Бизнес жоспарлау


Тақырыбы: Бизнес жоспарлау.
Жоспар
1 . Бизнес жоспарлаудың түсінігі және мазмұны.
2. Бизнес - жоспардың құрамы
3. Стратегиясын тандаудың әртүрлі аспектілері
Бизнес жоспарлаудың түсінігі және мазмұны .
Кәсіпкерліктің көп түрлігімен - өндірістік комерциялық, қаржылық сақтандыру, делдалдық, консалтинттік, инженерлік, реинженерлік - бизнестің барлық саласында және әр түрлі ұйымдық - құқыктық түрдегі және басқару құрлымы әр түрлі фирмалар үшін тәжірбеде қолданылатын кілттік жағдай бар. Бұл мәселелерді білу бизнестегі нақты төтенше жағдайларды, потенциялдық қиыншылықтардан өту үшін уақтылы, жан - жақты және нақты дайындалу үшін қажет. Осының көмегімен фирманың алдына қойылган экономикалық, қаржылық және әлеуметік мақсаттарға жету барысындағы кәсіпкерлік тәуекелділіктің деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Кез - келген фирма қызметін ғылыми негізделген стратегиялық және фирма ішілік жоспарлаған кезде қазіргі әдістеме ретінде бизнес жоспарлаудың методологиясы табылады.
Нарықтық экономика жағдайында бизнес - жоспар кызмет етуші сонымен бірге жаңадан қалыптасқан фирма үшінде маңызды жұмыс құралы болып табылады. Отандық кәсіпкерлер барлық уақытта бизнес жоспардың кәсіби дайындалғанның және оның негізгі мәнін жақсы біле бермейді. Оның көмегі мен қажетті инвестиция алу мүмкіндігі, ұзақ мерзімді преспективаға нақты жоспарлар құруға, өз ісінің сәтті дамуы туралы нақты білуге болатын экономикалық қаржылық және әлеуметтік көрсеткіштерді бағалайтын фактілІк және болжамдық жүйені кұруға болады. Бизнес жоспар кәсіпкердің, нарықтық жобаның ұсынылған тәуекелінің әр бір элементін терең зерттеуге, білуге әрекет еткізеді.
Бизнес жоспардың жасаудын қажеттілігін негіздейтін екі негізгі себеп бар. Келесі кажет:
• инвесторлар жағын осы бизнес - жоспарға экономикалық мақсатты бағытталып ақша салуды немесе несие беруге сендіру;
• фирманың қалыптасқан миссиясын толық көлемде жүзеге асыруға көмектесу және фирманың таңдап алынған басты мақсатынан тайғызатын жағдайларды болдырмау.
Әдеби кітаптарда бизнес - жоспарға әртүрлі түсініктемелер берілген. Отандық шаруашылық жағдайға бейімделе келіп бизнес - жоспар келесі түрде калыптасуы мүмкін.
Бизнес - жоспар бұл ұзақ мерзімге арналған ( 5, 10 және оданда көп жыл ) типтік жобалық шешім, яғни онда нақты өндірістік, инвистициялық, материялды - техникалық, ұйымдык және логистикалық қамтамасыз етуге негізделген кәсіпорын қызметінін, экономикалық, қаржылык және басқада нәтижелерін нарықтың сол сегментінде бағалау мүмкіндігі беріледі.
Бизнес жоспар - бұл өнім өндірісінің фирма ішілік жоспарлаудың маңызды негізі болып табылатын перспективті құжат. Сондықтан оны уақыт кескінінде, 3-5 жылға тең етіп құруды ұсынады. Бұл кезде әр кезең уақтындағы дифференцияцияланған жоспар әр түрлі болады.
Бизнес жоспар әрдайым басқарушы құжат болып табылады. Ол жүйелі түрде жаңартылуы керек, оған фирма ішіндегі және нарықта болып жатқан өзгерістерге сәйкес қажетті өзгертулер енгізілуі керек.
Бизнес жоспар стратегиялық жоспар секілді ұзақ мерзімді қамтиды. Бірақ та стратегиялық жоспар фирма қызметінің жоспарлык көрсеткіштерін бағалау санын қамтымайды.
Бизнес - жоспардың құрамы
Ірі өндірістік кәсіпорындардағы бизнес - жоспардың құрамына келесі негізгі бөлімдерді енгізуге болады:
1. Маркетингтік жоспар.
2. Өнімді өндіру мен өткізу жоспары.
3. Ғылыми зерттеу және тәжірибелі құрастырушы жұмыстар (НИОКР)
4. Нормативтік қамтамасыз етілу.
5. Өнімді өткізу мен өндірісті материалды - техникалық қамтамасыз ету.
6. Менеджмент.
7. Ұйымдык жоспар.
8. Қаржылык жоспар.
Маркетингтік жоспар ғылыми тәжірибелерді жән жақты және терең зерттеуді орындаудың нәтижесінде алынады, зерттеуге кіретіндер: нарықтық ортаны талдау; өңімге тұлтынушылардың талабын кешенді зерттеу, сонымен бірге нарық конъюнктурасын, оның сиымдылығын және сұранысын зерттеу
- бәсекелестер туралы мәліметтер;
- бұйымды иемделу туралы шешім қабылдау кезінде тұтынушының мотиві;
- кәсіпорынның ресурстық және өткізу лотенциялын, оның
нарықтық әр бір сегментіндегі бәсеке қаблеттілігін анықтау және т. б. Маркетингтік жоспар келесідей негізгі бөлімдерді қамиды:
1. Жоспарлық көрсеткіштердің салыстырылуы;
2. Даму стратегиясын және нарықты толығымен игеру.
3. Кәсіпорын қызметінІң әлсіз және күшті жақтары;
4. Кәсіпорынның негізгі мақсаты мен міндеті;
5. Маркетинг стратегиясы;
6. Тауар стратегиясы;
7. Тауар қозгалысының тетіктерін дамыту және қалыптастыру стратегиясы;
8. Баға стратегиясы;
9. Сұранысты қалыптастыратын және өнімді өткізуді ынталандыратын стратегия.
10. Маркетингтік бағдарламаны өткізу шығыны, оның тиімділігін бағалау;
11. Алға қойылған жиындардың орындалуына бақылау және олардың шығындары.
Отандық әдебиеттердің 2-8 бөлімінде бизнес жоспар туралы мәліметтср толығырақ берілген. Сондықтан оларға қысқаша сипаттама берейік.
Бірінші бөлімінде кәсіпорын жетуге ұсынылған жоспарлы көрсеткіштер жүйесін теңестіру түрінде келтірілген. Жоспарлық көрсеткіштер маркетингтік бағдарламаның басқа бөлімінде алынатын ақпаратқа сэйкес өнделудің нәтижесі болып табылады.
Екінші бөлімде нарықта болжамдық дамуы көрсетіледі: Ол келесідей
ақпараттардың жиналуы және талдануы негізінде анықталады: сұраныспен ұсыныстың төлем қабілеттілік көлемі мен динамикасы; экспорт пен импорт көрсеткіші; өнімге баға өзгерісінің деңгейі мен динамикасы; бәсекенің көлемі мен интенсивтілігі; өнімді сатып алуда тұтынушыларға ұсынылатын сервистік қызметтің түрі мен келемі; сол өнім түріндегі нарықта кәсіпорынның сату үлесі және т. б.
Үшінші бөлімде маркетингтік бағдарламалар нарықта фирма қызметінің кемшіліктері мен басымдылықтары қалыптасады, кейінге қалдырылмай шешімін қажет ететін негізгі мәселелер пайда болады. Бұл кезде кәсіпорынның престижі мен авторитеті бағаланады. Бір уақытта келесілер анықталады:
- ұсынылган өнімнің бәсекелік басымдылыгы (сапа бойынша, баға деңгейі, коммерциялық жұмыстың ерекшелігі) ;
- қажетті рссурстармен қамтамасыз ету денгейі;,
- қаржыландырудың мүмкін болатын көздері;
- өнімді өткізудің жобаланган көлемінің орташа рентабельділігі;
- нарықта әрқашан сәтілікке жету перспективасы;
- тәуекел деңгейін бағалау мүмкіндігі;
- тәуекелден фирманы қорғау әдістері мем шараларының жүйесі.
Төртінші бөлімде кәсіпорынның маңызды мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі;
Бесінші бөлімде қалыптасады;
- қолданылатын маркетингтік стратегияның түрлері;
- нарықта өткізілетін өнімнің жеке үлесін жоғарлату стратегиясы.
- нарықта сұраныстың өзгеруіне негізделген стратегия;
Диверсификация - өндіретін фирманың өнім номенклатурасының кеңеюі. Ол кәсіпорынның тек өндіріс көлемін және негізгі тауарды өткізуге ғана негізделмейді; сонымен бірге өндірістің жаңа түрін қамтамасыз етеді;
Алтыншы бөлімде негізгі тауарлы стратегия беріледі(ауардың әр бір түрі бойынша дифференцияциясы, диверсификация, тар мамандану, тік және
Көлбеу интеграция) .
Тік интеграця стратегиясы - фирмаға басқа кәсіпорындардың бірігуі
шикізатты, материалдарды және жартылай фабрикаттарды жабдықтаушы.
Көлбеу интеграцияның стратегиясы - бас фирманың тауарына тән емес жаңа өнімді өндіретін кұрылымның құрылуы немесе бірігуі;
Ұсынылытын тауардың маркетингі бір уақытта жүргізіледі. Бұл үшін келесі ақпараттар қолданылады:
- шығарылатын өнімнің бір тобы бойынша жіктеу;
- жаңашыл өнімнің дәрежесі;
- нарықта тауардың өмірлік циклінің ұзақтығы;
- нарықтық сол сегментінде өнімді алмастыратын тауардың бар болуы;
- өнімнің сапалық белгісі;
- өнімді қорауға деген талаптар;
- сатудан кейінгі қызметке талаптың деңгейі;
- өнімнің патенттік тазалығы және заңдық қорғалуы;
- сол нарық сегментінде өткізілетін өнім көлемі және өндірістің рентабельділігі;
- өнім бірлігіне кеткен шығын;
- кәсіпорынды қажет ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіндігі;
- сол нарық сегментінде кәсіпорыннның тауарлы маркасының әйгілі болуы.
Жетінші бөлімде келесіні сипаттайтын ақпарат көрсетіледі:
- орналасқан нарық сегментіндегі өткізу желісінің қойылатын негізгі талаптары;
- кәсіпорында өткізу жүйесінің ұйымдық құрылымын қабылдау;
- сол нарық сегментінде өнімді өткізу бойынша жұмыс тәжірибесінін жиналуы;
- делдалдардың қызметін қолдануды экономикалық бағалау;
- нарықта қолданылатын делдалдардың саны мен көлемі.
- өткізу жүйесін дамыту үшін кәсіпорынның қаржылык мүмкіндігі;
- баламалы мүмкіндіктермен салыстыру бойынша жеке өнімді өтізу жүйесінің тиімділігі;
- потенциалды тұтынушылардың көлемі;
- аймақтар бойынша өнімді өткізу көлемі;
- бірлік тапсырыстардың мөлшері;
- кәсіпорынның өнімді тұтынушыларға ұсынатын сервистің көлемі,
- жабдықтаушылармен жүргізілетІн жұмыстың сипаты.
Стратегиясын тандаудың әртүрлі аспектілері
Сегізінші бөлім өнімді жеткізумен өндірістің нақты жағдайы үшін баға стратегиясын тандаудың әртүрлі аспектілерін ашып көрсетеді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz