Олжас Сүлейменов және түркітану мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. ТАРАУ. ТҮРКІ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ (Олжас Сүлейменовтің
көзқарасы бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1. О.Сүлейменовтің түркітану ғылымына қатысты көзқарасы мен тұжырымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. О.Сүлейменовтің Еуропа тілдеріндегі жазылу мен айтылуға байланысты ерекшеліктердің түркі тілдеріндегі көрінісі туралы тұжырымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

ІІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІ МЕН (оның ішінде қазақ тілі) БАСҚА ТІЛДЕРДЕГІ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ СӘЙКЕСТІГІ ... ... ... ... ... 17

2.1. «Аз и Я» кітабы және ондағы түркітану мәселелері ... ... ... 17
2.1.1. «Аз и Я».дағы «Жырдың» берілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1.2. Шумер.түркі арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2..2 «Тарихқа дейінгі түркілер» еңбегі және славистика мен түркітану мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБЕИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ...54
Тақырыптың өзектілігі: Олжас Сүлейменов - ХХ ғасырдың ірі қоғам қайраткерлерінің бірі.
Заманымыздың аса ірі қаламгері, мемлекет және қоғам қайраткері әр шығармасында түркі дүниесінің әлемдік мәдениетке жасаған ықпалын тарихи лингвистика арқылы бұлтартпастай етіп дәлелдеп келеді. Ақынның соңғы жылдар бедерінде адамзат өркениетінің қандай жолдармен дамығаны, ұлттардың бағзы замандардан бергі бір-біріне ықпалы, мәдениеттер сабақтастығы, салт-дәстүрге жұғыстығы туралы түбегейлі әрі ауқымды зерттеулері ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Оның түркітану ғылымына қатысты зерттеулері мен зерттеу барысында қолданған әдістері, жасаған тұжырымдарының дәстүрлі емес түркітануда маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты: Олжас Сүлейменовтың түркітанудағы көзқарастарын жүйелеу. Осы мақсатты айқындауда мынадай міндеттер анықталды:
- Ғалымның түркітануға қатысты еңбектерін қарастыру;
- О.Сүлейменовтің түркітанудағы пікірлерін, жұмысын анықтау;
- Түркітану ғалымдар мен О.Сүлейменовтің зерттеулеріндегі әдістер сабақтастығы мен көзқарас, тұжырым айырмашылықтарын қарастыру.
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста ғалымның түркітанудағы алатын орны туралы кең ашылып айтылған. Бүкіл түркі ғылымы мен славистика ғылымын дүр сілкіндірген “Аз и Я” кітабының құндылығы бүгінгі күнде де өзекті. Еңбектің негізгі зерттеу нысаны – орыстың әйгілі “Игорь полкі туралы жыр” болып табылады. Бұдан кейін ғалымның түркітануға байланысты көптеген мақалалары газет-журнал, басқа мерзімді баспаларда жарық көріп отырған.
Ғалымның тағы бір еңбегі “Таңбалар тілі. “1001 сөз” деп аталады. Бұл еңбек “1001 сөз” деп аталатын этимологиялық сөздікке дайындық ретінде жазған. Мұнда автор дәстүрлі қалыптан өзгеше әдіспен, яғни сөздің тууын алғашқы сызылған таңба белгісімен тамырлас байланыстыра қарастырып, түсіндіреді.
Жазушының келесі еңбегі “Тарихқа дейінгі түркілер” деп аталады. Атаулы еңбекте түркітану мен славистикатану ғылымдарының арақатынасы мен бір-бірімен тығыз байланысы айқын берілген.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде түркітану бойынша зерттеулер, О.Сүлейменовтің “Аз и Я”, “Таңбалар тілі. “1001 сөз”, “Тарихқа дейінгі түркілер” еңбектері, түрлі мақалалары және баспасөэ беттерінде жарияланып отырған сыни-мақалалар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, үш тараудан, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Олжас Сүйлеменов Омарұлы «Аз и Я», Алматы, «Еңбек» 1992ж.
2. Олжас Суйлеменов Собрание сочинений в семи томах: Тюрки в доистории, 5 том, - Алматы, «Атамұра», -2004 ж.
3. Олжас Суйлеменов Собрание сочинений в семи томах: Язык письма , Том 4, книга 1 - Алматы, «Атамұра», -2004 ж.
4. Олжас Суйлеменов Собрание сочинений в семи томах: Язык письма , Том 4, книга 2 - Алматы, «Атамұра», -2004 ж.
5. Олжас Суйлеменов Пересекающиеся параллели, Алматы, «Дәуір», - 2002 ж.
6. Ә.Қайдар, М.Оразов «Түркітануға кіріспе», Алматы, «Арыс», 2004ж.
7. Абдулла Сафар Поэт и гражданин (О творчестве О.Сулейменова), -Алматы, -«Атамұра», 2004 г., 1 том.
8. А. Никитина и др.: О.Сулейменов /Указатель литературы/, Алматы , «Жазушы», 1986 ж., 136 б.
9. Олжас Сүйлеменов Омарұлы // Жұлдыз –1996-№5, 24-32 б.
10. Олжас Сүйлеменов Омарұлы Көшпелілер және мәдениет.// Парасат: 1996-№9, 10-12 б.
11. Олжас Сүйлеменов Омарұлы: Осы біз кімбіз?// Парасат-,1-4-5б.
12. Олжас Сүйлеменов Омарұлы: Таңбалар тілі «1001 сөз».// Жұлдыз –1998-№5, 5-9 б.
13. Олжас Сүйлеменов Омарұлы: Таңбалар тілі «1001 сөз».// Жұлдыз –1998-№6, 135-139 б.
14. Олжас Сүйлеменов Омарұлы: Түркілер күнінің батуы мен шығуы //Егемен Қазақстан-1999ж. 16-19 қазан, 1-3б.
15. Олжас Сүйлеменов Омарұлы: Түркі тілінің шығу тегі жақында// Қазақстан ZAMAN-2003ж. 14 шілде//
16. Олжас Сүйлеменов Омарұлы: Тарихқа дейінгі түркілер (Тәржімалаған Нұрлан Қами) //Жалын-2004-№1//
17. Олжас Сүйлеменов Омарұлы: Тарихқа дейінгі түркілер (Тәржімалаған Нұрлан Қами) //Жалын-2004-№2//
18. Олжас Сүйлеменов Омарұлы // Қазақ әдебиеті-2004ж. 30 қаңтар.
19. Олжас Сүйлеменов Омарұлы: «Аз и Я» (ауд. С.Н. Ақатай) /Жұлдыз –1992-№3, 3-б./
20. Олжас Сүйлеменов Омарұлы : «Бізде мәдениет мол, надениет те аз емес»//Жас қазақ 2005ж. 8 наурыз//
21. Олжас Сүйлеменов Омарұлы Тіл туралы айтудан қашатын //Түркістан 2005ж. 22 қыркүйеқ, №38.-3б.//
22. Олжас Сүйлеменов Омарұлы //Ана тілі. 2003ж. 26 маусым. 4-5б.
23. Олжас Сүйлеменов Омарұлы: Шыңғыс туралы пікірлер //Жас қазақ, 2004ж, 10 қыркүйек//
24. О.Сүлейменов : Тюркология вчера, сегодня, завтра // «Советская тюркология», 1989 г., №6, 83-106//
25. Ғ.Қалиев: Түркіславистика пәнінің мәні мен мақсаты туралы / Түркіславистика феномені және әлемдік мәдениет: Ғылыми пркатикалық конференцияның материалдары. Аабай атындағы АлМУ-профессорлар мен оқытушылар құрамы/, Алматы , 2002ж.
26. Ф.Ш.Оразбаева : О.Сүлейменовтің зерттеу еңбегінегі түркәславистика және ғаламдану мәселелері / Түркіславистика феномені және әлемдік мәдениет: Ғылыми пркатикалық конференцияның материалдары. Аабай атындағы АлМУ-профессорлар мен оқытушылар құрамы/, Алматы , 2002ж.
27. Тәжімағалиева А. Ұлт ұранына айналған ұлы тұлға Олжас Сүйлеменовтің шығармашылығы туралы: // Абай атындағы Қазақ Ұлттық Пед. Унив.-дің хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2005ж. №2, 78-81б.
28. Ш.Елеукенов «Аз и Я»-ның азабы» / «Жас Алаш», 2005 ж., 22 қыркүйек//
29. Тойшанұлы А.Балбай Тасқа қашалған жазудай жыр // Түркістан, - 1996 ж, 29 мамыр//
30. Шойғара Ә. О.Сүлейменов қазақ халқына қарсы ма? // Арай, 1994ж. №5-6//
31. Ибраев: Қазіргі заманғы түркология ғылымының мәселелері // Егемен қазақстан 2000ж., 16 мамыр//
32. «Түркітанудың жаңа көкжиектері» // Яссауи университетінің хабаршысы, 2002 ж. № 1, 3-8б.//
33. Тұран С. Түркі әлемі туралы сөз //Қазақ әдебиеті, 2002ж, 1 наурыз №9//
34. Атабеав Қ. Айыпты болған ақиқат //Парасат , 1998ж, №3, 12-14 б.//
35. Әзімбай Ғали: Олжас ұлтын сүйе ме? //Түркістан, 2004ж., 23 желтоқсан 2 б.//
36. А.Әлімұлы: Олжас кім? //Жас алаш, 2005ж, 28 қаңтар, №7-8, 1-4б.//
37. Аманқос Мектептегі:Мықтылық пен осалдық // Ана тілі, 2002 ж, 7 шілде, №27, 5б.//
38. Ардақ Нұрғазыұлы: Тауды аласартпай, даланың кеудесін басқан О.Сүлейменов өзі //Азат, 2005ж. 9 ақпан, №6, 3б.//
39. Жанболат Аупбаев: Олжас //Жұлдыз, 1996 ж., №5, 33-45 б.//
40. Шерхан елеукенов: «Аз и Я»-ның азабы // Жас алаш, 2005ж., 22 қыркүйек//
41. Қадыр Жүсіп: Параллельдер де қиысады // «Атырау», 2003ж, 2 қазан, 9б.//
42. Серік Ерғали: Шың шөксе, кім кінәлі? // «Алтын Орда», 2005ж., №38, 23 қыркүйек –29 қыркүйек, 10-11б.//
43. Зәмза Қоңырова: Олжас Ұлтын сүйе ме? // «Азамат»,2005ж., №19, 15 шілде-21 шілде, 6-7 б.//
44. Зәмза Қоңырова: Олжас Ұлтын сүйе ме? // «Азамат»,2005ж., №20, 22 шілде- 28 шілде, 5 б.//
45. Зәмза Қоңырова: Олжас Ұлтын сүйе ме? // «Азамат»,2005ж., №21, 29 шілде-тамыз, 7б//
46. Әбілфайыз Ыдырысов: Тіліміздің тегі қайдан? // «Ана тілі», 2003 ж., №24, 19 маусым, 8 б.//
47. Әбілфайыз Ыдырысов: Тіліміздің тегі қайдан? // «Ана тілі», 2003 ж., №25, 26 маусым, 4-5 б.//
48. В.Бадиков: В поисках языка события о новых фил-х книг О.Сулейменова // Книголюб, 2003 г., февраль, 5 стр.//
49. В. Бадиков: О.Сулейменов // «Вечерняя Алматы», 2003 г., 14 июня, 6 сттр.//
50. В. Бадиков: Об Олжасе Сулейменове // «Нива», 2003 г., №6., 136 стр.//
51. Т.Зульфикаров: О.Сулейменов // «Литературная газета», 1998 ж., 20 мая, № 20, 11 стр.//

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазақ филологиясы факультеті
Жалпы тіл білімі және қазақ тілі кафедрасы

Диплом жұмысы

Олжас Сүлейменов және түркітану мәселелері

Қорғауға жіберілді: _________

Проф.Б.Шалабай

Орындаған: Тулубаева Г.С.
Ғылыми жетекші:
Ф.ғ. к. доцент Боранбаева Г.С.

Алматы 2006

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. ТАРАУ. ТҮРКІ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ (Олжас Сүлейменовтің
көзқарасы бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1. О.Сүлейменовтің түркітану ғылымына қатысты көзқарасы мен
тұжырымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. О.Сүлейменовтің Еуропа тілдеріндегі жазылу мен айтылуға байланысты
ерекшеліктердің түркі тілдеріндегі көрінісі туралы
тұжырымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

ІІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІ МЕН (оның ішінде қазақ тілі) БАСҚА ТІЛДЕРДЕГІ
ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ СӘЙКЕСТІГІ ... ... ... ... ... 17

2.1. Аз и Я кітабы және ондағы түркітану мәселелері ... ... ... 17
2.1.1. Аз и Я-дағы Жырдың берілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1.2. Шумер-түркі арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2..2 Тарихқа дейінгі түркілер еңбегі және славистика мен түркітану
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБЕИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ...54

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Олжас Сүлейменов - ХХ ғасырдың ірі қоғам
қайраткерлерінің бірі.
Заманымыздың аса ірі қаламгері, мемлекет және қоғам қайраткері әр
шығармасында түркі дүниесінің әлемдік мәдениетке жасаған ықпалын
тарихи лингвистика арқылы бұлтартпастай етіп дәлелдеп келеді. Ақынның
соңғы жылдар бедерінде адамзат өркениетінің қандай жолдармен дамығаны,
ұлттардың бағзы замандардан бергі бір-біріне ықпалы, мәдениеттер
сабақтастығы, салт-дәстүрге жұғыстығы туралы түбегейлі әрі ауқымды
зерттеулері ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Оның түркітану ғылымына
қатысты зерттеулері мен зерттеу барысында қолданған әдістері, жасаған
тұжырымдарының дәстүрлі емес түркітануда маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты: Олжас Сүлейменовтың түркітанудағы көзқарастарын
жүйелеу. Осы мақсатты айқындауда мынадай міндеттер анықталды:
- Ғалымның түркітануға қатысты еңбектерін қарастыру;
- О.Сүлейменовтің түркітанудағы пікірлерін, жұмысын анықтау;
- Түркітану ғалымдар мен О.Сүлейменовтің зерттеулеріндегі әдістер
сабақтастығы мен көзқарас, тұжырым айырмашылықтарын қарастыру.
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста ғалымның түркітанудағы алатын
орны туралы кең ашылып айтылған. Бүкіл түркі ғылымы мен славистика
ғылымын дүр сілкіндірген “Аз и Я” кітабының құндылығы бүгінгі күнде де
өзекті. Еңбектің негізгі зерттеу нысаны – орыстың әйгілі “Игорь полкі
туралы жыр” болып табылады. Бұдан кейін ғалымның түркітануға байланысты
көптеген мақалалары газет-журнал, басқа мерзімді баспаларда жарық көріп
отырған.
Ғалымның тағы бір еңбегі “Таңбалар тілі. “1001 сөз” деп аталады.
Бұл еңбек “1001 сөз” деп аталатын этимологиялық сөздікке дайындық
ретінде жазған. Мұнда автор дәстүрлі қалыптан өзгеше әдіспен, яғни
сөздің тууын алғашқы сызылған таңба белгісімен тамырлас байланыстыра
қарастырып, түсіндіреді.
Жазушының келесі еңбегі “Тарихқа дейінгі түркілер” деп аталады.
Атаулы еңбекте түркітану мен славистикатану ғылымдарының арақатынасы мен
бір-бірімен тығыз байланысы айқын берілген.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде
түркітану бойынша зерттеулер, О.Сүлейменовтің “Аз и Я”, “Таңбалар тілі.
“1001 сөз”, “Тарихқа дейінгі түркілер” еңбектері, түрлі мақалалары және
баспасөэ беттерінде жарияланып отырған сыни-мақалалар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, үш
тараудан, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ТАРАУ. ТҮРКІ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ (Ожас Сүлейменовтің
көзқарасы бойынша)

1.1. О.Сүлейменов және оның түркітану ғылымына қатысты көзқарасы мен
тұжырымдары

Ғалымның зерттеу мақалаларында дәстүрден тыс ерекшелік байқалады.
Көпшілік оқырманға арналған еңбектерінде түркілер тарихын қарастыра
отырып, ол кісі есімдерінің негізінде, олардың түбірлерінің төркіндігіне
сүйене отырып, біршама тұжырымдарға келіп отыр. Бұл ретте біз
оның қандай тұжырымдарға келгендерін алдымен мәселе ретінде қарастырып
көрейік.
1. Ғалымның ойынша, тіл – ең бір самарқау құрылым. Толысып кемеліне
келген тілге “сырттан жаңалық енгізіп”, оны мәңгі қалдыру үшін оның басқа
тілдермен ұзақ уақыт бойы өзара байланысқа тусуі керек. Ал қалыптасу
кезеңінде дәл осы өзін өзі сақтау қабілеті арқылы тілдер бір-
біріне өзара тәуелді болған еді. Славян және түркі тілдері қалыптасу
кезеңінде де, неғұрлым толысып, дербестік алған шағында да тығыз
байланыста дамыды. Мұны лексикалық және грамматикалық материалдардың
өзара алмасуы дәлелдеп береді. Бұл орайда түркі және славян
тілдерінің тармақтары қолданылу мерзімнің ұзақтығы жағынан да, даму
тәжірибесі жағынан да бір-бірінен онша алыс кете қойған жоқ. Олар
өзара үйрене отырып өркендеді. Яғни О.Сүлейменовтің айтуынша түркітану
мен славистика бір бірімен бір екі ғасыр емес, ұзақ уақыт бойы
тығыз байланыста болған.
2. Жоғарыда біз автордың түркітанудың славистикамен байланысы
туралы тұжырымына тоқталсақ, ендігі кезекте ол көне мысыр мен
түркілердің әлі де толық зерттеуге алынбаған тақырыптар туралы тұжырым
жасайды. “Біріншіден түркілер Кіші Азия және Жерорта теңізінде бұдан
мың жыл бұрын ғана пайда болған. Оның өзінде олардың Византияға
жорыққа аттануға дейінгі бірнеше ғасырлар бұрын Алтай-моңғол
аймағынан этнос ретінде шыққаны да белгілі. Ал бұл көнемысырлық
өркениеттіліктің семуінен кейінгі мың жыл өтетіндей аралықта деген
сөз болуы мүмкін ?!” Яғни уақыттың біраз өткеніне қарамастан,
түркітану саласындағы зерттеулердің әлі де болса баяу дамып келе
жатқындығын айтқысы келетіндей.
3. Ғалымның келесі тоқталған мәселесі әдеби және археологиялық
көздердің сарқылуға шақ қалып отырғаны туралы. Оның пайымдауынша,
қазіргі кезде эпостық бейнелердің есімдері пайдаланылуына аса көп мән
берілмейді де, олардың керемет деген аңыз әңгімелерден де бұрын шыққанын,
сондықтан пирамида қазыналарынан да құнды. Есімдерде де электрондық
сезімтал бөлшектерде сияқты тарихи және тарихқа дейінгі ақпараттардың
мол көлемі сақталған. Ғалымның есімдерге байланысты атаулы тұжырымы,
менің ойымша, зерттеуді қажет етеді. Дегенмен де, бұл тұжырыммен
тіл мамандарының барлығы бірдей келіспеулері мүмкін.Айта кететін
болсақ, бұл теория бір кездері көне Мысыр немесе Шумер тілдерінде
пайдаланған, ең болмағанда бір сөзді қазіргі сөздерден аңғаруға
ұмтылыс жасаудың жолын кеседі.
4. Кез келген тілді, оның ішінде түркі тілі де бар, жіктеген
кезде, ондағы буын ерекшелігін (ашық және бітеу буындар) ескерген
жөн. Атаулы тұжырымын ғалым келесідей түсіндіреді. Сөздің өзгеруі
үнемі қатаң заңдылықтарға бағынады. Бір тілдерде ашық буында
дауыстылар басым болса, бір тілдерде бітеу буынды сөздер басым.
Мысалы, түріктің ала-чуг (ал-ач-ук, қаз. ыла-шық) славян тілдерінде
ла-чу-га сөзіне оралады. Алдыңғы буынның инерциясының әр түрлі
екендігін дәлелдейтін көптеген мысалдар келтіруге болады,
славяндардың алғашқы буыны ашық болады. Осыларды есепке ала отырып,
біз екі тілді бір-бірінен еніп, жасырын түрде тұрған көптеген
сөздерді таба аламыз. Менің ойымша, егер де біз О.Сүлейменовтің
буын жайында айтқан тұжырымын басқа ғылымдармен салыстырғанда, бұл
ретте тілді зат ретінде қарастырып, буынды сол затты құрастырушы
атом ретінде қарастыруымыз керек сияқты [24,89].

1.2. О.Сүлейменовтің Еуропа тілдеріндегі жазылу мен айтылуға байланысты
ерекшеліктердің түркі тілдеріндегі
көрінісі туралы тұжырымы

О.Сүлейменов бүгінгі таңдағы түркологияны жалпы адамзаттық
ғылымдар қатарына қосып, оның славистикадан кем түспейтінін дәлелдеп,
ондағы зерттеулердің негізгі дерек көздері жазба ескерткіштері мен
жалпы тарихта қалған жазбалар екенін атап айтып отыр. Ғалымның
пайымдауынша, жазба өнерімізді сақтау үшін бар мүмкіндіктерді
жасау қажеттігі туындап отыр.
“Ғылыми лингвистиканың” дамуының алғашқы кезеңі бір тілден
екінші тілдің айырмашылығын іздеуге және “ семьялардың” қалыптасуына
арналса, келесі кезең тілдер мен мәдениетті әуелде
біріктірген универсалдықты, ортақтықты іздеуге арналады.
Жазушының көзқарасы бойынша, біздер басымыздан кешіп
отырған төңкерістер оның ішінде мәдениетке қарсысы да әрбір
ойланған жаннан қандай да бір әрекетті, ат салысуды
немесе қарсылықты талап етеді [14,2]. Мысалы, Ұлы Петр өзінің
“қайта құруын” бастағанда университет ғұламаларына құлақ асқан
– Ресейді шұғыл түрде Еуропаға жақындату үшін латын
алфавитін енгізбек болған. Бірақ батылы бармаған: жазба
дәстүрі кафтанды камзолға ауыстыра салатындай оңай дүние
емес еді. Тек орфографиялық реформамен ғана шектелді –
кириллицаны едәуір қарапайымдандырды.
Қазан төңкерісінен кейін Ленин ол алфавитті
бұрынғыдан да гөрі сығымдады, - он қабатты “и”- ден және
“ять” - терден құтқарды, онсыз да “қатаңдығы” білініп тұратын
сөздердің соңындағы қатаңдық белгісін қысқартты.
Осман империясының күйреуі және еуропа мәдениетіне
бағыт алуды Ататүрік едәуір кесімді әрекеттермен атап өтті – араб
графикасын латын алфавитімен ауыстырып және түрік тіліне
енген араб – парсы кірмелерін шығарып тастады.
КСРО – дағы түркі тілдес республикалардың басшылыры да
содан үлгі алған, бірақ 37 – жылдан кейін жаңа басшылар мен
жаңа лингвистер барлық жерде тегіс латын графикасын кириллицаға
ауыстырды. Жоғарыда аталғанға орай, қазіргі қазақ жазуын
құрастырған сол бір астаң – кестең кезенде барлық күрделі
жайлар тегіс ескерілді ме екен? Сондағы қабылданған орфография
қазақ сөзінің үндестігін қаншалықты дәл бере алады? Мұндай
сауалдардың туындау себептеріне байланысты және оларға жауап ізденген
ғалым тағы бір тұжырымын ұсынады. Бұл ретте сөз айтылу мен жазылу
ережелері мен олардың ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Негізінен, “Қалай айтылса, солай жазылады”, дейтін қағида рим жазуында
толығырақ сақталған, ал қазіргі еуропа елдерінің ішінде – тек орыс
кирилицасында сақталады. Осы қағида орыс алфавиті негізінде пайда
болған жазба жазбалардың да басты құндылынғына айналуына, ғалым
айтпақшы, барлық мүмкіндіктер болған, және ондай тенденцияның болуы
жаңалық емес. Дегенмен де, байқап отырсақ, жарты ғасырдан аса қазақтар
көптеген сөздерді айтылуына қарай жазбайды. Біз аул, ауз, аур, баур, қаун,
жаун деп айтамыз да, - ауыл, ауыз, ауыр, бауыр, қауын, жауын –деп жазамыз.

Осынау “ауы” деген жабайы трифтонг қазақ жазбаша сөзінде қалай
пайда болды? Міне, осы сауалдың негізінде ғалым жауап іздей бастайды.
Жазылуы мен айтылуының екі түрлі болып келуі еуропаның көптеген
ескі тілдеріне тән. Француздар “mais”, “tait”, деп жазады да “me” және
“te”-деп оқиды. Сөйлеу тілі орфографияға қарағанда тез жетілген деп
есептейді. Осы ғасырдың басынан бері реформа қажет деп талап етумен
келеді. дегенмен де атаулы мәселе өзінің шеішімін айтарлықтай деңгейде
таба қойған жоқ. Оның біршама себептері мен алғышарттарының бар
болуы жаңалық емес. Ф.Соссюр орфографияның сәтсіздігінің себебінен сөз
төркінінің бұлыңғырлығынан көрді: “Өрлеу дәуірінде олар басымдық роль
атқарды. Орфография жалған этимологияның қысымымен белгіленді: осылайша
француздың “poids”- салмақ, деген сөзіне “d” әрпі енгізілді, өйткені ол
латынның “pondus” салмақ, деген сөзімен үндеседі, ал шындығы ол сөз
латынның “pensun” - өлшеулі деген сөзінен туындайды. Осы мәселеге орай
ғалымның айтуынша кирилицаның қазақ тіліндегі вариантының қағиданы
бұзуының негізгі себебі осы айтып отырған жалған этимологияда. Бұл
ретте ғалым аса үлкен назарын түркітанушылардың қазақ (кеңірек айтсақ
- қыпшақ) дифтонгі “ау”-дың тарихын қате қарағанына аударады [3,215].
Зерттеу барысында ғалым түркі тілдік тобын қарастырғанда, оны ағаш
бұтағына теңеп, ондағы негізгі жуан бұтақтарының арасынан мәселені
шешуге қажет “ау” үшін оғұз бен қыпшақты бөліп қарайды.
Тілдің осы екі және өзге де бұтақтары ерте тарамдалып, уақыт
өте тәуелсіз өркендеулеріне қарай әрқайсысының айтылу дәстүрі қалыптасып
әрқилы буындық түрлерге (ашық-жабық) бейімделіп, басталуы және яқталуы
белгілі бір дыбыстарға және дыбыс үнділіктеріне т.б. әдеттеніп кеткен.
Осындай факторлардың барлығы сөздер өзара ауыс-түйіс болған кезде
белгілі дәрежеде өзгеріске ұшырауына әсер ететін үндестік ықпалына
айналады.
Ғасырлар бойы ажырасудан кейін тарихта ұзақ уақыт қауышу
кезеңдері де болып отырған, ондайда өзара лексикалық материалдармен
алмасып, олар үндестік ықпалына сай өзгерістерге ұшырап отырған. Түркі
тілдерінің бәрі де белгілі мөлшерде аралас боп кеткен, олады оғұз-
қыпшақ, қыпшақ – оғұз деуге де, немесе тіпті қыпшақ – оғұз- бұлғар
(мысалы татар, башқұрт тілдері) деп атауға болады.
Бұл жерде, сонымен қатар, алғашқы бастаудан келе жатқан
“химиялық таза” тілдің сақталмағанын да айтуға болады. Бұл ережеден
түркі тілдері де құр қалған емес. Олардың байланысы жақын туыстарымен
шектеліп қалған жоқ, оған мысал, түркі тілдерінің үнді еуропа, угро-фин,
тұңғыс-манчжур және басқа да көршілес тілдермен біріктіретін көптеген
қасиеттері дәлелдейді. Тіл білімінің бірнеше ондаған жылдар бойына
жинақтаған және үнемі сан жағынан молаюы үстіндегі материалдары тілдік
Семьялар төңірегіне мезгілсіз бұрын қойылған қоршауларды шайқалта
түсуде. Сонымен қатар, ғалым зерттеуінде еуразияның барлық тілдерін
үлкен организмнің мүшелері ретінде біріктіретін тірі жүйелері есебінде
қарастырады. Еуразия, Африка және Америка тілдерінің сөздіктері
алфавиттік ретпен де, “семьялық” ретпен де қойылмаған, континеттердің
кеңістіктерінде әрқайсысының иелері өзара кіріптарлық өркендеу
жағдайында қалай орналсқан болса, сөздіктері де сол тәртіппен аралас-
құралас тұр. Ғылыммен қол жеткен қорытындының жетімсіздігін ғылымның
барлық тілдермен мәдениеттердің айырмашылық ерекшеліктерін жіктей отырып,
оларды не біріктіретініне лайықты мән бермеуінен деп түсіндіруге болады.
Жіктеген кезде біз олардың ерекшелік те, жан-жақтылық та қасиеттерін
ескеруіміз керек. Егер белгілі бір топқа жататын тілдердің ғана
сөздіктеріне сүйенетін болсақ, үнді-европа сөздерінің көпшілігінің түп
төркіні табылмайды. Сол сияқты адамзат тілдерінің контекстінен тыс басқа
тілдерден бөліп түркі тілдерін де зерттеу мүмкін емес. Үнді-еуропа тілдері
сияқты түркі тілдері де сол фонетикалық, морфологиялық және семантикалық
заңдарға бағынады. Сондықтан жаңа жазулардың орфографиясы уақыт сынынан
өткен ескі орфографиямен түзетілуі мүмкін. Жоғарыда айтылған тұжырымдарда,
түркі тілдерін қарастырған кезде, олардың басқалармен қатынасын,
беріректе емес сонау көне заманнан алған бастауын алып қарастырып,
ғалыммен оның еркшеліктерінің ескерілгендігін атауға болады.
“Тіл ғылымы” мен “ғылыми графология” пайда болмастан екі мың жыл
бұрын дүниеге келген латын жазуын сөздердің дыбысын барынша дәл береді, ал
сол көненің қазіргі ұрпағы түр жағынан еш қартаймастан бүгінгі басқа
тілдерде, соның ішінде түркі тілдерінде де өмір сүріп келеді. Сондықтан да
латынның және біздің сөздіктеріміздегі туындас немесе дыбыстағы ұқсас
лексемдердің жазылуын салыстыра қарау әрекеті көңілге қонуы тиіс. Ғалымның
айтуына қарағанда, бұл жерде бір ғана мақсатпен жаңа орфографияны
түзетуге әрекет жасау керек. Егер латын және онымен салыстыратын тілдердің
фонологиялық зерттеуін алдын ала салыстырмалы түрде жүргізсе, бұл әдіс
тіптен жемісті болар еді.
Мысалы, дауысты фонемелар у, о а барлық фонологиялы өлшемдері
бойынша латын тіліне де, түркі тілдеріне де сәйкес келеді. Олар сөз
басында да сөз құрамында да, соңында да өздерін бірдей ұстайды және
қосарланып (дифтонг) келгенде де солай.
Еуропа тілдерінің ішінде латын тілі бірінші болып империя тілі
сапасына ие болып, диалект нормаларына төзімділік танытты. Айталық ол
қосарланған дауысты дыбыстарды да (ау), және соған сай ұзақ дауыстыны да
(о) мойындайды. Көптеген ұлттық тілдер империя тілі дәрежесінде болып та
сол дәрежедегі икемді үстемдікке жете алмады. Бұл жерде ғалым біршама
қызықты мысалдар келтіріп өзінің ойын келесідей дәлелдейді: Мәселен
“ау” – ды орыстар бертінде ғана айта бастады: Кейуптаун, наука, паук,
баул... Ал XVIII ғасырда ғана : навык, павук (павка) , - дейтін. Яғни олар
қос дауыстыны еріндік дауыссыз “в” дыбысына қабаттайтын, сөйтіп қос
дауыстының елте дауыстысы не көмескі айтылатын (павук, павьк), немесе дауыс
екпінінің әсерімен жасанды, созылыңқы боп таңдаймен айтылатын жартылай
дауысты дыбысқа (навук, навьк) айналатын.
Орыс сөзінің басында “ау” дифтонгі басқаша бұзылған : дауысты “а”
өзінен өзі көмескіленеді, латын тіліндегі сөз алдынан келетін көмекші сөз
“аи” мағынасы жағынан орыс предлогі “у”-ға сәйкес (аи Roma –у, Рима). Осы
сәйкестік латын тілінен орыстың “улей”, “улица” (aulus, родителный падеж-
aulis двор-авула, ограждение – қоршау, соты – кэрез және басқа да көптеген
осындай “шеңберге” байланысты мағыналар) сөздерінің төркіндерін табуға
мүмкіндік береді. Мүмкін, түркі-моңғол тіліне сіңген “ұлус” сөзі де осылай
келген шығар. Сол сөздердің ұясына, бәлкім, обло-есть, яғни “кругло есть”
үлгісі бойынша орыстың –обл-кругл (*aul) түбірінен құралған “область” сөзі
енетін болар. Осынау графикалық белгі басқа диалекте өзгеше аталады: огул
(*auloulogul (сообща -бірлесіп, все вместе –бәрі бірге, всем кругом лиц
барлығымыз бірлесіп, всем обществом - барлық қоғамымызбен) сөздердің
мағынасын білдірген.
Осы мысалға қарап біз шығыс славян диалектісінде бұрын болмаған “ау”
дифтонгінің сіңісе бастағанын көреміз. Сөз басында келгенде осы қосарлы
дыбыспен славяндық күрес тәсілін де өзіміз үшін еске алып қоялық:
1) дифтонгті бір дауыстылыққа дейін оңайлату aulus ulus6
aulusulis. Бұл топқа узда (*ауызда), уста (*ауыста) және басқа да
сөздерді енгізуге болады.
2) дифтонгті протетикалық дауыссызбен қабаттау : а) еріндік наук –
навук-навък-навык. Немесе паук-павук-павък. Бұл жерде шолақ “у” шолақ “ы”
(һ)-ға айналады, тек қазір орыс тілінде айтылмайды. Екпіннің әсерімен
созылып, айтылады: привык, обычай, б) көмейден шығатын: * aul – круг
агул огул. Бұл жерде қос дауыстының екі жағы алғашқы дыбыстың
екпіні астында қалып өрістемей қалған.
3) Дифтонгінің екінші бөлімі ерндік дауыссыз сияқты айтылады:
Paul Павл павло (итальянша Паоломен салыстырыңыз).
Бұл мысалдар (ау (дифтонгінің әубаста шығыс-славян тілдеріне тән
болмағанын, және қос дауысты –дифтонгті басқа тілден ауысқан немесе
жасанды сөздер (на-ук)а тәрізді игерілуі кезінде өзінен-өзі өңдеуден
өткенін дәлелдейді.
Еуропа тілдерінің айтылу екпіні туралы ИОАН дінмен бірге кең
таралған христиандық антропонимдер сияқты үлгі лексемдерді
құбылтуларына байланысты пікір айтуға болады.
Библиялық Ioan еуропа тілдерінің иоттан басталған дыбысқа да,
қос дауыстылыққа да қалай қарайтындарын тексереді: немістер иоттан
басталар дыбысқа төзімділік танытқанымен әдетегіден тыс дифтонгті
қабылдамайды, сондықтан оны көмейден шыққан жасанды үнмен қабаттайды:
Iogan. Эстондықтар : Iuhan.
Атаулы құбылысты нақтырақ қарастыру үшін ғалым бұл ретте угрофин
тілдерінен әдейі мысал келтіріп отыр, себебі өйткені сөз өзгерту
механизмдері этникалық шекараларды мойындамайтын жан-жақты боп келеді.
Тіпті белгілі бір топқа жататын, тілдердің өзінде – бірі қос
дауыстылыққа қабылдайтын, екіншісі оны көмейлік немесе еріндік
жасанды үнмен қабаттайтын әрқилылық болуы мүмкін. Эсталарға туыстас
хантылар еріндік үнді қолданады: Iuvan.
Егер де түркілер христиан дінін қабылдаған болса, бүгінде
түріктер Иоанды Иоган, қазақтар Жуан, қырғыздар Джон, алтайлықтар Жан, деп
атаған болар еді, ал хантылардан ауысқан Юван – Жуан болар еді.
Жалпы иоттан басталар дыбыстар мен дифтонг – қос дауыстыларға
деген көзқарас. Оғұздар ау, уа деген қос дауыстылар мүлде
қабылдамайды. Сондықтан оларды көмейден шыққан жасанды үнмен
қабаттайды (агу - уга). Осы жағдай көптеген этимологияларды
анықтайды.
Жоғарыда келтірілгенмен қатар, О.Сүлейменов Жолшыбай Библия есімінің
қайдан шыққаны жайлы да айтып кетеді. . Мұның негізінде ертедегі римнің
күн құдайы Ianus жатыр ма дегенді негізге алып отыр. Ғалым екі жүзді
Янусты есімізге сала отырып, ол туралы 1001 сөз еңбегінде толығырақ
айтып кетеді. Бұл ретте оның бауыры, құрандық кейіпкер – Ianus * ianus
– екпінді дыбыстың әсерімен дауысты дыбыстың үндесуін атап өтеді.
Римге дейінгі күн таңбасының белгісі – ian. Бұл белгі – “Алғашқы ай
(жарты ай)” деп те түсіндіріледі. Сол түсініктің күн құдайының құрметіне -
ian деп алғашқы айға ат беруге де әсері болды – “ian-var” (лат.
genvaris). Осы тұлғаларды талдай отырып Дауыстыны кеңейту заңдылығына
– e\ іа дәлел табамыз және * еn есімінің әуелгі тұлғасына шығамыз.
Ал енді ian белгісі iоan-ға қалай айналған? Атаулы сауалға ғалым
келесі ретте жауап береді. Дифтонг-қос даустылық “іа” –ны қабылдамаған
тілде ол сыздықталған еріндікпен қабаттады: iuan Сөйтіп басқа ортаға
Еуразияда мыңдаған жылдар бойына орын тепкен жаңа діндер күнде
табынушылардың символын пайдаланды. Күн белгісі мен оның есімі, жарыққа
табынушы барлық этностардың игілігіне айналды. Және осы белгілер (алғашқы
иероглифтер) сөздің жолбасшысы болды, өйткені оларды абыздар дәріптеді,
біртіндеп олардың есімдері жаңа мағынаға ие бола бастады.
Абыздар енді қасиетті белгіден күнді көрген жоқ, бірақ белгінің
қасиеттілігін мойындап, оның есімін маңызды түсініктерді айшықтау үшін
пайдаланды. Мәселен қытайлар осы жолмен енген иероглиф ф-* iun (dzun) мен
өздерінің үйреншікті – zі күн (қытайдың көлбеу бірлігімен үйлесетін белгі)
арасындағы байланысты түсінген жоқ, бірақ соған қарамастан dzun (джун,
чжун) – середина (орта) иероглифінің мағынасы қытай дүниетанымында аса
маңыздының бірі боп қабылданды. Және өздерінің елін де (dzun-gо) қытайлар
дүниенің ортасына орналастырды. Ол қытай симметриялық дүниесінің үлгісі,
философиясының символы болды. Сөйтіп, міне, мыңдаған жылдардан бері
дүниенің Ортасындағы мемлекеттің адамдары өз саналарын осы иероглифті
құдырет тұтумен тәрбиелеп келеді. Ал түрколагтар мен үнді-еуропейстерге күн
белгісінің дүниежүзіндегі аттарының тізбегін қарау қызық көрінер еді: *еn
еn iаn iunus uin (us) iun giun dzun және т.б. Әсіресе түркі
жіңішке дауссыздарының қайдан шыққан үлгісін көргісі келетіндерге тіптен
қызғылықты: giun gun күн. Жіңішке даустылардың алдында иоттан
басталатын дыбыс болған.
Лингвистикадағы осынау жаңа тақырып. Еуразия тілдері мен жазулары
тарихының алғашқы бір тарауларының тарихын ашуға мүмкіндік береді. Ол
дифтонгтермен созылыңқы дауыстылардың қайдан шыққанын да қозғайды
Еуропа тілдерінде кері айтылатын ау (оа) дифтонгтерінен гөрі ау
(оа) дифтонгтерінің жолы көбірек болды. Қалай болған күнде, оның көмейден
шыққан жасанды үнмен қабатталған мысалы үлгілі мысалдан кездеспейді. Қайта
ол өзін герман, балтық, роман тілдерінде әлдеқайда орнықты сезінеді.
Ертедегі иран құдайының есімі біздің дәурімізге дейінгі VI ғасырдың
жазбаларында Ахура–Мазда (Дана тәңірі) түрінде кездеседі. Иранның әртүрлі
деректерінде – ол Аура–Мазда, Ор–Музд болып келеді. (Бұл жерде буындарды
алмастыру заңының әректері байқалады: соңына даусты дыбыс жалғау арқылы ашу
немесе оны қысқарту арқылы жабу. Озінің кеңінен таралуының арқасында бұл
Есімді лингвистер үлгі ретінде пайдалана алады. Егер түркілер зароастризмді
қабылдаған болса, онда қыпшақ тілінде құдайды Аур-Мазда, алтай-қыпшақша Ор-
Мозда (қырғыз.), Ар-Мазда (хакасша) деп атаған болар еді. Оғуз тілдерінде
дифтонг міндетті түрде екіге бөлінер еді. Соңғы буын көмейден шықан
протетикпен жабылып – Аур-Маздак, немесе басқа диалектіде соңғы даустыны
көмескілендіріп, сол бойынша жабық буын жасап – Агур–Мазда дер еді. Онан
әрі игере түсу процесінде есімнің бірінші бөлімі оғуз тілдерінде
тұйықталған түр – Агър (қазіргі түрікше жазылса - Agin) болар еді.
Дифтонгтің екінші әлсіреген үлесі жартылай даусты дыбыс таңдайға өтеді,
түріктер оны үстіне үтір қоймай і әрпімен белгілейді, ал қазақтар
таңдайдан созылып шығатын орыстың ы әрпін алған. Көне орыс алфавитінде
түркі фонеміне сәйкес келетін шолақ қайрылатын таңдай әрпі (ъ) болған
шығар. Бұл дыбыс болгар тілінде әлі өмір сүріп келеді: Болгария, слънце,
вълк...Оның толықтау үлгісі тарихы шолақ у-ға тірелетің орыстың қысқа
айтылатын о әрпінде білінеді. (Бір кездерде кирилл реформасына дейін көп
бұрын о әрпі у фонемасы белгілеген. Иотталған ю соның куәлігі. Осыдан
келіп дифтонгтің әлсіреген үлесін қазақ кириллицасын да созылмалы ы емес,
бұрынғы шолақ у белгісімен білдіру керек еді. Орыстың ы-на лайық дыбыс
қазақ тілінде жоқ.Ал болгардың ь және түріктің і әріптеріне сай келетін
таңдайдан шолақ қайырылатын дыбыс бар. Соңдықтан ол дыбысты өзіне лайық
белгімен білдіру керек.
Түркі тілдеріндегі осы бір сәйкестікті көрсету үшін ғалым идеалды үлгі
ретінде тұлғалары қос даустыдан немесе созылыңқы даустыдан тұратын сөздерді
қарастыруды ұсынады.
Қазақ тілінде ау – 1) тұзақ, 2) аулау деген мағыналарда белгіленген.
Радлов сөздігі бойынша қалған түркі тілдеріндегі тұлғалары: у, ав, ов,
аг – мына мағналарды білдіреді: аулау, тор көз, үлкен ау, жабайы
құс, қой қоралайтын қотан, қоршалған орын. Бұл арада біз аттары
жоғарыдағы аталған дыбыс тіркестері боп келген айқын суретті графикалық
белгіні, бәлкім алғашқы иероглифті пиктограмалларды) кездестіріп отырмыз –
деген өзінің тұжырымын да айта кетеді. Иероглифтің негізгі тұлғасы
шеңбер болуы мүмкін. Белгіге ұқсас табиғи, яки жасанды жатқа оның аты
ауысқан, сөйтіп жаңа түсінік - сөз пайда болған.
Көне қазақ тіліне жаңа сөз і *ау-яд келеді. Кез келген тіл омонимнен
құтылуға тырысады. Мына лексеманы да диалектілік у - яд тықсырып, өзі
мағнасында сақталып қала береді – яд: ау, агу, о және т.б
Шеңбер иероглиф ертедегі Еуразия мәдениеттері бойынша кең таралып,
жаңа мағыналармен молығып отыр. Әртүрлі тілдік орталардан өткен сайын оның
аты түрлі өзгеріске ұшырады.
Жабық буынды екпіні күшті диалектілерде сөздің соңынан бірінші
еуразиялық – протетикалық дауссыз *Һ пайда болды, кейіннен ол жұмсарып
созылыңқы дыбысқа айналады (NLR заңы). Шеңберлі пиктограмма атының өрістеу
суретін мынадай схемамен көрсетуге болады: *ау *аун *аун *аул *аур
Әрбір тармақ айтылу дәстүрлеріне сәйкес диалектілерде өзгеріске ұшырап
отырды. Айталық созылыңқы диалектілерде :
*о *оң *он *оі *or.
Қос дауыстыны көмейден қабаттайтын диалектіде: *агу *агуң *агун
*агул *агур
Қос даустының екінші үлесінің әрі қарай дамуы жарты даустылықпен
(шолақ таңдайлық) аяқталады. Тілдің артқы жағынан естілетін қатан сөздерде
ъ (і), жұмсақ сөздерде қосалқы ъ (і), яғни: *агь *агьң *агьн *агьл
*агьр
Бұл дыбыстардың қисындасуларында жарты даустылар көбіне құлаққа естіле
бермейді, сондықтан зерттеушілер оны әдетте белгілей де бермейді. Жабық
дифтонгтің барлық өрістеу тізбегі түркі тілдерінде сақталады. Тіпті әуелі
болгар-жалпытүркі алмасуы р-з барлық түркі диалектілерінде байқалады: ауз
агз, оз, аз.Бұл ретте ғалым В.В.Радловтың еңбетеріне сүйенеді.
Сонымен қатар, зерттеуші Даул сөздердің жазылуларына байланысты
қазіргі түркі орфографиялары авторларының Радлов тәжірибесін жеткілікті
ескермейтіндеріне өкінішпен қарайды. Радлов орфографиясын латын сөздігімен
салыстырып бізге оның құндылығын байқатады.
Ғалым жасаған зерттеулерге сүйеніп, бір-біріне дыбыстық жағынан да,
мағынасы жағынан да ұқсас сөздер латын сөздігінде қалай Радлов Сөздігінде
қалай, қазақ тілі ережесінде қалай берілетінін байқап көрелік.

1-кесте

Дыбыстық және мағынасы жағынан ұқсас сөзердің салыстырылуы

Латынша (және Радлов қазақша қырғызша
басқа)
Сөз Аударма Сөз аударма Сөз Аударма Сөз Аударма
Os Рот ротик Ауз Рот Ауыз Рот оз Рот
Ausku-lu Аус
m Оз,ас
Ус, агз
Агыз
Aurum Золото Аур, Тяжелый, Ауыр Тяжелый, Ор Тяжелый
Во фр. Золото Ор,ар ДрагоценныОр Золотиста
яз. or Ур, й, я масть
Агыр, Дорогой (коня)
Агр
Aulus Двор, Аул, Поселение,Ауыл ПоселениеАіыл Поселени
olus окруженноеАл- деревня е
стенами Агыл
про-странсАwл
тво, Аwыл
соты,... всеАіл
имею-щее в
разрезе
знак
круг*,
трубчатост
ь
Soi Солнце Сауло Блеск Сәуле Луч светасоле Луч,
saule Солнце шаула свет свет
(др.
русс)
балтийск
)

Дерек көзі: О.Сүлейменов Алтын латын, 1996, №5, 31 б.

Осы шағын кестеге қарап-ақ латын-еуропа мен түркі лексемаларының тұлға
және мағына жағынан онша алшақ кетпегенін көруге болады. Жоғарыда
келтірілген қазақ және қырғыз сөздерінің ау дифтонгі мен созылыңқы о-ға
байсалдық сақтауының арқасында латын сөздерімен көп ұқсастық сақтаған. Оғуз
және оғұздалған тұлғалар көмейлік дыбыстармен дифтонгті бұзған.
Әзірге қорытынды жасау ертерек, алайда қазақ орфографиясын түзеткен
кезде ау дифтонгті бар латын жазбасы мен Радлов жазбасы еске алынуы
тиіс.Тек қазақ жазбасы ғана емес, кириллицаға негізделген басқа түркі
жазбалары да ескерсе, зерттеулер неғұрлым жемісті және нәтижелі болар
еді, - деген пікірін айтады [1, 32].
Әрине, ғалымның айтқандарында ғылыми негіз бар. Демек, сөз басында
айтқанымыздай, дифтонгі бар сөзді қате жазу этимологияның
терістігінен туған кемшілік. Түркітануның негізінде біздің
дәуіріміздің 8 ғасырындағы көне түркі тілі руна жазуының бастауы
туралы асығыстау кесім жатыр. Бүгінгі түркі тілдерінің бәрі содан
бастау алады деп есептейді. Сондықтан ғалымда руна санскриптінің
ережесі тоқтам шегіне айналды да, одан басқашалардың бәрі де
теріске шығарылыды. Ал көне түркінің руна жазбаларында біз атап
өткен тәріздес дифтонгсіз, бірақ көмейден дыбысталатын сөздер: agiz,
agir, agil... әлгі жазуындағы бастау тұлғаларды қыпшақ сөздерімен
атүсті салыстыру арқылы түркологтар мынадай фонологиялық және тарихи
дәлелденбейтін жүйелілік ойлап шығарды. *аг – ау және қазақ сөздерін
жазғанда көмейден шығатын дыбысты ерін арқылы айтылатын дауыстыға
ауыстыра салатын болды. Қыпшақ сөзінің ауызекі сөйлескенде, қалай
естілетінін тыңдап барып, жазудың (Радлов солай еткен) орнына
біздің оқу өтіп кеткен қызметкерлер оны көне түркі
транскрипциясына салып оқып, таза сөздің орнына туынды сөзді
жазған. Осылайша агыз, агыл, агыр және .т.б. болып жазылуына жол
ашты. Көне түркі және оғұз жазбаларындағы ы дифтонгінің (қос
дауыстының) екінші үлесінің соңғы мүмкіндік дәрежесі ретінде пайда
болғанын, яғни шолақ у орнына түскені біздің мамандарымызбен
аңдалмағаны да ғалымның еңбегінде атап кетеді. Түркологтар: Оғұз
лексемаларын қайта құру қазаққа неге қажет болды?- деген мына жәй
сұраққа көңіл аудармады. Осындай лексемдердің өзінен ғана сөздік
жасауға болады. Олай болған күнде де көне түркінің руна жазуынан
сөздің не басында, не ортасында, не аяғында ау қос дауыстысы бар бір
мысал табу оңайға соға бермейді. Көне түркі руна, дәлірек айтсақ көне
оғұз тілі мұндай дауыстылардың қосарлануын мойындамаған. Сонда қайта
құруға қайсысы көбірек зәру болған – ау- да да, аг-ды да мойындаған
қыпшақтар ма әлде қос дауыстыны (дифтонг) айтып дағдыланбаған көне
оғұздар ма? Басқа тілден ауысқан сөзді дыбыстау екпінімен қалай
өзгеріске ұшыратуға болатынына атақты этнонимге айналған огуз -өгіз
сөзін алуға болады. Әртүрлі сатылардан өткен огъз, герман тілінде
құлақ жарардай боп орныққан – ох (окс)- өгіз, ал ең әуелгі түпкі тұлғасы
көне латынға тіреледі: o – us - өгіз.
Демек, жоғарыда келтірілгендерге қарап отырсақ, Шығыс руна
жазбасын тарихи түркілердің ең тұңғыш және бірден-бір жазба жүйесі
санап, түркологтар біздің тарихымыздың кеңістігін де және уақыт ауқымын
да тарылтып, жұпыны ғып жіберген- деп ғалымның тұжырымымен келісуге
болады.

ІІ Тарау ТҮРКІ ТІЛДЕРІ МЕН (оның ішінде қазақ тілі) БАСҚА ТІЛДЕРДЕГІ
ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ СӘЙКЕСТІГІ

2.1. Аз и Я кітабы және ондағы түркітану мәселелері

2.1.1. Аз и Я-дағы Жырдың берілуі

Аз и Я кітабын жазғанда ерте заман ақындарының шығармалары – сөз
туралы дегенді ұстанады. Олардың шығу тегін түсіну үшін формальды қисын
ғана емес, бейнелі және қисынды ой – толғамды игеру қажет
дегендерді айтып, тұжырымдарын жасап отырған.
Аз и Я кітабы ғылыми ортада наразылық дау шығарып, белгілі
дәрежеде олардың ойларын оятты. Тасты саз балшыққа лақтырғанда да үйірім
шеңбер пайда болады екен. Содан бері сол шулы жұмыстың едәуір әсері
байқалатын көптеген еңбектер жарық көрді”.
Жоғарыда атап кеткендей, О.Сүлейменовтің Аз и Я кітабы орыстың
әйгілі “Игорь жасағы туралы жыр” туралы зерттеуі болып табылады. Бұл
жырдың қолжазба-көшірмесі (зерттеуінде ол оны “Жыр” деп атап жүрді) граф
Мусин-Пушкин арқылы жетеді. Бұдан ертеректегі қолжазба нұсқасы (16 ғ.)
жанып кеткендіктен, “Жырдың” Мусин-Пушкин басып шығарған данасы мен
Екатерина патшайым үшін арнайы шығарылған көшірмесі қалады.
Ғалым зерттеу барысында өзінің еңбегінде “Жырдың” жалпы
құрылымдық, идеялық, авторға дейінгі зерттеулердің тұжырымдарына
тоқталып, артынан сол жырды көне тілден қазіргі тілге аударудағы
қателерге тоқталады. Мысалы, “Көзге түспеген аудармашы” деген бөлімде
жіберілген қателерді жіктейді.
Омонимдік қателер:
1. Сөздің дара мағынасын теріс таңдау.
2. Ауызекі айтылуына орай сөзді шатастыру,
3. Басқа тілден енген атауды үндестігіне орай ана тілінің сөзімен
алмастыру.
Тексті дұрыс түсінбеушіліктен туған қателер:
4. Шығарманың контексіне сөзді дұрыс пайдаланбау.
5. Автордың көзқарас жүйесіне орай сөзді дұрыс қолданбау (ой бағдарын
түсінбеу) [1, 52]
Осындай жіберілген қателерге орай ғалым “Тасада қалған түркі
сөздер” бөлімінде тюркизмдерге тоқталады. “Тікелей аударудан басқа
түсініктемелерді қажет етпейтін сөздер: ягуры, япончицы, ортьмы, оксамиты,
хоругви, чага, кощей, когань, ногата, котора, крамола және осы
іспеттес”,- дейді ол. Артынша бірнеше нақты сөздерге тоқталып
кетеді. Мысалы, “Жырда” кінәздің айбындылығына да біраз көңіл бөлінеді.
Автордың Всеволодты “буйтур” деп атауы да тегін емес секілді. “Батыр”
сөзінің этимологиясын ашқысы келген түркологтар үшін бұл жаңалық екенін
атап кетеді. Оның білдіретіні батур, боотур, богатур, богатырь. ХІІІ
ғасырдан соң кең жайлаған анықтауда “жырдың” бірден бір ескерткіш
ретіндегі маңызы зор Х ғасырдағы тумаларда бұл сөз кездеспейді. Демек ол
ХII-XIV ғасырдағы қыпшақ ортасында туса керек, - деп ойын тұжырымдай
келе, мысал да келтіреді:
... Игорь ждет мила брата Всеволода.

И рече ему буйтурь Всеволодь...

Сонымен бірге зерттеуші түркі тіліндегі буй, би, бай, бей, бой
варианттары билік пен құрметке ие адамдарға қолданған сөзінің сол “жырда”
кездесетінін де атап өтеді, бірақ аудармашының кеткен қателігінен ол дұрыс
аударылмаған. Мысалы:
... Ты буй Рриче и Давыде!
Не ваи ли злачеными шеломы
... А ты буй Романе и Мстиславе!
Храбрая мысль косить вамь умь на дело. – деген жолдарды көшірмеші қалай
түсінсе, солай тәржімелейді.
...Ты Буйный Рюрик и Давид
...А ты буйный Роман и Мстислав!
“А ты буй” деген тағзым ету түркі тілінен “атақты”, нақтырақ
айтқанда, “аты атағы биік” болып аударылады. Сондықтан
... Именитые Рюрик и Давид!
... Именитые Роман и Мстислав! – деп тәржімалануы дұрыс болар еді деген
пікірді ұсынады.
Автордың осындай тектес жасырын қалған түркі сөздерінің түрлі-
түрлі мысалдарын келтіріп кетеді. Олардың әрқайсысына арнайы көңіл
бөлінген, мысалы, “Сегіз ойлы”, “Терең су”, және т.б.

2.1.2. Шумер-түркі арақатынасы

Жазу үрдісі мәңгі емес. Уақыт өте көптеген халық одан айрылып
қалып отырған құбылыстар да аз емес. Атаулы мәселеге көптеген
зерттеушілер тоқтаған болатын, дегенмен де олардың зеттеулері
айтарлықтай деңгейде болған жоқ, себебі негізге алған мысалдары тым
аз болды.
Үндіеуропалық тіл біліміне қарағанда, түркі тіл білімі
әлдеқайда жас боғандықтан, әрине ол алғашқыда болған қателіктер мен
кемшіліктерді қайталап отырды. Дегенмен де, екі ғылыми ағымның
алғашқы кезеңдері ортақ болып келеді:
1. Үндіеуропалық тіл білімі көне үнді жазуы (санскрит)
ескерткіштерінің тілін зерттеумен басталды. Түркі тіл білімі де
Орхон мен Енисей жазба ескерткіштерінің тілін зерттеуден туындады.
2. Санскритпен әуестену алғашқы үндіеуропашылдарды қате теорияға
ұрындырды. Бұл теория бойынша санскрит үндіеуропалық топтағы ең
көне тіл болды да, үндіеуропалық ата тіл – негізгі немесе оған ең
жақын тіл деп жарияланды. Сондықтан, санскриттен өзгеше еуропалық
тілдердің барлығы санскриттің бұрмалануы деп танылады.
Үндіеуропалық теорияның басты кемшіліктерінің бірі болып
үндіеуропалық тілдердің дүниежүзілік тіл қалыптасу процесіне оқшау
зерттелгендігі табылады. Мысалы, оғыз-қарлықтар ғылым зердесіне түсе
аларлық соңғы мыңжылдықта ғана бірнеше мәдениет пен діннің
(будизм, манихей, сириялық христиан діні, зороастризм, мұсылман діні)
ауысуын басынан кешірді. Бұл діндердің әрқайсысы ол ортаға өзіндік
жазу-сызуы, өнері, тұрмыс-салты, ұлттық болмысы және тілі арқылы
кірікті. Үнді-иран-араб мәдениетінің оғыз-қарлұқ халықтарының өмір
суру салтына тиігізген ықпалы күшті болды. Үнді тілді мен оның жазуы
да (брахми), руна тілі мен жазуы да (соғды) араб тілі де, жазуы
да е дыбысын мойындамай (оны ә дыбысымен алмастрыу), созылыңқы
дауысты дыбыстарды қабылдайды. Қазіргі оғыз-қарлұқ тілдері мен қыпшақ
тілдерінде нақ осындай айырма байқалады. Мың жыл бойы ұдайы
қолданудың нәтижесінде тек араб тілі ғана ашық ә дыбысы мен
созылыңқы дыбыстарға бас иді.
Сонымен қатар, Аз и Я-ны оқып отырсақ, онда түркі тілдерінде
басқа тілдерден ауысқан созылыңқы дыбыстарды үш жолмен сіңіріп
отырғандығын көруге болады:
- созылыңқы дифтог,
- созылыңқы қысқа,
- созылыңқы-созылыңқы.
Жоғарыда айтылып кеткендей, түркі тілдерінің шумер тілімен
арақатынасы тек қана түркітанудың мәселесі болып қана қомай,
сонымен қатар, жалпы тіл білімінің мәселесі де болып табылады.
О.Сүлейменовке дейін шумер және түркі тілдерін Хомель салыстырған
болатын. Бұл ретте ол екі қателік жіберген болатын:
- - Бұл тілдердің қайткен күнде де туыстық қатынасын дәлелдеуді
шарт еткен.
- Салыстыру үшін сөздіктің әр саласынан он шақты ғана сөз
тобы алынды.
Дегенмен, ғалым (О. Сүлейменов) атаулы қателікті қайталаған жоқ.
Ол мысал ретінде, яғни салыстыруға негіз ретінде әліпбилік қатарын
бұзып, семантикалық лексема ұяларын салыстырды. Олжастың
пайымдауынша, түркі тілдері, шумер тілдері және моңғол тілдерімен
мәдени туыстыққа ең өткен заманда түсті, ал түркі тілдерінің мәдени
туыстығы кейінгі дәуірлерде қалыптасты.
Ғалым, екі тілді салыстыра отырып, бірнеше кесте белгілейді .
олар келесі ретте берілген.
2-кесте

Адамға байланысты сөз табы

№ Шумер сөздері Түркі сөздері
1 АДА әке АТА; (АДА); әке (жалпы түркі)
2 Ама шеше АМА (АВА; АПА; АНА) шеше
3 ДУМУ бала, ұрпақ ТУМА бала; ұрпақ, тұқым (жалпы түркі)
4 ГИГ қараңғы, қара, ГУИУК; (КУИУК); күйе; қараңғы, уайым;, қайғы
өлім (жалпы түркі)
5 ЕРЕН қатардағы ЕРЕН, қатардағы сарбаз, ізбасар, жақтаушы
сарбаз, қызметші сарбаз (жалпы түркі, түркіше, ұйғырша)
6 ШУБА шопан ШУПАН (ЧУБАН; ЧОГАН; ЧАБАН) (жалпы түркі) –
бақташы
7 РУ тұрғызу; ұру-соғу УРУ тұрғызу, салу, құру, ұру-соғу (жалпы
түркі)
8 ШУ қол УШ (УС; УУШ; УУС) уыс (жалпы түркі)
9 САКАР шаң, құм ЧАКЫР құм, ұсақ тас (түрікше)
10 ГЕШТУКА тыңдаушы ЕШТУГАН (ЕСТУГАН; ЕСИГЕН) тыңдаушы (жалпы
түркі), ЕШ (ЕС) сана
11 Ме мен СЕН (БЕН; БИН; МАН; БАН) мен. Көптеген түркі
лексемдері шумер лексемдерінен мұрын жолды
жұрнақтарымен айрықшаланады.

О.Сүлейменов Аз иЯ, Алматы, 1992 ж, 223 б.

3-кесте
Құдай табы

№ Шумер сөздері Түркі сөздері
1 ИШИ тозаң, шаң, құм ИШ (ЕШ) мүлде кішкентай, атом (жалпы
Аккад тілінен ауысқаны: түркі)
2 ДЕШ нүкте, бірі ТЕШИК (ДЕШИК, ТЕСИК) нүкте, тесік (жалпы
(единица) түркі)
3 УШ үш УШ (УЧ,УН,ИС) үш (жалпы түркі)
4 У он УН (ОН) он (жалпы түркі)
5 АН аспан жұлыз АН (АЙ) ай (жалпы түркі) түбірі сын есімде
де сақталады, АНЫҚ таза, жарқын.
6 КЕН кең КЕН кең (жалпы түркі)
7 УЗУК ұзын , биік УЗУН ұзын (жалпы түркі)
8 ДУБ қыш кесте; құжат ТУП күйдірілген кірпіш (түрік)

О.Сүлейменов Аз иЯ, Алматы, 1992 ж, 228 б.

Осы тектес жоғарыда келтірілген кестелерді бере отырып, ғалым
ондағы сөздердің бірнешелеріне көбірек тоқталады. Соңғы сөздің тарихы
кестемізге сыя да қоймас, сірә. Сондықтан кейбір деректерді ғана атап
өтеміз [1.288].
Шумер сөзі көне шумерлік ТУП формасынан басталады. Осы кезеңде ол
аккадтықтарға ауысады: ТУПП — қыш кесте, жазу материалы. Ежелгі Алдыңғы
Азияның басқа тілдеріне кіреді: ТУППИ (элам), ТУППИ (хуррит).
Бұл сөз европалық көне тілдерде мына тұрпатта байқалады: ТИ-ПУС—мөр
таңба, түскен белгі, дақ (латын), ТИПОС — танба, мөр (оттиск) грек. УИ
әріптерінің ауысып келуі, батыс-европалық ТИПЕ— түскен белгі, дақ, мөр,
бейне, тип, сурет (франц), ТАЙП (ТІРЕ) — мөр, белгі, дақ; баспа машинасы)
(ағылшын),— сөздерін шығарған.
Мұнан мынадай жаңа сөздер туындаған: типография, телетайп және
басқалары.
Түркі тілдерінде: ТУМАР—1) қағаз (пергамент), том, кітап, (түрік). 2)
жазулы амулет, бойтұмар, жазулы медальон (қазақ және басқа тілдерде).
Басқаша айтылғанда: ТАПУ құжат (түрік), ТАП мөр, оттиск (шағатай),
ТАПЛЫ, ТАБЛЫ, мөр (оттиск), белгі, таңбасы түскен зат, ізі, табы түскен
нәрсе, ойын сүйегі (түрік). Қыш кесте формасы мына сөздерде де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
О. Сүлейменовтың Аз и Я еңбегiнде көтерiлген кейбір тарихи мәселелер
Қазақстанда әр түрлі кезеңдерге болған шетел зиялыларының еңбектерінің тарихи өлкетанудағы маңызы
Қазақ халқының ақиық ақыны - Олжас Сүлейменовтың өмірі және қоғамдық - саяси қызметі
Олжас Сүлейменов
Олжас Сүлейменов өмірі мен шығармашылығы
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы
Олжас Сүлейменов (1936)
Олжас Сүлейменовтың өмірі
Пәндер