Қазақстан Республикасында су ресурстарының таралуы және қамтамасыз етілу жағдайларын анықтау және оларды жою шараларынның бағыттарын көрсету


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
2. 3 Су тапшылығының шешу жолдары және сумен жабдықтау,
пайдалану жағдайының құқықтық нормативтері . . .
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Жер беті сулары дегеніміз - құрлық бетінде тұрақты немесе аз уақыт болса да сұйық (өзендер, көлдер, ішкі теңіздер) немесе қатты күйінде (мұздықтар) болатын суларды айтады. Олар бір-бірімен су айналымы арқылы байланыста болып, негізгі табиғи ресурс болып табылады. Сондықтан оларды тиімді пайдалану мен қорғау жұмыстары жақсы жолға қойылғаны дұрыс. Табиғи ландшафтардың құрамдас бөлігі бола отырып су көздері оның басқа элементтерімен, әсіресе климатпен тығыз байланыста дамиды. Жер беті сулары да өз кезегімен ландшафтың басқа компоненттеріне әсер етеді.
Қазақстанның жер беті суларын зерттеген ғалымдар жеткілікті. Қазақстан мұздықтарын зерттеуге зор үлес қосқан ғалымдар: С. Е. Дмитриев, академик Н. Н. Пальгов, К. Г. Макаревич, П. А. Черкасов; өзендерді зерттеуге үлес қосқан ғалымдар: П. С. Кузин, И. С. Соседов, В. И. Коровин, Ю. Б. Виноградов, В. А. Семенов, Р. И. Гальперин, В. М. Болдырев; көлдер мен теңіздерді: Л. С. Берг, А. Н. Косарев, И. А. Шикломанов, Н. Т. Кузнецов, А. В. Шнитников, Г. Г. Муравлев. Осы ғалымдардың, срнымен қатар, И. В. Северскийдің, В. П. Благовещенскийдің, А. П. Горбуновтың, П. П. Филонецтің т. б. ғылыми еңбектерінде республикамыздың жер беті суларының режимі, пайда болуы мен кеңістікте таралуы туралы мәліметтер жеткілікті.
Аумақтың географиялық орналасуы, климат пен жер бедері пішінінің алуан түрлілігіне байланысты жер беті сулары біркелкі тарамаған. Аридті аудандарда өзен мен көлдер аз, солтүстікте жауын-шаашынмен жақсы қамтамасыз етілген орманды дала зонасында керісінше көп кездеседі. Ал таулы аймақтарда мәңгі мұздықтар мен қар суымен қоректенетіндіктен өте мол.
Жер асты сулары қазіргі табиғи кешендердің дамуына елеулі әсер ететіні белгілі. Құрғақ климаттық жағдайда жер асты сулары халық шаруашылығының кез келген саласының дамуында маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының жер беті сулары тапшы және біркелкі тарамағандықтан табиғи ресурс ретінде жер асты суларының маңызы ерекше. Гидрогеологиялық зерттеулер У. М. Ахмедсафиннің, Ж. С. Сыдықовтың жетекшілік етуімен жүргізілген.
Қазақстан Республикасының құрғақ аридті зонасының осы жүз жылдықтың ішіндегі 30-шы жылдарына дейінгі гидрогеологиялық мәселелері қаралған. Осы үлкен аймақты зерттеуде А. А. Козырев, Н. Г. Кассин, Б. К. Терлецкий, В. Я. Гринев, Д. И. Яковлев, Н. Н. Тихонович, О. К. Ланге, М. П. Русаковалардың еңбектерін атап өтуге болады. Конденсациялық гипотеза теориясы бойынша жер асты суларының шоғырлануына баға бергенде Республиканың басым бөлігінің суы тапшы немесе тұзды екені анықталды. Судың қоры секундына ондаған, кейде жүздеген литр екені болжанды. Гидрогеологиялық зерттеулердің жетістіктеріне қарамастан теориялық тұжырымдар өнеркәсіптік қажеттіліктен артта қалып отырды.
Су жер бетіндегі тіршіліктін ең құнды элементі болып табылады. Су адамның күнделікті қажеттіліктерін, денсаулық сақтауды, тамақ өнімдерін шығаруды, электр энергиясын өндіру мен аймақтык және жаһандык экожүйелерді дұрыс ұстап тұруды канағаттандыру үшін аса қажет. Жер қабатының 70% су жайлағанына қарамастан тұщы су небәрі 2, 5% ғана құрайды, әрі судың 70% мұз айдындары мен жоғарғы су кабаттарында (0, 3%) . Судың қалған бөліп топырақ ылғалы ретінде көрініс табады. Адамзат жер бетіндегі су көп тараған субстанциялардың бірі тұщы су қорларының 1% азын пайдалана алады. Шаруашылық кызметгін ықпал етумен су қорларының сандық өзгерістерін есепке алу проблемасы XX ғасырдың 50-ші жылдары, дүниежүзінде су тұтыну күрт ұлғайған кезде туындады. Егер 1900-1950 жылдар арасында су тұтынудын орташа өсімі онжылдық ішінде 156 км 3 құраса, 1950 жылдан 1960 жылға дейін -630 км 3 жетті, яғни 4 есеге өсті. ал кейінгі жылдардағы онжылдық ішінде 800-1000 км 3 дейін ұлғайды.
Халықты сапалы ауыз сумен камтамасыз ету проблемасы Қазақстан Республикасында су ресурстарынын табиғи тапшылығымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық мән-жайлардың нашарлауына, сумен жабдықтау және суды тарату жүйелерінің аурулардың көбеюіне әкеп соғатын канағаттанғысыз техникалық жай-күйінен туындап отыр.
Зерттеудің нысанасы: Қазақстанның су ресурстары
Зерттеудің болжамы: Қазақстан Республикасында су ресурстарының табиғи тапшылығынан ауыз сумен камтамасыз ету проблемасы және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлардың нашарлауына әкеліп соғады.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасында су ресурстарының таралуы және қамтамасыз етілу жағдайларын анықтау және оларды жою шараларынның бағыттарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері.
1. Қазақстан территориясында су ресурстарының таралуы мен оның қамтамсыз етілуіне ғылыми деректерге сүйене отырып талдау жасау.
2. Су ресурстарын пайдалану үрдісі мен ауыз сумен камтамасыз етуілуіне талдау жасау
3. Су тапшылығының шешу жолдары және сумен жабдықтау мәселелеріне талдау жасау
Зерттеудің әдістері:
1. Тақырыпқа байланысты ғылыми - теориялық еңбектермен танысып, талдау жасау;
2. Библиография түзу;
3. Салыстырмалы-географиялық, статистикалық әдістерін қолдану
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақстан аймағының су қорларының әркелкі бөлінуі мен шектеулілігі, тұтыну көбейген сайын судың кажеттілігі мен әмбебаптығы коғамдастықтың суға деген катынасын өзгертуге мәжбүр етті. Сондықтан су қорларының таралуы, оны қорғау, су қорларынын проблемалары, сондай-ақ адамзат дамуын сумен қамтамасыз ету және адамзатты су тапшылығына ұшыратпауға ғылыми тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы зор.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Дипломдық жұмыстағы мәліметтерді дәріс беру процесінде «Қазақстанның физикалық географиясы» курсында пайдалануға болады.
Дипломдық жұмысының құрылымы . кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақстанда су ресурстарының таралуы
- Қазіргі мұздықтардың таралуы
Қазақстан мұздықтарын жүйелі зерттеу ХІХ ғасырдың соңынан жүргізіліп келеді. Бірақ 1960-70 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының гляциология институтының дистанциялық әдістерді кеңінен қолданғанынан аэрофотосурет мәліметтері арқылы мұздықтардың каталогы құрастырылды. Осының негізінде Қазақстанның таулы өңірлерінің картасы жасалды. (Атлас Казахской ССР, 1982) .
Мұздықтардың басым бөлігі ірі мұз белдеуі іспеттес Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы тауларда орналасқан. Олар биіктігі 4000 метрден артық тау сілемдері: Тянь-Шань, Талас, Қырғыз, Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары және Жетісу Алатауының қыраттары, Сауыр, Қазақстан Алтайы. Ең мұзды Жетісу Алатауы - мұнда Қазақстанның барлық мұздығының жартысынан астамы жиналған. (1- кесте) .
Кесте-1. Қазақстан тауларында қазіргі мұздықтардың таралуы
Қазақстанда 2724 мұздықтың бар екені анықталған олардың ауданы 1743, 9 шаршы км - ге тең. Оның құрамына ауданы 70 шаршы км - ге тең солтүстік Інілшек мұздығы да кіреді. Оның суы Қырғызстандағы Сарыжаз көліне құяды, сондықтан оның Қазақстанның тау көлдерін қоректендіруге қосатын үлесін 1673, 9 км 2 тең. Мұздықтағы судың көлемі - 57, 6 км 3 , яғни республика шекарасында нақтылы пайда болатын жылдық өзен ағынынан артық.
Таулардың қатаң климатында мұздықтар ғана емес мәңгі тоңдар да пайда болады. Олардың ауданы 17000 км 2 , оның 1/3 бөлігі Қазақстан Алтайы тауларының үлесіне тиеді. Мәңгі тоңдардың төменгі шекарасы заңдылықты түрде климаттың өзгеруіне қарай солтүстікте Алтай тауында 2000 метрден оңтүстік бағытта Тянь-Шань тауында 3000 метрге дейін таралады.
Тауларда қатты күйде түсетін жауын-шашын мөлшері қоршаған жазықтармен салыстырғанда бірнеше есе артық. Сондықтан Қазақстанның таулы аймақтарында, әсіресе, қыс пен көктемде қар көшкіні жиі болып тұрады. Қар көшкіні 1000 - 1200 метр биіктікте дамиды. Ол үшін беткей еңкіштігі 200, ал қар қалыңдығы 30 - 50 см болу қажет. Көшкіннің максималды көлемі 1 млн км 3 . Апатты көшкіндер халық шаруашылғына көп зиянды әсер етеді, мысалы, 1966, 1969 және 1976 жылдардағы көшкіндер салдарынан көп зиян келген. Қазақстанның таулы аймақтарының 50 мың шаршы километрі көшкінге қауіпті жерлер.
Қазақстан мұздықтары тау өзендерінің гидрологиялық режиміне, климаттық, геоморфологиялық ерекшеліктеріне және басқа да физикалық географиялық үрдістеріне елеулі әсер етеді. әсіресе олардың жаз мезгіліндегі гидрологиялық рөлі ерекше, өйткені еріген қар суын суармалы егістікке, халық шаруашылығының басқа да салаларына, соның ішінде, энергия алуда кеңінен пайдаланады.
Таулардың абсолюттік биіктігі, тілімденуіндегі айымашылықтар, әр түрлі бағыттағы тау қыраттарының орналасуынан мұздықтар да солардың ерекшеліктеріне бейімделе дамиды, яғни әртүрлі мұздық типтері пайда болады. Қазақстан тауларында кездесетін мұздықтар 3 типке бөлінеді: аңғарлық мұздықтар (қарапайым, күрделі аңғарлық мұздықтар, қазан-шұңқырлық мұздықтар, карлы-аңғарлы, аңғарлы асылып тұрған мұздықтар) ; олар жалпы мұздықтар санының 19 пайызын, ауданының 66 пайызын құрайды; тау беткейлерінің мұздықтары (шлейфті, карлы, карлы-аспалы мұздықтар) жоғарыдағыға сәйкес 79 және 33 пайыз; биіктеу көне денудациялық жазықтарда пайда болған мұздықтар - 2 және 1 пайыз.
Аңғарлық мұздықтардың ауданы үлкен. Олар көбінесе солтүстік беткейлерде тараған, қоректену орталықтары да кең көлемді қамтиды. Беткейлік мұздықтардың ең үлкендері шлейфті мұздықтар, ал кең тарағандары кар мұздықтары мен аспалы мұздықтар.
Қазақстандағы ең ірі аңғарлық мұздық Іле Алатауының Талғар массивінің (4973 м) оңтүстік беткейіндегі Корженевский мұздығы. Оның ұзындығы 12 км, ауданы 35 км 2 , максималды қалыңдығы 200 метрге жуық. Аңғарлық мұздықтардың қалыңдығы 50 - 100 метр, беткей мұздықтарынікі 20 - 30 метр.
Кіші Алматы өзенінің жоғарғы сағасында Алматы қаласынан 30 км оңтүстік бағытта орналасқан Тұйықсу мұздығы да аңғарлық мұздық қатарына жатады. 1902 жылдан бастап мұздық жүйелі зерттеледі. Ірі мұздықтардың бірі Жетісу Алатауының Кіші Басқан өзені алабында орналасқан Шумский мұздығы. Бұл мұздықтарда қазақстан гляциологтары үнемі ғылыми ізденістер өткізеді, сондықтан өте жақсы зерттелген мұздықтардың қатарына жатады.
Қазақстан таулары бірнеше ландшафтық зоналардың шекарасын кесіп өтетіндіктен климаты алуан түрлі. Осының әсерінен қар сызығының шекарасының орналасуында да заңдылық байқалады, яғни абсолюттік биіктіктері солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай көтеріледі. Мысалы, Алтай тауының мұздықтары 26000 метр биіктікке, ал Тянь - Шань тауларында 3600 метрге дейін түседі, осыған сәйкес фирн сызығы 3000 метрден 4000 метрге дейін өзгереді, ал солтүстік беткейде оңтүстікке қарағанда 200 - 250 метр төмен орналасқан.
Мұздықтардың типіне байланысты олардың вертикальдық бағытта таралу шекарасы сәйкес келеді: аңғарлық - 640 м, беткейлік - 400 метр, тегіс шыңдардың мұздықтары үшін - 260 метрлік биіктіктер тән.
Аңғарлық мұздықтардың шеті басқа мұздықтарға қарағанда біршама төмен түседі. Тегіс шыңдардың мұздықтарынан басқа мұздықтардың бәрінде мұздықтардың шеткі бөлігінде мореналар дамиды, олар соңғы ХІХ ғасырдың ортасында дамуын тоқтатқан кіші мұздық кезеңінің қалдықты элементі болып саналады. Моренаның төменгі 20 - 30 сантиметрден 2 - 3 метрге дейінгі тереңдігінде қалыңдығы ондаған метрге жететін қалдықты мұз дамыған. Сонымен қатар жан-жағы моренамен толық қапталған мұздықтар да кездеседі. Мұндай мореналардың ауданы 300 км 2 , яғни қазіргі мұздықтардың ауданының 15 пайызына тең.
Қазақстан тауларының ерекшелігі олардың ендік пен ендіктен ауытқу бағытында ұзаққа созылуы. Осының салдарынан мұздықтардың таралуында асимметрия жақсы орын алған: мұздықтардың 60 - 80 пайызы солтүстік беткейлерде орналасқан.
Мұздықтардың ауданы бойынша таралуында абсолюттік биіктікке байланыстылығы байқалады. Мысалы, Іле Алатауында карлы және аспалы мұздықтар пайда болу үшін 3600 метр, 3850 метрлік биіктікте аңғарлық мұздықтар пайда болады екен. Жалпы таулы аймақтарда мұздықтардың пайда болу шегі 4000 метр.
Қазақстан мұздықтарының температуралық режимі теріс, қыс айларында мұздықтар 12-15метр тереңдікке дейін қатты суиды. Мұздықтардағы қардың температурасы -10 - 20 0 - қа жетеді.
Жазда абляция әсерінен мұздықтардың температурасы 1-1, 5 метрге дейін қызады. Қалыңдығы 70 метрге дейінгі аңғарлық мұздықтарда жыл бойы температура нөл шамасында болады.
Мұздықтардың температурасына және олардың қалыңдығына байланысты олардың қозғалауы жылына 0 - ден 50 - 70 метрге дейін өзгеріп отырады. Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде Іле Алатауының Богатырь мұздығының жылына 300 - 400 метрге дейін қозғалатыны анықталған. Мұздықтардың мұндай қозғалысын оның қоректену орталығында қалыңдығы ондаған метрге жететін қардың жиналып, кейіннен суланған беткі қабат арқылы төмен сырғып түсуінен деп түсінеміз.
Абляция уақыты мұздықтарда 2 - 2, 5 айға, яғни шілдеден қыркүйектің ортасына дейін созылады; қоректену орталығына жақын шекаралас жерлерде екі есе кемиді. Шеткі бөлігі өте төмен түсіп тұрған мұздықтардан жылы кезде қалыңдығы 3, кейде 5 - 6 метрлік мұз ериді. Мұздықтардың беткі қабатына келетін жылудың 85 пайызы күн радиациясы, 15 пайызы мұздықтың бетіндегі ауа арқылы түседі; осы жылудың 22 пайызы мұздықтардың беткі қабатын жылытуға, 78 пайызы еру мен булануға жұмсалады.
Мұздықтардың еруі мен температурасы арасында тығыз байланыс бар. Ғылыми бақылау жүргізілетін Іле Алатауы мұздықтарының еруі ауаның орташа тәулікттік температурасы 10, бұлттылық 5 балл болғанда 8 мм - ге тең екені анықтаған. Ал ауа қабатының шаң - тозаңы басым болғанда бұл көрсеткіш 18 - 20 пайызға артады.
Мұздықтардың еруінен пайда болған су өзендердің қоректену көзі болып табылады. Жазда өзендердің жоғарғы бөлігінде оның қоректенуінің 80 - 90 пайызы еріген қар суынан, ал таудан шығарда олардың үлес салмағы 30 - 40 пайыз.
Мұздықтар климаттың өзгеруіне бағынышты динамикалық өзгермелі компонентке жатады. Мұздықтардың жағдайын олардың массасының балансын анықтау арқылы есепке алады. Қазіргі кезде барлық мұздықтардың балансы теріс. Сондықтан мұздықтар жылына 5 - 20 метр шегінеді және ауданы 102 - 104 шаршы метрге азаяды. Осыған байланысты мұздықтарағы мұздың қоры жылына 0, 1 - 1 пайызға кемиді. Іле Алатауы мұздықтарында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде соңғы 35 жылда (1955 -1990) мұздықтардың ауданы мен көлемі 25 пайыздан артық көрсеткішке кеміген. Мұз көлемінің осылайша кемуі қазірше, жақын он жылдықта, мұздықтар арқылы қоректенетін өзендер үшін қауіпті емес.
Дегенмен, антропогендік әсердің атуы мен биік таулы өңірлердің ауа құрамында СО 2 мөлшерінің артуынан мұздықтар көлемінің кемуі болашақта қарқынды өтетіні анық. Ұзақ уақыттық болжау мәліметтері бойынша, егер дәл қазіргідей жағдай сақталатын болса, онда Қазақстан мұздықтары ХХІ ғасырдың соңында мүлдем жоғалып кетуі ықтимал.
1. 2 Жерасты суларының типтері
Жер асты сулары қазіргі табиғи кешендердің дамуына елеулі әсер ететіні белгілі. Құрғақ климаттық жағдайда жер асты сулары халық шаруашылығының кез келген саласының дамуында маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының жер беті сулары тапшы және біркелкі тарамағандықтан табиғи ресурс ретінде жер асты суларының маңызы ерекше. Гидрогеологиялық зерттеулер У. М. Ахмедсафиннің, Ж. С. Сыдықовтың жетекшілік етуімен жүргізілген.
Қазақстан Республикасының құрғақ аридті зонасының осы жүз жылдықтың ішіндегі 30-шы жылдарына дейінгі гидрогеологиялық мәселелері қаралған. Осы үлкен аймақты зерттеуде А. А. Козырев, Н. Г. Кассин, Б. К. Терлецкий, В. Я. Гринев, Д. И. Яковлев, Н. Н. Тихонович, О. К. Ланге, М. П. Русаковалардың еңбектерін атап өтуге болады. Конденсациялық гипотеза теориясы бойынша жер асты суларының шоғырлануына баға бергенде Республиканың басым бөлігінің суы тапшы немесе тұзды екені анықталды. Судың қоры секундына ондаған, кейде жүздеген литр екені болжанды. Гидрогеологиялық зерттеулердің жетістіктеріне қарамастан теориялық тұжырымдар өнеркәсіптік қажеттіліктен артта қалып отырды.
Гидрогеологиялық зерттеулерде жаңа ізденістер мен ғылыми жетістіктер жер асты суларының қорын анықтап, оларды халық шаруашылығында пайдалануда көптеген жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Іле және Жоңғар Алатауларының солтүстік беткейлерінде тараған ірі тектоникалық жарықшақтардағы жер асты суларының химиялық құрамын, пайда болу жолдарын және радиобелсенділігін зерттеуде бірқатар жетістіктерге қол жетті. Оңтүстік Қазақстанның құмды массивтерінің ұзақ уақыттық гидрогеологиялық ізденістерінің нәтижесі У. М. Ахмедсафиннің «Подземные воды песчаных массивов южной части Казахстана» атты монографиясында жарияланды.
Шөлді аймақтарды зерттегенде карбонатты құрылымдарда, көне және қазіргі өзен аңғарларында, метаморфтық жыныстарда тұщы су қорының жеткілікті екені анықталды. Сонымен қатар, өнімділігі жоғары су жинағыш жыныстар, жер асты суларының қалыптасу заңдылықтары анықталды. Әсіресе соғыс жылдарынан кейін С. М. Шапиро, В. С. Жеваго, В. И. Курдюков, С. Ж. Жапарханов, М. Х. Джабасов, С. К. Калугин, Р. М. Курмангалиев, Н. Д. Петров, А. К. Джакелов, Т. Т. Исабаев, А. Н. Губарев, С. М. Мухамеджанов және басқалардың ұсыныстары бойынша халықты және өндіріс мекемелері мен осы аймақтарды сумен қамтамасыз етті.
Тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесі «Очерки целинных земель Казахстана», «Водные ресурсы Казахстана» сияқты монографияларда жарияланды. 1950-1960 жылдар аралығында гидрогеология ғылымындағы жаңалық - Қазақстанның артезиан алаптарының су қорларын болжауға арналған нақтылы карта құрыстырылды. Соңғы бақылау нәтижесінде суға тапшы осы аймақта 1, 5 млн кв. км жерде 70 артезиан алаптары бар екендігі анықталы. Ғасырлар бойына артезиан су алаптарының қоры 5 трлн. м 3 жоғарылағаны дәлелденген. 1970 жылы көптеген зерттеулер мен сараптамалар нәтижесінде Қазақстанның 1:15 масштабтағы гидрогеологиялық картасы құрастырылып шығарылды.
Ресурстардың қалыптасуын және олардың жіктелуін зерттеу негізінде республикада көлемі 1960 м 3 /сек болатын артезиан және грунт суларының игерілетін ресурстары анықталды. Қазақстан Республикасындағы жер асты су ресурстарының таралу карталары және жер асты су ресурстарының игерілген аймақтық болжам карталарының құрастырылуы аридті гидрогеологияның үлкен табысы болып табылады.
Қазақстан Республикасының тұрақты жер асты сулары алуан түрлігімен, белсенді су алмасу зонасындағы жер асты суларының толығуына және шығынына ықпал ететін аса күрделі табиғи-гидрогеологиялық жағдайларымен негізделеді. Жер асты суларының пайда болуында жыныстардың коллекторлы қасиеттері, олардың орналасуы мен сулы горизонттың жоғарғы бөлігінің тілімдену сипаты үлкен маңызға ие болады. Жақсы фильтрациялық қасиеттері болатын, яғни ежелгі аллювиалды-эолды жазықтардан, өзен аңғарларынан және ысырынды конустардан жиналған сұрыпталған құмдар, малта тастар сияқты коллекторлар, сулы горизонттың аса еңістігі кезінде жыл сайын толығып отыратын, қуатты жер асты ағындарының қалыптасуына жағдай жасайды.
Сулы қабаттағы жыныстардың жарықшақтығы және карстылығы, споралы сипаттағы жер асты суларының қарқынды қайтуы қалыптасатын және белсенді алмасуы жүретін қолайлы орта болады. Әсіресе таулы және қыратты аймақтардағы сулы горизонттың тілімденуі мен дренаждылығы өзен аңғарларының, жыралардың немесе жер бедерінің басқа да теріс пішіндерінің көмегімен жер асты ағындарының белсенділігі артады. Қазақстан Республикасының геологиялық-геоморфологиялық, климаттық және гидрогеологиялық жағдайлары алуан түрлі. Олардың жиынтығы жер асты суларының генетикалық типтеріне және қалыптасуына, таралуына, ресурстарының жиналуына, су шығындылығына әсерін тигізеді. Тау жыныстарының жатысына және су сыйымдылығына байланысты жер асты суларын жарықшақтық, жарықшақтық-қабаттық және қабаттық деп бөлеміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz