Беташар және той бастар жырлары: мәні, қызметі және дәстүрдегі өзгерістері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Беташар

Беташар - жаңа түскен келінге байланысты айтылатын жыр. Қазақтын, ескі заманнан келе жатқан дәтүрінің бірі - жаңа түскен келіншеқтін. бетін ешкімге көрсетпей, желекпен жауып әкелу. Келіншектің бетін өне бойы бүркеп қоюға болмайды. Сондықтан онын, бетін ашу керек. Бұған ерекше мән беріп, келіншектің бетін ақындар өлеңмен ашады.

Жалпы қоғам өмірінде семяның мәні ерекше екендігі талассыз. Қоғам семьялардың жиынтығынан құралатын болашақ ана, семья жалпы жұртшылық үшін де зор қуанышты болып есептеледі. Беташар жыры, келін түскендегі қуанышты мәжілістің бір бұтағы осындайда жатса, оның екінші жағы әдет-ғұрыпта, жас келіншектің келешек өміріне жол көрсетіп жөн сілтеу, тәрбие беруде жатыр.

Қүйеудің аулына келген жерде қыздың басына желек салып, сәукеле кигізу - салтқа, әдет-ғұрыпқа мойын ұсын деген сөз. Бірақ беташардың қайсысында болсын өз заманына лайықты, жаңа өмірге аяқ басып отырған жас келіншекке тәлім-тәрбие беру тілегі де байқалады.

Айт, келін-ау, айт, келін! Қақаңдамай, келіншек.

Атыңның басын тарт, келін! Үй артына мал келсе,

Сауысқаннан сақ келін! Бақаңдама келіншек.

Жұмыртқадан ақ келін!. . Қаптын аузы бос тұр деп,

Ел-жұртыңа жақ, келін!. . Құрт ұрлама, келіншек!

Алдыңғы түйең итіншек, Аузы-мұрнын. сүйреңдеп,

Итіндірме, келіншек. Өсек айтпа, келіншек.

Артқы түйең тартыншақ, Сауыр етігің шоңқайып,

Тартындырма, келіншек. Үй қыдырма, келіншек, -

Қайнағаңның алдында

деп, жаңа түскен жас келінді әдептілігімен, ибалылығымен, қызметімен ата-анаға, ауыл-аймаққа жағып, өсек-өтіріктен аулақ бол дегенді айтады. Тағы бір жерінде:

Жұмыс кылсаң, жылдам қыл,

Шұбалаң келін атанба! -

деп, еңбекке үндейді.

Той бастар, жар-жар сияқты, салт жырым қазір мазмұны жағынан жаңарды. I. Жансүгіров. Қ. Әзірбаев, А. Тоқмағамбетов,

Қ. Ыдырысов сияқты белгілі ақындарымыз арнайы беташар жырын жазды, Мұндағы айтылатын тілеу, арнаулардың мазмұны басқаша - жаңа өмірдң талабына сай. I. Жансүгіров беташарында:

Қағаз оқы, хат таны,

Сауатыңды аш, келін.

Оқығаның өкіл бол,

Әлеуметке бас, келін, -

деп тілек айтады.

Советтік жаңа заманда, сауаттылыққа жаппай жорық бас-талған шақта (20-30-жылдары) жас келінге: «хат таны, әлеуметке бас бол» деген тілек орынды еді. Азаттық алған қазақ әйелінің әлеумет өміріне белсене араласуы үшін бұл бірден-бір жол.

Бұрынғы беташарда «Атаңызға бір сәлем, енеңізге бір сәлем . . . » делінсе, қазіргі беташарда арнау түрі де басқаша.

Ақын А. Тоқмағамбетовтің беташарында жаңа түскен жас келінге:

Болашақ күннін, бағы үшін, деген осы заманда,

Бәрін-бәрін жасаған. Не тілесең әзір ед

Заманның қызыл гүліндей, Сол күнді берген партия

Құлпырып өссін жас адам, Тұрып соған тәжім ет, -

Той бастар.

Бұл өлен, той кезінде жырланады. «Той тондынікі, ас аттыңкі» деген мәтел тойдық әлеуметтік орнын көрсетеді, Әйтсе де тойға тонсыз, атсыздардың да қатысуына тиым салынбайды. Той б а с т а р ұзатылатын қызға айтылады.

Қазақтың қыз ұзататын тойы той иесінің әл-ауқатына қарай жұрттың жиналуы жағынан болсын, көрсететін қызықтары жа-ғынап болсын бірдей болып келмейді. Ол - табиғи нәрсе. Бірақ тойдың көпшілігіне тән, салтқа айналған бір әдет той асы, қонақ асы біткеннен кейін әр түрлі қызықтар көрсету үшін ең әуелі тойдың ойыны басталатындығын хабарлау керек. Тойға келушілер қызық үшін келеді. «Тойға барсаң тойып, жұмысыңды қойып бар» деген мәтелде осыдан шыққан болуға тиіс. Сол қызықтың әуелгі

беташары - той бастар жыры. Атынын, өзі де тойды бастаудан шыққанын көрсетіп тұр. '

Тойды:

Әдетім той бастайтын әуел баста

Сұлу сөз жарасады қарындасқа.

Шабытым көкірегіме жел берген соң

Бұл тойды кім бастайды бізден басқа -

деп, «ала құйын желі бар» ақын жігіт бастайды.

Той бастардың негізгі мазмұны - тойдың салттың дәріптеу той иесі қызды мақтау, той жасаушылардың жақсы тілеуіне үн қосу.

Құтты болсын тойыңыз, той иесі,

Той есесін тәңірім толтырады . . .

Құтты болсын айтамыз тойыңызға,

Той иесі, тойыңыз тойға ұлассын!. .

Той бастар жырының түрлері көп. Бірақ айтайын деген пікірі осы үзіндіден алшақ кетпейді. Той бастар жырының көбі ақ - бата берумен, жақсы тілекпен аяқталады. Қыздың ұзатылып барған жерінде бақытты болуына, бейнет көрмей өмір сүруіне, елдің тілектестігін білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың дәстүрлі тойлары: ұрын той, беташар және тойбастардың мәдени маңызы
Музыкалық педагогика мен халықтық салт-дәстүрдегі әндердің тәрбиелік рөлі (бесік жырлары мысалында)
Тұрмыс-салт жырлары: түрлері мен әлеуметтік-мәдени мәні
Қазақтың тұрмыс-салт жырлары: түрлері, мазмұны және қоғамдық қызметі
Қазақ отбасылық ғұрыптарындағы параллельдер: беташар мен үйлену тойының поэтикасы
Ұлттық мәдениеттің дәстүрдегі көрінісі және оның халық педагогикасындағы тәрбиелік мәні
Тұрмыс-салт жырлары: түрлері, мазмұны және фольклордағы рөлі
Қорқыт ата кітабының жырлары: сюжеттері, тәрбиелік мәні және нұсқалық ерекшеліктері
Қазақтың үйлену ғұрыптары мен той салт-дәстүрлері
Қазақтың тұрмыс-салт жырлары: бесік жыры мен үйлену салт әндерінің этнографиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz