Өндірістік улар және олармен улану себептері


Өндірістік улар және олармен улану

Химиялық заттардың жұмысшыларға әсері түрлі кәсіптік салада жұмыс жасау кезінде табиғи шикізатты өңдеу және алу, өндірістік өнімдерді дайындау мен тасымалдауда, транспортта жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында және басқа да еңбек ету аясында байқалады. Әсіресе түрлі қоспалармен жұмыс жасау химиялық өндірісте байқалады, шикізат өнімдері, аралық қосылыстар жүмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ өндірістің кейбір салаларында, тау-кен, машина жасау, мұнай, жеңіл өнеркәсіпте т. б өндірістік алқаптарда да жұмыс жасау барысында, белгілі бір химиялық өңдеуден химиялық заттар бөлінеді. Олар адам ағзасына енуімен бірге тері қабатын зақымдап, кәсіптік улану туғызуы мүмкін. Қазірде 7 млн. астам химиялық заттан түрі мәлім. Оның 600 мыңдайы ғана кең көлемде қолданыста. Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қоспалар мен қосылыстардың түрлері шығарылуда. Еңбек ету барысында адам ағзасына әсер етіп, оның жұмыс жасау қабілетін төмендететін немесе денсаулығына нұқсан келтіретін-химиялық заттардың қатарына өндірістік немесе кәсіптік улану жатады. Олар өндірістік улану немесе токсиндік заттар/токсиканттар деп аталады. «Өндірістік улану» ұғымына да кең мағынада жұмсалатын термин «зиянды зат» ұғымы. Зиянды заттар құрамында улар да, фиброгенді негіздегі аэрозолдар да кездеседі.

Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.

Халық шаруашылығында әйел еңбегін қолдану, олардың организміне өндірістік факторлардың ерекше әсер етуіне соқтырып отыр. Оның ішінде әртүрлі химиялық заттардың әсеріне ерекше көңіл аударылады. Ғылыми техникалық прогрестік маңызды компоненттерінің бірі болып саналатын халық шаруашылығын химияландыру жұмысы токсикалық заттардың әсерімен байланысты болатын химиялық және ауыл шаруашылық өндірістерінде еңбек етуші әйелдердің көп шоғырлануына келтіріп отыр.

Улы заттармен қатынаста еңбек ететін әйелдердің көп шоғырлануына келтіріп отыр.

Улы заттармен қатынаста еңбек ететін әелдердің еңбек гигиенасының сұрақтарын қарауда, зиянды химиялық агенттердің өндірісте және өндірістен тыс үйлескен әсерлерінің мүмкіндігінің, қазіргі уақытта химиялық мутагенезбен тератогенездің маңызын түсінуді талап етеді. Осыған орай, кейбір «ескі» улардыі (көміртегі тотығы, бензин, күкіртті көмертегі, хроматтар т. б. ) әйелдердің регенеративтік функциясына әсері, осыдан 20-300 жыл бұрынғы көзқарасқа қарағанда қауіптірек екендігін еске салған орынды болады.

Әйелдің репродуктивтік функциясына қауіп тендерітен өндірістік улардың мүмкіндік әсерлері жайындағы сұрақтарда қарау кезінде мына жайларға ерекше көңіл аудару керек:

Бала табу функциясының (ұрықтануға қабілеттігі, жүктіліктің барысы және аяқталуы) жағдайына

Эмбриотроптық жағдайына тератогенді әсерді қоса, жаңа туған нәрестенің күіне әсіресе омыраудағы баланың жағдайына

Кейбір өндірістік улар бала табу функциясына әсер етеді, дәлірек айтқанда әйелдерде бала табатын жаста ұрықтану және жүктену қабілеттіктері бұзылады. Бұл улар: сынап, қорғасын, мышьяк, бензол булары, фтольды ангедрил, трихлорэтилен, бензин, күкіртті көміртегі т. б. Олардың көбі бала көтеру және босанудың өтуіне зиянды әсерінтигізеді (уақытынан бұрын босану, құрсақ суының ерте ағып кетуі, патологиялық қансырау) .

Сонымен организмге өнеркәсіптік улардың әсер етуімен байланысты бірқатар химя өндірістеріндегі еңбек жағдайында әйелдер еңбегін пайдалану, олардың еңбек жағдайына, денсаулығына өте жоғары дңгейде көңіл бөлуді және қажетті нұсқауларды талап етеді.

Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері

Әйел организміне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде иондаушы сәулелені, электромагниттік өріс, жоғары температура, жылулық сәулелері, шу және діріл әсерлеріне ерекше көңіл аудару қажет.

Әр түрлі өнеркәсіп салаларында және техникалық профильдегі ғылыми зерттеу мекемелерінде, әсіресе денсауық сақтау жүйесіндегі әйелдер еңбегі иондаушы сәулеленумен көп байланысты.

Еңбек жағдайының әртүрлілігіне қарамастан, жұмысшыларды иондаушы радиацияның әсер етуіне байланысты 3 топқа бөлуге болады:

Сыртқы сәулеленудіңәсеріне ұшырайтындар.

Радиоавтивті заттардың ағзаға түсуінің салдарынан ішкі сәулеленуге ұшырайтындар тыныс алу, асқорыту мүшелері немесе тері арқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік улар және олармен улану
Өндірістік токсикология негізі
Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі
Ауылшаруашылық жануарларының улануы
Удың жануарлар ағзасына әсері
Токсикология
Өндірістік канцерогенді факторлар
Малдың улы заттарға сезімталдығы
Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі туралы
Удың ағзаға ену жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz