Салық жүйесінің нарықтық экономика жағдайындағы сипаты


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кiрiспе

Негізгі бөлім

I. Салық жүйесінің нарықтық экономика жағдайындағы сипаты

1. 1. Салық жүйесінің мәні мен мазмұны.

1. 2. Қазақстан Республикасының салық қызметі органдарының ұйымдық құрылымы, міндеттері мен құқықтары

1. 3. Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер

II. Қазақстан Республикасында салық жүйесін талдау

2. 1 Қазақстан Республикасы Салық жүйесін жетілдірудің ақпараттық бағдарламалары

2. 2. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесіндегі кейбір

мәселелер

2. 3 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму ерекшеліктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құрып, оның дамуына, ұлғаюына, саяси әлеуметтік істердің толығымен іске асуына мүкідік туғызады.

Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмететуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

Мемлекет пен тұлғалар арасында бюджетке төленетін міндетті төлемдер, сондай-ақ салық салу әдістері мен тәсілдері, салық салу актілері мен заңдары және салық қызметтері құрайды. Қазақстан Республикасында 1991 жылы 25-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы «Салық жүйесі туралы» заңы тәуелсіз еліміздің салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істің бірегейі болып табылады. Соған байланысты еліміздің экономикасында елімзіде бұрын болмаған жаңа құрылыстар мен өзгерістер енгізіле бастады. Оларды атап айтатын болсақ шаруашылық жүргізу еркіндігі, меншік түрлерінің бір-бірімен теңдігі, шаруашылық жүргізушімен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізі жүргізілді. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерінің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып табылады.

Осы заң бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері республикалық және жергілікті органдардың салыққа байланысты қызметтері, құқықтары мен міндеттері айқын белгіленді. 1995 жылдан бастап салық жүйесіне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. 1995 жыл сәуір айында Қазақстан Республикасы Президентінің қабылдауымен заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» жарлығы қабылданып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 1шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылған.

Салық мемлекет бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекттік әлеуметтік-бағдарламасын орындауда маңызы зор. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Олардың басты міндеті - әр қоғамның дамуын қамтамасыз ететін өндірістік емес саланы қаржыландыру болып табылады. Сонымен бірге салық жаңадан құрылған қосымша құнды алудың тәсілі ретінде салық төлеушілердің қаржылық күйіне шешуші әсер жасайды. Салықтың мәні әлеуметтік-экономикалық мәні мен құрылымы мен рөлі қоғамның экономикалық және саяси құрылысымен, сондай-ақ мемлекеттің табиғаты және қызметімен анықталады. салықтар қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі қайнар көзі ретінде құрылуы, ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі және бұл дәстүр нарықтық экономикада да әрекет етеді.

I. Салық жүйесінің нарықтық экономика жағдайындағы сипаты

Салық мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекеттің әлеуметтік-бағдарламасын орындауда маңызы зор. Сонымен бірге жаңадан құрылған қосымша құнды алудың тәсілі ретінде салық төлеушілердің қаржылық күйіне шешуші әсер жасайды. Салық заңын реформалау кезінде біз басты міндетімізге қазіргі салық жүйесін ықшамдауды, салық төлеушілермен әділ қарым-қатынастарды ендіруді алдық, сөйтіп тауар өндірушілер өндірісті инвестендіруге жеткілікті саладағы қаржы ресурстарын бағыттауға қажетті мүмкіндікке ие болды. Сондай-ақ әділеттік принциптік қамтамасыз ету мақсатымен көптеген, тіпті еш негізделмеген жеңілдіктер қайта қарастырлыды. Қабылданған салық кодексінің қимылын зерттеу стратегиялық жоспар бойынша есептеулердің ақтайтынын көрсетті. Біз болжаған бюджет жоғалтулары салық кодексінде ескерілген қосымша шығындармен жабылады. Жаңа салық заңының негізгі мақсаты шаруашылық субъектілеріне салық ауыртпалығын азайтуды қамтамасыз ету болатын. Бұл жағдайға сан алуан мақсаттық қорларға қаржыларды тартуды қысқарту, сондай-ақ өз күшіндегі салық санын кеміту жолымен қол жеткізілді.

Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, салықты реттеу несие- қаржылық реттеумен бірігіп әрекет еткенде нарықтық экономиканы жүргізудің аса тиімді үлгісі болып табылады. Сондай-ақ салықтардың әлеуметтік теңдікті, оған қоса реформалардың тиімділігін қамтамасыз етудегі маңызы да ерекше. Қазіргі кезеңдегі мәні мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етудің шекарасынан шығып отыр. Енді салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің маңызды құралы бола бастады. Экономикалық реформа мақсаттарының бірішаруашылық жүргізуші субъектілерге түсетін салықауыртпалығын жеңілдетуге, қолданылып жүрген салықтар мен төлемдерді реттеуге келіп сияды.

Шымкент қалалық Салық комитетінің ұйымдық құрылымы

1. 1 Салық жүйесінің мәні мен мазмұны

Салық - құрылған және анықталған заңмен бекітілген тәртіп бойынша мемлекет пайдасына алым алу, бұл алым шаруашылық субъект табысының бір бөлігі. Салық салу- бұл табысты және қайнар көздерді, мемлекеттік құралдарды толықтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет пайда болысымен тарихи салық та пайда болды. Салық неше ғасыр бойы өмір сүреді, соншама экономикалық теория оптималды салық салу қағидасын іздеуді алғаш рет А. Смит қалыптастырған. Оның көзқарасы бойынша қазіргі уақытта салық салудың екі пікірі бар пайда болды.

Бірінің мәні мынада: салық, салық тжөлеушіге мемлекет тарапынан көрсетілген қызмет көрсетуінен түскен пайдаға пропорционалды болуы тиіс. Екіншінің мәні: салық табыс мөлшеріне байланысты.

Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше қағиданы қолданады: жалпылай, яғни табыс табатын барлық экономикалық тұлғаларды қамту.

Тұрақтылық, яғни уақытында салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы. Тең күштеу, яғни салықты салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек. Міндеттеме, яғни салық мөлшері және салық жеңілдігін құру, бұл аз табысты кәсіпорынға, халыққа аяушылық ықпал жасау. Салық жүйесі мемлекеттік заң актілерінде негізделеді, мұнда салық элементтері құралады. Осыған кіретіндер: салық тұлғасы немесе салық төлеуші, яғни салық төлеу міндеті арттырылған тұлға, ол заңды немесе жеке тұлға баға алады.

Салық нысаны, яғни табыс және мүлік, осылардан салық есептеледі. Салық көзі - бұл қоғамның таза табысы, нысандарының тәуелсіздігіне байланыссыз салық салу. Салық ставкасы - салық өлшем бірлігіне сәйкес келетін заң бойынша белгіленген салықтық мөлшер. Салықтық жеңілдіктер - салықтық заңға сәйкес белгіленген салық төлеушілердің салық төлеуден босатылуы. Салқ салу мерзімі- салық төлеудің заңды уақыты.

Салық жүйесін мемлекетпен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа катысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.

Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың алғашқы бастамасы болып табылады. Міне, дәл осы кезде дле салық комитетінің құрылу тарихы да өз бастауын алады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске бастады. Оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі; меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі; шаруашылық жүргізуші субьектілер мен мемлекет арасындағы қатыстардың құқықтық негізде жүргізілуі т. б.

Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып есептеледі.

Осы заң бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалық және жергілікті басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері, құқықтары мен міндеттері айқын бекітілді.

Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл құжатта негізінен, салық жүйесін салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкес қызмет етуге жеткізу көзделген.

Осы концепцияны іс жүзіне асырудағы бірінші кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 24. 04. 95 жылы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» жарлығы болып табылады. Қазақстан Республикасында 1995 жылдың бірінші шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршамаболса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылған.

Алғашқында салық комитеті Мемлекеттік кіріс министрлігінің құрамында болса, кейін 2001 жылы Қаржы министрлігінің құрамына дербес комитет болып кірді.

1. 2. Қазақстан Республикасының салық қызметі органдарының ұйымдық құрылымы, міндеттері мен құқықтары

Салық қызметі органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі.

Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады.

Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады.

Салық органдары тиісті жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.

Салық қызметі органдарының міндеттері:

  1. Салық қызметі органдары:
  1. салық төлеушінің құқықтарын сақтауға;
  2. мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
  3. салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындауына, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының дер кезінде ұсталуына және аударылуына салық бақылауын жүзеге асыруға;
  4. салық төлеушілердің, салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілердің есебінен, есептелген және төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есебін белгіленген тәртіппен жүргізуге ;
  5. белгіленген салық есептілігінің нысандарын толтыру тәртібін түсіндіруге;
  6. салық тексеруін қатаң нұсқамалар бойынша жүргізуге;
  7. салық кодекс ережелеріне сәйкес салық құпиясын сақтауға;
  8. салық кодексте көзделген мерзімдер мен жағдайларда салық төлеушіге салық міндеттемелерінің орындалуы жөнінде хабарлама тапсыруға;
  9. салық төлеушінің өтініші бойынша үш күн мерзімнен кешіктірмей салық міндеттемелерін орындауы жөніндегі бюджетпен есеп айырысуларының жай-күйі туралы оның жеке шотынан көшірмені беруге;
  10. салық төлеушіге берілетін, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерінің орындалу фактісін растайтын квитанциялар көшірмесінің бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;
  11. мемлекет меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу тәртібінің сақталуын, сондай-ақ оны сатудан түскен ақшаның бюджетке толық және дер кезінде түсуін бақылауды жүзеге асыруға;
  12. салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушіден салық берешегін Салық Кодексіне сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алуға;
  13. Қазақстан Республикасның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық төлеушіге әкімшілік айыппұлдар салуға міндетті.
  1. Салық тексеруі барысында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару фактілері, сондай-ақ қылмыс белгілерін көрсететін әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарының тергеуіне жататын материалдарды жібереді.
  2. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңдарымен көзделген өзге де міндеттерді орындайды.

Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының жақын туысы (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-інілері, апа-қарындастар, ата-анасы мен балалары болып табылатын және басқа қаржылық жағынан тікелей немесе жанама мүдделігі бар салық төлеушіге қатысты мұндай лауазымды адамның қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады.

Салық қызметі органдарының құқықтары

  1. Салық қызметі органдары:
  1. Салық Кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және бекітуге;
  2. өз құзіреті шегінде салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктеме беруге;
  3. Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен салық бақылауын жүзеге асыруға;
  4. Салық төлеушінің ақша құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарына, есептеріне, сметаларына, ақшасының бар- жоғына, бағалы қағаздарына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық міндеттемелерін орындауға байланысты өзге де құжаттарына Қазақстан Республикасының белгіленген талаптарды сақтай отырып, тексеру жүргізуге;
  5. Салық төлеушіден уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу (ұстау мен аудару) жөнінде құжаттар, оларды толтыру жөнінде түсіндірмелер, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының дұрыс есептелінгенін және дер кезінде төленгендігін (ұсталғандығын және аударылғандығын ) растайтын құжаттар беруді талап етуге;
  6. Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен салық тексеруін жүзеге асыру барысында салықтық құқық бұзушылықтар жасалынғанын айғақтайтын қжаттарды салық төлеушіден алып қоюға;
  7. Орналасқан жеріне қарамастан табыс табу үшін пайдаланатын кез келген салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді тексеруге, салық төлеушінің мүліктеріне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргізуге;
  8. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен салық төлеушіден электрондық құжаттар түріндегі ақпарат алуға;
  9. Тексерілетін салық төлеушіге заңды тұлға мен жеке кәсіпкерге салық салуға байланысты мәселелер бойынша коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақсан Республикасының заң актілерімен белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерінен жүзеге асыратын ұйымдардан оның банк шоттарының бар-жоғын және олардың нөмірлері туралы, мәліметтер алуға;
  10. Салық Кодексінің ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда салық төлеушінің салық міндеттемесін жанама әдіспен айқындауға;
  11. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттарға талаптар қоюға;
  12. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің көзделген заң актілерінің негізінде заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап- арыз беруге құқылы.
  1. Салық қызметі органдарының Қазақстан Республикасының заң актілерімен көзделген өзге құқықтары бар.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің құрылымы

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетін төраға басқарады. Төрағаның үш орынбасары және аудит басқармасыбар, аудит басқармасы тек Төрағаның тікелей басшылығында болады, Төраға орынбасарларына бағынышты емес. Төраға орынбасарлары өздеріне жүктелген басқармаларды басқарады атап көрсететін болсақ:

  1. Төраға орынбасары: Аналитикалық басқармасы; Жанама салықтар басқармасы; Ақпараттық технологиялар басқармасы:
  1. Жанама салық салымы сұрағы бойынша салық заңдылықтарының және нормативтік актілерінің орындалуына бақылау және талдау жасай отырып іске асыру;
  2. Қазақстан Республикасының этил спиртінің, алкогольдік өнімдерді шығару және айналымда болуын мемлекеттік реттеу заңы бойынша жанама салықтың бюджетке уақытылы, толық түсуін және дұрыс түсуін қамтамасыз ету;
  3. жанама салықтардың толық уақытылы түсуіне талдау және бақылау жасап отыру;
  4. басқа мемлекеттік органдармен, қоғамдық мекемелерімен жанама салық жинақтау сұрағы бойынша қарым-қатынаста болу;

Міндеттері:

  • Салық Комитетінің басшысының және жоғарғы органдардың тапсырмасын уақытылы орындау;
  • Салық Комитетінің ішкі еңбек тәрбиесін бұзбау;
  • Компитенциялық салық төлеушілерге салық заңдылықтарын түсіндіру;
  • Методикалық және консультативтік көмек көрсету;

Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілігі:

  • Қызмет нұсқауындағы тапсырылған салаға;
  • Мемлекеттік, қызмет бабындағы құпияны сақтау;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы заңы және Коррупциямен күрес туралы Қазақстан Республикасының заңын орындау.

Салықтық аудит бөлімі

Аудит бөлімінің қызметі заңды және жеке тұлғалардың қызметтерінің құжаттық, рейдтік, телематикалық тексерулерін жүргізу жүзеге асыру. Комералдық тексерулерді жүзеге асыру және тағы өздеріне жүктелген және де жоспарлық тексерулерді ұйымдастыру.

Бұл бөлім бойынша тексеру барысында келесі құжаттар қолданылады:

  • салықтар мен төлемдердің декларациялары мен төлемдердің есептеулері;
  • бас және кассалық кітаптар;
  • бухгалтерлік және банкілік құжаттар;
  • жарғы және басқа да заңды құжаттар.
  • Аналитикалық басқарма екі бөлімді басқарады:
  1. төлемдердің түсімін есептеу және талдау бөлімі
  2. ірі салық төлеушілер мониторингі бөлімі
  • жанама салықтар басқармасы екі бөлімді басқарады:
  1. ҚҚС бөлімі
  2. Акциздер бөлімі
  • ақпараттық технологиялар басқармасы екі бөлімді басқарады:
  1. ақпараттық жүйелерді ендіру және сүйемелдеу бөлімі
  2. ақпараттық жүйедегі мәліметтерді бақылау бөлімі
  1. Төраға орынбасары: Бейөндірістік төлемдер басқармасы; салық төлеушілермен жұмыс жүргізу басқармасы;
  • бейөндірістік төлемдер басқармасы екі бөлімді басқарады:
  1. салыққа жататын бейөндірістік төлемдер бөлімі
  2. салыққа жатпайтын бейөндірістік төлемдер бөлімі
  • салық төлеушілермен жұмыс жүргізу басқармасы үш бөлімді басқарады:
  1. салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімі
  2. кіші бизнес субьектілерімен жұмыс жүргізу бөлімі
  3. халықаралық салықтар бөлімі
  1. Төраға орынбасары: ұйымдастыру басқармасы; құқықтық қамтамасыз ету басқармасы:
  • ұйымдастыру басқармасы төрт бөлімді басқарады:
  1. ұйымдастыру бөлімі
  2. кадрлар бөлімі
  3. қаржымен қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімі
  4. мобильдік топтарды ұйымдастыру бөлімі
  • құқықтық қамтамасыз ету басқармасы үш бөлімді басқарады:
  1. құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
  2. салықтық аппеляция бөлімі
  3. салық қарыздарымен жұмыс жүргізу бөлімі

Жанама салықтар бөлімі

Бөлімнің негізгі мақсаты мен функциясы:

Қазақстан Республикасының Салық Заңының орындалуын қамтамасыз ету және тиімділігін зерттеу;

  • жанама салықтың бюджетке толық түсуін және бақылау арқылы қамтамасыз ету;
  • жанама салықтың бюджетке толық және уақытылы түсуін дұрыстығын құжаттық және тематикалық тексеруге қатысу және ұйымдастыру.

1. 3 Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер.

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы. Қазақстан Республикасы кодексінің 1-бабына сәйкес салық кодексі салықтармен бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдерді есептеумен төлеудің тәртібін белгілеу енгізу бойынша билік қатнастарын сондай-ақ салық міндеттемелерін орындаумен байланысты мемлекет пен салық төлеуші арасындағы қатынасты реттейді. Заң шығарушы уәкілетті мемлекеттік орган тұлғасында салық төлеуші мен мемлекет арасындағы билік қатнастарын реттейтін салық заңдарын айқындайды. Биліктлік мемлекет атынан шығатын басқалардың тарапынан салық қатнастарының бірі мемлекеттік билік нұсқаларының жүйесінде негізделетн салық заңдамасын реттеу жүйесін қалыптастыруға басты тәсілді айқындайды. Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті құқықтық актіні-салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің тізбесін енгізу, есептеу мен оларды төлеу тәртібі берілетін салық кодексін қабылдау. Салық кодексінің 10-бабына сәйкес салық және бюджетке басқада міндетті төлемдер түсінігі мыналарды қарастырады.

1. Салықтар-бұл қайтарымсыз және өтемсіз сипаттап белгілі мөлшерде жүргізілетін, мемлекет біржақты міндетті тәртіпте заңды белгілеген бюджетке міндетті ақша төленеді.

2. Бюджетке басқа да міндетті төлемдері-белгілі мөлшерде жүргізілетін бюджетке міндетті ақша аударымдары. Салық кодексінің 2-бабына мыналарды анық айқындайды.

1. Салық кодексімен көзделген салықтармен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша жауапкершілік ешкімге жүктелуі мүмкін емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы салық салу
Шегерімге жатпайтын төлемдер
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Корпорация пайдалануына салынатын салық
Салық жүйесінің экономикалық мәні мен маңызы
«Қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Нарық жағдайындағы қаржының экономикалық рөлін жетілдіру жолдары
Нарықтық қатынастардың тереңдеуі жағдайында салық салудың әлеуметтік салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz