Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайы


Аннотация
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайы. Онда Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық жағдайы мен Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының демографиялық жағдайы, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы мен ірі қалаларына және де Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы мен әлеуметтік құрылымына жалпы сипаттама берілген. Курстық жұмыс 30 беттен тұрады, 2 тарау, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының картасынан тұрады.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
І тарау Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік - экономикалық жағдайы
1. 1 Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының демографиялық жағдайы. . 7
1. 2 Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ірі қалалары . . . 8-12
1. 3 Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы . . . 13-18
ІІ тарау Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік - экономикалық жағдайы
- Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы . . . 19-20
- Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік құрылымы . . . 20-21
- Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені . . . 21-23
- Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік саласы . . . 23-26
Қорытынды . . . 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28
Қосымша . . . 29-30
КІРІСПЕ
Оңтүстік аудан ежелгі уақыттан бастап Қазақстан мен Орта Азияның тарихында ерекше орын алды. Ұлы Жібек жолы басып өткен өлке барлық жағынан гүлдену үстінде болды. Ежелгі қалалар (Отырар, Испиджаб, Түркістан, Шавгар, Сауран, Арыс және т. б) тек сауда ғана емес, ғылым мен мәдениет орталықтары да болды. Бұл ауданмен Әбу Насыр әл-Фараби мен Қожа Ахмет Йассауидің өмір жолдары тығыз байланысты.
Бұл экономикалық ауданға Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді. Аумағы - 712, 2 мың шаршы шақырым.
Оңтүстік Қазақстан - республиканың барынша дамыған экономикалық аудандарының бірі. Ауыл шаруашылығының мамандану бағыты бойынша ол көршілес жатқан Орта Азияға өте ұқсас. Бұл - Қазақстанның бағалы техникалық және дәнді дақылдары - мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, жүгері өсірілетін басты суармалы егіншілікті ауданы. Ол бақ, жүзім және қой өсіру жөнінен бірінші орын алады. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан - республиканың кен өндіру және өңдеу, ауыр өнеркәсіп салалары жақсы дамыған аса ірі өнеркәсіпті ауданы. Аудан жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнімдерін шығарудан да республикада бірінші орын алады.
Оңтүстік Қазақстан суармалы егіншілік дамыған аудан. Мұнда көкөніс, бақша дақылдарын, жүзім өсірумен айналысады. Оңтүстік «валюталық» дақыл-мақта өсіретін бірден - бір аудан, миллиондаған гектар жайылымдық жерлер мал шаруашылығының тамаша базасы болып табылады. Сонымен қатар бұл аудан әлемнің түрлі елдерінен келетін туристер назарын аударатын таңғажайып көркем жер.
Батысында Арал теңізінен бастап, шығысында Жоңғар қақпасына дейінгі және солтүстігінде Балқаш көлі мен Бетпақ дала шөлінен республиканың оңтүстігіндегі шекарасына дейінгі орасан зор аумақты Оңтүстік Қазақстан алып жатыр. Оңтүстік Қазақстанның аумағы батыстан шығысқа қарай шамамен 2000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай - шамамен 700 шақырымға созылады. Ол Батыс Қазақстаннан сәл кіші болғандықтан, аумағының көлемі жөнінен республикада екінші орын алады.
Осынау кең-байтақ аумақтағы кейбір аудандардың революцияға дейін өзара байланысы болмады. Мұндағы бірден-бір темір жол Орынбор - Ташкент магистралінің бір бөлігі ол кезде ауданның батысындағы халық сирек қоныстанған жерлермен өтіп, негізінен, транзиттік маңызы болды. Революциядан кейінгі жылдары жаңадан бірқатар темір жолдар мен автомобиль жолдарының салынуы нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы түбірімен өзгерді. Бұл көлік жолдары, ең алдымен, бүкіл Оңтүстік Қазақстанды біртұтас жүйеге біріктірсе, оның өзін Орта Азия республикаларымен, Батыс Сібірмен және Ресей Федерациясының еуропалық бөлігінің аудандарымен байланыстырды.
І тарау Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының
экономикалық жағдайы
1. 1 Оңтүстік Қазақстан экономикалық
ауданының демографиялық жағдайы
Оңтүстік Қазақстан халқының саны жөнінен республикада бірінші орын алады. Халқының жалпы саны - 6 млн. 363 мың адам. Мұнда Қазақстан халқының 38%-ынан астамы тұрады. Халқының орташа орналасу тығыздығы 1 шаршы шақырымға 9 адамнан келеді, бұл республика бойынша алғандағы орташа тығыздықтан едәуір жоғары және негізінен Тянь - Шань, Жоңғар Алатауы, Қаратау жотасы мен Сырдария өзені аңғарында шоғырланған. Ол жерлердегі халқының тығыздығы кейде 1 шаршы шақырымға 100 адамға дейін жетеді. Әсіресе, Алматы, Шымкент маңайы, Қаратал, Талас, Асы өзендері аңғарлары мен Сырдарияның төменгі ағысында халық жиі қоныстанған. Ол жерлердегі тұрғындардың тығыздығы 1 шаршы шақырымға 200 адамнан асады.
Алматы қаласының халқы 1 млн. 130 мың адамды құрайды. Шымкентте халық саны 393 мыңнан астам, Түркістан тұрғындары 78 мыңнан астам, Таразда 307 мыңнан астам, Талдықорғанда 119 мыңнан астам, Қызылорда қаласында 153 мыңнан астам.
Балқаш маңы, Мойынқұм, Бетпақдала, Арал маңындағы Қарақұм мен Қызылқұм шөл далаларында халық тым сирек қоныстанған - көбіне 2, тіпті 4 шаршы шақырымға 1 адамнан ғана келеді. Алайда көршілес жатқан Орта Азия , мұндағы халықтың орташа орналасу тығыздығы бірдей емес, өйткені әдетте 1 шаршы шақырымға бірнеше ондаған адамнан келетін халық жиі қоныстанған елді мекендер мұнда халық сирек қоныстанған немесе тіпті мүлде қоныстанбаған шөлді аумақпен кезектесіп келіп отырады.
Халықтың басым көпшілігі Тянь-Шаньның, Жоңғар Алатауының тау бөктерлеріне, Қаратау жоталарына және суармалы егіншілік күшті дамыған Сыр бойына шоғырланған. Бұған керісінше, тау бөктерлері мен ірі өзендердің аңғарларына қарама-қарсы, Балқаш бойының, Мойынқұмның, Бетпақ даланың, Арал маңындағы және Қызылқұмдағы шөлді аумақтарда биік таулы аудандардағы секілді, халық өте сирек қоныстанған.
Революциядан кейінгі жылдары Оңтүстік Қазақстандағы қала халқының үлес салмағы бес еседен астам өсті. Қала халқы, ең алдымен, Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда сияқты ірі қалаларда жоғары көрсеткіштерге жетсе, Текелі, Кентау, Қапшағай, Аралсульфат және басқа жаңа қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстарда да халық саны едәуір өсті.
Оңтүстік Қазақстанда ауылды жерде тұратұн халық басым (52%) . Алматы, Шымкент, Тараз, Ленгір, Кентау, Жаңатас, Қаратау сияқты жаңа қалалар, Аралсульфат, Кировск сияқты жаңа қала типті елді мекендер пайда болды.
- Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ірі қалалары
Оңтүстік Қазақстанда 65-тен астам қалалар мен қала үлгісіндегі елді мекендер бар. Республиканың басқа аудандарымен салыстырғанда мұнда кен байлықтарын игеруге байланысты немесе ауылшаруашылық шикізаттарын ұқсату орталықтары және электр энергиясын өндіретін орталықтар ретінде пайда болған жаңа қалалық елді мекендермен қатар, сауда және ұсақ қолөнер орталықтары ретінде ежелгі керуен жолдарында бой көтерген өте ескі қалалар да бар. Оларға Қазақстанның ежелгі қалалық елді мекендері болып есептелетін Тараз және Шымкент қалалары жатады. Оңтүстік Қазақстанның тау бөктерлеріндегі көптеген қалалық елді мекендерге тән нәрсе - олар, негізінен, тау өзендерінің таудан жазыққа шыққан жерлеріне орналасқан. Бұл жерлерде кейін халық жиі қоныстанып, көлемі әр түрлі суармалы егіншілік ошақтары, жеміс бақтары, бақшалар пайда болды.
Шымкент - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, республиканың ең ежелгі қалаларының бірі. Ол Өгем тау жотасының етегіндегі жазықта, Сайрам және Бадам өзендерінің аралығында, Арыстан Тараз бен Алматыға қарай темір жол өтетін тұсқа салынған.
Қазір Шымкенттің негізі қаланғанына 800 жылдай уақыт болды. Ол XII ғасырда-ақ Орта Азиядан Қытайға баратын думанды сауда жолының бойында пайда болған. XIX ғасырдың басында Шымкент Қоқан хандығының құрамында болды. 1864 жылы қала қоқандықтардан Ресей бодандығына өтті. Қазан революциясының қарсаңында Шымкент, негізінен, ұсақ қолөнершілер тұратын шағын қалашық еді. Қаладағы жартылай қолөнермен айналысатын өнеркәсіп орындарының ішінен ол кезде әлемдегі бірден-бір кәсіпорын сантонин зауытын ерекше атап айтуға болады.
Революциядан кейінгі жылдар ішінде Шымкент республиканың маңызды өнеркәсіп орталықтарының біріне және халқының саны жөнінен Қазақстанның Алматы мен Қарағандыдан кейінгі үшінші қаласына айналды. Қаратаудағы қорғасын кен орнының игерілуі, мақта егісінің үлғайтылуы және Түрксіб темір жолының салынуы Шымкентте өнеркәсіптің дамуына себепші болды. Түрксіб темір жолының салынуы нәтижесінде қала Орта Азиядан Сібірге және Мәскеуден Алматыға баратын жол торабына айналды.
Қаланың аса маңызды кәсіпорны - қорғасын зауыты соғыска дейін салынған. Химия-фармацевтика және ұста-жаныштау жабдықтары зауыттарының даңқы баршаға мәлім. Мақта тазартатын және май сығатын зауыттары, мақта-мата комбинаты. қаракөл, жеміс-консерві және басқа зауыттар ауылшаруашылық шикізаттарын ұқсатады. Қалада тоқыма, шұлық, тігін фабрикалары бар. Республикадағы аса ірі цемент зауыты жергілікті шикізатты пайдаланса, фосфор тұздары зауыты - Тараздан жеткізілетін шикізатты пайдаланып, жұмыс істейді. Таяуда мұңай өңдейтін зауыт салынды. Қазіргі Шымкент - маңызды мәдениет орталығы. Қалада республикадағы аса ірі жоғары оқу орындарының бірі - химия-технология және гуманитарлық университеттер, ондаған арнаулы орта оқу орындары және оннан астам кәсіптік-техникалық колледждер жұмыс істейді.
Түркістан - Қаратау жотасының батысында, тау етегіндегі құнарлы сұр топырақты жазыққа орналасқан. Қала Оңтүстік Қазақстандағы мақта өсіретін ежелгі аудандардың бірінің орталығына жайғасқан. Климатының құрғақ әрі ыстық болуы және Қаратаудан басталатын өзендердің суын жер суаруға пайдалану мұнда мақта шаруашылығын жүргізуге мүмкіндік береді. Бүл жердің өніп-өсу кезеңіндегі температурасының жиьнтығы 4300 градустан асады. Ертеде Хазрет, кейінірек - Йасы деп аталған Түркістан қаласының негізі қаланған уақыт белгісіз болғанымен, ол XV ғасырда-ақ Самарқан мен Бұхардан Хиуа мен Еділге, Солтүстік Қазақстан мен Сібірге баратын маңызды керуен жолындағы ірі қолөнер және сауда орталығы болған. 1897 жылы Түркістанда Шымкенттің халқындай 11, 3 мың адам тұрған. Қалада жүздеген сауда орындары, қырық шақты кәсіпорын, оның ішінде мақта тазартатын төрт жартылай майдагер зауыт, бірнеше шағын май айыратын, сабын қайнататын және бір тері зауыты болған. Түркістан сонымен қатар мал айдап өтетін және мал соятын ірі орталық болып есептелетін.
1906 жылы қаланың оңтүстік-батысында 5 шақырым жерден Орынбор - Ташкент темір жолы салынғаннан кейін Түркістанның маңызы күрт кемиді, бірақ Түркістан станциясының және кейінірек осында пайда болған Борисовка қонысының маңызы артады.
Қазіргі уақытта қалада мақта тазартатын және май зауыты, одан 30 шақырым жерде алебастр зауыты жұмыс істейді. Жөндеу-механика және малазықтық антибиотиктер зауыты - қаладағы жаңа кәсіпорындар. Қаланың ескі бөлігі мен жаңа бөлігі айқын байқалады. Қаланың жаңа бөлігі жақсы көгал-дандырылған, арықтарында сылдырап су ағады. Ежелгі ескерткіш ~ ақын әрі XI-XII ғасырларда ісләмді уағыздаушы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі - қаланың көрікті орындарының бірі. Бұл кесене Самарқан билеушісі Темірдің бұйрығымен XIV-XVI ғасырларда тұрғызылған. Түркістанның оңтүстігінде Ежелгі Отырар қаласының маңындағы Темір елді мекенінде 1405 жылы Қытайға жасаған жорығынан қайтып келе жатып Ақсақ Темір қайтыс болған.
1991 жылы ірі жоғары оқу орны ~ қазақ-түрік университетінің ашылуына орай Түркістанның тарихи-мәдени маңызы арта бастады.
Университет ғылымның көптеген салалары бойынша, мамандар даярлайды. Бұл оқу орнында Таяу және Орта Шығыс елдерінен келетін жастар да оқитындықтан, оның халықаралық мәртебесі жоғары.
Тараз - облыс орталығы, Талас өзенінің темір жолмен қиылысқан жеріндегі дөңеске, Талас-Асы жазиралы алқабының орталығына орналасқан.
Тараз - Қазақстанның ең ежелгі қалаларының бірі. Бұл "Ұлы Жібек жолындағы" ірі сауда орталығы болған. Кейін монғолдар шапқыншылығы кезінде құлдырап, XVIII ғарырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында ғана қайтадан бой көтерді. Мұнда қоқандықтар бекініс тұрғызды. Оның қасынан Орта Азия қалаларына тән қисық әрі тар көшелері, терезелері аулаға қаратылып, кілең сазбалшықтан салынған үйлері бар Әулиеата қаласы өсіп шықты. Ол ірі сауда және қолөнер орталығына айналды. Бұл жерден солтүстікте Астана мен Омбыға және оңтүстікте Ферғана мен Ташкентке баратын" керуен жолы басталған.
1864 жылы Әулиеата қоқандықтардан босатылды. Осыдан кейін қаланың ескі бөлігінің қасынан кірпіш үйлерден тұратын, ұзын әрі кең көшелері мен саябақтары бар жаңа қала пайда болды. Қала Ташкенттен Бішкек пен Верныйға баратын қатынас жолының үстінде болып шықты. Мұнда ауылшаруашылық шикізаттарын бастапқы ұқсататын шағын кәсіпорындар пайда болды.
Қазіргі Тараз - ірі өнеркәсіп орталығы және көлік жолдарының торабы. 30-жылдары Талас-Асы алқабында қант қызылшасы егісінің пайда болуы және соғыстан кейінгі жылдары Қаратаудағы жоғары сапалы фосфорит қорының игерілуі де қала өнеркәсібінің дамуына септігін тигізді. Мүнда тамақ, жеңіл және химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары құрылды, ол жөнінде Қаратау-Тараз аумақтық-өндірістік кешенін сипаттаған сәтте айтып өткенбіз. Тараз республиканың жақсы көгалдандырылған қалаларының бірі.
Талдықорған - XIX ғасырдың 70-жылдарында пайда болған бұрынғы Гавриловка ауылы, қазір Алматы облысының орталығы. Ол Қаратал өзенінің сол жағасына орналасқан. Бұл - жергілікті ауылшаруашылық шикізаттарын ұқсататын ірі орталық. Мұнда жеміс-консерві зауыты, тігін және жиһаз фабрикалары, құрылыс материалдары комбинаты жұмыс істейді. Қала маңындағы Көксу және Қарабүлақ қоныстарында қант зауыттары бар. Қала шетіне аккумулятор зауыты салынған. Бұл зауытты экология тұрғысынан таза ету үшін қазір ағылшын фирмаларының біріндегі мамандардың көмегімен ол қайтадан жабдықталуда. Осының нәтижесінде зауыт көп үзамай-ақ санитариялық нормаға сай жүмыс істейтін болады. Қалада гуманитарлық университет, театр, орта оқу орындары бар. Қала жақсы көгалдандырылған, кейбір көшелерінде екі жақта өсіп тұрған ағаштардың бүтақтары біріне-бірі қарама-қарсы созылып, кейде қосылып та кеткен.
Қызылорда - облыс орталығы. Бұл XIX ғасырдың басында қоқандықтар түрғызған бүрынғы шағын Ақмешіт бекінісі. Оны орыстар жаулап алған соң, 1853 жылы Перовск қалашығы деп атады. Революциядан кейін қала өзінің бұрынғы атымен Ақмешіт деп аталды, ал 1925 жылы Қазақ Автономиялы Республикасының астанасы Орынбордан осында көшірілуіне байланысты ол Қызылорда болып аталды.
Революциядан кейінгі жылдары қала адам танымастай өзгерді. Оның ескі бөлігінен әлі де саз балшықтан жасалған үйлер ұшырасқанымен, енді олар қазіргі Қызылорданың келбетін көрсете алмайды. Қаланың жаңа аудандары, орталық және вокзал маңындағы бөліктері көп қабатты үйлерден тұрады, соңғы жылдары мұндай үйлер Қызылорданың оңтүстік және солтүстік бөліктерінде де бой көтерді. Университеттің, политехникалық, медицина және педагогика колледждерінің оқу ғимараттары қаланы сәндендіре түсті.
Қала төңірегінде ашылған маңызды қазба байлықтар жоқ. Сондықтан Қызылордада, негізінен, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің салалары дамыған. Күріш тазартатын, былғары, сыра зауыттары, ет және сүт комбинаттары, аяқ киім фабрикасы - қаланың ірі кәсіпорындары. Қалада күріш сабаны мен Сырдария өзенінің аңғарындағы құрақты пайдаланатын целлюлоза-картон комбинаты салынған. Жуық арада Құмкөл мұнай кенін игеруге байланысты қалада "Харрикейн-Құмкөл мұнай" акционерлік қоғамы жүмыс істей бастады.
Алматы - республикалық дәрежедегі қала. Қала республиканың оңтүстік-шығысына, Тянь - Шань тау жүйесінің жалғасы болып саналатын Іле Алатауының бөктеріне, теңіз деңгейінен 750-880 м биіктікте, Үлкен және Кіші Алматы өзенінің таудан шыға берісіне 1929-1931 жылдары салынған Семей-Құлан (Түрксіб) темір жолынан 9 шақырым оңтүстікке орналасқан.
Ол Іле әскери бекінісі ретінде 1854 жылы пайда болған, алайда қаланың тарихы ғасырлар тереңінен басталады. Бұл жерде орта ғасырдың бас кезінде сауда және қолонермен айналысатын Алимату деген елді мекен болған, ол арқылы Византия мен Орта Азиядан Қытайға баратын керуен жолы өткен. XIII ғасырда қаланы монғолдар жермен-жексен еткен. Кейінірек қала бірде қалпына келсе, бірде қайтадан шапқыншылардың қиратуына ұшыраған.
Көп кешікпей Іле бекінісінің, ал 1855 жылдан бастап Верныйдың айналасына казактар мен Сібірдің және Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударған шаруалар орнығып, Үлкен және Кіші Алматы казак станицаларын қүрған, 60-жылдары Семейден шыққан татарлар және ішінара Шығыс Түркістаннан келген үйғырлар мен дүнгендер мекендеген Татар қыстағы пайда болды. Ол кезде қалада тұратын қазақтар өте аз еді, олар қала түрғындарының 6%-ы ғана болды. Сонымен, Верный өзі пайда болған күннен бастап көп ұлтты қалаға айналды. Ол 1867 жылдан бастап жаңадан құрылған Жетісу облысының орталығы болды.
Верный XIX ғасырдың аяғынан бастап белгілі сауда орталығына айналды. Бұған қаланың географиялық орнымен бірге Семей, Ташкент және Батыс Қытайдағы Құлжаға баратын маңызды керуен жолының торабына орналасуы да жағдай туғызды.
Қазан революциясынан кейін, 1921 жылы Верный Алматы болып атанды. Ол 1924 жылдан бастап Жетісу губерниясының, кейінірек - Қазақ АССР-і Алматы округінің орталығы болды. 1929 жылдың мамырында бұл қалаға Қызылордадан республиканың астанасы көшірілді, ал бір жыл өткен соң Түркістан-Сібір темір жолы қатарға қосылып, қала өзінің бүкіл тарихында түңғыш рет Қазақстанның және басқа елдердің аудандарымен темір жол байланысын орнатты. Осы уақыттан бастап Алматыда ірі өнеркәсіп, мәдени-ағарту және коммуналдық-тұрмыстық құрылыс өрістетілді. Қала тез өсіп, көп кешікпей халқының саны жөнінен республиканың барлық қалаларын басып озды.
Қазіргі Алматы - республиканың ондаған зауыттары мен фабрикалары бар аса ірі енеркәсіп орталықтарының бірі. Мұнда тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары басым. Олар өнеркәсіп орындары өндіретін өнімнің 70%-дан астамын береді. Тамақ өнеркәсібінің барлық аса маңызды кәсіпорындары, негізінен, жергілікті шикізаттарды пайдаланып, жұмыс істейді. Олардың көпшілігі өз өнімдерінің басым бөлігін басқа қалаларға жөнелтеді, ет-консерві және жеміс-консерві комбинаттарының республикааралық маңызы бар.
Алматының жеңіл өнеркәсібі тамақ өнеркәсібіне қарағанда, жергілікті шикізатты да, сондай-ақ сырттан әкелінетін шикізатты да пайдаланады. Мұнда мақта иіру, тоқыма, тігін және аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді. Ескі иленбеген қайыс-бұйым зауыты тері комбинаты болып қайта жабдықталды, қалада ірі жиһаз фабрикасы бар. Алайда жылына 77 миллион метр мата шығаратын мақта-мата комбинаты жеңіл өнеркәсіптің ең ірі кәсіпорны болып саналады.
Қаланың ауыр өнеркәсібі бірнеше машина жасау және жөндеу-механикалық зауыттарынан тұрады. Бұл саладағы аса ірі кәсіпорын - ауыр машина жасау зауыты (АЗТМ) . Ол домна пештері үшін күрделі жабдықтар, сондай-ақ болат, мыс, алюминий сымдары мен кіші диаметрлі түтіктер жасауға арналған созу стандартын шығарады. Қалада станок жасау зауыттары және көлік құралдарының қажетін өтейтін вагон жөндеу, аспаптар жөндеу, подшипник жөндеу, шина жөндеу және автомобиль жөндеу зауыттары секілді бірқатар кәсіпорындар бар. Кейбір кәсіпорындар ауылшаруашылық машиналарына қосалқы бөлшектер шығарады. Жылу электр станциялары, Іле өзеніндегі Қапшағай СЭС-і, Үлкен Алматы езеніне салынған су электр станциялар тобы қаланы электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Алматы - Қазақстанның ғылым мен мәдениет орталығы. Мұнда республиканың Ғылым академиясы, он бестен жоғары және соншама арнаулы орта оқу орындары, көптеген кітапханалар, театрлар бар. Алматы - бірін-бірі тік қиып өтетін түзу көшелері, жер сілкінуін көтеретін биік үйлері, жаңа алаңдары бар республиканың әсем қалаларының бірі. Жақсы көгалдандырылған бұл қаладан жазғы ыстықтың өзінде де салқын леп есіп түрады.
- Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz