Еуропалық Одақтың кеңею проблемаларын және оған қатысты Францияның ұстанымындарын және жүргізіп отырған саясаты


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе3

1. Еуропалық Одақтың кеңею мәселесі және оған қатысты мәселелер8

1. 1. Еуропалық Одақ және оның қазіргі даму тенденциясы8

1. 2 Қазіргі кездегі Оңтүстік Шығыс Европа елдері және олардың даму үрдісі13

1. 3 Еуропалық Одаққа Шығыс Еуропа елдерінің қабылдану процесі20

2. Еуропалық Одақ және Франция28

2. 1 Еуропалық Одақтың саясатындағы Францияның орны және рөлі28

2. 2 Еуропалық Одақтың кеңею мәселесіндегі Францияның ұстанымы және саясаты37

3. Еуропалық Одақтың кеңею процесі, нәтижесі және болашағы51

3. 1 Франция және Еуропалық Одақтың кеңеюінің маңызы, нәтижесі51

3. 2 Еуропалық Одақтың дамуының стратегиясы және болашағы58

Қорытынды62

Пайдаланылған әдебиет тізімі мен сілтемелер:67


Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі: Соңғы жарты ғасырдан астам уақыттан бері ұдайы, қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық процесстер халықаралық деңгейде әскери-саяси және әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-мәдени ынтымақтастық салаларды қамту арқылы тамырын тереңдетіп қана қоймай, өзінің аясына тұтастай аймақтар мен жекелеген жаңа мемлекеттерді тарту арқылы географиялық жағынан ауқымын кеңейтіп келеді. Біртұтас әлемдік экономикалық-шаруашылық жүйені қалыптастыруды ұран етіп көтерген әлемнің жоғары дамыған елдерінің бастамасы қазіргі таңда қарқын алып келе жатқан жаһандану процесінің қайтымсыз заңдылықтарға бағынатындығын көрсетіп отыр. Жаһандану процесінің түпкілікті мақсаты мемлекеттер мен аймақтар арасындағы өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік-экономикалық даму алшақтығын жою идеясы болып табылғанымен аталмыш процестің қазіргі таңдағы ұмтылыстары барысында пайда болған қиындықтар мен таласты мәселелердің орын алуы шешімін күтіп отырған көптеген проблемалардың бар екендігінің дәлелі болып табылады.

Қазіргі таңда интеграция мәселесі өте өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Аймақтық болсын, әлемдік интеграция болсын қарқынды дамып келе жатқан үрдіс. Ал интеграциялық процесстің өркендеуіне мемлекеттер арасында жақындастық өте маңызды болып саналады және бірлестіктердің кеңеюі интеграцияны құрайды. Мемлекеттер арасында экономикалық жақындасудың тиімді жолдарын қарастырып, соны жүзеге асыру барысын талқыламаған аймақ жоқ болар. Аймақтық біртұтас интеграцияға қол жеткізу - үлкен мөлшерде жеңілдіктерге лып келеді. Әсіресе, 2008 жылдың тамыз айынан бастау алған әлемдік қаржылық дағдарыстан жекелеген ұлттық мемлекеттер болып емес, бірлескен аймақтық ұйымдар ретінде шығудың тиімді екені көзге көрініп тұр. Осы дағдарыс орын алғаннан кейін интеграциялық процестің тереңдей түсуі, ұйымдардың кеңеюінің қажеттігі пайда болды. Интеграцияның жетілген үлгісі Еуродақ болғандықтан, әлем назары осы ұйымның кеңеюінің жақсы, жаман әсерлерін еріксіз талқылау осы аймаққа ауады.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғысымен, Батыс Еуропадағы дамыған елдер әскери-саяси және экономикалық жағынан жақындасуға бет бұрды. Франция, Батыс Германия, Италия, Бельгия, Нидерланды, және Люксембург өздерінің ұлттық шаруашылығын біріктіруге кірісіп, біртұтас экономикалық жүйе құра бастады. 1950 жылдың мамырында Францияның Сыртқы Істер министрі Р. Шуман Еуропа елдерін бірлестікке шақырып, ГФР мен Италия жағынан қолдау тапты. Оларға Бельгия, Нидерланды, және Люксембург(Бенилюкс) қосылып, Еуропа болат және тас көмір бірлестігі (ЕБТБ) құрылды, яғни сол жылдары да мемлекеттер ұйымның кеңеюінің актуалдылығын білген. Сонымен, ХХІ ғасырдың басында одаққа тағы он екі мемлекет мүше болды. Бар - жоғы екі - үш жылдың ішінде одақтың мүшелер саны он бестен жиырма жетіге өсті. Бұл шынымен де қажетті шара ма еді деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жан - жақты жауап берушілер саны көп. Біреулер тиімді жақтарын айтып дәлелдеуге тырысса, біреулер бұл -одақтың біртұтас ұйым ретінде жұмыс істеуіне қауіп төндіреді дегенді алға тартады. Еуродаққа Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінің қосылуы қандай нәтиже беруі мүмкін, басқа елдерге, соның ішінде Францияның Еуропалық Одақтың кеңеюіне көз қарасы және ұстанатын принциптері қалай зерттеу тақырыбының өзектілігін арттыра түседі. Бұл мәселені жан-жақты зерттеу ЕО кеңею стратегиясы мен оның басқа мемлекеттерге қатысты ұстанған саясатының жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Еуропа шекарасының ұлғаюы, басқа мемлекеттерге қатысты ұстанатын саясат және т. б өзекті мәселелер Франция көмегімен шешілуде. Тараптар арасындағы қатынастар барлық дерлік саланы қамтиды. Алайда, әріптестік қатынастарға қарамастан Франция үшін Оңтүстік Шығыс Еуропа (ОШЕ) елдерін Ресей уысынан шығарып алу - бірқатар мүдделері мен өмірлік ұстанымдарын батысқа беріп қоюымен аяқталады. Сол үшін Ресей Еуропалық Одақ шекарасының ұлғаюына қарсылығын білдіреді. 2004 жылы орын алған ЕО-тың кеңеюі екі тарап арасындағы байланыстарға қалай әсер етуі мүмкін деген сұраққа да жауап іздеу зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындай түседі.

Диплом жұмысының мақсаты: Еуропалық Одақтың кеңею проблемаларын және оған қатысты Францияның ұстанымындарын және жүргізіп отырған саясатын айқындау, талдау, ашып көрсету.

Жоғарыда анықталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:

  • Еуропалық интеграцияның тарихын сараптай отырып, оның қазіргі кездегі даму жағдайына баға беру;
  • Еуропалық Одақтың даму кезеңдерінің ерекшеліктерін талдау;
  • Еуропалық Одақтың кеңею барысында пайда болған жаңа аймақтық мәселелердің себептерін ашып көрсету;
  • Еуропалық Одақтың кеңеюіндегі Францияның ұстанатын позицияларына талдау жасау;
  • Еуропалық Одақтың өткен және қазіргі жағдайын бақылау арқылы оның болашағына, стратегиялық дамуына болжам жасау;

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Еуропалық Одақтың кеңею проблемасы және оған Францияның ұстанымы әсіресе, кеңестік тарих, саясаттану, экономика, заң ғылымдарында кеңінен зерттелген тақырып. Ал батыста бұл тақырып, еуропалық интеграцияның пайда болу сәтінен және социалистік жүйенің ыдырап ОШЕ елдерінің тәуелсіздігін алуы, соғыстан кейінгі еуропалық ұқсастық ұғымдары сияқты сол кездегі тың тақырыптың көлеңкесінде қалып келді. Еуропалық интеграция, ЕЭҚ пен жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасындағы байланыстар мәселелері жекелеген ғылыми зерттеулер ауқымында қарастырылғанымен, Батыс Еуропа ғалымдардың іргелі зерттеу объектісіне айналған жоқ.

Қазіргі кездегі тарихи-саяси әдебиетте Еуропалық Одақ пен еуропалық интеграция мәселелерінің сан-саласын ашып көрсететін еңбектер жетерлік. Солардың қатарында ең алдымен шетелдік авторлардың еңбектерін атап өткен жөн. Еуропалық Одақтың кеңею стратегиясы мен кеңею үдерісі барысында орын алған қиындықтар мен шешімі күрделі мәселелер жөнінде мағлұмат берген авторлардың арасынан М. Санта Лопестің «The Impact of Soft Europeainzation on Multi-Level Governance and Domestic Balances of power» атты еңбегін айрықша атап өтуге болады [1, p. 201] . 2004 жылғы ЕО-ның кеңею туралы шешімі туралы атап айтқанда, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің Еуропалық Одаққа мүше ретінде қабылдау барысында туындаған мәселелерге талдау жасаған авторлардың бірі А. Аг болып табылады Оның 2005 жылы жарық көрген «Regional capacity-building and social change in the new member states: The case of Hungary in an ECE contex (full version) . Paper for the ECPR joint session of workshops» атты еңбегі Еуропалық Одақтың кеңею тәжірибесінің осал және тиімді жақтарын ашып көрсетуге арналған [2, p. 16] . Еуропралық Одақтың кеңеюі барысында өзінің өзектілігін арттыра түскен мәселелердің бірі бұл - ЕО-ға мүше болған жаңа мемлекеттері азаматтарының Батыс Еуропа елдеріне миграциясы мәселесі болып табылады. Бұл мәселеге басты назар аударған авторлардың бірі американ зерттеушісі Р. Брубейкер болып табылады. Өз еңбегінде автор азамат еместердің экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен міндеткерліктері қарастырған, нақтырақ айтатын болсақ, шетелдіктердің жұмыс күшінің нарығы, иммигрант мәртебесіне жету жолы, мемлекеттік мекемелердегі мәртебесі, кәсіпкерлік әрекеттер және шағын бизнес құру, олардың экономикалық мәртебесі, әлеуметтік құқықтарына толық талдау жасаған [3, p. 1] .

Осы тақырыпқа қалам тартқан американ зерттеушісінің бірі Ч. Капчан өз еңбегінде Еуропадағы орын алған демографиялық төңкеріс оның бейнесін өзгертуде, ал туу көрсеткішінің төмендеуі иммиграция ағымдарының өсімімен қатар келуі дәстүрлі еуропалық ұлттық мемлекеттерінің этникалық біртектілігінің соңымен ұштасады деген тұжырымға келеді [4, c. 1] .

Итальян зерттеушілерінің бірі К. Каданьоненің еңбегін атап өтуге болады. Аталмыш жұмыста автор иммиграция екі әр түрлі саяси семантика - экономикалық немесе функционалды мәселелерде негізделген және мәдениет, тұрмыс қалпы және дәстүрлерге негізделген - тоғысында орналасқандығы туралы тұжырымдайды. Осыдан автор миграциялық саясат жүргізуге тиесілі мәселелерді шешу барысында қоғам өмірінің демографиялық аспектілерін, жұмыс кадрларымен қамсыздануын және мемлекеттегі «мәдени жағдаймен» танысуға баса назар аудару қажеттілігі туралы айтады [5, p. 35] .

Неміс теоретигінің бірі Дж. Дельбрюк өз мақаласында «ашық республика» идеясымен мемлекеттік саясаттан иммигранттарға қатысты натурализация аспектін алып тастап, оны тек конституциялық заңдылық және демократия шеңберінде жүргізуге ұсынады [6, c. 21] .

Еуропалық Одақ тарихы мен оның кеңеюі процесін зерделеген орыс авторларының арасынан И. И. Хохловтың «Наднациональность в политике Европейского Союза» еңбегін ерекше атауға тиістіміз. Себебі ол өз кітабында ЕО-дағы ұлт үсті құрылымдардың пайда болу факторларын анықтап оларға баға берген [7, c. 34] . Еуропалық Одақтың кеңеюі барысындағы Ресейге қатысты ұстанған позицияларын срапқа салған авторлар В. Н. Сумароков және Н. В. Сумароков болып табылады. Олар өздерінің «Расширение Европейского Союза и внешнеэкономические связи России» атты зерттеулерінде Еуропалық Одақтың қазіргі кездегі кеңеюі барысындағы жаңа ағымдар мен қарама-қайшылықтарға Ресеймен қатынастар аспектісінде алып қарастырады [8, c. 57] . Ал отандық авторлар арасынан осы тақырыпқа өз еңбектерін арнаған бірқатар авторлар бар. Аталмыш тақырыпты АҚШ-ЕО және АҚШ-Орталық Азия, АҚШ-Қазақстан қырлары бойынша зерттеп жүрген авторлардың қатарында -

редакциясын профессор Ж. О. Ибрашев басқарған «США и страны Центральной Азии: реалии и перспективы» атты еңбекті Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы ынтымақтастың салаларына зерттеулер жүргізілген. Аталған тақырыпқа қалам тартып жүрген зерттеушінің бірі М. С. Әшімбаев Оның осы тақырыпқа арналған «Сотрудничество стран Центральной Азии и США по обеспечению безопасности в регионе» атты мақаласы АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы қауіпсіздіктің қыр-сырларынан мәліметтер береді. Бұлардан өзге Д. Шороховтың «Вопросы информационной безопасности в условиях формирования ноополитики на примере США»., Д. Б. Қыдырбекұлының «Геостратегия США в Казахстане: от глобального и малому измерению»., И. Л. Буранашовтың «Центральноазиатский комплекс безопасности»., И. А. Черныхтың «Соединенные Штаты и Европейский Союз в комплексе безопасности в Центральной Азии: сравнительный анализ позиции» атты монографиялары мен мақалаларын атауға болады [9, c. 16]

З ерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысының алдына қойған мақсаты мен міндетін жүзеге асыруға негіз болған деректерді сипаты мен маңызына қарай алты топқа бөлуге болады. Олар: Еуропалық Одаққа мүше ретінде қабылданған ОШЕ елдері мен ЕО-ға мүше-мемлекеттердің ұлттық конституцялары, заң актілері және қаулылары; мемлекет қайраткерлерінің мемуаралары мен сұхбаттары; дипломатиялық құжаттар; бұқаралық ақпарат материалдары; статистикалық жинақтар мен анықтамалар.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытындылары құрайды. Дипломдық жұмыста тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері колданылды. Сонымен қатар кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмыстарына арқау болды. Бұл әдістер Еуропа Одағының сыртқы саясатындағы ОШЕ елдерінің әрқайсысының орнын жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп, оның нәтижесін шығару үшін, сол арқылы баяндау, талдау және болжау түрінде негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін ғалымдар әртүрлі әдістерді зерттеген. Берілген зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда негізгі әдістеме ретінде жаңа құрылымдық функционализм қолданылды. Саяси құбылыстар субьектілер арасындағы өзара әрекеттің байланысына және оның сипатына құрылым деңгейінде баға беруді талап етеді. Сондықтан халықаралық қатынастар мен мемлекеттің сыртқы саясатын зерттеудің едәуір қажетті әдістемесі дәстүрлі және рационалды әдістерді қамтитын жаңа геосаясат болып есептелінеді. Ол реалистік идеализм концепциясы болып табылады да, жаңа құрылымдық функционализмге сүйенеді. Ал ол кезегінде Т. Парсонс, М. Абрахамсон, Н. Смелсер, У. Мюре, С. Исенстад, М. Тавада, К. Томсон, Д. Яо сияқты ғалымдар зерттеген құрылымдық-функционалдық талдаудың дамуы болып табылады[10, p. 21] . Жаңа геосаясатта саяси құбылыстар экономика, саясат, идеология және географиялық жағдайлар сияқты төрт қызметтің өзара үйлесімділігі болып табылады. Ал ішкі өзара әрекет қызметтер арасындағы себеп-салдарлы байланысқа сүйенеді, сондықтан жеке қызметтердің тұрақтылығының бұзылуы бүкіл құрылымның қайта ұйымдастырылуына, кері кетуіне әкеп соқтырады.

Жұмыстың нәтижесі. Дипломдық зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын негізігі тұжырымдар мыналар:

  1. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің Еуропалық Одаққа кіруінің маңызды стратегиялық геоэкономикалық үрдістері. Ұйымның құрылуына әсер еткен Францияның Еуропалық Одақтағы орны, ролі және оның кеңею жоспарына көз қарасының анықталуы.
  2. Еуропалық Одақтың ОШЕ елдеріне қатысты сыртқы саясатының теориялық негізін ашумен қатар Еуропалық Одақ сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен ұстанымдарын айқындау тараптар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы мен дамуындағы мәселелерді зерттеуге мүмкіндік береді
  3. Тараптар арасындағы саяси байланыстарды дамытуда ЕО мен ОШЕ-нің кейбір жекелеген елдері арасында қол жеткізілген уағдаластықтар мен келісімдерді басшылыққа ала отырып сыртқы саясатта белгілі бір іс-шараларды жүзеге асыру тараптар үшін маңызды болып табылады.
  4. ЕО мен ОШЕ елдері арасындағы негізгі мүдде экономикалық байланыстар ынтымақтастықтың маңызды саласы болып табылады.
  5. Әділ басқару, адам құқығы, мен демократиялық құндылықтары құрметтеу, қақтығыстарға араласпау ЕО пен жаңа мүше-мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы негізгі шарттар болып табылады. Осы орайда, аталған мәселелер бойынша ЕО пен жаңа мүше-мемлекеттер арасындағы қатынастарды дамыту және оны жүзеге асырудың нақты механизмдерін қалыптастыру және құқықтық негіз қалау мәселесі өзектілікке ие болады.
  6. Құрамына Еуропаның 27 мемлекеті кіретін ЕО ішіндегі даму және кеңею процесі ауқымында сан-саланы қамтитын әріпсетік байланыстар қазіргі кездегі ұжымды дипломатияның зор жемісі болып табылады.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық зерттеу кіріспеден, үш тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.


1. Еуропалық Одақтың кеңею мәселесі және оған қатысты мәселелер
1. 1. Еуропалық Одақ және оның қазіргі даму тенденциясы

Еуропалық Одақ -ұлт үстіне қарайтын басқару күші дамыған, Еуропаның 27 мемлекетінің басын құрап отырған аймақтық, мемлекетаралық саяси-экономикалық бірлестік болып табылады. Одақ құрамына Австрия, Бельгия, Вен-грия, Ұлыбритания, Германия, Гре-кия, Дания, Ирландия, Испа-ния, Ита-лия, Кипр, Латвия, Литва, Люк-сембург, Мальта, Нидерланды, Поль-ша, Португалия, Словакия, Слове-ния, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Эстония елдері кіреді. Еуропалық Одақ институттары Еуропалық парламент, Еуропалық кеңес, Еуропалық комиссия, Аудиторлық сот, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Еуропалық инвестициялық банкі, Еуропалық орталық банк. Еуропалық парламент тікелей дауыс беру арқылы бес жылға сайланатын 732 депутаттрадан тұрады. Депутаттар саны жағынан ең көбі Германиядан, одан кейін Франция, Италия, Ұлыбритания, әр қайсысы 78 депутаттардан тұрады. Испания, Польша 54, Нидерланды 27, Бельгия, Грекия, Португалия, Венгрия, Чехия 24, Швеция 19, Австрия 18, Дания, Словакия, Финляндия 14, Литва 13, Словения 7, Кипр, Эстония, Люксембург 6, Мальта 5 депутаттан тұрады[11, c. 1] .

Еуропалық Парламенттің өкілеттілігі аса ауқымды. Ол Еуропалық кеңеспен білесе отырып заңнамалық функцияларды жүзеге асырады және жұмыс күшінің қозғалысына, кәсіпкерлікке, білім беру мен зерттеу жұмыстарына, қоршаған ортамен денсаулық сақтауға, тұтынушыларды қорғауға қатысты мәселелер жөнінде тиісті шешімдер қабылдауға құқығы бар.

Еуропалық Кеңес одақтың өкілетті шешім қабылдайтын басты органы. Оның құрамы одаққа мүше 27 елдің әр түрлі салалық министрліктерінен тұрады. Кеңес Еуропалық парламентпен бірлесіп одақтың заңнамалық актілерін, бюджетін қабылдайды. Сонымен қатар, Еуропалық комиссия қабылдайтын халықаралық келісімдерді бекітіп және одаққа мүше елдердің экономикалық саясатын үйлестіруге жауап береді. Кеңесте төрағалық кепіл әр жыл сайын ротациялық негізде ауысып отырады. Еуропалық кеңестің бас хатшылығы Бруссельде орналасқан.

Еуропалық Комиссия Еуропалық Одақтың атқарушы органы, әрі Еуропалық экономикалық кеңістікпен атом энергиясы жөніндегі Еуропалық кеңістікке жетекшілік жасайтын институт. Комиссия 1967 жылдан бері жұмыс істеп келеді, оның 20 мүшесі бар. Комиссия мүшелерінің сол елдегі үкіметі бес жыл мерзіміне тағайындалады. Ал Комиссия президенті одаққа кіретін елдер үкіметімен бірлескен шешімімен тағайындалады, оны Еуропалық Парламент бекітеді. Комиссия Еуропалық Одақтың шарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Оның штаб пәтері Брюссельде орналасқан 26 декторатпен арнайы қызметкерлерден тұрады[12, c. 350] . Комиссияның қазіргі президенті Португалияның бұрынғы президенті Жозе Монуель Боррозо. Бұл қызметті 2004 жылдың қарашасына дейін Италияның бұрынғы президенті Романно Проди атқарған.

Бұл Одақтың құрылу тарихы жарты ғасырдан астам уақытты қам-тыды. 1948 жылы Маршалл жос-парының аясында АҚШ-тан келетін көмекті реттеу үшін Еуро-палық экономикалық ынтымақ-тас-тық және даму ұйымы мен Бени-люкс (Бельгия, Нидерланды, Люк-сембург) құрылды. 1949 жылы Еуро-па кеңесі ұйымдастырылды.

1951 жылы сәуір айында құ-ра-мын-да Бельгия, Италия, Люксем-бург, Нидерланды, ГФР және Фран-ция бар алты ел Көмір мен болат жөніндегі еуропалық бірлес-тікті құру туралы тарихи келісім-шартқа қол қойды.

1957 жылы наурызда Еуропалық эко-номикалық қауымдастық пен Атом энергиясы жөніндегі еуро-па-лық қауымдастықты құру мәселесін шешкен Рим келісім-шарты еуро-па-лық құрылыстағы маңызды қа-дам болды. Олар кеден одағын қа-лып-тастыруға, ішкі сауда кедер-гіле-рін жоюға және бейбіт мақсаттағы атом энергетикасын дамытуға бағытталған әрекеттер еді[13, c. 279] .

1967 жылы жоғарыдағы үш қауымдастықтың атқару органдары бірікті. Осының нәтижесінде Еуропалық комиссия, Кеңес, Пар-ламент, Сот секілді негізгі инсти-тут-тардың өкілеттілігін қамтамасыз ететін базалық құрылым дүниеге келді.

1987 жылы шілдеде Еуропалық Парламенттің өкілеттігін нығайту-ды қарастырған Бірыңғай Еуропа-лық Акт күшіне енді. Бұл құжат тауарлар мен қызметтер және қаржы капиталын еркін қозғалысқа енгізуге мүмкіндік беретін бірыңғай ортақ рынокқа көшудің мерзімдік кезеңдерін де қарастырды.

Ал 1993 жылы қаңтарда қол қой-ылған Маастрихт шартын Еу-ро-палық Одақтың конституциялық негізі деп те атауға болады.

1999 жылы мамырда интегра-ция-ланудың әртүрлі кезеңдерінің жалпы нұсқасын айқындаған Амстердам келісімі күшіне енді.

2000 жылы 7-8 желтоқсанда Ниц-шеде өткен саммитте құрамы әр жыл сайын өсіп, бүкіл Еуропа-ны бауырына ала бастаған Одақты кеңейтудің жаңа стратегиясы бел-гі-ленді. Ал 2001 жылдың желтоқ-са-нында Бельгияда өткен саммитте қабылданған декларацияда Еуро-па-лық қауымдастықтың алдында тұрған ішкі-сыртқы міндеттер, әлем бойынша қауымдастықтың жетек-ші-лік рөлін қамтамасыз ету мәсе-ле-лері, оның бұрынғы қабылданған заң-да-рын оңтайландыру арқылы ре-форма жасау жайлары қарас-ты-рылды.

Саммитте сондай-ақ Еуропаның болашағы туралы Конвент құру жөнінде шешім қабылданып, Кон-венттің төрағалығына Францияның бұрынғы президенті В. Жискар д’Эстен тағайындалды. Конвент құрамына әрбір ұлттық үкіметтен бір-бірден, әрбір ұлттық парла-менттен екі-екіден өкіл кірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туркия республикасының құрылуы
Солтүстік атлантикакалық шарт ұйымы қызметінің халықаралық-құқықтық қырлары
Еуропалық Одақ жайлы
Ядролық әріптестік мәселелері
Шарль де Голльдің тұжырымдамаларын іске асырудағы басты қадамдары
ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕҢЕУІ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ
Еуропалық одақтың кеңеюі: жетістіктері мен қиыншылықтары
Қасиетті Одақтың қызметі
Ортақ нарықтың басымдылықтары
Кеңес одағының ыдырауынан кейінгі ТМД елдеріндегі интеграциялық байланыстардың жүзеге асуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz