Аласа таулы аймақ ландшафтысы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Аласа таулы аймақ ландшафтысы

Географиялык ландшафт - құрамындағы табиғат құраушылары (жер бедері, климат, су, топырақ, өсімдік бірлестіктері мен жануарлар) мен морфологиялық бөліктері (фация, қоныс, жергілікті жер) өзара үйлескен, өзіндік құрылымы бар, географиялық қабықтың салыстырмалы түрдегі біртектес бөлігі. “Ландшафт” (нем. land - жер, schaft - өзара байланысты білдіретін жұрнақ) терминін орыс ғалымы Л. С. Берг енгізген. Географиялык ландшафтқа тән негізгі көрсеткіштер қатарына аумақтың біркелкі сипаты, құраушыларының біртекті ұштасуы, құрылымының кешенді сипаты мен біртұтастығы, тұрақтылығы, зат және энергия алмасуының біртектестігі жатады. Географиялык ландшафт терминінің “тарихи қалыптасып, біртұтастығын сақтай отырып, ұдайы дамитын табиғат кешені” немесе “табиғи геожүйе” деген де анықтамасы бар. Ландшафтар типке, тип тармағына және түрге жіктеледі. Ландшафтарды жіктеуде жылу және ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайлары, геоботан. белгілері ескеріледі. Жер шарындағыбарлық ландшафтардың жиынтығын ландшафтық сфера деп атайды. Ландшафтық түсірімдер нәтижесінде әр түрлі масштабтағы ландшафтық карталар жасалынады. Қазіргі кезде Географиялық ландшафттардың матем. моделі жасалынып, олар жайлы мәліметтер компьютерлік өңдеуден өткізіледі. Адам әрекетінен өзгерген ландшафт антропогендік (жасанды) ландшафт деп аталады.

Географиялық ландшафт - геожүйе түрлерінің бірі. Барлық негізгі құрамбөліктері: бедер, климат, су, топырақ, өсімдіктер менжануарлар дүниесі өзара күрделі әрекетте және өзара шарттылықта болып, біртұтас үздіксіз жүйе құрайтын табиғи географиялық кешен. Ландшафттануда географиялық ландшафтының бірнеше топтық анықтамалары қалыптасты. Қоғамдық іс-әрекетте географиялық ландшафтының жүйенің ресурс өндіруші, орта құрушы және генетикалық қорды сақтаушы жүйе ретінде жәнетабиғи ресурстарды жайғасты пайдалану мен қоршаған органы қорғаудың ең басты нысандарының бірі ретінде көрінеді.

Қазақстанның аласа таулы аймақтарындағы жеке дара тау массивтері мен Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тау жүйелерінің 1900-2100 м-ге дейінгі бөктерлері енетін аймақ бедері. Бұл аймаққа Маңғыстау таулары, Мұғалжар тауы, Ұлытау, Көкшетау қыраты, Қарқаралы, Қызылтас, Баянауыл, Ерейментау, Шыңғыстау, Қаратау, Шу, Іле таулары, Қалба жотасы жатады. Олардың Маңғыстау тауларынан басқасы палеозой кезіндегі каледондық және герциндік қатпарлану кезеңінде түзілген. Бұл таулардың жер бедері аса куаң келеді. Олар денудациялық жолдармен түзілген шоқылы-белесті аласа таулармен текшеленген беткейлер мен тау бөктеріндегі еңісті жазықтардың тізбегінен тұрады. Климаттық және гидрогеолог. жағдайының әртүрлі болуына орай, қалыптасқан топырақ жамылғысы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі де әртүрлі болып келеді. Бұл аймақта шөл, шөлейт, дала, орманды дала және орман ландшафтылары тараған. Аласа таулы шөл ландшафтысы Маңғыстау тауларында, сонымен қатар Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тауларының 500-700 м-ге дейінгі бөктерлік жоталарында, тау етегі мен жотааралық ішкі жазықтарында тараған. Бұл жерлерде табиғи ландшафттар өте құрғақ континентті климат жағдайында қалыптасқан. Қысы қара суық, қатты, бірақ қарсыз болып келеді. Көктемі жылы, қысқа, тез өте шығады. Бұл кезеңде эфемерлер мен эфемероидтердің ғана көктеп, өсіп жетілуіне болады. Жазы ыстық, құрғақ және ұзаққа созылады. Жаз бойына өсімдіктері қурап қалады, көптеген жануарлары биол. самарқаулық күй кешеді. Негізгі маусымы - күз. Ол жылы, ылғалды болып келеді, өсімдіктердің күздік вегетациясы өтеді, жануарлары қысқа коң жинап күйленеді. Көктем мен күз кезінде кейде арктик. ауа массасының осы аймаққа жетуіне байланысты жиі-жиі үсік жүреді. Таудан басталатын Талас, Шу, Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі сияқты өзендер шөл белдеміндегі суармалы егістіктердің ауқымын кеңітіп, қолтума шұратты ландшафт түзейді. Басым тараған топырақ жыныстарының литологиялық құрамына қарай топырағы саз-балшықты (сорлар мен тақырлар), саздақты (сұр қоңыр және сұр топырақты жерлер) және тасты шөл (гаммада) болып бөлінеді. Аласа таулардағы көлдер маңында, өзен аңғарларында, ыза сулы жерлерінде гидроморфты сипаттағы интразональды ландшафт тараған. Оларға: дәнді дақылдар мен жусанды, шилі, ажырықты шалғын өсетін топырақты-саздақты аллювийлі жазықтар; қамысты қопа; әртүрлі шөптесіндер мен дәнді-дақылды шалғындар, тоғайлы-аллювийлі шөгінділерден түзілген саздақты өзен жайылмалары; өзен бойындағы шұраттар мен тартпа сорлар және тақырлар жатады.

Аласа таулы шөлейт ландшафты

Аласа таулы шөлейт ландшафтысы Алтай, Сауыр, Тарбағатай тауларындағы 500-600 м-ден 900-1100 м-ге, Жетісу Алатауындағы 600-700 м-ге, Солт. Тянь-Шаньдағы 800 м-ден 1500 м-ге дейінгі жоталар мен тау беткейлерінде орналасқан. Жеке дара тау массивтерінен бұл аймаққа Қызылтау, Қызылтас және Шыңғыстау таулары жатады. Жер бедері негізінен ұсақ шоқылы, белесті жазық болып келеді де, ірі тау сілемдерінің етегі ысырынды конустар тізбектерінен түзілген еңісті жазықтардан тұрады. Оларға айналасындағы шөлдермен салыстырғанда жылына 50-100 мм жауын-шашын артық түседі. Ауаның орташа темп-расы шілдеде 2-30С-ға кемиді. Мұнда өзен торы сирек, көл сулары аз. Жер асты сулары жарықшақтар арқылы жиналған. Ашық сарғылт топырағында сораңды, жусанды, дәнді-дақылды шөптер, қараған, тобылғы т. б. өсімдік өседі. Жануарлар дүниесі кедейленген, ежелгі қарақұйрық, құлан сияқты түяқтылар жер ауып кеткен. Сарыарқалық шөлейтте ақ бөкен ғана сақталған. Ландшафт кешендерінің құрамына таулардан басталатын кішігірім өзен аңғарлары да кіреді, бұлар тоғайлы, шалғынды болып келеді. Сондықтан бұл өңірлерде халық жиі қоныстаған, жарамды жерлері түгелдей егістік үшін пайдаланылады. Көкөніс, тех. дақылдар егіледі, жеміс бақтары мен жүзім отырғызылған.

Аласа таулы дала және орманды дала ландшафты

Аласа таулы дала және орманды дала ландшафтысы Мұғалжар, Ерейментау массивтері мен Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тауларының 1600-1800 м-лік биіктігіне дейін тараған. Ал ол Қаратау, Шу, Іле, Қалба жоталарында 1200-2100 м-ге дейін көтерілген. Бұл өңір ұсақ шоқылы тегістелген тау жоталарынан және текшеленген тау бөктерлерінен тұрады. Тау бастары жартасты немесе қорым тасты келеді, бөктерлері малта тастан түзілген, беткі қабатын борпылдақты (лесті) немесе саздақты жамылғылар жапқан. Орташа жылдық жауын-шашыны 500-600 мм-дей. Жергілікті мәні бар өзен-жылғалар, бастау сулары баршылық. Топырағы құнарлы, қара қошқыл, сарғылт және қара топырақты. Өсімдігі дәнді дақылдардан, сондай-ақ қараған, тобылғы, ырғай, итмұрын сияқты бұталардан құралған. Тау шатқалдарында шоқ тоғай-орман өскен. Оларда борсық, қасқыр, түлкі, үкі, ителгі, бөктергі, құладын т. б. мекендейді. Сай-саладағы тоғайлы алқаптарында тал, терек, қайың және жеміс ағаштары аралас өскен субдоминантты ландшафт кездеседі. Олардың беткей эрозиясын бекітудегі, ылғал жинаудағы рөлі орасан зор. Жалпы осы өңірдің ландшафтысы егіс үшін кеңінен пайдаланылуына байланысты қатты өзгерген.

Аласа таулы орман ландшафтысы

Аласа таулы орман ландшафтысы негізінен Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы тауларындағы гранитті беткейлер мен күлгін топырақты тұщы көлдер маңындағы саздақты жазықтарда қалыптасқан. Көбінесе көктерек, қайың, қарағай өседі. Олардың арасында бұлғын, шошқа, суыр тіршілік етеді. Айналасы дала ландшафттармен қоршалғандықтан қасқыр, түлкі мекендейді. Тас мүсіндер, орман шоқтары, тұщы көл тізбектері бір-бірімен әсем үйлесім тауып, табиғи ландшафтысына ерекше көрік береді. Сондықтан бұл жерлерге маңызды туристік және саялы демалыс орындары орналасқан.

Өсімдіктер мен хайуанаттар әлемі

Қазақстан Республикасының биологиялық ландшафты сан алуан және керемет бай. Онда солтүстіктегі шөл даладан тау беткейіндегі көкорай шалғындар мен мәңгілік қарларға дейінгі табиғи белдеулердің бәрін де табуға болады. Өсімдік қорында 6 мыңнан астам өсімдік түрлері бар. Республика көлемінде 5 754 түрлі жоғары өсімдіктер өседі. Қазақстан өсімдіктер әлеміне жоғары деңгейлі - 14 %-ға дейінгі эндемизм тән. Батыс Тянь-Шань мен Қаратау тауларының өсімдіктері барынша мол ерекшеліктерімен көзге түседі. Қазақстанның хайуанаттар әлемі де сан алуан. Оның аумағында омыртқалы жануарлардың 853 түрі (сүтқоректілер - 178, бауырымен жорғалаушылар - 49, қосмекенділер - 12, балықтар мен дөңгелек ауздылар - 102 ) мекендейді. Омыртқасыздар фаунасы сан алуан, мұнда олардың ең кемі 50 мыңдай түрі бар, соның ішінде 30 мыңдайы ұсақ насекомдар. Кең далада құландар мен жайрандар үйірі жайылып жүреді. Оның қарлы тау шыңдарында барыстар тіршілік етеді. Тау үңгірлерінен көк құс - үнді шымшығының үні естіледі. Қазақстанды құстар, суырлар, Үстірттің жабайы қойлары, Түркістан сілеусіндері, Тянь-Шанның қоңыр аюлары, қоқиқаздар мен аққулар мекендейді. Олардың бәрі де керемет және жойылып бара жатқан жануарлар. Республиканың Қызыл кітабына омыртқалы жануарлардың 125 түрі, омыртқасыз жануарлардың 96 түрі және өсімдіктердің 303 түрі енгізілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЛАНДШАФТ ҒЫЛЫМЫНА ШОЛУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТ КАРТАСЫ
Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастыруы
Қазақстанның табиғаты
Қазақстанның қорықтары мен бақтары туралы
Жер беті ландшафттарының типтері. Тропикалық және экваторлық ландшафт типтері
Жамбыл облысының топырағы әралуан
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Гоби шөлінің климаты
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекрациялық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz