Орта мектептің тәрбие іс -әрекетін ұйымдастыру мәселесін теориялық көздеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-6

ТАРАУ І. ОРТА МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Тәрбие іс-әрекетінің мәні . . . 7-14

1. 2. Тәрбие іс-әрекетінің ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 14-16

ТАРАУ ІІ. ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАС-ТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

2. 1. Мектеп пен отбасының тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы бойынша бірлескен іс-әрекеті . . . 17-27

2. 2. Қазіргі орта мектептің тәрбие іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктері . . . 27-29

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30-32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33-34

ҚОСЫМША . . . 35

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмыстың көкейтестілігі. Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсiру-отбасының, орта және жалпы бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi. Бұл процестiң стратегиялық негiздерi Қазақстан Республикасы Президентi Н. Ә. Назарбаевтың халықтық жолдауындағы «Қазақстан-2030» стратегиясында (1997) ; Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы» заңында (1999) ; Бiлiм беру жүйесiнiң басты мақсаты, ұлттық мәдениетiмiз бен халық педагогикасының негiзiнде, әрбiр жеке тұлғаның қалыптасуына қажеттi жағдай жасау-деп көрсетiлген. Осы тұжырымдарды Бiлiм және ғылым қызметкерлерiнiң II-шi съезiне (2001) қатысушылар алдында сөйлеген Президент:-«Бiлiм беру iсiндегi рухани дәстүрлердi сақтап, жаңаша жетiлдiре дамыта беру керек. Бұл жүйедегi-оқыту мен тәрбиелеудiң бiрлiгi-үзiлiп қалды. Сiздер мен бiздер тек болашақ буындарды ғана емес, жалпы азаматтық қадiр-қасиеттердiң мәнi мен маңызын түсiнетiн, жаны да, тәнi де таза бiлiмдi азаматтар тәрбиелеуге мiндеттiмiз. Олардың отаншылдық сезiмдерiн тәрбиелеуде, бiлiм берудiң мектепке дейiнгi жүйесi мен жоғары оқу аралықтарын үндестiре ұйымдастыру, көкейкестi мәселе болып табылады», - деп атап көрсеткен едi.

Әр халықтың тәлiм-тәрбиелiк мұрасы ұлттық мәдениетiнiң маңызды бөлiгi болып табылады. Ертеңгi өркениеттi қоғам мүшесi, өз ұлтының рухани байлығын, iзгi қасиеттерiн бойына сiңiрген, өз жерi мен елiн қорғай алатын ұлтжанды, жоғары мәдениеттi адамды тәрбиелеудiң негiзi-халықтық тәлiм-тәрбие. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне деген көзқарасының өзіндік ерекшелігі бар. Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, балаларды ата-баба дәстүрінде тәрбиелеуді мақсат тұтқан қазақ отбасылары баласын мәдениеттілік-ке, зерделілікке баулып, халқының мәдениеті мен әдет-ғұрпын тәрбиенің бұлжымас құралы ретінде ұстанған.

Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырылады. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде отбасы тәрбиесі ұғымы былайша түсіндіріледі: “Отбасы тәрбиесі - туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады. “Отбасы тәрбиесінің мәнін ашу үшін “тәрбиелеу” және “әлеуметтендіру” ұғымдарын байланыстырып түсіндіру қажет. Ұлы ғұлама әл-Фараби “Бақытқа жету жолында” деген еңбегінде: “Тәрбие деп - халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз” деп анықтама береді. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау - отбасы міндеті. Жанұялық тәрбие мазмұнының құрамды бірліктері ежелден белгілі бағыт-бағдарларды, тән-дене, адамгершілік-имандылық, сана-сезім, эстетикалық, еңбек тәрбиесін қамтиды, олар өз кезегінде жас әулетті экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білімдендіру істерімен толығып отырады.

Тәуелсiз Қазақстан Республикасының өркениеттi ел қатарына қосу жолында келер ұрпақты жоғары мәдениеттiлiк пен имандылыққа тәрбиелеуде жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыратын отырып, тәрбие іс-әрекетттерін ұйымдастыру мiндетi тұр. Солардың бiрi жастар тәрбиесiне байланысты, олардың дүниеге келген күнiнен бастап аса көп көңiл бөлуi қажет, педагогикалық негiзiнде салт-дәстүрiмiзге жақындатып оны рухани өрлеу құралына айналдыру қажет.

Кез-келген халықтың бүкiл адамгершiлiк-рухани өмiрi халық педагоги-касында екендiгiн әрбiр халық мойындайды. Осы заманғы тәрбиенiң мәнi- халықтардың ғасырлық, прогресшiл, адамгершiлiк дәстүрлерiнiң сабақтасты-ғын нығайтуға мүмкiндiк туғызып отыр. Демек, тәрбие-бұл қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес жүйелі әрі саналы түрде әсер ету болып табылады екен. Тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы болып табылып тәрбиенің мақсат-мазмұны, ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына сәйкес өзгеріп отырады.

Оқу-тәрбиелiк қарым-қатынаста оқушылар мен мұғалiмнiң iс-әрекетiн ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың маңызы зор. Iс-әрекеттi ұйымдастыруда ең алдымен белгiлi мақсат көзделуi керек. Мақсат iс-әрекет арқылы жүзеге асырылады. Мектептегi iс-әрекеттер сыртқы формасы жағынан оқу әрекетi, сыныптық және мектептегi iс-шаралар, сыныптан тыс әрекеттер (үйiрме, клуб, секция жұмыстары) болып бөлiнедi. Ал мазмұны, бағыты жағынан: ақыл-ой, дене-қимыл, эмоциялық ерiк, адамгершiлiк-моральдық, қасиеттiк iс-әрекет болып бөлiнедi, сондай-ақ топ басқарушылық-ұйымдастырушылық iс-әрекет, орындаушылық қарым-қатынастық iс-әрекеттерi бар.

Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетiн, олардың қабiлетi мен iшкi қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн iс-әрекеттердi ұйымдастыру көзделедi. Соған сай олардың қабiлетiн ашуға мүмкiндiк туғызатын спорт, дене еңбегi, қолөнер, көркемөнер, техникалық шығармашылық т. б. iс-әрекетке үйрету үйiрмелерi мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез келген үйiрмеге, секцияға, клубқа өз жүрегiнiң қалауымен қатысып, өзiнiң жеке басына тән қасиетiн, яғни өзiндiк «менiң» басқаларға танытуға мүмкiндiк алады.

Мектепте ұйымдастырылатын iс-шаралардың әр жасөспiрiмнiң дүниетаны-мын қалыптастыру, өмiр жайындағы түсiнiгiн кеңейтудi көздеп, жеке басына тән қасиетi мен қабiлетiн ескере отырып жүргiзiлуi керек.

Қазiргi уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мәселесіне мүлдем жаңаша психофизиологиялық көзқараспен қарауды замана сипаты ерекше талап етуде. Бүгiнгi таңда жалпы оқу-тәрбие іс-әрекеттерін ұйымдастыру, сонымен бiрге келешек ұрпағымыздың тәлiмiне де, халық педагогикасының тигiзер жерлерiн, тiптi ештемемен салыстыруға келмейдi. Бұл жайында ғұлама-педагогтар (Бержанов Қ, Жолабаев М, Қожахметова К. Ж. А. Бейсенбаева, А. Қалыбекова және т. б. ) тамаша зерттеулерi бар.

Сондай-ақ А. А. Вербицкий, Э. Д. Днепровтар отбасымен мектептің бала тәрбиесіне әсер ету тенденциясын анықтауға бағытталған зерттеулері кеңінен қолданылды.

Ж. Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт-бағдарын. 1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми-қоғамдық «Абай» атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов: « . . . қазақ-сахарасында мыңмен жалғыз алысып, жапа шеккен ұлы ағартушы Абайдың көздеген мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді»-деп жазады. Ол Абай ұстаған ағартушылдық жолды тыныс-тіршілігінің негізгі арқауы етіп алады.

Аймауытовтың «Тәрбие» атты- көлемді мақаласында тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер ғылыми тұрғыдан терең баяндалған.

Мақала авторы «адам меп хайуанның өмір сүруінің айырмашылықтарын көрсете келіп адамдық қасиет саналы өмір суру, қауым болып бірлесіп, тіршілік ету» дейді. Ол сондай-ақ «адамның қоғамдық еңбегінің жемісті, нәтижелі болуы тәрбиеге байланысты», деп қорытынды жасайды.

Ж. Аймауытов «адам мінезінің ақыл-қайратының әр-түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан . . . Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігі-нен» дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын: дене тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі болып бөлінетіндігін атап көрсетеді. Аймауытұлы еңбектерінде адам мен хайуанның жаратылысы, іс-әрекеттері әр түрлі нақты мысал-деректермен көрсетілген.

Тәрбие екі түрлі деп жазды автор, - дене тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі. Хайуан көбінесе денесін тәрбиелейді. Адам баласына дене тәрбиелеудің үстіне жанын (рухын), ақылын, сезімін, жігерін, мінезін тәрбие қылу керек. Денесі мен жаны бірдей тәрбиеленбеген кісі сынаржақтау бола береді. Мінездің, ақыл-қайраттың әр түрлі болмағы тәрбиенің түрлі-түрлі болмағынан. Расында, дене және ой тәрбиесі, оны бірлігі мен пайдалы тұстарын бүгінгі өмір де жоққа шығармайды. Өйткені оқу мен тәрбие бірін-бірі толықтыратын біртұтас әлем.

Ж. Аймауытұлы тәрбиенің шын мағынасы мен мақсатын-адам табиғатымен, тұрмысымен, өмірімен байланыстырады. Бұл ретте бес түрлі сипат айрықшаа аталады. Олар: дене сезімдері зат; жан қайраты бар зат; адамгершілік сапа; әлеуметтік - мемлекеттік зат; шеберлік, суретшілік зат. Ол аталмыш сипаттар адам тәрбиесінде қоғам, мемлекет ісінде айрықша орынға ие. Автор оттан да ыстық Отанды адамшылықтың биік белесі, ал оған құрмет пен сезім өзгеше болу керектігін айрықша айтады. "Адам тек адамдар арасында ғана адам бола алады" (И. Бехер) деген қағиданы бетке ұстап, әр адам қоғам, заман, уақыт бедерлерімен ғана биіктей түседі, ең негізгісі, тәрбие тәлімі белгілі бір ортада қалыптасып, дамып отыратынына автор ерекше мән береді.

Зерттеу жұмыстың мақсаты -орта мектептің тәрбие іс -әрекетін ұйымдастыру мәселесін теориялық көздеу.

Зерттеу жұмыстың міндеттері:

1. Тәрбие іс-әрекетінің мәнін анықтау.

2. Тәрбие іс-әрекетінің ерекшеліктеріне сипаттама беру.

3. Мектеп пен отбасының тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы бойынша бірлескен іс-әрекеттерін сипаттау;

4. Қазіргі орта мектептің тәрбие іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету.

Зерттеу базасы : Т. Тәжібаев атындағы №47 тарихи-гуманитарлық мектеп гимназиясы.

Зерттеу әдістері : Мектеп тұжырымдамасын зерделеу, бақылау, әңгімелесу, озық педагогикалық тәжирбиені зерттеу.

ТАРАУ І. ОРТА МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Тәрбие іс-әрекетінің мәні

Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым - қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез - құлқын қалыптастыру құралы.

Тәрбиелеу - халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту (Әл - Фараби) .

«Тәрбие - біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету . . . Тәрбие - бізге мәлім адамгершілік әдет - ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі»(Л. Н. Толстой) .

«Тәрбие - кең мағынасында - бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс» (В. А. Сухомлинский) .

«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәмл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М. Жұмабаев) .

«Тәрбие - бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар» (Иммануил Кант) .

«Тәрбие - тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процесі» (Х. Й. Лийметса) .

Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік - жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.

Сонымен қатар тәрбие - адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процесі.

Н. К. Крупская «Тәрбие» атты мақаласында (1929ж. ) : «Тар мағынада алып қарағанда, «тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез - құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы», ал кең мағынасында « . . . қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді» - деп түсіндіреді.

Осы жағдайға байланысты К. Д. Ушинский « . . . мектеп, тәрбиеші және ұстаздар - адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам, халық . . . және оның тілі болады», - деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлелдейді.

Олай болса, тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата - аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.

Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін - оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым - қатынас жасай білуге үйрету.

Олай болса тәрбие процесі деп - қоғамның талап - тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл - ойын, сана сезімін, ерік - жігерін, мінез - құлыұ ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.

Адамды табиғт жаратса да, қоғам әрбір жеке адамның қабілетін дамыту үшін, бәріне бірдей жағдай жасап, ортақ тәрбие беруге тиіс. Кезінде б. э. д. ІVғ. Аристотель тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметінің маңызына айрықша назар айдарып, « . . . заң шығарушының жастар тәрбиесіне айрықша мән беруі тиістігіне ешкімнің де күмәні болмауы тиіс. Себебі мемлекеттің ең негізгі бір мақсатты, барлық адамдарға бір ғана ортақ тәрбиенің болуы тиіс және онда жеке дара емес, бәріне бірдей ортақ қамқор болуы тиіс. Тәрбиеге қатысты заң болуы тиіс және ол ортақ болуы тиіс» деп есептеген. Сондықтан да ол тәрбиені ұлттар мәдениетінің мирасқорлық процесі деп қарастырған.

Платон тәрбиешінің әрекетінде кең түрде және қатаң бақылаудың болуы қажет дей отыра, «Бізде заңды қорғаушы қырағы болуы тиіс; ол балалардың тәрбиесіне өте қамқор болуы тиіс; олардың мінез - құлқын түзетуі және әркезде оларды заңға сәйкес игілікке бағыттап отыруы тиіс» деп есептеген.

Ертедегі Римде ұжымдық оқу б. э. д. ІІІ ғасырда жүргізіле бастаған. Ондағы антикалық педагогиканың теориясы мен практикасының негізін жасаған Квинтиллиан Римде бірінші рет мемлекеттік тұрғыдағы мектептің іргесін қалап, жылма - жыл мемлекеттен сыйақы алып тұрған. Соған сәйкес Римдік қауымдастықта оқытудың мазмұны және оны ұйымдастыру мәселелері ғана талқыланып қоймай, сонымен бірге көбінесе тәрбие әдістеріне де үлкен маңыз беріліп, тәрбиені мемлекеттік басқару әрекетінде маңызды сала ретінде қарастырған.

1758 жылы М. В. Ломоносовтың «Академиялық гимназия тәртібінің үлгісі» атты педагогикалық тұрғыдан құнды еңбегі жарық көріп, гимназистер арасында үлкен сұранысқа ие болды.

Қазіргі кезде біздің қоғамда өркениеттілікке бағытталған «Білім беру» заңы бар. Онда азаматтық қоғам орнатуда өскелең ұрпақтың оқу және тәрбие мәселелерінің сұрыпталған қатаң ғылыми негіздегі тың жүйесі қалыптасқан. Бүгінде оны тәрбие процесінде басшылыққа алу барлық әлеуметтік мекемелерінің міндетті ортақ ісіне айналып отыр.

Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері бар.

Тәрбие қоғамдық құбылыс. Себебі қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат - міндеттері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады. Әрине адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Ал қоғам дегеніміз - адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.

Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиеші - лердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл - ауқаты және оның саясатымен әрқашан тығыз байланысты болады.

Тәрбие - біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке - дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.

Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.

Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.

Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата - аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт - бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол - ұстаздар тобы. Оның орталығы - мектеп.

Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.

Тәрбиенің заңдылықтарына:

  1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл - табиғи заңдылық;
  2. Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым - қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы;
  3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;
  4. Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;
  5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;
  6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш - қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.

Мақсат - бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды.

«Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой - санадағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс - қимылды бағыттап, реттеп отырады . . . Мақсат адам санасының белсенді жағын білдіре отырып, объективті заңдарға, қоршаған ортаның және субъектінің нақты мүмкіндіктеріне сай келуі керек, сонда ғана адамдардың нысаналы қызметінде азаттық пен қажеттілік арасындағы дидактикалық қарым - қатынас көрініс табады. Мақсат шындықты жүзеге асыру үшін қажет белгілі құралдармен бірлесе іс - қимыл жасағанда ғана оны өзгерте алатын күшке айналады. Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді. Шартты мағынада «Мақсат» терминімен ғылымда кері байланыс».

Орыстың ұлы сыншысы В. Г. Белинский «Адамды табиғат жаратқанмен, оны өсіріп, тәрбиелейтін - қоғам», - деп өте орынды айтқан. Педагогика ғылымында тәрбие мен оқытудың мақсаты мен міндеттерін қарастырғанда оны әрқашанда қоғаммен бірлікте, қоғамдық құбылыс ретінде, қоғамның талаптарымен байланысты қарастырады.

Тәрбие мен оқыту қоғамдық категория ретінде оның талаптарын объективті түрде білдіреді. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген қағидаға сүйенсек, онда тәрбиенің мақсаты қоғамның мақсатымен бірлікте болады. Сондықтан да қоғамдағы тәрбиенің қызметі қоғамның мақсатын, талап - тілектерін іс жүзіне асыру болып табылады. Бұл талаптар әр кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму дәрежесімен байланысты анықталады. Олай болса, «Тәрбиедегі мақсат адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлты бақытты. Адамзат дүниесінің мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиедегі мақсат - адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушыларға экономикалық білім берудің педагогикалық негіздері
Оқушылар мен ұстаз - тәрбиешілер
Мектеп оқушыларын рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеу жолдары
Еңбекке баулу пәнін оқыту барысындағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, түрлері мен әдістері
Мектеп оқушыларын ұлттық өнерге баулудың теориялық негіздері
Мектептанудың негізгі мәселелері
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz