Компьютерлік графика бағытының информатика пәнінде қамтылуы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әр түрлі ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет. Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын. » деп атап өтті.
Қоғам мен білім беруді ақпараттандыру- жауапкершілік сезімі мол, терең білімді, жаңа қоғамды жасаушы мамандар санының арта түсуін талап етеді. Барлық типтегі оқу орындарын, соның ішінде, жоғары оқу орындарын бітірушілердің кәсіби даярлығына қойылатын талаптар жоғарылауда. Білім берудің пәндік құрамы да толықтырыла түсуде. Информатика - іргелі және қолданбалы ғылым түрінде өндірістік күшті дамытудың және жаңа ақпараттық технологияның базасы ретінде, адамзат білімі жүйесіне өз үлесін қосып отыр және дербес меңгеруді талап етеді. Ақпараттандыруда - білім беру жүйесі және онымен байланысты адамзат әрекеттерінің түрлері де бірге қалыптасады, нақтырақ айтқанда ол заманауи технологияның әсерімен маңызды өзгерістерді басынан өткере отырып оларға ықпал етеді. Бұл мәселеде әсіресе жоғары кәсіби білім беруді жетілдірудің алатын орны ерекше. Ақпараттық қоғамда өмір сүріп өсіп келе жатқан жасөспірімдер үшін компьютерлік графика олардың сүйікті жанрларының бірі болып табылуда. Компьютерлік графика қазіргі қоғамда қарқынды түрде дамып келе жатқан информатика ғылымының бір саласы. Мысалы, Фирмалық таңбаларды (хаттар, құттықтаулар, әртүрлі белгілер) жарнамаларды құру. Компьютерлік графиканы түрлі салаларда қолданудың маңызы зор. Сондықтан мектептерді компьютерлендірудің дамуына байланысты соңғы жылдары компьютерлік өнеркәсіптерді дамытуда жас пайдаланушылардың саны айтарлықтай өсуде. Осыған байланысты жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен мектеп информатика курсының "компьютерлік графика" мазмұндық бағыттың оқыту әдістемесін жетілдіруіне байланысты 11-сыныпқа арналып құрастырылды
Жұмыстың көкейкестілігі :
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауындағы басым бағыттардың бірі ретінде педагогтардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жүйесін әлемдік стандартқа жақындату мәселесі қарастырылды.
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде ақпараттық білімді қалыптастыруда түрлі қиыншылықтар кездесуде. Атап айтсақ, пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жағдайында оқу бағдарламаларының мазмұны компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру мен офистік бағдарламаларды үйретумен ғана шектеліп келеді. Бұл мазмұн АКТ құралдарының жеделдетіп дамуына байланысты педагогтардың дайындық деңгейіне сай келмейді.
Сондықтан қоғам мен білім беруді ақпараттандыру- жауапкершілік сезімі мол, терең білімді, жаңа қоғамды жасаушы мамандар санының арта түсуін талап етеді. Барлық типтегі оқу орындарын, соның ішінде, мектеп оқушыларының бірушілеріне кәсіби даярлығына қойылатын талаптар жоғарылауда. Білім берудің пәндік құрамы да толықтырыла түсуде. Информатика - іргелі және қолданбалы ғылым түрінде өндірістік күшті дамытудың және жаңа ақпараттық технологияның базасы ретінде, адамзат білімі жүйесіне өз үлесін қосып отыр және дербес меңгеруді талап етеді. Ақпараттандыруда - білім беру жүйесі және онымен байланысты адамзат әрекеттерінің түрлері де бірге қалыптасады, нақтырақ айтқанда ол заманауи технологияның әсерімен маңызды өзгерістерді басынан өткере отырып оларға ықпал етеді. Бұл мәселеде әсіресе жоғары кәсіби білім беруді жетілдірудің алатын орны ерекше. Ақпараттық қоғамда өмір сүріп өсіп келе жатқан жасөспірімдер үшін компьютерлік графика олардың сүйікті жанрларының бірі болып табылуда. Компьютерлік графика қазіргі қоғамда қарқынды түрде дамып келе жатқан информатика ғылымының бір саласы. Мысалы, Фирмалық таңбаларды (хаттар, құттықтаулар, әртүрлі белгілер) жарнамаларды құру. Компьютерлік графиканы түрлі салаларда қолданудың маңызы зор. Сондықтан мектептерді компьютерлендірудің дамуына байланысты соңғы жылдары компьютерлік өнеркәсіптерді дамытуда жас пайдаланушылардың саны айтарлықтай өсуде.
« Компьютерлік графика негіздері » пәні - техниканың және оның программалық жабдықтарының даму сатылары бірқатар зерттеулерде көрініс тапқан.
Жоғарыдағы еңбектерді талдай, саралай келе мектеп информатикасындағы жоғары оқу орындарындағы білім беру нәтижесі ретінде оқушылардың компьютерлік графикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі теориялық және ғылыми-әдістемелік тұрғыда әлі де жетілдіруді қажет ететін тың тақырып екеніне көзіміз жетті. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде мектеп түлектерінің 45%-ы компьютерлік графика құзыреттілігінің жеткіліксіздігінен түрлі іс-әрекеттерінде графикалық мүмкіндіктерді қолданудан қиналатындықтарын білдірді. Сонымен, зерттеу мәселесінің теориялық зерттеулердегі және практикадағы қазіргі жағдайын талдай отырып, осы уақытқа дейін арнайы зерттеулер жүргізілмегенін, тек қана оның жеке аспектілері қарастырылғанын атап өту қажет. Мұны төмендегі қарама-қайшылықтардан көруге болады
-Оқушылардың мектеп информатикасында компьютерлік графика бағытын қалыптастыру қажеттілігі және оның теориялық тұрғыдан негізделмеуі мен ғылыми-әдістемемен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі арасында;
-оқушылардың түрлі іс-әрекеттерінде графикалық мүмкіндіктерді қолдануға сұраныстарының артуы мен бұл қажеттілігін өтеуде білім, білік, дағдыларының жеткіліксіздігі арасындағы.
Аталған қарама-қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру зерттеу мәселесін оқушылардың компьютерлік графика мазмұндық бағыттың теориялық негіздерін және әдістемесін айқындау деп белгілеп және тақырыбын: «Мектеп информатика курсының «компьютерлік графика» мазмұндық бағыттың оқыту әдістемесін жетілдіру» деп таңдауымызға себеп болды.
Осыған байланысты жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен мектеп информатика курсының "компьютерлік графика" мазмұндық бағыттың оқыту әдістемесін жетілдіруіне байланысты 11-сыныпқа арналып құрастырылды
Зерттеудің мақсаты. Ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін «Corel Draw векторлық графика» мен «Photoshop растрлық графика» бағдарламасын қазақ мектебіндегі 11-сыныпқа арналып құрастырудың теориялық негіздерін анықтау және құрылымдық-мазмұндық үлгісін жасау, оны сынақтан өткізіп, ғылыми негізделген ұсыныстар дайындау.
Зерттеу объектісі. Білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні. Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияны ендіру.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияны ендіруде оқытудың сапасы жоғары болады, егер де:
Әрбір оқушы жеке танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру үшін дамыта оқытуды жүзеге асырса;
Әрбір оқушыны пәнге деген қызығушылығы мен білімге деген сенімін арттыру үшін деңгейлеп оқыту жүзеге асырылса;
Әрбір оқушы білімінің берік, тиянақты, сапалы болуы үшін модульдік оқыту жүйесі асырылса;
Зерттеудің міндеттері:
• Corel Draw программасымен Photoshop программасының жұмыс жасау технологиясымен таныстырып, графикалық ортада ақпараттарды түрлендіруге үйрету;
• оқушыларды информатика пәнін кәсіби бағытта оқытудың теориялық негіздерімен және дидактикалық бірліктерімен қаруландыру;
• оқушыларды компьютерлік дизайнда жұмыс жасау технологиясымен таныстыру, оны ғылыми-теориялық және дидактикалық тұрғыдан негіздеп, таңдауға үйрету;
• компьютерлік дизайнда жұмыс жасау арқылы оқушының эстетикалық талғамын дамыту.
Зерттеудің жетекші идеясы. Мектеп информатикасының "компьютерлік графика" мазмұндық бағытына «Corel Draw векторлық графика» мен «Photoshop растрлық графика» бағдарламасын қазақ мектебіндегі 11-сыныпқа арнап құрастыру, олардың ақпараттық қоғам талабына сай бәсекеге қабілетті маман болуына жағдай жасайды.
Зерттеудің әдістері. Зерттеудің болжамын тексеру мен міндеттерін шешу мақсатында философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді, педагогикалық озат іс-тәжірибелерді зерттеу проблемасына сәйкес ғылыми тұрғыда талдау, мұғалімдермен, білімгерлермен әңгімелесу, тәжірибелік жұмыстар жүргізу (тәжірибе сабақтары) және тәжірибелік жұмыстар нәтижелерін өңдеу, қорытындылау әдістері қолданылды.
Зерттеудің деректі көздері. Философтардың, педагогтардың, психологтардың таным, білім, жеке тұлға және оның шығармашыл әрекеті, инновация туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, «Білім» мемлекеттік бағдарламасы, жалпы орта білім мазмұны тұжырымдамасы, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері.
Зерттеу базасы. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
Оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың инновациялық технологины ендірудің ғылыми-теориялық негіздемесі;
Оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың инновациялық технологины ендірудің педагогикалық ерекшеліктері;
Оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың инновациялық технологины ендірудің педагогикалық шарттары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың көкейкестілігі, зерттеу жұмысының мақсаты, объектісі, пәні, болжамы мен міндеттері, жетекші идеясы, зерттеу әдістері, оның ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, тәжірибеге енгізілуі қарастырылады.
Дипломдық жұмыста негізінен екі бөлім қамтылған. Олардың бірі теориялық, ал екіншісі практикалық бөлім. Теориялық бөлім негізінен 2 тараудан тұрады.
«Компьютерлік графика бағытының информатика пәнінде қамтылуы» атты бірінші тарауда компьютерлік графика бағытының информатика пәнінде қамтылуы және компьютерлік графика мазмұндық сызығының құрылымына түсінік беріледі. Осы бағытта информатика пәнін оқытудың мемлекеттік білім стандартынан тыс 11-сыныптарға арналған «Corel Draw векторлық графика», «Рhotashop растрлық графика» практикалық курсының бағдарламасы құрылды.
«Компьютерлік графика жетілдіру жолдары» атты екінші тарауда Компьютерлік графика бағдарлы курсының мазмұндық бағыты оқыту әдістемесін жетілдіруіне байланысты «Corel Draw векторлық графика», «Photoshop растрлық графика» практикалық курстарын мектеп бағдарламаларына сәйкестендіріліп сағаттарға бөлінген. Электронды оқулықтарды пайдалануда қолданылатын Delphi программасының мүмкіндіктер жайлы толық жазылған. Сонымен қатар жоғарғы дәрежелі ақпараттық технолгиялардың сапаларын түсіндіру бағыттары да келтірілген.
Ал практикалық бөлімде теориялық бөлімде жазылған мәліметтерді қарастыра отырып, мектеп информатика курсының "компьютерлік графика" мазмұндық бағыттың оқыту әдістемесін жетілдіру курсы бойынша электронды оқулық жасадым. Онда негізінен «Компьютерлік графика» курсын үйренушілер үшін арнайы түрде дайындалған, қарапайымнан күрделілікке бағытталған сабақ жоспарларының жинағы беріліп, «Компьютерлік графика» принциптеріне байланысты тапсырмалар жүйесін практика жүзінде қарастыру ұйымдастырылған. Зертханалық жұмыстар берілген. Тапсырмаларды деңгейлеп беру шаралары келтірілген. Білімді бағалау мақсатында пән бойынша тест жүйесі үйымдастырылған. Электронды оқулықты жасауда Delphi, MathCad, CamtasiaStudio, AdobePhotoshop, CorelDraw программаларын қолдандым.
Қорытындыда - зерттеу тақырыбының көкейкестілігімен байланысты ғылыми-теориялық негізі, басты идеялары тұжырымдар мен ұсыныстар ретінде баяндалған.
I. «Компьютерлік графика» мазмұндық теориялық негіздемесі.
- Компьютерлік графика бағытының информатика
пәнінде қамтылуы
Информатиканың негізгі ұғымдарына кіріспес бұрын информатиканың өзінің және информатика пәнінің не екендігін және оның құрылымын анықтап алған жөн. Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс болып саналады. Әдетте, ғылыми пәннің пайда болуынан бастап оның жалпыілімдік мәнін ұғынуға немесе оның негіздерін мектептің білім беру жүйесіне енгізуге дейін кемінде бірнеше он жыл, қала берді бірнеше жүз жыл кетеді. Осы уақыт аралығында ғылыми ақпарат тұрақтандырылады, әдістаным анықталады, жалпы әдістемелік жолдар қалыптасады, яғни берілген пәнге әлде бір жүйелі көзқарас орнықтырылады. Бір жағынан, бұл үрдіс жиырма жыл шамасы дерлік жалпыімдік пәндер құрамына міндетті түрде еніп келе жатса да информатика үшін әлі де аяқтала қойған жоқ. Бірақ пәнге деген жүйелі көзқарастың болмауы, оған үзіп-жұлып қарау қазіргі кезде информатиканы оқытудағы басты мәселе болып табылады. Егер оқу пәнінің жалпы сүлбесіне жүгінер болсақ, онда толық қажетті оқу пәні болуы үшін оған не жетіспейтіндігін түсінуге болады:
- пән саласының айқын сипаттамасы;
-информатикаға ғана пән қызметтің жалпыланған түрлерінің тұжырымдамасы.
Өткен 1985 жылдан бастап информатика пән ретінде өзгеріске түсті. Ол автоматикадан шын мәнінде алыстай бастады. Таза техникалық сала - (компьютерлік ғылымдар) атты жеке ғылыми бағытқа бөлініп шықты. Ақпаратты қорғау мен ақпарат қауіпсіздігі, деректер мен мағлұматтардың (білім инженериясы) тұрпаттала өрнектелуі, әлеуметтік информатика және т. б. осы сияқты бағыттар пайда болды. Бүгінгі күні қай бағыттың басым екендігі туралы айту қиын, бірақ соның қажеті де жоқ шығар. Бірақ, информатиканың барлық жетекші бағыттарының негізгі қағидалары оқу курсында да (әрине, тәптіштеудің әртүрлі деңгейінде) бейнеленуге тиіс екендігі анық. Оның үстіне, осы бағыттардың пайда болуы информатиканы саны күн сайын барынша өсіп келе жатқан өзге пән мәселелерімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, информатика енгізген «Компьютерлік графика» қазіргі қоғамның айқындауыш сипаттарының бірі болып табылады. Графикалық режимде экран жекелеген жарқырауық нүктелерге бөлінген, олардын саны монитордын мүмкіндігімен айқындалады да, онын типі мен режіміне тәуелді (мысалды, VGA типті экран үшін 16 түсті болғанда, көлденеңінен-640; тігінен-480 нүкте, ал 256 түсті болғанда,
көлденеңінен -320; тігінен-200 нүкте) болады. Бірқатар мониторлардың базалық түсінің түрлері 16 стан-дартты түсті болады және ол келесідей 4 элеметпен: түстің үш құраушысы: қызыл, жасыл, көк, жарықтанудың мүмкін екі денгейінін бірімен анықталады. Төрт құраушысынын әрқайсысынын бар болуы 0 немесе 1 цифрлары ақпараты-мен көрсетіледі. Мысалы, егер компьютрлерінде ЕGA мониторы болса, онда экрандағы кескін жадтын 110Кбай-тын алады, мұны былай есептеуге болады:640 пен 350-ды экран мүмкіндігін айқындайтын әрбір нүктенін түсін сипаттайтын 4 битке көбейту керек: 640•350•4 = 112000 (байт) ≈ 110(Кбайт) .
Компьютер графикалық ақпаратпен, мысалы, суретпен жұмыс істегенде, сандар жиыны мен жұмыс істеген сияқты болады, мұнда әрбір сан немесе сандар тобы кескін элементін сипаттайды. Бұл былай түсіндіріледі:сендерде ақ-қара фотосурет болсын. Оны сандар жиыны түрінде ұсыну ("цифрландыру") үшін оған тікбұрышты тор салынуы керек.
Тор түйіндерінің қарайған жерлерне түскен түйіндерін 0-мен белгілейміз. Сонда сендер нөлдер мен бірліктерден құралған тікбұрышты кесте аласындар. Енді осы кестені компьютерге енгізсек, компьютер 1-дің орнына қара нүкте қойып, оны экранға шығарса онда біз экраннан ізделініп отырған кескінді көреміз. Әрине, жақындатылған түрде. Тор қаншалықты жиі болса, кескін де соншалықты нақты болып шығады. Осылай ұсынылған фотосуреттін ақпараттық көлемінің қандай екекенің есептеуге де болады. Мысалы, егер сендерде 480 х 640 тор болса, онда сендер 307200 нөл-дер мен бірліктерден, яғни екілік белгілерден тұратын кесте аласындар немесе, басқаша айтқанда онын ақпараттық көлемі 307200 бит = 38400 байт ≈ 37, 5Кбайтқа тең болады.
Графикалық кескінді сақтаған жағдайда жадқа еңгізілетін элементтер саны экраннын графикалық кескін алып тұрған нүктелерінің санына сәйкес болады. Компьютерлік графика бағытының қамтылуы. Базалық мектеп курсына жеткілікті болғанымен профильді оқыту үрдісінде өзінің күрделенуін талап етеді.
1. 2 Компьютерлік графика мазмұндық сызығының құрылымы.
Компьютерлік графика: векторлық және растрлық болып бөлінеді. Графикалық редакторлар әр түрлі суреттерді, сызбаларды, иллюстрацияларды дайындау барысында пайдаланылатын қолданбалы программалардың тобын қалыптастырады.
Компьютерлік графиктердің қолданылатын бірқатар аймақтарын айта кетейік: визиткалар мен хабарландыруларды, иллюстративтік және іскерлік графиктерді ресімдейді, есептіліктердің, мақалалардың, кітаптардың суреттерін әзірлейді; нақты іс сцена мен анимациялық фильмдерді құрастырады; жарнама роликтерін жасайды және т. б.
Барлық графикалық редакторларды екі топқа бөлуге болады: растарлық және векторлық. Растарлық графикалық редакторда (басқаша Bitmap- графикалық редакторы деп аталады) кескін квадраттардың (кескіндердің пиксельдердің элементтері) шамалары бойынша кішкентай әрі растарларды құрылады.
Растарлық редактордың негізі элементі- нүкте (оның жағдайы, анық та қанық болуы, түсі) .
Растарлық кескін бағандар мен жолдардың қиылысында орналасқан көптеген жекелеген нүктелерден (пискельдерден) қалыптасады. Кескінді бұлай қалыптастырудың басты артықшылығы- қарапайымдылығында. Растарлық кескінді жадында сақтау үшін растарлық суреттердің бірінші кемшілігіне айналған- жадында сақтаудың үлкен көлемін қажет етеді. Растарлық суреттердің тағы бір кемшілігі- масштабын өзгерту барысында кескін бұрмаланып кетеді.
Информацияны көрсетудегі растарлық тәсілдің артықшылығы- обьектінің формалары мен түсін өзгере алатын мүмкіндіктері шексіз (өте көп) десе де болады. Графикалық редакторлардың бұл тобының типтік өкілі - Windows операциялық жүйелерінің құрамына кіретін Paint графикалық редакторы болып табылады. Растарлық графикалық редакторларға мыналар жатады: Adobe Photoshop, Photostyler, Coler Photo, Adobe Photo-Paint.
Векторлық графиктің негізгі элементіне сызық және математикалық формулалар жатады. Олар осы сызықты сызады.
Векторлық графикте объектінің мастабына өзгерткен кезде әр түрлі пискелдердің орналасу карталары (кестелер, матрицалар) емес, объектінің математикалық модельдерін жадында сақтаудың арқасында пропорция дәлме-дәл сақталады. Векторлық графикалық редакторлар- Adobe Illustrator, Macromedia Freehand және Corel Draw.
Векторлық графикте қисық үшін реттің алуан түрлілігі болып табылатын Безье кеңінен тараған.
Динамикалық кескін 3D Studio MAX, Animator Pro және Corel Draw редакторларының көмегімен жасалады.
3D Studio MAX десетесінде кескінді қалыптастырудың мына схмемалары пайданылады: аз ғана түйінді кадрлар беріледі, ал олардың кадрларын байланыстырушы қалғандары дестені интерполяция (жеткіліксіз деректерді қалыптастыратын математикалық операция) арқылы автоматты түрде құрады.
3D Studio MAX редакторы кескінделетін объектілерді былайша түрлендіруді орындауға мүмкіндік береді: берілген траекторияның ұзына бойымен жылжыту; айналдыру; деформация (қысу немесе созу) ; морфинг (бір объектіні келесіне жайлап трансформациялау) . Десте объектіні жарықтандырудың (жарық қылудың) бірнеше жарық көздерін және объектіні әр түрлі көзқарастан қадағалайтын бірнеше кемераны пайдалануға мүмкіндік береді. Объектілердің қырлары (грани объектов) кітапханада үлгілері сақтаулы болатын әр түрлі фактуралармен сурет етіп салынуы ықтимал.
«CorelDRAW» және «Рhotashop» программаларының мүмкіндіктері
ішінде кең таралып, көп қолданысқа ие бағдарламаларға :«CorelDRAW», «Рhotashop», «Adobe InDesign» және тағы басқалары жатады. Енді сол бағдарламаларға тоқталып өтсек: CorelDRAW Graphics Suite
(ағыл: «CorelDRAW бағдарлама топтастығы»)
-CorelDRAWдың 12 пакетінен бастап - бағдарламаның ресми маркетингтік аты Corel (Оттауа, Онтарио, Канада) компаниясының графикалық редакторы. «Suite» н-се «Graphics Suite»деген сөздер қорапшада 9 нұсқадан бері қолданылғанына қарамастан, бұл нұсқаға дейін пакет жай ғана «CorelDRAW» деп
аталатын. Пакеттің құрамы оның атының өзгеруіне еш қатысы жоқ. СorelDRAW - машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы. Түрлі-түсті көркемдеулерді, күрделі сызбаларды, кітаптар мен журналдар мұқабаларының фигуралық пішіндерін, фотографиялық шын және
фантастикалық шын емес бейнелеулерді, дайын бейнелеулерді редакциялау үшін, графикалық Web-беттерді құру үшін, т. б. жасау үшін қолданылатын қолайлы игеруге қарапайым құрал. Векторлық графика да қолданылады, оның көмегімен сапаны жоғалтпай, бейнелеуді бірнеше есе көбейтуге болады, ал мысалы Paint редакторында суреттерді растрлық берілуі кезінде ондай мүмкіндік жоқ. Сorel Draw винестерде жадының 120-дан 700 МБ алады. Векторлық графика безендіру және сызба бейнелеулерін құру үшін пайдаланылады. Векторлық графикада
Қисық негізгі объекті болады. Оны көбейткен кезде векторлық бейнелеулердің сапасы өзгермейді. Мысалы, Сorel-де машина жазба бетінен бірнеше метрлік плакаттарға дейінгі көлемде бейнелеулерді құруға болады. Сorel Draw - бірнеше беттен тұрады, оны толықтыру, жою, басқа атымен атауға болады. Объект - құжаттың фрагменті. Объекттер бір-бірімен қиылысу, бір-біріне үстіне жапсырылуы мүмкін, олардың көмегімен түрлі-түсті мәтіндердің комбинацияларды, суреттерді жасауға болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz