Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Іс қағаздарын

Қазақ тілінде жүргізу


Алғы сөз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпанындағы №550 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарда мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл міндет әрбір мекемеде жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында нормативті -жарлықшы құжат түрлерін азаматтық қарым-қатынаста жиі қолданылатын іс қағаздарын, іскери хат түрлерін жүргізуге курстарын мақсатты және сапалы өткізуді талап етеді.

Ұсынылып отырған құрал меншіктің барлық нысандағы кәсіпорындардың өз қызметкерлерінің жеке құрамын басқаруда пайдаланатын құжат үлгілерін сипаттайды.

Бұл құрал күнделікті ағымдағы мәселелерді (бұйрық-жарлықтар, хаттамалар, анықтамалар, сенімхаттар, қолхаттар, арыздар т. б. толық қамтиды. Қосымшада құжат толтырудың үлгілері, сонымен қатар коммерциялық хаттар оқырмандарға оңтайлы болу үшін қатарластырылып берілген.

Оқу құралы өзге тілді оқу топтарына арналады. Бұл-іс қағаздары үлгілерін жетік әрі жеңіл түрде меңгеруге ықпал етеді.

Мемлекеттік тілде қатысты

Басшылыққа алынатын қүжаттар

7 - бап.

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін - өзі басқару

Органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Қазақстан Республикасының

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»

Заңынан

8-бап. Тілдердін қолданылуы

Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс қаздарын жүргізу тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және қажет болған жағдайда басқа қолданылады.

9-бап. Мемлекеттік органдар актілерінің тілі

Мемлеекеттік органдпрың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданады, қажет болған жағдайды, мүмкіндігінше, басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып, оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкін.

10-бап. Құжаттама жүргізу тілі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесінде, үйымдарында, меншік нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі.

11-бап. Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауапты мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.

22-бап. Тіл түралы зандарды бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың, кез келген меншік нысанындағы ұйымдардың біріпші басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Хаттар- іс қағаздарының бір саласы.

«Тіл тазалығы үшін, мағына

дәлдігі үшін, тіл өткірлігі

үшін

күрес- мәдениет құрамы

үшін

күрес»

М. Горький

Хаттар кеңселік іс қағаздарында қолданылатын хаттар және қызметтік хаттар болып бөлінеді. Алғашқыларына сенімхат, қолхат және түсініктеме жатады. Ал қызметтік хаттар атқаратын қызметтері, сондай-ақ жазылу мақсаттарына байланысты өтініш хат, ұсыныс хат, сұраныс хат, жолдама хат, баяндау хат, циркуляр хат, жеделхат, телефонхат болып жіктеледі.

Хаттардың бұл түрлері күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Бұлардың әрқайсысының қалыптасқан бірыңғай терминдері, сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады. Мемлекеттік тілде құжаттар дайындаумен айналасатын қызметкерлер мен мамандардың бұларды жетік білмейінше, сауатты да мазмұнды хат құрастырулары оңайға түспейді.

Қызметтік хаттарды ресімдеуге қойылатын басты талаптар мыналар :

-хаттың мазмұны қысқа, түсінікті, дәлелденген болуы керек; ол үшін баяндалатын мәселенің мазмұнын толық ашатын терминдер мен сөз тіркестерін тапқан жөн; хат мәтінін барынша жай сөйлемдермен жазған дұрыс;

- хаттар хат иесінің ойын нақты жеткізіп, екі ұшты ойдың пайда болуына жол бермеу қажет; бұл хатты оқығанда уакытты үнемдейді; іске байланысты негізгі деректерді назардан тыс қалдыруға уақытты үнемдейдіҢ іске байланысты негізгі деректерді назардан тыс қалдыруға болмайды;

- хаттар хат жолданатын тұлғаға мүмкіндігінше кішіпейліділік көрсеткен дұрыс, өйткені хаттар қойылатын мәселелердің шешелуі көрсетілген құрметке байланысты болып келеді.

Басқа жерлерге жіберілетін хаттар үлгідеген үлгідегі (А4 және А5 нысандағы) бланкілерде ресімделеді. Мекеменің ішінде жазысатын хаттар бланкілерде емес, қалыптасқан мөлшердегі қағазда жазылады.

Хал алушы беттің оң жақ жоғары бұрышында жазылыды. Лауазымның аталуын көрсететін сөздер, хат алушынын тегі мен аты- жөнінің бірінші әріптері жолдың ортасына

орналастырылады. Жолдың ұзындағы 9-10 сантиметрден аспауы және мәтіннің оң жақ шетінен шықпауы қажет.

Ұйымдардын атаулары толық ілік септігінде, басшының лауазымы атау септігіне, тегі барыс септігінде жазылады.

Мысалы: Павлодар Мемлекеттік

Университетінің ректоры

Е. М. Арынға

Республикалық ведомстволардың атаулары ілік септігінде, ал басшының тегі барыс септігінде жазылады.

Мысалы: Қазақстан Респбликасы

Білім және ғылым министрлігі

Жоғары және жоғары оқу орнынан

Кейінгі білім департаментінің директоры

В. У. Ахметовқа

Егер хатта хат алушының лауазымы көрсетілмесе, онда ведомствоның атауы атау септігінде жазылады.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Әкімшілік - құқықтық

Депортаменті

Егер хатта хат алушының лауазымы көрсетілмесе, онда ведомствоның атауы атау септігінде жазылады.

Мысалы: Павлодар Мемлекеттік Университеті

факультеттерінің басшыларына

Хатта төрттен аса хат алушы көрсетілмеу тиіс. Мұндайда хаттың әрбір данасы ресімделіп, оған басшының тегінің асты сызылады немесе оның сол жағына арнайы белгі қойылады. Ал хат төрттен көп жерге жіберілсе, онда жіберу көрсеткіші жасалып, әрбір хатта тек бір алушы көрсетіледі. Егер хат жеке адамдарға жолданатын болса, ондай жағдайда олардың толық мекенжайы көрсетілуге тиіс.

Хаттың тақырыбы жолдың ортасына жазылады да, оның соңына тыныс белгісі қойылды. Хаттың мәтінін «Құрметті Асқар Шыныбеқұлы!» деген сияқты құрмет көрсете бастауға болады, ондай жазу жолдың ортасына жазылады.

Жауап берілетін хаттарда жауап қайтарылатын құжаттың жазылған күні мен нөмірі былайша көрсетіледі:

2007 жылғы 15 қырқүйектегі

№20-23/166-хатқа

Мүмкіндігінше хат бір бетте болуы керек. Егер де бұл шартты орындауға реті келмесе, онда мәтіннің жазылғасын екінші бетке шығаруға болады. Алайда, мәтінді бір бетке сыйғызу мақсатымен бірінші бетін төменгі жиегін тым түсіріп жібермеген жөн.

Қызметтік хаттарға лауазымды адамдар қол қояды. Арнайы бланкілерде ресімделетін хаттарға қойлатын қолдың құрамына лауазымның қысқарған аталуы, жеке колы, атының бірінші әрпі мен тегі кіреді. Қолдың бұл деректемелері қара қаріптермен басылады.

Мысалы:

Институт ректоры Н. К Сыздыков.

(қолы)

Хаттың соңына орындаушының тегі мен оның телефонының нөмірі (Орындаған Қурманов, телефон 48-58-55) қөрсетіледі. Бұл деректер хаттың соңғы бетінің төменгі сол жағынан № 10 қаріппен басылады.

Егер хаттаң қосымшасы болса, онда «Қосымша» сөзі азат жолдан бас әріппен жазылады. «Қосымша» сөзінен кейін қос нүкте қойылады да, ондағы парақ саны көрсетіледі.

Қосымшалар бірнешеу болған жағдайда, олар рет- ретімен жазылып көрсетіледі.

Мысалы:

Қосымшалар: 1. Бағдарлама жобасы- 20 парақта;

2. бағдарлама жобасына түсініктеме - 4 парақта.

Әдетте, хаттар № 14 Times New Roman, қаріптерімен, 1-1, 5 интервалмен басылады. Хатқа қосымша ретінде кестелерді басқанда қаріптердің басқа мөлшерлерін пайдалунуға болады.

Ресімделген әрбір құжаттың ақшеттерінің мөлшерлері мынадай болады :

Сол жағында- 2, 75-тен 3, 5 сантиметрге дейін;

Оң жағында- 1, 25- тен 2, 25 сантиметрге дейін;

Үстінен - 2, 5 сантиметрден аз болмауы керек;

Астынан- 2 сантиметрден аз болмауы керек.

Құжаттың мәтіні екі, не одан да көп беттерге ресімделсе, онда екінші және басқа беттерге рет саны қойылады. Қосымшалардың бет сандары жеке қойылуға тиіс. Құжаттың және қосымшаның бірінші беттеріне рет саны көрсетілмейді. Беттердің рет сандарынан кейін нүкте белгісі қойылады.

Қызметтік хат мәтіндерінде мынадай кіріспе сөз тіркестері қолданылуы мүмкін:

Сіздің . . . хатыңызға байланысты мынаны хабарлаймыз.

Сіздің сұрауыңыз бойынша мына . . . жолдап отырмыз.

Сізді . . . жөнінде хабардар етеміз.

Сол сияқты, қызметтік хатты жазуға негіз бола алатын сөз тіркестері мыналар :

Сіздің . . . өтінішіңіз қанағаттандырылды.

Сіздің . . . хатыңыздағы өтінішіңіз оң шешімін тапқаны жөнінде хабарлаймыз.

Өкінішке орай, Сіздің өтінішіңізді мына себептерге байланысты қанағаттандыра алмаймыз.

Сізге . . . туралы қосымша мәліметтер қажет.

. . . жөніндегі Өзіңіз қабылдаған міндеттемелеріңіздің орындауын жеделдетуді өтінеміз.

Ой байланыстыратын сөз тіркестері мыналар:

Мәселенің ойдағыдай шешілуіне үміт артамыз.

Бұған жуық арада жауабын қайтарсаңыз, риза болар едік.

Хатымыздың жауабын уақытында алуға үміт артып, алдын ала алғыс айтамыз.

Сіздің келісіміңізді күтеміз.

Сізден осы мәселе жөніндегі шешіміңіз туралы бізді хабардар етуіңізді өтінеміз.

Сізге біз жақтан көмек кажет болса, оны көрсетуге дайынбыз.

Осы мәселе туралы Сіздің көзқарасыңызды білгіміз келеді

Құтықтау, алғыс және құттықтау хаттар.

Әдетте, хаттың бұл түрлері ұйымдарда, мекемелерде, оқу орындарында және кәсіпорындарында жиі қолданылады. Олар ұлттық және мемлекеттік, сондай-ақ елімізде белгіленген кәсіптік және өзге де мерекелерге байланысты болып келеді. Оның үстіне әр ұжымда атап өтілетін мерейтойлар мен мүшелтойларды қосар болсақ, мекемелердегі кадрлар бөлімдері мен мемлекеттік тіл жөніндегі мамандарға, басшылардың қабылдау бөлмелеріндегі хатшыларға артылар жүк жеңіл емес.

Құттықтауға да, алғыс және құттықтау хаттарға да қойылар талап жоғары. Мұндай жауапты құжаттарды дайындаған да маман білікті болу керек. Ол, алдымен, құттықтау, алғыс және құттықтау хаттардың өзіндік ерекшеліктерін есте ұстап, әрқайсысын құрастыруға күні бұрын дайындалуға тиіс. Шүкір, газеттер мен журналдар беттернеде басшылыққа алар материалдар жеткілікті, тек әркім ізденімпаз да талғампаз болса болғаны.

Құттықтау қысқа да нұсқа болып келеді. Ол бегілі біреуді атаулы мерекемен құттықтаудан, мерекенің мәні мен маңызын аша отырып, сол адамға арнайы тілек білдіруден тұрады.

Мысалы:

Құрметті Абай Балтабайұлы !

Сізді өзіңнен көп үміт күттіретін Науырыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жыл егеменді еліміздің экономикалық нығаюы жолында атқарып жүрген қажырлы еңбегіңізге айтарлықтай табыс, жаңе бақыт, игілік пен ізгілік әкелсін.

Ұлыстың ұлы күні Сіздің шаңырағыңызға көктемнің көтеріңкі қөңіл-күйімен және мол да берекелі дастарқанымен кіргей!

(лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

Павлодар қаласы

2007 жылғы наурыз айы

Құрметті Дүрия Зейнуллақызы !

Сізді 16 желтоқсан - мемлекетіміздің Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Егемен еліміздің шаңырағын нығайту жолында жас ұрпаққа жан-

жақты білім, өнегелі тәрбие берудегі игілікті істеріңіз жемісті болсын.

Өзіңізғе зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға баянды бақыт және құт-береке тілеймін!

(лауазымы) (қолы) (аты- жөні)

Аксу қаласы

2007 жылғы желтоқсан айы

Құтметті Даулет Казбекұлы !

Ер жасы саналатын кезекті төртінші мүшелтойың құтты болсын!

Бұл белеске тек бір өзіңе тән аңкылдаған күйінде көтеріліп, көңілің тасып, әріптестеріңнің, ағайынтуыстарың мен жолдас- жораларыңның шуақты пейіліне бөленіп отырсың. Лайым, әрқашанң

ұзақ ғұмыр, балашағаңның шаттығы мен думанына бөлене беруіңізді тілеймін!

(лауазым) (колы) (аты-жөні)

Павлодар қаласы

20007 жылы маусым айы

Алғыс хат

Алғыс хат - мекеме, кәсіпорін, ұйым басшылығы тарапынын кәсіптік мерекелермен байналысты марапаттадың бір түрі. Ол,, әдетте, өз мамандығы, өз кәсібі бойынша елеулі еңбек сіңіріп жүрген кызметкерлерге беріледі. Алғыс хат тапсыру арқылы ондай қызметкер көтермеленеді, басқаларға үлгі етіледі.

Мысалы:

Ағыс хат

Құрметті Гульмира Мухаметқызы!

Сізді Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздің облыстағы басқару органдары қызметкерлері арасында төл тілімізді жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тіліне айналдыруға қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалаймын? Әрі облыс жұртшылығына мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда белсенділік көрсетіп жүргеңізғе алғысымды білдіремін. Майра Рамазанқызы! Сізге мықты денсаулық, тіл майданында табы, отбасыңызға баянды бақыт және құт-береке тілеймін!

(лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

Павлодар қаласы

2006 жылғы қырқүйек

Құттықтау хат

Құтықтау хат құралымы көлемді, қүрделі болады. Онда келтіретін деректер мен айтылатын маңызды ойдың маңызына, мазмұнына ғана емес, олардың қалай беріліп, жеткізіліп отырғанына да көңіл бөлінуі керек. Демек, мұндай хат дайындау мәдениеті мен жазу мәдениеті жағынан ерекшеленуге тиіс. Бар мүмкіндігінше, көп ой аз сөзбен жеткізілгені жөн.

Мысалы:

Құттықтау хат

Құрметті Аблай Хамитұлы!

Сізді 60-қа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз Республикамыз бен облысымыздың әр жерлерінде шаруашылық, партия, Кенес және әкімшілік органдарында біршама жылдын бойы басшылық қызметті абыройлы атқарып келесіз. Қайда жүрсеніз де Май ауданына, ондағы өзіңіз туып-өскен Баскөл ауылына, ондағы жерлестеріңізге деген ыстық сезіміңізді, ерен бауырмалдығыңызды сақтай білдіңіз.

Өзіңізғе сеніп тапсырылған қандай қандай қызметті атқарсаңыз да, Сіз туған халқыңыздың арман - мүддесі үшін еңбек етіп, бойыңыздағы бар күш- жігеріңізді, терең біліміңіз бен мол тәжірибеңізді еліңіздің әлеуметтік - экономикалық дамуын өркендетуге арнадыңыз.

Табандылық, қарапайымдық, еңбек адамдарына деген ерен қамқорлық, басқару өнерінің әдістәсілдерін жетік білушілік сияқты қасиеттеріңіз Сізді жоғары басқару органдары басшылары мен әріптестеріңіздің, жергілікті жерлердегі жұртшылықтың зор ілтипатына бөлеуде.

Осы бір ерекшк күні Сізге, қадірлі Алай Хамитұлы, зор денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр және отбасыңызға құт-береке тілеймін!

(лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

Бұл - құттықтау хаттың бір үлгісі. Мұндай хаттың кейбірі әдеби көркем шығармаларға жақын тілмен жазылады. Әсте, бұл көбінесе іс қағазын дайындаушының тіл шеберлігіне, ой жүйріктігіне байланысты болады. Дегенмен, құттықтау хаттың мұндай түрінде де белгілі бір өзіндік жүйе, тілдік ерекшеліктер сақталады.

Мысалы:

Құттықтау хат

Құрметті Ботығай Есенұлы!

Ауыл-елдің ақылман ақсақалына айналған Өзіңізге сексеннің сеңгіріне келуіңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Жалпы, адамның өткеніне бір бұрылып қарайтын кезе болады десек, соның бірі - осы мерейлі жасыңыз екендігінде сөз жоқ, әрине!

Шындығында, осыншама жасыңыздың бергені баршылық қой, Боке.

Өмірден алатыныңыз болса, оны алып келе жатырсыз, отбасыңыздың отын жағып келе жатырсыз. Тұған-туысқандарға, ағайындарға, жолдастарға деген ерекше қамқорлық өз алдына.

Халқымызда «Ісіне қарап, адамын таны» дейді. Әсіресе, соңғы он-он бес жылдан бері Сіз туған тілімізді насихаттау, сол тілде іс қағаздарын жүргізу, халықтық тәрбие мен дәстүрді өмірге енгізу сияқты өнегелі істеріңізбен өңір жұртшылығына сыйлы болып жүрген жансыз.

Шіркін, өз ортасына абыройлы да сыйлы болудан артық бар ма екен!адамға бірінші кезекте керегі де осы болса керек.

Ботығай аға! Қошаметке толы ғұмыр дарияңызда жүзе беріңіз! Алда да шаңырық қазаны оттан түспесін, үйіңізден береке кетпесін, қызықты күндер алмаса берсін, куаныштар жалғаса берсін.

(лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

Ертіс ауданы

2006 жылғы қызан айы

Коммерциялық хаттар

Хаттың мақсаты. Хаттың мәтіні. Жалпы ереже.

Жалпы жағдайда іскерлік хаттар үлкен екі топқа бөлінеді: сатуға ұсыныс туралы хат (өнім, тауар, қазметті ұсыну, жұмысқа қабылдау туралы өтініш т. б. ) және сатып алу туралы хат (өнімдер, қызмет түрлері) қалғандары функцианалды хаттар (шағым, есептік төлем туралы ескерту т. б. )

Өнім мен нәтиже туралы хаттар алғашқы хаттың екі категориясына да енгізуге болады.

Сондақтан да мұндай хаттардың түбегейлі жоспары да, жүйесі де әр түрлі. Ең қиын сату туралы хат түрі, қашанда сатып алудан, сату біраз болсын күрделірек болады.

Алтын ереже.

Ешқашан да хатты өз тіліңізден шет тіліне сөзбе-сөз аудармаңыз. Үлгісі әр жерде әр түрлі.

1-Тапсырма. Жоспар бойынша коммерциялық хат жазыныз .

Компанияны ұсыну (таныстру)

Серіктестікке ұсыныс хатының жоспары, компанияның қызметі мен өнімдерін төмендегідей үлгіде ұсынуға болады:

Хаттың жоспары:

Алтын ереже.

Іскерлік хат белгілі бір тулғаға, алушыға, нақты мекен-жайға жазылу керек. Бүкіл әлемдік бизнес жеке қарым-қатынастан тұрады және оны дұрыс құру керек.

1. Компанияны, өнімді қысқаша таныстыру.

Алтын ереже.

Компанияның барлық жетістіктерін, қызметін артық мақтаусыз атап өту керек, өйткені кез-келген ақпаратты тексеру қиын емес.

2. Ұсынылатын өнім мен қызмет түрлерінің негізгі жетістіктері мен жаңалық дәстүрін атап өту керек.

3. Ұсынылатын өнімнің нарықтағы бағасын анықтау.

4. Серіктестікке нақты ұсыныс: көтерме немесе делдал сауда, лицензиялық келісім, дистрибюттың байланыс жасау т. б.

5. Егер сіз өнім түрлерін ұсынсаңыз, бұл өнім ұсынылған өнімнің қай түрінен екенін түсіндіру керек.

6. Өнім бағасына байланысты туындайтын кез-келген сұраққа дайын болу керек.

7. Хатты қалыпты сөздермен, серіктестікке үмітпен аяқтау.

Алтын ереже.

Хат ақпараттық үлгіде болсын, егер хат бір беттен артық болса, алушының оны толық оқуға зауқы болмауы мүмкін.

Сіздің осы компаниядан не күтетініңіз нақты көрсетілуі керек, ең басты назар аудар сөз басқа сөздерден ерекше есте сақталатынын ұмытпаңыз .

Алтын ереже.

Кез-келген хатты жазғанда ағылшын формуласын басшылыққа алған дұрыс.

(Kiss=keep Ir Short and Simple (Қысқа және іс жайында) .

2- тапсырма. Ұсыныс-хатқа жауап беріңіз . Серіктестік туралы ұсыныс-хатқа жауап: қолдайтын, қарсы немесе белгісіз болып қайтарылуы мүмкін. Егер хатты алушы серіктесі ұсынған нәтижеге сенімсіз болса, ңақты шешім қабылдауға көмектессетін кейбір сұрақ тудыратын мәселер болуы мүмкін.

Серіктестік туралы хатқа жауап. Егер сіз ұсыныс-хатқа келіскен оң немесе белгісіз жауап қайтарсаңыз, хат жоспары төмендегіше болуы мүмкін.

Хаттың жоспары.

1. Сіздің назарыңызға ұсынылған өнім, тауар, қызмет т. б. Түрлерін атап өтіп, ұсыныс-хатқа алғыс білдіріңіз.

2. Сіздің компанияда ұсынылған тауарларға жасалған тексерудің оң нәтижесін хабарлаңыз.

3. Шарт жасау үшін маңызды деп санайтын сұрақтарды анықтаңыз.

4. Шарттың кейбір мәселерін талқылау үшін өзіңіздің (әлеуетті) дәрежелі әріптесіңізбен кездесуді ұсыныңыз.

5. Келешектегі тиімді серіктестікке үмітіңізді білдіріңіз. Хатты қалыпты, үлгілі сөздермен аяқтаңыз.

6. Қол қойлып, аты-жөніңіз, лауазымыңыз жазылауы керек.

Алтын ереже.

Мүмкіндігінше серіктестік туралы тамаша ұсынысқа тез жауап беруге тырысыңыз. Егер ұсыныз өте ұтымды болса, оның авторы басқа да сіздің бәсекелестеріңізге жіберуі мүмкін.

3-тапсырма. Жоспар бойынша коммерциялық хат жазыныз . Сүрау салу. Талап ету.

Мұндай ақпарат алу хаттарының мақсаты, сіздің тарапыңыздан кейбір әрекеттерге комек мүмкіндігі.

Хаттын жоспары:

1. Компания туралы ақпаратты алған ақпарат көздеріне сілтеме жасау.

2. Өзін, өз фирмасын таныстыру.

3. Хатты жазу мақсатыңыз бен өз мүддеңізді түсіндіріңіз.

4. Хат жолдаушыдан не алғыңыз келетінін түсіндіріңіз.

5. Хатты қалыпты сөздермен аяқтау.

6. Қол қойылып, аты-жөніңіз, лауазымыңыз жазылады.

Бухгалтерлік және қаржылық-есеп құжаттар.

Бұл бөлімде бухгалтерлік қызмет бойынша негізгі бес сұрақ қарастырылады: құрылымдық болымшелерде іс қағаздарын жүргізуді жүзеге асыру, қаржылық құжат түрлері мен олардың топтастырылуы және олардың ресімдеуіне қойылатын талаптар.

Осы болімді оқи отырып, студентер білу керек:

  • қазіргі жағдайда бухгалтерлік қызметтің ұйымдастырылуы мен алатын орны; қаржылық құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар;
  • қаржылық-есептік құжаттарды құрастыру, ресімдеу және қолдану туралы білімдерін тәжірибеде қолдана білу.

Қаржылық-есептік құжаттармен жұмысқа жалпы мінездеме .

Қаржылық-есептік құжаттарын қаржы бөлімі мен бухгалтерия қызметкерлері құрастырады. Қаржылық құжаттарының дұрыс құрастырылуы ақшаның дұрыс қолдануын білдіреді.

Есептік құжаттардың жіктелуі :

Қазіргі уақытта шаруашылық қызметінде қолданылатын барлық құжаттарды төмендгі белгілері бойынша жіктеуге болады:

1 . Белгілеуіне қарай:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәселенің шешілмейтіндігі немесе орындалмайтындығын білдіру үшін қолданылатын құрылымдар
Іс қағаздарының тарихы
Іс қағаздарын жүргізудің нормативтік базасы
Жеделхат мәтіні
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Іс қағаздарының түрлері
Іс қағаздарын жүргізумен таныстыру
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында атқарылатын жұмыстар жайында
Кеңселік іс қағаздары тілінің даму, қалыптасу үдерісі
XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz