«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша лекциялар конспектісі (тезистері)


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Спорт және өнер факультеті

«Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедрасы

«Бекітемін»

Факультет оқу-әдістемелік Кеңесінің

төрағасы, доцент м. а., подполковник

И. Қ. Турметов

«27»08. 2013 ж.

«ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ»

ПӘНІ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛАР КОНСПЕКТІСІ

(ТЕЗИСТЕРІ)

(барлық мамандықтары үшін)

Түркістан 2013

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1-лекция. Тақырыбы : Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықытық актілер.

Жоспары: 1. 1»Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы»

1. 2 Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттері.

1. 3 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуына әкелген апаттарды, ауыртпалықтар мен алапаттар себептерін тергеу ережелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

Мақсаты: Студенттерге «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсының теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін түсіндіру. «Адам - мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп-қатерді топтастыру жайында түсінік қалыптастыру.

1. 1 Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы» курсының теориялық негіздері, мақсаты.

«Тіршілік қауіпсіздігі» курсының оқу бағдарламасына енгізілуі қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму логикасына байланысты болып отыр. Бұл курстың өзегі болып, қоғамның дамуының негізі - адам алынған. Кезінде Протагор «Адам - барлық заттың өлшемі» деген екен. Яғни, адамды жұмыс күші ретінде жүмыс процесінде ғана қорғау қажет емес, сонымен қатар оны өмір бойы, қайда тұрса да, қайда жүрсе де қорғау қажет.

Осы мәселелерге байланысты «Адам өмір қауіпсіздігінің негіздері» курсының теориялық негізін жасауға болады:

- адам Жерде пайда болғаннан бастап, ылғи да өзгеріп отыратын қауіп пен қатердің арасында өмір сүріп келеді, яғни адамның іс-әрекеті мен тіршілігі әрқашанда қауіпте;

- қауіп-қатер адам өміріне, оның денсаулығына ылғи да зиянын тигізеді (жүйке ауруы, жарақат, ауру, өлім), яғни мемлекеттің, жалпы қоғамның алдында адамдарды қорғау міндеті тұрады;

- толық қауіпсіздік болмайды, әрқашан белгілі бір қауіп қалып отырады, сондықтан, қауіпсіздікті үйымдастыру жұмысы жоғары деңгейде болуы керек.

Табиғатта болып тұратын қауіп-қатерлер тұрақты, жан-жақты және қуатты, сондықтан Жер бетінде қауіп төнбейтін адам болмайды. Бірақ көп адамдар бұл жағдайға көңіл аудармайды, байқамайды, тіпті ойламайды да, сондықтан олардың ойы нақтылы өмірден алшақ болады.

Сондықтан қауіпсіздіктің идеологиясын, нақтылы жайға сай ойлауды, тәртіпті құру үшін, осы «Адам өмір қауіпсіздігі» оқу бағдарламасы қажет. Сонымен, «Тіршілік қауіпсіздігі»- адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Ол нақты машиналардың, құрал жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, онымен арнайы мамандықтар айналысады (атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс, өрт қауіпсіздігі және т. с. с. ) .

Курсының мақсаты - қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау - осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми-әдістемелік іргесі болып саналады:

- қауіп-қатерді тани білу: оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың, зиянның шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т. б. ;

- болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу;

- қауіп-қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.

1. 2 Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттері.

Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылы-ғы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс- әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.

1-сурет. Қауіптіліктің белгілері бойынша жіктелуі

1. 3 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуына әкелген апаттарды, ауыртпалықтар мен алапаттар себептерін тергеу ережелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.

Қауіп-қатер - ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты кұбылыс. Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін.

Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:

- адамның өзі;

- өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдала-нылатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға;

- адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері.

Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.

Бақылау сұрақтары:

1. Тіршілік қауіпсіздігі курсының теориялық негіздері.

2. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақсаты.

3. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің негізгі міндеттері.

4. Қауіпсіздік деген не?

5. Антропогендік орта дегенді түсіндіріңіз?

6. Қауіпсіздікке байланысты қандай заңнамалар пайдаланылады?

7. Қауіп-қатер деген не?

8. Қауіптіліктің белгілер бойынша жіктелуі.

2-лекция. Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныстың міндеттері, құру және жұмыс істеу принциптері

Жоспары: 2. 1 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі

2. 2 Азаматтық қорғаныс қурсының мақсаттары мен міндеттері

2. 3 Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу

2. 4 Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттері

Мақсаты: Азаматтық қорғаныс жүйесінің теориялық негіздерін, оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.

2. 1 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі.

Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беруді мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918-ші жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бомбылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады.

Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттігі туындады.

Сөйтіп әуе шабуылынан қорғану үшін 1920 жылдары жергілікті әуә шабуылынан қорғану жүйесі құрылды.

Кеңестер Одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) - деп аталына бастады. Кеңес үкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ-не төмендегідей міндеттер жүктелді:

- әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау;

- әуе шабуылының зрдаптарын жою;

- бомбадан не газдан, улағыш заттардан (УЗ) паналау орындарын дайындау;

- зардап шеккен жан-жануарларға көмек көрсету;

- қауіп төнген аудандардағы қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу;

- ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу;

- арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру.

Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл істерге жоғары маңыз беріліп, қорғаныс жасақшыларыц саны жаппай өсіп, 6 млн-нан асып түсті. Соғыс жылдары бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды.

Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбасының қолданылуынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген.

2. 2 Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары мен міндеттері.

Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары:

  • Әр қоғамда ең басты, бағалы нәрсе - адам. Сондықтан барлық қорғау шараларында адамдардың қауіпсіздігін ескеру - негізгі мақсат. Адамдарды қорғай білу - мемлекет үшін маңызды іс. Сондықтан халықты қорғау, адамдардың өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.
  • Халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

Азаматтық қорғаныс міндеттері:

  • Халықты жаппай қыру қаруларының (ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу.
  • Төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету (Барлық өнімдерді қажетті мөлшерде өндіре алу) .
  • Зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу.
  • Апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу.
  • Зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету.
  • Төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу.
  • Өндіріс орындарындағы апаттық көрші тұрған объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіру.
  • Адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу.
  • Территорияны, техниканы, киімді, тамақты улы, радиоактивті заттардан, бактериялардан қорғау.

Әр мекеменің бірінші бастығы - Азаматтық қорғаныстың бастығы болып есептеледі. Оның бұйрықтары мен жарлықтарын осында жұмыс істейтін барлық адамдар орындауға міндетті. Мекеменің бірінші бастығы осы мекеменің төтенше жағдайдағы дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдасқан түрде жүргізілуіне, оған адамдарды дайындап, ұйымдастыруына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға, ұжым мүшелерін ұйымдастыруға мемлекет алдына бірден-бір жауапты адам

2. 3 Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.

Адам табиғаттағы, өндірістегі, көлік апаттарының Төтенше жағдайының басы-қасында болғанда оқиғаны әртүрлі бағалайды әрі оған психологиялық кері әсер етуі мүмкін. Мұның өзі сол адамдардың апат зардабын бағалауды, қиын-қыстау жағдайда қалай қимылдауды білмегендігінен болады. Асып-сасушылық басым болуы мүмкін. Бірер адамнан шыққан үрейлену көпшілікке берілсе, онда жаппай үрей (паника) тууы мүмкін. Қорқыныш сезімін білмеген адамдар жағдайды шынайы бағалай алмайды. Немесе асыра сілтеуге жақын тұрады. Олар өз сезіміне бой беріп, жауапкершілікті жоғалтады.

Бұндайда теріс түсінушілік, бұрмалаушылық әңгімелер көп болады. Жаппай үрейлену қайғылы жағдайларға соқтыруы ықтимал. Сондықтан адамдарды төтенше жағдайларға алдын ала дайындау маңызды жұмыс. Апат жағдайында қалай қимылдаудың, іс-әрекеттің кезегін үйрету керек, жаттығулар өткізу қажет. Азаматтық қорғаныстың қойған мақсаты осындай. Үрейленушіліктің алдын алу үшін төтенше жағдайда, дереу оның себептерін нақты түсіндірудің маңызы зор. Егер жаппай үрейленушілік туындаған жағдайларда адамдармен тез арада сұхбаттасып, қорқыныш сезімді жоюға тырысу керек. Басқаруды тез арада бір кісі өз қолына алғаны дұрыс. Содан кейін сол адамдардың өздерін құтқару, қалпына келтіру жұмыстарына кірістіріп ақыл-ойларын соған бөлу керек. Тек сонда ғана қатты қорқынышқа ұрынған (паникаға) адамдарды тоқтатуға болады.

Сондықтан төтенше жағдайдағы психологиялық дайындыққа тиісті көңіл аударуды қатаң талап етеді.

5. 4 Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттері.

Азаматтық қорғаныс қызметінің жұмысы жергілікті әкімшіліктің облыстық, қалалық, аудандық басшылығымен жүреді.

Азаматтық қорғаныс қызметінің құрылымы мемлекеттік құрылымға сәйкес құрылады. Бұл қызметтің өзі қолда бар материалдық жағдайды және адам күшін, оларды негізгі қызметтерінен айырмай тиімді түрде пайдалана білу негізіне сүйенеді де, өзіне берілген міндеттерді орындауға бағытталады.

Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.

Территориялық - дегеніміз әр облыс, қала, аудан территориясында ұйымдастырылады.

Өндірістік - дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын Азаматтық қорғаныстың орындары болады.

Азаматтық қорғаныс күштеріне:

  • Азаматтық қорғаныс әскерлері;
  • Министрліктерге бағынатын өндірістіктегі жасақшылар;
  • Арнайы жасақшылар, оларға: АҚ мен ТЖ құрылымдарының күштері, мекеме, өндіріс, орта және жоғары оқу орнындағы әскери емес жасақшылар (Жалпы қызмет атқаратындар; Арнайы қызмет атқаратындар) .

Жалпы қызмет арқаратындар өз кәсіпорындарында құтқару не қалпына келтіру жұмыстарына қатыстырылады. Егер қажет болып жатса, басқаларға да көмектесуге шақырылады.

Олар жаппай өртке не жер сілкіну және де басқа да ірі апаттардың зардабын жоюға қатыстырылады. Бұл жасақшылардың құрамына құрамына әрбір еңбекке жарамды адамдар кіреді. Оларды құру негіздері: әр цех бойынша, бөлім, бөлімшелер, бригада басқа да өндіріс учаскелерінде ұйымдастырылады. әр смена, бригада бір жасақшылар тобы болып, кей учскелердегі адамдар басқаларға біріктіріледі.

Азаматтық қорғаныс бастығының жанынан штаб құрылады да, барлық ұйымдастыру жұмыстары осында жүргізіледі.

Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, азаматтық қорғаныс бастығының төтенше жағдай кезіндегі бірінші орынбасары болып табылады.

Әрбір төтенше жағдайда дабыл хабарын тез арада халыққа жеткізудің маңызы өте зор.

Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың ең басты тәсілі ретінде мемлекеттік радио, теледидар және сонымен берілетін байланыс жүйелерінің құралдары пайдаланылады. Дабылды берудің мақсаты, халықтың назарын алдын ала аудару үшін сирена, өндірістік гудоктар арқылы «Тыңдаңыздар баршаңызға» - деп аталатын («Внимание всем») ескерту хабарлары беріледі. Бұл хабар бойынша барлық халық өздерінің радио, теледидар құралдарын іске қосып, төтенше хабарды тыңдауға әзірленуі керек. Бұл сигналдар бойынша тез арада радио тарату, теледидар станциялары, радиотаратқыш жүйе тізбектер тез арада іске қосылуға тиісті.

Бұл азаматтық қорғаныс хабарлары төтенше жағдайдың жақындап қалғанын, не болмаса болған қатерлерді, сол сияқты жағдайға байланысты қандай іс-шаралар қабылданатындығы хабарлайды. Мысалы: химия кәсіпорнында апат болғаны және онда улы заттың ауаға тарағандығы туралы дабыл болған жағдайда не істеу керек? Бұл жағдайда тез арада жиналып, көршілерге хабарлап, жел бағытына көлденең бағытқа жүру керек. Противогаз болмаған жағдайда дәкені не матаны ылғалдап, ауыз-мұрынды жауып тыныс алу керек. Немесе киімнің жағасы не мақталы жері арқылы дем алуы керек. Содан кейін азаматтық қорғаныс штабынан келесі хабарды күту керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі.

2 Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары мен міндеттері.

3 Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.

4. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттері.

5. Азаматтық қорғаныс жүйесі қандай негізде құрылған?

6. Территориялық қорғаныс жүйесі.

7. Өндірістік қорғаныс жүйесі.

8. Азаматтық қорғаныс күштеріне кімдер жатқызылады?

9. Жалпы қызмет атқаратындар кімдер?

10. Төтенше жағдайда халыққ хабарлаудың маңызы және басты тәсілі?

3-лекция. Тақырыбы: Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу

Жоспары: 3. 1 Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар

3. 2 Токсиндер әсер еткендегі созылмалы улану, кәсіби және тұрмыстық аурулар

Мақсаты: Студенттерге «Адам өмір қауіпсіздігінің негіздері» курсының теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін түсіндіру. «Адам - мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп-қатерді топтастыру жайында түсінік қалыптастыру.

3. 1 Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар

Экстремальдық жағдай (ситуация) дегеніміз не? Адам өміріне, денсаулығына немесе оның дүние-мүлкіне тікелей қатер тудырғанда, өзгенің көмегі болмайтын немесе көмек беру шектелген жағдайды экстремальдық деп атайды. Бұл жағдайда мынадай белгілер тән:

  • кенеттен немесе ойламаған жерден пайда болуы;
  • адамның зорлану, шиеленісу жағдайында болуы;
  • алғашқы секунд пен минуттағы денсаулыққа залалын тигізетін қатердің мүмкіндігі;
  • жедел істелетін белсенді іс-әрекеттің қажеттілігі.

Экстремальдық жағдайлар адамдардың табиғат аясында болған кезінде де (шөлде, орманда, тегісте, өзенде және т. с. с. ), қала ішінде де (ауданда, ауылда), тіпті күнделікті жағдайда да пайда болуы мүмкін.

Табиғатта болған экстремальдық жағдай бірнеше жай-күймен анықталады:

1. Ниет ету. Экстремальды жағдайға, көбінесе, қауіпті жұмысты істеуге немесе демалуға ниеттенген адамдар душар болады. Дегенмен, оған дайындалуға, оны ескеруге адамның мүмкіншілігі жеткілікті. Алдына ондай мақсат қоймаған адамдар экстремальды жағдайға түсе бермейді, бірақ ондай жағдайға тап болғанда өзіне-өзі сенімділік көрсете алмайды.

2. Дайындық ережесі. Адамдардың экстремальдық жағдайға дайындық дәрежесі ылғи да сай келе бермейді, тіпті төтенше жағдаймен айналысатын адамдардың өздері кейде жол таба алмай қалады. Мұндай жағдайда «менімен ештеңе болмайды» дейтін кісінің өзі қиын кездерде мамандарға, дайындығы жоғары адамдарға жүгінуге мәжбүр болады.

3. Экстремальдықтың дәрежесі. Материалдық жарақтанғанына байланысты (арнайы киімдер, төтенше жағдайға арналған құрал-жабдықтар) және сол сияқты географиялық-климаттық шарттарының ерекшелігіне байланысты бірдей жағдайдың өзінің әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыздан қонуы мен далаға (тауға) қонуы, әрине, экстремальдық жағдай, бірақ екі жағдайдың дәрежесі екі түрлі. Экстремальдықтың дәрежесі адам өмірінің сақталуына әсер етеді әрі тірі қалудың мүмкіншілігін анықтайды.

Осыдан барып, экстремальдық жағдай адамдардың мамандықтарына және олардың өмір сүру дағдысына қарай әр түрлі болады деген тұжырымға келуге болады.

Адамның жападан жалғыз экстремальдық жағдайда қалуы, ерекше талдауды қажет етеді. Амалсыз осындай жағдайға тап болған адам, алдымен қандай қиындыққа тап болғанын болмысымен түсінуі қажет, содан соң барып баспана, тамақ туралы және қайтып оралудың жолын ойластыруы керек, әрі алғашқы сасқалақтау, стрес жағдайымен күресуі қажет. Бұған адамның мінез-құлқы, жігерлігі немесе бозкүйектігі үлкен әсерін тигізеді. Дегенмен ең бастысы - адамның бұндай жағдайдағы істейтін өз іс-әрекеті. Біріншіден, адамның өзі ұшыраған жағдайын дұрыс сараптауының, сыртқы факторлардың (аптап ыстық, боран, суырған жел және т. б. ) әсерін дұрыс бағалаудың, қолында бар заттарды (киімі, баспанасы, құрал-жабдықтары) дұрыс пайдаланудың және денсаулығын сақтаудың (аш, жалаңаш, ауру және т. с. с. ) - бәрінің маңызы өте зор.

Шешім қабылдағанда мына қажеттіліктерді қатты ескеру қажет:

  • дәрігерлік көмек көрсетуді (егер қажет болса) ;
  • сыртқы дүниемен байланыс орнатуға қам жасауды;
  • баспана ұйымдастыруды;
  • су мен тағам табуды;
  • айналаны бағдарлап, зерттеп, жүретін бағытты анықтап алу керек.

Адам стрестік жағдайдан неғұрлым тез арада шыға алса, соғұрлым оның сабырлы, ойлы іс-әрекеті оң нәтижесін береді.

Байланыс орнатуға және белгі беруге әрекет ету. Экстремальдық жағдайға душар болған адам бірінші ретте сырт ортамен байланыс жасауға шара қолдануы керек. Оның құралдары: белгі зымырандары, от, факель жағу, қолдағы бар басқа да құрал-жабдықтарды пайдалану, айқайлау, ысқыру және т. с. с.

Өндіріс орындарында төтенше жағдайға арналған арнайы белгі беру құралдары болады.

Бұндай белгі беру құралдары шахталарда, кемелерде, су асты кемелерінде, ұшқыштарда және т. с. с. болады. Сол сияқты, төтенше жағдайда дабыл беретін 01, 02, 03, 04 деген телефон нөмірлері бар.

Мысал ретінде жол жүріп келе жатқандағы ұшыраған экстремальдық жағдайдағы дабылдар ыңғайы келген әдіспен беріледі:

  • айқаймен (ысқырықпен) ;
  • жарықпен (фонарь) ;
  • қараңғы жерде ашық түсті (немесе керісінше) затты бұлғаумен;
  • ашық күнде ақ түтін жіберу (отқа жасыл бұталарды, мүктерді тастаумен ақ түтінге қол жеткізуге болады) ;
  • бұлтты, бұлыңғыр күні - қара түтін жіберу.

Тік ұшақтағы құтқарушыларға халықаралық кодты пайдалана отырып, дабыл белгілерін берген жөн. Мысалы, жоғарыдан анық көрінетін жерге қолда бар заттармен - матаның кесіндісімен, киіммен, бұтақтармен, қарды таптап із салу арқылы, оттың күлін пайлаланып - белгі беруге болады.

Дабыл берудің басқа да әдістері бар. Соның бірі айнаны пайдалану. Айнадан түсетін күннің жарығы электроника мен пиротехниканың нәтижесінен кем емес. Айнаның сәулдесін биіктіктегі ұшақтан 1, 5 км-ден 24 км-ге дейін қашықтықтан көруге болады.

Ендігі бір әдіс - ол радио байланыс.

Радиобайланыс арқылы өзің туралы, апаттың түрі және дәрежесі жөнінде толық мәлімен бере аласың. Апатқа ұшырау дабылын спутниктер жер шарының кез-келген нүктесінен қабылдап, жақын арадағы құтқару станцияларына қас-қағым сәтте жеткізіп бере алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Топтап оқыту технологиясы
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Төтенше жағдайда алдын алу және жою бойынша Мемлекеттік жүйенің ұйымдастырушылық принциптерімен құрылымы
Сымсыз байланыс технологиясы - дәрістер конспектісі
Массажға дайындық
Кездейсоқ шамалар ұғымы
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz