Негізігі психологиялық әдістер
Кіріспе
І тарау. Негізігі психологиялық әдістер
1.1.. Бақылау әдісі
1.2. Эксперимент әдісі
ІІ тарау. Қосалқы әдістер
2.1. Сұхбат пен анкета әдістері
2.2. Тестілеу әдісі
2.3. Коррекциялық әдістер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І тарау. Негізігі психологиялық әдістер
1.1.. Бақылау әдісі
1.2. Эксперимент әдісі
ІІ тарау. Қосалқы әдістер
2.1. Сұхбат пен анкета әдістері
2.2. Тестілеу әдісі
2.3. Коррекциялық әдістер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бір қарағанда біздің әрқайсысымызға оңай, тіпті таныс сияқты болып көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұқият үңіліп қарасақ, өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі қасиет. Психикалық өмірді де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын. Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады.егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының өзіне тән әдістері бар. Бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқан. Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталаған іс-әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішіндегі мәнерлі қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.
Ғылыми психология адамның ой-өрісі, сана-сезімі дәрежесі іс-әрекеттен, оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан. Сана іс-әрекеттің бағыт-бағдарлы болуын қамтамасыз етеді. Сана мен іс-әрекет бір-бірімен тығыз байланысты. Сананың белсенділік сипаты да, оның мінез-құлықты реттейтін басқарушылық функциясы да осы принципке негізделеді. Осы айтылғанға орай психологиясын нақтылы іс-әрекет үстінде зерттеу ғылыми психологияның ең негізгі принципі. Кейбір психологтар: «адамның психикалық құбылыстарын зерттеуде оның өзі брген мәліметтер шешуші орын алады, сондықтан да өзін-өзі байқау (интроспекция) әдісінің деректеріне ерекше көңіл бөлу қажет» дейді. Бұл шындыққа жанасымсыз пікір. Мұндай жолмен адамның ішкі жан-дүниесін білу қиын. өйткені адам өзі туралы көп жағдайларда қателеседі, оның шынын айтқысы келмеуі де ықтимал, сондай-ақ, адам өзінің психологиялық ерекшеліктерін жете білмеуі, не оны басқа біреуге дұрыс жеткізіп бере алмауы мүмкін. өзін-өзі байқау – адам психикасын зерттеудің әдісі болып табылмайды, ол әркіснің өз басындағы рухани ерекшеліктерін аңғара алуын көрсететін бір фактор. Мұндай жолмен адам психологиясының мәнін, оның қалыптасу жолын түсіндіруге болмайтындықтан, психиканы объективтік жолмен зерттеуде біз осы принциптен ешбір ауытқумауымыз керек. Жантануда адамының психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады. Осындай негізгі әдістердің біріне байқау әдісі жатады.

1. Қ. Жарықбаев Жантану негіздері, Алматы, 2005жыл.
2. Қ. Сейталиев «Жалпы психология», Алматы, 2007жыл
3. Б. Ломов «Ғылыми білім жүйесіндегі психология» 1984жыл
4. А. Леонтьев «Психиканы дамыту проблемалары» МГУ, 1972жыл
5. Ж. Аймауытов «Психология», 1995жыл
6. Ә. Алдамұратов «Қызықты психология», Алматы, 1992жыл
7. С. Жақыпов, С. Бердібаева «Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдері» Алматы, 1998жыл
8. Жалпы психология /Ред. Басқарған А. В. Петровский М., 1977жыл.
9. Педагогика және психология. Түсіндірме сөздік. Алматы, 2002жыл
10. К. К. Платонов «Занимательная психология» М., 1962жыл
11. М. Мұқанов «Жан дүниесінің сыры» Алматы, 1959жыл
12. М. Мұқанов «Ми және сана» Алматы, 1959жыл
13. О.С. Сангилбаев «Психологиялық сөздік» Жамбыл, 1994жыл
14. Т. Т. Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы, 1993жыл
15. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов «Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар», 1979жыл
16. А. В. Петорвский «Практическое занятие по психологии» М., 1972жыл
17. А. Г. Ковалев «Психология личности» М., 1970жыл
18. М. Г. Ярошевский «История психологии» М., 1985жыл
19. Қ. Б. Жарықбаев «Психология» Алматы, 1982жыл
20. А. Темірбеков, С.Балаубаев «Психология» Алматы, 1966жыл

Жоспар:
Кіріспе
І тарау. Негізігі психологиялық әдістер
1.1.. Бақылау әдісі
1.2. Эксперимент әдісі
ІІ тарау. Қосалқы әдістер
2.1. Сұхбат пен анкета әдістері
2.2. Тестілеу әдісі
2.3. Коррекциялық әдістер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бір қарағанда біздің әрқайсысымызға оңай, тіпті таныс сияқты болып
көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұқият үңіліп қарасақ,
өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі қасиет. Психикалық өмірді де
атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын. Адамның
психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен
танысуымыз керек. әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу
әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын
зерттеуге мүмкіндік туады.егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу
әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрізді
психология ғылымының өзіне тән әдістері бар. Бұл әдістер осы ғылымның көп
жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқан.
Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы
белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді.
Зерттелінетін адамның көп рет қайталаған іс-әрекеттері мен қылықтары, сөз
саптауы мен бет пішіндегі мәнерлі қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен
сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін
білуге біршама жәрдемдеседі.
Ғылыми психология адамның ой-өрісі, сана-сезімі дәрежесі іс-әрекеттен,
оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан. Сана іс-әрекеттің
бағыт-бағдарлы болуын қамтамасыз етеді. Сана мен іс-әрекет бір-бірімен
тығыз байланысты. Сананың белсенділік сипаты да, оның мінез-құлықты
реттейтін басқарушылық функциясы да осы принципке негізделеді. Осы
айтылғанға орай психологиясын нақтылы іс-әрекет үстінде зерттеу ғылыми
психологияның ең негізгі принципі. Кейбір психологтар: адамның психикалық
құбылыстарын зерттеуде оның өзі брген мәліметтер шешуші орын алады,
сондықтан да өзін-өзі байқау (интроспекция) әдісінің деректеріне ерекше
көңіл бөлу қажет дейді. Бұл шындыққа жанасымсыз пікір. Мұндай жолмен
адамның ішкі жан-дүниесін білу қиын. өйткені адам өзі туралы көп
жағдайларда қателеседі, оның шынын айтқысы келмеуі де ықтимал, сондай-ақ,
адам өзінің психологиялық ерекшеліктерін жете білмеуі, не оны басқа
біреуге дұрыс жеткізіп бере алмауы мүмкін. өзін-өзі байқау – адам
психикасын зерттеудің әдісі болып табылмайды, ол әркіснің өз басындағы
рухани ерекшеліктерін аңғара алуын көрсететін бір фактор. Мұндай жолмен
адам психологиясының мәнін, оның қалыптасу жолын түсіндіруге
болмайтындықтан, психиканы объективтік жолмен зерттеуде біз осы принциптен
ешбір ауытқумауымыз керек. Жантануда адамының психикалық ерекшеліктерін
зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы
қосалқы әдіс деп аталынады. Осындай негізгі әдістердің біріне байқау әдісі
жатады.
Ғылыми зерттеу әдістері –объективті шындықты танудың жолдары мен
тәсілдерін зерттеу әдістері деп атайды. әдістердің көмегіне сүйену арқылы
әрбір ғылым саласы зерттеу мәселесі бойынша ақпарат жинайды, алынған
мәліметтерді өңдеуден өткізіп, талдайды. Сондықтан ғылымның даму қарқыны
мен деңгейі қолданылатын зерттеу әдістеріне тікелей байланысты болады.
Ғылыми зерттеу әдістері таным объектісімен тығыз байланыста. Ақпаратты табу
зерттелетін мәселенің ерекшелігіне сәйкес болуы қажет және зерттелетін
құбылыстың ерекшелігін көрсететін өзіндік әдістерді қолдану қажет.
1.1.Бақылау әдісі
Бақылау адамның психикалық өмірін зерттеу әдісі ретінде психологияда
жиі қолданылады. Бақылаудың көмегімен жеке психикалық үрдістерді (ес,
зейін, ойлау), жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттейді, олар сырттай
әртүрлі адамзаттың іс-әрекеттері (еңбек, оқу, ойын), психикалық қалпы
(көңіл-күй, аффект) түрінде аңғарылады.
Бақылау әдісі адамның психикасының, сыртқы көрінісін (іс-әреттері,
қылықтары, баска адамдармен қарым-қатынаста аңғарылатын тілдік
ерекшеліктері, тұтастай мінез-құлқы) зерттеу табиғи өмір жағдайында іске
асады. Зерттеуші адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын бақылау арқылы
олардың психикалық өмірінің ерекшеліктері туралы бағалай алады, демек,
сыртқы объективтік факторлардан адамның ішкі субъективтік дүниесін түсінуге
бағытталады.
Психологиялық бақылау мақсатты болуы қажет: бақылаушы кімді не үшін
бақылайтынын нактылы білуі және тусінуі керек. Олай болмаса, бақылау
кездейсоқ деректерді жинақтауға айналады. Психологиялык бақылау белгілі
жоспармен немесе бағдарламамен жүргізілуі тиіс. Бақылау бағдарламасы
бақылаушыны күні бүрын дайындалған зерттеу мәселелері және деректермен
қамтамасыз етеді.
Белгіленген жоспарсыз немесе бағдарламасыз бақылаудың негізгі бағыты
жойылады, соның салдарынан адамның психикалық іс-әрекетінде негізгі және
маңызды жағы назардан тыс қалуы мүмкін. Бақылауды бір жүйелі жүргізіп отыру
керек. Бір жүйелі бақылау бақылаудын тұрақты жағдайын сақтауға мүмкіндік
береді, сонымен қатар бақыланатын деректердін арасында тығыз байланыс
жасауға жағдай тудырады.
Психологиялык бакылау, ереже бойынша, ұзақ уақытты қажет етеді.
Бақылау неғұрлым ұзақ мерзімге жүргізілсе, солғұрлым бақылаушы мол деректер
жинактауға мүмкіндік алады, солғұрлым тереңірек және сенімдірек
психологиялық қорытынды жасайды. Көп жағдайда ұзақ мерзімді бакылау
шәкірттердің жас ерекшеліктерін зерттеуде қолданылады, мәселен, тілі мен
ойлауын дамыту ерекшеліктері, эмоциялык ерекшеліктері мен ерік-жігер іс-
әрекеттері, қызығуы мен бейімділігі, мінез бітісі мен қабілеттілігі.
Сонымен, бақылау әдісі дегеніміз әртүрлі табиғи жағдайда жеке түлғаның
іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатгы зерттеу.
Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау
жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау
жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады.
Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау — бақылауға қойылатын
бірінші талап. Бақылау әдісіне қойылатын екінші талап, бақылау үнемі
мақсатты болуы қажет, яғни, зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы
керек.
Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап — оның нәтижесін тіркеу.
Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера т.б),
жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б).
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші
адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды.
Байқау әдетте табиғи жағдайда зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі
араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимкасын (бет
құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы
әрекетін байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші мен сезім
ерекшеліктерін, темпераментті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы,
мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса,
ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздерін,
сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде
талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау
әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін объектіні
суретке түсіру үшін – фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін
жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитафон
т.б. пайдаланылады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір
шарттар:
1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі
бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
2) Зерттелінетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың
мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде
сабаққа нашар студентті алатын болсақ, мақсатымыз – оның
сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін
білу;
3) Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінушінің
сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау
жасау; басты фактілерді іріктеп алу – осы әдіске қойылатын
негізгі талаптардың бірі.
Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға
студент алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студенттің оқу әркетін одан
ары жақсарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді.
Байқау әдісі арқылы оқу-тәрбие процесінің әр кезеңдерінде ұстаз
студенттердің сабақ үлгіруі мен тәртібіндегі ерекшеліктерді білуіне, кейін
оларды жақсарта түсу жөнінде тиісті шаралар белгілей алуына болады. Бұл
әдіс адамдардың психологиялық ерекшіліктерін зерттеуде өте көп қолданылатын
әдістердің бірі.
Байқау әдісінің кейбір ерекшіліктері де бар.
Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей
алмайды да, көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта
тыңғылықты ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі
кездейсоқ объективтік (байқауға алынған адамның сабаққа келмей қалуы),
субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің
жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндгіне байланысты. Осы айтылғандарға
қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде кемірек болады.
Байқау әдісне қарағанда жан қуаттарын эксперименттік жолмен зерттеудің
біраз артықшылығы бар. И. П. Павлов: байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды,
ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады - деп тегін айтпаған.
Психологияның негізгі әдістердің бірі — эксперимент.
1.2.Эксперимент (тәжірибе)
Эксперимент (латын тілінен аударғанда – сынау, тәжірибе деген
мағынада) – психология ғылымының негізгі объектісін зерттейтін әдісі.
Тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің
байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті
жағдайды жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды түрақты қамти алады.
Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып,
экспериментатор зерттелушінің әркайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін
анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын
өзгерте алады. Бүл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-
тәрбие үрдісінде тиімді тәсіддерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы қүралдар мен аппаратгардың көмегімен
психикалық үрдістер өзгерістерінін уақытын дол көрсетуге болады, мәселен,
жауап беру (реакция), оқу, еңбек дағдыларының қалыптасу жылдааддығы.
Психологияда екі түрлі эксперимент қолданылады: лаборатоориялық
(зертханалық) және табиғи.
Зертханалық эксперимент арнайы үйымдастырылып, қүралдар мен аспаптарды
қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалык
ерекшеліктерінің физиологиялык тетігін зерггеуде ерекше. Бүл әдіс жекелеген
таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең
алдымен, түйсіктер, кабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың
жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе
электрондык тахистаскоп сияқты кұралдар көмегі пайдаланылады.
Ғылымның тарихы ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік
әдіс жетекші рөл алатындығын дәлелдеді. Психология ертеден келе жатқан
ғылымдардын бірі, XIX ғасырдын II жартысында өз алдына жеке ғылым болып,
философиядан бөлініп шықты. Осы кезеңде психологияда бір жүйелі
эксперименталдық зерттеулер жүргізіле бастады (В.Фехнер, Э.Вебер, В.Вунд
және т.б.)
Эксперимент дегеніміз не? Эксперимент — бұл себеп-салдарлық байланысты
зерттеу мақсатындағы зерттеушілік қызмет болып табылады. Ол төмендегіше
іске асады:
1. Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған
белсенді әсер етеді.
2. Экспериментті жүргізуші өтіп жатқан құбылыстың
шартын өзгертуі мүмкін.
3. Экспериментте оның нәтижесін бірнеше рет қайта
жаңғыртуға мүмкіншілігі болады.
4. Нәтижесінде эксперимент сандық заңдылықтардың
математикалық амалдарын айкындайды.
Эксперимент психологияның әдісі ретінде психофизиканың және
психофизиологияның саласында пайда болды және психологияда кеңінен тарады.
Зертханалық экспериментке қарсы үш түрлі пікір қалыптасты: біріншіден,
эксперименттін жасандылығы атап көрсетілді, екіншіден, сараптамалық сипаты,
үшіншіден, эксперименттің абстрактылығы, экспериментаторға қиындық туғызуы.
Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен
кез болуын күтіп тұрмай , сол процестің тууына өзі жағдай жасайды.
Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді. Енді
бұларға жеке-жеке тоқталып өтейік.
Лабораториялық эксперимент
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу
үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832-
1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет
лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту иіс түйсіктерін
зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды.кейін келе олар секундтың 11000
үлестеріне дейін дәл өлшейтін құралдар ойлап шығарып, кейбір психикалық
процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолын тапты. Сексенінші жылдары
ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы
әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың
жылдамдығы т.б. өлшенілді. Орыс психологы Н. Ланге (1858- 1921) эксперимент
әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізілді. Тоқсаныншы жылдарда
француз психологы А. Бине (1857-1911) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе
жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың І дүние жүзілік
конгресінде (ІІ Париж, 1889) талқыланды . ХХ ғасырдың басында психология
ғылымының қарамағында ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы
жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін ХХ ғасырдың басында орыс
психологы Г. И. Челпанов (1862-1936) ұйымдастырады. Бұрынғы КСРО
педагогикалық ғылымдар академиясына қарасты Психология ғылыми-зерттеу
институты мен Ресей ғылым академиясына қарасты психологя институтының
(Мәскеу) лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-
зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, тбилиси қалаларындағы психология
институттарында да осындай лабораториялар бар.
Ғылыми психология психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін
ашуды басты мәселенің бірі деп қарайды. Бұл міндетті академик И. П. Павлов
ашқан әйгілі шартты рефлекстер әдісі бойынша шешуге болады. Көптеген
физиологиялық және психологиялық лабораторияларда И. П. Павловтың
шәкірттері бұл әдістің әртүрлі нұсқаларымен ойдағыдай жұмыс жүргізуде.
Мысалы, осы әдіс арқылы профессор Н. И. Красногорский балалардың жоғары
дәрежелі жүйке қызметінің даму жолдарының, професссор А.Г.Иванов-
Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін
зерттеген.
Тәжірибе жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелелер қажет болады.
Енді кейбір қарапайым аспаптардың атымен таныстырайық. Мысалы, психикалық
процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін – хроноскоп, тері түйсігінің
сезгіштігін байқау үшін – эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін –
тахистикоп, есітуді өлшеу үшін – аудиометр, денедегі бұлшық еттердің
жұмысын тіркеп отыру үшін – эргографты пайдаланады. Бұлардан басқа
құрылысы әлдеқайда күрделі құрал-жабдықтар да толып жатыр.
Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі
жағдайлаға байланысты болады:
1. Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері
болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;
2. Тәжірибе түріне байланысты лайықты жұмыс жағдайын жасау (
жазып отыру, инструкциялар т.б. жаз-сызу құралдарымен
қамтамасыз ету);
3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы
әдістемеге сай жүргізу;
4. бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық
және сапалық жағынан дербес талдау жасау;
5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара
қорытындылар шығара отырып, тәжірибе жүргізуде ашылған кейбір
ғылым деректерді (егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында
жүргізілген болса) оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсарту
үшін пайдаланса, бұл тәжірибенің негізгі мақсатының
орындалғаны болып табылады.
Табиғи эксперимент
Тәжірибенің екінші бір түрі – табиғи эксперимент деп аталынады. Табиғи
экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде
көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский (1874-1917) болды.
Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне
керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын,
сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір
әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса,
сол ойын үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін
оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи экмперименттің кейбір түрлері арқылы
(оқыту, констатациялау эксперименттері т.б.) мұғалімдер оқушылардың кейбір
қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабақ үлгіруі мен тәртіптілігін
арттыруға мүмкіндік алады.
Бір тәжірибеде ІІІ-І сынып оқушыларының ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен
көрнекіліктің ара қатынасын анықтау үшін зерттеуші балаларға оқыған
текстеріне ат қояды, осы текстегі суреттер бойынша әңгіме құрастыруды
талап еткен. Тәжірибе жүргізуші осы тәсілдер арқылы текстің мазмұнын
оқушылардың қысқаша және жалпылай баяндай алуын, сурет бойынша елестер
туғыза алу мүмкіншілігін, сондай-ақ нақтылы образдарды қайта жаңғырту
текстің мазмұнын толық түсінуге қандай әсер ететіндігін байқаған. Осы
зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі
сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы
өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана
қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі
де байқалған.
Табиғи экспериментгің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның
күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті
түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте
бақылау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді:
біріншінің табиғилығы және екіншісінің белсенділігі. Бақылау мен
эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент
әдісі болып табылады. Оның негізгі мақсаты -зерттеудің эксперименталдық
сипатын табиғилық жағдайлармен ұштастыру.
Психологиялык-педагогикалық зерттеу міндеттерін шешетін экспериментті
психологиялық - педагогнкалык эксперимент деп атайды.
Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің таным мүмкіншіліктерін зерттеуде
және жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда оның рөлі
ерекше.
Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент
пайдаланылады.
Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Өзіндік
ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу
қүбылыстарын қалыптастыру әдісі кызметін аткарады.
Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге
зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін
салушылардың бірі В.В.Давыдов эксперименттің бүл түрін генетикалық-
моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын
зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек,
қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытудың
эксперименталдік дамытушы әдісі болып табылады.
2.1.Қосалқы әдістер
Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдістер бар. Оларды қосалқы
әдістер деп атайды. Мәселен, әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі
жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім
көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік
тудырмау мақсатында әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда
сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі.
Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып (алынған мәліметтерді сол
бойда жазып отырудың қажеті шамалы), кейіннен мұқият талданады да, осыған
орай тиісті қорытындылар жасалады. Осындай қосалқы әдістердің қатарына
адамның іс-әрекетінің нәтижесін талдау (яғни түрлі күнделік, естелік,
хаттар, шығарма, мазмұндама, диктант, сын жұмыстары, түрлі формадағы
творчестволық жұмыстарды талдау), өмірбаян (яғни зерттелушінің туған
күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның өмірбаян,
естелік, мінездемлерін талдау), анкета (жазбаша) әдістері жатады. Анкета
әдісі — арнайы жасалынған сүрақтардың көмегімен жаппай материал жинау
әдісі. Соңғы кезде психологияда бүл әдіске ерекше мән беріліп, тез арада
респонденттерді жаппай сүрауға мүмкіншілік туды, өдістемесі тиімді және
жиналған материалды автоматты түрде өндеуге мүмкіндік береді.
Анкета әдісінің (сырттай сауал жүргізу) өзінің ерекшеліктері бар.
Сырттай сауал жүргізу кейде адамдардың өткір пікірталасын туғызатын
мәселелерге олардың қатъінасын анықтау немесе қысқа мерзімнің ішінде көп
адамға жаппай сүрау жүргізу қажет болғанда ғана анкета одісі қолданылады.
Анкета қалыпты сүхбаттасуға қарағанда көп жағдайда қүпиялылығына толықтай
кепілдік береді, сондықтан да сүралғандар шын көңілден ешқандай бүкпесіз
жауап береді. Бірақ анкетаны белгілі бір жүмыс гипотезасынсыз жүргізуге
болмайды. Мәселен, анкеттік әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып
қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады. Осы әдіспен әр түрл і топтың
ұжымның психологиялық өзгешеліктері (талап-тілегі, мүддесі, талғамы,
қызығуы т.б.) зерттелінеді. Егер мұғалім шәкірттерінің қандай кітапты
ерекше құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері
кімдер кімдер екендігін және осы тәріздес мәселелерді білгісі келсе, осы
әдісті пайдалануына болады. Анкеттегі сұрақтар шұбалаңқы келмей, ықшам,
зерттелушіге түсінікті тұжырымдалып, жалпы саны 5-8-ден аспауы тиіс.
Алынған материалдың нәтижесі статистикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz