Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультетінің қалыптасуы, ғылыми-зерттеу қызметі және отандық тарихты дамытудағы рөлі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Мажитов С. Ф.

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология

Институтының директоры, т. ғ. д., профессор

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдарының Отандық тарихты дамытудағы рөлі

Қазақстанның ең алғашқы жоғарғы оқу орны 1934 жылы ашылған Абай атындағы педагогикалық институты бүгінгі күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет дәрежесіне жетіп, 75 жылдық мерейтойын тойлап отыр. Аталған жоғарғы оқу орнында сан мыңдаған түлектер жан-жақты білім алып, еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет атқарып жүр. Университетте шәкірттерін әр түрлі мамандыққа баулып, білім нәрімен сусындатып жүрген белгілі ғалымдар мен ұстаздар қызмет істейді. Солардың қатарында Қазақстанның болашағына, өркениетті ел болып дамуына қажетті педагог-кадрлар дайындау ісімен ғана айналысып қоймай, Отандық тарихтың қыр-сырына үңіліп, кешенді зерттеулер жүргізген тарихшы-ғалымдардың еңбектері бүгінгі күні республикаға және шетелдерге танымал болып отыр. .

Қазақстандағы ең алғашқы жоғарғы оқу орнындағы тарих факультеті алғашқы кезеңде (1934 ж. ) тарих-экономика факультетінің, кейіннен тарих-филология (1968 ж. ) факультетінің негізінде құрылып, еліміздегі орта мектептерге маман ұстаздар даярлау ісіне қажетті жағдайлар туғызылды. Факультеттің ең алғашқы деканы Е. В. Федоров (1836-1838 жж. ) педагогикалық институтқа басшылық етумен қатар тарих ғылымы саласында Бөкей ордасындағы көтеріліс тарихына, Қазақстандағы 1905-1907 жж. революция мен патша үкіметінің отарлау саясатының жүргізілу барысына арнап бірнеше іргелі зерттеу еңбектерін жазды. Факультетте ұзақ жылдар бойы ғалым-тарихшы, қазақ халқының қалыптасуы тарихын зерттеуші, шешендік өнердің шебері Х. М. Әділгереев дәріс оқыды, кейіннен ол институт ректоры қызметін атқарып, өзінің ғылыми еңбектерімен, дәріс оқу шеберлігімен студенттер мен әріптестері арасында зор беделге ие болды. Ұстаз-тарихшының еңбегі институт ұжымы тарапынан бағаланып, оның атына тарих факультетінде аудитория ашылды, ғалымның қоғамдық-саяси, ғылыми мұраларын насихаттайтын бұрыш жасалып, еңбектері қойылды. Соғыс жылдарында факультет студенттеріне белгілі ғалымдар түркітанушы А. А. Соколов, этнограф В. Н. Кун, атақты академиктер А. М. Панкратова, Е. В. Тарле дәріс оқыды. Ал соғыстан кейінгі жылдары тарих факультетінде ьелгілі педагог-әдіскер А. П. Чижов, белгілі тарихшылар - А. Н. Коваленко, А. И. Кузнецов (1947-1969 жж. КСРО тарихы кафедрасының меңгерушісі), , И. И. Копылов, Б. П. Гуревич, В. Лызлов, С. К. Бакшылов (жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі, жоғары мектептің еңбек сіңірген қызметкері), А. А. Ахметжанов, О. С. Сексенбаев, Т. Ж. Шойынбаев жемісті еңбек етіп, мыңдаған шәкірттер тәрбиеледі. .

Қазақстанда кәсіби тарихнама ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Қазақ педагогикалық институтының тұңғыш тарих профессоры, ұлттық тарих бойынша «История Казахстана (с древнейших времен (1935) » атты алғашқы жинақталған еңбектің авторы, ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысқа белсенді түрде атсалысып, отан тарихында азаттық қозғалыс тақырыбын объективті де терең зерттеу ісіне зор үлес қосқан ғалым - Санжар Жапарұлы Асфендияров та осы институтта еңбек етіп, ХХ ғ. басындағы өзекті мәселелер жөнінде дәріс оқыды. Оның тарих ғылымы саласындағы еңбегі Қазақстан тарихнамасында ерекше орын алады.

Белгілі тарихшы-ғалым, академик, Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-президенті, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметін атқарған, Қазақстанның тарих ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан, биылғы жылы 100-жылдық мерейтойы аталып өтетін Ақай Нүсіпбекұлы Нүсіпбеков аталған институттың тарих факультетінің түлегі екенін мақтанышпен айта аламыз. А. Н. Нүсіпбеков 200-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектердің, олардың қатарында бірнеше іргелі монографиялардың авторы. Олардың басым көпшілігі Қазақстандағы ХУШ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихына, ХХ ғасырдағы ұлттық мемлекеттік құрылыс мәселелеріне, Қазақстанда жұмысшы табының қалыптасып-даму ерекшеліктеріне, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ерліктеріне арналған. Аталған университет түлектерінің ішінен Қазақстан тарихын зерттеуге елеулі үлес қосып жүрген тарихшы-ғалымдар баршылық. Олардың ішінен қазірде елге танымал генерал-майор А. Тұмарбековты, т. ғ. д., профессор Х. Табылдиевты, Т. Омарбековты, Ж. Әбілхожинді, Қ. Атабаевты, Ә. Галиевті, Т. Толебаевты тарих факультеті мақтан тұтады.

1963-1971 жылдар аралығында тарих факультетіне басшылық жасаған тарих ғылымдарының докторы, профессор Н. К. Киікбаев тарихшы-кадрлар дайындау жүйесіне елеулі өзгерістер енгізді. Ол кісінің тікелей араласуымен біріккен тарих-филология факультетінен бөлініп шығып, 1968 жылы өз алдына жеке тарих факультеті болды. Н. Киікбаевтың ісін Ж. А. Амантаев, Г. М. Лызлов, В. В. Усачев, Ө. А. Өмірзақов, К. Шүленбаев, Ш. Әділханов, Н. С. Байғабылов, Д. О. Құсайынов, Р. Б. Әбсаттаров жалғастырды. 2002 жылдан бастап факультетті белгілі ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор С. Борбасов басқарды. Университет ректоры Т. С. Садықовтың бастамасымен 1992 жылы факультет жанынан «Шығыстану» және «мұрағаттану» мамандықтары ашылып, тарих ғылымдарының докторы Х. М. Әбжанов басқарған тарихнама және деректану кафедрасының құрылуына мүмкіншілік туды. 1997 жылы Евразия халықтарының тарихы кафедрасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор И. И. Юсупов басқарған шығыстану кафедрасы болып қайта құрылды.

Қазақстан тарихы кафедрасының жетістіктеріне көрнекті тарихшылар Т. Ж. Шойынбаевтың, О. С. Сексенбаевтың, Н. К. Киікбаевтың, Ж. Ш. Жұма-бековтың ғылыми еңбектері үлкен үлес қосты. Олардың ғылыми зерттеулерінің тақырыптары мен бағыттары сан-салалы болды.

1930 жылы Қазан қаласында кандидаттық диссертациясын қорғаған Х. М. Әділгереевтің, 50-70 жылдары кафедрада қызмет істеген ғалымдар Т. А. Көшкінбаеваның, Ж. Н. Күшіковтың, В. С. Садықовтың, Г. Т. Несіпбае-ваның, Б. З. Загитов, К. А. Аманжолова, Ж. Карагусованың еңбектері Қазақстанның тарих ғылымының аясын кеңейтіп, байыта түсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарихы мен академиялық әлеуеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің имиджі: қалыптасуы, дамуы және халықаралық беделі
Академик М. Қозыбаевтың ғылыми-зерттеу қызметі мен Қазақстан тарих ғылымындағы рөлі
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің тарихы, құрылымы және оқу-ғылыми қызметі
Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің тарихы мен академиялық құрылымы
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 70 жылдық тарихы және инженерлік білімдегі рөлі
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі және қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы, жетістіктері және болашақ міндеттері
Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультетінің Қарқаралыдағы далалық тәжірибесі: ландшафт, фауна және практикалық зерттеу әдістері
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің рейтингі мен инновациялық білім беру қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz