Қазақ қоғамының саяси жүйесі



Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1.Қазақ қоғамының саяси жүйесі

2.Қазақстанның саяси жүйесінің ерекшеліктері

3.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде

4.Халықты аумақтық бөлу.

ІІІ.Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ

Қазіргі таңдағы саясаттануда «Саяси жүйе» түсінігі маңызды орын алады, өйткені ол сан қырлы саяси байланыстарды зерттейді, қоғамда қалыптасқан қатынастарды, билік қағидаттары мен әр түрлі институттарды қарастырады. Саяси жүйе қоғамның саяси тыныс-тіршілігіндегі билік жүргізу негізін ұйымдастырудың қайнар көзі болып табылады.
Саяси жүйе — саясатпен айналысатын субъектілердің өзара әрекет етуінін нақты тарихи нысаны. Ол субъектілер арасында саяси қатынастарды белгілі дәрежеде жйнақтагы ұйымдастырады, саяси қызметті өз үстемдігі арқылы төртіпке келтіреді, олардың ара-жігін анықтап, шекараларын белгілейді.
Саяси жүйе — саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым.
Отандық және шетелдік саяси әдебиеттерде саяси жүйе түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр.
Қоғамның саяси жүйесі жөнінде де бірқатар теориялар бар. Олардың қатарына американдық ғалым Д.Истонды, американдық саясаттанушы Г.Алмондты, Т.Парсонстың теориясын, К.Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясаттанушылар М.Г.Анохинның, Ф.М.Бурлацкийдің, Р.А.Матвеевтың және басқалардың теорияларын жатқызуға болады. Американдық ғалым Д. Истон саяси жүйе теориясының негізін қалаушы болып есептеледі. Ол саяси жүйені ресурстар мен құндылықтарды бөліп беретін қоғамдық билікті қалыптастырушы және жұмыс істететін механизм деп қарастырады. Тағы бір американдық саясаттанушы Г. Алмонд саяси жүйені бір жағынан, тұрақтылықты қолдау кезінде қоғамдағы жаңғыртуды жүзеге асыруға көрсетілетін қабілеттілік, ал екінші жағынан, элементтердің өзара байланысының жиынтығы деп сипат-тайды. Бұл ретте әрбір элемент бүкіл жүйеге қажетті маңызды қызметтерді атқарады (мемлекет, партия).
Ресейлік саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесін зерттеуде әртүрлі тәсілдерді қолданады.
К.Доичтық теориясы (кибернетикалық теория) саясатты адамдардың алға қойған максатына жету жолындағы қайрат-жігерлерін басқару мен үйлестіру үрдісі ретінде түсіндіреді, яғни саяси жүйені кибернетикалық құрылым ретінде қарастырады.
Американдық әлеуметтанушы Толкотт Парсонс қоғамды күрделі жүйе ретінде қарастырған еді. Оның пікірінше саяси жүйе интеграцияны, ортақ мақсатты талқылап жасау мен таратуды қамтамасыз етуі тиіс екен.
Алайда біздің заманымызда әлем күрделене түсті, ал күтпеген дағдарыстар мен алапат апаттардын кез келген уақытта пайда болатындығы ақиқатқа айналды. Қоғамды дамыту үрдістерінін күрделі екендігін түсіну шиелене түсті, оларды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігі туды. Саяси ұстанымдардың бірі — тұтастықты, бірлікті қамтамасыз ету болғандықтан, саяси жүйе әлеуметтік интеграцияның құралы болуы керек. Ол қоғамдық организмнің құрамдас бөліктерінің қызмет істеуіне әлеуметтік әрқилылықтың теріс әрекет етуіне тосқауыл қоюы тиіс.
«Саяси жүйенің» тұжырымдамасы Ресей мен Қазақстан-қоғамтанушыларының күшімен таяуда ғана жасалынды.
«Саяси жүйе» термині үш ғылыми түсінікті білдіреді: олар — «жүйе», «саясат», «қоғам».
Біріншісі — жүйелік сипаты бар, белгілі бір тұтастықты көздеген қоғамдық көрініске көңіл аударуды мақсат тұтады. Оның құрамындағы элементтер өзара байланысты, бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Жүйе түсінігінің өзі қоршаған ортамен үздіксіз бірлікте болудың кажеттілігін, олардың арасындағы өзара тәуелділікті білдіреді.
«Саяси» деген сез зерттеліп отырған жүйенің сипатын көрсетеді. Сонымен саяси жүйе дегеніміз қоғамдық өмірдің саяси жүйесімен оның тығыз байланыста болатындығын білдіреді. «Қоғам» түсінігі саяси жүйенің деңгейін көрсетеді.
Саяси жүйе - бұл әлеуметтік топтардын қажеттіліктері мен мүдделерін анықтайтын институционалдық білімнің жиынтқ кешені, ол тиісті аймақта жария билікті жүзеге асыру жөніндегі өзара іс-әрекетті қалыптастырады және ұйымдастырады.
Саяси жүйе — аса қажетті механизм. Тек соның тікелей әсер етуі арқылы ғана толық билік пен халықтың егемендігі жүзеге асырылып, қамтамасыз етіледі.
Басқаша айтсақ, саяси жүйе — адамдар қарым-қатынасының тұрақты түрі. Тікелей сонын қатысуы арқылы сол бір қоғам үшін беделді-биліктік шешім қабылданады және жүзеге асырылады. Саясат, саяси қарым-қатынастар, саяси билік атаулының барлығы осы айтылғандардың негізі етіліп алынады. Саясат саяси жүйенің өмір сүруі мен қызмет етуінің негізгі құралы болып саналады.
Саяси жүйе қоғам мен мемлекет арасындағы қатынасты ұйымдастырады, саяси үрдістерді, саяси қызметтін жағдайларын, саяси ілгерілеу мен ұмтылыстарды сипаттайды. Саяси қызметтің бір түрі болып саналатын саяси жүйе саясат субъектілерінің өзара іс-қимылы нәтижесінде пайда болатын жағдайлардың мән-мазмұнын ұйымдастырушы ролін атқара-ды. Саяси жүйе саяси үрдістерді реттеудің қалай жүріп жатқанын саяси биліктің құрылуы мен қызмет істеу жағдайын көрсетеді, өндіріс пен мемлекеттік билікті пайдалану негізінде әлеуметтік қатынастар арасында игіліктерді бөледі.
Қоғамның саяси жүйесі бірқатар құрылымдық элементтерден немесе негізгі жүйешелерден тұрады. Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері мыналар: саяси қарым-қатынас; саяси принциптер мен құқықтық нормалар; саяси институттар; саяси сана; саяси мәдениет пен оған саяси тұрғыда қатысу.
Саяси карым-қатынас — бұл саяси және мемлекеттік билікті қалыптастырып құру мен оның қызмет етуін реттеу жөніндегі саяси өмірдегі субъектілер арасындағы қарым-қатынастар. Саяси принциптер мен құқықтық нормалар - қолданылып отырған саяси жүйе шеңберінде саяси қарым-қатынастарды тәртіпке келтіре отырып, оларды реттейді.
Саяси институттар — саяси мекемелер болып саналады, яғни бүкіл саяси жүйенің материалдық негізін құрайды.
Саяси сана — бұл саяси қарым-қатынастар мен мүдделердің көрінісі, белгілі бір түсініктер, идеялар, көзқарастар, теориялар түрінде баға беру: ол әлеуметтік ақиқатты сипаттайды; оқиғаларды сезініп қабылдайды, қоғамдағы әлеуметтік және саяси өзгерістердің болашақтағы мүмкіндіктерін саралайды.
Саяси мәдениет — саяси танымның, нұсқаулар мен аса құнды бағыт-бағдарлардың, дәстүрлер мен саяси іс-әрекеттер рәміздерінің қоғамға арналған неғұрлым қарапайым үлгілерінің біртұтас жиынтығы. Ол сонымен қатар саяси жүйенін, тұрақтылық факторы секілді рольді де атқарады.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1.Қазақ қоғамының саяси жүйесі

2.Қазақстанның саяси жүйесінің ерекшеліктері

3.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде

4.Халықты аумақтық бөлу.

ІІІ.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ

Қазіргі таңдағы саясаттануда Саяси жүйе түсінігі маңызды орын алады,
өйткені ол сан қырлы саяси байланыстарды зерттейді, қоғамда қалыптасқан
қатынастарды, билік қағидаттары мен әр түрлі институттарды қарастырады.
Саяси жүйе қоғамның саяси тыныс-тіршілігіндегі билік жүргізу негізін
ұйымдастырудың қайнар көзі болып табылады.
Саяси жүйе — саясатпен айналысатын субъектілердің өзара әрекет етуінін
нақты тарихи нысаны. Ол субъектілер арасында саяси қатынастарды белгілі
дәрежеде жйнақтагы ұйымдастырады, саяси қызметті өз үстемдігі арқылы
төртіпке келтіреді, олардың ара-жігін анықтап, шекараларын белгілейді.
Саяси жүйе — саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-
тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым.
Отандық және шетелдік саяси әдебиеттерде саяси жүйе түсінігіне
байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр.
Қоғамның саяси жүйесі жөнінде де бірқатар теориялар бар. Олардың
қатарына американдық ғалым Д.Истонды, американдық саясаттанушы Г.Алмондты,
Т.Парсонстың теориясын, К.Доичтың теориясын (кибернетикалық теория),
Ресейлік саясаттанушылар М.Г.Анохинның, Ф.М.Бурлацкийдің, Р.А.Матвеевтың
және басқалардың теорияларын жатқызуға болады. Американдық ғалым Д. Истон
саяси жүйе теориясының негізін қалаушы болып есептеледі. Ол саяси жүйені
ресурстар мен құндылықтарды бөліп беретін қоғамдық билікті қалыптастырушы
және жұмыс істететін механизм деп қарастырады. Тағы бір американдық
саясаттанушы Г. Алмонд саяси жүйені бір жағынан, тұрақтылықты қолдау
кезінде қоғамдағы жаңғыртуды жүзеге асыруға көрсетілетін қабілеттілік, ал
екінші жағынан, элементтердің өзара байланысының жиынтығы деп сипат-тайды.
Бұл ретте әрбір элемент бүкіл жүйеге қажетті маңызды қызметтерді атқарады
(мемлекет, партия).
Ресейлік саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесін зерттеуде әртүрлі
тәсілдерді қолданады.
К.Доичтық теориясы (кибернетикалық теория) саясатты адамдардың алға
қойған максатына жету жолындағы қайрат-жігерлерін басқару мен үйлестіру
үрдісі ретінде түсіндіреді, яғни саяси жүйені кибернетикалық құрылым
ретінде қарастырады.
Американдық әлеуметтанушы Толкотт Парсонс қоғамды күрделі жүйе ретінде
қарастырған еді. Оның пікірінше саяси жүйе интеграцияны, ортақ мақсатты
талқылап жасау мен таратуды қамтамасыз етуі тиіс екен.
Алайда біздің заманымызда әлем күрделене түсті, ал күтпеген
дағдарыстар мен алапат апаттардын кез келген уақытта пайда болатындығы
ақиқатқа айналды. Қоғамды дамыту үрдістерінін күрделі екендігін түсіну
шиелене түсті, оларды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігі туды. Саяси
ұстанымдардың бірі — тұтастықты, бірлікті қамтамасыз ету болғандықтан,
саяси жүйе әлеуметтік интеграцияның құралы болуы керек. Ол қоғамдық
организмнің құрамдас бөліктерінің қызмет істеуіне әлеуметтік әрқилылықтың
теріс әрекет етуіне тосқауыл қоюы тиіс.
Саяси жүйенің тұжырымдамасы Ресей мен Қазақстан-қоғамтанушыларының
күшімен таяуда ғана жасалынды.
Саяси жүйе термині үш ғылыми түсінікті білдіреді: олар — жүйе,
саясат, қоғам.
Біріншісі — жүйелік сипаты бар, белгілі бір тұтастықты көздеген
қоғамдық көрініске көңіл аударуды мақсат тұтады. Оның құрамындағы
элементтер өзара байланысты, бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Жүйе
түсінігінің өзі қоршаған ортамен үздіксіз бірлікте болудың кажеттілігін,
олардың арасындағы өзара тәуелділікті білдіреді.
Саяси деген сез зерттеліп отырған жүйенің сипатын көрсетеді. Сонымен
саяси жүйе дегеніміз қоғамдық өмірдің саяси жүйесімен оның тығыз байланыста
болатындығын білдіреді. Қоғам түсінігі саяси жүйенің деңгейін көрсетеді.
Саяси жүйе - бұл әлеуметтік топтардын қажеттіліктері мен мүдделерін
анықтайтын институционалдық білімнің жиынтқ кешені, ол тиісті аймақта жария
билікті жүзеге асыру жөніндегі өзара іс-әрекетті қалыптастырады және
ұйымдастырады.
Саяси жүйе — аса қажетті механизм. Тек соның тікелей әсер етуі арқылы
ғана толық билік пен халықтың егемендігі жүзеге асырылып, қамтамасыз
етіледі.
Басқаша айтсақ, саяси жүйе — адамдар қарым-қатынасының тұрақты түрі.
Тікелей сонын қатысуы арқылы сол бір қоғам үшін беделді-биліктік шешім
қабылданады және жүзеге асырылады. Саясат, саяси қарым-қатынастар, саяси
билік атаулының барлығы осы айтылғандардың негізі етіліп алынады. Саясат
саяси жүйенің өмір сүруі мен қызмет етуінің негізгі құралы болып саналады.
Саяси жүйе қоғам мен мемлекет арасындағы қатынасты ұйымдастырады,
саяси үрдістерді, саяси қызметтін жағдайларын, саяси ілгерілеу мен
ұмтылыстарды сипаттайды. Саяси қызметтің бір түрі болып саналатын саяси
жүйе саясат субъектілерінің өзара іс-қимылы нәтижесінде пайда болатын
жағдайлардың мән-мазмұнын ұйымдастырушы ролін атқара-ды. Саяси жүйе саяси
үрдістерді реттеудің қалай жүріп жатқанын саяси биліктің құрылуы мен қызмет
істеу жағдайын көрсетеді, өндіріс пен мемлекеттік билікті пайдалану
негізінде әлеуметтік қатынастар арасында игіліктерді бөледі.
Қоғамның саяси жүйесі бірқатар құрылымдық элементтерден немесе негізгі
жүйешелерден тұрады. Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
саяси қарым-қатынас; саяси принциптер мен құқықтық нормалар; саяси
институттар; саяси сана; саяси мәдениет пен оған саяси тұрғыда қатысу.
Саяси карым-қатынас — бұл саяси және мемлекеттік билікті қалыптастырып
құру мен оның қызмет етуін реттеу жөніндегі саяси өмірдегі субъектілер
арасындағы қарым-қатынастар. Саяси принциптер мен құқықтық нормалар -
қолданылып отырған саяси жүйе шеңберінде саяси қарым-қатынастарды тәртіпке
келтіре отырып, оларды реттейді.
Саяси институттар — саяси мекемелер болып саналады, яғни бүкіл саяси
жүйенің материалдық негізін құрайды.
Саяси сана — бұл саяси қарым-қатынастар мен мүдделердің көрінісі, белгілі
бір түсініктер, идеялар, көзқарастар, теориялар түрінде баға беру: ол
әлеуметтік ақиқатты сипаттайды; оқиғаларды сезініп қабылдайды, қоғамдағы
әлеуметтік және саяси өзгерістердің болашақтағы мүмкіндіктерін саралайды.
Саяси мәдениет — саяси танымның, нұсқаулар мен аса құнды бағыт-
бағдарлардың, дәстүрлер мен саяси іс-әрекеттер рәміздерінің қоғамға
арналған неғұрлым қарапайым үлгілерінің біртұтас жиынтығы. Ол сонымен қатар
саяси жүйенін, тұрақтылық факторы секілді рольді де атқарады.
Саяси тұрғыда қатысу — саяси жүйені қолдаудың белгілі бір дәрежесін
немесе азаматтар тарапынан оған оппозиция болуды көрсетеді.
Қызмет түрлерінің жиынтығы - саяси жүйенің аса маңызды тұғыры болып
саналады. Қызмет түрлерінің жиынтығы дегеніміз, жүйенің тұрақтылығы мен
өміршендігін қолдауға бағытталған кез келген іс-әрекеті. Саяси жүйенің
атқаратын қызметі қоғамға саяси басшылық жасау міндеттерін шешеді.
Шындығында да қоғамды дамытудың мақсаттары мен бағдарламалары жеке адамдар
мен топтардын мүдделерін анықтау мен келісу, олардың талап-тілектерін
білдіру міндеттері - саяси; деңгейде талқыланып жасалады және айқындалады.
Адамдарды әлеуметтік-саяси қызметке тарта отырып және оларды үстем
мұраттар мен құндылықтарға бағыттау арқылы саяси жүйе қоғамдық қатынастарды
қайта жасаудың құралына айналады, әлеуметтік қайта жаңғыру міндеттерін
орындайды. Шындығында да, билік пен саяси тұрғыда қатысудың көмегімен
ескірген нысандар мен ұстанған бағыттар жойылады да, оның орнына қоғамды
алға бастыруға арналған қолайлы жағдайлар жасалынады.
Саяси жүйенің атқаратын қызметтері 2-кестеде келтірілген.

Қоғамнын саяси жүйесінде мемлекетке жетекші орын беріледі.
Тарихи тұрғыдан қарастырсақ, мемлекетті алғашқы саяси ұйым деп есептеуге
болады. Мемлекет өзінін, барлық азаматтарының өкілетті тұлғасы болуы,
олардың арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуі керек. Бұл ретте ол күш
қолданудың занды құқықтарын пайдалана алады. Мемлекеттің шешімдері өктемдік
сипатқа ие болады және ол барлық адамдар үшін міндетті болып саналады.
Мемлекет — бұл қолында белгілі бір құрылымы, саяси биліктің ұйымдасқан
жүйесі мен белгілі бір аймаққа әлеуметтік үрдістерді басқаратын күш-қуаты
бар саяси қауымдастық. Мемлекет билік пен ресурстарды өз қол астына
шоғырландырады да, солар арқылы әлеуметтік өзгерістерге ықпал етеді.
Қоғамның саяси жүйесінде саяси партиялар да елеулі роль атқарады.
Партия дегеніміз бұл өз идеологиясы, бағдарламасы мен жарғысы бар, саяси
билікке ие болу және оны пайдалану үшін күресетін қоғамдық ұйым.
Саяси партиялар жекелеген таптардың, әлеуметтік топтар мен бұқараның
мүдделері мен еркін білдіреді және оны жүзеге асырады. Бір жағынан, осы
аталған элементтерді, екінші жақтан, мемлекетті байланыстыратын буын
ретінде әрекет жасайды.
Атқаратын қызметтерінің сипаттары бойынша толық саяси қозғалыс деп
танылмағанымен, бірақ оларды да қоғамның саяси жүйесінің элементтерінің
тобына жатқызуға болатын басқа да көптеген ұйымдар бар. Мәселен,
кәсіподақтар, жастар, кооперативтік және басқа да ұйымдар. Олар да
экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа міндеттерді шешуге ат
салысады. Алайда, олар қандай да болмасын әйтеуір бір нысанда мемлекеттік
және қоғамдық қызметтерге қатысады. Сондықтан да олар қоғамның саяси жүйесі
құрылымының элементтері болып саналады.
Әлемде осы заманға лайық аса көп және әрқилы саяси жүйелер өмір сүруде.
Нақтырақ айтар болсақ, әлемде екі жүзден астам саяси жүйелер бар. Сондықтан
қазіргі таңдағы саяси жүйелердің типологияландырылуын қарастырған жөн
секілді. Типологияландыру әрқилы негіздер қоғамдық кұрылыстың, қоғамның
саяси билігі мен саяси режимі бойынша анықталады.
Типологияландырудың мәні мынада ол саяси жүйелер үшін қажетті жағдайдың
кқаншалықты жеткілікті дәрежеде жасалынғандығын, саяси билікті олардың
қамтамасыз ете алатындығын және өздерінің саяси ролін орындаудағы
мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.
Американдық ғалымдар саяси жүйелердін барлығын қуатты және әлсіз деп
бөліп келген еді. Олар егер заңдылық, ұйымшылдық пен тұрақтылық біртұтас
болса, онда сол жерде саяси жүйе де қуатты болады, ал бұл жоқ жерде — ол
қуатынан айрылып, әлсірейді дегенді алғатартады. Ал енді басқа бір ғалымдар
соның негізі етіп оларда емір сүріп тұрған қоғамдық құры-лысты,
капиталистік, социалистік және дамушы елдердің қоғамдық құрылымын алуға
тырысады. Саяси жүйенің типологиясы билік сипаты мен қоғамның саяси өмірін
ұйымдастыру қағидаты бойынша аса кең тарағаны рас. Бұдан басқа тоталитарлық
апторитарлық және демократиялық саяси жүйелер де өзінше ерекшеленеді.
Тоталитарлық саяси жүйелер былайша сипатталады: басқару қатаң
орталықтандырылады және бірынғай билік орталығының бақылауында болады;
— саяси істерге қатысуы, демократиялық іс-әрекеттері (процедуралары)
көбінесе формальды сипатқа ие болады;
— билік құрылымдарының механизмі жеке-дара басқаратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хұндар айбынды жауынгерлер
Қазақтың ас беру дәстүрі: әлеуметтік-саяси қызметі (XVIII–XIX ғғ. деректері бойынша)
Ұлттық және саяси процестер мен технологиялар
Қазақстанның саяси жүйесі институттарының тарихи-эволюциялық тарихы
ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуының алғышарттары
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ (ХV ғасырдың ортасы ХІХ ғасырдың соңы)
Еуразия көшпенділерінің потестарлық билік жүйесінің ерекшеліктері
Билер соты
Қазақтардың дәстүрлі туыстық қарым- қатынасы
Қазақ билерінің өсиет сөздері
Пәндер