Тіршілік туралы түсінік. Табиғаттағы өсімдіктердің маңызы


ТІРШІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ТАБИҒАТТАҒЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ
Жер планетасында тіршіліктің пайда болғанына 3 миллиард жылдан асты. Өсімдіктер өсіп-өнуіне қажетті су, жарық, жылу, ауа және минералды заттар жеткілікті болған жағдайда ғана өседі. Бірақ кейбір өсімдіктер тек күн сөулесі түсетін ашық жерде ғана, ал енді біреуі жарық аз түсетін көлеңкелі жерлерде де өсуге бейімделген. Біреуіне ылғал қажет болса, екінші біреуі құрғақ шөлді жерде де өсе береді, ондай өсімдіктердің тамыры тереңге
кетеді.
Жер шарына күн сәулесі бірдей тарамағандықтан жер бетіндегі табиғат біркелкі емес. Өсімдіктер кұрлықта және суда, тундра мен шөл далада, аңғарлар мен биік тауларда, тіпті мұзды Антарктика жағалауларында кездеседі. Олардың өсіп-өнуі үшін әр түрлі табиғи жағдайлар қалыптасқандықтан, жерде өсетін өсімдіктер де алуан түрлі болады.
Солтүстікте, тундрада жатаған өсімдіктер: аласа қайың, поляр талдары өседі. Қыста бұл ағаштар қарға көміледі, сөйтіп қақаған аяз бен күшті желден аман қалады.
Орманды алқапта өсімдіктер алуан түрлі - қалың өскен шөп, қылқанды және жапырақғы ағаштар өседі. Ал жыл бойы күн сәулесі көп түсетін, жылы әрі ылғалды Жерорта теңізі жағалауларында пальма, бамбук, мандарин, зәйтүн және басқа жылы жерлерде өсетін өсімдіктер өседі.
Сусыз жазы ыстық шөл далада өсімдіктер өте аз. Бұл өсімдіктер ылғал тапшылығы мен жоғары температураға төзімді келеді.
Өсімдіктер әлемі - тірі табиғаттың бір бөлігі. Адамзаттың да, жануарлар әлемінің де өмірі шынында осы өсімдіктер дүниесіне тығыз байланысты. Демек, бұлардың қай-қайсысы болса да өсімдіксіз өмір сүре алмайды. Әлемде көзге көрінетін өсімдіктер әр алуан.
Қазақстан қызғалдақтар отаны.
Ертедегі грек ғалымы Теофраст (б. э. д. III ғасырда) өсімдіктердің 500-дей түрін анықтап, оларды тұңғыш рет ғылыми түрде сипаттады.
XVIII ғасырда швед ғалымы Карл Линней өсімдіктердің көптеген түрлерін анықтап, ғылымға белгілі өсімдіктерді бір жүйеге салды. Алайда ол уақытта өсімдіктердің ғылымға 6 000 түрі ғана белгілі болды.
Микроскоп арқылы көрінетіндерін есептегенде қазіргі кезде өсімдіктердің ғылымға белгілі түрлері 500 000-дай. Өсімдіктер әлемі, әсіресе тропикалық, субтропикалық аймақтар мен мұхит суларында өмір сүретін өсімдіктер өте аз зерттелген. Бұған дәлел - ғалымдар өсімдіктердің ғылымға белгісіз көптеген жаңа түрлерін әлі зерттеуде. Өсімдіктердің өмір сүру ортасы әр түрлі. Олар суда да, ауада да, топырақта да, тіпті адам мен жануарлар денесінде де өмір сүреді. Төңірегің толған өсімдік. Қазақстанда кездесетін жоғары сатылы өсімдіктердің жалпы саны 5 000-нан асады. Мұның көпшілігі Қазақстанның таулы жерлерінде кездеседі. Аса бағалы каучук беретін тау сағызы өсімдігі 1930 жылдары Қаратаудан табылды. Бұл бүкіл дүние жүзі бойынша тек Қаратауда ғана кездеседі екен. Өсімдіктердің жер бетіне таралу жолдары да түрліше. Климаттық суық жерлерге қарағанда жылы тропикалық және субтропикалық жерлерде өсімдіктердің түрлері де көп. Мысалға: солтүстіктегі Гренландия аралында небәрі 390 түрлі өсімдік қана бар. Дүние жүзіндегі ең шөлейт жер Сахарада 300-дей түрлі өсімдік өседі. Бразилия - өсімдік түрлеріне дүние жүзіңдегі ең бай ел. Мәселен, тропикалық аймақ болғандықтан Бразилияда
40 000 түрлі өсімдік өседі. Индияда - 21 000, Қытайда 20 000, Африканың тропикалық аудандарында - 13 000 өсімдік түрі кездеседі.
Табиғатта өсетін өсімдіктердің адамдарға тигізетін пайдасы өте көп. Олардың біразын тамаққа пайдаланса, бір тобын әртүрлі шаруашылықта пайдаланады. Өсімдіктерден дәрі-дәрмек, бояулар алынады. Адам өміріне қажетті ауаны оттегімен байытып отырады. Жалпы адам өмірі үшін өсімдіктердің маңызы өте зор. Дүние жүзіндегі аса пайдалы өсімдіктерді қолдан өсіріп, елден елге таратқан да адамдар. Мәдени өсімдіктерді адам қолдан өсіреді. Егіс, бау-бақша, гүлзарлар, қолдан сепкен жайылымдар мен шабындықтар, отырғызылған ағаштар мен себілген көгалдар, жабық жылы жайларда өсірілетін өсімдіктер, үй өсімдіктері - осылардың бәрі мәдени өсімдіктерге жатады.
Әртүрлі мәдени өсімдіктерге өніп-өсу үшін белгілі бір жағдайлар қажет. Мысалы, бізге жылы елдерден әкелінген томаттар жаз жылы, күн шуақты болса, жақсы өседі. Бұл өсімдіктер болымсыз көктемгі салқынға төзе алмайды. Сондықтан томаттың тұқымын жылыжайларға, көктемелерге себеді. Тұқымнан өніп шығатын жас өсімдіктерді өскін (көшет) деп атайды. Көшеттерді суық беті қайтып, ауа райы тұрақты жылына бастағанда бауға, егістікке отырғызады.
Ғалымдар томаттың тез пісетін сорттарын шығарды. Мұндай томаттардың тұқымын тікелей егістікке себеді. Одан өніп шыққан өсімдіктер суыққа төзе алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz