Ресей мемлекеті жайында


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Демографиялық көрсеткіштер
  2. Еңбек ресурстары
  3. Халқының ұлттық құрамы
  4. Ресейдегі халық тығыздығы

Кейiнгi кезде көршi Ресейдiң демографиялық мәселеге айрықша көңiл бөлiп жатқаны белгiлi. Бұған дәлел - жақында Ұлттық жобалар кеңесi Ресейдiң 2025 жылға арналған демографиялық саясатына талдау жасады. Вице-премьер Дмитрий Медведевтiң айтуына қарағанда, демографиялық саясатқа байланысты арнайы 30 беттiк құжат дайындалып жатқан көрiнедi. Оның басым бөлiгi көрсеткiшiн төмендетiп, туу көрсеткiшiн өсiруге бағытталған. «Мұндай маңызы зор концепциялық құжатты қабылдау өмiр талабы», - дейдi ол.
Өйткенi, Ресейде бұрын жылына 1-1, 5 миллион адам өмiрден озса, қазiр жылына 2 миллион адам көз жұмады екен. Сондай-ақ, бiрiншi вице-министр демографиялық ахуалға серпiлiс тудыратын жобаны атап өттi. Оның сөзiне сенсек, Ресейде 2015 жылы халық саны 136 млн. адамға дейiн, ал 2025 жылы 125 млн. халыққа дейiн азаяды. Аталмыш концепцияда демографиялық саясаттың iлгерiлеу баспалдақтары да қарастырылған. Бiрiншi баспалдақ - 2007-2010 жылдар аралығы. Бұл жобаның басты мақсаты - тұрғындардың өлiм көрсеткiшiн төмендетiп, тұрғындардың санын 140 млн. адамға жеткiзiп, бiр қалыпта ұстау. Бүгiнгi күнi Ресей халқының санын көбейтуде мигранттардың үлесi басым болып отыр. Медведевтiң айтуынша, 2016 жылға дейiн Ресей жыл сайын шет елден 160-170 мың мигрантты тартуы керек. Ал 2025 жылдан кейiн әр жылғы мигранттар ағымы 300 мыңға өсуi тиiс. Егер мемлекет iшiнде өлiм азайып, туу көрсеткiшi бiршама шарықтай берсе, бұл санды азайтар едiк, ал жағдай керiсiнше орын алса, мигранттарды тартудың басқа жолын қарастырған жөн, - дейдi Медведев.

«НГ» газетiнiң тiлшiсiне берген сұхбатында Медведев мигранттарды алдымен қай елдерден әкелу керек деген мәселеге жауап бере келе, ол әуелi ТМД және Балтық жағалауы елдерiнен мигранттар керек дейдi. Өйткенi, олар бiздiң елде өмiр сүруге ерте бейiмделе алады. Әрине, бұл еңбек iстеуге қабiлеттi орта жас буындарына қатысты екендiгiн ұмытпаңыз. Ал жобаны қаржыландыруға келгенде Медведев: «2025 жылға дейiн болжам жасау қиынның қиыны. Дегенмен, құжатқа қарасақ, 2015 жылға дейiн балалы отбасыларға мемлекеттiк қолдау 0, 4 пайызға артса, денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығын 3, 5-тен 6 пайызға өседi» деген болжамын да ұсынды. Ол сол сияқты билiктiң жәрдемақы жүйесiне қан жүгiрте бастағанын тiлге тиек еттi. Бұл тұрғыда екiншi және үшiншi баланы туғанда берiлетiн ана капиталының енгенi ұтымды тәжiрибе екендiгiн баса айтады.
Шыны керек, Ресей мемлекетi орыс тiлiнiң қолдану аясының кеңеюi мен туу көрсеткiшiнiң өсуiне барынша күш салып келедi. Оның үстiне бүгiнде Ресейдiң қол астынан өз еркiмен шығып кеткен мемлекеттер де ана тiлiне бет бұрып, жергiлiктi тұрғындарына кәдiмгiдей жағдай жасап-ақ жатыр. Содан ба екен, өлiм көрсеткiшiнiң басым болғанына қарамастан, Ресей әлi де мигранттарға иек артып келедi. Айталық, Экономикалық және қаржылық зерттеу орталығының есебiне қарасақ, жақын арада Ресейге лек-легiмен ағылған 800 мың мигрант ауадай қажет екен. Алайда, бұл мәселенi аяқ астынан шеше салу оңайға түспес. Тiптi, мүмкiн емес жағдай десе де болады. Өйткенi, ТМД елдерiндегi орыс және орыстiлдiлердiң кететiнi баяғыда-ақ кетiп, қалғаны осы жерге тастай батып, судай сiңiп алған. Ал Украина мен Қазақстаннан мигранттарды күтудiң қажетi жоқ, олар келмейдi де. Одан қала бердi бұрынырақта Қазақстанның солтүстiк аймағындағы елдiмекендерден келiп жататын ағым да кенеттен тоқтап қалды. «Сонда бiз кiмге сенiм артамыз?» дейдi билiктегiлер. Бұның бiр ғана жауабы бар. Ол - Кавказ жағалауы халқын еншiлеу. Екiншi толқын - Тәжiкстан. Одан кейiн Өзбекстан, бәлкiм Түркiменстан болар. Себебi, аты аталған елдерде әлеуметтiк жағдайдың төмен екендiгiн, жұмыс орнының жоқтығын ескерсек, Ресейге ағылған көшке тосқауыл болмасы анық. Тағы бiр өкiнiштiсi, өзбек мигранттары әуелi бiзден бұрын Қазақстанға жол тартады. «Бiз алатын ұпайды Қазақстан иемденсе, сонда 800 мың мигрантты қайдан әкелмекпiз?!» деп күйiнедi тағы бiрде вице-премьер.

Қысқасы, Ресей басшылары бұл жағдайды басқа қырынан қарастырып, айналып келгенде қытай миграциясын тарту керек дегенге тоқтайды. Бiрақ таяқтың екi ұшы болатыны секiлдi, қоғам бұл халықты ТМД, Балтық жағалауы елдерi тұрғындарындай жақын тарта қоймайды. Оның үстiне «Қытай Ресейден көш iлгерi өркениеттi қоғамды басынан өткерiп отырған мемлекет. Сол себептен ары кетсе 5-7 жылдан кейiн бiз оларға керек болмай да қаламыз» дейдi ол.

Демографиялық көрсеткіштер

Ресей аумағында XX ғасырдың 90-жылдарынан бері халықтың ұдайы өсуінің қазіргі типі орнықты. Қазіргі кезде туу коэффициенті 12, 1°/00, өлім коэффициенті 14, 6°/00 - Туудың азаюы мен өлім-жітімнің артуына байланысты 1992 жылдан бері табиғи өсу теріс көрсеткішке (-2, 5°/00) ие болды. Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Табиғи өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия, Тува республикаларында, Ханты-Манси АО-де байқалады. Жалпы алғанда, елде адамның өмір жасының ұзақтығы да қысқарды: 1990 жылы бұл керсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі кезде 66, 6 жасты кұрайды.

Демографиялық керсеткіштерге халықтың жас және жыныстық кұрылымы, көші-қон сипаты да әсер етеді. Қазіргі кезде Ресей халқының 17%-ы 14 жасқа толмаған балалар болса, 19%-ын жасы 60-тан асқан егде адамдар құрайды. Ел халқының 53%-дан астамын әйелдер құрайды. Соңғы онжылдықтарда басқа аудандардан көшіп келген жастар үлесі басым аудандарда (Ханты-Манси, Ямал- Ненец, Таймыр автономиялық округтері, Саха республикасы) туу көрсеткіші жоғары, өлім-жітім аз. Күшті урбандалған аудандарда туу көрсеткіші төмен, ал халық құрылымында егде адамдар басым кейбір қалаларда өлім саны көп.

Еңбек ресурстары

Ресейдің еңбек ресурстары 87 млн адамды қамтиды. Олардың басым көпшілігі (71 млн адам) экономикалық белсенді халық болып табылады. Жалпы алғанда, Ресейде жұмыссыздық деңгейі 9, 2% деп есептеледі. Бірақ жұмыссыздық деңгейі аумақ, бойынша үлкен айырмашылықтар жасайды. Ингушетия, Дағыстан, Қалмақ Республикасында оның керсеткіші кей жылдары 50%-ға жеткен. Ал экономикалық өрлеу тән Саха республикасында, сондай-ақ ірі қалаларда жұмыссыздың деңгейі 4-5%-дан аспайды. Елдегі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі өндірістік емес салада (57%), қалғандары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді.

Халқының ұлттық құрамы

Ресей көп ұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің; байырғы халқына жатады. Саны жөнінен басымы - орыстар, олар Ресей халқының 80%-ын құрайды. Орыс халқының ең басым ауданы - Орталық қара топырақты аудан, мұнда олардың үлесі 95%-дан асады. Ресей аумағында 30-дан астам ұлттық автономия құрылған, бірақ олардың көпшілігінде байырғы халыққа қарағанда орыстардың саны басым.

Тілдік құрамы жағынан Ресей халықтары, негізінен, үндіеуропалық (халықтың 89%-ы), алтай (7%), кавказ (2%) және орал (2%) 4 тіл семьяларына жатады. Ресейдің мәдени кеңістігінде орыс тілі мен мәдениетінің ғана емес, басқа халықтардың, соның ішінде шағын ұлыстардың тілі мен салт-дәстүрлерінің сақталуына айрықша көңіл бөлінген. Орасан зор аумақты алып жатқан Саха республикасының байырғы тұрғындары түркі тілдес якуттар болып табылады. Солтүстіктің басқа халықтары, негізінен, бұғы шаруашылығымен айналысса, якуттар атакәсібі болып саналатын жылқы өсіруден әлі қол үзген жоқ. Елдің солтүстігін, Қиыр Шығысты саны жағынан аз ұлттар мен ұлыстар мекендейді.

Ресейдегі халық тығыздығы

Экономикалық аудан
Халық тығыздығы,
адам/км 2
Экономикалық аудан: Солтүстік
Халық тығыздығы,адам/км2: 4
Экономикалық аудан: Солтүстік-Батыс
Халық тығыздығы,адам/км2: 39
Экономикалық аудан: Орталық
Халық тығыздығы,адам/км2: 60
Экономикалық аудан: Волга-Вятка
Халық тығыздығы,адам/км2: 31
Экономикалық аудан: Орталық қара топырақты
Халық тығыздығы,адам/км2: 46
Экономикалық аудан: Волга бойы
Халық тығыздығы,адам/км2: 31
Экономикалық аудан: Солтүстік Кавказ
Халық тығыздығы,адам/км2: 49
Экономикалық аудан: Орал
Халық тығыздығы,адам/км2: 24, 5
Экономикалық аудан: Батыс Сібір
Халық тығыздығы,адам/км2: 6
Экономикалық аудан: Шығыс Сібір
Халық тығыздығы,адам/км2: 2
Экономикалық аудан: Қиыр Шығыс
Халық тығыздығы,адам/км2: 1
Экономикалық аудан: Калининград облысы
Халық тығыздығы,адам/км2: 62, 5
Экономикалық аудан: Ресей, орта есеппен
Халық тығыздығы,адам/км2: 8, 5

Экономикалық аудандар бойынша да халықтың тығыздығы әртүрлі. Халық Орталық аудан мен Калининград облысында тығыз орналасқан, ал Қиыр Шығыс пен Шығыс Сібірде, Солтүстік ауданда халық өте сирек қоныстанған.

Халық тығыздығы табиғат жағдайларының қолайлы болуына тікелей байланысты. Ресейдің халық тығыз қоныстанған аудандарында табиғат жағдайы қолайлы болып келеді. Мысалы, Солтүстік Осетияда тығыздық 1 км²-ге шаққанда 80 адамды құраса, табиғаты қолайсыз Таймырда бұл көрсеткіш 1 адамға тең. Ірі қалалар мен олардың маңында халық тығыздығының жоғары болуын әлеуметтік-экономикалық жағдаймен түсіндіруге болады. Мысалы, Мәскеу қаласы мен облысында халық тығыздығы 1 км²-ге 320 адамға жетеді. Еуропалық бөліктің солтүстігінен басқа аумағын және азиялық бөліктегі Транссібір теміржолы бойындағы аудандарды қамтитын жолақта Ресей халқының 93%-ы тұрады. Елдегі ең ірі қалалар мен миллионер қалалардың барлығы дерлік осында орналасқан.

Солтүстікке және шығысқа қарай халық тығыздығы азая береді. Ел аумағының 2/3 бөлігін қамтитын Солтүстік ауданда бүкіл халықтың 6%-ы ғана тұрады. Бұл аудандарда қала халқының үлесі жоғары, ал қалалардың орналасуы минералдық ресурстарды өндірумен тығыз байланысты болады. Сібірдің оңтүстігінде (Алтай, Тува республикалары) де халық сирек қоныстанған, мұнда ел халқының 1%-ы ғана тұрады, бірақ ауыл халқының үлесі жоғары. Халықтың әркелкі орналасуы және көптттілік аумақта өте сирек қоныстануы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сефевилер мемлекеті
Қоғамда экстримизм мен терроризмге қарсы діни сананы қалыптастыру
Патшалық Ресейдің отарлау саясат және түркі халықтарының күресі
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы
Ежелгі адамдар, олардың дамуы, археология
«Түркі» этносы және этнонимі
Xvi-xviіі ғғ. қазақ-орыс елдері арасындағы дәстүрлі елшілік байланыстар тарихы
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
Қазақстанда отаршылдық дәуірдің басталуы
Дарк туризм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz