Сақтар мәдениеті


Жоспар
І. Кіріспе
Сақтар
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сақтар жазуы
2. Сақ мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Бұл халық өзін өзі сака, сақа деп атаған, (аккадша: ashkuza; қыт. 塞 - Sai, көне қытайша: *sək) .
Оларды көне юнандар скифтер (гр. skythai) деп атаған. Ол туралы юнан тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағрапияшы Страбон «Жағрапиясында» жазып қалдырған.
Сақтар мекендеген жерлер.
Сақтар - б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді.
Қоныстанған жерлері
Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ. ) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.
Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда енген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер) ; тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер) ; тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар) . Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу - Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызия, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:
парадрая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) - еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;
хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) - Ферғана алқабын мекендеушілер;
тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) - Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сақтар жазуы
Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б. з. д. V-IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай "Ақ сықын" - "Ақ марал" деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған "Алтын адамның" қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларына ұқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, өсіресе грек, арамей әріптеріне ұқсас. Оны да А. Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Жазудың мазмүны мынадай екен:
"Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!) !" Зерттеушінің пікірінше, бұл сақ дәуірінде түркі тілінде жазылған, яғни бүдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес сақ тайпалары әліпбиін жазуды білген.
Өткен ғасырдың 60-жылдары Іле өзенінің оң жағасындағы Тайғақ шатқалынан көне тибет жазуы, көне грек әліпбиіндегі жазу табылды. Ғалымдардың пікірінше, грек алфавитімен жазылған жазудың сыртынан айналдыра тибет жазуын жазған. Жазуды грек әліпбиін білетін буддалық монах жазған болуы керек. Қарлұқтар заманында (VIII ғасыр) Жетісу жеріне келген тибеттіктер тау-тасқа өздерінің буддалық дұғаларын ойып жазған.
Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке қосылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі - руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған.
Көне түркі руналық жазуы Қазақстанда Талас, Ертіс, Сыр, Іле өзендерінің қойнауларында табылған.
Бұл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың "кілтін" тапқан - Дания зерттеушісі Вильгельм Томсен. Осы көне түркі жазуларын сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның руналарына ұқсатып, бұл жазуларды да руналық, яғни "құпия" жазу деп атап кеткен.
Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған құлпытастардағы жазу. Көне түркі руна жазулары қашау әдісімен тасқа, түрлі бұйымдарға (ағаш қасық, күміс тостаған, ыдыс) ойып, сызып жазылған. Руналық жазбада 35 әріп бар, бұдан басқа төрт таңба лт, нт, нг, рт деген дауыссыз дыбыстар тіркесін береді. Жазу оңнан солға қарай оқылады. Түркі жазбаларына Тоныкөк (Улан-Батордың жанында) ескерткішіндегі жазулар да жатады.
Қазақстан жерінен табылғандары - Талас өзені бойынан табылған тас мөрдегі жазу Алматы облысындағы Кетпен тауындағы тастағы жазулар (үш жерде), Есік қаласының түбінен табылған күміс тостағандағы жазу. 1960 жылы Сыр бойындағы Шардара суқоймасын саларда ескі қамал орнынан саз балшықтан күйдіріліп жасалған түркі жазулы мөр табылды.
Бұрынғы Семей облысының Үржар ауданынан, Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданынан көне түркі жазуы бар екі қола айна табылған. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданынан табылған көне түркі жазуы және Жайық өзені бойынан табылған қола айнадағы руна жазуының тарих үшін маңызы зор.
Көне түркі жазуларында, әсіресе құлпытастардағы жазуда Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған, т. б. сияқты түркі елбасыларының істеген ісі, түркі жұртының сол кездегі жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың дүниетанымы сипатталады. Күлтегін ескерткішін оның ағасы Білге каған қойғызған. Жазу мынадай сөздермен басталады: "Тәңірідей тәңірден жаралған Білге (дана) қаған бұл таққа отырдым. Сөзімді түгел естіңдер, жалғасқан іні-жиенім, ұлым, руым, халқым . . . Көңілдегі қандай сөзім болса, мәңгі тасқа жаздым. Оны көріп, сонша біліңдер!"
Білге қаған тұсында түркі елі дәуірледі. Ол өте жігерлі, кайратты, әділ, ақылды елбасы болды. Ол жазуда өзі туралы былай дейді: "Түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды, қара терімді ағыздым. Жалаңаш халықты киіндірдім, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп цылдым".
Орта ғасырлардағы жазу-сызу
Ерте орта ғасырларда түркі халықтары өздерінің төл жазуымен бірге соғды жазуын да пайдаланған. Соғды жазуы дегеніміз - орта ғасылардағы парсы жазуы. Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында "ұйғыр жазуы", кейінірек "найман жазуы" деп атаған.
Түркі халықтары ислам діні енген кезден бастап (VIII-XII ғасырлар) араб әліпбиін де қолдана бастайды.
Қарахан мемлекетінен бастап іс қағаздары араб әліпбиімен жүреді. Араб әліпбиімен хатқа түскен сол заманғы еңбектер мыналар:
Махмұд Қашқари "Диуани лұғат ат-түрік",
Жүсіп Баласағүни "Құтты білік",
Қожа Ахмет Йасауи "Диуани хикмет",
Сүлеймен Бақырғани "Хикмет",
Рабғузи "Қиссауыл әнбия" ("Әулиелер дастаны", "Оғызнама"
(IX-X ғасырлар),
Әбілғазы Баһадүр "Түрік шежіресі", т. б.
Көне түркі тілі, жазуы - бүгінгі өзбек, қазақ, ұйғыр, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтарына ортак мұра. Түркі тілі, жазуы негізінде осы аталған қазіргі түркі тілдес халықтардың әдеби тілдері қалыптасты.
Түркі тіліндегі осы деректерде айтылған жазулар тіл ғылымында руна жазуы деп аталған. Ол Скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан - В. Томсен. Одан кейін Орхон жазуларын орыс тіліне аударған түрколог В. Радлов болды. Сөйтіп, XIX ғасырдың соңында руна жазуының кұпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетті.
Түркі жазуы бір-бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптен тұратындығы белгілі. Кейбір ғылыми пікірлерге қарағанда, көне түркі жазуының пайда болуына соғда әріптері пайдаланылған немесе әсері тиген. Бұл екі жазудың әріптерін бір-бірімен салыстырып қараса, екеуінің бір-біріне ұқсас еместігін байқау онша қиын емес. Керісінше, түркі әліпбиінің көріністері олардың ру-тайпаларының таңбаларына ұқсас. Олай болса, "Түркі жазуының пайда болу негізі олардың таңбаларында жатқан жоқ па?" деген орынды сұрақ туады.
Түркі дәуірінен қалған атақты "Күлтегін", "Білге қаған" сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан жөне бір байқалатыны - өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған.
Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жатқан мемлекеттермен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген.
2. Сақ мәдениеті
САҚ МӘДЕНИЕТІ - ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б. з. б. 7 - 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т. б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т. б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.
Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.
Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.
Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде әлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б. з. б. 7 - 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады. Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар.
Ғалымдар хайуанаттық нақыштың даму барысын үш кезеңге бөледі.
Ерте кезеңге (б. з. б. 8 - 7 ғ-лар) тән маңызды белгілерге жануарлардың қозғалыссыз немесе басын бұрып тұрған (түрегеп тұрған немесе жатқан) сәтте берілуі жатады.
Екінші кезеңде (б. з. б. 6 - 4 ғ-лар) хайуанаттық нақыш стилистик. қайта қалыптасуды бастан кешіреді. Статик., яғни қозғалыссыз, көбіне жалғыз тұрған бейнелердің орнына динамикаға толы бейнелер, олардың күрделі топтамалары келеді. Жануарлардың өзара айқасы немесе жырқыштардың шабуылы, әсіресе денесі бұралып берілген бейнелер осы кезеңге тән.
Үшінші кезеңде (б. з. б. 3 - 2 ғ-лар) өнердің дамуында саябырлау мен құлдырау байқалады. Хайуанаттық нақыш бірте-бірте ою-өрнекке айналған. Оның орнына атақты ғұн дәуірінің ескерткіштері келген.
Тарих, археология ғылымдарында сақтардың хайуанаттық нақышының шығу тегіне байланысты екі түрлі пікір бар.
С. Руденко, М. Артомонов сияқты ғалымдар бұл өнер, ең алдымен, Алдыңғы Азиядан бастау алған, оның сақтар арасында қалыптасуына сақтардың б. з. б. 7 ғ-да Алдыңғы Азияға (Мидия) жорық жасауы әсер еткен десе,
К. Ақышев, С. Киселев, С. Черников, т. б. зерттеушілер Алдыңғы Азия өнерінің сақтарға ықпалы болғанымен, бұл ықпал б. з. б. 6 ғ-дың соңына таман, ахемен әулеті дәуірі тұсында бой көрсеткенін айтады (дәл осы кезде сақтарға мүлдем тән емес арыстан, фантастикалық арыстан-грифон, ортада қасиетті ағаш немесе құдай бейнесі бар геральдик. композициялар, лотос түйіні немесе оның гүлі араласқан өсімдік оюлар расында да пайда болады) . Олар хайуанаттық нақыштың шығу тегі жергілікті ортамен, далалық тайпалардың соңғы қола дәуіріндегі мәдениетімен байланысты деп санайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz