Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

1 Жер бетінде тіршіліктің тарихи дамуы туралы ертедегі көзқарастар

1. 1 Дарвинге дейінгі тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар

2 Карл Линнейдің эволюциялық көзқарасы

3 Жан Батист Ламарктің эволюциялық ілімі

3. 1 Ресейдегі эволюциялық көзқарастар

4 Пайдаланған әдебиет

Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар

"Эволюция" деген сөз латынша "evolutio" - "тарихи даму, өзгеру, өрлеу" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде эволюциятерминін көптеген ғылым салаларында геология, география, астрономия, т. б. кеңінен қолданады. Эволюция ұғымы - уақыттың өтуіне байланысты дамудың бастапқы қалпынан бірте-бірте күрделене түсуі деген ойды білдіреді.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/0/0f/CharlesBonnet.jpg

Шарль Бонне

Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М. Хейл енгізеді, ал Швейцарияжаратылыс зерттеушісі (натуралисі) Ш. Бонне (1720 - 1793жж. ) оны ғылымға кеңінен пайдаланды. Эволюциялық ілім тіршіліктің пайда болғанынан бастап қазіргі кезге дейінгі және келешектегі тарихи даму бағыттары мен заңдылықтарын зерттейді.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/45/Charles_Darwin_1880.jpg/300px-Charles_Darwin_1880.jpg

Чарлз Роберт Дарвин

Эволюциялық ілімнің ғылыми негізін салған көрнекті ағылшын ғалымы Чарлз Роберт Дарвин (1809 - 1882жж. ) . Қазіргі кездевирустардың 800-дей, саңырауқұлақтардың 100 мыңдай, өсімдіктердің 350 мыңнан астам жәнежануарлардың 1, 5 млн- дай түрі ғылымға белгілі. Ғалымдардың болжауы бойынша жер бетінде тірі организмдердің 4, 5 млн-ға жуық түрі таралған. Ал геологиялық замандарда жер бетінде 1 млрд-қа жуық түрлер тіршілік еткен, олардың көпшілігі жойылып кеткен.

Жер бетінде тіршіліктің тарихи дамуы туралы ертедегі көзқарастар

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және оның тарихи дамуы туралы әрбір халықтың өз көзқарастары бар. Ондай көзқарастар көбіне аңыз-әңгімелер түрінде ауызекі ұрпақтан-ұрпақка беріліп отырған. Үңгірлердің кабырғаларына, тасқа салынған суреттерде көбіне ертедегі адамдардың аулаған жануарларының суреттері бейнеленген. Ондай суреттердегі жануарлар бейнесі табиғи қалпына сәйкес салынған. Мұндай тасқа салынған суреттер Қазақстан жерінде де көптеп кездеседі.

Дарвинге дейінгі тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар

Ертедегі Грекияда (б. з. д. VІІІ-VI ғғ. ) жалпы тіршілік туралы ең алғашқы ғылыми ой-пікірлер айтыла бастады. Көптеген грек ойшылдары Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Гераклит, т. б. тіршіліктің пайда болуы мен тарихи дамуының сырын ашуға үмтылды. Ол кезде тірі организмдер жайлы ғылыми деректер өте аз болды. Көптеген ойшылдар тірі организмдерді зерттей бастады. Бұл бағытта грек ойшылы Аристотельдің еңбегінің маңызы зор болды. Аристотель (б. з. д. 384 - 322 жж. ) жануарларды құрылыс ерекшеліктеріне байланысты қарапайым түрлерінен күрделену ретіне қарай белгілі жүйе бойынша жіктеді. Аристотельалғаш рет жануарларды қансыздар (омыртқасыздар) және қандылар ( құрылысын зерттеді және тірі организмдер өлі табиғаттан белгісіз бір құдіреттің арқасында пайда болады деген пікірді ұсынды. Аристотельдің еңбектері орта ғасырлар бойы өз құндылығын жоймай, тірі табиғат туралы көзқарастардың негіз ) деп екі топқа бөлді. Олі болды. XV ғасырдың екінші жартысында өнеркәсіп салаларының өркендеуі, жаңа елдердің ашылуы, сауданың қарқынды жүруі жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтердің жинақталуына жол ашты. Жаңадан ашылған елдерден Еуропаға бұрын белгісіз болып келген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері әкелінді. Үндістан мен Америкадан - қалампыр, картоп, жүгері, темекі, қызанақ, асқабак, какао өсімдіктері әкелінді. Ғалымдар өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерінің пайдалы және зиянды жақтарын сипаттап жазды. Тек сипаттап жазу жеткіліксіз болды. Енді құрылысы мен тіршілігі жағынан ұқсас өсімдіктер мен жануарларды топтастырып, ғылыми жүйелеу жағына да көңіл бөліне бастады.

Карл Линнейдің эволюциялық көзқарасы

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/68/Carl_von_Linn%C3%A9.jpg/300px-Carl_von_Linn%C3%A9.jpg

Карл Линней

Қайта өркендеу дәуірінде жинақталған көптеген ғылыми мәліметтерді белгілі бір жүйеге келтіру қажеттігі туындады. Өсімдіктер мен жануарларадам үшін пайдалы және зиянды топтарға бөлінді. Өсімдіктер адамның пайдалану ерекшелігіне сәйкес бақша және дәрілік өсімдіктер деп топтастырылды. Тірі организмдерді мұндай жүйелеу ғалымдарды қанағаттандырмады. Ғалымдар өсімдіктер мен жануарларды құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты белгілі топтарға бөлуге әрекет жасады. Бұл кезде өсімдіктерді және жануарларды жеке сипаттап жазылған еңбектер көп жарық көрді. Енді осындай өсімдіктер мен жануарларды ғылыми тұрғыда жүйелеу кажет болды. Алғашқы кезде ғалымдар өсімдіктер мен жануарлардың бір немесе бірнеше белгілеріне қарап топтастыра бастады.

Тірі организмдерді жүйелеуде көрнекті швед ғалымы Карл Линнейдің(1707-1778 жж. ) еңбегі аса зор болды. Ол биология ғылымындағы алғашқы жүйеленім (систематика) ғылымының негізін салушы. 1735 жылы "Табиғат жүйесі" деген еңбегі жарық көрді. К. Линней 8000-нан астам өсімдікке және 4000-нан астам жануарға сипаттама жазды. Ол тірі организмдерді ұқсас белгілеріне қарап:

түрлерді-туысқа,

туыстарды-отрядқа,

отрядтарды - класқа

топтастырды. Ол, осылайша белгілі ретпен жүйелік топтарды сатылы деңгейде белгілеп, әрбір түрді латынның қос сөзімен атауды ұсынды. Мұндағы бірінші сөз - туыстың, екінші сөз - түрдіңатын білдіреді. Мұны ғылымда түрді қос сөзбен атау (бинарлық номенклатура) деп атайды. К. Линней ұсынған түрді қос сөзбен атау казіргі кезде де колданылады. Оның жүйелеуіндегі ең жоғары жүйелік топ-класс, ең кішісі - түр тармағы деп аталды. Кейінгі кездегі ғылымның дамуына сәйкес жануарларды жүйелеуде - отряд, тип; өсімдіктерде - қатар, бөлім деген жүйелік топтар косылды. К. Линней өз дәуірінде органикалық дүниені жүйелеудің жетілдірілген жүйесін жасады. Ол сол кездегі ғылымға белгілі өсімдіктер мен жануарларды толық жүйелік топтарға жіктеп шықты. К. Линней, сондықтан да өз заманының көрнекті ғалымы болды.

К. Линней өсімдіктерді жүйелегенде көбіне гүлдеріндегі аталықтары мен аналықтарының санына, ал жануарларды тыныс алу және қан айналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа жіктеді. Мысалы, сүткоректілер, құстар, қосмекенділер, балықтар, жәндіктер, құрттардеп бөлді. Құстарды отрядка жіктегенде тұмсықтарының пішініне, сүтқоректілерді тістерінің құрылысына қарап топтастьфды. мұндай кездейсоқ белгілеріне қарап жүйелеудің нәтижесінде, К. Линней көптеген кемшіліктерге жол берді. Сондықтан оның жүйесі "жасанды жүйе" болды, осыған сәйкес бір- біріне туыстық қатысы жоқ организмдер бір туысқа жатқызылды. Мысалы, сәбіз бен зығырдың гүлдеріндегі аталықтарының саны бесеу болғандықтан бір туысқа біріктірген. Шын мәнінде бұл екі өсімдік екі түрлі туысқа жатады. Ол тауық пен түйеқұсты бір отрядка топтастырды. Негізінде, тауықтар-қырлы төссүйекті құстар, ал түйеқұстар жоғары жүйелік топтарға жатады. К. Линней өз жүйелеуінде осындай кемшіліктеріне қарамастан, биологиядағы ғылыми жүйелеуге көп үлес қосты. Ол адамды сүтқоректілер класына, оның - қырсыз төссүйектілер болып, жеке отрядтан да приматтар (маймылдар) отрядына жатқызып, түрін-саналы адам (Homo sapiens) деп ғылыми дұрыс жүйеледі.
К. Линней түр өзгермейді деген пікірді ұстанып, жаратушы бастапқы кезде қанша түрді жаратса, казір де сонша түр тіршілік етуде деп тұжырым жасады. бұл да оның кемшілігінің бірі.

Жан Батист Ламарктің эволюциялық ілімі

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/f/f0/Jean-baptiste_lamarck2.jpg

Жан Батист Ламарк

"Тірі табиғат өзгермейді" деген көзқарастың басым болуына қарамастан биолог-ғалымдар нақты материалдарды жинап көбейте берді. XVII ғ. микроскоптың ашылуы, оны түрлі биологиялық зерттеулерге қолдана бастау көптеген ғалымдардың тірі табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп ой-өрісін дамытты. Эмбриология менпалеонтология өз алдына ғылым болып калыптасты. Француз ғалымы Жан Батист Ламарк биологияда Дарвинге дейінгі органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылыми теорияның негізін салған. Ж. Б. Ламарктің эволюциялық теориясының артықшылығы нақты деректерге сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлар құрылысын тереңірек зерттеуінде. "Зоология философиясы"(1809 ж. ) деген еңбегінде органикалық дүниенің өзгеретіндігін көптеген мысалдармен дәлелдеді.

Ғылымға "биология", "биосфера" терминдерін енгізді, Ж. Б. Ламарктің еңбектері, негізінен, жануарларды жүйелеуге арналды. Ол ұқсастық белгілеріне қарап жануарларды омыртқасыздар және омыртқалылар деп 6 сатыға, 14 класқа топтастырды. Мұндағы сатылар мен кластар жануарлардың қарапайым құрылысынан бірте-бірте күрделену деңгейіне қарай орналастырылды. I саты - кірпікшелі кебісшелер мен полиптер.
II саты - сәулелілер мен құрттар.
III саты - жәндіктер (насекомдар) мен өрмекшітектестер.
IV саты - шаянтектестер мен былқылдақденелілер.
V саты - балықтар мен бауырымен жорғалаушылар.
VI саты - құстар мен сүтқоректілер.
Омыртқасыздарды 10 класқа бөлді.
1. Кірпікшелі кебісшелер.
2. Полиптер.
3. Сәулелілер.
4. Құрттар.
5. Буынаяқтылар.
6. Өрмекшітектестер.
7. Шаянтектестер.
8. Қылтандылар.
9. Мұртаяқтылар.
10. Былқылдақденелілер. Шаянтектестер мен өрмекшітектестер және жәндіктер қазіргі кезге дейін өз алдына жеке класс ретіндегі жүйелік топтар. Осылайша Ламарк жіктеудегі табиғи жүйенің негізін қалады. Ламарк:

"Тіршілік өте қарапайым тірі денеден пайда болып қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға қарай дамиды жене бұл құбылыс өте баяу жүреді"

- деді. Ламарктің эволюциялық көзқарастары көптеген деректермен делелденгендіктен эволюциялық теорияға айналды. Ламарк жаңа түрдің пайда болуында эволюцияның негізгі факторы - сыртқы орта (жер бетіндегі гидрогеологиялық жағдайдың ауысуы мен ауа райының өзгеруі) және уақыт екендігін ерекше ескертті. Дегенмен организмдердің өзгеру себептерін, яғни эволюцияның қозғаушы күшін дұрыс түсіндіре алмады. Ламарк эволюдияның негізгі факторы - сыртқы орта жағдайына неғұрлым көбірек жаттыққан мүшелер өзгереді, ал жаттықпаған мүшелер өзгермейді деп есептеді. Өзгеріссіз калған мүшелер қалады немесе кітшірейіп жойылып кетеді деп оған бірнеше мысалдар келтірді. Мысалы: а) керік (жираф) мойнының ұзын болуы, оның арғы тегінің құнарсыз топырақты жерде мекендеп ағаш жапырағымен қоректену үшін мойнын биікке жиі созуына байланысты; ә) жыланның жорғалап қозғалуы нәтижесінде денесінің ұдайы созылуына қарай аяғы пайдасыз болғандықтан арғы тегінде аяқ болса да жаттықпаудың әсерінен жойылған деп түсіндірді. Ламарк - көп әрі белсенді кимылдаған мүшелерде қан ағысы күшейіп, мүше жақсы өседі және бұл қасиет тұқым қуалайды деп түсіндірді.

Ресейдегі эволюциялық көзқарастар

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b9/Lomonosov_%283%29.jpg/300px-Lomonosov_%283%29.jpg

Михаил Васильевич Ломоносов

ХVШ ғасырдан бастап, Ресейде органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы М. В. Ломоносов, А. Н. Радищев, К. Ф. Рулье және т. б. ойшылдар өз көзқарастарын білдірді. Олар түр өзгеріп, үнемі дамып отырады деген көзқараста болды. К. Ф. Рулье (1814-1858 жж. ) өз заманында түрлер тұрақты әрі өзгермейді деген көзқарастарды сынап, органикалық дүние өзгеріп әрі дамып отырады деп атап көрсетті. Ол бір түрмен екінші түрдің арасында қорек үшін күрес болатынын және сол арқылы бір түрдің екінші түрді ығыстырып отыратынын ескертті. К. Ф. Рулье эволюциялық процестердің болатынын ертеде тіршілік еткен жануарлардың қаңқа калдықтарын қазіргі кездегі жануарлардың құрылысымен салыстырып зерттеуге зор мән берді. Ол жануарлардың ұрықтарының дамуын да бір-бірімен салыстырып зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Организмдердің шығу тегін, олардың арасындағы туыстық байланыстарды, құрылысы мен атқаратын қызметін байланыстыра зерттеу қажеттігін А. И. Герцен (1812-1870 жж. ) атап көрсетті. Ол әрбір жаратылыстанушы ғалымның міндеті - органикалық дүниенің пайда болуын, олардың сан алуан түрлерінің бір-бірімен байланыстылығының себептерін анықтау екендігін ерекше ескертті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы
Адамның шығу тегі. Тіршіліктің пайда болуы туралы болжамдар
Биология және дүниенің эволюциялық бейнесінің қалыптасуы
Биологияның даму тарихы
Философияның пәні мен әдісі
Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары. Негізгі философиялық доктриналар
Дарвинизм. Эволюциялық қазіргі идеялар
Философияның мәні мен мақсаты
Тіршіліктің жер бетіне шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы мәліметтер
Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz