ЖАПЫРАҚТЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ


Тақырыбы: «Жапырақ анатомиясы».
Мақсаты: . Жапырақ анатомиясын оқу.
Дәріс жоспары:
- Жапырақ плпстинкасының анатомиясы.
- Жапырақтың қорғаныстық бейімделуі.
- Жапырақ тақтасының өткізгіш-талшық шоқтары.
- Мезофилл дегеніміз не.
Дәріс тезистері
ЖАПЫРАҚТЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ.
Жапырақтың негізғі атқаратын кызметіне фотосинтез , судың булануын, газдың алмасуын реттеуі жатады. Жапырақ тақтасы эпидермадан, мезофиллден, өкізгіш шоктарынан (жүйкелерден) тұрады.
Буктың жапырағының үстінгі эпидермисінің клеткаларының кутикуласы астынғы эпидермасының клеткаларының кутикуласына қарағанда біршама қалың болып келеді. Үстінгі эпидерма мен астынғы эпидерманың арасында ассимиляциялық паренхималардан тұратын мезофилл жатады. Оның жоғарғы эпидермаға жақын орналасқан клеткаларының формасы ұзынша созылған, тыгыз орналасқан және клетка аралық қустары болмайды. Бұл бұл бағаналы паренхима. Онда негізінен фотосинтез процесі жүреді. Астынғы эпидермаға жақын жерде клетка аралық кустары үлкен, біршама дегелектеу болып келген клеткалар-борпылдақ клеткалар орналасады. Оның негізгі атқаратын қызметі - газдың алмасуын және судық булануып реттеу болып табылады. Мезофилде бір-бірінен белгілі бір қашықтықта өткізгіш шоқтары орналасады. Негізгі жүйке үстінгі эпидермистен астынғы эпидермиске дейінгі жапырақтың қалыңдығының барлығын түгелдей дәрлік алып жатады. Ксилема жапырақтың үстінгі бетіне қарай, ал флоэма астынғы бетіне қарай бағытталған. Яғни бүл жабық коллатеральды шоқ. Ол склеренхимамен қапталған. Шоқтың жоғарғы және төменгі жағында эпидермаға жанасып колленхима жатады. Жүйкенің жармақталуының қатары жоғарылаған сайын, шоқтан біртіндеп оның флоэмалық бөлігі жойылады да, қарапайым формаға келеді. Сонымен буктың жапырағының дорлальды және вентральды жақтары әртүрлі қызмет атқарады және соған байланысты құрылыстары да әртүрлі қызмет атқарады және соған байланысты құрылыстары да әртүрлі болады. Мұндай жапырақтар дорсовентральды деп аталады. Олар өсімдіктердің көпшілігіне тән.
Жүгеренің жапырағының үстінгі эпидермисінің клеткаларында екі түрлі қарапайым түктер болады қысқа біз тәрізді және үзын жіп тәрізді.
Жапырақтың үстінен көтеріліп эпидермисінің клеткаларында екі түрлі эпидермисінің түп жағының клеткалары біршама үлкен болады. Эпидерманың сыртын кутикула жауып тұрады. Үстінгі және астынғы эпидермаларының екеуінде де устьица аппараттары болады. Өткізгіш шоқтары жабық коллатеральды, ксилемасы жапырақтың үстінгі жағына, ал флоэмасы астынғы жағына қарай бағытталған болады. Шоқтары үлкен де кіші де болады. Әрбір шоқ дөнгелек, қабықшалары жұқа болып келетін, хлоропластары жоқ клеткаларымен қоршалып тұрады. Осы клеткаларда фотосинтез процесінің өнімдері жиналады. Мезофилл ұсақ шоқтардың айналасын қоршай орналасқан, азды-көпті біртектес клеткалардан тұрады. Жапырақ тақтасының ортанғы жұқа бөлігінде мезофилл оның тек төменгі жағында ғана болады, ал қалған кеністігінің барлығы хлорофиллі болмайтын үлкен клеткалармен толтырылған. Жапырақтың осы бөлігінде, эпидермистің астында, склеренхиманың сүректенген сілімдері орналасады. Олар жапырақ-тақтасының қалған бөліктерінде, склеренхиманың субэпидермалық сілімдері (тяжи), үлкен өткізгіш шоқтарының екі жағынан бірдей жанасып қоршап тұрады. Сонымен жүгерінің жапырағының екі жағыдва бірдей қызмет атқарады және құрылыстары да бірдей болады. Бұл изолатеральды жапырақ. Құрылысы мұндай болып келу, біршама вертикальды бағытта орналасқан жапырақтарға тән.
Қылқан жапырақты өсімдіктердің қылқан деп аталынатын жапырағының құрылысы ерекше болады. Қарағайдың қылқанының қорғаныс қызметін атқаратын жабыны мынадай екі қабаттан тұрады-эпидермадан және гиподермадан. Эпидерма кутикуланың қалың қабатымен жабылған болады. Көлденен кесіндісінде, оның клеткаларының формасы квадрат типтес, қабықшалары қалын болып келеді. Жапырақтың екі бетінде де, гиподерманың денгейіндегі ойыстау жерлерде устьица аппаратары орналасады, олардың астында үлкен ауа қуыстары болады. Ескі жапырақтарының эпидермисінің клеткаларының қабықшалары сүректенеді. Гиподерма бір қатар, бұрыштарында 2-3 қатар, қабықшалары аздап, қалынданып сүректелген клеткалардан тұрады. Олрда бойына суда жинау және арқаулық қызметте атқарады. Гиподерманың астында мезофилл орналасады. Ол қабықшалары кейбір жерлерде клетка қуысының ішіне өтіп, қатпарлар түзетін (қаппарлы паренхима) клеткалардан тұрады. Бұл цитоплазманың хлоропластары бар, клетка қабықшасына жақын орналасқан қабатының көлемін біршама ұлғайтады. Яғни клетканың фотосинтез процесі жүретін бөлегінің де көлемі ұлғаяды деген сөз. Шайырдағы жолдары қатпарлы паренхиманың әр жерінде өтіп жатады. Жапырақтың қатпарлы паренхимадан, эндодерма арқылы бөлініп тұратын, ортанғы бөлігінде, коллатеральді типті екі өткізгіш шоғы орналасады. Олардың ксилемалық бөлігі қылқанның жапырақ жағына, ал флоэмалық бөлігі дөңес жағына қарай бағытталған болады. Яғни, морфологиялық тұрғыдан қарағанда қылқанның жалпақ жағы оның үстінгі беті, ал дөнес жағы астынғы беті болып орналасады. Жапырақтың ортанғы бөлігінің қалған кеністігін паренхималық клеткалар толтырып тұрады.
Әдебиет:
Негізгі
1. Әметов Ә. Ботаника. -Алматы -2003 ж. -511 б.
2. Яковлев Г. П., Челомбитько В. А., «Ботаника», //Санкт-Петербург, 3003-647 с.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz