Тіл – мәдениеттің мәйегі


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Тіл - мәдениеттің мәйегі

Тіл - мәдениеттің мәйегі әрі мәдени аударылуды мүмкін етуші құрал. “Тіл дегеніміз не?” деген сұрақ басқа сұрақтардан гөрі ХХ ғасыр рухани жағдаятын анықтайтын сұрақ болған еді деп сенімді түрде айта аламыз. Бұл сұрақтың маңызы тіл мамандарының таза кәсіби қызығушылығының шегінен шығып тұр. Тілге деген түрлі көзқарастың қалыптасуы оны объективациялауға, яғни оны ізденіс пәні ретінде алуға деген талпыныстан туындаған. Бірақ әйгілі философ Л. Витгенштейннің драматизмге толы тәжірибесі көрсеткендей, тіл туралы сұрақтың тереңін ақыл-ойдың қарауына түгелдей сыйғызып жіберу мүмкін емес екен.

Естеріңізге сала кетейік, “Логикалық-философиялық трактаттарында” Л. Витгенштейн кемел таза тіл іздестіріп, соның мүмкіншілігін негіздеген болатын. Сол шығармасының қатты сындар соққысында қалғанын көрген әрі өзінің де тілге деген көзқарастарын қайта саралауға мәжбүр болған ғалым “айтып жеткізілуі мүмкін емес дүние жайлы үндемеген жөн” деп, біраз уақытқа дейін үн-түнсіз жүрген кездері де болған. Кейінірек ол өзінің тілге деген бастапқы ұстанымын түбегейлі түрде өзгертіп, “таза” тіл іздеу орнына күнделікті пайдаланыстағы “тазартылмаған” тілді қарастыруға кірісті. Нәтижесінде, ол “еш қоспасыз стерильденген” таза тіл болмасына көзі жетіп, тіпті, тілішілік контексті ғана емес, сонымен бірге, тілден тысқары жатқан контекстіні де ескеру керектігін тұжырымдады. Ақыр аяғында, Л. Витгенштейн тілді пайдалану барысындағы мағына концепциясын туындатты.

ХХ ғасырда тілді философиялық тұрғыдан жаппай зерттеу басталды деп жоғарыда айтқан едік. Сол зерттеулерді топтап, төмендегідей үш кезеңге бөліп, рет-ретімен тезистер арқылы былайша беруге болады:

1. Тіл - ойдың негізгі құралы. Сондықтан тілді оның логикалық мәніне сай пайдалану таным туралығын береді. Бұл түсінік - логикалық позитивизм жолындағылардың түсінігі.

2. Тіл - ойдан тысқары, трансценденталды әлем. Сондықтан тілді түсініксіз мағыналардан ажырату таза ойлауға әкелуі тиіс. Бұны феноменологиялық ұстаным дер едік.

3. Тіл ойдан бұрын болған құрылым, ендеше, тіл категориялары ой категорияларын анықтайды. Бұл жол - структурализм жолы.

Тілдік таңба арқасында адамзаттың бүткіл тарихындағы тәжірибесі жоғалып кетпей, қоғамдық игілік түрінде әлеуметтік дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етеді. Кез келген табиғи тіл - тарихи тұрғыдан қалыптасқан белгілік-таңбалық жүйе. Тілдей белгілік жүйеге өзінің мәдени мәнділігі жағынан басқа ешбір таңбалар тең келмейді. Тіл өте ыңғайлы әрі үнемді белгілер жүйесі. Сөйлегенде біз аса көп қуат жібермейміз, кейбіреулер, тіпті, одан рахат алады десе де болады. Үйреншікті тіліміз оңай, қарапайым болып көрінгенімен, ол өте көпқұрылымды, тарамдалған, иерархиялы, көпдеңгейлі белгілер жүйесі екендігін естен шығармау керек.

Мәдени жады тұқым қуалау жолымен, яғни генмен берілмейтіндігі белгілі. Демек, ол белгіге айналған, таңбалап салынған түрде ғана өз мұрагеріне жетеді. Белгі, таңба деп, ең кең де қарапайым түсінікте, алдын ала бекітілген әлеуметтік шарттылыққа сүйене отырып, әлдененің орнында тұрған, сол әлдененің орнын басып тұрғанның бәрін айтады. Адамзаттың жинақтаған білімі, шеберлігі, дағдысы, өзін-өзі ұстау формалары, салт-дәстүрлері тек қана нақты мәдениет жүйесінде қалыптасады. Сондықтан да белгі-таңба әрбір жаңа ұрпаққа сол ұрпақ тиесілі мәдениеттің мәдени ақпаратын сақтап, жеткізу үшін қажет деген сөз. Ондай тасымал түрлері өте көп (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, өнер және т. б. ) . Солардың ішіндегі ең бірегейі тіл деуге толық негіз бар.

Адамзат тарихының өн бойында орасан көп белгі-таңбалар жасалынды, оларсыз адам әрекетін көзге елестету де мүмкін емес. Нақты адам үшін сол белгілер, таңбаларды немесе солардың жүйесін игеру, білу оның басқа адамдармен қатынасқа кіресілі, тиесілі екендігін танытады. Өздігінен бір де бір таңба құнды емес, ешбір мәні жоқ, тек қана ол нақты бір белгілер жүйесіне ену арқылы және өзара қатынас құруы арқылы бағалы. Мысалы, сәлемдесуге арналған белгілер жүйесі бар. Біздер қол алысып, кеуде қағысамыз, біреулер - тәжім етіп, иіледі және т. с. с. Осындағы қол алысу, кеуде қағысу, тәж ету өздігінен ешқандай құндылық емес, ал, бірақ адамдар арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан алғанда олар үшін аса маңызды рәсім.

Барлық таңбалар жүйесі біріге келіп, белгілі бір социумның белгілі бір кезеңдегі мәдениетін құрастырады. Әрбір таңбаға белгілі бір мағына берілген, яғни әр таңба өзінің функциясы (қызметі) мен мазмұнына ие. Таңба мазмұны күрделі, көпжақты, сығыңқы ақпаратты бойына сыйғызады. Белгіге айналған әлем - аударылған әлем, өйткені ол өзінің түпкі нұсқасынан, түпкі жүйесінен мүлдем бөлек жүйеге, жаңа шындыққа айналдырылған әлем. Кез келген семиотикалық ізденісте белгі ұғымына сын көзбен қарауға тура келеді. Содан барып оның анықтамасын беру, оның тарихи дамуына тоқталу, оның басқа да таңбалаушылық тәжірбиелерге қатынасын және олардың арасындағы рөлін анықтау қажеттілігі туындайды.

Әдебиет деген алып байтеректің сандаған бұлақтардан

құралатыны даусыз

Қазақ әдебиеті деп аталатын ұлы ұғымды Қазақстан көлемімен ғана шектесек сыңар жақты көзқарас болар еді. Қазақ әдебиеті әлемдегі қазақ қоныстанған барлық елде өз өркенін жайып, тамыр тартты. Әсіресе, екі милионға жуық қандастарымыз қоныстанған қытай елінде де біздің әдебиетіміз өз жетістігімен өзгешеленеді, әрі қазақ әдеби мұраларының құнды да құнарлы қазынасы сақталған алып әдеби орта екені ақиқат. Ал, біз кейде сондай әдебиетімізбен мәдениетіміздің мәйегі болған қандастарымыздың құнды еңбегін бағалай алмай жатамыз. Жақында ғана Алматыда «Жазушы» баспасынан жарық көрген Шәміс Құмарұлының «Бөке батыр» романын оқып отырып ойларымыздың шындығына онан ары көз жеткіземіз. Осы орайда қытайда болған күндерімде жазушы Шәміс Құмарұлы ағамызбен сәті түсіп сыр бөліскен едім. Сөзіміздің дәлелі де мәйегі сол сұхбатымыз болсын.

«Көрінетіннің мәйегі»,

«Көрінетіннің мәйегі», Виннердің айтуы бойынша, қазіргі таңда барлығы мойындаған ақпарат теориясы болып табылады. «Ақпараттылықтың» әлі күнге дейін өркениеттілік сапа ретіндегі барлығы бірдей қабылдаған түсіндірмесі жоқ екендігі жайында айтылған болатын. Өйткені ақпараттың әмбебап анықтамасы жоқ. Ол да бір сусып тұрған шындық. П. Буастың көрсеткен парадоксы осында өте орынды: «Ғылымдар шегі көкжиек секілді: неғұрлым оған жақындай түссең, соғұрлым ол сенен алыстай бастайды».

Осыған орай, ақпараттың қандай да болсын анықтамасынан бас тарту дұрыс сынды. Себебі ол да Құдай, материя, энергия тәрізді іргелі өлшем болып саналады. Жалпы ақпараттық контекстіні мағыналылықпен толықтыру «қараңғы бөлмеде қара мысықты» іздеуді еске салады. Ақпараттық сөзжұмбақтың ерекшелігі сонда ол «мысықтың» бөлмеде барлығы қаншалықты күмәнсіз болса, оның көптеген фантомдарының барлығы да соншалықты анық.

Жаһандық нарық пен өндірістің жаһандық шеңберлік айналымы нәтижесінде жаһандық тәртіп орын алатын болғандықтан, ал ол тәртіп ақпараттық логика мен басқару құрылымын ұстанатын болғандықтан, саяси және экономикалық жүйелер субъективті түсіндірудің бұрмалауы мен шектеулерінен босатылады. Демек икемді де иліккіш әрі түр-түссіз таза ақпараттылық болады. Соған сәйкес адамзаттың үйреніп қалған әлем бейнесімен амалсыз қоштасуына тура келеді. Нақты (шынайы) мемлекеттік шекаралар ауаға сіңіп жоқ болады, оның орнына жаһандық «көлеңкелі» виртуал қауымдастық жасап шығу келді. Алдыңғы қатарлы «жүйе әкімшілері» ақпараттық пайғамбарларға айналып, «юзерлер», «шәйнектермен» біріге отырып, жаңа «ақпараттық әлеуметті» құрып барып, араласып кетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер туралы ой
Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы
Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі
ҚАЗАҚ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕР
XIX ғасыр әдебиеті жыраулар толғауларындағы архаизм, тарихи көнерген мағынасы түсініксіз сөздер текстологиялық талдау
Ұлттық тіл -- мәдениеттің іргетасы
Қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктері
Саяси мәдениет
Қазақстандағы ұлттық этникалық және әлеуметтік құрылымдарының негізгі қазіргі күнгі проблемаларының зерттелуі аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz