. Оқу құжаттарының барлық түрлері,соның ішінде мамандықтардың
оқу жоспарлары компьютер арқылы дайындалады;
- Колледж; жоғары оқу орнына дейінгі білім беруді жүзеге асыратын
орталық бар;
- Оқулықтар, оқу құралдары ,ғылыми еңбектер, ҚазҰТУ хабпршысы ғылыми
журналы, Рас газеті және т.б. шығаратын баспа орталығы жұмыс
істейді;

- Оқытушылар мен студенттер арасында даңқты спортшыларымыз, студенттер
мен қызметкерлер спартакиадасы өткізіліп тұратын спортзал, ойын
аландары бар;
- ҚазҰТУ-дың мәдени өмірін айшықтайтын ҚазҚТУ көктемі фестивалі, КТК
(КВН) дәстүрлері түрде өткізіліп тұрады.

ҚазҰТУ-дың даму бағдарламасынан

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ- кәсіби мен ғылыми кадрлар
даярлауда жетекші орынды иеленетін ғылым мен білім саласында, мемлекеттік
қызмет пен өндірісте табысты еңбек етіп келе жатқан 80 мыңнан астам
инженерлер, ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындаған білім және
ғылым орталығы.
Уақыт талабына сай университетте соңғы он жылдықта жас ұрпаққа
білім саласында қызмет көрсетудің ауқымы, инженер кадрларын дайындайтын
мамандықтар тізбесі, қолданылатын оқу технологияларының көлімі кеңейді.
Әлемдік тәжірибеде танымал кең ауқымды, көп деңгейлі құрылымға сай
мамандар дайындау ісі бағдарлары түрде жүзеге асырыла бастады. Шет
елдерде қабылданған білімді бақылаудың тестілік- рейтингілік жүйесі
табысты қолдынылып, студенттердің білімін тікелей компьютерлік бақылау
үшін тестілік тапсырмалардың қоры жасалып, білім беру үрдісіне барынша
енгізілуде.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ республиканың техникалық білім беру
саласындағы жетекші ұлттық университеті ретінде инженер кадрларын
дайындау мамандықтарын үздіксіз жаңартып келеді.
Бұл қажеттілік республика жоғары оқу орындары арасындағы күн
сайын артып отырған өзара бәсекелестікке, республикада, соның ішінде
білім саласындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты туындап
отыр.
Кафедраларды, оқу және ғылыми зертханаларды қазіргі заманға
сай құрал- жабдықтармен, компьютерлік техникамен және лицензияланған
бағдарламалық құралдармен, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім
беруді ақпараттау, халықаралық коммуникация желілеріне шығуды ескере
отырып техникалық қайта жабдықтау университеттің кезек күттірмейтін
мақсаты болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, студенттердің тұрмыс жағдайы
мен демалысын жақсарту- ең маңызды мақсаттардың бірі.
Университет Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы мектеп-
интернатты қамқорлыққа алған. Оның тәрбиеленушілері компьютерлік
сынаппен, оқулықтармен, т.б. жабдықталды. Студенттік құрылыс отрядтары
қайтадан өз жұмысын жандан

Оқу әдістемелік жүйесі.

Университеттің оқу- әдістемелік кеңесі оқу- әдістемелік жұмысты
үйлестіретін орталық болып табылады. Оқу- әдістемелік кеңесте білім беру
саласына оқытудың жаңа технологияларын енгізу, оқу процесін қарқынды,
белсенді дамыту, білім беруді ізгіл ендіру, баспахана жұмысы, оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
ҚазҰТУ-дың шаңырақ көтеруі – 1934-1960 жж. Қазақтың тау-кен металлургиялық институты (қазткми)
Университеттің Диссертациялық кеңесі жұмыстарын үйлестіру
Шымкенттің білім ордалары
Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері: (1918-1924 жж.)
Технологиялық карта туралы ақпарат
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі білім беру жүйесін жетілдіру
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің иммиджі
Мұрат Жұрынұлының Ұлттық Ғылым академиясы президенті ретіндегі тарихи рөлі
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық
Пәндер