Дүниені танып-білудің мәні


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І Кіріспе

1) Дүниені танып-білудің мәні.

ІІ Негізгі бөлім

1) Таным процесінің диалектикасы.

2) Ақиқат теориясы

3) Ғылыми танымның әдістері мен түрлері.

ІІІ Қорытынды

Ақыл-парасат, сана-сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі-өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым-қатынасын белгілейді. Осы негізде өзі белсенді іс-әрекетке араласады, мүдделерін, сұранымдарын қанағаттандырады. Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда танып-білуге болатындығын мойындайды. Бұл ретте, мысалы Р. Декарттың, Г. Лейбництің, Г. Гегельдің жүйелі ой-пікірлерін атап өтуге бболады.

Диалектикалық материализмнің таным теориясының метафизикалық материализмнің таным теориясынан ең басты екі айырмашылығы бар: ол, біріншіден, таным теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі, екіншіден, таным теориясына диалектиканың қолданылуы.

Сөйтіп, материализм шынайы болмысты, нақтылы дүниені танып-білуі туралы мәселе қоса, идеалистер түрлі заттар мен құбылыстарды өз өрнегі мен бейнесін тауып отырған мінсіз құбылыстады, яғни адам санасының түрлі өнімдерін танып-білуі туралы айтады. Идеализм бейнелеу принципін жоққа шағарады да, бейнелеу принципін мойындауды талап етеді. Философияда қалыптасқан мұндай позиция агностицизм деп аталады. Оның философия тарихында ең көрнекті өкілдері Д. Юм мен И: Кант болып табылады.

Юмның пікірінше, біздің білетініміз тек қана сезімдік қабылдау, ал ол қайдан және қайтіп пайда болады оны мен білмеймін және білгім келмейді. Мүмкін материалистер сеніп жүргендей, сезімдік қабылдаудың арғы жағында бізге белгісіз заттар тұрған шығар. Сөйтіп, Юм тек сезімдік қабылдаумен шектеледі де, одан тысқары шығу мүмкін емес деп есептейді. Оның пікірінше, ғылымның міндеті-түйсіктер мен сезімдерді ретке келтіріп жүйелеу, ал практикалық іс-әрекеттердің негізінде білім емес, наным мен әдет жатуға тиіс.

Кант заттардың құбылысын («біздік заттар») және шынайы заттардың өзін («өзіндік заттар») ажыратып қарайды. Біз шын дүниені сол күйінде танып білмейміз. Біздің біліміміз заттардың өзін емес, тек олардың құбылысын игеріп, біле алады. Объективті түрде өмір сүретін «өзіндік заттар» біздің сезім мүшелерімізгі әсер етеді, соның нәтижесінде реттелмеген бей-берекет түйсіктер пайда болады. Ақыл-ойды іске қосу барысында ол түйсіктер ретке келтіріліп, жүйеге түсіріледі.

Диалектика танымды практикалық қызмет барысында іске асатын күрделі процесс ретінде қарастыра отырып, оның механизмін де ашып көрсетіп берген болатын. Таным процесі нақты аңғарудан басталады да, абстрактілі ойлауға өтеді, одан практикаға барады. Танымнаң жолы осы. Енді осыны талдап көрелік. Нақты аңғару-белсенді сезімдік таным. Сезімдік таным дегеніміз сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып-білу. Сезім мүшелері болса біздің айналамыздағы дүние туралы мәліметтер санамызға келіп кіретін бірден-бір арна болып табылады. Сондықтан таным прцесінің қандай да болсын-материалистік заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын негізгі үш формада: түйсік, қабылдау және елестету арқылы жүзеге асырылады.

Түйсік негізгі екі топқа: 1) сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардвң қасиеттерін бейнелейтін түйсіктерге (көру, есту, дәм тері арқылы сезу түйсіктеріне) ;

2) дене мүшелері қозғалысын және ішкі мүшелердің жайын бейнелейтін түйсіктерге (тепе-теңдік, бұлшық ет, организм арқылы түйсіну) бөлінеді. Түйсіктер дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей ықпал жасайтын материалдық заттар мен құбылыстардың жеке сапаларының, қасиеттерінің, жақтарының мида бейнеленуі болып табылады.

Қабылдау жеке түйсіктердің жай ғана қосындысы емес, тұтас бейнесі болып табылады. Қабылдау дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы материалдық заттың тұтас бейнесі.

Сезімдік қабылдау әрқашанда нақты бейнелер болып келеді. Қабылдау жалпы алғанда жеке заттарды бейнелейді, мұнда олар тек сыртқы көріністері жағынан ғана көрінеді.

Елестету дегеніміз қазіргі сәтте сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейтін, бірақ бұрын олар белгілі бір формада қабылданған заттың сезімдік бейнесі.

Елестету де қабылдаулар сияқты нақты, көрнекті бейнелер. Бірақ олардың қабылдаулардан үш түрлі айырмашылығы бар.

  1. Елес қазіргі сәтте заттардың тікелей әсері тимей тұрған кезде санада қайтадан туатын бейнелер болғандықтан, қабылдауға қарағанда неғұрлым бұлдырлау келеді де, тиянақсыз болады.
  2. Елестерде көбінесе бұрын әр түрлі жағдайда сан рет қабылданған заттардың немесе тіпті көптеген ұқсас заттардың бейнелері қайтадан туатындықтан, олар қабылдаумен салыстырғанда неғұрлым жалпылама сипатта болады.
  3. Елестету заттың тікелей тигізетін әсері жоқ кезде, бұрынғы қабылдаудың мида сақталып қалған іздері негізінде туады да, бұлардың арасында толып жатқан уақытша жүйке байланыстары орнайды, сондықтан осылардың негізінде қабылдау бейнелерінің түрін өзгерту, оларды тіпті жаңадан көрнекі бейнелер етіп жасауға мүмкіндік туады. Мұндай процесс адамға тән елестету қабілетінің көрінісі болып табылады.

Танымның абстрактілі ойлау, ақыл-ой таразысы немесе логикалық түрлері арқылы аса маңыщды байланыстар мен заңдылықтарды ашу дүниені сезім арқылы бейнелеуге ойлау қызметін қосуды талап етеді. Ойлау қызметінің арқасында сыртқы және қабылданатын құбылыстарды сезім арқылы танып-білуден, ішкі, жалпы, тікелей қабылданылмайтын заңдылықтарды логикалық жолмен танып-білуге болады.

Ойлау-адам миының ең жоғарғы қызметі, сыртқы дүние заттарын, олардың маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын аралық, дерексіз және жалпылама түрде бейнелейтін қызмет.

Ұғым, пікір ой тұжырымы логикалық ойлаудың негізгі түрлері болып табылады. Олар арқылы зерттеліп отырған заттың мәнін ашамыз.

Ұғым дегеніміз логикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Бүкіл ойлау процесі ұғымдар туғызу, оларды жүйеге келтіру және пайдалану жолымен қалыптасады.

Ұғым заттар мен құбылыстарды олардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнелеу болып табылады. Ұғым шындықтың рационалды бейнесі, шоғырланған білімнің формасы.

Ұғым сияқты пікір заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен қатынастар бөлшектелген және кеңінен жинақталған түрде бейнеленеді. Пікір дегеніміз қандай да болсын бір зат жайында бір нәрсе мақұлданылатын немесе теріске шығарылатын ой.

Логикалық ойлаудың үшінші негізгі түрі-ой тұжырымы. Ой тұжырымы арқылы біз бастапқы білімнен логикалық жолмен жаңа білім аламыз. Пікірдің ұғымдары заңдылықпен байланыстыруға болады. Ой тұжырымы дегеніміз ойлаудың кейбір пікірлерден жаңа пікір туғызылатын жоғарғы түрі.

Эмпиризм мен рационализмге қарама-қарсы диалектикалық материализм таным прцесіндегі эмпирикалық және рационалдық деңгейлердің бірлігін негіздеп, тәжірибеде логикалық ойлаудың қатысуы көзделетінін көрсетеді. Эмпирикалық таным тек бір ғана сезімдік қабылдауға келіп тірелмеді. Объектілерді байқағанда және олармен эксперимент жасағанда зерттеушілер белгілі бір ойларды басшылыққа алады. Екінші жағынан, теориялық таным тек абстракцияларды пайдаланумен ғана шектелмейді. Ғылыми теориялар туғыза отырып, ғалымдар әрқашанда сайып келгенде, эмпириялық жолмен анықталған шындық фактілеріне сүйенеді, оларды индукциялық жолмен қорыта отырып, жаңа заңдылықтар ашады.

Таным теориясы адамзаттың философия тарихын, иәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының нәтижесі.

Ақиқат-танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зертттеліп отврған объектіге сәйкес келуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады.

Ақиқат дегеніміз не? Аристотель өзінің «Метафизикасында» ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнеленуі деп түсінді.

Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз біздің біліміміздің бізден тысқары тұрған объектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі. Ақиқатқа жету субъект пен объектарсындағы өзара байланыс негізінде жүрңп жататын әлеуметтік-тарихи процесс. Ақиқат объективті. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті. Себебі оның мазмұны бейнелеп отарған заттан тәуелді. Ал формасы жағынан субъективті, себебі ол білім есебінде біздің санамызда өмір сүреді. Сонымен ақиқатдегеніміз объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігі.

Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді-салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді-абсолюттік ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолютті ақиқат-әлеуметтік, тариха процесс ретіндегі объективті ақиқаттың көріністері.

1913 жылы атақты дат физигі Нильс Бор құрылысы мүлде жаңа физикалық теориясын ұсынды. Классикалық физика негізінде түсіндіруге болмайтын спектроскопия саласындағы орасан көп жаңа фактілер ғылыми жүйеге келтіріліп, жаңа түсінікке ие болды. Бұл жаңа және ескі физиканың бір-бірінен сапа жағынан иықты айырмашылығы бола тұрса да олардың арасында белгілі бір генетикалық байланыс та бар еді. Н. Бор осы байланыстың қандай түрде болатынын ашып көрсетті. Сапа жағынан әр түрлі екі физикалық теорияның арасындағы осы байланысты Н. Бор «сәйкестік принципі» деп атады.

Сонымен ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат-әлеуметтік прцесс; 2) объективті ақиқатты мойындау-абсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика-ақиқаттың жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану-қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.

Таным өте күрделі қайшылыққа толы, ұзаққа созылған прцесс болғандықтан, оны іске асыру барысында түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылатыны өзінен-өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшін таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әрекеттер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты-шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу.

Ғылыми танымның барлық әдістерін шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдеріне қолданылады; 2) жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласында падаланылғанмен, таным прцесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды ббір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады.

Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның Эипириялық және теориялық деңгейлерін ажыратқан әлбетте дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпириялық деңгейдің таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады.

Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.

Ғылыми танымнаң эмпириялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс-бақылау деп аталады. Оның мәні-зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным процесінің диалектикасы
Диалектика-таным теориясы
Жалпыұлттық мәні бар құндылықтарды меңгертудің негізгі бағыттары
Таным – шындықтың бейнеленуі
Философия пәні
Антикалық философия жайлы
Философияның негізгі бағыттары
Материализм
Антикалық философия. Милет мектебі
Ойлау және логика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz