Қазақстан Республикасындағы жаңа нарықтық экономикаға байланысты зияткерлік меншіктің түсінігі мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғау жүйесі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Меншік жүйесіндегі зияткерлік меншіктің орны
1. 1 Зияткерлік меншік институтының түсінігі мен түрлері . . . 5
1. 2 Зияткерлік меншіктің негізгі институттары . . . 15
2. Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері
2. 1 ҚР зияткерлік меншік құқығын қорғау тәсілдерінің негізгі мәселелері . . . 35
2. 2 Зияткерлік меншік институттарын қорғау ерекшеліктері . . . 38
2. 3 Азаматтардың зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы құқық қорғау органдарының құзыреттілігі . . . 54
2. 4 Зияткерлік меншік құқығы саласындағы халықаралық келісімдердің рөлі . . . 57
Корытынды . . . 67
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 69
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкесқұқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншік құқығын қөорғау. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке меншігі болып табылады.
Авторлық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік және зияткерлік меншіктің маңзды құрамасы бола келіп, келесі интелектуалдық шығармашылық қызметтердің нәтижелеріне таралады: ғылым, әдебиет және өнер туындылары; эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының орындалуы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарларын жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
Сонымен бірге, азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына: өнертабыс, пайдалы үлгілері, өндірістік үлгілері, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросызба топологиялары, ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары. Осы атап айтылғанның иегерлері жеке тұлғалар болып табылғанымен, жалпы мемлекеттің зияткерлік ресурсы және адамзаттың мұрасы болып есептеледі. Дәлірек зияткерлік тұрақты дамудың бас қозғаушы күші болып есептеледі. Сондықтан, мемлекеттің міндеті - барынша зияткерлік шығармашылықты көтермелеу, сонымен қатар тиімді авторлық құқықты қорғау арқылы және қосарлас қалыптасуы мен индустрия мәдениеті дамуына, шығармалардың кең таратушылығына және авторлардың тіршілік етуге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге, жаңашыл өнертапқыштарды қолдауына мүмкіндік туғызады. Мұнсыз елдің зияткерлік әлеуетін қалптастырылуы мүмкін емес. Азаматтардың зияткерлік меншік обьектісі Конституция бойынша сақталады, заң жүзінде қорғалады. Біздің елімізде Қазақстан азаматтары мен қатар шетел азаматтарының да зияткерлік меншік құқығы заң алдында бірдей қорғалады. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарының зияткерлік саласындағы жетістіктері ұйымға мүше елдердің бәрінде бірдей қорғалады.
Азаматтардың зияткерлік меншік құқығын қорғау арқылы мемлекет олардың шығармашылық өрісінің дамуын, сол арқылы ел экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселесі тек қана өзінің шығармашылық қызметінде обьектілерімен ие болып жатқан азаматтарды алаңдатпайды, олармен бірге қызметі авторлардың және өнертапқыштардың құқықтарын қорғауына бағытталған мемлекеттік органдардың да зияткерлік меншікті шеттетпеді, өйткені осы бағытқа арналған мемлекеттік органдардың жұмысы жалпы Республиканың халықаралық шарттарына қосылуына және халықаралық ұйымдарға, ассоциацияларға және зияткерлік меншікті қорғау одақтарына кіруіне қажет.
Әрбір кәсіпкер, өз жұмысында зияткерлік меншік обьектілерін қолданып, пайда табыс табу мақсатында лицензиясыз өнімдерді пайдалану немесе меншік иесінің рұқсатынсыз жұмыс жасау заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын білуі қажет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы жаңа нарықтық экономикаға байланысты зияткерлік меншіктің түсінігі мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғау жүйесін анықтау.
Дипломдық жұмысының объектісі: Зияткерлік меншiк объектiлерi.
Алдымызға қойылған мақсатқа сүйене отырып бiз өзімізге мынандай міндеттерді қоямыз:
- меншік жүйесіндегі зияткерлік меншіктің орнын анықтау;
- зияткерлік меншік құқығының обьективтік және субъективтік мағынада қарап, зияткерлік меншіктің заңды мазмұнын ашу;
- зияткерлік меншік институттарын қорғау ерекшеліктерін қарастыру;
-зияткерлік меншікті қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарын анықтау:
- зияткерлік меншік құқығын қорғау жөніндегі мемлекеттік органдардың құзыреттерін қарастыру .
- зияткерлік меншікті қорғау саласындағы халықаралық келісімдерді зерттеу.
Дипломдық жұмысты жазу барысында қазақстандық және ресейлік заңгерлердің, соның ішінде Г. Төлеуғалиев, Е. Т. Қаудыров, А. П. Сергеев, Ю. К. Толстой, А. Зенин және т. б. еңбектеріне сүйендік.
Дипломдық жумыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Меншік жүйесіндегі зияткерлік меншіктің орны
- Зияткерлік меншік институтының түсінігі мен түрлері
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезенді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алытын орны ерекше.
Оғын бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Қазақстан және бұрынғы одақ көлеміндегі мемлекеттердің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуінің өзі меншік қатынастарының өзгеруіне, мемлекеттік меншікті жекешелендіру нәтижесінде жеке меншіктің дамуына және де жеке кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауға мүмкіндіктер туындады [1] .
Ата Заңымызда көрсетілгендей, мемлекеттеріміздің ең асыл қазынасының бірі - адам құқықтары Сонымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алатындығы, меншік құқығына заңмен кепілдік берілетіндігі айтылған [2] .
Азаматтық құқықтағы меншік құқығы матералдық игіліктердің нақтылы тұлғаға тистілігін бекітуші, реттеуші, қорғаушы құқықтық нормаларды қамтиды. Бәрін біріктіре алғанда олар меншік құқығын құрайды, яғни ол біріңғай тұтас құқық институты болып табылады.
Меншік дегеніміз - қоғам өмірінің шарты. Меншік бұл базистегі, сипаттағы экономикалық санат, ал меншік құқығы дегеніміз - субъектінің өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге заңмен танылатын және қорғалатын құқығы.
Кез-келген мүліктік игілік одан оның иемдену мақсатына жасалады, сондықтан да өндіріс қатынастарының негізі болып, меншікті иемденудің өзі болып табылады.
Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өдіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктен экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады [3] .
Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұнына тоқталатын болсақ, ол жайында ҚР Азаматтық Кодекстің 14-ші бабында " . . . азаматтың Қазақстан Республикасы шегiнде де, одан тыс жерлерде де мүлiктi, соның iшiнде өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, Зияткерлік қызметтiң өзге де туындыларына зияткерлік меншiк құқығы болуға" деп айқын көрсетілген [4] .
Адамзат қоғам мен мемлекет құрған кезеңнен бастап олардың өмірі мен тарихы туралы шығармалар туындап өз орынын тапқан. Шығармашылық бар жерде, туындыгерлердің иелігіндегі меншікті дүниесі бар жерде оны сақтау мақсатында қандайда бір жұмыстардың істелгені ақиқат нәрсе. Мысалы, ежелгі Греция мен Римде автордың, жеке мүліктік құқығы, оған алатын сыйақысы ескеріліп отырған. Біреудін шығармасын ұрлап, иемденген адамды - арсыз деп танып, жұрт алдында дүре соққан. Римде авторлар шығармаларымен атағын ғана шығарып қоймай, табыс та тауып отырғанын зерттеушілер дәлелдейді.
Жалпы, зияткерлік құқық дегеніміз, шығармашылық қызметтің қорғалуы болып табылады. Ол авторлық және сабақтас құқықтар деп екі санатқа бөлінеді. Прозалық, поэзиялық, сатиралық, драматургиялық, музыкалық жанрлар және қылқалам туындылары, фотосуреттер, фильмдер, мүсіндер, сәулет өнері - авторлық құқыққа жатады. Әртістің туындыларды орындаушылығы, хабар таратушы ұжымның телерадио бағдарламалары - сабақтас құқыққа енеді. Сондай-ақ, өндірістік меншік тобына тауарлық белгілер, интегралды микросызбалардың топологиялары, селекциялық жетістіктер, географиялық сілтемелер мен өндірістік пайдалы үлгілер, өнер табыстары кіреді.
Жалпылай жинақтық ұғым деп қарауға болады: заңды және жеке тұлғаның зияткерлік қызметінің арқасындағы нәтижесі, орындауды қажет ететін жеке өнім. зияткерлік меншікті материалдық емес игілік деп қарастыруға болады, осындай материалдық емес игілік - заңды тұлғалар мен адамдардың зияткерлік қызметінің нәтижесі. Алайда, зияткерлік меншік бір жеке меншіктен екінші біреуіне құрылмай тұрып та ауысуы мүмкін. Қалай болғанмен зияткерлік меншік - жеке құқық, мемлекеттік басқару, мемлекетаралық келісім әдісін, халықаралық құқықты да еңгізуге болады. зияткерлік меншік - бұл «меншік», бірақ әлемнің көпшілік жерлерінде жалпы жеке меншік заңдылығынан да тыс қаралады, авторлық құқық, патенттік және басқа да зияткерлік меншік түрлеріне көп ден қойылады.
Зияткерлік меншік құқығын қорғау - аймақтық қорғауға жатады, яғни, қорғау тек сол мемлекет аясында ғана жүргізіледі, сұраныс пен талап сол мемлекетте ғана іске асады, әдеби шығармашылық немесе өнертабыс сол мемлекеттің заңымен қорғалады, басқа мемлекет қорғауына енбейді. Ал басқа мемлекеттің қорғауын талап етсе, халықаралық келісім қажет болады. Халықаралық Зияткерлік, мәдени және сауда келісімдерінің кеңейуіне байланысты, XIX ғ. 80 жылдары көп қырлы Париж конвенциясы 1883 ж. «Өндірістік меншікті қорғау» және 1886 ж. Берн конвенциясы, яғни, «Әдеби және көркем шығармаларды қорғау» туралы реформалар жасалды. Кейінірек басқа да аймақтық және екі жақты халықаралық келісімдер болды.
1967 жылы Стокгольм конвенциясы аса маңызды орын алды, Бүкіләлемдік Зияткерлік меншік мекемесі (БИММ) халықаралық қызметте Зияткерлік меншіктің жиынтығы болып саналды. Тағы да бір ерекше жаңалық - 1994 жылы жасалаған Уругвай раундағы Марракештік пакетті атап өтуге болады. Сауда аспектілеріндегі Зияткерлік меншік құқығындағы (САИМҚ) келісімге Зияткерлік меншіктің әртүрлі салаларын еңгізуге болады [5] .
Халықаралық құқықтық тәртіп саласында зияткерлік меншік құқығын ретке келтіру, басқаша айтсақ, зияткерлік меншікке халықаралық құқық барлық келісімдердің жиынтығы болып табылады. ҚР Президентiнiң 2009 жылғы 28 тамыздағы N 858 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында: "зияткерлiк меншiк құқығын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi ұлттық мүдделердi ескере отырып, осы саладағы халықаралық стандарттарға сәйкес келтiруге баса назар аудару қажет" деп көрсетілген [6] .
Бүгінгі таңдағы осындай құқықтық пайда болуы, біріншіден, сауданың күрт өсуі, зияткерлік құқық меншігінің жалпы тауар құнына әсері, әсіресе жоғары технологиялы фармацевтік және химиялық тауарлар өсуіне байланысты. Жалпы әлемдік тауар айналымының 15-20% зияткерлік меншікке, қорғалатын патенттер, сауда маркалары және т. б. сай келеді. Тағы да бір негізгі фактор - халықаралық Зияткерлік меншік құқығын дамыту - жоғары технологиялық өнім шығарушыларды (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция және басқа) қысқарту, өйткені ғылыми-техникалық жетістіктер, арзан жұмыс күші арқылы бәсекеге қабілеттілік жойылып, контрафактік (қарсы) өндіріс (Оңтүстік-Шығыс Азия елді-мекендерінде) орын алуда. Жоғарыда айтылып өткендей, зияткерлік материалдық құқық ұлттық деңгейде қарастырылады. Халықаралық деңгейде материалдық құқық тар аймақта қарастырылады, негізінен ұлттық заңдылық басқа елдердің пайдаланушысына ғана қатысты болады. Авторлық және патенттік құқық отандық ғылым аясында қарастырылып, дәстүрлі халықаралық келісім негізінде шешіледі, ал Зияткерлік меншік иесі-жеке тұлғалар. Халықаралық келісім-шарттар ашық түрде жасалып, ешқандай күмән тудырмайды.
Халықаралық зияткерлік меншік құқығы қарапайым негізде қарастырылады, себебі, халықаралық келісім-шартқа қатысушылар мемлекетке қарайды. Осындай келісім-шарттардан міндеттер мен құқықтар туындайды, күмәнсіз - халықаралық құқық келісімі, нақтырақ - экономикалық, мүліктік - зияткерлік меншіктің халықаралық құқығы. Зияткерлік меншік құқығы мемлекетаралық конвенциялық нормаларда сақталуы керек, сақтауға мемлекет тікелей міндетті. Париж және Берн келісімдерінен сақталып келе жатқан дәстүрдің негізгі блогы бар. Алайда, айырмашылық шартты түрде ғана: патенттік құқық және авторлық құқық.
Бүгінгі таңдағы сауды экономикасында Қазақстан меншік объектілерінде маңызды элементі болып: фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және тауар шығару орындарының атауы саналады. әртүрлі типті тауар иеленушілерге бәсекеге қабілетті, өз ісіне жауапкершілікте негіз болатын мүмкіндіктер тудыру, сауда айналымындағы тауарлар мен қызмет көрсету деңгейі Зияткерлік меншік құқығында өзіндік бағалауда негіз болады.
Патенттік құқық өндіріс меншігімен тығыз байланысты, яғни өндірістік өткізімге тікелей сай, онымен қоса қызмет көрсету, сауда қатынасы енеді, бірақ кәсіпкерлердің қаражаты және олардың өнімдерінің сапасын қарастырмайды. Зияткерлік меншік құқығын қорғауда негізгі функция жеке өндірушілер, олардың тауарлары, жұмысы және қызметі негізге алынады.
Фирмалық атаулар, кәсіпорынның коммерциялық атауымен байланысты болғандықтан іскерлігіне нұқсан келтірмеуі керек. Осы атаумен кәсіпкер мәміле және басқа заңды істер атқарады, заңды түрде жауапкершілікке ие болып, өзінің де құқығы мен міндеттерін іске асырады, өзінің шығарған өнімін жарнамалайды не саудаға салады. Фирмалық атаулар көпке танымалғана болмай, әріптестерінің арасында сый-сияпат әкеліп, кәсіпкерге табыс қана емес, қоғамда мойындау әкеледі, сол себептен фирма тек жеке меншік емес мүліктік игілік болуы керек.
Фирмалық атаулар ақпараттық та рөл атқарады, өйткені үшінші біреулерге кәсіпорын типі мен ұйымдастыру формасы, кімге тән екендігі жайлы дерек береді.
Тауарлық және қызмет көрсету белгілері даярлаушы және тұтынушы арасындағы тілсіз сатушы рөлін атқарады. Көпке танымал тауарлық белгі тұтынушыға тауар сапасы жайында арнайы кепілдік береді. Тауарлық белгі шығарылатын өнімді сауда саласында қорғап, сапасыз бәсекеге қабілетсіздікпен күресте қолданылады. Осылайша зияткерлік меншік объектілері заңды түрде қорғалады.
Ғылыми, әдеби немесе мәдени шығармалар, сондай-ақ өнертабыс, өндіріске пайдалы үлгілеп сан қырлы шығармашылық қызметті толық қамтымайды. Олармен қоса адамдардың шығармашылық жұмылуы арқасында қоғамға бағалы және мойындау мен құқықтық қорғауды қажет ететін объектілер көптеп табылады. Осындай объектілердің көп болуы оларға баға беру және құқықтық қорғауды көбіне көп мемлекет қарамағында.
Сонымен, зияткерлік меншік - жинақтық ұғым, мыналарға қатысты қолданылады:
- ғылым, техника, әдебиет, өнер және басқа да шығармашылық саласында зияткерлік қызмет жетістігі;
- тауар және қызмет, азаматтық айналымда қатысушылардың дараландыру қаражаты;
- сапасыз бәсекеге қабілетсіздіктен сақтау.
Зияткерлік меншікке нақты анықтама беру қиынға соғады, себебі, зияткерлік меншік ұғымы техника дамуына, нарықтық қатынас пен заңдылық, оларды жинақтаушы ұғым кең мағыналы.
Зияткерлік меншік объектілері төмендегі талаптарға сай болуы керек:
- материалды-заттай (нақты) құрылымы болмау керек;
- ұйымды басқа мүлікпен сәйкестендіру мүмкіндігі (бөліну, еншілеу) ;
- ұйымды басқару қызметінде өндірісте өндірілетін өнімді не қызметті пайдалану;
- ұйым аталған мүлікті алып-сатуды көздемейді;
- ұйымның келешекте экономикалық табыс (пайда) әкеле алу мүмкіндігі;
- осы ұйымның нақты барлығын дәделдейтін және Зияткерлік қызмет нәтижесіне құқығы барлығын дәделдейтін құжаттарының болуы (патент, куәлік, басқа да қорғаушы құжаттар, келісім шарттар, тауар белгісі және т. б. )
Зияткерлік меншік объектілері өз алдына былайша бөлінеді:
- ғылыми-техникалық және өндірістік саладағы Зияткерлік меншік объектілері:
- өнеркәсіптік меншік (өнертабыс, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық және қызмет көрсету белгілері, іріктелім жетістіктері, сапасыз өнімдері болдырмау құқығы) .
- құпия сақтау құқығы (ноу-хау)
- авторлық құқық объектілері (ЭЕМ, деректер бағдарламалары, интегралды топологиялар, ғылыми басылымдар) .
Зияткерлік меншік объектісі болып саналатын өнертабыстардың өз алдына құрылғысы, заты, әдісі, микроорганизм штампы (белгісі), өсімдіктер мен жануарлардың мәдени клеткалары, сондай-ақ оларды жаңа қолданыста құрылғысы, пайдалану әдісі болуы қажет, өнертабыс объектілер құрылғысына құрастырушы және бұйым жатады. Мысалы, құрастырушы объектілер құрылғысына-машиналар, құралдар, механизмдер, көлік қаражаты, жабдықтар, ғимараттар енеді.
Өнертабыс болып практика жүзінде техника саласында арнайы бір мәселені шеше алатын жаңа идея саналады. Сол себепті өнертабыс саласындағы заңдылықтарға орай, көпшілік елдерде қолданып жүргендей, өнертабыс жаңа болуы керек, бұрын-сонды болғандығы туралы дерек болмауы керек; оның ерекшелігі сол саладағы маман ешқандай кедергісіз, қиындықсыз қолдана алынуы қажет, ол өндірілетін және пайдалы болуы керек. Патент - өнертабысқа айқындаушы құжат бере алатын құқықтық құжат, онда өнер табыстың толық мазмұны жазылады (қашан даярланды, қолданылды, сатылды, әкелінді), өзгерістерді тек патент иегері енгізе алады. бұл қорғау белгілі бір уақытқа ғана арналған (15-20 жыл болуы мүмкін) .
Сонымен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерiнiң авторлары осы нәтижелерге қатысты жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарға ие болады.
Зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижесiнiң авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегiмен Зияткерлік шығармашылық қызметтiң нәтижесiн жасаған адам ғана ие бола алады.
Зияткерлік шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы жалпы ережелер қолданылады. Зияткерлік меншiк объектiлерiне құқық оларды құру фактiсiнiң күшiмен не Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органның құқықтық қорғауды беруi нәтижесiнен туындайды.
Зияткерлік шығармаларға және оларға теңестірілген объектілірге қатысты ерекше құқықтарға арналған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормалары өзінің жиынтығы бойынша қазақстандық азаматтық құқықтың ерекше саласын құрайды. Зияткерлік меншік объектілердің жиындық көлемі бойынша және қайнар көздерінің жүйесі бойынша қарастырып отырған азаматтық құқық саласы өзара тәуелсіз төрт институтқа бөлінеді. Өзара ұқсас ерекшеліқтеріне қарамастан, әрбір институттың құқықтық нормаларда көрініс тапқан өзіне тиесілі белгілері бар.
Ең алдымен Авторлық құқық пен сабақтас құқық ерекшеленеді. Бұл құқықпен ғылым, әдебиет пен өнер, фонограмма, қойылым, эфирлік хабарларды (сабақтас құқық) шығару және қолданумен байланысты қатынастар реттеледі. Кейінне авторлық құқық деп аталатын екі құқықтық институттың бірігуі сабақтас құқықтың пайда болуы мен қамсыздандырылуында автордың шығармашылық құқықтарына бағыныштылығымен сипатталады, сонымен қатар жоғары аталған құқықтарға байланысты қатынастар бір заңмен реттеледі.
«Зияткерлік меншік құқығы» саласына кіретін тағы бір институты болып патенттік құқық табылады. Ол шығармаларды және маңызды өндірістік үлгілерді қалыптастыру мен қолдануда пайда болатын мүліктік және олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Қазақстанда тауар-ақша қатынастарының дамуына байланысты нарықтық экономиканы дамыту барысында оның элементтері болып табылатын фирмалардың атаулары, тауар белгілері, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары сияқты өндірістік меншік объектілері аса маңызды элементтері болып табылады.
Тауар иеленушілері үшін шаруашылықтың теңдігін орнату, олардың әрекеттеріне бәсекелік бастау мен оның нәтижелері үшін жауапкершілікті көбейтуді енгізу, тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін нарықты тауармен және қызметпен қамсыздандыру құқықтық тетіктегі (механизм) кәсіпорын мен ұйымдардың, сондай-ақ олар өндіретін тауар мен қызметтің лайықты дербестігін қамтамасыз етудегі объективтік қажеттілікті ескертеді. Мұндай құқықтық тетік (механизм) азаматтық құқықтың сала ішіндегі саласы, нақтырақ айтатын болсақ, азаматтық айналымдағы қатысушылар мен олармен өндірілетін өнімнің (жұмыс, қызмет) дербестік құрал институты болып табылады. Бұл құқықтық институт патенттік құқық сияқты өндірістік меншікпен, яғни өндіріс сферасындағы жүзеге асырылатын ерекше құқықтармен, сауда айналымы, қызмет көрсету т. б. байланысты. Қарастырып отырған Зияткерлік меншік институтының негізгі функциясы өндірушелердің және олардың тауарлар, жұмыс пен қызметтің тиісті дербестігін қамтамасыз ету болып табылады.
Ғылым, әдебиет пен өнердің өнімі болып табылатын шығармалар, сонымен бірге өндірістік үлгі мен модельдер шығармалары шығармашылық әрекетінің нәтижелерінің әртүрлілік қабілеттерін таусылтпайды. Солармен қатар адамдардың шығармашылық қабілеті нәтижесінде пайда болатын басқа да объектілер бар, олардың қоғам үшін аса зор маңызы бар, және де оларды қоғамның тануы мен құқықтық қорғауда мұқтаж болады. Авторлық құқық пен патенттік құқықпен қорғалатын қарапайым объектілер, сонымен қатар азаматтық айналым қатысушылардың дербестік құрал институтымен қатар, қазақстандық азаматтық құқық селикциондық жетістіктердің, интегралды микросхемалардың топологияларының, коммерциялық құпия ақпараттарының және зияткерлік әрекеттің басқа да нәтижелерінің қорғауын қамтамасыз етеді. Аталған зияткерлік әрекеттің нәтижелерінің дәстүрлі зияткерлік меншік объектілерінен айырмашылығына сүйене отырып, оларды біртұтас құқықтық институтына, яғни зияткерлік меншіктің дәстүрлі емес объектілерді қорғау институтына жатқызуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz