Қазақ хандығының саяси және қоғамдық құрылысы



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Қазақ хандығының саяси және қоғамдық құрылысы
б) Қазақ хандығының шаруашылығы мен мәдениеті.
ІІІ Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
ХVІІ ғ.аяғында Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекеттер, яғни хандықтар құрылды. олардың әрқайсысы сұлтандардың, жеке ірі феодалдардың иеліктеріне бөлінді. Қазақ хандықтарының күрделі мемлкеттік аппараты болған емес. Басқару мақсатында феодалдық қатынастарға бейімделген патриархалдық институттар немесе бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Жалпы бұл кезде қазақ қауымы уш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы "Ұлы хан" болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды.
Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың балалары сайланды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшыларының құрылтайында, яғни "хан көтеру" деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. Жиында хан болуға лайықты адамды ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, "хан атасы" болған беделді адамның батасын алғаннан кейін, ресми заңды хан тағына отырған.
Сыртынан қарағанда хан шексіз билік жүргізді. Хан мемлекет басқарушысы, карулы күштердің басшысы және жоғарғы төре саналды. Ол сұлтандарға тәуелсіз, әрбір сұлтан оған тәуелдікте болды. Сұлтандар мен билер ханға жүгінді. Ханның жанында ірі сұлтандар, тайпа көсемдері, билер, батырлар, шешен-жыраулардың кеңесі құрылды. Олар маңызды саяси, әскери және азаматтық мәселелерді ақылдасып шешті.
Қазақ хандықтарында әскери ұйым күрделі емес еді. Тұрақты әскер болған жоқ. Оған әрбір азамат-жауынгер өз атымен, қару-жарағымен келуге тиіс болды. Жеке әскер шоғырларын сұлтандар, билер және батырлар басқарды. Оның шығынын халық көтерді.
Хандар кезеңіндегі қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы негізгі әлеуметтік топтан - ақсүйектер мен қара сүйектерден тұрды. Олардың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқықтық белгілері жағынан да айырмашылығы болды. Сұлтандар деп аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен Мұхаммед пайғамбар жолын ұстаушылардың ұрпақтары деп саналатын қожалар ғана аксүйектерге жататын еді. Қоғамның қалған топтары мен жіктерінің бәрі қарасүйек деп саналды. Қоғамның текті-топтық белгілері бойынша бөлінуі мен осы белгілерімен құқықтарын айыру арқылы біріктіру принціпі дәйекті түрде сақталды.
1. Қазақстан тарихы
Ч.Мусин. Алматы 2005. 153-164 беттер.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
а) Қазақ хандығының саяси және қоғамдық құрылысы
б) Қазақ хандығының шаруашылығы мен мәдениеті.

ІІІ Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

ХVІІ ғ.аяғында Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекеттер,
яғни хандықтар құрылды. олардың әрқайсысы сұлтандардың, жеке ірі
феодалдардың иеліктеріне бөлінді. Қазақ хандықтарының күрделі мемлкеттік
аппараты болған емес. Басқару мақсатында феодалдық қатынастарға бейімделген
патриархалдық институттар немесе бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп
сақталып отырды. Жалпы бұл кезде қазақ қауымы уш жүзге бөлінді. Үш жүздің
халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы "Ұлы хан" болды.
Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды билер, ру
басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды.
Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы
отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың
балалары сайланды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-
тайпа басшыларының құрылтайында, яғни "хан көтеру" деп аталатын сайлаудан
өтуге тиісті болды. Жиында хан болуға лайықты адамды ақ киізге отырғызып,
үш рет хан көтеріп, "хан атасы" болған беделді адамның батасын алғаннан
кейін, ресми заңды хан тағына отырған.
Сыртынан қарағанда хан шексіз билік жүргізді. Хан мемлекет басқарушысы,
карулы күштердің басшысы және жоғарғы төре саналды. Ол сұлтандарға
тәуелсіз, әрбір сұлтан оған тәуелдікте болды. Сұлтандар мен билер ханға
жүгінді. Ханның жанында ірі сұлтандар, тайпа көсемдері, билер, батырлар,
шешен-жыраулардың кеңесі құрылды. Олар маңызды саяси, әскери және азаматтық
мәселелерді ақылдасып шешті.
Қазақ хандықтарында әскери ұйым күрделі емес еді. Тұрақты әскер
болған жоқ. Оған әрбір азамат-жауынгер өз атымен, қару-жарағымен келуге
тиіс болды. Жеке әскер шоғырларын сұлтандар, билер және батырлар басқарды.
Оның шығынын халық көтерді.
Хандар кезеңіндегі қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы негізгі
әлеуметтік топтан - ақсүйектер мен қара сүйектерден тұрды. Олардың
экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқықтық белгілері жағынан да
айырмашылығы болды. Сұлтандар деп аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен Мұхаммед
пайғамбар жолын ұстаушылардың ұрпақтары деп саналатын қожалар ғана
аксүйектерге жататын еді. Қоғамның қалған топтары мен жіктерінің бәрі
қарасүйек деп саналды. Қоғамның текті-топтық белгілері бойынша бөлінуі мен
осы белгілерімен құқықтарын айыру арқылы біріктіру принціпі дәйекті түрде
сақталды.
Қазақ феодалдық таптық қоғамда адамдардың мүліктік жағдайына қарай
бай-кедей деп болу орын алды. Қоғамның материалдық байлықты өндірушілер
халықтың көпшілігін құраған қазақ шаруалары еді. Шаруалардың экономикалық
жағдайы бірдей болған жоқ, сондықтан бай-феодалға тәуелділік дәрежесі де әр
түрлі болды. Олардың біраз бөлігі экономикалық жағынан азды-көпті
қамтамасыз етілген жай шаруа еді. Халықтың көпшілік бөлігін кедей шаруалар
құрады. Кедейлердің біразы көшпелі өмір құруға мүмкіндіктері
болмағандықтан, отырықшы тұрмысқа ауысты. Олар жатақтар деп аталды. Ішінара
құлдар да кездесті. Олар жат жұртпен қиян-кескі соғыста қолға түскен
тұтқындар есебінен ұсталды.
Феодалдық қанау көптеген салық салуды әдетке енгізді. Олардың
негізгілері: малшылардан - зекет, соғым, сыбаға, сыйлық, егіншілер мен
қолөнершілерден - ұшыр, тағар, баж және хараж алынды. Бұған қосымша
шаруалар үстем таптың пайдасына жұмыс істеуге және борышын еңбекпен өтеуге
тиісті болды. Осындай әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан шаруалардың көбі,
әсіресе, ең кедей бөліктсрі феодалдарға кіріптар болып, бай туыстарының
"көмегіне" сүйенуге мәжбүрлікке түсті.
Қазақтың хандық мемлекетінің қажетіне керекті шығындар халықтан
жиналатын феодалдық салықтардан басқа, соғыстан түсетін олжадан, сот
алымынан және "ықтиярлы" қайырымдылық қорынан құралып отырды. Әрине,
негізгі ауыртпалық еңбекші бұқараның мойнына түсті.
ХУІ-ХУІІ ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық қатынасын зерттеушілердің
көпшілігі оны патриархалдық қарым-қатынас деп санайды. Әсіресе, ол көшпелі
және жартылай көшпелі мал шаруашылығы аймақтарында басым болған. Ал,
экономикалық жағынан неғұрлым дамыған Қазақстанның Оңтүстік аудандарында
феодалдық қарым-қатынастардың көбірек қанат жайғандығы атап көрсетіледі. Іс
жүзінде қазақ қоғамы мен қазақ мемлекеттігі екі әлеуметтік-экономикалық
құрылысқа негізделді. Моңғол үстемдігі кезінде қала мәдениеті кері кетіп,
егіншіліктің құлдырауы, көшпелі мал шаруашылығының артуы патриархалдық
қоғамдық қатынастарға қарай ойысуына әсерін тигізді.
Қазақтың далалық аудандарында жерді пайдаланудың қоғамдық түрі
үстемдік етті. Жайылымдарды пайдалану құқына көшпелі рулар мен қауымдардың
барлық мүшелері не деп саналды. Бірақ соның өзінде ру-тайпа ақсүйектері мен
қатардағы көшпенділердің арасында жерді, жайылымды пайдалануға іс жүзінде
тепе-тең құқығы болмады. Ақсүйек феодалдардың қоныстарға иелік ету, өзінің
отарлары мен жылқы үйірлері және өз жақын-жұрағаттары үшін жақсы
жайылымдарды, аңшылық құратын жақсы өңірлерді пайдаланатын артықшылығы
болды. Жалпы алғанда, мал жеке адамның және отбасының меншігіне тиді. Өз
малдарын өсірумен жоғарғы ақсүйектер тобы да, тайпалар мен рулардың
көсемдері де және рудың қатардағы мүшелері де шұғылданды. Мал көшпелілер
байлығының, олардың тұрмыстық жағдайының басты өлшемі болып саналды. Малдың
басым көпшілігі байлардың қолында жинақталды, олар мыңғыраған малды бағатын
жайылымдарға іс жүзінде өздерінің билеп-төстеу құқығын жүргізді.
Қазақ жерлерінің жоғарғы басқарушысы хандар болатын. Олар тек Шыңғыс
хан ұрпақтарынан шыққан, өздерінің сұлтандарымен бірігіп билік жүргізді.
Демек, көшпелі халық бұқарасына малдарын жайып бағуға берілетін жерлер
билеуші әулеттің меншігі болып саналды, олардың бұған
құқы заңмен бекітілді жәнс салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен қуатталды. Феодалдық
шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе
Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында
қалыптасты. Олардың сойырғал (хандардың туыстарына немесе
көшпелі шонжарлар өкілдеріне сыйға берілген жерлер), ықта (хандардың
туысқандары мен жақындарына тарту етілген жерлерден өз пайдасына салық
жинау құқығының берілуі), милық (әскери қызметі үшін сыйға алған жерлердің
уақыт өте келе ірі феодалдық таза жер иелігіне айналуы), бақып (ислам діни
иеліктеріне қарасты жерлер) сияқты және басқа түрлері кеңінен орын алды.
Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын
егіншілерден, қолөнершілерден, саудагерлерден өз пайдасына салықтар жинады.
Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық
жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі алынды. Жоғары аристократтық топ-
ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері: хандар, сұлтандар, оғландар немесе төрелер,
билер, бектер сондай-ақ, қожалар жатты. Шыңғыс әулеттері қазақ рулары мен
тайпаларының ешқайсысына жатпайтын, олар қоғамның басқарушы тобын құрады.
Ал бүкіл өзге халық әл-ауқаттылық жағдайына қарамастан төменгі топқа-қара
сүйекке жатқызылды. Қарапайым халық қатарына - шаруалар, малшылар,
егіншілер мен қолөнершілер, жатақтар мен қала халықтары, ұсақ саудагерлер
мен ауыл адамдары, т.б. кірді. Соғыс кездерінде өзінің жауынгерлік
ерліктерімен даңққа бөленген қатардағы сарбаздар әлеуметтік баспалдағымен
жоғары жылжып, батырлар тобынан орын алды. Батырлар қазақ қоғамының
әлеуметтік тәртібінде маңызды рол атқарды. Олардың едәуір бөлігі өзінің
шыққан тегі және мүлік жағдайымен ауқатты әскери-көшпелі ақсүйектер
қатарына жатты.
Қазақ халқының шаруашылығы мен мәдениеті
ХУ-ХҮІІ ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы - көшпелі
мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететі көш жолдары жазда
жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың
қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында орналасатын.
Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісудан
басқа жерлерде) көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайлары мен тарихи
дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді таңдап алу, кебінесе халықтар
арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси жағдайларға
байланысты болды. Малдың негізгі түліктері қой, жылқы және түйе еді. Бұлар
халықтың тұрмыс-тіршілігіне бірден-бір қолайлы түліктер. Мұндай мал
халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге
керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Әрине, мал бағу ауыр еңбекті,
төзімділікті және өмірге икемділікті талап етті. Сонымен бірге ол кезде мал
шаруашылығының табиғаттың дүлей құбылыстарына түгелдей тәуелді болғанын да
айту керек. Жем-шөп дайындау жүргізілмеді, қыста мал тебіндеп жайылды.
Міне, осыған байланысты қыс сұрапыл қатты болған жылдары малдың жаппай
қырылуы (жұт) жиі кездесетін. Мұндайда көшпелі малшылар тақырлана
кедейленіп қалатын.
Қазақ халқының өмірі ілгері басқан сайын мал шаруашылығын жүргізудің
формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы үдемелі
қарқынмен өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы
қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдіріп отырған.
Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп
тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ-
киім, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын
берді. Әсксри жорықтар мен шайқастарда жы-лқының орнын ешнәрсемен
алмастыруға болмайтын. Кешпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдан
түскен өнімдерді Түркістанның Сығнақ, Сауран, Ясы және басқа қалаларының
базарларына апаратын, соның ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізстін
болған.
Малшылар бұл өнімдеріне айырбасқа қалалардан әр түрлі тауарлар: мақта
маталары мен жібек маталар, темірден соғылған бұйымдар, дайын киім-
кешектер, шапандар, орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, сондай-ақ әр түрлі
үйге қажетті заттар т. б. алатын. Көшпелілердің астық өнімдеріне - бидайға,
тарыға, арпаға, жеміс-жидекке - сұранысы өте қатты болды.
Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта
тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен
Жетісуда суармалы егіншілік дамыды. Археологиялық зерттеулер XV-XVII
ғасырларда Отырар, Түркістан, Сауран маңындағы егістік жерлерге құбырлар
арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді. Басқа жерлерде егіншілік
мәдениетінің дәстүрлі ошақтары өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шел
және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды. Әдетте, егіншілікпен
көбіне көшіп-қонуға мүмкіншілігі жоқ кедей жатақтар шұғылданды. Негізгі
дақылдартары, бидай, арпа, жүгері. Егіншілік Қаратау, Ұлытау өңірлерінде,
Ертіс өзені алқабында, Зайсан көлінің жағасында да едәуір дамыды. Егіншілік
саймандары тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды.
Дән түю, ұн тарту үшін ағаш келі, қол диірмен пайдаланылды. Астық ұраға
көміліп сақталды.
Қазақстанның алуан түрлі тағы жануарлары бар кең байтақ даласы
көшпелілерге жеке-дара және ұжым болып аңшылық етуге зор мүмкіндік берді.
Олар аң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР мемлекет және құқық тарихы
Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)
Қыпшақ хандығының саяси жағдайы
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙ
Қазақ хандығының құрылуы, экономикасы
Қазақ хандығының этномемлекеттiк шекараларының өсуi туралы
ХҮІІ ғ. – ХҮІІІ ғ. басындағы ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Қазақ хандығының сыртқы саяси байланыстар
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Пәндер