Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері


Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері
Негізгі қорға қаржы жұмсау (өндірістің негізгі қоры) босалқы қорларға, резервтерге, сондай-ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды. Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысана бөлуге болады. Материалдық-заттық инвестиция - ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабықтар, машиналар және т. б., сонымен қатар, ол - ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған, ал инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол - ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.
Өндірістергі жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп атайды. Ол - негізгі капиталдың (негізгі қор) артуын қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция біріктірушінің екеуінен қосылады. Оның ішінде біреуі - амортизация. Ол - негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозу және оның құнын өндірілетін өнімге көшіру процесі.
Екінші біріктіруші таза инвестиция - бұл капиталдың қаржы жұмсау негізгі қорларды арттыру, өсіре беру, ғимараттар салу, өндіру және қондыру, қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялармен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтің-мәдени саларына, яғни ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғай, осы салалардағы қолданылып жүрген техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлегі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасымын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет.
Сонымен, жалпы түріндегі инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік салықтар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез-келген басқа да мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда (табыс) және әлеуметтік нәтижеге жету мақсатына пайдаланады.
Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы - бұл табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің (қаржы) барлық түрлері. Ал экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы - құруға, кеңейтуге, қайта құруға, негізгі капиталды экономикамен жарақтандыруға, сол сияқты айналмалы да капиталға осымен байланысты емес өзгерістерге жұмсалатын табыстар деп түсіндіруге болады. Шынын айтқанда, олар - материалдық босалқы қорлардың өзгерістері көп ретінде негізгі капиталға жұмсалатын шығыстар қозғалысын түсіндіреді.
Нарықтық экономикада инвестиция кез-келген формаларды қаржы жұмсау процесі ретінде табыс табуға немесе қандай да болмасын басқа да нәтижеге жетуге тығыз байланысты.
Инвестиция - бұл ресурс, оны жұмсай отырып, бағаланған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне топтастырады: ресурс шығындары және нәтижелілік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдалы болғаны.
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар фирмасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей, портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді.
Венчурлік капитал - үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтемділігі есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды қалыптастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.
Тікелей инвестициялау - шарушылық субъекттілердің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады.
Портфельдік инвестициялар - портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептеледі.
Аннуитеттік - тұрақты аралық уақыт арқылы садымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.
Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі - инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады. Міселен, Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша 1999жылы Қазақстан жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындардың бірін иеленді.
1993 - 1999 жылдары Қазақстан Республикасына шет елдердің тікелей инвестицияларының салалар бойынша келіп түсуі
( Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша )
МЛН. ДОЛЛАР
Қазақстан экспорты мен импортындағы жекелеген елдердің үлес салмағы
Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға отандық және шетелдік қаражаттарды келтіруге, тауар өндіру және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Жеке инвесторлар мемлекеттік инвесторларға қарағанда коммерциялық табысты көбейтуге өте құштар. Олар тауарларды және қызмет көрсетуді сұраныстармен ұштастыра отырып арттыруға, өндірістің түрлі жобаларымен нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады. Міне, сондықтан да, жеке инвесторлардың өндірісті дамыту белсенділігін қолдай отырып, мемлекет тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға, атап айтқанда, салық салу, несие беру, кедендік пошлиндар жағынан едәуір жеңілдіктер беруге тиіс.
Қазақстан үкіметі 1996 жылы 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарламаға қаржылық секторды, құқықтық реформаны, мұнай және газ өнеркәсібін, су ресурстарын, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығын, құрылысты, коммуналдық шаруашылықты, шағын және орта бизнесті қолдауды дамытудың жобалары енгізілді.
Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел инвестицияларымен (қаржымен) жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының көбейе түскені мәлім. Қазіргі кезде республикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай, өндіріске қажеттілігі туып отыр. Нарықтық экономиканың жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрімен қатысуымен олар үшін барынша қолайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді, өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз.
Күрделі қаржы жұмсалымы.
Күрделі қаржы өндірісті дамытудағы инвестицияның негізі ретінде бұл жаңадан салынатын құрылысқа, көбейтуге, қайта құруға, техникамен қайта жабдықтау және қолданыстағы өндірісті қолдауға, айналым қаржыларының өсуіне және материалдық емес активтерге қаржы жұмсау.
Күрделі қаржы - капитал жасаушы инвестицияның құрамды бөлігі. Олар жасауға және негізгі қорларды ұдайы жаңғыртуға бағытталған шығындар. Күрделі қаржы кәсіпорынның тіршілік етуінің қажетті жағдай болып табылады.
Күрделі қаржы құрамына кіретіндер: құрылыс - монтаж жұмыстарына келетін шығындар; негізгі қорларды сатып алуға жұмсалатын шығындар ( станоктар, машиналар, жабдықтар ) ; ғылыми - зерттеу, жобала - іздестіру жұмыстарының сығындары, т. б; еңбек ресурстарын инвестициялау; басқадай шығындар.
Күрделі қаржыларды пайдаланудың маңызды бағыттары мыналардан тұрады:
- Жаңа құрылыстар, яғни жаңадан игерілетін алаңдар, жаңа кәсіпорындар салу;
- Қолданыстағы кәсіпорындарды екінші және кейінгі кезеңдерде салу арқылы оларды кеңейту, қосымша цехтармен өндірісті іске қосу, әлдеқашан жұмыс істеп тұрған негізгі және көмекші цехтарды кеңейту;
- Қайта құру немесе жаңғырту, яғни кәсіпорынныҚайта құру немесе жаңғырту, яғни кәсіпорынның қызмет процесіндегі жаңа құрылысты салусыз немесе қолданыстағы негізгі цехтарды кеңейтусіз жүзеге асырылатын ішінара немесе толық өндірісті қайта жалғастыру;
- Қолданыстағы кәсіпорындарды техникамен қайта жабдықтау, яғни жаңа техниканы, технологияны игеру, механизациялау, автоматтандыру, тозған жабдықтардықайтадан жаңғырту арқылы кейбір өндіріс учаскелердің және агрегаттардың техникалық деңгейін арттыру.
Күрделі қаржыны мемлекет тарапынан қаржыландыру келешекте сөзсіз азая бастайды, бірақ олардың көлемінің кемуі кәсіпорынның меншікті қаржы есебінен толықтыруға болады. Ол үшін кәсіпорындарға мемлекет тарапынан тиісті жағдайлар жасау қажет.
Сонымен, күрделі қаржы кәсіпорындарындағы инвестициялық қызметін басқарудың басты экономикалық тетігі инвестициялық саясатты анықтаудың негізгі құралы болып саналады. Кәсіпорындарға бөлінетін күрделі қаржы біріншіден, банктер тарапынан несие беру арқылы, екіншіден, мемлекеттік бюджеттен, үшіншіден, кәсіпорындардың өздерінің қаражаттарынан құралады.
Күрделі қаржының көлемін анықтау үшін кәсіпорындар бойынша заттай және өндіріс қажетін қамтамасыз ететін негізгі қорлардың қанша болу керектігі жөнінде жеткілікті мәліметтер болуы тиіс. Күрделі қаржының көлеміне кәсіпорындардағы өндірісті ұлғайту қарқыны, өндірілетін өнімдер немесе тауарлардың көлемінің артуы, сондай-ақ, қолданылатын құралдардың қызмет көрсету мерзімінің ұзақтылығы және бұрын жұмсалған қаржының амортизациялық ретіндегі айналғыштығын жылдамдату немесе өндіріс құралдарының құнын өндіретін өнімнің құнына көшіруді тездету тікелей әсер етеді.
Күрделі қаржы - біртіндеп екі кезеңнен өтетін процесс. Бірінші кезеңде қаржыландыру ашылған кезеңнен бастап, материалдар, жабдықтар үшін әр түрлі аванс ретінде шығындар жасалады. Екінші кезеңі - бұл күрделі қаржыны өнімді пайдалану кезеңі: техникаларды сатып алу арқылы негізгі қорлар жасау, үйлер мен құрылыстар жүргізу. Күрделі қаржы бұл кезеңде заттық нысанына айналып, заттай көрсеткіштер арқылы өлшенеді. Тұтас алғанда күрдеі қаржының бағасы негізгі қорлардың құнына айналады.
Күрделі қаржының экономикалық тиімділігі өнім өндіруді арттыру және есеп беру (базарылық) кезеңінде затқа айналдырылған адам еңбегін үнемдеу жөніндегі көрсеткіштерді нақты бір кәсіпорынның басқа кәсіпорындардағы осындай деректермен салыстыру арқылы айқындалады. Соның өзінде барлық бағыттағы күрделі қаржы: жаңа құрылыстар салу, бұрынғыларын ұлғайту, қайта жабдықтау, техникалық қайта жарақтану және қолда бар қорлардың қуатын арттыру жөніндегі күрделі есепке алынады.
Басқаша айтқанда, негізгі өндірістік қорларға жұмсалған күрделі қаржы есепке алынады деген сөз, ал өндірістік емесмақсаттағы негізгі қорларға жұмсалған күрделі қаржының тиімділігі құрылыс пен қор сақтау шығындарын жеке қызмет көрсету дәрежесі және осы объектілердегі басқа да нормалары бойынша салыстыру арқылы есептелінеді.
Күрделі қаржыны экономика жағынан тиімді деуге болады, егер де шамамен алынғандағы көрсеткіш белгіленген нормативтен кем болмаған жағдайда.
Күрделі қаржының тиімділігін арттыруда мына жұмыстар тікелей әсер етеді:
- Құрылыстың мерзімін мейлінше қысқарту;
- Құрылысты жобалаудан бастап, аяқталғанға дейінгі бағасын арзандату;
- Күрделі қаржыны кешенді түрде пайдалану;
- Жаңа құрылыспен бірге, ескіні де қалпына келтіру;
- Бөлінген қаржы материалдық-техникалық ресурстармен сай болуы, т. б.
Қоржындық инвестицияның тиімділігі.
Инвестициялық қоржын (портфель) -бұл капиталға салынатын қаржы
құралдары, яғни меншікті компаниялардың және басқа да құнды қағаздарға жұмсалатын қаржы.
Құнды қағаздарды инвестициялаудың мақсаты - процент алу, капиталды сақтау және капиталдың өсуін қамтамасыз ету. Егер де негіздісі процент алу деп есептесек, онда артықшылықты қабілетті, жаңа компаниялардың өнімділігі төмен және қауіп - қатері жоғары құнды қағаздардан тұратын қоржынға беруге болады, алайда, егер, іс сәтті қалыптасса, жоғары проценттер әкелінетін болса және керісінше, егер де инвесторлар үшін ең маңыздысы капиталды сақтау және үстелуін қамтамасыз ету болса, онда белгілі компаниялардың немесе мемлекеттің азғантай тәуелдікпен және күні бұрын күтетін орташа немесе аз проценттік төлемдер шығаратын, үлкен өтімділікке ие болатын құнды қоржынға қосылады.
Инвестициялық қоржынды қалыптастырудың басты мақсаты - не ол, не бұл капиталды салу формасына байланысты, сөйтіп, салымның сенімділігін және ең үлкен кепілдік табысты қамтамасыз ететін, мүмкіншілігі барынша бірін - бірі өтеу тәуекелділігі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz